Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы



Кіріспе 3
І. Несиенің мәні, қажеттілігі, формалары және түрлері
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі 4
1.2 несиенің түрлері, соның ішінде тұтыну несиесі туралы 11
ІІ. Тұтыну несиенің қызметтері мен заңдары
2.1 Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің түсінігі, ақшаларды айналдыру несиелік құралдарымен ауыстыру 14
2.2 Несиеннің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері және заңдары 17
2.3 Несиелердің мониторингі 19

Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін нарықтық экономика аумағында жинақталған тұтыну несиесінің даму тәжірбиесін дұрыс қолдана білу керек. Қазақстандық реформаларды жүргізу тәжірибесі экономикалық сауатсыздық нарықтық қатынастардың даму жолында күшті тежеуіш болатынын көрсетіп отыр.
Курстық жұмыстың міндеті – тұтыну несиесінің қызметінің ұйымдастырылуы, реттеу және бағалау, өтімділігін басқару, олардың нарықтық экономикаға өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипаталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы, осы несие арқылы адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындықтарында және де тұтыну несиесі арқылы өз тұрмыс деңгейлерін көтере алатындықтарында.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты, бұл жалпы Қазақстандағы тұтыну несиенің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Тұтыну несиенің қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебиесін нақтылай түсулері керек.
Осы курстық жұмыс жалпы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде, Несиенің мәні, қажеттілігі және формалары, түрлері қарастырылады. Бұл жалпы несиелік саясат тұтыну несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай – ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
Екінші бөлімде, Тұтыну несиенің қызметтері мен заңдары. Тұтыну несиенең өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада, Банктік инвестиция – пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Несиелік мониторинг — несиені бврген мезеттен бастап өтелуін және негізгі қарыздың толығымен қайтарылуын және қарыз алушының қызметіне әрдайым талдау жүргізу жолымен сыйақы, несиенің сапасының төмендеуі жағдайында қарыз алушыға адекваттылық шамаларының әсерін қабылдау және келісілген келісімшарттың барлық талаптарын қадағалау үшін бақылау (несиелік және кепіл келісімшартына).
Курстық жұмыста қолданылған әдебиеттер: Мақыш С.Б., Крымова В., Әубәкіров Я., Сейтқасымов.Бұдан басқа көптеген газет-журналдар қолданылды.
1. Әубәкіров Я.Ғ, Байжұманов Б.О. Экономикалық теория, Алматы қазақ уневерситеті, 1999 жыл [115-125 б.б.]
2. Жүнісов Б.А. Жалпы экономикалық теория.- Алматы, 2001 жыл [121-124 б.б.].
3. Жукова Е.Ф. Банки и банковские операции, Москва 1997 год [160-164 б.б.].
4. Крымова В. Экономикалық теория , Алматы 2003 жыл [56-59 б.б.].
5. Колесникова В.И. банковское дело, Москва 1995 год [160-163 б.б.].
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы: ИздатМаркет, 2004 жыл [139-145 б.б.].
7. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы: ИздатМаркет, 2004 жыл [135-145 б.б.].
8. Мельников В.Д., Ильясов К.К Финансы – Алматы, изд. 2 – е , перераб. И доп. Қаржы – қаражат, 1997 жыл [425-429 б.б.].
9. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер, Алматы экономика, 2001 жыл [124-139 б.б.].
10. // Жетісу, 2003 жыл, 25 қаңтар Ж.Б. Нургазинов «Қазақстан Республикасының несие түрлеріне түсінік» [10 б.б.].
11. // Егеменді Қазақстан – 2000 жыл, 4 маусым Т. Т. Акбаев «Несиелердің халыққа көрсететін қызметі» [15-16 б.б.]
12. // Қаржы – қаражат – 2004 №6 Н.Б. Бақытжанов «Несие мониторигі» [50-55 б.б.]
13. // Саясат – 2004 №5 Е.С. Абдырахманов «Несие заңдарына түсініктеме» [14-17 б.б.].
14. // Банки Казакстана – 2004 №6 О.Р. Нургалиев «Теория кредитования» [25-27 б.б.].
15. Қазақстан Республикасының Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы 2004, 2005 жыл.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
3
І. Несиенің мәні, қажеттілігі, формалары және түрлері
1.1 Несиенің мәні, қажеттілігі
4
1.2 несиенің түрлері, соның ішінде тұтыну несиесі туралы
11
ІІ. Тұтыну несиенің қызметтері мен заңдары
2.1 Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің түсінігі, ақшаларды
айналдыру несиелік құралдарымен ауыстыру
14
2.2 Несиеннің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері және заңдары

17
2.3 Несиелердің мониторингі
19

Қорытынды
22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
23

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін
нарықтық экономика аумағында жинақталған тұтыну несиесінің даму тәжірбиесін
дұрыс қолдана білу керек. Қазақстандық реформаларды жүргізу тәжірибесі
экономикалық сауатсыздық нарықтық қатынастардың даму жолында күшті тежеуіш
болатынын көрсетіп отыр.
Курстық жұмыстың міндеті – тұтыну несиесінің қызметінің ұйымдастырылуы,
реттеу және бағалау, өтімділігін басқару, олардың нарықтық экономикаға
өтудегі рөлі мен қызметтері жайлы нақты Қазақстан Республикасының
тәжірибесіне сүйене отырып жазылғандығымен сипаталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің
дамуы, осы несие арқылы адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыра
алатындықтарында және де тұтыну несиесі арқылы өз тұрмыс деңгейлерін көтере
алатындықтарында.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты, бұл жалпы Қазақстандағы тұтыну
несиенің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Тұтыну несиенің
қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның
келісімін ала отырып, өздерінің мәртебиесін нақтылай түсулері керек.
Осы курстық жұмыс жалпы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Бірінші бөлімде, Несиенің мәні, қажеттілігі және формалары, түрлері
қарастырылады. Бұл жалпы несиелік саясат тұтыну несиелік қызметінің
міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай – ақ
несиелік процесті ұйымдастыру принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік
саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады.
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі.
Екінші бөлімде, Тұтыну несиенің қызметтері мен заңдары. Тұтыну несиенең
өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада, Банктік инвестиция – пайда табу
мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік
операциялардың жиынтығы.
Несиелік мониторинг — несиені бврген мезеттен бастап өтелуін және негізгі
қарыздың толығымен қайтарылуын және қарыз алушының қызметіне әрдайым талдау
жүргізу жолымен сыйақы, несиенің сапасының төмендеуі жағдайында қарыз
алушыға адекваттылық шамаларының әсерін қабылдау және
келісілген келісімшарттың барлық талаптарын қадағалау үшін бақылау
(несиелік және кепіл келісімшартына).
Курстық жұмыста қолданылған әдебиеттер: Мақыш С.Б., Крымова В., Әубәкіров
Я., Сейтқасымов.Бұдан басқа көптеген газет-журналдар қолданылды.

І бөлім. Несиенің мәні, қажеттілігі және формалары мен түрлері
1.1 Несиенеің мәні, қажеттілігі
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану
керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі
керек:
несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс
сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің
мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің карыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта
карызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банк болып табылады. Ол
кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын
шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде
ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес,
сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға халыққа) тартылған
ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға
несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы – несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен
банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың
меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз
қалауымен колданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни
шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып,
пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші
өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есептік және
депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға
алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді.
Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында
тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық
несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие
алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие катынасы құрылымының
элементі алыс-берістің объектісі - кұнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік
өтелмеген кұны — несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие.
Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және
болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудын қажеттігі жоқ.
Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебімен қанағаттандыры-лады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының
үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді
жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен
пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын
осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін
сақтайды.
Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол
элементтердің бірлігін болжайды.
Несиеленген кұн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:

Но- Қан-Нп ...-Р б ... Нқ ...-Бқ,

мұндағы:

Но- несие орналастыру;

Қан- қарызға алушының несиені алуы;
Нп — несиенің пайдаланылуы;
Рб - ресурстарды босату;
Нк - несиенін қайтарылуы;
Бк — банктің аталмыш қарызды алуы.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) Он -несие қозғалысының
алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы
(аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші
қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған
кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Қш) қарьп алушының уакытша қажетгіліктерін
қанағатгандырады. өйткені несиелік катынастың басқа тарапы ойы белгілі бір
уақытқа ғана береді.
Несиені пайдалану (н) қарьз алушының оны өз шаруашылығымда пайдаланып,
несие берушіге несиенің қайтарылуы қамтамасыз ету керектігін білдіреді.
Ресурстардың босатылуы (Бр) қарыз алушының шаруашылығында күннің ауыспалы
айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүддесінде күннің пайдаланылу процессін сипаттайды. Несие
қозғалысьның бұл сатысы оның келесі кезеңгс өтуі үшін материалдық база
болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Нк) уақытша пайдаланылған күшінің қарыз алушыдан
несие берушіге қайтуын көрсетсді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір
ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінеи кетіп, несие
берушіге өтеді.
Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Нп) құнды несие берушінің алу актісі несие
қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің
қайтарылуы (Нк) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Қпи
сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырғам сол бір құнның
сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие
берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.
Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнының толық айналымымың бір
бөлігі болып саналатын несиенің қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге
ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несислік қатынастар айналым
шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші қарыз алушыға
құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.
Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар
туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Несенің мәнін ашып көрсететін,
несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О.И. Лаврушкин оның
қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір
мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатылары қамтиды. Несие
ақшасын жарат (орналастыру), алу және оны пайдалану кайтарым негізінде
жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы
айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік қатынасқа тән белгіні
анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиелепген құнды несие берушіге
қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол кұнның ауысмалы айналымында
аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның
негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға
босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені
қайтару басталады. Несиенің қамтарылуы объективті процесс болып табылады,
яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінгі қалдыруға болмайды. Несие
беруші мен қарыэ алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген
сипат алады. Халық шаруашылығы денгейінде несиеиің қайтарылуы тұтас алғанда
қайтарудын жиынтығ ын корсетеді. Бұл жерде ол альшгаи несиенің бір ғана
белгісін көрсетпейді. экономикалык категория сиякты бар несиенің тұтастығын
көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән
екендігінде.
Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез
келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын
депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша
мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.
Несиенің құрылымын қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде
оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие беруші мен
қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделіп қайтарылым
қозғалысына байланысты экономикалық қатынастар екендігі.
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие — бұл несие
капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен
төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал -
бұл өз-өзінен өсетін құн. Онын басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал,
капитал - өзінен-өзі өсетін кұн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы -несие
капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі
өсім бере алмайды.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас
жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін
сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі
туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның кұрылымын, қозғалысының
заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің кұрылымы белгілі бір мәнге айналған және (несиелік катынастар
танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз
қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі
ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден
тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз
алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен
тауар айналысы негізінде жүреді.
Сатып алу-сату процесінде тауарларды өткізу сатушының олардын ақшадай
эквивалентін әр уақытта тез арада алуына мүмкіндік бермейді. Сатып алушы
тауарды белгілі бір мерзімнен кейін төлеуі мүмкін. Бір тауар иеленуші қолма-
қол тауарды сатады, ал басқасы ақшаның екілі немесе болашақтағы ақшаньң
өкілі ретінде бола отырып тауарды сатып алады. Сатушы - қарыз беруші, ал
сатып алушы борышқор болады. Кредитор және қарыз алушы бір полюсте
эквивалент мерзімінін ұзартылуы, ал басқасында оның төленуі жүзеге асатын
жағдайлардың барлығына қатысады.
Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болды.
Мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық
кауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болды. Алғашқы есім
қорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор - саудагер, көпес тәрізді
ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, -ол өте үлкен тарихи
жолдан өтті. Кредитор ретінде храмдар, қоғамдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілерінін едәуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен тұтыну
мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер болды.
Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін
кредитордын қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз
қорлары, ресурстары, өз кезегінде қайтарылымдылық негізінде ұдайы өндіріс
процесінін басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызы тек өз меншігіндегі ресурстар
есебінен ғана емес онын шоттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен
сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған
қаражаттар есебінен де бере алады.
Банктердін кұрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүреді. Банкирлер басқа
барлық кредиторлардың өкілі болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретінде бола
отырып, несиелеу үшін шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресурстарды
жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбір жағдайларда
босаған ресурстар болып табылатын құндылықтар да қарызға беріледі.
Коммердиялық несие кезінде кредитор сатылуға жататын тауарларда қарыз
алушыға береді.
Тауардың жіберілу факті, алайда жүк жіберушіні кредитор етпейді. Тауарды
жөнелту мен сатудан түсетін түсімінің арасындағы уақыт бойынша үзіліс
кредитордың пайда болуына векелді мүмкін. Бұл үшін тауарды қоюшы эквивалент
төленуінің кейінге қалдырылуына рұқсат берілуі керек. Мына жағдайды
ескерте кетейік: кредиторды сатып алу-сату, тауарды жіберу мен оны төлеу
арасындағы уақыт бойынша үзіліс факты тудырмайды, оны төлемнің кейінге
қалдырылуын белгілейтін, төлемді тез арада емес белгілі бір уақыт өткеннен
кейін шешетін қосымша келісім тудырады.
Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс
беруші тұлға болады. Қағида бойынша кредитор ерікті түрде болады. Қарыз
алушы несиені белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда несиелік келісімнің
еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп
соғады. Кредиторлардын, бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен
анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінін барысына
байланысты.
Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы - бір-
біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы
сипаттайтын анағұрлым кен түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы
емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға
деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз
қоректерімен күн көруші ұсақ шаруалар, қолөнершілер болған еді. Өсімқорлық
несиенің бар болуының басқа формасы - ақсүйектердін көбінесе жер иелеріне
ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы
жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің
өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Қарыз алушының кредитордан
айырмашылығы ол несиелік мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие.
Біріншіден ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды
олардын уақытша иесі ретінде болады өзіне тиісті емес, бөтен біреудің
ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден қарыз алушы қарызға алынған
қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады.
Кредитор өндіріске тікелей қатыспай-ақ айырбас фазасы кезінде де қарызды
ұсына алады.
Үшіншіден, қарыз алушы өзінің шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған
қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті
түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс
процесін өркендете түсу керек.
Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған кұнды ғана қайтарып
қоймай сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді.
Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарын орындауға
тәуелді болады. Қарыз алушының кредитордан экономикалық тәуелді болуы
қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз
міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.
Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен
мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар шеңберінде кредитор
және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз алушыға, қарыз
алушы кредиторға айналады.
Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қарсылықтардын бірлігі
сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор және
қарыз алушы онын қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор - қарызды беруші
жақ, қарыз алушы - берілген қарызды алушы жақ бүтіннің шенберінде олардың
әркайсысының өздерінін ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз
мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса,
қарыз алушы - анағұрлым арзан несиеге мүдделі. Сондай-ақ несиелік
қатынастар кұрылымының элементі кредитордан қарыз алушыға берілетін және
қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып табылады.
Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол кұнның ерекше бөлігі ретінде
болады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шынында,
ақшаға немесе тауарға тән тұтыну кұнынан басқа кұн кредитор мен қарыз алушы
арасыңда қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше
қасиетін алады.
Қарызға берілген құнның өте маңызды жағы - оның авансылану сипаты. Несие,
қағида бойынша, кұнның құрылуына мүмкіндік туғызып, қарыз алушының иелігіне
түсуі керек. Осы мағынада несие қарыз алушының шаруашылығында қарызға
алынған кұнның жұмыс істеуі кезеңінде онда жасалуы тиіс табыстарды болжап
біледі. Іс жүзінде қарыз алушы кредиторға несие беру жөнінде өтініш
жасағанда; сол сәтте қолында еркін ақшалай қаражаттың болмауынан ғана емес,
сонымен қатар ол табыс алуға мүдделі екендігі және сол табысты алдағы
төлемдер үшін пайдалану мүмкіндігін ескереді. Сонымен бірге қаражаттарды
авансылаудың кез келгені несие болып табылмайды.
Несиенің мәні онын қозғалысының зандылықтарымен тағы толығырақ ашылады.
Төмендегідей түрде несиенін қоғгалысын көрсетуге болады: несиені
орналастыру (Но) қарыз алушылардын несиені алуы (На) - несиені пайдалану
(Нп) - ресурстардың босауы (Рб) - уақытша алынған құнның қайтарылуы (Ққ) -
несие формасында орналастырылған қаражаттарды кредитордың алуы (Қа).
Несиені орналастыру (Но) - оның қозғалысындағы маңызды кезең. Кредитор
өзінің ресурстары анағұрлым тиімді (рационалды) формада орналастырылғанына
сенімді болуы керек. Банктер кредитор ретінде аяқтаушы кезеңінің
талаптарына сәйкес несие береді - қарыздың қайтарылуы, демек оның тиімді
пайдаланылуы. Қарыз алушының несиені алуы (На) қарызға берілген құнның
белгілі бір уақытқа ұсынылғанын білдіріеді. Несиенің пайдалану процесінде
(Нп) беріледі объектісі ретінде оның тұтыну құны өткізіледі. Ресурстардың
босауы (Рб) қарыз алушының шаруашылық процесінде құнның шеңбер айналымы
актінің аяқталуымен сипатталады, сондықтан несие қозғалысының бұл кезеңі
оның шеңбер ай-налымының келесі жаңа фазасына өтуі үшін материалдық
алғашарт болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Нқ) уақытша алынған құнның қарыз алушыдан кредиторға
өткенін білдіреді. Несие қозғалысынын соңғы сатысы - бұл уақытша
пайдалануға берілген (Қа) кұнды кредитордың алу актісі болады.
Осылайша, несие қозғалысының заңдылықтарын талдау процесінде біз бұл
қозғалыстың барлық сатылары қарызға берілген құннын толық шеңбер айналымын
бөліктері ретінде өзара байланыста және өзара шартты екенін көреміз.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге асатын
ерекшеліктерден кенейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрі
үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы
меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша
түріне ауысып тұрады, яғни А – Т - Ө - Т1 – А1 капиталдың ауыспалы айналымы
жүргізеді. Ауыспалы айналымның бірінші кезенінде ауысып кетеді, екінші
кезеңде - өндіріс процесінде – дайын өнім жасалады, өндірістік тауарлығы
келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады.
Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек және кәсіпорында
және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың озғалысы –
оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың
айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауысплы айналымы түсіндіріледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымнан туындайтын
несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге асуын төлем қаражаттарын құру
және жаңа бекітілген құны қайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар
аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эммиссиясының процесі
формаға тәуелді емес кітаптың алдыңғы бөлімінде анықтағанымыздай, несие
капиталының бір көзі болып табыладытын несие операцияларының нәтижесі бар.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс
процесінде маңызды рөл атқарды. Несие ақшалай капиталдың қарызға
трансфорациясын қамтамасыз етеді және несие берушлер мен қарызға
алушылардың арасындағы қарым – қатынасыты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың
табыстары мен бос ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың
төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

2. Несиенің түрлері, соның ішінде тұтыну несиесі
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар
мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І Қарыз алушылар категорияларына қарай
1. Қаржылық инситуттарға берілетін несиелер
- мақсатты қорларға
- банктерге
- қаржы – несие мекемелеріне
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер
- өнеркәсіп салаларына
- ауыл шаруашылығына
- саудаға
- дайындау ұйымдарына
- жабдықтау – сату ұйымдарына
- кооперативтерге
- жеке кәсіпкерлерге
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
ІІ Мерзіміне қарай
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
- орта мердімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін)
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
ІІІ Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай
- негізгі қорларға жұмсалатын
- айналым қаражатына жұмсалатын
ІV Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай
1. Қамтамасыз етілген
- кепілхатпен
- кепілдемемен
- кепілдікпен
2. Сақтандырылған
3. Қамтамасыз етілмеген
- сенім несиесі
V Қайтарылу дәрежесіне қарай
1. Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер
2. Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1 – санатты
күмәнді, 2 - санатты күмәнді, 3 - санатты күмәнді, 4 - санатты күмәнді, 5 -
санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер
шотына жазылған несиелер.
4. Валютамен берілуіне қарай
- ұлттық валютамен
- шетел валютасымен
5. Берілу шартына қарай
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге берілетін несиені білдіреді.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебиттік қалдық
бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6 . Банкаралық несие – банктердің бір – біріне беретін несие.
7. Ламбартық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал – жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірбиесінде пайдалынатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы рыноктық несие жүйесі қатынастарының қалыптасуы
Қарыз капиталының қорлануы
Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы
Тұтыну несиесі жайлы
Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Тұтыну несиесі және оның дамуы
Пәндер