Көшпелілер серіктестігінің шығу тарихы


Орыс өнері әр кезде ащы шындықтың бағытын сездіріп тұратын, тарихта ізін қалдырып отырған, ел мойындауына іліккен таланттардан құралса сол таланттардың шығармашылығы сол кездегі өнердің көкейтесті мәселелерінен туындады. Оның ерекшклігі өмірдегі тұрақты ізденісінің бастамасы болды. Қиындығы мен ізденісіндегі қарым қатынасы өнергек деген спслы түрде көзқарасын шын мәнінде өмірде бағалағандығын көрсетеді. Өйткені ол ерлікті, ержүректілікті, батылдылықты талап етеді, және жазушынеың немесе сурктшінің өмірге қатысы яғни өмірдегі оқиғаларға куәгерлілігі еғлдің, халықтың тағдырына тікелей қатысты болды.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында орыс өнерінде демократ суретшілер бірлестігі өте айқын көрініс алды. Оның көшбасшысы 1863 жылы Петербург петербург суретшілері басы И. Н. Крамской құрған суретшілер артелі. Оның құрылу себебі, суретшілерге бостандық беру, оларға тапсырыс берушілер көбею үшін және де суретшілер академиясына тәуелді болмау олардың алдарына қойған мақсаты еді. Бұл құқрылым реалист суретшілердің тек материалдық емес, шығармашылық жағынан да бостандықта тәуелсіз екенін тағы да дәлелдегендей болды. Артель өкілдері өз шығармашылығының басты көзі етіп көшпелі көрмелер ұйымдастырды. Өздерінің көрмелерімен олар Россияның көптеген жерлерінде болып, соның ішінде Ретербург, Москва сияқты орталықтарда, басқа аудандарында сол кездегі орыс жеріндегі сурет өнекріеің талаптарының шегіне жету үшңн көп еңбектенді. Суретшілердің табыс көзі болып, көрмелерден сатылатын кертиналар табылады. Петербург көрмесінің басшысы және орынбасары И. Н. Крамской, Москвалық көшпелілерді В. Г. Перов басқарды. Көшпелілер ең алғаш көрмелерін 1871 жылы желтоқсан айында ашты. өз шығармашылықтарының басынан ақ олар орыс зиялыларының үлкен қолдауымен мойындауларына ие болды. Олардың жұмыстары туралы критиктер өте көп жазды. Көшпелілер шығармашылығының ауданы үлкен еді. Оларпдың шығармаларында станоктік сурет өнерінің басты жанрларының бәрі де даму үстінде болды. Соның ішінде портрет, пейзаж, тарихи картиналар. Картиналардың басты кейіпкерлері болып қарапайым зиялылар болды. Көшпелілер жұмыстарының басты тақырыптарының бірі ол тұрмыстық жанр яғни қарапайым халық. Ол жұмыстардан олар үлкен күшті көріп, сезінетін. Көшпелілердің пейзаждық живописінде табиғат образы өте үлкен орын алды. Өздерінің шығармашылық бағыттарында көшпелі суретшілер орыстың революциялық демократ Белинскийдің, Чернышевскийдің эстетикалық ойлары мен қанығып отырады.
Көшпелілер серіктестігінің суретшілер көрмесінде жиналған қатысушылар мен көрермендер өнердің өркендегенін, шарықтау кезіне жеткендігін мойындайды. Осы серіктестікті жалғастырған Петербургтағы артереялық суретшілер болды.
Көшпелі көркемсурет көрмесінің серіктестігі - Россияның прогресшіл демократиялық көркемсурет бірлестігіне енген суретшілерлен құралды. Өнердің статусы жалпылама өзгеріп, демократиялық кескіндемесі өнердің требунасын жаулап алды деуге болады. Енді оны біз И. Н Крамской мен В. В Стасовтың өнерінен, орыс кескіндемесінің маңызды орталығының бірі Москвадағы Третяков галереясынан көруге болады. 1856 жылдары Третяков өзінің алғашқы жұмысын яғни өнер туындыларын жинақтай бастаған болатын, бірақта нақты 1870 жылғы жинақтарынан көшпелілер серіктестігінің суретшілер көрмесінде жиналған қатысушылар мен көрермендер өнердің өркендегенін, шарвқтау кезіне жеткендігін смойындайды. Осы серіктестікті жалғастырған Петербургтағы артельясының суретшілері болды. Көшпелілердің негізгі идеялары болашаққа өмір шындығының ащылығын мойындап паш ету еді.
Демократиялық идеялар үшін күрескен серіктестіктің алдыңғы қатарлы бейнелеу өнері қайраткерлері: И Н Крамской, Г. Г Мясоедов, Н. Н Ге және В. Р Перовтың сол кездегі өнердің ресми орталығы Петербург көркемсурет академиясына қарсы бастамасы мен 1870 жылы Петербургте құрылды. Жаңа ұйымды басқарған Крамской әрі оның идеялық көсемі болды. Көшпелілер В. Г Белинский, Н. Г. Чернышевскийдің қоғамдық және эстетикалық көзқарастары ықпалында болып, суретшілер артельдерінің озық дәстүрлерін дамыта түсті. Көркемсурет академиясының қысымынан босанғаннан кейін кооперативтік бастама көтеру арқылы Серіктестік ағартушылық жұмыстарын жолға қойды. 1. (5т. 606 бет) 1871 жылы серіктестік Москва мен Петербургте 48 көшпелі көрме ұйымдастырды. Онан кейін Киев, Харьков, Казан, Рига, Одесса қалаларында көрсетті. Серіктестік И. Е Репин, В. И Суриков, В. Е Маковский, И. М Прянишников, А. К. Соврасов, И. И Шишкин, В. М Максимов, К. А. Савицкий, В. М Васнецов, А. И Куйнджи, В. Д. Поленов, Н. А. Ярошенко, И. И. Левитан, В. А. Серовтар секілді әр кезеңдердегі талантты суретшілердің басын қосты Серіктестіктің құрылуына бұйрық 1870 жылы берілді және бір жылдан кейін алғашқы көшпелілер көрмесі ашылды. Көрменің басқарушысы серіктестікте еңбегі сіңген суретші Перов болды. 2. (365 бет) . Көшпелілер сыншыл реализм мен өнердің халықтығын қолдап, крепостнойлық самодержавиеге қарсы күрескен қалың бұқараны өз туындыларында үлкен сүйіспеншілікпен, шынайы бейнеледі. 1870-90 жылдары шығармашылығы жағынан жан-жақты гүлденді. 1890-1900 жылдары алдыңғы қатарлы көшпелілердің, Н. А Касаткин, А. В Попов, С. В. Ивановтар сияқты суретшілердің шығармашылығында социологиялық идея мен жұмысшылар қозғалысы көрініс берді. Көшпелілер шығармашылығы революцияға дейінгі орыс реалистік өнерінің шырқау биігіне көтерілуі әрі басқа да халықтардың ұлттық өнерінің өрбеуіне игі әсер етті. 1970 жылдан кейін көшпелілер советтік өнер жасаушылар қатарына қосылды.
Өнерде үлкен шеберлікпен әр жанрдың бабын таба білген сол серіктестіктің негізгі құрамындағы бір мүшесі, талантты да бейімшіл суретші Алексей Кондратьевич Саврасов мамырдың 5 жұлдызында Москвада дүниеге келген орыс живописшісі. Орыс бейнелеу өнері тарихында лерикалық пейзаждың негізін салушы ретінде аты қалған атақты кескіндемеші. Көшпелілер серіктестігінің ұйымдастырушы - мүшесі. 1854 жылдары кескіндеме академигі атанса 1844-54 жылдары Москваның кескіңдеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде оқып, 1857-82 жылдары сонда сабақ берді. Ол К. А Коровин, И. И Левитан сияқты атақты суретшілердің ұстазы болған. «Ораниенбаумдегі көрініс» (1854), «Сокольнинидегі бұғылар аралы» (1869) атты бастапқы шығармашылығы негізіндегі еңбектерінде нұсқаны етене зерттеп, тон үйлесімділігін табуға ден қойды. 1. (9т. 451-452 бет) Саврвсовтың табиғаты шынайылықпен бейнеленген «Ұзақтар қайта оралады» (1871) картинасы орыс пейзаж тарихында бірден бір елеулі жетістікке айналды. Екі жыл кейін жазылған «Проселок» (1873) картинасында табиғаттың жаңа ғана өткінші жауыннан кейінгі болмыс бейнеленген. Бірақ мұннан әлі де табиғат көрінісіндегі өмірінің романтикалық дәстүрі сақталған. Пейзаж түгелдей табиғат өміріне айналған. Бұл пейзажды П. М Третяковтың сөзін растауымен орыс өмірінің ащы шындығымен салыстырып пейзажбен бйланыстырып салынған деуге болады. Саврасовтың осы картинасының пайда болуынан он жыл бұрын Третяков суретшілердің біреуіне тапсырыс берерде былай деген екен: «Маған табиғат байлығы да, керемет композициясы да, ешқандай әдемі көрінісі немесе ғажайытың да керегі жоқ, мейлі лас құбылыс болсын, тек онда шындықпен жанасып тұсын, мен одан поэзияны көрсем деймін, ал поэзия бәрінде болуы мүмкін - бұл суретшінің жұмысы» деген екен. Осындай қарапайымдылықты XIX ғасырдың II жартысындағы орыстың ұлттық реалистік өмірін пейзажбен тікелей байланыстыру еді. Соврасов бір кездегі орыс өнеріндегі лирикалық пейзаждың маңызды да ең жарқын бастамашысы болды. 2. (368-369)
Өнер жолында көркемдік серіктестікте жол тапқан Архип Иванович Куйнджи 1841 жылы Мариупольде дүниеге келген орыс живописшісі. Алғашында жас кезінде М. К. Айвазовскийден сабақ алды. 1868-72 жылдары Петербургтегі Көркемсурет Академиясының ерікті тыңдаушысы болды. 1892 жылдары прфессор болып, 1893 жылы Көркемсурет академиясының академигі болды. 1894 жылдан бастап осы академияның табиғат көріністері шеберханасының жетекшісі болып тағайындалады. Суреттерінің бояуларының тартымдылығымен, жағу шеберлігімен, образдарының жандылығымен ерекшеленеді. Куйнджи «Владме аралында» (1873), «Ұмыт Қалған деревня»(1874), «Өткінші жауыннан кейін» (1879), «Аққайыңды көкарай» (1879ж бәрі де Третяков галереясында сақталған. ) атты шығармалардың авторы. 1. (6т. 124 бет. ) XIX ғасырдың I-шi жартысында пейзаж өнерінде Куйнджи өнері маңызды орын алады. Оның әйгілі де көрнекті шығармалары кейінгі романтикалық пейзажбен байланысты. Бірақта драмалық толқу болмағанмен де стихиялық күштің ойнауы суретшіні табиғат еліктіре түскендей, байқап қарасақ ізденіспен салынған еңбектері кейде оймен салынғандай көрінсе де шындықты ьасты мақсат ететіндей, қандайда бір маңызды түсті эффектілерімен тартып тұрады. Куйнджидің таланттылығы сондай, бұл эффекті еліктіруші күшінің жоғарғы деңгейіне жетуіне мүмкіндік береді. Куйнджиді мұндай өркендеуге жеткізген живопистің және композициялық өзіндік шеберлігі еді. 2. (372-375 бет) .
Сондайақ көшпелілер серіктестігінің бір мүшесі, еңбегі сіңген суретшілердің бірі Шишкин (1832-98) еді. Шишкин шығармаларының көбі пейзеж жанрында болды. Көп суреттері табиғатқа арналды. Солардың бірі «Рожь» картинасы. Картина тезис ретінде көрінетін. Бұл жұмыстың өзі ең қарапайым деген жұмысының бірі еді. Шишкин суреттерінің сапасы орыс табиғатының күшін, қуатын, еркін сезіндіріп тұрады. Шишкин шығармасында орыс табиғатында парадты көріністері көп болды. Шишкин еш уақытта «табиғат» бұрышын бейнелемеді. Оны сурет және нюансировкамен салынған живопись астарлас түсті көлеңкелер қызықтырды. Көбіне Шишкин өзінің пейзажында әр кезде өзгермейтін, әдемілігін сақтап тұратын мезгілдерді салғанды ұнатты. Шишкинді құбылмалы табиғат бейнесі онша қызықтыра қоймады. 1880-90 жылдары қараған уақытында Шишкмннің әсері табиғат құбылысының жарығына, ауа мен түсті байланысуы өзіндік көрінісін тапты. Ауаны жазған кезде тұманданған орманды немесе орманды даланы жазды. «Күнмен шағылысқан қарағайлар»(1886) , «Орманды дала»(1884), «Қарағайлы орман таңы» (1889) Осы бір қайта оралмайты живопистің түсті пленэрі, түсті көлеңке жүйесі толығымен өз жүйесін тауып нақ түсін сақтап тұр. Бір кездері живопистің басты маңызына живопистегі пленэр жұмысы, өмірдің белсенді құрылымының орталығымен байланысып тұрғандай. Осының барлығы Шишкиннің шығармасынан табылып отырды. Табиғат құбылысындағы кездесетін табиғат көрінісінде ағаш салса ағаш тек өсіп тұрған жоқ, желмен теңселіп, көлеңкесі күннен қашып тығылатындай, жарықтары ағаш арасынан жалтылдпған күн сәулесі жарқырап, желмен шөптері шайқалып жатқанда бір-бірімен алысқан табиғат бейнесі бейне бір жанды құбылыс секілді. («Афонасовская корбльная роща близ Елабуги»1889 «В лесу графини Мордвиновой. Петергоф»1891, «Дубы»1887) .
Этюдта әсіресе офордты суретінде, ғажайып шеберлікпен салынған Шишкин жұмысынан, беріле салынған әрбір жазуынан өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. 2. (369-371 бет)
Тамыз айының 5-ші жұлдызында Чугуев қазіргі Харьков облысында дүниеге келген орыс көшпелілер серітестігінің суретшісі, Ол -Илья Ефимович Репин. Ол әскери семьяда туған орыс живописшісі. Петербургтегі суретшілерді ынталандыру мектебінде оқыса, 1863 жылдары Р. К Жуковский мен И. Н Крамскойдан білім алып, 1864-71 жылдары Петербургтағы көркемсурет акдемиясында білім алды . Ал 1873-76 жылдары Италия мен Францияда пенсионер- степендиант атанып оқиды. Көшпелі көркемсурет серіктестігінің бір мүшесі болып Петербург көркемсурет академиясының толық мүшесі болды. Шәкірттік шағында И. Н Крамской, суретшілер артелімүшелері және В В Стасов шығармашылығы ықпалында болды. Репин Революцияшыл демократтардың эстетикасымен танысқаннан кейін оның бірден бір жоқтаушысына айналды. 1860 жылдары академиядағы жаттығу суреттермен қатар портрет және жанрлық картиналар шұғылданды. Осы кезеңдегі В. Е. Репин (1869 Третяков Галереясында), Р. Д Хлобощин (1868. Ленинградтағы орыс музейінде), В. А Щевцов (1869. Ленинградтағы Орыс музейінде) портреттері мен «Словян композиторлары»(1871-72) Москва консерваториясы атты топтама портретте суретші адамның мінезі мен психологиясын ашуда елеуді жетістіктерге жетті. 1. (9т. 473-474 бет) Репин орыс кескінндемесіне жаңа бетбұрыс әкелген, елеулі суретшілердің бірі. «Волгоградтағы бурлактар. »(1870-73. Ленинградтағы Орыс музейінде сақталған. ) атты монументті сипаттағы жанрлық картинада халықтың ауыр тұрмысын ашық бейнелеумен қатар олардың бойында тұнып жатқан жасырын күш қуатын үлкен суретшілікпен суреттеді. Италия мен Францияда болған жылдары «Париж кафесі»(1874-76, Ленинградтағы орыс музейінде сақталған. ) «Садко су асты патшалығында» (1876 Орыс музейінде) картинасы мен пленэрлік пейзаждарын «Париждегі Монмартрға баратын жол» (1876, Третяков галереясында) аяқтады. Шетелден оралған соң «Шапыраш көзді шаруа»(1877, Третяков галереясында) портреті мен халық өмірінен «Әскерге шығарып салу»(1879, Орыс музейінде), «Болыстық басқармада» (1877 Орыс музейінде) атты картиналарын салды. Суретші осы картинада халық өмірін терең зерттеу арқылы Ресейдің сол заманындағы ақиқат болмысын жан-жақты қымтыған «Курск губерниясындағы крест жорығы»(1880-83. Третяков галереясында) полотносына негіз қалады. Бұл еңбекте алданған езілуші халықтың қасіреті мен олардың бойында тұнып жатқан алапат күш шынайы сипатталған. 1870 жылдардың аяғы мен 1880 жылдары Репин творчествасының табысты кезеңіне саналды. Осы кезеңде Революциянлық қозғалыс тақырыбына («Үгітшіні тұтқындау»1880-92, »Күтпеген еді»1884-88, екеуіде третяков галереясында) қалам тартып, халық бақыты жолында азап шеккен революционерлер образына баса назар аударды. Мұнымен бірге Репин графиналық суреттер («Ада»1882 Третяков галереясында, «Нева проспектісі» 1887, Орыс музейінде) ғажайып портреттер галереясын (В. В стасов, 1873; А. Ф Писемский, 1880; Л. Н. Толстой, 1887 бәрі де Третяков галереясында. ) жазды. Ол және «Иван Грозный мен оның ұлы Иван»(1885, Третяков галереясында) «Запорождықтар түрік сұлтанына хат жазып жатыр» (1878-91, Орыс музейінде) атты үздік тарихи кескіндемелердің авторы. Репин1890 жылдары көшпелілерден қол үзіп, шығармашылығы жағынан тоқырауға ұшырап, 1890 жылдардың аяғында өнерднгі өз бағытына қайта оралды. Өз заманының озық идеяларымен тығыз байланысты әрі терең халықтық мазмұнға толы Репин шығармалары орыс демократиялық өнерінің құзар шыңына саналады. Оның шәкірттері И. М Бродский, Б. М Кустодиев, Д. Н Кардовский, И. Э Грабарь. т. б. Живопистік жүйеде жаңа өркендеген жұмыстар ізденіспен салынған, өмірлік байлықтың көзін ашқан суретшілік туындылар еді. Диалектикалық көзқараспен қарағанда қарым қатынасынан мейірімділік пен қаталдықтын яғни мінез құлқын аса шеберлікпен суреттейтін бір ғана суретші болса, ол Репин еді. Ішкі жандүниесіне түрткі болған бұл өнері ғажайып суретшілік тәжірибесінің арқасында 70 жылдары осындай бйіктіктен көрініп жүрді. Репин өзінің талантымен танылған, өнерге деген құлшынысының арқасында заманның шындығын дәл сипаттағанындай ешкімде сипаттай алмас еді. XIX ғасырдың II жартысында Репин эстетикалық құрылымдағы өнер туғызушысы болып табылады. Францияда ашық ауада көп жұмыс жасаған Репин суретшілік техниканың өзіндік мүмкіншілігін өте жақсы меңгеріп, күміс түстес тонды, бояудың қанық жағылуын, түсті дақтарды таба білді. 1880 жылдары Репиннің шығармалары мінездің айқын бейнеленуімен ерекшкленіп, суретші бір уақытта портретші болып танылса, тұрмыстық жанр мен тарихи жанрды да бірге ала жүрді. Репиннің психологиялық суретінің басты кейіпкерлерініздеген жұмысы «Иван Грозный мен оның ұлы Иван» (1885) сондайақ Протедианон (1877) және Горбун (1881) портреттері « Курск губерниясындағы Крест жорығы» картинасымен байланысты салынған. Репиндік живопистің композициясын бейнелегенде бірден бір жұмыстары көбіне портреттік жанрда суреттер салса, сол портреттердің киіміне, мінезіне көп мән берді. Мысалы портреттерінен Стасов(1883) пен Толстойдың портреттерін салыстырсақ Репиннің бұл жұмысынан калориттік кескіндемені байқауға болады және композициялық болса бір жағынан психологиялық сұлбасын режиссердің сценариін құрғандай етіп, образды түрде бір нәрсеге назар аударып жатқан сияқты адамның белгілі бір көзқарастағы сұлбасын салған еді. Бірінші жұмысында әдемі мазокпен жағылған портреті, Стасов бейнесінен жартылай ашылған ерні, басқаша көзқараста ойланған көзінен бір шыдамсыздықтың белгісін байқауға болады. Ал келесі портретінде Толостойдың бейнесі тыныштықтағы тербелмелі кресло, қараңғы силуетте салынған живопистік туындыда тыныш атмосфера мен ұстамдылықтың, халыққа деген көзқарасы өзінің оқыған кітабынан өзін толғандырған сұрағына жауап іздеп тұрғандай Репиннің портретіндегі тұлғалар әр кезде көрерменнің қатысуымен салынған сурет сияқты немесе көрерменмен байланысты салынған жұмыс секілді. Басын төмен қаратып алып, көздерінен сенімсіздік пен түсініксіздіктің көзқарасын байқауға болады тағыда басқа күйде тұрған жұмыстар. . 1880 жылдары Репиннің талантының өркендеуі тек портретпен ғана шектеліп қана қоймады, 1883 жылы аяқталған «Бурлактардан» кейінгі келесі жұмысы Монументальды топталған картинасы - «Курск губерниясындағы Крест жорығы» жұмысы да өте сәтті аяқталды. Қайсы жұмысын алсаңда Репин жұмысынан халқына деген жанашырлығын байқауға болады. 2. (375-382 бет. )
Көшпелілер серіктестігінде үлкен еңбегі сіңген тағы бір суретшіміз Василий Григорьевич Перов. Перов қаңтар айының 4-ші жұлдызында 1834 жылы Тобольск қаласында дүниеге келген орыс живописшісі. 1853-61 жылдары Москвадағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде М. И Скотти, А. Н Мокрицкий және С. К Заряннодан оқыды. Көркемсурет академиясының пенсионері атанып, Көшпелі көркемсурет серіктестігінің мүшесі әрі ұйымдастырушысы болды. 1800 жылдардың басында өткір уытты бірнеше жанрлық картиналар («Пасха кезіндегі Крест шеруі» 1861, Третяков галереясында) салды. Суретшінің Париждегі шығармашылығы кезеңіндегі еңбектерінен әр адамның өзіндік ерекшелігіе ашуға талпынушылық байқалады. («Соқыр музыкант» 1864, Третяков галереясы) Перовтың 60-жылдарындағы туындыларынан кембағалдар мен кемтарларға деген мейірім аңғарылады. «Өлікті шығару» (1865), «Суға кеткен қыз»(1867), « Шекарадағы ең ақырғы Кабан»(1868, бәріде Третяков галереясында сақталған) атты картиналарында әсем табиғат көріністері басты орын алған. Перов А. Н Островский(1871), В. И Даль(1872), Ф. М Достоевский (1872, үшеуі де Третяков галереясында. ) портреттерінің және «Аңшылар демалысы» (1871), «Балықшы»(1871) атты саятшылық көріністердің авторы. 1871-82 жылдары Москвадвғы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде сабақ берді. Шәкірттері Н. А Касаткин, С. А Коровин, М. В Нестеров, А. П Ребушкин болды. 1. (9т. 196 бет) . Перовтың живописында бірінші орында сипаттау әдісі тұрды, жаңареалистикалық өнерді қолдану арқылы 60-жылдардағы көркемдік өнердің сапасын көрсете бастады. Снодайақ Перовтың картиналары : «Москва близі, Метищадағы шәй ішу»(1862, Третяков галереясында), «Пасха кезіндегі селодағы крест шеруі»(1861), «Селодағы проповод» (1861, екеуі де Третяков галереясында. ) . Оларды бір тақырыптан туындаған суреттер деуге болады, сол картиналардың барлығында да церковте қызмет етушілер қатысады. әсіресе «Пасха кзіндегі слеодағы крест шеруі» жұмысында қолында кресті бар ауылдың священниктері өлімге бара жатқан адамдарға ұсқайды, есіктен шығып келе жатқан қолында крестигі бар қарт кісі, аяғының астында пасхальдік жұмыртқа төгілген, крестян әйел маскүнем күйеінің басына тостағаншамен су құюда. Басқалары босағаның жанында құлап жатыр, бірінші жоспарда алда әйел адам, қайда бара жатқандарын өздері де білмейтін, аяғындағы шұлығы жалбыраған, жанында қолындағы иконасын теріс ұстаған кәрі шал басы салбырап аяғын әзер басып келеді. Әрбір эпизодта тұрғындардың өмірі, жеке-жеке айқын көрсетілген. Бұл уақыттағы болмыс жарқын емес өмірді бейелеген.
1860 жылдары Ресейде кеңестік уақыт болды. Сол кездегі онжылдықтың арасында қоғамдық өмірде тоқыраудың алғашқы белгісі көріне бастады. Зұлымдық өмір бейнеленген оқиғаларды тез баяндай отырып, өнерге ойлауға және көзқарастан қорытынды шығаруға аяқ басты. Яғни осының бәрін бейнелеу әңгімеден қарасақ, терең әрі шығармашылықтық өнердің әсерінен климаттық ортаның жаңаша өзгеруі Перовтың шығармашылығынан табылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz