Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Курстық жұмыс

Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы

Орындаған . . . Ж. Утешова

Қабылдаған . . . Ш. Шортанбаев

Алматы 2008

Мазмұны:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім:

а) Сәбит Дөнентаевтың өмір жолы мен шығармашылығы.

ә) Сәбит Дөнентаевтың ақындық ерекшелігі.

3. Қорытынды.

“Біздерде жігер, намыс бар ма,

қазақ?” деп отаршылдық езгідегі халқының

ұлт намысын қайрап, ел мүддесін мұрат

тұтқан ақын Сәбит Дөнентайұлы мұрасы

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде

айрықша орын алады.

Ақынның шығармашылық ізденісінің қайнар көзі ел санасын оятып, ұлт тәуелсіздігін жырлаған Алашшыл әдебиеттің идеялық арнасы мен сабақтасып жатыр. Академик С. Қирабаевтың “Ахмет пен Міржақып идеясы елді оятты. Алдымен оты бар, ақылы бар жас таланттар оянды. Олар ұстаздарының ісін жалғастырып әкетті. С. Торайғыров, М. Жұмабаев, С. Дөнентаев, М. Сералин, С. Көбеев, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов сияқты бірін- бірі толастыра шыққан жастар тобы әдебиеттің жанрлық, тақырыптық ізденістерін байытып, қазақ халқы өмірінің шындығын кең көлемде бейнелеуге жетті. Елдің артта қалушылығын сынап шеней отыра, отаршылдық езгіге қарсы үн көтерді, тәуелсіздіктің туын биік ұстауға тырысты” деген пікірі ұлт- азатшыл бағыттағы қаламгерлер мұрасының құндылығын, өзектілігін айқындай түседі.

Ұлтты ояту, ел қамын жеу, қазақ халқының азаттығы- Сәбит

поэзиясының басты өзегі. Бұл дәуір талабының туындаған келелі тақырыптар

десек әдебиеттегі ұлттық сарынның терең қоғамдық және әлеуметтік сипат

алуында “Қазақ”, “Айқап” газет- журналдарының маңызы, ықпалы да зор

болды. Өз кезегінде Сәбиттің ең алғашқы өлеңдері де елдікті темір қазық етіп,

халық сабасына азаттық пен азаматтың, ағартушылық пен адамгершілікті ізгі

қасиеттер дарытқан “Айқап”, “Қазақ” басылымдарында жарияланды.

Ұлттық мүдденің мұзжарғыш кемесі бола білген басылымдардағы

көсемсөз саяси- әлеуметтік лирика “Оян, тұр, жатпа қазақ” -деп халықтың

елдігі мен ерлігінің сарқылмас бала күніне үміт артты, тың серпіліс берді.

Ғасырлас тоғысындағы отаршылдық пен отаншылдық арасындағы

бітіспес майданда ұлт тағдыры мен азаттығын сезінуде әр азаматтың жұрт

алдындағы парызын парасат пайымына салды. Ал, А. Байтұрсынұлының

“Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді

болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы

керектердің жолында жұмыс істеу керек. ” деген ұлағаты қазақтың жоғын

жоқтап, ар- намысын жыртқан ақындардың қай- қайсысына болмасын ой

салғаны, бойтұмары мен ұстанымы болғаны тарихи шындық. Ояну дәуірі ұлт

әдебиетіне әлеуметтік, қоғамдық күрделі мәселелерді алға тартты. Дәстүр

жалғастығына орай әдебиеттегі ағартушылық, демократтық, гуманистік ой-

пікір екендігі кезекке мақсаты айқын саяси күрес сипатындағы ұлттық идеямен

жаңғыра түсті. “Қазақ қоғам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын

жеңідету, ауруын азайту жолына жұмсалмасқа мүмкін емес”

(А. Байтұрсынұлы) екенін ХХ ғасыр басындағы ұлт әдебиетінің озық өкілдері

жан- тәнімен сезінді.

Сәбит Дөнентаев 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі,

Ақсу болысы, төртінші ауылда (қазіргі Павлодар облысы) кедей шаруаның

отбасында туған. Жас кезінде Сәбит ауылдағы молдадан ескіше оқиды. 1907-

1908 жылдары Маралды деген жерде Жәлеледдин деген татардың

медресесінде Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен оқып, бірқатар білім

алады. Онан кейін Павлодар қаласының жанындағы Қасым қажы Ертісбаевтың

медресесіне түсіп оқиды. Бұл медресе сол кездегі ескі қадым оқуы әдісіне

қарсы төте оқуды, ғылымның әр саласынан білім беруді жақтаған медресе

болады. Сәбит осы медресеге келіп оқумен байланысты (1911- 1912 жылдары)

өз бетімен өнер іздеу, ақындық жолда талпыну әрекеттеріне мықтап беріледі.

Бір жағынан медреседегі жаңа пікірлі кейбір мұғалімдерден қазақ, татар

тіліндегі ғылыми, әдеби кітаптарды қадағалап оқитын болса, екінші жағынан

сол кездегі шығып тұрған “Айқап” журналын, татар тіліндегі газет,

журналдарды үзбей оқиды. Абайдың өлеңдер жинағын да осы медреседе

жүргенінде тауып оқиды. Орыстың атақты жазушысы Крыловтың

мысалдарын, татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерін де қызыға

оқиды. Бұл оқулардың барлығы Сәбит үшін босқа кетпейді. Әкесі молда

болсын деп медресеге әкеп берген Сәбит енді дін жолының қараңғылыққа,

ескілікке қарай жетектейтін мешеулігін әбден сезіп, нағыз ғылым жолын,

ақындық өнер жолын ұстауды негізгі мақсат етеді. Сәбиттің ой- санасы тез

өседі, ақындық таланты тез оянады.

Сәбиттің қай жылдардан жаза бастағандығы туралы бізде дәл мәлімет

жоқ. Алайда Қасымның медресесіне келіп түскен кезден бастап жазуға

кіріскендігі байқалады. Сәбиттің “Қиялым” атты өлеңі 1913 жылы ”Айқап”

(22- санда) журналында ең алғаш жарияланды. Ал осы өлең 1915 жылы Уфада

басылатын ақынның ”Уақ- түйек” атты жинағының екінші бөліміне кірген.

Сонда кітаптың бірінші бөліміндегі осы өлеңнің 1913 жылдан бұрын

жазылғандығы даусыз.

Алғаш өлең жазып және медреседе оқып сана- сезімі ояна бастаған жас

талапты Сәбитті Павлодардағы медресе көлеміндегі әдеби, ғылыми орта

қанағаттандырмайды. Әсіресе, орысша білімнің аздығы оны қатты

қынжылтады. Ақы төлеп өз бетімен біраз уақыт оқиды. Бірақ, орысша жүйелі

және ұзақ оқуына әрі білімі, әрі қаражаты жетпейді. Осы кезде жазған “Өз

өзіме” деген бір өлеңінде былай дейді:

Аз білімін шығара алмай майданға

Көп білімді жинай алмай қайранға.

Білмек түгел білгенінен айрылып

Қалды жүрек опыр- топыр ойранда

“Уақ- түйек”

Сол сияқты “Қиялым”, “Үміт”, “Менің жайым”, “Сыр”, тағы сондай

өлеңдерінде ақын өзінің талпынып, өнер, ғылым жолына түскендігін бірақ тар

заман, қыспақ өмір, кедейшілік, жоқшылық, қазақ елінің қараңғылығы ол

талаптарына тұсау болып тұрғандығын қынжылып айтады.

“Жанымды жапырақтай қоям қайда,

Шығар күн болмаған соң атарлық таң”-

деп (“Қиялым”) заманына наразылық білдіреді. Алайда ақын үмітсіздікке

салынбайды. Ол өзіндей замандас жастардың қатарында қажырлы іске, өнер-

білім жолына беріледі. Осы талаптылығының арқасында Сәбит Дөнентаев

өзінің жазған өлеңдерін, кейбір мақалаларын сол кездегі газет, журналдарға

үнемі жіберіп отырады. Алғашқы өлеңдер жинағын баспаға дайындайды, сол

кезде медреседе өзімен бірге оқитын Қасым қызы Сәния Ертісбаева оның

өлеңдер жинағы басылып шығуына көмектеседі.

Сәбиттің “Уақ- түйек” атты жинағына кірген өлеңдері және “Айқап”

журналы мен “Қазақ” газетінде басылған өлеңдері бірден оқушы

жұртшылықтың назарын аударды. Сәбит осы тұстағы елеулі жас талантты

ақынның бірі ретінде танылып, әдебиет сындарында ауызға алына бастайды.

Сәбит медресені бітіргеннен кейін ауылда біраз уақыт мұғалім болып,

бала оқытады. Онан кейін 1916 жылы маусым жарлығына байланысты

майданның қара жұмысына алынбақ болып, бой тасалап Екібастұз бен Жармақ

темір жолының бойында жұмыскер болады. Баян мен Екібастұз арасында

почта тасу қызметін де атқарады. Бірақ, елдегі байлар мен болыстардың

көрсетуі бойыша Сәбит майданға алынып кетеді. Майданда Сәбит Рига

қаласында қара жұмыс істеп тұрады. “Шілде”, “Екібаста”, “Өгей ұл”, “Қайран

атам”, “Боз торғай”, “Жәмила қыз” сияқты маңызды өлеңдері осы 1915- 16

жылдары жазылады.

1917 жылы Ақпан төңкерісі болғаннан кейін Сәбит майданнан елге,

Семей қаласына қайтып келіп, мұғалімдер дайындайтын курста оқиды.

Уақытша үкіметтің тұсындағы буржуазияшыл- ұлтшылдардың “ұлт

бостандығы”, “автономия” деген құрғақ айғайларына елігіп, Сәбит Дөнентаев

кейбір өлеңдерін ұлтшылдық бағытта жазады. Бірақ қалың бұқарамен тілек-

мақсаты тығыз байланысты ақын Қазақстандағы, Сібірдегі

контрреволюциялық күштердің опасыздығын, халық мақсатына қарсы

әрекеттерін көзі көріп, түсініп сезген сайын, ұлтшылдық бағыттан бірте- бірте

қол үзе бастайды.

1919-1920 жылдары Семей, Павлодар облыстарына Кеңес үкіметі

орнағаннан кейін Сәбит Дөнентаев ауылдағы кеңес жұмысына белсене

қатысады. Ағарту, сот қызметі болып қызмет істейді. Халық арасында кеңестік

төңкерістің тілек- мақсатын насихаттау, кеңес заңын іске асыру жұмыстарын

жүргізеді. 1919- 1923 жылдар арасында Сәбиттің қандай шығармалар

жазғандығы туралы біздің қолымызда ешқандай дерек жоқ. Алайда Сәбитпен

бірге істес болған адамдардың айтуына қарағанда және 1924 жылғы “Қазақ

тілі” газетінде жарияланған көптенген өлеңдеріне қарағанда, Сәбит сол 1919

жылдардан бері әр мезгіл үзбей жазып отырғандығы байқалады. 1920 жылы

Сәбит Найманқожа деген байдың Қорлығайын атты қызына үйленген. Қызды

үлкен даумен- кеңес сотының күшімен алған. Осы жағдайға байланысты да

Сәбиттің жазған кейбір өлеңдері болған екен, бірақ сақталмаған.

1924 жылы Сәбит Семей қаласына шақыртылып, “Қазақ тілі” газетінің

басқармасына қызметке түседі. Осы газет басқармасында (кейін “Жаңа ауыл”,

“Қызыл дала”, “Социалистік шығыс”, “Екпінді” болып өзгерген) азғана

үзіліспен өзі қайтыс болғанға дейін қызмет істейді. Сәбиттің өлеңдері мен

мақалалары, көбінесе, осы “Қазақ тілі” газетінде басылады. Кейбір өлеңдері

мен әңгімелері Қазақстанның орталығындағы газет, журналдарда да

жарияланады.

1924- 1930 жылдар арасындағы Сәбиттің шығармашылық қызметті аса

өнімді, күрделі де болады. Сәбит осы тұстағы маңызды саяси қоғамдық,

мәдениет мәселелерінің бәріне өзінің көзқарасын білдіріп, бүкіл халықтық

талап- тілектерге үн қосып, көп жазады. Ол қазақ аулындағы мәдениет

тақырыбынан бастап, халықаралық оқиғаларды қамтып жазады. Ол ҚазАПП-

тағы кейбір солақайлардың жолбике, бұрынғы ұлтшылдығына қарайлай береді

деген шетқақпай сындарына да ұлтшылдардың “өңештің құлы” деген

өсектеріне де құлақ аспастан өзінің төңкерісшіл мазмұнды шығармаларын

мықты идеялық сеніммен, зор ақындық шабытпен жаза береді. Тек өзінің

шығармаларына ғана емес, ол әдебиетке жаңа араласа бастаған жас ақын,

тілшілердің жазу жұмысына аса жауапты, ұқыпты қарайды, сөз, тіл шеберлігін

жетілдіру, өмірді терең біліп жазу- әрбір жас ақын, жазушының алдындағы

басты міндет деп біледі. Бір жас драматургтың кемшілігін сынай келіп:

Сен жазушы болса екен деп,

Өмір бетін бұра ала ма?

Ішіне кір, сығалама,

Сынып кетер сыналама!

деп ақыл айтады.

Сәбит Дөнентаевтың көркем шығармаға қандай талаптар қойғандығы,

жас ақын, жазушыларға қандай ағалық қамқорлықпен қарағандығы туралы

ақын Сәду Машақовтың естеліктерінде жақсы айтылады. Сәбиттің ақындық,

журналистік қызметінен үлгі алып өскен жас ақындар да аз емес.

Газет басқармасындағы үздіксіз қызмет, қажырлы шығармашылық

еңбек Сәбиттің денсаулығына зор әсер етеді, ол көкірек ауруына шалдығады.

Ара- тұра төсек тартып жатып қалып жүреді. 1930 жылы Сәбит таза ауада

тұрып, денсаулығымды түзеймін деп Бесқарағай ауданына барып, бір жылдай

халық ағарту қызметінде болады. Бірақ Сәбитті 1931 жылы Семейге қайтадан

газет қызметіне шақыртып алады.

Отызыншы жылдардың бас кезінде Сәбит Дөнентаев республикаға есімі,

шығармасы белгілі жазушы болып танылады. Басты жазушылар мен

сыншылар Сәбиттің шығармаларына үлкен мән беріп, өлеңдер жинағын

бастыру мәселесін көтереді. Міне, осы кезде Сәбит өзінің өлеңдер жинағын

баспаға дайындап, оны 1932 жылы Алматыға Қазақстан Мемлекет Баспасына

әкеліп тапсырады. Сәбит 1929 жылдан Қазақстан пролетариат- шаруа

жазушылар Одағының мүшесі болады.

Сәбит Дөнентаев өзін билеп алған көкірек ауру мен безгек ауруларынан

айыға алмай, 1933 жылы 23 мамырда Семей қаласында қайтыс болады. Ол

әкеліп тапсырған өлеңдер жинағын 1935 жылы Қазақстан Көркем Әдебиет

Баспасы басып шығарды. Бұдан кейін Сәбиттің бірқатар өлеңдері қазақ орта

мектебінің оқулықтарында және басқа шағын жинақтарда жарияланып жүр.

Сәбит Дөнентаев өзінің алғашқы дәуірде жазған өлеңдерінде қазақ

халқының ескі патриархалды- феодалдық тіршіліктен капиталистік даму

жолына түскен прогрессивті қозғалысқа араласу, мәдениетке ұмтылу талап-

тілегін жырлайды. Бұл талап- тілек 1905 жылғы буржуазиялық-

демократиялық орыс төңкерісінің толқынымен басталған болатын. Ресей

патшалығының отаршылық қысымындағы халықтар 1905 жылғы көтерілістен

кейін ұлт бостандығы талабын мықтап көтерді. Ұлттық бостандықты, яғни

саяси- экономикалық, рухани қысымдардан босану талабын қалың еңбекші

бұқара біртүрлі түсінетін болса, ұлттың өз ішінен шыққан ірі байлар мен

буржуазияшыл топтар өздерінің үстемдігін сақтау тұрғысынан түсінді.

Сондықтан да ұлт бостандығы деген мәселеде бір- біріне қайшы екі түрлі

таптық сипаты бар ағым туды. Алғашқысы ұлттың өз ішіндегі байларының да,

отаршыл патша үкіметінің де қысымын бірдей көрген, еңбекші қалың

бұқараның ұлттық- азаттық күресі, бұл нағыз прогресшіл бағыттағы қозғалыс

еді. Екіншісі ескі феодализмнен қол үзбей отырып, жаңа туа бастаған

буржуазияшыл таптың мақсатын көздеген буржуазияшыл ұлтшылдық

бағыттағы ағым еді.

Осы тұста әдебиетте аты белгілі М. Сералин, С. Торайғыров, С. Көбеев,

С. Дөнентаев және басқа көптеген ақындар ұлт бостандығы жолындағы нағыз

бұқарашылдық талап- тілектерді қолдап, өзінің шығармаларын жазып таратып

отырды. Бұқарашыл ақын- жазушылар қазақ әдебиетінде орыс классиктері

және Абай арқылы кірген сыншыл реализм дәстүрін дамыта түсті. Бұл кезде

жазылған шығармалардың негізгі идеялық кілті еңбекші халықтың ауыр,

аянышты хәлі, олардың тұрмысын жақсарту болып отырады. Бұқарашыл

әдебиет өкілдерінің шығармашылығындағы реализмнің айқын бір көрінісі- өз

дәуіріндегі толғағы жеткен қоғамдық мәселелерді, әлеуметтік теңсіздікті

барынша айқын сипаттауда еді. Еңбекші халықтың екі бірдей қанаудың

шеңгелінде езілген хал- жайын суреттей отырып, реалист ақындар еңбекші

халықты сол езушілерге, қиянатшыларға қарсы кектендіре білді. Сәбиттің

“Заман кімдікі”, “Үміт”, ”Досқа”, ”Замандастарға”, ”Қазақтың білгендеріне”,

”Жәмила қыз”, ”Шілде”, ”Менің жәйім”, “Дал болу”, “Балалық” сияқты

өлеңдері халықтың азаттыққа, ілгерішіл талап- тілекке ұмтылу армандарын

қамтыған реалистік шығармалар.

Қай шығармасын алсақ та патшаның отаршылық жағдайындағы

құрылысқа Сәбиттің наразылығы айқын байқалады. Заман, Сәбиттің

суреттеуінде, азулы мен тырнақтыныкі, түлкідей қулар мен арыстандай

зорлықшыл жыртқыштардікі. Төзбестей тынысты тарылтқан өмір айнала

қаптаған өрт сияқты, халық сол өрттен тұншыға қашып, биік жардың қабағына

келіп тығылып тұрғандай, бір жағы апат әкелетін қара қошқыл жалыны аралас

өрт болса, екінші жағы биік жардың шетіндегі терең құз, құласа онан құтылу

жоқ. Қазақ халқының отаршылық қысымдағы аянышты хәлін айқын осылай

елестетеді. Ақын ауыр азапта жатқан халқының арманы ретінде:

Тұншығып әлім бітті, есім шықты,

Бұрқылдақ жердің кез боп шаңдауына.

От салып біреу әкеп, бірі үрлеп тұр,

Кім менің су құймақшы жанбауыма.

(“Менің жәйім”)

деген мұңды өлеңін жазады. Осыдан келіп ақын шығармаларында өмір

шындығын бейнелеп, тұспалдап суреттейтін (басня, аллегория) әдістер туып

қалыптасады.

Сәбит шығармаларында өмір шындығын дәл өз қалпында айтып

суреттеуден көрі аллегориялық әдіспен жазу көбірек орын алады. Бұл Сәбиттің

міні де, шығармашылығының әлсіздігі де емес, қайта ақындығының қалыптаса

түскен күштілігі, ұтымдылығы болып отырады. Мұндай мысал әдісімен

жазылған өлеңдерінде ақын қысылмастан еркін түрде, сол өзі жасаған

ортадағы билеуші қауымның ірік- шірігін, мықтының әлсізге істеген

зорлықтарын әшкерелеп отырады.

Мәселен, “Шілде”, “Босторғай” атты мысал өлеңдерінде халық мұңын жырлау идеясы шебер ақындықпен айқын берілген. Жаздың ыстық шілдесінде, көкорай шалғынға шабуыл жасап маса, сона, бүгелектер ұрандасып аттанып келеді, шыжыған ыстықтан да, маса, бүгелектен де мал мен жанның тыныштығы кеткен. Бәрі де қыспақта, бір бұлт шығып жаңбыр жаумаса, жақсылық жоқ сияқты. Заманына, халықтың тыныштығын кетірген сона, бүгелек сияқы болыс, би, әкімдерге қарсы ақын ойы осылай бейнеленіп айтылған. Ал, “Босторғай” атты мысал өлеңінде ақынның бұқарашылдық идеясы, билеуші әкімдерге қарсы ыза- кегі тереңдей бейнеленген.

Жаным- ау, мынау біздің төреміз бе?!

Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе?!

Кемтарға бұлар қайтып кек әпермек,

Құдырет көн деген соң көнеміз де-

деп мұңайған момын құс, құс патшасы бүркітті іздеп кетеді. Бірақ оған барып жеткенін естігем жоқ дейді ақын. Міне, мұнда да төменнен жоғары өрлейтін - тұрымтай, қырғи, қаршыға ең ақыры бүркіт арқылы билеуші әкімдердің бейнесін елестетеді. Билеуші әкім атауының қайсысы болсын қиянатшыл, зорлықшыл әлі жеткен момындарды зар жылатып, қанын судай шашады. Осындай әдіспен суреттеу арқылы Сәбит өмір шындығын жарқын елестетеді.

Әлбетте, сыншыл реалист ақындардың, Сәбиттің де суреттеу әдісі тек осы мысалдар ғана емес. Шындықты, өршіл ойды бейнелеулері олардың ақындық мүмкіндіктері мол. Ақын үнемі мысалмен, тұспалдаумен айтуға салына бермейді. Кейде нақты фактілердің өзін тура суреттеп, сықақтап жазады. Мәселен, “У жеген қасқырға”, “Ескі болыстың тәубасы” сияқты сюжетті өлеңдерінде зорлықшыл болыс, байлардың қылықтарын батыл ажуалап жазады. “Өгей ұл”, “Жәмила қыз” атты қысқа сюжетті өлеңдерінде де қазақ аулындағы ескі феодалдық зорлық- зомбылықтың, әдет- ғұрыптың ірік- шіріктерін сатиралық әдіспен әшкерелейді.

Қалың бұқараның тұрмысындағы аянышты хәлді, елдің қараңғылық, ескішілдік шырмауынан шыға алмаған мешеулігін суреттеген ақын халықты сол әділетсіз, мешеу дүниеден құтылудың жолын іздейді. Ол үшін қазақтың өтіп кеткен феодалдық өмірін көксемейді, үмітті алдан, келешектен күтеді. Қазақ халқын, өзінің замандастарын ұлттық оянуға, өнер- білімге, талапты, жігерлі іске шақырады:

Заман өтіп бара жатыр желдетіп,

Өзге халық өсіп жатыр ер жетіп.

Текке отырған көздің жасын көлдетіп,

Қашан кетер біздің елден балалық?

(“Балалық”)

Қамалған қараңғыда, қалың қазақ,

Қайратсыз, қамсыз тұрып қалдың қазақ,

Қарулап қуатсызды қуаттандыр,

Құрдан- құр қампыйтқанша қарын, қазақ!

(“Қазақтарға қарап”)

Қазақ, біздің түпке жеткен надандық,

Надандықтың шеңгеліне қамалдық.

Сол еркенің арқасында болып тұр

Болса бізде не секілді жамандық . . .

Кежірленбей, іс қылайық аңғарып

Пайда бермес тартыншақтық, алаңдық.

(“Соңғы сөз ”)

Халықтың осындай бақытсыз, провасыз, білімсіз аянышты хәлін көріп, ақын қатты толғанып күйінеді, мұңаяды да. Әрбір өлеңінде халқына деген жанашырлық, аяушылық сезімі болса, ал сол халыққа зорлық- зомбылық көрсетуші қиянатшыл қауымға қарсы ызалы, өшпенділік сезім айқын байқалып отырады.

Ақын қиыншылықтан, ел басына түскен ауыр селебеден шошынып қамықпайды. Қайта сол апаттан шығар жолды іздеп қайраттанады. Өзінің замандастарын, халқын қараңғылық, надандық ұйқысынан оянуға, ел болуға, басқа озық халықтардың қатарына қосылуға, ғылым мен техника, кәсіп түрлерімен қарулануға, өзара руаралық тартыстан тыйылып, халықтық ынтымаққа жетуге үндейді:

Әуелі етіп бірлік басыңды қос,

Сонан соң әр мұраттан қалмассың бос.

Жеке тақ үнің шықпас, ісің бітпес,

Жан қорқып, жалғыз қурай көрініп қос.

. . . Таласты, алалықпен тастамасаң,

Бір күні туған жерге айтарсың “қош”.

Бірлікпен илеу салған құмырсқа да,

Қазағым, ісің оңбас бірікпей қос.

(“Бірлік”)

Отаршыл патша үкіметі қазақ руларын өзара таластыру, қасақана партиягершілікке, барымтаға салына беру әрекеттерін қолдап отырды. Қағаздағы заң жүзінде мұндайлық, феодалдық өзара жауласуларға тыйым салғанымен іс жүзінде әр губернадағы, әр уездегі әкімдер бір руды бір руға айдап салып, бірде бір жағын қолдап, жем түсіріп, рулардың арасындағы дау- жанжалдарды ешуақытта бітірместен қайта өршітіп отырады. Абай, Ыбырайлардан бастап, қазақтың демократ ақындары феодалдық ауылдағы алты бақан алауыздық дертпен күрес ашты. Абайдың “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым” деп басталатын өлеңінде де қазақ ескілігінің ауыр дертін қатты қынжылып, күңірене отырып сынайды. Сәбит Дөнентаев та, Сұлтанмахмұт Торайғыров та халықты бірлікке шақырғанда өз ішіндегі партиягерлік, рушылдық талас- тартыстардың залалын қатты сынап көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Дөнентаев және балалар әдебиеті
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту
Сәбит Дөнентаев поэзиясы
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Дөнентаев өлеңдерінің құрылысы
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
С. Дөнентаевтың шығармашылық кезеңі
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
Сәбит Дөнентаев жайлы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz