Сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру



Кіріспе
1 Аналитикалық бөлім
1.1 «Агро Консалтинг» ЖШС.не қысқаша шолу
1.2 Компания қызметтерінің сипаттамасы
1.3 Ағымдық программалық жабдық
1.4 Ағымдық техникалық қамсыздандыру
1.5 Берілгендерді өңдеу технологиясының әлсіз жақтары
1.5.1 Объектіні анықтау
1.5.2 Беріктікке қойылатын талаптар
2 Жобалық бөлім
2.1 Құрастырылатын бағдарламалық қамтамаға негіздеме
2.2 Ақпараттық жабдықтау
2.2.1 Берілгендер қорының функционалдығын таңдау
2.2.2 Берілгендер қоры қолданбасын құру құралдары
2.2.2 Берілгендер қоры қолданбасын құру құралдары
2.4 Есептер кешенін математикалық жабдықтау
2.5 Ақпараттық жүйелерді технологиялық жабдықтау
2.6 Есеп кешенін бағдарламалық жабдықтау
2.7 Құрылымдық жобалау
2.7.1 Бағдарламаның функционалды . құрылымы
2.7.2 Бағдарламалық модульдерді сипаттау
2.7.3 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы мен тағайындалуы
2.8 Ақпараттық жүйені жүзеге асыру
2.8.1 Тестілеу
2.8.2 Пайдаланушыға нұсқау
2.8.3 Бағдарламалаушыға нұсқау
3 Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі
3.1 Басқару және кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулықты бағалау
3.1 Басқару және кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулықты бағалау
3.4 Жұмыс орнының санитарлық.техникалық талаптары
3.5 Мекеме бөлмесіндегі шу
3.6 Жабдықтарды құру, жөндеу кезінде техникалық қауіпсіздік
3.7 Мекеменің электр қауіпсіздігі
3.8 Мекеменің өрт қауіпсіздігі
3.9 Төтенше жағдайлар және алдын алу шаралары
3.10 Жергілікті желдету жүйесін есептеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. XXI ғасыр ақпараттандырылған кезең болғандықтан компьютерлік технологиялардың және интернеттің дамуы экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер тудырып отыр. Кез-келген автоматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық-программалық кешендерді сипаттайды. Мұндай жағдайда желілік технологиялардың және мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жалпы Жүйе көптеген жергілікті және глобальды есептеу желілерінің комплексі түрінде анықталады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады [1].
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің алдында осы мәселені шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын таңдау проблемасы тұрады [2].
Қағазсыз iс жүргiзу басқару қызметiнде компьютердiң пайдаланылуын қажет етедi. Қағазбен жеткiзiлетiн дүниелердiң толық пайдаланудан шығарылуы немесе өте аз мөлшерде ғана қалдырылуы мүмкiн. Берілгендер қорымен компьютерлiк жүйеде күрделi мәселелердiң бiрлесiп шешiлуiн оны пайдаланушылар тобы жұмысты ұйымдастыру барысында жүзеге асырады. Құжаттарды сақтау, бақылау, iздеу, мұрағатқа өткiзу, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi мұражайға тапсыру анағұрлым жеңiлденедi [3].
Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған құралдар олардың өздерінде табыла бермейді. Сондықтан, дипломдық жұмыста бағдарламалық жабдықты сатушы менеджердің автоматтандырылған жұмыс орнын құрылды .
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Аталған компанияға алғаш рет сатып алушыға арналған жалпы каталог, жаңа өнімдерді қабылдау, олардың қоймадағы жалпы құнын есептеу, сатылым жағдайын қадағалау, мекемедегі сатушылар жайлы толық мәліметтер енгізілген берілгендер қорын Delphi арқылы іске асыру орындалды.
Дипломдық жұмыстың тәжірбиелік мәні. Бұл бағдарламаны тек аталған компанияда ғана емес, өзге де бағдарламалық жабдықтарды сатушы ұйымдардың қолдануына мүмкіндіктер жасалған. Бағдарлама кез-келген бағдарламалық жабдықтарды сатумен айналысатын ұйымның жұмысын тиімді етеді.
Шешілетін ғылыми мәселенің заманауи жағдайын бағалау. Берілген бағдарламаның интерфейсі және орындайтын қызметі, қазіргі таңда кеңінен тараған заманауи бағдарламаларға ыңғайластырылып құрастырылған.
1 Қ.С.Шоланова. Ақпараттық жүйелер теориясы. – Алматы: Экономика, 2002.
2 Информационные системы в экономике. Под. ред. Дикa В.В. – М. 1999.
3 Коцюбинский Б. Экономическая информатика. СПБ. 2000.
4 Алексеева М.М. Планирование деятельности фирмы. – М.: Финансы и статистика, 2001.
5 Владимир Гофман. Работа с базами данных в Delphi. СПб: БХВ-Петербург, 2002.
6 Культин.Н.Б. Delphi в задачах и примерах. – СПб: БХВ-Петербург, 2005.
7 Бобровский С. Delphi-5. Учебный курс., Москва, 2000г.
8 Епанешиков А. М. Программирование в среде Delphi.
9 Л.М.Климова «Основы программирования решение типовых задач». – М.: Мир, 2006г.
10 Архангельский А.Я. Программирование в Delphi 2.0. – М.:Издательство БИНОМ, 2008г.
11 О. Камардинов. Х. Жантелі Delphi 5-6. Шымкент. 2002ж.
12 С.Бабровский. «Описание системы и языка программирования Delphi 7».–М.: Мир, 2006г.
13 Хомоненко А.Д. Delphi 7. – СПб: БХВ-Петербург, 2004.
14 www.wikipedia.com
15 www.referat.ru
16 www.intuit.ru
17 www.yandex.ru
18 Камардинов О. Информатика, 1,2-бөлім. Шымкент -2000.
19 Пярнпуу А.А. Программирование на современных алгоритмических языках. –М.: Наука, 1990, -384с.
20 Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие /Сулейменов А.Т., Шакиров Б.С., Кондратенко и др. – Шымкент: ЮКГУ им. М. Ауезова, 2000 – с 155.
21 Евтушенко Н.Г., Кузьмин А.П. «Безопасность жизнедеятельности в условиях чрезвычайных ситуаций» М.: 1994.
22 Безопасность жизнедеятельности. Учебник для студентов сред. проф. учеб. заведений / Под общ. ред. С.В.Белова. – М.: Высшая. школа, НМЦ СПО, 2000.-343 с.
23 Безопасность жизнедеятельности: Учебное пособие. Ч.2/Е.А. Резчиков, В.Б.Носов, Э.П. Пышкина, Е.Г. Щербак, Н.С. Чверткин / Под редакцией Е.А.Резчикова. – М.: МГИУ, -1998.
24 Васильчук М.В. Основы охраны труда. Киев. Просвита. 1997.
25 Алексеев С.В. Усенко В.Р. Гигиена труда. – М.: Медицина, 1998-567с. метрологическое обеспечение безопасности труда / Справочник под ред. И.Х.Сологяна, М.: Стандарты, 1989.
26 «Основы безопасности жизнедеятельности», Лужкин И.П., СПб.: 1995 с.-245.
27 Атаманюк В.Г. и др. Гражданская оборона: Учеб.для вузов / В.Г. Атаманюк, Л.Г.Ширшев, Н.И.Акимов. Под. ред. Д.И.Михайлика. 2-е изд.–М.: Высшая школа, 1987.-288с
28 Гражданская оборона: Учебн. для студентов пед. Институтов /Г.Н. Жаворонков, Н.Д.Сердюков, Е.П. Щубин; Под. ред. Е.П. Шубин. – М.: Просвещение, 1991.-223с.:ил.
29 Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных /Пер. с англ. — М.: Мир, 1989. - 360 с., ил.
30 Қазақстан Республикасының еңбек кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 108 б.
31 Уркумбаев М.Ф., Уркумбаев Б.Ф., Аманбаев Б.Б., Уркумбаева М.М. «Бизнес-план в дипломной работе». – Шымкент, 2005, –217 стр.
32 Алан Вест. Бизнес-план: / Учеб. пособие перевод с английского Н.И.Аклозовой и И.Ю.Букиной. 3-е изд. – М.: Издательство «Проспект», 2005, – 232 с.
33 «Бизнес-планирование» / Под ред. В.М. Попова, С.И. Ляпунова – М.: Финансы и статистика, 2000.

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. XXI ғасыр ақпараттандырылған
кезең болғандықтан компьютерлік технологиялардың және интернеттің дамуы
экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер тудырып отыр.
Кез-келген автоматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден
тұратын күрделі аппараттық-программалық кешендерді сипаттайды. Мұндай
жағдайда желілік технологиялардың және мәліметтер қорының алатын орны
ерекше болып табылады. Жалпы Жүйе көптеген жергілікті және глобальды
есептеу желілерінің комплексі түрінде анықталады. Жаңа технологиялардың
дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы
шарттарының бірі болып табылады [1].
Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың
құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және
бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып
отырады. Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің алдында осы мәселені
шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын
таңдау проблемасы тұрады [2].
Қағазсыз iс жүргiзу басқару қызметiнде компьютердiң пайдаланылуын қажет
етедi. Қағазбен жеткiзiлетiн дүниелердiң толық пайдаланудан шығарылуы
немесе өте аз мөлшерде ғана қалдырылуы мүмкiн. Берілгендер қорымен
компьютерлiк жүйеде күрделi мәселелердiң бiрлесiп шешiлуiн оны
пайдаланушылар тобы жұмысты ұйымдастыру барысында жүзеге асырады.
Құжаттарды сақтау, бақылау, iздеу, мұрағатқа өткiзу, сондай-ақ ұзақ
мерзiмдi мұражайға тапсыру анағұрлым жеңiлденедi [3].
Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан,
әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен
дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған құралдар
олардың өздерінде табыла бермейді. Сондықтан, дипломдық жұмыста
бағдарламалық жабдықты сатушы менеджердің автоматтандырылған жұмыс орнын
құрылды .
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Аталған компанияға алғаш рет сатып
алушыға арналған жалпы каталог, жаңа өнімдерді қабылдау, олардың қоймадағы
жалпы құнын есептеу, сатылым жағдайын қадағалау, мекемедегі сатушылар жайлы
толық мәліметтер енгізілген берілгендер қорын Delphi арқылы іске асыру
орындалды.
Дипломдық жұмыстың тәжірбиелік мәні. Бұл бағдарламаны тек аталған
компанияда ғана емес, өзге де бағдарламалық жабдықтарды сатушы ұйымдардың
қолдануына мүмкіндіктер жасалған. Бағдарлама кез-келген бағдарламалық
жабдықтарды сатумен айналысатын ұйымның жұмысын тиімді етеді.
Шешілетін ғылыми мәселенің заманауи жағдайын бағалау. Берілген
бағдарламаның интерфейсі және орындайтын қызметі, қазіргі таңда кеңінен
тараған заманауи бағдарламаларға ыңғайластырылып құрастырылған. Қарапайым
қолданушылар ешбір дайындықсыз қолдануына мүмкіндік жасалған.
Дипломдық жұмысты жазудағы негізгі мақсаты – бағдарламалық жабдықты
сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру үшін жұмыс орнын құру. Сол
себепті дипломдық жұмыстың басым бөлігі бағдарламалық жабдықтарды сату,
сатып алу және олардың құжаттамалары туралы мәліметтерді қамтиды.
Дипломдық жұмысты жазудағы міндеті. Дипломдық жұмысты жазуда
төмендегідей міндеттерді орындау керек:
- бағдарламалық жабдықты сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру
үшін деректер қорын талапқа сай ұйымдастыру;
- Бағдарламаның интерфейсі соңғы қолданушыға түсінікті болатындай етіп
жасау.
Зерттеу нысаны – Агро Консалтинг жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бағдарламалық жабдықтарды сату бөлімі қызметкерінің жұмысы.
Дипломдық жұмысты жазудағы теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық
жұмыста құрылымдық программалау, визуалдық программалау, математикалық
моделдеу әдістері қолданылған.
Дипломдық жұмысты жазудағы тәжірбиелік базасы. Агро Консалтинг
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің программалық жабдықтарды сату
бөлімі.
Дипломдық жұмыстың түсіндірме жазуы бес бөлімнен тұрады.
Бірінші Аналитикалық бөлімде қолданыстағы ақпараттық жүйелерге шолу және
талдау жасалады және ақпараттық жүйені жасауға негіздеме жасалады,
бағдарламаға қойылатын талаптар анықталады.
Екінші Жобалау бөлімінде зерттеу объектісіне талдау жасалады: ақпараттық
жүйенің тағайындалуы, құрылымдық жобалау, акпараттық талдау. Сонымен қатар
функционалды, жалпы және арнайы бағдарламалық қамтаманы және аппараттық
құрылымды таңдауға негіздеме жасалады.
Үшінші Еңбекті қорғау мен тіршілік қауіпсіздігі бөлімінде дербес
компьютермен жұмыс істеудегі еңбекті қорғау мәселелері қарастырылады.
Төртінші Экономика бөлімінде жасалынып жатқан дипломдық жобаның
экономикалық тиімділігінің негіздемесі жасалады.
Бесінші Бизнес жоспарлау бөлімінде нарықтық экономика шарттарында
жобаланып жатқан ақпараттық жүйе қызметтерінің іс-жүзіндегі қажеттілігі
негізделеді.
Жоба қорытындысында негізгі түжырымдар мен нәтижелер айтылады және
бағдарламаның ерекшеліктері келтіріледі.
Қосымшаларда бағдарлама листингісі мен формалары ұсынылады

1 Аналитикалық бөлім

1.1 Агро Консалтинг ЖШС-не қысқаша шолу

Агро Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңды тұлға.
Агро Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі -
Серіктестік) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес
құрылған. Серіктестік Қазақстан Республикасы заңнамасына сай, кіші
кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Серіктестіктің фирмалық атауы:
Мемлекеттік тілде:
- толық: Агро Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
- қысқаша: Агро Консалтинг ЖШС;
Орыс тілінде: Товарищество с ограниченной ответственностью Агро
Консалтинг;
- Қысқаша: ТОО Агро Консалтинг.
Серіктестіктің тұрған орны: Қазақстан Республикасы, 160019, Оңтүстік
Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, 160013, Түркістан мөлтек ауданы, 88 үй,
2 пәтер. Серіктестіктің Қатысушысы болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматы – Аширов Досайбек Алиманұлы, туған
жылы 04.09.1965 ж., жеке куәлігі № 017762186, ҚР ӘМ берілген 18.04.2005 ж.,
СТН 582110618610, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан
облысы, Шымкент қаласы, 160019, Абай ауданы, Қазығұрт мөлтек ауданы,
Төлебаев көшесі, 68 үй.
2) Қазақстан Республикасының азаматы Ботаев Бекболат Байзақұлы, туған
жылы 26.08.1975 ж., жеке куәлігі № 012416758, берілінген ҚР МВД 22.10.2001
ж., СТН 582210087520, мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік
Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, 160013, Түркістан мөлтек ауданы, 88 үй, 2
пәтер.
Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген. Мемлекеттік тіркелген сәттен
бастап заңды тұлға құқықтарын алады. Серіктестіктің мөрі, дербес балансы,
банктерде шоттары, өзінің фирмалық атауы бар бланкілері болады. Өзінің
қызмет мақсаттарына жету үшін серіктестік заңнамамен және Серіктестік
Жарғысымен белгіленген тәртіпте өзінің атынан шарттар жасауға, мүліктік
және мүліктік емес жеке құқықтарды алуға, міндеттерді атқаруға, сот
органдарында талапкер және жауапкер болуға құқығы бар. Серіктестік
Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде филиалдар
мен өкілдіктер ашуға, еркін негізде басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге
(одақтарға) кіруге, басқа заңды тұлғалардың, сонымен қатар шетелдердің
қатысуымен, қатысушысы болуға құқылы. Өзінің міндеттемелері бойынша өзіне
тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Қатысушы Серіктестіктің міндеттеріне
жауап бермейді және Серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өзінің
қосқан салымдар құнының шегінде тәуекел етеді. Серіктестік Қатысушының
міндеттеріне жауап бермейді.
Агро Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылымы 1.1
суретте бейнеленген.

Сурет 1.1. Агро Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
ұйымдық құрылымы

1.2 Компания қызметтерінің сипаттамасы

Агро Консалтинг Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін
ұйым жарғысында белгіленген функцияларды жүзеге асырады.
Агро Консалтинг қызметінің негізі болып мыналар табылады:
- ақпараттандыру саласындағы білімсіздікті жою, компьютерлік
білімді жоғарылату мақсатында компьютерлік білім беру курстарын
жүргізу;
- бухгалтерлік білімді жоғарылату мақсатында бухгалтерлік білім
беру курстарын жүргізу;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге бизнес жүргізу
тетіктері бойынша кеңес беру;
- ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы ұсыныс пен сұранысты
реттеу үшін өндірушілер мен тұтынушылар нарығын талдау;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қызметтер мен
өнімдерді өндіру және сатуға бизнес-жоспарлар құру;
- компьютерлік технологиялардың сапалы өнімдерін сатуды басқару;
- 1С фирмасының өнімдерін сатумен, оларға қызмет көрсетумен
айналысу;
- вирусқа қарсы бағдарламалық жабдықтарды сату, орнату;
- компьютерлік және ұйымдық техниканы жөндеу.
Аталған функцияларға байланысты фирма өз құрылымында сәйкес бөлімдер мен
қызметтерді ұйымдастыруды қарастырады. Мұндай шешімнің мақсаты келесідей
болады:
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін кеңес беру, оқыту,
жаңа технологиялар мен әдістерді үйрету;
- бухгалтерлік және компьютерлік білім беру курстарын әртүрлі
деңгейде ұйымдастыру;
- программалық жабдықтардың қолданылу жолдарын қарастыру және
негіздеу.
Агро Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі
қызмет түрлері 1.2 суретте көрсетілген.

Сурет 1.2. Агро Консалтинг жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
қызметтері

Серіктестік сонымен қатар өзге де төмендегідей қызмет көсету
жұмыстарымен айналысады:
1) екінші деңгейдегі банктерде заңды және жеке тұлғалардың мүдделеріне
өкілеттік ету;
2) корпоративтік, орта және шағын бизнесті несиелендіру саласындағы
кеңістік қызмет;
3) бастауыш және істеп жатқан бизнеске несиелендіру кезінде бизнес-
пландар даярлау;
4) банкілік мекемелердің, халықаралық қаржы институттар және
инвестициялық компаниялардың шарттарымен бизнес жобаларды әзірлеу және
шығарып салу;
5) қаржы-шаруашылық қызметін талдау;
6) риэлторлық қызмет;
7) ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік -құрылыс жобалау, жобаларды
сараптау;
8) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бағалау;
9) делдалдық қызмет;
10) адвокаттық қызметпен байланысы жоқ, заң қызметтер;
11) жылжымайтын объектілерін техникалық түгендеу;
12) жөндеу-құрылыс жұмыстары, күрделі құрылыс;
13) қоғамдық тамақтану пунктері, дәріхана, базар, сауда үйлері,
ресторан, фирмалық дүкендердің жүйесін ашу;
14) ауыл шаруашылығы өнімдері мен халықтық тұтыну тауарларын өндіру,
қайта өңдеу, сатып алу және сату;
15) сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру, сонымен қоса Қазақстан
Республикасының ішінде, соның ішінде құрылыс заттарын, азық-түлік
өнімдерінің, шикізаттар, материалдар, қосалқы заттар, машиналар мен құрал-
жабдықтар, халықтық тұтыну тауарларының, ауылшаруашылық өнімдерінің және
т.б. экспорты мен импорты;
16) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де
қызмет түрлерi.
Серіктестіктің жекелеген қызмет саласындағы құқықтық қабілеті Қазақстан
Республикасы заң актілерімен белгіленген тәртіпте өкілетті органдармен
берілген тиісті лицензия алған сәттен бастап пайда болады.

Зерттеу объектісін талдау
Берілгендерді енгізіп отыру және оған есеп беру ішкі жүйенің
функциялары Бағдарламалық жабдықты сату, қызмет көрсету маманының АЖО
құрамындағы ішкі жүйелердің функциялауын және беріктігін қамтамасыз
ету үшін 2 есеп біріктіріліп, шешілуі арқылы құрылды. Бұдан
көрсетілген есептер арасында мәліметтер алмасу деңгейінде болатын
байланыстың құрылуы керек. Мәліметтер бойынша берілген ішкі жүйе 2
негізгі есептерді орындайды. Біріншісі ол тауарларды яғни бағдарламалық
жабдықтарды қабылдап, тіркейтін болса, екіншісі оларды сатып, арадағы
есептеулерді жүргізіп, шығыс құжаттарн тіркейді. Және кіріс және шығыс
құжаттарының барлығы да берілгендер қорына, архивке және отчетқа
тіркелінеді.

1.3 Ағымдық программалық жабдық

Ақпараттық технология саласындағы ең жаңа жетістіктер ақпараттық қор
ұйымдастырудағы жаңа концепцияларға алып келді. Жоғары өндірісте және
экономикалық микропроцессорлардың арқасында ақпаратты-есептегіш ресурстар
менеджерлер, есепшілер, жобалаушылар, ұйымдастырушылар мен инженер, басқа
категориялы қызметкерлердің жұмыс орындарына жақындай түсуде. Жеке
компьютерлер қорында мәліметтерді өңдеу жүйесі жетілдіріліп, жұмыс орындар
автоматтандырылуда.
Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы, жоғары жылдам істейтін және
үлкен еске сақтау қабілеті бар күшті компьютерлердің пайда болуы басқарудың
автоматтандырылған жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін қойды. Қазіргі
уақытта түрлі салалардағы адам еңбегіне Pentium 4 компьютері белгілі
жиілігі 2,2 GHz, 1 Гb шұғыл еске сақтау қабілетімен, 80 Gb қатты дискілер –
винчестерлермен енгізілді. Тізбектік технологияның пайда болуы мен
басқарудың автоматтандырылған жүйесінің мүмкіндіктері кеңейді әрі
жетілдірілді. Осы жүйенің жаңа жаңартырылған нұсқалары пайда болды [4].
АЖ-нің тиімділігі оның негізгі қызметтерін нақты орындауымен анықталады.
АЖО келесі қызметтерді атқарады:
а) басқару объектісінің жай-күйі жайындағы ақпаратты сараптау, жинау,
өңдеу;
б) басқаратын ықпалды тудыру, мысалы бағдарлама түрінде;
в) басқаратын ықпалды орындауға өткізу және оның орындалуын
қадағалау;
г) басқару ықпалдарын іске асыру;
д) ақпарат алмасу.
Мысалы үшін АЖ-ге, ол локальды есептеу тізбегі негізіне
негізделгендіктен және электромагниттік алаң әсерінен жұмыс істейтіндіктен
бірканалды талшықты сызықты тұтастай пайдалануға болады, себебі олар мұндай
кедергіден қорғалған. АЖ-ге есептеу технологиясының жағдайлары пайдаланылуы
тиіс, олар жалпы техникалық талаптарды қанағаттандырады.
АЖ үшін, оның құрамына кіретін және нақты міндеттерді шешуге бағытталған
бағдарламалық қамтамасыз ету үлкен роль ойнайды. АЖ–нің бағдарламалық
қамтамасыз етуі барлық қызметтерді орындауға жетерлік болу керек, ол
қызметтер есептегіш техника жағдайларын қолданумен жүзеге асады және АЖ-нің
қызметтік тәртібін өз уақытында автоматтандырылған күйінде орындауға
мүмкіндік беретін талап етілген мәліметтерді өңдеу процесі ұйымдастырылады
[5].
Ол келесі қасиеттерге ие болуы керек толықтай тұтастық, сенімділік,
икемделушілік, модификациялық пен құрылыс модульділігі, пайдалану
тиімділігі. АЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына қолданбалы
бағдарламалар қалтасы, мәліметтер негізін басқаратын жүйелер, жүйелік
бағдарламалық қамтамасыз ету. Тағы сол сияқты кіруі тиіс. БҚ АЖ ішінде АЖ-
нің техникалық құрылғыларының диагностикасы және енуші ақпараттың
сенімділгін тексеру болуы қажет. АЖ-нің бағдарламалық қамтуында ақпаратты
енгізгенде және өңдегенде қателіктерден сақтайтын шаралар жүзеге асуы
керек, олар АЖ қызметінің орындалу сапасын қамтамасыз етеді. АЖ-нің жалпы
бағдарламалық қамтуы арнайы бағдарламамен қамту бөліктерін ретке келтіруді
жүзеге жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу керек, және АЖ-нің қызмет ету
процесін тоқтатпастан бағдарламалық қамтуды әрі қарай дамыту қажет. Жалпы
алғанда АЖ-нің бағдарламалық қамтуы бірін-бірі өзара жоятын және қайшы
келетін элементтерді өз ішіне енгізбеуге тиіс.
Адам өмірінің барлық саласына компьютерлік техниканың өндірілуі мен
дамуы ақпараттық технологияның өте қатты өркендегенін білдіреді. Қазіргі
уақытта ақпараттық технология мен соған сәйкес анықтамалардың бірқатары
бар. Ең кең көлемде ақпараттық технология ұғымы – бұл ақпараттық жетістік
тудыру, ақпараттық қызметтің түрі, ол адам іс-әрекетінің барлық саласында
қолданылады.
Негізгі қайта өңделетін өнімге ақпарат жатады. Ақпарат термині арқылы
мәліметтердің жиынтығы кейбір жүйенің фактілері мен білімдері, ол
ұйымдасудың құрылымның, осы жүйенің тұтас және жекелеген элементтерінің
жүзеге асу жағдайы ұсынылады. Тар мағынасында ақпраттық технология
мәліметтерді өңдейтін электронды технология, бүкіл әдіс – тәсілдер,
процестер, қажетті техника мен құрылғылар, болып түсініледі. Математтикалық
тәсілдер ақпараттық технологияны жетілдірудің ең өзектсі болып табылады.
Алгоритмдік тәсіл математикалық үлгілермен функционалды тапсырмаларды
шешу әдістерін жүзеге асыру алгоритмін туындатады. Олардың ішіне әдеттегі
тапсырмаларды шешетін стандартты алгоритмдермен жекелеген тапсырмалар үшін
жобаға дайындалатын сирек алгоритмдер енеді. Алгоритмдік тәсіл
бағдарламалық тәсіл негізінде ашылады. Ақпараттық технологияның
бағдарламалық қамтылуы ішіне операциялық жүйелер мен орталар, бағдарламалау
тәсілдері, бағдарламалау тәсілдерінің инструменталды және арнайы түрлері
кіреді.
Ақпараттық технологияның ақпараттық тәсілдеріне ақпарат процестерін
сипаттау, ақпараттық үлгілер, мәліметтер қоры мен банкі, ұйымдастырудың
басқа тәсілдері ақпараттық жиналу және ұсынылу түрлері кіреді.
Әдістемелік тәсілдер өз ішінде әдістемелік материалдарды, стандарттарды,
хаттамаларды, ақпараттық технологияны құрудың алғы шарттары мен құжаттары,
сипаттамаларды қарастырады [6].
Тәжірибеде өте жақсы белгілі, бірақ қиын іске асырылатын мәліметтер қоры
ұғымы бар, ол көлемі жағынан үлкен қойма іспетті онда ұйым бар қажетті
мәліметтерді енгізеді де түрлі қолданатындар осы мәліметтерді қолдана
алады. Барлық мәліметтер сақталатын еске сақтаудың құрылымы бір не бірнеше
жерде орналасуы мүмкін, соңғы жағдайда олар мәліметтерді алмастыру
тәсілдерімен байланысты болуы титіс. Мәліметтерге бағдарламаның қолы жетуі
тиіс.
Шындығында, бүгінгі күні кездесетін көпшілік мәліметтер қоры шектелген
пайдалану ретіне негізделген. Көбіне бір ЭЕМ – ге бірнеше мәліметтік қор
құрылады. Мәліметтік қор жекелеген туыстық функциялардың жүзеге асуына
белгіленген уақытқа сәйкес, оларды біріктіруге болады. Мұндай бірліктер
егер бүкіл жүйедегі тиімділік пен қарқындылықтың көбіне көмек берсе.
Мәліметтік қоры бірге, бір-бірімен өзара байланысты сақталатын
мәліметтер, олар аз ғана көлемде болғанымен олар оптималды түрде бір не
бірнеше қосымшаға кеңінен қолданылады; мәліметтер өздерін пайдаланатын
бағдарламалардан тыс сақталады; жаңа мәлімет қосымшалау немесе бар
мәліметті модификациялау үшін, сондай-ақ мәліметті мәліметтік қордан іздеу
үшін жалпы басқаратын тәсіл қолданылады.
Егер бұл мәліметтік қорлар құрылымы жағынан толықтай тәуелсіз болса,
жүйе мәлімет қорының бірлігін ұстайды. Жүйелерде мәліметті қарапайым
ұйымдастыруда әрбір қосымшада өз жазбаларының қосындысы құрылады.
Мәліметтік қорды тағайындау деген бұл – бір ғана қосынды мәліметті көптеген
мүмкін болған қосымшалар санына қолдану мүмкіншілігі. Осыдан келіп,
мәліметтік қорды ақпараттық қойма есебінде жиі дайындайды, оның қажеттігі
зауыттарда анықталған қызметтерді орындау процесінде туу қажеттігі,
үкіметтік құрылымдармен басқа бір ұйым үшін қажеттілігі шығады. Мұндай
мәліметтік қор тек ақпарат алу мүмкіндігін ғана қамтамасыз етпеуі тиіс,
сондай-ақ оның үнемі жаңарып, аталған ұйымның басқару процесіне қажеттілігі
туу керек, жоспарлау мақсаттары немесе сұрақтарға жауап іздеу үшін
мәліметтік қорда ақпаратты іздеуді жүзеге асырған дұрыс. Мәліметтердің
жиынтығын бірнеше бірлестіктер араларында кедергі бар жоғына қарамай
қолдана алады.
Мәлімет қоры мәліметтердің қалталық өңделуі үшін дайындалады, өңделу
нақты уақытта мәліметтік қорларда өңделудің осы әдістерінің жиынтығы
ескерілген, ал көптеген жжүйелерде мәліметтік қормен терминалдарға қызмет
көрсеті нақты уақытта қалталық мәлімет өңдеуімен бір уақытта жүргізіледі.
Бүгінгі күнде әлемде 133 миллионнан астам компьютерлер бар, олардың 82%
- дан көбі түрлі ақпараттық – есептегіш тізбектерде, кіші локальді
офистердегі тізбектен жаһандық тізбек Internet-ке дейін, біріктірілген.
Тізбектегі компьютерлерді біріктіруге арналған бүкіл әлемдік тенденция
бірнеше маңызды себептерге байланысты: мысалы ақпараттық хабарларды тарату
шапшаңдығы қолданушылар арасында ақпарат алмасудың шапшаң мүмкіндігі, жұмыс
орнынан тұрмай-ақ жер шарының кез келген нүктесінен қалаған ақпаратты тез
алу мүмкіншілігі, сондай-ақ түрлі бағдарламалық қамту арқылы жұмыс
істейтін түрлі формалардың өз компьютерлері арасында мәлімет алмастыра
алуы.
Мұндай зор патенциалды мүмкіндіктерді алып жүре алатын есептеуші тізбек
пен сол жаңа потенциаолды бой көтере ақпараттық кешенді басынан өткереді.
Және де өндіріс процесінің айтарлықтай қарқындағы бізге оны практика
жүзінде қолданбауға мүмкіндік бермейді.
Ақпараттық тізбектерді жетілдіре түсу үшін ақпараттық технология жөнінде
негізгі білімі бар мамандар қажет. Аталған бағдарламалық қамтама Агро
Консалтинг ЖШС-нің сату бөлімі жұмысын автоматтандыру үшін дайындалған.
Бағдарламалар қалтасы тиімді интерфейспен басқаратын қызмет туралы
ақпараттық - анықтамалық жүйесі бар құрылым.
Автоматтандандырылған жұмыс орнын (АЖО) былай анықтауға болады:
Ол ақпараттық қор кешені ақпараттық техникалық ұйымдастыру технологиялық
тәсілдерді жеке және ұжымдық қолдану, мұның бәрі басқарманың кәсіби
қызметтерінің жекелеген қызметтерді орындау үшін бекітілген кешен [7].
АЖО көмегімен маман мәтіндерді өңдеп, ЭЕМ-нің жадында сақталған оларды
жіберіп, хабарламалар алуға, жиналыстарға қатысу, құжаттардың өз архивін
ұйымдастыруға есептеулер кестелік сызықтық түрде дайын ала алуға мүмкіндігі
бар. Әдетте шешімдер қабылдау процесі мен басқаруды жалпылай алғанда ұжым
атқарады. Бірақ АЖО проблемалық жүзеге асуы қажетті, өйткені басқарушы
персонал басқарудың түрлі деңгейі мен жүзеге асатын қызметтің дәрежесіне
сәйкес болуы тиіс. шешім қабылдау үшін ақпарат дайындау шешімнің өзін
табуға және оны жүзеге асыру түрлі экономикалық қызметтерде жалпыға ортақ
болуы мүмкін және де көптеген қызыметтер көпшілік шаруашылықтар үшін
жинақты болып табылады. Бұл басқарудың өзгермелі, иілімді құрылымын құруға
көмектеседі.
АЖО құрастыру негізінде келесі негізгі шарттар кіреді:
1. Соңғы тұтынушыға барынша икемделген, АЖО дағдыларының тәсілдерінің
инструментальдылығын құру, тұтынушының өзін - өзі оқыту деңгейіне
дайындығы.
2. Кейбір білімді түрлендіру, яғни АЖО – ның көмегі арқылы өздігінен
жаңа қызыметтер мен тапсырмаларды шешіп, автоматтандырып, жүйеге жұмыс
істегенде тәжірибе жинақтау.
3. АЖО келеңсіздік бағдарын белгілі тапсырма класын шешуге арнау, ол ДК
– мен жұмыс істейтін мамандарға тән жұмыс режимінің бірлігі мен қанауы
ақпаратты жалпы технологиялық өңдеудегі бірлігі.
4. АЖО мәліметті өңдеу жүиесінің басқа элементтерін мен түиіндестігін
қамтамасыз ететін құрылымның модульділігі, және АЖО қызмет істеуін
тоқтатпай мүмкіндіктерін асыру мен медификациялау.
5. Эргономика яғни тұтынушы үшін жұмыс істеудің тиімді шарттарын құру
және жүиемен байланыстығын достық қарым-қатынасты құру.

1.4 Ағымдық техникалық қамсыздандыру

Компанияның қызметі, ұжымның алдына қойылған мақсаты, қызметкерлердің
орындайтын жұмыстарының тиімділігі техникалық қамсыздандыруға тікелей
байланысты. Ескірген құрылғылар, бағдарламалық жабдықтар қолданушы
компаниялар өз мүмкіндіктерін өздері шектейді, оларда түгел алынбаған пайда
көлемі өсе береді.
Агро Консалтинг компаниясы өз қызметтерін одан әрі жетілдіру үшін
заманауи техникалық құрылғыларды пайдаланады және әрбір қызметкер
компьютерлендірілген жұмыс орнымен қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар, өз
қызметіне қажетті телефон, факс, принтер, сканер, ксерокс және т.б. сияқты
барлық жабдықтармен жабдықталған.
Компанияның ағымдық жүйедегі техникалық құрылғыларына сипаттама:
компьютер - Intel Pentium IV 700-(RAM 1 Гb, HDD 80 Gb, CD-ROM 52X), принтер
- Canon LBP-1120 лазерлік принтері (A4, 8ppm,600*600 dp1,2 Mb, 10 pages
мин шығарады), сканер - Mustek ScanExpress A3 USB.
Компания өз қызметтеріне орасан зор пайда әкелетін, тұтынушылар санын
арттыруға көмек беретін, сатылым нәтижелері туралы мәліметтерді тез
қатынауға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қосылған
және ғаламторда өз сайты орнатылған. Кеңсе ішіндегі барлық компьютерлер
локальды желі арқылы байланысқан.
Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін операциялық жүйелердің арнайы түрлері –
желілік операциялық жүйесі қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір
орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell
NetWare, т.б.). Қолданыстағы ОЖ түрлері мыналар - Windows NT, Windows 2000
Professional, Windows 2000 Server нұсқалары.

1.5 Берілгендерді өңдеу технологиясының әлсіз жақтары

Қазіргі таңда көптеген ақпараттық жүйелер бар. Әрбір жүйе өзі жұмыс
істеп отырған объектті толық сипаттауы тиіс. Кез келген жүйеде берілген
тақырыпты толық қамтамасыз ететін бағдарлама, оның қасиеттері туралы
сипаттама және оның өнімдері туралы анықтамасы болуы тиіс.
Ақпараттық жүйе жасамай тұрып, бағдарламашы сол тақырыптағы негізгі
мәселелерді білуі тиіс. Бұл бағдарлама Агро Консалтинг компаниясының сату
бөлімін автоматтандыруға арналған.
Агро Консалтинг компаниясының сату бөлімінде әр күн сайын
бағдарламалық жабдықтарды клиенттерге сатып, олпрды жеткізіп берушілерден
қабылдап отырады.
Агро Консалтинг компаниясының сату бөлімінде арналған арнайы
бағдарлама құруға негіз болған себептер мыналар:
• Агро Консалтинг компаниясының сату бөлімінің жұмыс істеу
жылдамдығының төмендігі;
• клиенттер берген тапсырыстардың уақтылы орындалмай жатуы;
• тапсырыс берген клиенттермен қайта хабарласу мүмкіндігінің
жоқтығы;
• жұмыста кемшіліктердің көп болуы;
Сондықтан Агро Консалтинг компаниясының жұмысын толық
қамтамасыздандыратын, қателіктерге жол бермейтін, оперативті және сенімді
түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе жасау туралы шешім
қабылданды. Бұл бағдарламаны пайдалану Агро Консалтинг компаниясына
мынадай пайда әкеледі:
- оперативті түрде жұмыс жасау;
- сенімділік;
- қауіпсіздік;
- құжаттардың жойылып кетуінен сақтау;
- сервисті күшейту;
- керекті ақпаратты тез табу;
- жұмыс істеу ақысын төмендету;
- жұмыс сапасын арттыру;
- оператор жұмысын жеңілдету және т.б.
Жүйені жасағанда адам-машина қатынасына көп көңіл бөлінді. Агро
Консалтинг компаниясында адамдардың компьютерлік білімі бұл бағдарламамен
жұмыс істеуге жеткілікті. Сондықтан қарапайым адамға негізделген бағдарлама
жасалған. Тек оператор өзінің пайдалы тірліктермен айналысып жатқанын
сезінгенде ғана ЭЕМ-мен жұмыс жасау тиімдірек болып көрінеді. Басқа
жағдайда (бағдарлама түсініксіз анықтамалар бергенде және т.б.) оператор
компьютерді пайдалануын доғаруға тырысады.
Компанияда ең көп тараған кемшіліктер:
- ақпараттық орасан көлемді болуы;
- есептеу қиындығынан объекті басқаруға қажетті есептеу
көрсеткіштерінің мүмкіндіксіздігі;
- ақпаратты өңдеудің қиындығы (көлемді және уақыттық параметрлер);
- объекті басқару сапасын төмендететін жедел ақпараттың өңделу
жылдамдығының төмендігі;
- ақпарат ағынының қосарланушылығынан есеп шешімінің нақтылығының
төмендігі;
- ақпарат беру, өңдеу, өткізу және жинау үрдісінің сенімсіздігі;

1.5.1 Объектіні анықтау

Delphi тіліндегі бұл модельдің негізгі тірегі қолданылатын кодты
максималдау болып табылады. Бұл құрушыларға дайын объектерді
пайдалау арқылы қосымшаларды құруды жылдамдату мүмкіндігін береді.
Сонымен қатар, Delphi ортасында өздерінің жеке объектерін құруға
мүмкіндік береді. Құрушылар құра алатын объектердің типтеріне
шектеулік жоқ. Барлығы да Delphi – де жазылған, сондықтан құрушылар
ортаны құруда қолданылатын объектерге және инструменттерге қол
жеткізе алады. Қорытындылай келгенде, Borland немесе басқа да
фирмалардың объектілері арасында және өзіңіз құрған объекттер
арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Delphi – дің құрамына 270 базалық класстар иерархиясынан сәтті
таңдап алынған негізгі объекттілер кіреді [10].

1.5.2 Беріктікке қойылатын талаптар

1. Бағдарламалық комплекс қамтамасыз ету керек:
- Тауарларға берілген кодтарын дұрыс енгізу;
- Сұранысты дұрыс жіберу;
- Толық құрылған тіркеу есеп беру қызметін толықтыру;
- Берілгендерге іздеу жүйесін құру;
- Құрылған мәліметтерді баспаға шығару.

2. Бағдарлама комплексі келесіні атқару керек:
Берілгендерді жаңадан енгіздірту қызметін атқару керек.
- Берілгендерді редактірлеу және жою қызметі орнатылу керек;
- Жаңадан құрылған берілгендерді оқуға, есеп беруге және баспаға
шығару қызметі орындалу керек;
-Қауіп төнген жағдайда парольді ауыстыру қызметі болуы керек.
2 Жобалық бөлім

2.1 Құрастырылатын бағдарламалық қамтамаға негіздеме

Ұйымдастыру басқармасы жүйесіне БҚ құру оны құрылымдап, жобалау
кезеңіндегі өткізуін құрады.
БҚ құрылымдауға қызмет ету ортасын сипаттау кіреді: БҚ – ның жұмыс істеу
қабілетін қамтамасыз ету және функционалды ішкі жүйе олардың байланысы,
тұтынушы мен техникалық тәсілдердің жылы қарым – қатынасы, бағдарламалық –
ақпараттық тәсілдердің параметрлерін зерттеу, шектеулер мен талаптарды
қанағаттандыратын тексерулерді қарастырады.
БҚ құрылымына функционалды және қамту бөлігі. Функционалды бөлігі БҚ
нақты мазмұнын анықтайды, тұтынушының қызмет ету ерекшелігін көрсететін бір
– бірімен жалғас тапсырмалар жиынтығын сипаттайды. Функционалды қамтуды
даярлаудың негізінде тұтынушының БҚ деген талаптары мен (кіретін ) енетін –
шығатын ақпарат туралы сипаттамасымен қоса функционалды кәсібилігі жатады,
және сенімділік деңгейінің әдіс – тәсілдері, ұстаушылар қолданылатын
ақпарат саласы, жылы қарым – қатынас. Әдетте осында рұқсат етілмеген
тәсілдерден сақтанудың сипаты мен үзіліс болғанда қайта қалпына келтіру
жүйесі, ойластырылмаған жағдайда басқару тәсілдерін де жатқызады.
Қамтамасыз ету бөлігі қамтудың дәстүрлі түрлерінен тұрады: ақпараттық,
бағдарламалық, техникалық, технологиялық және басқалар.
Ақпаратпен қамту ұйымының ақпараттық қорын сипаттайды, ақпараттық
байланыстарды ретке келтіреді, ақпараттық көрсеткіштің бүкіл жүйесінің
құамын белгілеп, мазмұндайды.
БҚ-ның бағдарламалық қамтуы жалпы және функционалды болып бөлінеді.
Жалпы бағдарламалық қамту ДЭЕМ – мен кешенде қарастырылады да операциялық
жүйелерді ендіреді, және қолданбалы бағдарламалар, операциялық жүйелердің
мүмкіндіктерін кеңейтетін, диалогтың бағдарламалық тәсілдері және
басқаларды енгізеді.
Жалпы БҚ процессордың жұмысын басқаруға арналған, жадқа кіруді
ұйымдастырады, перифериялық құрылғылар, процессорды басқару мен жіберу,
қолданбалы бағдарламаларды орындау, бағдарламалардың жоғары дәрежедегі
тілде орындалуын қамтамасыз етеді.
Функционалды БҚ функционалды автоматтандырылғанына арналған, ішіне
әмбебап бағдарламалар мен функционалды қалталар кіреді. Мұндай
бағдарламалық тәсілдерді жобалағанда нақты тұтынушыға жобаланған бағдар
принциптерін сақтаған дұрыс. Бағдарламалық және техникалық қамтуға арналған
талаптардың қосындысы тұтынушының көптеген функцияларынан танылады, және
бұл тұтынушының кәсіби бағдарлау проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
БҚ ТҚ ДЭЕМ қоры бойынша ақпаратты өңдеу тәсілі мен техникалық кешенді
ұсынады, ол маманның пәндік және проблемалық жақтарды шешкендегі кызметінің
автоматтандырылуына белгіленген. Ұйымдық басқару саласы маманының БҚ әдетте
жеке немесе ұжымдық тұтынатын ДЭВМ-ге негізделеді. БҚ технологиялық
қамтылуы маманның қызметіне сәйкес, БҚ шешілетін тапсырмалар кешенінің
технологиялық процесті пайдаланған тұсына белгіленген.
Технологиялық процесс енгізуді, мәліметті бақылауды, жөндеуді, жинауды,
сақтауды, іздеуді, қорғауды, сыртқа шығатын құжаттарды алатын функционалды
жұмыстардың жиынтығы болып табылады. Тұтынушы кейбір ұжымның мүшесі болып
табылуына қатысты және онда белгілі бір қызмет атқаратын болғандықтан
орындаушылардың тапсырманы шешудегі технологиялық өзара қимылын қарастырған
дұрыс, мамандардың бірге жұмыс істеу шарттарын қамту керек. Бұл ережелердің
БҚ тұтынушылардың лауазымдық басшылықтары мен кәсіби талаптарында көрініс
тапқаны жөн.
БҚ жүйелеу негізінде бірқатар кәсіби белгілер жатады. Қолдану аумағын
есепке ала отырып БҚ функционалды белгілеріне қарап жіктеуге болады.
БҚ маңызды жүйелеу белгісіне оның игерілу тәртібі жатады, содан бірегей
топтық және тізбектік игеру тәртіптері туындайды. Бірінші жағдайда БҚ ДЭЕМ-
ге негізделіп іске асырылады. Мұнда бар ресурс тұтынушының монопольды жеке
басқаруындағы билігінде болады. мұндай жұмыс орны стандартты емес, кәсіби
тапсырмаларды шешуге және оны жүзеге асыру үшін ЭЕМ аз күштілікте қолдануға
бағытталған [14].
Топтық игеру тәртібі бір ЭЕМ мәліметтік негізінде әкімшілік не
функцияналды тұтастығына қарай іріктірілген бірнеше жұмыс орнын жүзеге
асырады. Мұндай жағдайда енді күшті ЭЕМ мен едәуір күрделі БҚ талап
етіледі. Игерудің топтық тәртібі әдетте мәліметті өңдеудің бөлінуін
ұйымдастыруда қолданылады, бұл бір жеке бөлімшенің немесе мамандар мен
басшылардың сенімді тобына қызмет көрсететін ұйым болады.
БҚ игерудегі тізбектік тәртіп алғашқы мен екіншінің жетістіктерін
біріктіреді. Бұл жағдайда әрбір БҚ бір ЭЕМ негізінде құрылады бірақ дәл сол
уақытта есептеуіш тізбектің жалпы қорын қолдануға да мүмкіндігі бар.
БҚ жіктеудің тағы бір түрі олардың міндеттерді шешу түріндегі
жүйелілігіне байланысты.
БҚ белгілі бір топқа негіздеп енгізу терең әрі жан – жақты сараптауды
қажет етеді, бір типті БҚ – ның ішінен ең тиімдісін таңдау мақсаты
салыстырмалы баға беру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Аталмыш жағдайда, БҚ
қарастырылуы сату бөлімін басқарудағы қызметкердің ақпаратты енгізу –
шығару, сақтау, бақылау және алмастыруын қарастырады.

2.2 Ақпараттық жабдықтау

Пәндік облысты талдау нәтижесінде осы пәндік облысты сипаттайтын 11
объект бөлініп алынды. Әрбір маңыз атрибуттарының сипаттамасы 2.1-2.11
кестелерде көрсетілген. Тауарлар маңызы БЖ туралы толығырақ ақпараттарды
сақтау үшін арналған. Оның өрістері сипаттамасы 2.1 кестеде көрсетілген.
Бұл маңыздың қажеттілігі клиенттермен жұмыс жасағанда олардың сұранысына
сәйкес тауарды тауып беруге және менеджер қажет кезінде сол тауар жайлы
толық мәліметті алуға мүмкіндік туғызады.

2.1 кесте
Тауарлар кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Тауар коды Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
БЖ категориясы Сыртқы кілт. БЖ категориясы
Өндіруші Сыртқы кілт.Өндірушілер
Аталуы БЖ атауы
Платформа Сыртқы кілт.БЖ платформасы
Жұмыс орны БЖ.тардың қанша орынға арналғандығы
Тілі БЖ тілі
Бағасы БЖ бір данасының құны
Сурет БЖ бейнесі
Сипаттама БЖ туралы қосымша мәліметтер

Қызметкерлер кестесі бөлімде жұмыс істейтін қызметкерлер туралы
мәліметтерден тұрады. Осы кестенің пароль өрісіне енгізілген мәндер жүйеге
енерде әрбір қолданушыға сәйкес келуі қажет. Бұл өріске мәнді тек
енгіземіз, ал кестеден жасырын етіп алынып тасталынған. Бұл ақпараттың
қауіпсіздігін қамтамассыз етеді. Кесте өрістерінің сипаттамасы 2.2 кестеде
көрсетілген.

2.2 кесте
Қызметкерлер кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Қызм_коды Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
Фамилия Қызметкердің фамилиясы
Аты Қызметкердің аты-жөні
Жөні Қызметкердің тегі
Пол Жынысы
телефон Қызметкердің байланыс телефоны
Сурет Суреті
Толық мәлімет Қосымша мәліметтері
пароль Әрбір қызметкердің жүйеге ену паролі

Өндірушілер кестесі БЖ-ді өндірушілер туралы мәліметтен тұрады. Кесте
өрістерінің сипаттамасы 2.3 кестеде көрсетілген.

2.3 кесте
Өндірушілер кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Код Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
Өндіруші өндірушілердің атауы
Ел БЖ өндірген мемлекет

Жеткізіп берушілер кестесі БЖ-ды жеткізіп беруші компаниялар жайлы
мәліметтерді құрайды. Кесте өрістерінің сипаттамасы 2.4 кестеде
көрсетілген.

2.4 кесте
Жеткізіп берушілер кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Жеткізу коды Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
Жеткізіп берушілер Жеткізіп беруші компаниялар атауы

Кіріс құжаты кестесі сатылған тауарларды тіркеуге арналған кіріс
құжаттарының мәліметтері. Кесте өрістерінің сипаттамасы 2.5 кестеде
көрсетілген.

2.5 кесте
Кіріс құжаты кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Қабылдау күні Тауарларды қабылдаған күн (ағымдық)
Құжат нөмірі Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
Ұйым Ұйым атауы
Жеткізіп беруші Сыртқы кілт. Жеткізіп берушілер атауы
Қызметкер Сыртқы кілт. Қызметкер атауы

Кіріс құжатының бөлшектері кестесі қандай тауарлардың қанша көлемде
қабылданғандығы туралы ақпаратты қамтиды. Кесте өрістерінің сипаттамасы 2.6
кестеде көрсетілген.

2.6 кесте
Кіріс құжатының бөлшектері кестесінің құылымы

Баған атауы Сипаттама
Құжат номері Сыртқы кілт. Құжат номері
Тауар коды Сыртқы кілт. Қабылдаған тауарлар коды
Саны Тауар саны
Сату бағасы Сатылу бағасы

Шығыс құжаты кестесінде сатылған тауарларды тіркейтін шығыс құжаттары
мәліметтері жинақталған. Кесте өрістерінің сипаттамасы 2.7 кестеде
көрсетілген.

2.7 кесте
Шығыс құжаттары кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Сату күні Сатылу күні (ағымдық)
Құжат номері Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
организация Ұйым атауы
ФИО Сатушы қызметкердің аты-жөні

Шығыс құжаттарының бөлшектері кестесі сатылған тауарлардың түрі мен
санын құрайды. Кесте өрістерінің сипаттамасы 2.8 кестеде көрсетілген.

2.8 кесте
Шығыс құжатының бөлшектері кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Құжат номері Сыртқы кілт. Шығыс құжаттарының нөмірі
Тауар коды Сыртқы кілт. Тауар коды
Саны Сатылған тауар саны

Категориялар кестесінде БЖ-дың ктегориялары көрсетілген. Кесте
өрістерінің сипаттамасы 2.9 кестеде көрсетілген.

2.9 кесте
Категориялар кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Код Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
Категориялар Қатегория атауы

Платформа кестесі БЖ-дың платформалары туралы мәліметтерді қамтиды.
Кесте өрістерінің сипаттамасы 2.10 кестеде көрсетілген.

2.10 кесте
Платформа кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Код Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
Платформа Платформа атауы

Тілі кестесі БЖ-дың тілі туралы мәліметтерді қамтиды. Кесте
өрістерінің сипаттамасы 2.11 кестеде көрсетілген.

2.11 кесте
Тілі кестесінің құрылымы

Баған атауы Сипаттама
Код Біріншілік кілті. Әрбір жазбаның уникальдылығын
қамтамасыз етеді.
Тілі БЖ тілі

Байланыс құрылымын құрастыру
Пәндік облыс объектілері арасында инфологиялық модельдің объекттері
арасындағы байланыс түрінде бейнеленуі тиіс байланыстар бар. Байланыс
маңыздар арасындағы логикалық қатынастар болып табылады. Графикалық
байланыс байланысатын объекттерді қосатын сызықтармен белгіленеді.
Байланыстың әрбір бағытында байланыс басталатын басты және бағынышты
объектті бөліп көрсетуге болады [15].
Идентификациялайтын және идентификацияламайтын байланыстар бар.
Идентификацияламайтын байланыс орнату барысында қосымша маңыз тәуелсіз
болып қалады. Ата-тек маңызының экземпляры қосымша маңыздың қандай да бір
экземплярына қатыссыз бола алады. Идентификациялайтын байланыс барысында
бағынышты маңыз экземпляры ата-тек маңызының экземплярына тәуелді болады
және онсыз өз лдына жеке бола алмайды.
Байланыс қуаттылығын бір маңыздың экземплярларының басқа маңыз
экземплярларымен байланысының максимал саны көрсетеді. Бірі-біріне
қатынасында маңыздың бір экземляры басқа маңыздың бір экземплярымен
байланысты. Бірі-көбіне қатынасында ата-тек маңызының бір экземляры
қосымша маңыздың бірнеше экземплярымен байланысты. Көбі-көбіне қатынасы
бірінші маңыздың бір экземляры екінші маңыздың бірнеше экземплярымен,
екінші маңыздың бір экземпляры бірінші маңыздың бірнеше эеземплярымен
байланысты болады.
Бұл жұмыста тек идентификациялайтын байланыс қана қарастырылған.

Қатынастарды қалыпқа келтіру
Деректер қорының схемасы сәтсіз болуы мүмкін: артық нәрселер және
аномалиялар туындайды. Қалыпқа келтіру – деректердің реляциялық моделіне
қойылатын талаптарды қанағаттандыру мақсатында маңыздар мен атрибуттарды
тексеру және қайта ұйымдастыру процесі. Қалыпқа келтіру процесінің мақсаты
деректердің артық болуы және аномалияларын жою болып табылады [16].
Қатынас бірінші қалыпқа келтіру формасында болады, егер оның барлық
атрибуттары атомарлы болса, яғни бөлінбейтін мәндерден тұратын болса және
қайталанушы топтары жоқ болса.
Қатынас екінші қалыпты формада болады, егер ол бірініш қалыпты формада
болса және кілттік емес әрбір атрибут құрамдық кілттен толығымен
функционалды тәуелді болса. Толық тәуелділік бұл – кілттік емес атрибут
барлық кілттік атрибуттарға тәуелді болуы тиіс. Біріншілік кілттің тек
бөліктеріне тәуелді атрибуттар жеке кестелерге бөлінуі қажет [17]. Екінші
қалыпты формадағы қатынастарда артық деректер және ауытқуларға, мысалы
жаңарту аномалияларына әкеп соқтыратын транзитивті тәуелділіктер болуы
мүмкін. Мұндай транзитивті тәуелділікер осы атрибуттарды бірінің мәнін
өзгерту барысында олардың қайталануына және жаңарту аномалияларына әкеп
соқтырады.
Бұл кемшіліктер үшінші қалыпты формда жойылады. Қатынас үшінші қалыпты
формада болады, егер ол екінші қалыпты формада болса және онда кілттен
кілттік емес атрибуттардың транзитивті тәуелділіктері болмайтын болса, чғни
кілттік емес атрибуттар арасында тәуелділіктер болмауы қажет.
Қатынастарды үшінші қалыпты формаға келтіру үшін оның ішінде транзитивті
тәуелділіктер тізбектерін табу қажет және транзитивті тәуелділіктер
тізбегін тұйықтайтын атрибуттар ішінен жеке қатынастарды бөліп алу қажет.
Қатынастарды қалыпқа келтіру формальді емес декомпозиция көмегімен
жасалады.
Осылайша, қатынас үшінші формада екенін тексеру қажет, егер жоқ болса –
схеманың барлық қатынастарын декомпозиция жолымен қалыпты формаға келтіру
қажет.
Өндіруші маңызы үшінші қалыпты формада, өйткені онда құрамдық
біріншілік кілт бар және онда атрибуттар арасында транзитивті тәуелділіктер
жоқ, кілттік емес атрибуттар (Елі, Өндіруші) функционалды түрде
толығымен кілттік атрибуттарға тәуелді.
Тауарлар және Қызметкерлер маңыздары үшінші қалыпты формада және
барлық қойылған талаптарды қанағаттандырады.
Сонымен, деректер қорын жобалау барысында қатынастарды үшінші қалыпты
формаға дейін қалыпқа келтіру жасалды, яғни кілтке тәуелді емес кілттік
емес атрибуттар жойылды. Осылайша барлық кілттік емес атрибуттар
функционалды түрду толығымен кілтке тәуелді және транзитивті тәуелділіктер
жоқ.
Пәндік облыстың инфологиялық моделін тексеру қайталанатын топтардың және
транзитивті тәуелділіктердің жоқ екенін және де кілттік емес атрибуттардың
құрамдық кілтке тәуелділігін көрсетті.
Бұл қатынастардың үшінші қалыпты формада екенін көрсетеді – бұл формада
артық деректер және аномалиялар жойылады [18].

2.2.1 Берілгендер қорының функционалдығын таңдау

Delphi- бұл бірнеше қажет технологиялардан тұратын комбинация:
- машиналық кодқа айналдыратын үлкен дәрежедегі компилятор;
- объектілі-бағыттаушы модель компоненті;
- бағдарламалық прототиптер қосымшалары визуалды (тізбектелген
және жылдам) құрылған;
- БҚ-ды құру үшін үлкен көлемді құралдардан тұрады;
Delphi-ге енгізілген компилятор клиент-сервер архитектурасында
қосымша құру үшін үлкен деңгеймен қамтамасыз етеді. Бұл
компилятор әлемдегі ең жылдам болып саналады, оның құрастырылып
жатқан бағдарламаларға жеңілдік ұсынады және дайын бағдарлама
блокты тез уақытта тексереді. Бұндай мінездеме (4GL) төртінші мұра
тілдеріне және (3GL) компилятор мінездемеге жататын кодтың сапасын
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Delphi Си-ға жазу қойылымынсыз
тезарада құрылымды қамтамасыз етеді немесе қолмен жазу кодсыз
(бірақ бұндай іс әрекеттерді қолдану мүмкін болса да) [17].
Қосымшаны құру барысында құрастырушы политра компонентерден дайын
компоненті алып суретші секілді үлкен көлемді қаламсаппен бояп
жатқан бейнені жасайды. Тағы да құрастырушы компиляцияның алдында
өзінің жұмысын көре алады, ал кейін берілгендерге қосылғаннан кейін
оны форма түрінде бейнеленгенін көруге болады. Мұнда берілгендер
арасында ауысуға және оларды түрлі көріністер түрінде көрсетуге
болады.
Delphi-де жобаны құру басқа интерпритатор жоба ортасынан еш
қандай айырмашылығы жоқ, алайда жобаны компиляторға жіберген
кезде олардың жылдамдығы екі түрлі, Delphi-де жобаны құру
компилятордың 10-20 есеге тез атқаратынына көз жеткіземіз. Бұнымен
қатар Delphi-де жүргізілетін компиляция өзінің машина кодын
қолданады, ал басқа компиляторлар секілді бірінші бағдарламаны р-
кодқа кейін р- машина виртуалды интерпритатор кодына ауыстырмайды.

Объектілі-бағыттаушы модель компонент.
Осы Delphi-де максималды реқолданушы кодты пайдалану арқылы
басты модель тірегі жасалынды.
Бұл құрастырушыларға қосымшаны құру үшін алдын ала дайын
объектіні қолдану арқылы жылдамдықты асырады, сонымен қатар оларға
өзінің объектілі ортасын Delphi ортасында құруға мүмкіндік береді.
Объект типтерін құру үшін ешқандай шек қойылмайды. әрине Delphi-де
құрылған объектілер Delphi өзінде де пайдаланады, сондықтан
құрастырушы ортада қолданылған объектілер мен инструменттерге
ешқандай қол жеткізу рұқсаты керегі жоқ. Соңғы шешіміне келсек
объектілірдің арасында ешқандай айырмашылық жоқ екеніне көз
жеткіземіз. Ол Borland не басқа фирма объектілерін қолданса да
айырмашылық жоқ екенін көреміз.
Delphi-дің стандартты қойылымына басты қажет объектілер кіреді.
Және олар сәтті иерархиялық таңдалынған 270 базалық класстардан
тұрады. Delphi бағдарламасында корпоративті БҚ қосымшасын қалай
жақсы жазсақ солай мысалға ойын бағдарламасын да құруға болады.
Бұл мынамен түсіндіріледі, бұл Windows ортасында қолданушы
интерфейсін іске асыру өте қиын еді. Бұл модель Windows-та әр
қашан откладкаларды және түсініктерді түсінуі қиын еді. Ал Delphi-
де құрылған интерфейстер программистер үшін ең қарапайым есептерге
жатады.

2.2.2 Берілгендер қоры қолданбасын құру құралдары

Delphi жүйесі берілгендер қоры қолданбасын, яғни ақпараттың электрондық
қоймасына қызмет көрсететін программасын дайындаудың ең тиімді құралы болып
табылады. Бұған үш жағдайда көз жеткізуге болады: өнімділігі жоғары түрлі
пішімдегі деректерге машиналық қатынас құруымен (Borland Database Engine,
BDE), осы қолдану саласына бейімделген көптеген сыңарлар мен
технологиялардың болуымен және Delphi-мен бірге серверді әкімшілендіру
кезіндегі ықшам, қуатты және қарапайым InterBase дерекқорының жеткізілуі
арқылы.
BDE машинасы түрлі пішімдегі деректерге (dBase, Paradox типті жергілікті
кестелерге, InterBase, MS SQL Server, Oracle, Informix және т.б.
дерекқорлардың серверлеріне) қатынас құру құралы болып табылады. BDE
машинасының негізгі ерекшелігі dBase, Paradox, FoxPro жергілікті
кестелеріне қатынас құру үшін өзінің өнімділігі жоғары драйверлерін,
сонымен қатар дерекқордың серверлеріне қатынас құру үшін SQL бейімдеуіш
драйверлерін (бұл драйверлер жиынтығы SQL Links деп аталады) қолдануына
негізделеді. Өзіндік драйверлердің орнына қалауы бойынша ODBC (Open
DataBase Connectivity Interface – деректермен өзара әрекеттесуге арналған
ашық интерфейс) стандартына сәйкес келетін бөтен өндірушілердің драйверлері
қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар Delphi-дің 6-шы және 7-ші нұсқаларында
ADO, InterBase Express, dbExpress течнологиялары бойынша қатынас құрудың
балама BDE құралдарын қолдану мүмкіндігі пайда болды.
Delphi-мен бірге ұсынылатын InterBase берілгендер қоры Delphi арқасында
дүниежүзіне танымал болды (InterBase АҚШ әскерінің әртүрлі әскери
жүйелерінде кеңінен қолданылуына байланысты Delphi-дің бірінші нұсқасы
пайда болғанға дейін оны қолдануға тыйым салынған). Бұл сервер Borland-тың
InterBase Software Corporation туынды бөлімшесімен құрылған, ал оның Delphi-
мен бірге жеткізілуі дайындаушыларға клиент-сервер сәулетіне есептелген
программаларды сынау құралдарын беру қажеттігімен түсіндіріледі. InterBase
сервері қалған барлық дерекқор серверлері ілесетін SQL-92 стандартына
максимал дәрежеде сәйкес келеді.
Бір және екі деңгейлі Delphi қолданбасы келесідей механизмдерді қолдану
арқылы жергілікті және қашықтағы дерекқорларға қатынас құруды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі жүйелер
Спорттық киімдер дүкенінің жұмысын автоматтандыру үшін бағдарлама құру
1С бағдарламасын әлеуметтік мессенджерлермен байланыстыру
Стартаптардың даму кезеңдері және классификациясы
Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру
Тапсырманың берілген күні
Кәсіпкерлік қызметке салық салу
Кіші жүйені бюджеттеу
Басқарудың ұйымдық құрылымы
Мамандар бөлімінің ақпараттық деректері
Пәндер