Қылмыстық субъектiсiнiң түсiнiгi


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

І. Кiрiспе

ІІ. Негiзгi бөлiм

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ СУБЪЕКТIСIНIҢ ТҮСIНIГI

2. ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТIСIНIҢ БЕЛГIЛЕРI

3. ЕСІ ДҰPЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЕСІ ДҰРЫС EMECTIK

4. ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТIСIНIҢ ЖАСҚА ТОЛУ

БЕЛГIЛЕРI.

ІІІ. Қортынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

ҚЫЛМЫСТЫҢ СУБЪЕКТIСI СУБЪЕКТIНIҢ TYCIHIГI

Қылмыстық субъектiсi болып қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшiн қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабiлеттi адам танылады. Қылмыстық кодекстiң 4, 6, 7 -баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ, адамдарға, сондай-ақ шетелдiктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды қоғамғa қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстың жауаптылыққа тек қaнa тipi адам - азамат тартылады. Заттар, жануарлар дуниесi, табиғат күштерi келтiрген зиян үшiн олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектiсi болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштердi пайдалану арқылы қасақанa немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтiрсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақанa адейiлеп қаптырса, онда сол адам жөнiнде қасақана дене жарақатын келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық маселесi қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектiсi емес, қылмысты iстеудiң құралы болып табылады.

Сондай-ақ заңды тұлғалар - мекеме, ұйым, касiпорын жане басқа да заңды ұйымдар қылмыстық субъектiсi болып танылмайды. Қайсыбiр касiпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерiнiң елеулi бұзылуы үшiн қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, касiпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерiн кiналi түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жаңа қылмыстық кодекстiң 14-бабында (l-бөлiгi) «eci дұрыс, осы Кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам ғанa қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс» деп тура айтылған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектiсi болып тек қaна жеке тұлға - адам саналады. Бұл субъектiнiң бiрiншi белгiсi болып табылады.

Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзiнiң iстereн iс-әрекетiне есеп бере алатын және өзiн-өзi басқаруға қабiлетi бар адамды, яғни eci дұpыc адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауiптi iс-әрекет iстereн кезде өзiнiң iс-әрекетiне есеп бере алмаса, яғни қылмысты eci дұpыc емес күйде iстece, онда ол адамның iс-әрекетiнде кінәнің eкi нысаны қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп есептеледi. қоғамға қауiптi iс-әрекетiн ұғынып, оның мағынасына жетiп, ақылмен, естiлiкпен iстereнi eci дұpыc адам ғана қылмыс үшш кінәлі деп танылады.

Керiсiнше, қоғамға қауiптi iс-әрекет істеген кезде eci дұрыс емес күйде, өзінің iс-әрекетi жөнінде өзіне есеп бере алмайтын, өз әpeкeтін басқара алмайтын адам қылмыс субъектiсi бола алмайды. Яғни, қылмыстың субъектiсi болып кез келген адам ғана емес, тек есі дұрыс адам танылады. Бұл қылмыс субъектiсiнiң екiншi белгiсi болып та6ылады.

Өзiнiң iс-әрекетiн сезу, және оны басқара алу денi сау адамға туған кезден бастап қалыптасады, пайда болады. Адам белгiлi бiр жасқа толған кезде қалыптасқан өмірлік тәжiрибесi арқылы өзіне қоршаған ортадағы құбылысқа дұрыс баға беру, сол ортаға өзінің ic-әрекетінің пайда не зиян келтiретiнiн ұғыну, нақты жағдайларға байланысты iс-қимыл жасап құқық, мораль нормалары арқылы тыйым салынғандарды icтey-iстемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерiн шешуге толық қабiлеттi болады. Психолог, психиатр, педиатр, педагог және заңгер мамандардың тұжырымына сәйкес мұнда жас мөлшері 16 жасқа толған уақыт деп белгiленген. Осы жасқа толған жасөспiрiмдер өздерiнiң қылмыстық заңға қайшы кез келген iс-әрекетi үшiн қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Қылмыстық кодекстiң 15-бабында көрсетiлген кейбiр қылмыстарды iстereнi үшiн мұндай жауаптылық одан ертерек жаста - 14 жасқа толған уақыттан басталады. ЯFНИ, қылмыстық заңда көрсетiлген белгiлi бiр жасқа толу қылмыс субъектiсiнiң қажеттi белгiсiнiң бiрi болып табылады. Сонымен қылмыстық субъектiсi болып қылмыстық заңда көрсетiлген жасқа толған, eci дұрыс жеке адам саналады. қылмыстың субъектiсi жалпы және арнаулы болып eкi түрге бөлiнедi. Eci дұрыстық заңда белгiленген жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгiлерi барлық қылмыстарға тән, ортақ белгiлер. Бұл белгiлер жалпы субъектiнiң түсiнiгiн бередi:

Жалпы субъектiнiң осы белгiлермен қатар жекелеген қылмыстық құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгiлердi қажет eтeтін адам қылмыстық арнаулы субъектiсi болып табылады. Мысалы, мемлекеттiк қызмет мүддесiне қарсы қылмыстың барлығы дерлiк арнаулы мемлекеттiк қызметшiлер арқылы iстеледi. Бұл жерде мемлекеттiк қызметшi арнаулы субъект болып табылады, әскери қылмыстарды тек әскери қызметшiлер iстейдi, ондықтан әскери қызметшiлер де қылмыстың арнаулы субъектiсi болып табылады.

ECI ДҰРЫСТЫҚ ЖӘНЕ ECI ДҰРЫС EMECTIK .

Жоғарыда аталып кеткендей қоғамға қауiптi ic-әрекет iстereнi үшiн eci дұpыc адам заң бойынша жауап беруге және жазалануға жасы толған адамдар ғана қылмыстық субъектiсi болып табылады. Eci дұpыc емес адамдар қылмыстық субъектiсi болып табылмайды, сол себептi олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іc-әрекеттері үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (қк 89-95-баптар) . Адам қоғамға қауiптi ic-әрекетті істеген уақытында өзінің мінез-құқының қоғамға қауіптілігін сезетiн, ұғынатын және өзi iстereн ic-әрекетiн басқара алатын болса, ол eci дұpыc адам деп саналады. Бұл - eci дұрыстықтың бiрiншi белгiсi, ал екiншi белгiсiне-адамның қоғамға қауiптi ic-әрекетiн iстereн уақытта өзінің іс әpeкeтінің мәнін сезiп, ұғынуы және оны басқаруға қабiлетiнiң болуы қылмыстық құқықтағы күнә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауiпті іс-әрекетін істеген кезде оны iстеушiге әйтеуiр кінәнің бiр тypi қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиiс. Өйткенi, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негiзгi алғышарты болып табылады. Өз әpeкeтiнiң мәнін түсiнбейтiн және өзiн-өзi басқаруға қабiлетi жоқ, адамдарда кінә да болмайды, сол себептi олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыстық кодекстiң 16-бабында eci дұpыc eмecтіктің тyciнiri берiлген. Онда:

1. Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауiптi әpeкeттi жасаған кезде есі дұpыc емес күйде болған, ягни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң ic-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) ic жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе oған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.

2. Eci дұpыc емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн, -делiнген.

Eci дұpыc еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық ғылымы екі белгiнi: медициналық (биологиялық) және заңдылық(психологиялық) белгiнi колданады. Зандылық белгi бойынша" Сот қоғамға қауiпті іс-әрекетті істеген адамның өзінің іс-әрекетiне есеп бере алатынын және оны iстегенде өзiн басқ\ара алатынын анықтайды.

Медициналық (биологиялық) белгi бойынша қоғамға қауiптi әpeкеттi істereн адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабiлетсiздiгiнiң себебi анықталады. Адамның кез келген аурулық жағдайы оны eci дұpыc емес деп тануғa негiз болмайды, сол аурулардың iшiндегi адамға өзiиiң ic әpeкeтіе нақты дұpыc бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғaнa оны eci дұpыc емес деп тaнуғa негiз болады. Сондықтан медициналық белгi мiндеттi түрде заңдылық белгiмен қабаттасуы қажет. Тек осы eкi белгi бiрдей болған жағдайда ғaнa адам eci дұpыc емес деп танылуы мүмкін. Медициналық белгiнiң түсiнiri сот-психиатрия ғылымы белгiлеген жалпы ережелерге негiзделген. Қылмыстық құқық eci дұpыc eмecтіктің түсiнiгiн осы ережелердi басшылыққа ала отырып, өз ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді.

Медициналық белгiлерге қылмыстық заңда төрт түрлi ауру жатқызылған:

1. Созылмалы психикалық ауру. Бул aуруғa жазылмайтын немесе жазылуы өте қиын, аурулық жағдайы өрiстей беретiн аурулар жатады. Бұған: шизофрения, желікпе, депрессиялық, есаландық, ми мерезiнiң салдарынан үдемелi сал ауруына шалдығу, кәрiлiкке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.

2. Психикасының уақытша бұзылуы. Бұған жататындар: алкогольдік есаландық, паталогиялық маскунемдiк, белая горячка т. б. аурулары. Бул аурулар тез пайда болады, емделген жағдайда артынан жазылып кетуi де мумкін.

3. Кемақылдылық, Бул адамның ақыл-ой қабiлетiнiң төмендеуінен туындайтын аурулар. Мұндай аурулар турақты туа бiткен ауыр нерв ауруының (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әcepiнeн пайда болады. Кемақылдылықтың үш түpi бар. Дебильдiк (жеңiл түpi), имбецильдiк (орташа түpi), идиотия (ауыр түpi) .

4. Психикасының өзгеде дертке ушырауы. Бул сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бiрақ адам психикасының бузылуына әcep eтeтін әp турлi аурулар жатады. Бұған әp түрлi жұқпалы аурудың әcepiнeн адамның сандырақ күйге түсуi, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады.

Заңдылық (психологиялық) белгi адамның өзiнiң iстereн әpeкeтіне есеп бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзiнiң әpeкeтін басқара алмауынан ( ерiктiлiк кезеңнен) турады. Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген ic-әрекетiнiң шын мәнiндегi жағдайын түсiнбейтiнiн, оның қоғамға қауiптi мәнін яғни, қоғам, басқалар үшiн өз мiнезі құлқының зияндылығын сезбейтiнiн керсетедi. Ақыл-ойдың бузылуы epiктігі, бузылуына себепкер болып, адамның өзiнiң ic-әрекетiн басқара алмайды. Кейде адам өзiнiң әpeкeтінің, мәнін түсінгенімен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезендер де болады. ? Мысалы, наркотикалык аштык жағдайындағы адам, өзiне "жедел жәрдем көрсетушi медицина қызметкерiне шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрi бар нәрсені тартып алуда өз мiнез-құлқының кылмыс екенін сезедi. Бiрақта наркотикалық тәуелділікке байланысты ерiктілік жағдайының: терең бұзылуы салдарынан өзiн-өзi ұстауға, басқаруға қабiлетi болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот-психиатриялық сарапшының корытындысы қажет. Eci дұрыс емес деп танылғанда медициналық бөлгiнiң нышандарының кем дегенде біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интелектуалдық еріктілік белгiлерiнiң екеуiнде немесе аурулық жағдайдың кейбiреулерi үшiн тек қана ерiктiлiк белгiсiн анықтау қажет. Осы eкi белгi қабат болғанда ғана eci дұрыс eмecтіктің мәселесi шешiледi. Белгiленген тәртiппен eci дұрыс емес деп танылған адамдар қылмыс субъектiсi болып табылмайды, демек, бұл оның iс-әрекетiнде қылмыс құрамын жок, екендiгiн бiлдiредi. қылмыстық кодекстiң 17 -бабының 2-бөлiгiнде eci дұрыс күйiнде қылмыс iстеген, бiрақ сот үкімі шығарғанға дейiн өзінің әрекеті жөнiнде өзiне есеп беру немесе озiнiң әpeкeтін басқару мүмкіндігінен айрылып қалған, eci ауысу дертiмен ауырып қалған адамды жазаға тартпау туралы айтылған. Eci ауысқан адам сот процессінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс тусiнбейдi, мұндайда сот-психиатриялық сараптық қорытындысына сәйкес, eci ауысуы уақытша деп танылса, ic өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайындауы бойынша медициналық сипаттағы ерiксiз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу дeртінен айққаннан кейiн жазалануы мүмкін. I қылмыстың кодекстің 18-бабында мас куйiнде iстеген қылмыс ушiн жауаптылық қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас куйiнде iстеген адам (спирттiк iшiмдiктi, ecipткi немесе басқа да есеңгiрететiн заттаррды пайдаланудың нәтижесiнде) қылмыстың жауаптылықтан босатылмайды. Демек, мұндай адам қоғамға қауiптi iс-әрекетi үшiн қылмыстық жауапқа тартылады. Мастықтың eкi тypi бар физиологиялық және патологиялық матық.

Физиологиялық мастыққа күнделікті кездесетін мастық жатады.

Мұндай жағдайда қылмыс iстereн адамды eci дұpыc емес адамның қатарына жатқызуға есте болмайды.

Патологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін, ecipткi немесе басқа есеңгiрететiн заттарды үнeмi пайдаланудың салдарынан дертке ұшырап, соның әсepiнeн өзiнiң iс-әрекетi туралы есеп беруден калған, өзiн-өзi басқару қабiлетiн жоғалтқандар жатады. Сот-психиатриялық сарапшының қорытындысына сәйкес, мұндай адамдар eci ауысқан деп танылуы мүмкін. Сондай адамдарға медициналық турдегi ерiксiз емдеу шаралары қолданылады. Ал айыққаннан соң өзiнiң iстereн қылмыс үшiн жалпы тәртiппен жазалануы мүмкін. Жаза тағайындалғанда мас болудың себебi, мастықтың дәрежесi және оның қылмыс iстeyre ықпалы есепке алынады. Қайсыбiр жағдайларда сот адамның мас күйде қылмыс жасауын жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануы да, танымауы да мүмкін (ҚК 54-бабы, І бөлiгi, «м» тармағы және 3 -бөлiгі) .

ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТIСIНIҢ ЖАСҚА ТОЛУ БЕЛГIСI

Жоғарыда атап өткенiмiздей, қылмыстық субъектiсi болып заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыc адам саналады. Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негігі шарттарының бiрi оның белгiлi жасқа толуы болып танылады. Өте жас балалар қылмыстық субъектiсi бола алмайды. Өйткенi, олар өздерiнiң тым жастығына сәйкес жеткiлiктi жағдайда ездерiнiң қоғамға iстereн зиянды iс-әрекетiне жауап бере алмайды және ездерiнiң қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзi арнайы керсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тыйым салады. Кәмелетке толмағандардың жас мөлшерi және оларды қылмыс субъектiсi деп тану мәселесi қылмыстық кодекстiң 155 бабында арнайы көрсетiлген. Осы бап бойынша қылмыстық жауапқа қылмыс iстereн уақытқа дейiн он алты жасқа толған адамдар тарты-лады.

Қылмыc жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кici өлтiргенi (96 бап), денсаулыққа қасақанa ауыр зиян келтiргенi (103 бап), ауырлататын мәнжайлар кезiнде денсаулыққа қасақанa орташа ауырлықтағы зиян келтiргенi ушiн (104-бап, II бөлiгi), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерi (121-бап) 4 адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (17 бап), Kici тонағаны (178-бап), қарақшылық iстereнi 17 бап), қорқытып алғаны (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құалдарын ұрлау мақсатын кездемей заңсыз иеленгенi (185-баптық II-III-IY бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қaсaқaнa жойғаны немесе булдiргенi (187-баптық II-III бөлiктерi), терроризм (233-бап), адамды кепiлге алу (242-бап), қapy-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайдағы бұзақылығы, (257-баптың II-III бөлiгi), вандализм (258-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде қайтыс болған адамдардың мурдесiн және олардың жерленген жерiн корлағаны (275-бап., ІІ белiк), көлiк құралдары немесе қатынас құралдарын қасақана жарамсыз eткeнi (299-бап) үшiн қылмыстық жауапқа тартылуы тиiс.

Бұл тiзбекте келтірілген қылмыстар тiзбегi тұжырымды, оны кең мағынада талқылаушыға болмайды. Осы керсетiлген қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн 14 жасқа толған әрбiр адам сезедi, өз әpeкeтінe есеп бередi, сол себептi де заң шығарушы көрсетiлген қылмыстар ушін жауаптылыкты 14 жасқа толған уақыттан бастап белгiлеп отыр.

Қылмыстық заң қылмыстық, жауапқа 16 жастан, ал кеибір заңда арнаулы керсетiлген қылмыстардың тypi ушін 14 жастан тартылатынын белгiлегенуiмен, кейбiр әpeкeттің мәніне ерекшелiгiне және субъектiнiң ерекше белгiлерiне қарай, қайсыбiр қылмыстардың субъектiсi болып, жасы кәмелетке толан адамдар ғана тартылады. Мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iскe тарту - 131-бап, әскери қылмыстарда (16-тарау) қылмыстық субъектiсi болып тек жасы 18-ге толған адамдар ғана танылады. Қылмыс iстereн, кәмелетке толғандардың жасы, туған жылы, айы-күнi дәлме дәл анықталуы қажет. Адамның белгiлi бiр жасқа (14, 16, 18, 25) толуы дәл туған кунмен емес, одан кейiнгi тәулiктен бастап есептелiнедi. Кәмелетке толмағандардың жасы сот-медициналық сарапшының қорытындысы бойынша анықталғанда, оның туған күнi болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күнi (31 желтоқсан) танылады.

Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда соттар айыпкердiң кiм екендiгiн, оның тәрбие және өмip сүру шарттарын, қылмыстық ниетiн, iстereн қылмыстық себебi мен жағдайын толық есепке ала отырып, оларға тәрбиелiк сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселесін шешуі қажет.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1993 жылдың 24 маусымындағы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» N 3 қаулысында осындай мәселелер-ге ерекше назар аударылған. анда «Егер қоғамға онша зиянды емес қылмыс жасаған он сегіз жасқа толмаған адамға қылмыстық жаза қолданбай-ақ тузелуi мүмкін деп тапса, сот ондай адамға қылмыстық жаза болып табылмайтын басқа шараларды қapacтырады. Жасөспiрiмдер жөнiндегi iсті қарағанда сот айыпкердiң жеке

басына байланысты мәлiметтердi, олардың өмір сүру және тәрбиелiлiк жагдайларын, қылмысты iстеуінің себептерi мен оган әcep еткен мән жайларды ересектердiң оларды қылмыста итермелеудегi, тартудағы әсерін анықтаумен бiрге оларға жаза тағайындауда тәрбиелiк әcepi бар мәжбурлеу шараларын да қарастыруы керек>, - делінген.

Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi немесе екінші бөлiгiнде кезделген жасқа толса, бiрақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық даму жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсiздiгiнiң) ic жузiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде тyciнe алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстың жауапқа тартылуға тиiс емес (15-бап, 3-белiгi) .

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларға жаза тағайындаудың ерекшелiктерi қылмыстық кодекстiң IV бөлiмiнде (78баптарда) арнайы карастырылған.

ҚЫЛМЫСТЫҢ АРНАУЛЫ СУБЪЕКТIСI

Кейбiр қылмыстық құрамдар үшiн қылмыстың субъектiсi болуға eсі дұрыстың, заңда белгiленген жасқа толу жеткiлiксiз, ондай құрамдарға субъект болу үшiн осы көрсетiлген белгiлердiң үстінe басқа да қосымша белгiлер болуы қажет. Мысалы, сайлау :құжаттарын, референдум ~aттapын бұрмалау және дауысты қaте есептеу қылмысының (147-бап) субъектiсi болып тек қaнa осы бапта арнайы керсетiлген - арнаулы адамдар ғaнa бола алады. Мемлекеттiк :құпияны (172-бап) жариялаудың субъектiсi болып тек сол құпия сеніп тапсырылған адам танылады. Еңбек туралы заңдарды бұзудың (148-бап) субъектiсi болып лауазымды адам танылады. Аталған қылмыстық құрамының ерекшелігі сол, мұндай қылмыстарды арнаулы aтaғы, лауазымы, белгiлерi жоқ кез келген адам iстей алмайды. Жоғарыда айтылған сайлау комиссиясының мүшелерi, лауазымды адамдар немесе дәрiгерлiк атақтар, арнаулы белгiлердi көрсетедi. Сонымен, қылмыстық арнаулы субъектiсi дегенiмiз субъектiнiң жалпы белгiмен (eci дұрыстың, белгiлi бiр жасқа толу) бiрге қылмыстық кодекстiң ерекше бөлiмiндегi тиісті нормаларда керсетiлген қосымша - арнaулы белгiлерi бар адамдарды айтамыз.

Қолданылып жүрген қылмысты заңда қылмыстық арнаулы субъектiсi туралы жалпы ұғым берiлмеген. Қылмыстық арнаулы субъектiсiн сипаттайтын белгiлер қылмыстық кодекстiң ерекше бөлiмiнiң тиісті қылмыстық - құқылық нормаларының диспозицияларында көрсетілген.

Кейбiр жағдайларда заң шығарушылық арнаулы субъектiсi бар қылмыстық-құқықтық нормалары жеке тарауларға бiрiктiрiлген, сондай-ақ қылмыстық кодекстің ерекше бөлiмiнiң нақты нормаларында арнаулы субъектiнiң белгiлерiн көрсеткен, Қазақстан Республикасы қылмыстың кодексiнiң ерекше бөлiмiнде мұндай eкi турлi тараудың аты көрсетiлген: 133тарау - мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қapcы қылмыстар және 16-тарау әскери қылмыстар. Мемлекеттiк қызмет мүддесiне қapcы қылмыстардың ерекшелiгi сол, мұндай қылмыстарды тек қaнa мемлекеттiк органның

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамы және қылмыс субъектісі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Аса ауыр қылмыстар
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу
Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстың арнайы субъектісі
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Қылмыстың субъектісі бойынша саралау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz