Шөл және шөлейіттік топырақтарға жалпы түсінік



Шөлді аймақ топырақтары Еуразияның ішкі континенталды бөлегінде, Орталық Азия мен Қазақстан Респибликасы тегістігінде орналасқан және ТМД территориясының 6 проценттен астам жерін қамтиды. Бұл аймақ топырағын зерттеуге үлес қосқан ғалымдар – С.Неуструев, Н.Димо, Л.Прасолов, И.Герасимов т.б.
Шөлді аймақтың басты сұр-қоңыр топырақ типі автоморфты атмосферадан үстіртін ылғалдану, топыраққұралу туралы пікірді Е.Лобова 1960 жылы айтып, оны бореалдыға таяу белдеуге жатқызған. Гидроморфты сутекті төмен ызадан ылғалданатын топырақтардан бұл аймақта сортаңдар мен тақырлар тараған. Желді аймақ климаты жазы ыстық, қысы суық болып келеді. Орта жылдық температура аймақтың солтүстігінде 16°С-тан, оңтүстік бөлегінде 20°С-қа жетеді. Орта жылдық атмосфералық түсім 75-150мм, оның басым бөлегі қыс-көктемгі маусымдарға келеді. Топырақ кескіні тек жоғарғы жарты метр тереңдікке дейін дымқылданады. 10°-тан жоғары тиімді температура жиынтығы 4000°-тан астам. Өсімдік жамылғысын негізінен сораңды-бұталы, жусан, бетеге, еркекшөп, құмаршық, бұйырғын, баялыш, қараған, теріскен және эфемерлі түрлер құрайды. Соңғылар құмда көбінесе сексеуілмен қосыла дамыған.

Шөл және шөлейіттік топырақтарға жалпы түсінік

Шөлді аймақ топырақтары Еуразияның ішкі континенталды бөлегінде,
Орталық Азия мен Қазақстан Респибликасы тегістігінде орналасқан және ТМД
территориясының 6 проценттен астам жерін қамтиды. Бұл аймақ топырағын
зерттеуге үлес қосқан ғалымдар – С.Неуструев, Н.Димо, Л.Прасолов,
И.Герасимов т.б.
Шөлді аймақтың басты сұр-қоңыр топырақ типі автоморфты атмосферадан
үстіртін ылғалдану, топыраққұралу туралы пікірді Е.Лобова 1960 жылы айтып,
оны бореалдыға таяу белдеуге жатқызған. Гидроморфты сутекті төмен ызадан
ылғалданатын топырақтардан бұл аймақта сортаңдар мен тақырлар тараған.
Желді аймақ климаты жазы ыстық, қысы суық болып келеді. Орта жылдық
температура аймақтың солтүстігінде 16°С-тан, оңтүстік бөлегінде 20°С-қа
жетеді. Орта жылдық атмосфералық түсім 75-150мм, оның басым бөлегі қыс-
көктемгі маусымдарға келеді. Топырақ кескіні тек жоғарғы жарты метр
тереңдікке дейін дымқылданады. 10°-тан жоғары тиімді температура жиынтығы
4000°-тан астам. Өсімдік жамылғысын негізінен сораңды-бұталы, жусан,
бетеге, еркекшөп, құмаршық, бұйырғын, баялыш, қараған, теріскен және
эфемерлі түрлер құрайды. Соңғылар құмда көбінесе сексеуілмен қосыла
дамыған. Тақыр бетін балдырлар басқан. Шөл өсімдіктерінің биомассасы көп
емес. Родин мен Базилевич есептеуінше 4,3тга тең; құрылық үстінде
ыдырамаған органикалық қалдық болмайды. Көктемгі шөлде эфемерлер құлпырып
кетеді де, жазда көк өсімдік қурап қалады. Топыраққұраушы жыныстардан лөсті
және көне алювилік желмен ұшырылған шөгінділер басым. Соңғылар Тұран
ойпатында шоғырланған және мұнда құмдар кең тараған. Ойпаң тегістіктер
арасында неоген заманынан қалған платолы көтеріңкі жерлер кездеседі.
Көтеріңкі жерлерді үштік дәуір жыныстары құрады, үстінде жұқа қабатты лөсті
салындылары бар. Бетпақ дала, Шу-Іле тау-қыраты бетін және Қызылқұмның орта
шенін палеозой заманының жанартаулық метаморфтық жыныс үгінділері басқан.
Бұл аудандарда жел әрекетінен болған лөсті шөгінділер сынық тасты келеді,
құмды-шаңды түйірлері азайған, құрылық беті тасты қалқанға, ландшафт кейпі
тасты шөлге, гаммадаға айналған. Биік таулар етегі зор қабатты (100м астам)
лөсті салындылардан құралған. Жер бедеріне сәйкес топырақтар тараған: тегіс
плато, аласа сатылар мен қалдық құрылықта сұр-қоңыр, ал тау етегіндегі
ойпаң тегістіктерде тақырлар дамыған.
Бедердің көтеріңкі тегіс учаскелерінде айқын кескінді сұр-қоңыр
топырақ қалыптасқан. Оның кескініне мына белгілер тән: бетінде кеуек
қабыршағы бар, одан төмен жалғаса сәл айқындалған қарашірінділі жиек
келеді, ол бірте-бірте борпыл шашыранды түйірлі жиекшеге көшеді. Одан төмен
топырақ құрылымы нығыздалған, бұл қабатшада майда бытыранды түйірлер мен
сәл білінетін борпылдақ тарамыстанған карбонатты жаңа жарандылар болады.
Үстірттің Қазақстан, Түркменстан орталық бөлегінің нағыз сұр-қоңыр топырағы
кескіні мынандай: ақ жиек-шеңбер қуысты 3-6см беткі қабықша одан төмен сұр-
қоңыр түсті қарашірінділі жиек келеді, ол тамырлармен сәл шырмалғандықтан
желмен ұшырылуға бейім, қалыңдығы 10-15см. Келесі нығыздалған қоңыр түсті В
жиектің түйіртпегі призма кесекті, ақшыл дақты, қалыңдығы 10-15см. Одан
төмен борпылдақ лөсті құмбалшықты С жиек жатыр, онда ғаныш кристаллдары
мол, 1,5м тереңдіктен ғаныштың ине сияқты жарандылары байқалады.
Алювиндік шөгінділерде құралған сұр-қоңыр топырақта нығыз жиек
болмайды. Қиыршық тасты жыныстың беткі қабығы малта тастармен қосыла,
шеменденіп тасты қалқан құрады. Құрды топырақ бетінде карбонатты балшықтан
тұратын жіңішке қабықша болады; топырақтың қалған жиектері қалыңдығы жұқа.
Шөлді аймақтың топыраққұралу үрдісінде минералдық заттар айналымы басым.
Басты типі Д сұр-қоңыр топырақтың жалпы химиялық құрамы кескін бойы аса
өзгермейді, тек үстіңгі қабат құрамында кремний тотығы мөлшері артады.
Келесі нығыздау жиекте оның саны азайып, алюминий, темір, магний мен
калий тотықтары мөлшері сәл көтеріледі. Нығыздау бөлшек құрамында өте майда
дисперсті түйірлер шоғырланған (11%) және сіңірілген натрий катионы бар.
Соңғының шығу көзі өсімдік қалдықтары мен жыныстар құрамындағы натрий
тұздары. Бұл жиекте силикаттар мен ауыр минералдар саны-7,1 мен 3,1
процентке дейін өскен. Шөлді аймақ топырағында органикалық түсім аз және
кіші жандылар тіршілігі бәсеңдегендіктен, қарашірінді мөлшері 1проценттен
аспайды және оның саны кескін бойымен төмен қарай бірте-бірте азаяды. Гумус
құрамында фульвоқышқылдар басым, соған орай топырақ кескінінің жоғарғы
бөлегінде жылжымалы темір қосындысы мөлшері ұлғайған.
Шөлді аймақтың сұр-қоңыр топырағына келесі ерекшелік тән: кескінінің
жоғарғы бөлегінде карбонат тұздарының шоғырлануы. Оны Лобова көктем, күз
маусымдарында топырақ кескіннен хлор мен күкірт тұздарының сәл шайылуы,
керісінше карбонат тұздарының орнында қалуымен байланыстырады. Сүйтіп сұр-
қоңыр топырақ кескінінде карбонатты беткі және төменгі нығыздау қабаттар
қалыптасқан. Соңғыдан төменірек ғанышты жиек жатады, одан төменгі бөлікте
бірте-бірте жеңіл еритін күкірт пен хлордың натрийлы тұздар саны артады.
Шөлді аймақ топырағына плиоцен мен төменгі төрттік кезеңдердегі
мұралы топыраққұралу және гипертекті үрдістер тән. Көне төрттік дәуірдің
гипертекті мұрасына Орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың минералдық құрамы
Топырақ туралы түсінік, топырақтану ғылымы
Топырақ түзілудің жалпы үрдісі
Сорланған топырақты жіктеу
Қазақстан топырақтары туралы
Өсімдік шаруашылығын мамандандыру
Жер бетінің биогендік компоненттері Жер шарының топырақ жамылғысы, таралу заңдылығы
Топырақты қорғау жолдары
Тау топырақтары
Қазақстан топырақтары
Пәндер