Телерепортаж- алдынғы тележурналистика жанры


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1 . Телерепортаж- алдынғы тележурналистика жанры

2 . «31 арнадағы» «Ирформбюро» бағдарламасының ерекшеліктері

3 . Телерепортер шеберлігінің шыңдалу жолдары

Журналистің оқиға жайлы деректері. Осындай анықтама орыс тілі сөздігінде берілген. Бұл сөз француз тілінің reportage - хабар беру, латын тілінің негізінде- хабарлау. Репортаждың жаңалық ретіндегі ең маңызды нүктесі - жылдамдылық. Тағы айта кететіні корреспондент міндетті түрде сол оқиғаны көзбен көріп, құлақпен естіп, керекті фактыларды жинап, басынан аяқ бар мәләметті жинау.

Телерепортаждылық - телевизияның ең маңызды құрылымы, осыдан, телерепортаж - алдыңғы тележурналистика жанры.

Теледидардағы соңғы жаңалықтар тізбегінің қай- қайсысы да репортажсыз, репортаждың қатысынсыз жарық көрген емес. Шешенстаннан жасалған репортаж, апат орын алған жерден репортаж, велосипед жарысы өткен жерден алынған репортаж. Репортаж жекелеген көп уақыт аралығын қамтитын бағдарламаларға: футбол сайысынан алынған, Жамбылдың 150 жылдығынан, «Азия даусы» байқауынан, мерекелік жиындардан, Байқоңыр ғарыш айлығынан алынған репортаж….

Баспасөз маслихатынан репортаж жасауға бола ма? Министерлер кабинетінде министмен болған әңгімені репортаж деп атауға бола ма? Ғылым зертханаларындағы зерттеулер жайында репортаж - мәлілет бар ма? Жамбылдың мерейтойына орайластырылған жиыннан түсірілген мәлімет репортаж болып табылады ма? «Сәйкестік әсері», «Әсерленушілік ықпалы» дегеніміз не?

Газеттегі репортаж бен теледидардағы репортаж жанрының арасы жер мен көктей. Барлық БАҚ-тың осы жанрды меңгеруі жанрдың мәніне терең бойлауға, белгілерін анықтауға, сол және өзге жанрларға тән ерекшеліктерді анықтауға көмектеседі.

Репортаждың негізгі белгілері. Репортаж өз жанана сұхбат, суреттеме, авторлық мәтін сияқты жанрларды шоғырландырады. Бұлжанрдың ерекшеліктерін анықтауға қиындық тудырады. Кейде репортажға өзге жанрларда кіреді. «Газетте - дейді Е. Рябчиков өзінің « Радиохабарлар мен теледидардағы репортаж» деген жинаққа енген мақаласында, - репортаж күнделікті қолданылып отырады. Бірақ бұл айдарға мүлде бөлек дүниелер кіреді. Кәдімгі ақпарат пен заметканы біз репортаж деп атап жүрміз. «Репортаж» айдарына көбіне немесе кейде «өткір» мақалалар енеді. Ал бұл оқырманның түсінбеушілігіне және сезіміне сілтеу түсіреді. Репортаж, сұхбат, сурет қайда? Жай мақала қайда өзі? Деген сұрақтардың тууына ықпал етеді». Сонымен бірге С. Гурьевич те «Репортаж» мақаласында («Газет жанрлары»жинағы. М. 1972) сыни көзқараспен: «Газетте «репортаж» айдарымен берілетін тілшілік, сұхбат, тіпті заметкаларды неге екенін белгісіз жиі кездестіріп жатамыз. Ал кейде журналистер репортажды жиналыс, кездесу немесемаслихаттардан алынған оқиға, хабар деп түсінеді». Осы шүиеленістерге байланысты жанрдың нақты анықтамасын алға тарту оңайға түсер емес.

Жанрдың тек өзіне ғана тән қасиеттері қандай? С. Гурьевич «Газеттегі репортаж» дейтін оқиға мен репортерді қамтыған брошюралық кітапшасында анықталған белгілермен: «Репортаж- бұл оқиғалар жайындағы оперативті, қозғалмалы, көңіл- күйге негізделген әңгіме. Ол өзінің құжаттылығы, көрнектілігі арқылы иавтордың бұл оқиғаға қатысқандағы куәгерлік рөлінің қатысы арқылы ерекшеленеді. » Ал В. Ученова « Баспасөздегі ақпараттар проблемалары» деген жинақта: «Репортажда оқиғаны шынайы суреттеу, оны талқыға салу автордың ой- пікіріне негізделеді»деп оқиға мен оған араласу қырларын анықтап көрсетеді. А. Юровский мен Р. Борецкий «Репортаж - шынында да оқиға туралы әңгіме». Теледидар репортажы - бұл оқиғаның өзі белең алған сәттің өзінде көрермендердің көз алдында өрбіп отыратын оқиғаның өзі» деп нақтылайды.

Қазір американдық және ағылшын зепттеушілерінің көптеген сипаттамалары жарық көруде. Британдық автор Дэвид Рендалл «Әмбебап журналист» деген кітабында репортаждың ерекшелігін былай көрсетеді: «Репортердың қызметі бар нәрсенің түбіне жету. Репортерлер, әдемілеп айтсақ, тарихтың алдынғы шебіндегі жауынгер. Біріншіден, олар бүгінгі күннің қорқынышты әрі күңгіт оқиғаның ордасына қарай қадам басып, жабық есіктерді қағады да, шындықтың бастауын бағындыру үшін тәуекелге барады». Бірақ «репортер»сөзінің орнына «журналист», «тілші», «сұхбатшы» деген сөздерді қоюға болады. Бізде нақты аудармаларға көңіл аударады ғой. Ангола немесе Непалда дәрістен кейін, сол журналистика саласының оқытушыларына одан да қарапайым әрі қанатты сөйлегің келеді, әрине. Олар АҚШ-ең ежелгі және терең шындықтың бетін және ашады. Егер ұқсастыққа қарай жалаң ойға берілмейтін, өзінің қандай да бір ұсыныстары бар еуропалық салт- сана болмаған жағдайда барлығы осы қалпындақалар ма еді. Мысалы, тек репортаж туралы емес, оған оқиға туралы жағдайлардық қамту қажет.

Репортаждағы оқиға болған заматта жариалануымен құнды. Оның түбіне жету үшін журналист шығармашылық бабында болып, жанынан шығарып айтуға, төкпелей айтуға икемделуі тиіс.

Теледидар, радио және баспадағы репортаждың ұқсас ерекшеліктерін анықтау үшін, оның түрлерін салыстыра отырып, жалпылама шешімге келуге болады. Қайсібір жағдайда да екі компонент: оқиға мен репортер арасындағы байланыс репортажға негіз болады.

Репортаж- оқиғаның басы- қасында болған кісінің оқиға туралы өз әсерін жеткізетін, объектівті, жедел шығарма.

Баспадағы, теледидардағы және радиодағы репортерлер оқиғалар құрылымына қарай әртүрлі болып келеді.

Теледидарда «тікелей» эфирде көбіне жиі кездесетін репортаждан- оқиғаның өзі. Осы жердегі репортердің рөлі сөзсіз жоққа шықпайды. Ол оқиғалар жинағынан сол немесе өзге жағдайлардың ықпалында, қоғамдық ұстанымынан, берілу ерекшелігінен көрініс табады. Кейде оқиғаның бөлшегі толық суреттеледі. Газетте бұл болған оқиға жайындағы әңгіме ретінде саналады. Оқиғадан оқыриан қаншалықты әсер алс, репортердың сол жердегі рөлі соншалық болғаны. Теледидарда тек репортер ғана емес, көрерменнің өзі де оқиғаға тікелей куә болады. Репортер ол кезде көрермен ретінде оқиғаның қыр- сырына қанығады. Газетте оқырман репортердің басшылығымен жазылған жағдаймен танысады. Онда дыбыстық та, көріністік те құрылғылар кездеспейді.

Оқиғаның өмірдің өзге сәттерімен үйлесім табуы, басым мәнге қол жеткізу басылым репортажына да тән. Теледидар- жекелеген құбылыстарды көрсетуге икемді, ал басылымда сол жайттар шынайы әрі белгілі ретпен жеткізіледі.

Осы тақырыпқа байланысты «31» телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметін алған болатынбыз. «Информбюро» бағдарламасы қазіргі таңда аптасына 5 уақыт шығады. Дүйсенбіден жұма күніне дейін. Эфирге шығатын уақыты 18. 00. Студиада жүргізушілері: Лимара Қазиева, Аида Боранбай, Саламат Омаш.

«Информбюро» жаңалқтар қызметінен біз күнделікті жаңа хабарлар алып отырамыз. Саясаттан, экономикалық және әлеуметтік салаға қатысты жаңалықтардан хабардар етіп отыратын бағдарламаның бірі.

«Информбюро» телевизиялық ақпараттық бағдарламасының жобасы 1996 жылдан бастау алған. Қазақстанда әлі күнге дейін республикалық және халықаралық телебайқаулар мен фистивалдерде жүлдегер атанған бағдарлама болып табылады.

Тақырыпқа байланысты «Инфрмбюро» бағдарламасының жауапты редакторы Болат Мұрсалімнен бірер сұрақтарға жауап алған болатынмын:

1. Телерепортердың шеберлілігінің негізгі эмеленттері?

Мен үшін телерепартер шеберлігінің негізгілері, ұшқыр ой, жылдам әрі нақтылықты болуында. Және оның адамдармен тіл табысып, ұқыпты әрекет етуінде.

2. Сіз үшін телерепортер кім?

Репортер ол халыққа жедел жаңалықты жеткізіп, оқиғаны көзбен көріп сараптап жеткізуші.

3. Жалпы репортердың қызметі?

Ол өзінің жеке тұлға екенін көрсетіп, жіберілген жерге уақытында жетіп толық қанды сюжет түсіріп, тапсырманы дұрыс орындау.

4. Стендап не үшін жасалады?

Бұл репортердың жеке тұлға екенін көрсететін, қорытынды сөзі.

Информбюро бағдарламасының басқа арналардың ақпараттық бағдарламасынан айырмашылығы, Информбюро күнделікті ақпаратты жедел жеткізіп, толық мағлұмат береді. Менің бақылағандағы басты байқағаным олар жаңа ақпаратты «Хабар», «Қазақстан Ұлттық арнасынан» ертерек ақпараттандырады.

Репортер және оқиға. Оқиғаны берудегі репортердің рөлі ерекше. Ол оқиға жайынан бірнеше хабардар болады да, оқиға болған орыннан дереу табылуға тырысып, өзіне қажет деп тапқан барлық міліметтермен қанығады. Бұл үшін репортер оқиғаның өту барысын, өңін айналдыруға тиіс емес.

Кареспондент қандай жағдайда өз репортажын даярлай алады деген сұрақ туады. Ол мәтінді алдын ала жаза алама? Немесе ол ешқандай дайындықсыз-ақ репортаж жасай ала ма? Мұндай проблема газет журналистері арасында туындамайды. Ал радио және телевидение қызметкерлері үшін бұл тым маңызды сұрақ.

Егер газет журналистері бұл проблемеға назар аударатын болса, үстіртін ғана жанап өтеді. Баспасөз теоретиктері егер журналист оқиға өзінің ықпалымен әсер етуге әрекет етпесе, ол фактіге өзінің қатысын толық сезінбегендіктен оқиғаны өз тарапынан талдауға ықпалды бола алмайтындығын айтады.

Телевидение және радио журналистері оқиға басына мән қойып кітапшасымен ғана емес, қазіргі заман техникаларының барлық жабдығвмен басып газет журналистеріне қарағанда қоршаған ортаға үлкен әсер етеді. Камер мен журналистерді көрген жұртшылық өзімен -өзі болуды қойып, өздерінен өздері ыңғайлана бастайды.

Мәтінсіз репортаж журналистің оқиғаға үстірт қарауынан туындай алмайды. Толық репортаж, сонымен қатар оқиғадағы детальдарды, егер репортаж пленқаға түсірілетін болса монтажды іріктеп, таңдауды алға тартады.

Бұл әрине, репортер алдын ала мәтін жазып алады немесе барлық бағдарламаға қатысушылар алдында қағазға қарап тұрып оқып беру деген сөз емес. Оның дайындығы суырып айтуға, тосын жағдайдан жол тауып шығуға әзір болған кезде, көтеріліп отырған тақырыпты толығымен меңгерген уақытта, қойылатын сұрақтар мен жауаптарды толыққанды ұғынған кезде ғана аякталады.

О қиға желісіндегі репортаж . Оқиға орнына барып болып жаткан жағдайды түсіріп теледидирдан көрсету. Ия, бір қарағанға тым оңай болып көрінгенімен өте тапқырлықты, жылдамдықты қажет ететін күрделі құрылыс.

Репортаждың жасалу жолдары: оқиға көрінісі, куіәгер сөзі және маман сөзі, оқиға орнында жасалған стэнд-ап. Еш кедергі болмау үшін оқиға орнына басқа адамдардан ерте барып, болып жаткан көріністі лезде түсіріп алған жөн. Кейбір жағдайд, үкімет орны кегеннен кейін толық мүмкіндік болмауы немесе жоғары лауазымды адамдардың қатысы болған жағдайда сюжет жасауға кедергілер тууы мүмкін. Осыдан керекті уақытта арнаға шығарып үлгермеу немесе керек уақытқа ұшаққа билет таусылып қалуы ғажап емес. Репортаж жасауда репортердің жылдамдық пен ұшқыр ойды қажет ететіні осыдан .

Мәлімет репортаж. Бұл бүгінгі күннің жаңалығына қатысы жоқ бірақ көрерменге болған оқиға жайлы хабар беріп, халықтың санасына кіргізу үшін өз жеке ойларын косып жағдайды толық қанды таратып, құлаққа сіңімді қылу. Осы тұста бастаушы журналистер өз пікірін басқаға да жапсыру ісімен айналысып кететіні рас. Негізі репортер қызметі табылған фактымен жұмыс істеп, көрерменге баяндау, ал қорытынды ойларды әр көруші өзінше сараптайды. Басқасы - фактының жеткілікті мен баяндама, ал ең бастысы- көлемі.

Репортердың шеберлілігін оның қаншалықты нақты дәлелмен, келтірілген фактілермен өлшенеді. Тағы бір бағаланатыны синхрон. Әр оқиғаның тақырыбына сәйкес келетін, тыңдаушы назарын бұратын үйлесімді синхрон таңдау керек.

Егер сөз ұрыс- жанжал болғаны туралы болып жатса және екі жактан түсінбеушілік туып жатқаны турулы және олардың пікірлері сюжетте толақ қамтылу керек. Немесе барлығын баяндап дүрыс- бұрысын халыққа сынға беруге болады. Өкінішке орай мұндай жағдайдағы синхрон сәттә шыпай, шынайылығын жоғалтады. Осығанда болар БАҚ-қа сенімсіздік туады. Айталық, сөз тәжіктердің өз арасындағы кекілжін туралы. Республикада бүкіл СНГ халқының бейбітшілік күштері жиналған. Солардың ішінен біреусі сөз алған жағдайда корермендерге бұл сенімді болып корінуі сенгісіз, егер кіналәушінің шешімі КМС атына оппозиция өкілдерінің айтуынша, олар үкіметке қолдау көрсетуде деп, айтқан.

Эфирге шығатын кез -келген репортаж үшін белгілі - бір оқиға қозғау

болады. Сол оқиға бойынша сюжеттің тақырыбын қояды. Оқиғасы бар, тақырыбы белгілі, ендігі кезек алғы сөз қалай жасалу керек, негізі алғы сөзді шығарушы топ жасау керек, бірак кореспондент өз пікірін немесе өз жобасын ұсынуға толық мүмкіндігі бар. Жақсы сюжет шығу үшін әріптестер бір- бірімен тығыз байланыста болу керек, өйткені сюжет жасау кезінде оператор өз ойынша түсіріп, ал журналист басқа көңіл боліп жатса жақсы жаңалықты құртып жіберулері әбден мүмкін.

Міне, репортердың шеберлігінің шыңдалуы осы қасиеттердің барлығын қамтығанда ғана белгілі жетістікке жетеді.

Репортер жұмысы - бұл телевиденияның нағыз қайнап жатқан өмір айдынына ену. Тележурналистикада репортерлықтың рөлі ерекше. Репортер- көрермен мен шындық арасындағы нағыз дәнекер. Кәсіпқой репортердың шеберлігі 3 сыңардан тұрады:

1. Дер кезінде түсіру техникасымен жалпыға қызықты әрі керек оқиғы орнында болу;

2. Оператормен бірге керекті көріністерді белгілеп, коріністің жарқын басын және аяғын белгілеу;

3. Көріністерді көрсету кезінде ықшамды баяндап, оқиғаның ашылмаған тұстарын көрсеру;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ток - шоу тікелей эфир арқылы миллиондаған көрермен жинай алатын бағдарлама
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Сұхбат түрлері
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир
Репортаж жанрының ерекшелігі
Электронды бақ және мәдени хабарлар
Репортердің сол оқиғаға қатысуы
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz