Қола дәуірі қоныстарындағы құдықтар



Су адамзат тарихында тіршіліктің бірден – бір көзі болып саналатындықтан, қай дәуірде болмасын адам өміріндегі алар орны орасан зор. Сонымен бірге су көздері тайпа мен тайпаның, ру мен рудың және белгілі бір топтардың тіршілік етуде әлеуметтік теңсіздіктеріне де өз ықпалын тигізіп отырды. Қазақстан территориясын қола дәуірде мекендеген тайпалар жартылай отырықшы өмір кешіп, негізінен, өзен аңғарлары және басқа да су көздері қайнар бұлақтар, тұмалар, кішкене қопа көлдерге жақын қоныстанғаны бізге археологиялық зерттеулерден белгілі.
Міне осы кезеңде олар шаруашылықтың екі саласын игерген. Біріншісі – кетпенді егіншілікпен айналысып, өзен – көлдер жағасында қара топырақты жерлерді пайдаланса, екінші шаруашылық түрі – бақташылық болған.
Осы екі шаруашылықтың соңғысының қарқынды өсуіне бірнеше факторлар әсер етті десек, әрине, бірінші мал санының өсуіне байланысты кең жайылымдар керек болғандықтан көшпенді өмір тау аңғарлары, жазықтық қыраттар, ұсақ шоқылы белестер мен орманды далалардың игерілуіне әкелді. Осындай кең жайылымдардың өсуімен бірге далалы және шөл далалы өңірлер үшін су көздері «құдықтар» болғандығын және дамыған қола дәуірінде климаттың қазіргіге қарағанда ыстық болуына байланысты құдықтар терең әрі үлкен болғандықтан Ә.М. Оразбаев өзінің еңбегінде көрсетеді.*
Қола дәуірінің қоныстарына қазба жұмыстарын жүргізу кезінде 1960 жылы ең алғаш Қазақстан территориясындағы құдықтарды ашу жұмысымен С.С. Черников айналысқан. С.С. Черников Шығыс Қазақстан облысында, Ертіс өзені бойынан белгілі Трушникова қонысын қазу кезінде екі тұрғын үйдің ортасынан құдық кездестірген. Құдық дөңгелек болып қазылған және түбіне қарай тарыла түскен. Жоғарғы жағының диаметрі – 120 см, төменгі жағы – 75 см., Тереңдігі – 210 см. С.С. Черниковтың ойынша, бұл құдықтың орналасқан жері сол уақытта өзеннен алыс болуы мүмкін, кейіннен су ағысы жағаны жақындатқан, ал қазір құдық өзеннен небәрі – 15 метр жерде орналасқан.*
1962 жылы В.С.Сорокин Ақтөбе облысында Тастыбұтақ жерлеу ескерткіштерімен қоса, қонысын қазып содан табылған заттарға байланысты хранологиялық уақытын және кезеңдемесін жасады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих факультеті

Тақырыбы: Қола дәуірі қоныстарындағы құдықтар.
(Баяндама)

Орындаған: Өскенбаева Мөлдір
ИП 61 К тобы.
Тексерген: Нұрпейісов
Талдыбек

Әліұлы.

Алматы
2007

Қола дәуірі қоныстарындағы құдықтар.
Су адамзат тарихында тіршіліктің бірден – бір көзі болып
саналатындықтан, қай дәуірде болмасын адам өміріндегі алар орны орасан зор.
Сонымен бірге су көздері тайпа мен тайпаның, ру мен рудың және белгілі бір
топтардың тіршілік етуде әлеуметтік теңсіздіктеріне де өз ықпалын тигізіп
отырды. Қазақстан территориясын қола дәуірде мекендеген тайпалар жартылай
отырықшы өмір кешіп, негізінен, өзен аңғарлары және басқа да су көздері
қайнар бұлақтар, тұмалар, кішкене қопа көлдерге жақын қоныстанғаны бізге
археологиялық зерттеулерден белгілі.
Міне осы кезеңде олар шаруашылықтың екі саласын игерген. Біріншісі –
кетпенді егіншілікпен айналысып, өзен – көлдер жағасында қара топырақты
жерлерді пайдаланса, екінші шаруашылық түрі – бақташылық болған.
Осы екі шаруашылықтың соңғысының қарқынды өсуіне бірнеше факторлар
әсер етті десек, әрине, бірінші мал санының өсуіне байланысты кең
жайылымдар керек болғандықтан көшпенді өмір тау аңғарлары, жазықтық
қыраттар, ұсақ шоқылы белестер мен орманды далалардың игерілуіне әкелді.
Осындай кең жайылымдардың өсуімен бірге далалы және шөл далалы өңірлер үшін
су көздері құдықтар болғандығын және дамыған қола дәуірінде климаттың
қазіргіге қарағанда ыстық болуына байланысты құдықтар терең әрі үлкен
болғандықтан Ә.М. Оразбаев өзінің еңбегінде көрсетеді.*
Қола дәуірінің қоныстарына қазба жұмыстарын жүргізу кезінде 1960 жылы
ең алғаш Қазақстан территориясындағы құдықтарды ашу жұмысымен С.С. Черников
айналысқан. С.С. Черников Шығыс Қазақстан облысында, Ертіс өзені бойынан
белгілі Трушникова қонысын қазу кезінде екі тұрғын үйдің ортасынан құдық
кездестірген. Құдық дөңгелек болып қазылған және түбіне қарай тарыла
түскен. Жоғарғы жағының диаметрі – 120 см, төменгі жағы – 75 см., Тереңдігі
– 210 см. С.С. Черниковтың ойынша, бұл құдықтың орналасқан жері сол уақытта
өзеннен алыс болуы мүмкін, кейіннен су ағысы жағаны жақындатқан, ал қазір
құдық өзеннен небәрі – 15 метр жерде орналасқан.*
1962 жылы В.С.Сорокин Ақтөбе облысында Тастыбұтақ жерлеу
ескерткіштерімен қоса, қонысын қазып содан табылған заттарға байланысты
хранологиялық уақытын және кезеңдемесін жасады.

*Оразбааев А.М. Поиски и раскопки в Казахстане. Колодцы на поселении
Чаглинка. Алматы, 1972. С. 154-162.
* Черников.С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М.; Л.; 1960. С. 53-
54.

Ол Тастыбұтақ кешенді ескерткішінің хранологиялық уақытын радио
көміртекті талдау бойынша (ары бері 80жыл) б.д.д. 1229 жыл деп берді.
Қоныстан кездескен құдықтар туралы тоқталып, олардың іші сексеуілмен
шегенделіп, су көзі ретінде пайдаланылғанын және ішінен табылған қыш ыдыс
сынықтарына қарағанда, су алатын қауға қыштан жасалып, сырты жас талмен
тоқылған дейді. Сонымен бірге қоныстың, жерлеу орындарының топографиялық
орналасуына байланысты және шаруашылық іс әрекетіне қарап табиғатта қуандау
кезеңі дамыған қоланың екінші ширегімен тұспа-тұс келеді дейді. Кейіннен
табиғаттағы өзгеріс төңірегіндегі мәселеге көптеген ғалымдар үн қосып пікір
таласқа түсті, тіпті ол жөнінде арнайы жинақ жарық көрді.*
Қазақстан территориясында қола дәуірі қоныстарында кездесетін
құдықтар жайында алғаш көлемді мақала арнап, зерттеу жұмысын жүргізген
Ә.М.Оразбаев болатын. Ә.М.Оразбаевтың қола дәуіріндегі қоныстарда
кездесетін құдықтар жайындағы еңбек негізінен Солтүстік Қазақстан
территориясында Шағалалы қонысындағы құдықтарға байланысты. Шағалалы
қонысынан алты құдыққа зерттеу жұмыстарын жүргізді.* Қазба кезінде №13
қоныстан дөңгелек шұңқыр кездесіп, оның екеуі құдық болып шықты. Қоныстың
батыс бөлігінен бағы бір құдық табылды. Оның құрылысы ерекше болып келген
2,75 м. тереңдікте. Құдықтың төменгі жағының диаметрі – 1,7 м, төмен жағы –
85 см. Құдық түбін 40х35х10 см. көлемдегі ірі жалпақ тастармен қалап
шегендеген. Негізгі құдық шұңқыры айналасына арасы 60-80 см.- ден диаметрі
8-10 см. тереңдігі 15-20 см. Шұңқырлар кездестірді.
Ә.М.Оразбаев бұл шұңқырларға қазықтар қойылып арасы қоршау ретінде
тал шыбықпен бекітілуі мүмкін деп болжам айта отырып, 1881 жылы орыс
саяхатшысы Словцовтың Көкшетау уезінен өткенде Жаматауға жақын жерде үсті
және жан-жағы сырқауылдармен, шыбықтармен жабылған құдыққа кездескенін
және ұқсастықты байқауға болатынын айтады. №14 қоныстан кездескен құдықтың
диаметрі – 1,6 м. Тереңдігі – 2,8 м. Құдықтың іші ағашпен шегенделгенге
ұқсайды, өйткені қазба жұмыстары кезінде батыс жақ қабырғасынан жалпақ ағаш
құдықтары кездесті. Жалпақ ағаштың екі жағын жуандығы 3-5 см. Болатын ағаш
қазықпен тіреп бекіткен. Шағалалы қонысындағы келесі бір ерекше сипаттағы
құдықтар №13 жертөленің шығыс бөлігінен кездесті. Біреуі Оңтүстік батыс
бұрыштан дөңгелек етіп құмдауыт жерден қазылған.

* Хабдуллина М.К., Зданович Г.Б. Ландшафтно-климатические колебания
голоцена и вопросы культурно-исторической ситуации в Северном Казахстане
Бронзовый век Урало-Иртышского междуречья. Челябинск, 1984. С.136-158.
* Оразбаев А.М. Поселение Чаглинка По следам древних культур
Казахстана. Алма-Ата, 1970.С. 132-133.

Қазба кезінде қаш ыдыс сынықтары мен сүйектерден басқа ештеңе
кездеспеген. Екінші құдық Солтүстік-батыс бұрыштан қазылған және жапырылып
құдық қабырғасы құлағанына қарап сол дәуірде мекендеген адамдардың
өздерінің құлатуы мүмкін деген тоқтамға келді Ә.М.Оразбаев. Өйткені
құдықтың жапырылып құлаған жерлерінен сол кезеңдерге жататын әр түрлі
заттардың қалдықтары кездескен.
Сонымен бірге Ә.М.Оразбаев Шағалалы қонысында құдықтардың ішкі
құрылысына қарай төрт түрлі болғандығын айтады: шыбықпен өрлеп шегенделген,
таспен қаланған, жалпақ ағаштармен шегенделген және еш нәрсемен
шегенделмеген жәй қазылған құдық. Құдықтардың ішін шегендеуге тек ағашпен
шегенделген құдықтардың іші ғана төрт бұрышты болып бекітілген, ал
басқалары дөңгелек пішінде.
Ал құдықтардың негізгі қазылу тәсілі дөңгелек түрде кездескен, тек
алты құдықтың ішінде біреуінің ғана түп жағы кеңейтіліп шар тәрізді
жасалған. Құдықтардың барлығы Шағалалыда қоныстардың ішінен қазылып
жасалған. Құдықтардың қазылуы белгілі бір заңдылықтарға байланысты емес,
қай жерден қазуға қолайлы болса сол жерден қазған және олардың саны да
судың қажеттілігіне байланысты болған дейді. Негізінен құдықтардың қазылуы
жер асты суының жақындығы, адам санына және мал санына байланысты болып
отырған. Шағалалы өзені суының аздығына байланысты қысқы уақыттарда қатып
қалатындықтан құдықтардың тұрғын үйлер ішінде болуы қажеттіліктен туған
дейді. Ә.М.Оразбаев зерттеулерінің басты қағидасы – қазақ халқының
этнографиясында кездесетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы қола дәуірі жайлы
Қазақстан қола дәуірінде
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Қола дәуірі жайлы ақпарат
Жезқазған - Ұлытау өңірінің металлургия орталықтары
Андронов дәуірінің қоныстары мен тұрғын үйлері
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Құрылыстың барлық дуалдарын бітімі төрт қырлы қатар - қатар тірек бағандар ұстап тұр
Әуелгі қола мәдениеті
Қазақ мәдениеті
Пәндер