Әл-Фарабидың «философиялық трактаттары»


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе . . . 4

І. Әбу Насыр әл-Фараби ибн Тархан әл-Фараби . . . 5

ІІ. Фарабидың философиялық трактатының қалыптасуы . . . 6

ІІІ. «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы

трактат » . . . 11

Қорытынды . . . 15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 16

КІРІСПЕ

Бұл жұмыстың тақырыбы: әл-Фарабидың «Философиялық трактаттары ». Жұмыс кіріспеден, 3 тақырыпшадан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тақырыпшада, әл-Фарабидың өмірі мен шығармашылығы қарастырылады.

Екінші тақырыпшада әл-Фарабидың философиялық трактатының қалыптасуы, не себептен қлыптастырылғаны қарастырылады.

Ал үшінші тақырыпшада философияны үйрену үшін қажетті тоғыз шарттар жайлы трактатын қарастырады.

Қорытындыда әл-Фарабидің педагогикада қалдырған еңбектері қарастырылады.

Әбу Насыр әл-Фараби ибн Тархан әл-Фараби

(870-950 ж. ж. )

Ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби (бертін замандағы Отырар) қаласында туған. 20 жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Савмарқанд, Бухара, Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы Араб халифатының саяси, мәдени орталығы - Бағдатта тұрған. Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта, сонда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Алейпода, Дамаскіде (Шам шаһарында) өткізген.

Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының тарихынан берік орын алады. Оны Шығыстың Аристотелі деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол: жүз алпысқа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын - философия мен логиканы, астрономия мен ботаниканы, минерология мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұланғайыр еңбектерінің ішінде философия мен социологияның, этика мен эстетиканың проблемалары үлкен орын алады.

Фарабидың философиялық трактатының қалыптасуы

Фараби шығыс перипатетизмінің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық-философияның негізін салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, социологияның, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан қырлы үлес қосты.

Фарабидың қоғам, этика, эстетика жөніндегі пікірлер мен философиялық концепцияларының қалыптасуына себеп болған жағдайлар төменгі:

  1. Фарабидың философиялық әлеуметтік-этикалық, эстетикалық ой-пікіріне көне грек заманының ұлы ойшылдары ықпал етті. Бірақ ол өзінен бұрынғы ұлы ғұламалардың идеяларына сын көзімен қарады, олар идеалистік, мистикалық пікірлерін қабылдамады. Әсіресе, мұндай жақтарынан бойын аулақ салды.
  2. Фарабидың философиялық, әлеуметтік-утопиялық иедясының, адам бойындағы ең жоғарғы моральдық қадір-қасиет туралы пікірлерінің қалыптасуына оның туған жері Қазақстан мен Орта Азияның бай ауыз әдебиеті, төлтума мәдениеті, халықтардың азаттық жолындағы күресі, бостандық сүйгіш ой-пилығы ықпал етті.
  3. Оның философиялық, әлеуметтік-этикалық және эстетикалық көзқарастарына әсер еткен Таяу Шығыс пен Орта Шығыс халықтарының ілімдеріндеші прогресшіл сарындар мен гуманистік идеялар болды.
  4. Фарабидың ғылыми мұралары - орта ғасырдағы оқтылығы мол заманның жемістері. Сондықтан оның тұжырымдары мен әлеуметтік-этикалық, эстетикалық концепциялары сол дәуірдің дәстүріне, тәліміне әуендес болып келеді.

Ол жалпы теориялық ой-пікірдің жетістіктерін жаңғыртып, жетілдіре түсті. Халық даналығы туғызған данышпандық пікірлерге ден қойды, сөйтіп өзінің философиялық төл концепциясын жасады. Қоғам туралы ілімді, этика мен эстетиканы дамытты. Аристотельдің еңбектеріне сүйене отырып, ол антика заманының теориялық озат ой-пікірлерін сыннан өткізіп барып, бойына сіңірді, өз заманының ілімін белгілі бір жүйееге салды. Аристотельдің жаратылыс танудағы ғылыми және стихиялық материалистік тенденцияларын мейлінше күшейтті. Фараби Платонның идеалистік және мистикалық қателерін қабылдамады.

Ең бастысы, Отырардан шыққан ойшылдың қоғам, этика, эстетика проблемаларына арналған ғылыми еңбектерінде Пифагорға тән цифрлық мистиканың да, Платонның «Заңдар» деп аталатын кесек еңбегіндегі діни мифологиялық наным-сенімдердің де әсері мүлде жоқ. Платонның діни мистикалық пікірлерін, атап айтқанда, барлық азаматтарға ортақ мінсіз мемлекет құру, оның міндетті түрдегі діні болуы қажет дейтін идеясына қарсы шықты.

Фарабидың пікірінше, дін елдің ішіндегі ізгілікті тәртіпті орнатушы күш бола алмайды. Өйткені оның негізгі бөліктері философиядан алынған, «Философия ізгілікті діннің маазмұнын дәлелдеп береді Олай болса, елді басқару ісімен айналысу діннің ішіне кіретін мәселе болғандықтан, әлгі философияға бағынады». Тек шын мәніндегі ғылым ғана, теориялық философия ғана ел басқарушы әкімдерді игі істерге қарай бастайды, сөйтіп мемлекетті басқарудың ісін шыңына жеткізе жетілдіруге мүмкіндік береді деп есептейді. Бұдан байқалатыны: Фараби діни көзқарастарға ашық қарсы шықпағанымен, ол ғылымды, философияны діннен әлде қайда жоғаы қояды. Оның ілімі негізінен діни идеологияның іргетасын шайқалтуға бағытталған. Бірақ заман жағдайына қарай ол құдайға, ислам дінінің жалпы қағидаларына ашықтан ашық қарсы шыға алмады. Ол барша халықты моральдық және интеллектуалдық жағынан өркендеп өсуге шақырады, бірақ адамның бақыты о дүниеде дейтін мүддесін көздеген жоқ, адам атаулының бәрі бұл дүниеде оқысын, үйренсін, еңбек етсін, жетілсін дегенді арман етті.

Алайда, оның әлеуметтік - философиялық көзқарастарында оның заманы, ислам дінінің идеологиясы дәуірлеп тұрған кезеңі әсер етпей қойған жоқ. Сондықтан да оның трактаттарында прогресшіл тенденциялар теологиялық-идеалистік тұжырымдармен араласып келеді. Ол сезінуге болатын нақты заттар дүниесі «эмоция» арқылы нағыз қажетті құдайы болымыстан пайда болады деп есептеледі. Алайда, Шығыстың Аристотелі материядан тыс бірде-бір нәрсе ғайыптан пайда болмайды, өмір сүре алмайды, заттың пайда болуы алдында әуелі материя пайда болады деп есептеді. Материяның «универсалдығы» туралы Фарабидың осынау қағидасында материалистік тенденция айқын байқалатын еді. Мұның өзі оның логика-гесеологиялық, әлеуметтік-эстетикалық ғылыми тенденциясына прогресшіл сипат берді.

Фараби жан-тәнімен ақыл-ойдың қорғаушысы, ақыл-ойдың қадір қасиетін мадақтаушы, оны қорғаушы болды. Теориялық таным-проблемаларын қарастырғанда, логиканы негіздегенде және оны мазмұндағанда ғана емес, адамның іс-әрекетіне, ақыл-ойына негізделген, өздігінен дамыған дамыған философияның, этиканың, эстетиканың жалпы ғылым атаулының дінге байланыссыз-ақ дербес өмір сүре алатындығын дәлелдегенде, оның рационалды, ойшылдығы айқын көрінді. Ұлы ойшыл шындықты, босқа іздеген жоқ, оны адамның игілігі, бақыты үшін қолдануды армандады. Адамның игілікке жету жолдары туралы ойларын Фараби экономиканың, саясаттың, мемлекеттік құрылыстың, семьяның, тәрбиенің, т. б. проблемаларын рационалды түрде ұғу қажеттігі сияқты мызғымас берік негізге сүйенеді.

Мұсылман діні дәуірлеп тұрған орта ғасырда Фараби қоғамды ақылмен дұрыс басқарудың шарттары жөнінде батыл пікір айта алды. Ол адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс, оны әуел бастағы жұмысына қарай емес, өзінің іс-әрекетінің нәтижесінде бақытқа жетуі керек, ал адам өз заманында жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнісінде бақытты өмір сүре алады дейді. Алайда, Фараби адамның практикалық іс-әрекетіне үлкен мән бергенімен еңбектің рөлі мен оның мәнін жете түсіне алмады, тек еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп, оқшау шығарғанын ұғудан алшақ жатты. Адамзат қоғамының өмір сүруіне керекті ең басты жағдай оның материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінші орынға қоя отырып, ол осынау миаңызды проблема төңірегіндегі діни теологиялық, биологиялық көзқарастарды үзілді-кесілді теріске шығарды, сол арқылы қоғамның мән-мағынасын ашуда ілгері қадам басады.

Адамдар бір-бірімен келісіп, тіл табысып отыруы керек деп есептейді. Әділеттіліктің қалыптасқан нормасы, универсал заңдар болса, оны мүлтіксіз орындау керегін заң шығарушылар талап етуін қажет дейді. Ұлы ойшылдың заң күші туралы осы айтқандарында қоғамдық келісімдер туралы идеяның алғашқы ұрығы жатқанын байқау қиын емес. Бұл идея Европада көп кейін өрыс алды. Кейбір шығармаларында Фараби өз тұсындағы қоғамды астыртын ғана сынап отырады, ондағы етек алған озбырлықтар мен қаталдықты ақыл мен адамгершілік принциптерінің өрескел бұрмалауынан деп түсіндіреді, әділеттіктің, шын мәнісіндегі бақыттың жоқтығын, біреудің елін, жерін, жаулап алуға, олжадан баюға құшұтарлық сезімі, айуандық, қараңғылық үстем қоғам екенін айтады.

Өз заманындағы қоғамды сынай отырып, Фараби оны түбірімен құруды талап етпегенімен, соны жетілдіре түсуді жақтады. Ол уағыздаған мінсіз мемлекет («Ізгілікті қала») оның өзі қиялдап армандаған феодалдық қоғам болды да шықты, барлық спецификалық белгілері соған тән. Бұдан оның өз заманындағы философиялық идеяның шеңберінен шыға алмағандығын, одан шығу да мүмкін емес екендігін көреміз. Ол идеялардың ауқымды сол заманның материалдық жағдайы мен қоғамдық саяси құрылысына байланысты болатын. Осыған орай Фарабидың әлеуметтік утопиясы оның феодалдық қоғам туралы, оның сословиялық құрылымы туралы түсініктерге негізделді.

Философияны үйрену үшін қажетті шарттар

жайлы трактат»

Фараби ғылым мен философияны оқып-үйрену мәселесіне арнап бірнеше рет еңбек жазған. Солардың бірі «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат». Бұл трактаттың қазақша аудармасының қысқартылған түрін «Білім және еңбек» журналының 1962 жылғы бірінші санына А. Машанов ұсынды.

Бұл еңбекте Аристотельдің ғылымын, философиясын меңгеру үшін қажет болатын тоғыз шарт туралы әңгіме болады, олардың әрқайсысы жайлы ұлы ұстаз өз пікірлерін ортаға салады.

Бірінші шарт - философиялық ағымдардың аты-жөнін білу. Бұл туралы Фараби былай дейді: «Философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады: 1- философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; 2-оның шыққан қаласы; 3- филосфоияға мекен медресі болған орынның аты; 4-философиялық ағымды тудырған басты себеп; 5-философиялық талдауға түскен мәселелер; 6-философияның алған қосқан мақсаты туралы түсінік; 7-философияның практикалық мәні, нәтижесі. Философиялық бағттың негізін салушы ұстаздың есімі бойынша аталған философиялық ағымға «Фупағұрс» (пифагористер) тобы жатады».

Философиялық ағымның шыққан жері бойынша аталатындарға «Куриналықтар (ликейліктер) жатады, олар Аристотель философиясына қосылатындар. Философия орынның атымен аталатын философиялық ағымға Хризипп (кросиғыс) философиясын жақтаушылар жатады, оларды руақшылар (стоиктер) деп атайды. ФЙилософ Фурн (Филон) мен оны жақтаушы топты маниғлар, яғни тыющылар тобы деп атайды. Оның себебі бұлар адамдарды ғылымнан тыюды дұрыс деп білген. Олардың пікірі бойынша, ғылым дүниесі философияның ісі емес. Философиялық мақсатты көңілдің қошына қарай бейімдеп үйренушілерді ләззат көңіл халауы (гедрнизм) тобы деп атайды. Бұған жататындар философ Әфиғұрс (Федор) және оны жақтаушылар. Философия ғылымын үйренудегі әдістеріне қарай аталған ағымға Машаун (серуеншілер-перипатетиктер) тобы жатады. Бұған жататындар, Аристотель мен Платон топтары. Машаун аталатын себебі олар философия ғылымын үйреткенде ылғи серуенде жүріс үстінде үйрететін болған».

Бұл жерде фараби ертеде грециядағы негізхгі ғылыми-философиялық мектептерге шолу жасаған.

Екінші шарт - өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі мақсаттарын тану. «Философиялық еңбектер (кітаптар) арасында жеке мәселелерге ғана арналған бөлшек (жузие) түрлері бар және мәселенің күллісін жалпы қамтыған толық (куллие) түрлері бар. Бұл екеуінің аралығына жататын орташа (уассита) аталатын кітаптар бар. Бөлшек жазулар кейде үлкен еңбектерінің жеке үзінді дәптері болуға да мүмкін. Ал жалпы еңбекктердің ішінде философиялық еңбектерге талдау жасаған, ескертпе еңбектер болуы мүмкін. Кейбір жалпы еңбек философия ғылымының оқулығы болады, екіншілері философия ғылымының практикалық жағына арналады, керекті тәжірибе істері үйретіледі. Қайсыбір еңбектерде табиғат дүниесінің философиясы талданады. Оларды түсіну үшін табиғат ғылымдарын үйрену қажет. Табиғат тану кітаптарының өзі де жалпы табиғат заңына арналған барлық әлемді тұтас қамтитын болады немесе табиғаттың жеке салаларына арналған болады.

Үшінші шарт - философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу. Философия ғылымын үйрену үшін алдымен тани білуге қажетті болған ғылым. Ол ғылым Платонның және оны жақтаушылардың (оның мектебінің) мақұлдаған ғылымы. Ол ғылым «ғылым әл-һандаса», яғни геометрия. Алдымен соны оқу керек. Философияны үйрену үшін алдымен геометрияны білу керек екендігін дәлілдеген. Платон өзінің академия сарайының (һайклінің) есігіне «кімде-кім геометр (муһандиса) болмаса, біздерге келіп кірмесін» деп жазып қойған. Неге десеңіз, геометрияда қолданылатын дәлелдер барлық дәлелдер атаулының ең дұрысы деген.

Төртінші шарт - философия ғылымын үйренудегі мақсатты түсіну: «Философия ғылымын үйренуде онан күтілетін мақсатты түсіну. Ол мақсат жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін, жазғыз зат. Бүкіл дүниені барлық нәрселердің бәрін барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттығымен, хикметімен, әділетімен осы әлемге тәртіп беруші Аллатағаланы тану. Барлық философ ғылымдарының істеген еңбектері - өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу».

Бесінші шарт - философия ғылымына кірісудің төте жолын тану: «Философия ғылымына кірісудегі басты жолды тану. . Ол жол еңбек етуді, ғылымның жүйесіне (шегіне) жетуді мақсат ету. Еңбек ету деген нәрсе ғылымсыз, білімсіз болмайды. Сондықтан ғылымды, білімді еңбек керек. Ғылым-білімнің толық түгел болуы сол білгенді іс жүзіне асырумен табылады. Ғылымды шегіне жеткізу, жүйелеу деген нәрсе табиғат дүниесін танумен табылады. Жаратылыс ғылымы біздің бақылау жүргізуімізге ең жақын нәрсе. Онан кейін табиғатты бейнелейтін геометрия ғылымын үйрену керек. Еңбекті (амалды) шегіне жеткізу, жүйелеу дегені алдымен адам түзеуді өзінен бастап, сонан кейін басқаларды түзету, өз үйіндегі адамдарын, немесе қаласының адамидарын түзету».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам өркениеті және мұсылман философиясы
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
. Әл-Фараби жайлы
Әль-фараби ойшыл, философ, әлеуметтанушы, зерттеуші
Бақыт туралы кітап
Философиялық трактаттар
Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетін табыстырушы Батыс Еуропа орта ғасырының ірі ойшылдары Р. Бэкон, Д. Скот Фарабидің еуропа ғылымына ықпалы
Философия ұғымы туралы түсінік
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда XII ғасырда жазыжан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz