Еліктеуіш сөздер



Қазақ тілінде басқа сөз таптарындағы сөздерден фонетикалық, грамматикалық, әсіресе, семантикалық жақтан ерекшеленіп, өз алдына жеке-дара тұрған тарс [етті], борс [етті], жымың-жымың [етті], бүрсең-бүрсең [жүрді], алба-жұлба [болды] сияқты көру, есіту қабілетінен пайда болған сөздер бар. Бұл сөздер – ғылыми-публицистика әдебиеттерден гөрі, көркем әдебиетте көп кездесетін, айтайын деген ойды дәл, көркем жеткізу жағынан ерекше мәні бар, тілімізге әрдайым әсемдік, ықшамдылық, көріктік сипат беріп тұратын, шығарма тілін бейнелеп, мәнерлеп тұратын сөздер. Мыс: Оның жүрегі желді күнгі жапырақтай дірілдеп, өкпесі көріктей көмпиіп, танауы делбең-делбең етті (Мұқанов). Досекең сескеніп, қопаң еткенде, борсық сып етіп еніп кетеді інге (Мұстафин). Дәмет бәйбіше қысқа ғана амандасты да, үлкен аузын шайға отыра бере бір сылп еткізді (Мұстафин). Ол мөрін былш еткізіп баса салды (Аманжолов). Жанып жатқан тезек шоғы, майлы көбік тамғанда пыс етіп, борс етіп сөне қалып, қоңырсытып майды күйдіріп, қайтадан тез лап етіп жанады (Сейфуллин).
Бұл сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда да кездеседі. Мұндай жағдайда да олар мақал-мәтелдерге ықшамдылық, жинақтылық сипат беріп, көріктендіріп отырады.
Еліктеуіш сөздер еліктелу сипатына қарай дыбыстық еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Еліктеуіш сөздердің семантикалық ерекшеліктері.
Дыбыстық еліктеуіш сөздер
Бұл топқа енетін сөздер мына төмендегі дыбыстарға еліктеуден пайда болады:
1) Табиғат құбылыстарының дыбыстарына (желдің гуілі, жапырақтың, қамыстың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы т.б.) және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға (заттың құлап түсуі, домалануы, олардың бір-біріне соқтығысуынан шыққан дыбыстар) еліктеуден пайда болған сөздер. Мыс:
Танк борс етті де лап берді (Мүсірепов). Абай қасына келді де, суға Оспанмен бірге шомп етіп құлай кетті (Әуезов)
2) Түрлі хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған сөздер. Мыс:
Бақ-бақ еткен текені,
Қар жауғанда көрерміз.
Батырсынган жігітті,
Жау келгенде көрерміз (мақал).
3) Адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстарына (түшкіру, пысылдау, қорылдау, жылау, күлу т.б.) еліктеуден пайда болған сөздер. Мыс:
Кемпір әр қабырға нұсқап балп-балп сөйледі (Мұстафин). Ол пыс-пыс ұйықтаған баланың қасына келіп, айналып толғанып тұр (Мұстафин).
Сөйтіп, табиғат құбылыстарының, айналадағы заттардың қозғалуынан, олардың бір-бірімен соқтығысуынан пайда болған дыбыстарға және адамның, хайуанаттың шығарған дыбыстарына еліктеуден пайда болған сөздерді дыбыстық еліктеуіш сөздер дейміз.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Еліктеуіш сөздер.
Қазақ тілінде басқа сөз таптарындағы сөздерден фонетикалық,
грамматикалық, әсіресе, семантикалық жақтан ерекшеленіп, өз алдына жеке-
дара тұрған тарс [етті], борс [етті], жымың-жымың [етті], бүрсең-бүрсең
[жүрді], алба-жұлба [болды] сияқты көру, есіту қабілетінен пайда болған
сөздер бар. Бұл сөздер – ғылыми-публицистика әдебиеттерден гөрі, көркем
әдебиетте көп кездесетін, айтайын деген ойды дәл, көркем жеткізу жағынан
ерекше мәні бар, тілімізге әрдайым әсемдік, ықшамдылық, көріктік сипат
беріп тұратын, шығарма тілін бейнелеп, мәнерлеп тұратын сөздер. Мыс: Оның
жүрегі желді күнгі жапырақтай дірілдеп, өкпесі көріктей көмпиіп, танауы
делбең-делбең етті (Мұқанов). Досекең сескеніп, қопаң еткенде, борсық сып
етіп еніп кетеді інге (Мұстафин). Дәмет бәйбіше қысқа ғана амандасты да,
үлкен аузын шайға отыра бере бір сылп еткізді (Мұстафин). Ол мөрін былш
еткізіп баса салды (Аманжолов). Жанып жатқан тезек шоғы, майлы көбік
тамғанда пыс етіп, борс етіп сөне қалып, қоңырсытып майды күйдіріп,
қайтадан тез лап етіп жанады (Сейфуллин).
Бұл сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда да кездеседі. Мұндай жағдайда
да олар мақал-мәтелдерге ықшамдылық, жинақтылық сипат беріп, көріктендіріп
отырады.
Еліктеуіш сөздер еліктелу сипатына қарай дыбыстық еліктеуіш сөздер
және бейнелеуіш сөздер болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Еліктеуіш сөздердің семантикалық ерекшеліктері.
Дыбыстық еліктеуіш сөздер
Бұл топқа енетін сөздер мына төмендегі дыбыстарға еліктеуден пайда
болады:
1) Табиғат құбылыстарының дыбыстарына (желдің гуілі, жапырақтың,
қамыстың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің
сылдырап ағуы т.б.) және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға
(заттың құлап түсуі, домалануы, олардың бір-біріне соқтығысуынан шыққан
дыбыстар) еліктеуден пайда болған сөздер. Мыс:
Танк борс етті де лап берді (Мүсірепов). Абай қасына келді де, суға
Оспанмен бірге шомп етіп құлай кетті (Әуезов)
2) Түрлі хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған
сөздер. Мыс:
Бақ-бақ еткен текені,
Қар жауғанда көрерміз.
Батырсынган жігітті,
Жау келгенде көрерміз (мақал).
3) Адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстарына (түшкіру, пысылдау,
қорылдау, жылау, күлу т.б.) еліктеуден пайда болған сөздер. Мыс:
Кемпір әр қабырға нұсқап балп-балп сөйледі (Мұстафин). Ол пыс-пыс
ұйықтаған баланың қасына келіп, айналып толғанып тұр (Мұстафин).
Сөйтіп, табиғат құбылыстарының, айналадағы заттардың қозғалуынан,
олардың бір-бірімен соқтығысуынан пайда болған дыбыстарға және адамның,
хайуанаттың шығарған дыбыстарына еліктеуден пайда болған сөздерді дыбыстық
еліктеуіш сөздер дейміз.
Бейнелеуіш сөздер
Бейнелеуіш сөздер мағынасына қарай екіге бөлінеді.
1) Қимыл процесінің бейнес-ипатын бейнелейтін сөздер. Мыс:
Алшаң басып, аяңдап аю келді (Ыбырай). Байғұс қара өгіз, көзіне көк
шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып, митің-митің аяңдап келеді
(Мүсірепов).
2) Адамның, заттың сыртқы тұлғасын, пішінінің күйін көрсетеді. Мыс:
Шашы дода-дода, бет-аузы дал-дал. Үстері өрім-өрім, арса-арса
(Жароков). Соқа тимеген соны жер биыл борша-борша (Мұстафин).
Бұл топқа оттың лапылдап жануына, жылтыр нәрсенің жылтырауына
еліктеуден пайда болған жалт-жұлт, жарқ-жарқ, лап-лап, лау-лау, жылт-жылт
сияқты бейнелеуіш сөздер де енеді.
Бейнелеуіш сөздер тобына сын есімнен жасалған қызараң-қызараң, қараң-
қараң сияқты азын-аулақ сөздер де енеді. Бұған етістіктен жасалған сүйрелең-
сүйрелең, сүйрең-сүйрең, қисаң-қисаң, қисалаң-қисалаң, домалаң-домалаң,
созалаң-созалаң, секірең-секірең сияқты сөздер де енеді. Олар, әсіресе,
етістіктің бұйрық рай тұлғасына -аң, -ең қоспасы жалғану арқылы жасалады.
Сөйтіп, тірі жанның, нәрсенің қимылын, күй-қалпын, сыртқы пішінін
бейнелеп, көру қабілетінен пайда болған сөздерді бейнелеуіш сөздер дейміз.

Көптеген еліктеуіш сөздер бір ғана дыбысқа емес, өз ара жақын, ұқсас
бірнеше дыбысқа еліктеу мақсатымен жұмсалады. Немесе, бір ғана құбылыстың
қимыл-қалпын бейнелемей, бірнеше құбылыстың қимыл-қалпын бейнелеу үшін
жұмсалуы мүмкін. Мысалы, қарқ-қарқ деген еліктеуіш сөз, бір жағынан,
қарғаның қарқылдауына еліктелсе, екінші жағынан қарқылдап күлуден шыққан
дыбысты беру үшін де жұмсалады. Төмендегі ду, күңгір-күңгір, тық-тық
сөздерінің өз ара жақын бірнеше дыбысты білдіруге жұмсалып тұрғандығын мына
сөйлемдерден байқаңыз. Мыс.:
Стол басы ду-ду әңгіме. (Иманжанов) Абайдың екі беті ду етті.
(Әуезов) Шақшасын темірге тық-тық қақты да, насыбайын атты. (Мұстафин)
Таңдайын тық-тық қағып, басын шайқап отыр. (Мұстафин)
Күңгір-күңгір деген еліктеуіш сөз де бірде қоңыраудың күңгірлеуіне,
бірде жылқының кісінеуіне, бірде күңгірлеп сөйлеуге байланысты қолданылады.
Пыр-пыр сөзі әрі пырылдап ұйықтағандағы дыбысқа, әрі құстың пыр-пыр
етіп ұшқан дыбысына, әрі машинаның гүрілдеуіне (Машина өрге жүйткіп пыр-пыр
етті) еліктеледі.
Мылтығын жоғары қаратып Қайырбек дүңк еткізді (Сланов) дегендегі дүңк
сөзі мылтықтың атылу дыбысына еліктеу мағынасында айтылса, жас әйел
күйеуінің атын дүңк еткізіп қойып қалды (Сланов) дегендегі дүңк ауыспалы
мағынада қолданылып тұр. Ауыспалы мағынада қолданылу, әсіресе, бейнелеуіш
сөздерге тән. Мыс.:
Күміс ыдыс жалт-жалт етті дегендегі жалт-жалт сөзі өзінің тура
мағынасында қолданылып тұр да, мотоцикл баспалатып жетіп келгенде құлын
жалт берді (Мұстафин) дегендегі жалт өзінің тура мағынасында емес, ауыспалы
(жылдам, тез) мағынасында қолданылып тұр.
Еліктеуіш сөздер ауыспалы мағынада тек түбір күйінде ғана
қолданылмай, сонымен қатар, етістік тұлғасында да қолданыла береді. Мысалы:
Қазанқап сонша неге шытырлайсың,
Тіл безеп қарсы ұмтылып тыпырлайсың...
Жауырды жаба тоқып сыпылдайсың,
Несіне болмашы деп шұқымдайсың?!

(Нартай ақын).
деген шумақта шытырлау сөзі тура мағынада қолданылмай, ауыспалы мағынада
долы, ашу деген сөздердің баламасы ретінде қолданылып тұр. Сирек терілген
басқа еліктеуіштен жасалған етістіктер де ауыспалы мағынада қолданылып тұр.
Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері
Еліктеуіш сөздердыбыстық жағынан, интонация, дыбыс әуенінің екпін,
ырғақ құбылмалығы жағынан одағай сөздер сияқты құбылмалы келеді. Олар
еліктелетін дыбыс пен қимылдың жылдам-баяу, ақырын-қатты, қысқа-созылмалы,
жалаң-дүркінділігіне байланысты біресе баяу, созылмалы, біресе жұлып
алғандай тез, жылдам қысқа интонациямен айтылып түрленіп отырады. Олардың
интонациялық құбылу сипатын байқау үшін омонимдес зат есімдермен
салыстыруға болады:

Зат есім Еліктеуіш сөз
қор [болды] қор [ете түсті]
тап [күресі] тап [берді]
қыз [бала] қыз-қыз [қайнады]
шөп [шапты] шөп [ете қалды]
бақ [қонды] бақ-бақ [етеді]
кілт [есікте тұр] кілт [бұрылды] т.б.

Мұнда зат есім мағынасындағы сөздер жай, қоңыр дауыспен айтылады да,
еліктеуіш сөздер ерекше әуенмен, интонациямен, көтеріңкі дауыспен айтылады.
-з, -с, -р, -ж, -ң, -ш дыбыстарына біткен бір буынды еліктеуіш
сөздердің соңғы дыбыстарын созып айтуға болады. Мыс.: гүр-р-р ете қалды,
шыр-р-р ете түсті, пыш-ш-ш ете түсті, дың-ң-ң еткен дыбыс, пыс-с-с ете
түсті, дыз-з-з ете түсті т.б.
Еліктеуіш сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке, ашық, қысаң
болуы ол сөздердің семантикасына әсер етеді. Жіңішке дауысты дыбыстардан
құралған еліктеуіш сөздер жуан дауысты дыбыстардан құралған еліктеуіш
сөздерге қарағанда қимылдың не дыбыстың жай, жіңішке, әлсіздеу болатындығын
көрсетеді. Мысалы, шіңк-шіңк дегендегі дыбыс шаңқ-шаңқ-қа қарағанда
әлдеқайда әлсіз, әлдеқайда жай. Едірең-едірең сөзі адыраң-адыраң-ға
қарағанда сыпайырақ сияқты да, адыраң-адыраң едірең-едірең-ге қарағанда
дөрекілеу сияқты. Төмендегі сөздер жөнінде де осыны айтуға болады. Лап-лап,
лып-лып; сарт-сарт, сырт-сырт; талтаң-талтаң, тылтың-тылтың; шарт-шарт,
шырт-шырт; борс-борс, бырс-бырс т.б.
Дыбыстың не қимылдың қатты не жай, жылдам не баяу болуына байланысты
еліктеуіш сөздердің интонациясы, әуездік ерекшеліктеріде әр түрлі болады.
Егер дыбыс жұлып алғандай тез, жылдам, шұғыл шықса, онда еліктеуіш
сөздің айтылуы интонациясы да жылдам, тез болады. Мыс.:
Гүрс етті, шаңқ етті, дүрс етті. Сол сияқты егер қимыл жай, созылыңқы
болмай, тез, шұғыл болса, онда соған орай еліктеуіш сөздің айтылуы да тез,
шұғыл болады. Мыс.: селк етті, сап ете қалды, шап береді т.б. Егер дыбыс
шұғыл болмай, созылыңқы жай шықса, онда еліктеуіш сөздер де созылыңқы
интонациямен айтылады. Мысалы, қо-о-ор ете түсті, ши-и-иқ ете қалды. Сол
сияқты егерде еліктелетін қимыл жылдам, шұғыл болмай, жай, баяу, созылыңқы
болса, онда бейнелеуіш сөздер де баяу, созылыңқы интонациямен айтылады.
Мысалы, сопа-а-аң етіп шыға келді. Қопа-а-аң ете қалды.
Басқа сөз таптарының аяғында сирек кездесетін ж дыбысы еліктеуіш
сөздердің соңында көп кездеседі. Мысалы: гүж-гүж, баж-бұж, шыж-быж, мыж-
мыж, күж-күж, қож-қож. Л дыбысынан басталатын басқа сөз таптарындағы
сөздердің алдында естілетін ы, і протетикалық дыбыс ([ы] лақ, [ы] лай, [і]
лезде, [ы] лас, [ы] лаж т.б.) еліктеуіш сөздерде байқалмайды. Мыс.: лақ ете
қалды, лып-лып етті, лау-лау жанды, жүрек лүп-лүп соқты т.б.
Екі буынды дыбыстық еліктеуіш сөздер, көбінесе, вибрациялық р
дыбысына аяқталып отырады. Мыс.: тықыр-тықыр, салдыр-гүлдір, қаңғыр-күңгір,
даңғыр-дұңғыр т.б. Ал, бір буынды еліктеуіш сөздерде сықырлап, гүрілдеп,
тықырлап, сырылдап шығатын дыбыстарға еліктеуден пайда болған еліктеуіш
сөздерде ғана кездеседі. Бұл дыбыс үш дыбыстан құралған еліктеуіш сөздердің
соңында кездеседі де (сыр-сыр, быр-быр, гүр-гүр, қор-қор, дар-дар, тыр-тыр
т.б.), төрт дыбыстан құралған еліктеуіш сөздердің үшінші дыбыс позициясында
кездеседі (борп-борп, қорс-қорс, бырт-бырт, қарш-қарш, тарс-тарс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліктеуіш
Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер
Еліктеу сөздердің фоносемантикалық сипаты
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Еліктеу сөздердің мағыналық топтары
Тіл біліміндегі еліктеуіш сөздердің теориялық ілімнің пайда болуы
Қазақ-Қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу
Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздер
Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері
Пәндер