20 – ғасырдың екінші жарысы – 21 ғасырдың бас кезіндегі халықаралық қатынастар



1. Халықаралық сахнадағы өзгерістер және «қырғи қабақ соғыстың» шығуы.
2. Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу.
3. Ұлт азаттық қозғалыс және халықаралық қатынастар.
4. Еуропадағы бейбітшілікті нығайту шаралары.
5. 1970 . 1980 жылдардағы халықаралық қатынастардың дамуы және аймақтық жанжалдардың өршуі.
6. Ядролық қаруды қысқарту және қарусыздану мәселесі. «Қырғи қабақ соғыстың» аяқталуы.
7. 21 ғасырға ұмтылыс және халықаралық қатынастардың дамуы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың дамуы
бірнеше негізгі жағдайларға бйланысты болды.
Бүрынғы ірі елдер арасынан екі алып мемлекет – АҚШ - пен КСРО ерекше орынға көтеріліп, шешуші күшке айналды. Халықаралық сахнада шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты неше түрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүние жүзіне жеке – дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді. КСРО басшылары социалистік құрылысты басқа елдерге күшпен таңып, өз ықпалын әлемге таратпақ болды. Ең алдымен, бұл саясат кеңес әскерлері басып алған Еуропа және Азия елдерінде жүргізілді. Оларды «ноқталап», үрейлендіріп ұстау, тек Мәскеудің аузына қарату арқылы «социалистік лагерь атты топ құру дүние жүзі елдерін екі топқа бөлді. Батыс елдері АҚШ – тың басшылығымен қарама – қарсы лагерь құрды. Екі топ арсындағы талас «қырғи қабақ соғыс» өртін тұтандырып, ол неше дүркін ашық қантөгіс соғысқа әкеліп тіреді.
Соғыс біткен кезде одақтастық қатынастар бірден бұзылмады. Соның арқасында БҰҰ құрылып, жеңілген елдермен бітімдер жасауға мүмкіндік туды.
1946 – 1947 жж Германияның одақтастарымен бітім жасалды. Германияның
Шығыстағы жері Ольша мен КСРО – ға берілді. Италия Африкадағы отарларынан бас тартты.
Германия мен Жапония мәселелері үлкен дау – талас туғызып, шиеленісе түсті. Германия төртке бөлініп, АҚШ, Англия, Франция, КСРО әскерлерінің қарамағына берілді. Батыс елдері де, КСРО да Германияны бөлшектеп ұстауды көздеді, сондықтан да 1949 жылы оның батыс жағында Германи федеративтік Республикасы (ГФР), КСРО - ға қараған жерінде Германия Демократиялық Республикасы (ГДР) жарияланып, екі дербес мемлекет құрылды.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
Орталықазия теххнико – экономикалық колледжі

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ:20 – ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРЫСЫ – 21 ҒАСЫРДЫҢ
БАС КЕЗІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР.

ЖАЗҒАН: ӘМІРЕЕВА ҒАЛИЯ
ТЕКСЕРГЕН: ЖАЗЫБАЕВА ДАРИЯ

АЛМАТЫ 2006
Халықаралық сахынадағы өзгерістер және қырғи қабақ соғыстың шығуы.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың дамуы
бірнеше негізгі жағдайларға бйланысты болды.
Бүрынғы ірі елдер арасынан екі алып мемлекет – АҚШ - пен КСРО ерекше
орынға көтеріліп, шешуші күшке айналды. Халықаралық сахнада шиеленістер
барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу
табиғаты неше түрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүние
жүзіне жеке – дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді.
КСРО басшылары социалистік құрылысты басқа елдерге күшпен таңып, өз ықпалын
әлемге таратпақ болды. Ең алдымен, бұл саясат кеңес әскерлері басып алған
Еуропа және Азия елдерінде жүргізілді. Оларды ноқталап, үрейлендіріп
ұстау, тек Мәскеудің аузына қарату арқылы социалистік лагерь атты топ құру
дүние жүзі елдерін екі топқа бөлді. Батыс елдері АҚШ – тың басшылығымен
қарама – қарсы лагерь құрды. Екі топ арсындағы талас қырғи қабақ соғыс
өртін тұтандырып, ол неше дүркін ашық қантөгіс соғысқа әкеліп тіреді.

Соғыстан кейінгі бейбітшілікті реттеу.
Соғыс біткен кезде одақтастық қатынастар бірден бұзылмады. Соның
арқасында БҰҰ құрылып, жеңілген елдермен бітімдер жасауға мүмкіндік туды.
1946 – 1947 жж Германияның одақтастарымен бітім жасалды. Германияның
Шығыстағы жері Ольша мен КСРО – ға берілді. Италия Африкадағы отарларынан
бас тартты.
Германия мен Жапония мәселелері үлкен дау – талас туғызып, шиеленісе
түсті. Германия төртке бөлініп, АҚШ, Англия, Франция, КСРО әскерлерінің
қарамағына берілді. Батыс елдері де, КСРО да Германияны бөлшектеп ұстауды
көздеді, сондықтан да 1949 жылы оның батыс жағында Германи федеративтік
Республикасы (ГФР), КСРО - ға қараған жерінде Германия Демократиялық
Республикасы (ГДР) жарияланып, екі дербес мемлекет құрылды.
Жапониямен бітім жасау оңайға түспеді. Ол бұрын жаулап алған
аймақтарынан айырылды. Бітім мәселесі қарастырылғанда – Корея соғысы,
Қытайдағы революция т.б. оқиғалар әсерін тигізіп отырды. Ақыры, 1951 жылы
қыркүйекте Сан – Францискода бітімге қол қойылып, Жапонияның егемендігі
қайтарылды. КСРО оған көнбей, бітім жасасады.
Әлемдегі бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздікті нығайту, озбырлыққа жол
бермеу үшін 1945 жылдың 26 маусымында Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды.
Оған 51 мемлекет енді.
Соғыс аяқталмай жатып – ақ одақтас елдер арасында сенімсіздік ұлғая
түсті. Ол империалистік озбырлық саясаттың жемісі еді. Бір жағынан АҚШ,
бір жағынан КСРО тек өздерінің мүдделерімен санасып, басқа елдердің
тағдырын таптауға даяр тұрды . Осындай саясатты іске асыру үшін бұларға
әскери күш қажет болды. Сондықтан, қару – жараққа, соғысқа дайындалуға
қаражат аямай бөлінді. Екі жақ та әскери – саяси одақтар құруға кірісті.
АҚШ бастаған НАТО
1949 жылы, КСРО бастаған Варшава Шартының Ұйымы 1955 жылы құрылып,
қырғи қабақ соғыстың негізгі орталықтарына айналды. Батыс елдері СЕАТО,
СЕНТО, АНЗЮС сияқты топтарға әр аймақтағы елдерді тартып, екі жақтық
шарттар жасасса, КСРО бір топ социалистік елдермен (Монғолия, Қытай,
Солтүстік Корея, Вьетнам, Куба т.б.) шарттарға қол қойды.
Ұлт – азаттық қозғалыс және халықаралық қатынастар.
Соғыстан кейін отарлық жүйе біртіндеп ыдырап, бірталай елдер отар
көгенінен құтылып, тәуелсіз өмір сүре бастады. Олардың көбі батыс пен шығыс
топтарына қатыспай, бейбітшілікті, бостандықты құрметтейтін үшінші дүние
атты топ қалыптастырды. Сөйтіп, өздерін дамытуға, соғысқа жол бермеуге,
отарлық қанауда қалған халықтарды босатуға бағытталған саясат ұстады.
1950 – 1960 жылдардағы Қырғи қабақ соғыс.
Екі алып мемлекет арасындағы бақталастық, негізінен, Еуропаны
қамтыды. Сондықтан бұл аймақта әскери күштер щоғырланды. Екінші
дүниежүзілік соғыстың аяғында, Черчилль мен Сталиннің құпия келісіміне
орай,
КСРО – Шығыс Еуропаны, АҚШ пен Англия Батыс еуропаныөз ықпалында ұстап
келді. Бұл жағдай Ялта, Потсдам келісімдерінде бекітіліп екі жақ қанша
тартысқанымен, оны бұзуға бармады.
Қақтығыстар арасында Таяу Шығыс жанжалы ерекше орын алды. Палестина
жерінде еврейлер және арабтар тұратын екі мемлекет құру туралы БҰҰ – ның
шешіміне арабтар көнбей, Израильге қарсы соғыс ашып, жеңілген Палестина
арабтары босып кетті. Сөйтіп, осы күнге дейін реттелмеген Таяу Шығыс
жанжалы туындады. Кейін оған неше түрлі мәселелер қабаттасып, мазмұны да,
салмағы да өзгерді.
1957 – 1958 жылдары Батыс елдері, әсіресе, АҚШ қарап жатпады.
Эйзенхауэр доктринасы, Сирия төңірегіндегі шиеленістер, Алжирдегі
Францияның соғысы, 1958 жылы Ливандағы қақтығыстар, Ирактағы монархияны
жойған революцияға қарсылық көрсету, Англия мен АҚШ – тың осы аймаққа әскер
төгуі – осындай оқиғалар тізбектеліп, жанжал күрделілене түскен.
1967 жылғы маусымның басындағы 6 күндік соғыс бүкіл арабтарға ауыр
тиді. Оның шығуы да Палестинаға байланысты. Израиль 5 – маусымда шабуылға
шығып, алты күн ішінде Египет, Сирия, Иордания қарулы күштерін талқандады,
170 мың шаршы шақырым жерді басып алды. Тағы да бір шиеленіс ошағы Оңтүстік
– Шығыс Азияда шықты. Ол – АҚШ-тың Вьетнамға қарсы әрекеттері болды.
Оңтүстік Вьетнамда 1960 – 1964 жылдары ұлт – азаттық көтеріліс үлкен
табысқа жетіп, АҚШ қолдаған сатқындар жеңілуге айналды. 1964 жылы тамызда
Тонкин шығанағында Солтүстік Вьетнам әскери катерлері мен АҚШ эсминецтері
арасында жанжал шықты. Осыны сылтау еткен Америка ВДР – ды бомбалауға
кірісті. Л.Донсон, содан кейін Р.Никсон үкіметтері Үндіқытайда 1973 жылға
дейін ойран салды. Вьетнамда бірнеше миллион адам қаза тауып, АҚШ 68 мың
жауынгерінен айырылды.
Келесі жанжал Оңтүстік Азия аймағындапайда болды. Үндістан мен
Пәкстан арасындағы Кәшмір князьдігі үшін талас екі елді қатты өшіктірді.
1947 – 1948 жылдары соғыста Кәшмірдің 13 – і Пәкстан, қалғаны Үндістан
қолына өтті. 1965 және 1971 жылдары екі ел тағы да соғысқа барған. 1959,
1962 жылдары Қытай мен Үндістан арасында – Гималай тауларындағы шекарада
қарулы қақтығыстар болып өтті.
1962жылы Куба дағдарысы өте қауіпті жағдайға жетті. АҚШ бұл
елдегі революцияны басуға бел байлап, Кубаға бойкот жариалады,
контрреволюциалық әрекеттерге қолдау көрсетті. Кубаны қорғауды сылтау
еткен КСРО зымырандарын құпия түрде аралға орналастыра бастады. Ол
анықталғанда, АҚШ екі елді қатты қысымға алып, 1962 жылы қазанда соғыс
шығып кету қаупі төнді. КСРО шегінуге мәжбүр болды. Қарымта ретінде АҚШ өз
зымырандарын Түркиядан алып кетіп, екі ел шиеленісі біраз бәсеңдегендей
болды.
1963 жылы тамызда ядролық сынауларды 3 салада тоқтату туралы шарт
жасалды. Ал қаруларды қысқарту жөнінде келіссөздер көпке дейін нәтиже
бермеді.
Еуропадағы бейбітшілікті нығайту шаралары.

Екі топтың қолында жинақталған қару өздерін ғана емес, бүкіл
өркениетті жойып жібере алатын жағдайға жеткенін анық ұғынған
саясатшылар қандай да болсын шиеленістерді халықаралық сахнада
келіссөз арқылы ғана реттеу туралы ой-пікір тарата бастады.соған
қарамастан, қара күшке сүйену, зорлық – зомбылыққа бару тоқтала қоймады.
Соның бірі – 1968 жылы КСРО сыбайластарымен Чехословакияға басып кіріп, ел
басшылығын ауыстырды. Бірақ Еуропа елдері жағдайды дұрыс шешуді қалап, бас
қосуға даярлық білдірді. Финляндия үкімет 1969 жылы мамырда бастама жасап,
оны шақыру жұмысы алты жылға созылды. 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде
Еуропаның 33 мемлекеті және АҚШ пен Канаданың қатысуымен Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қабылданды.Ол соғыстан кейінгі
қалыптасқан шекараларды өзгертпеу, қаруларды қысқарту, адам құқығын
құрметтеу және гуманитарлық байланыстарды дамыту ісіне қатты мән беру
бағытына үлкен сүйеу болды. Соның нәтижесінде Еуропада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Дизайн қызметінің жалпы типологиясы
Қазақстан Ұлттыұ футбол құрама командасы
Салауатты өмір салтын спорт жаттығуларымен шұғылдануға көп мөлшерде уақыт бөле отырып, спортшы ізбасарлардың спортқа бейімділігін анықтаудың жаңа жолын ұсыну
Айналмамен жүгіру әдісін уйрету, сөрені қиып өту, секіру жаттығулары
Айналмамен жүгіру әдісін уйрету, сөрені қиып өту, секіру жаттығулары жайында
Шаңғы спортының дамуы
Қазақстандағы шаңғы спортының дамуы
Еркін күресте болатын жарақаттар
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы - жүгіру
Пәндер