Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі маманының автоматтандырылған жұмыс орнын құру


Мазмұны

Аннотация . . .
Аннотация . . .:
:
Аннотация . . .:
:
Аннотация . . .: Кiрiспе . . . . . .
:
Аннотация . . .: 1 Аналитикалық бөлім .
:
Аннотация . . .:

1. 1 Ақпараттық жүйелер құрудың теориялық негіздері

:
Аннотация . . .:

1. 2 «Шымкент қаласының экономика және қаржы» бөлімінің

қысқаша сипаттамасы

:
Аннотация . . .:

1. 3Ақпараттық жүйе құрудың тағайындамасы және мақсаты

:
Аннотация . . .:

1. 4 Есептер кешенінің қойылуы

:
Аннотация . . .:

1. 5 Есеп кешенін автоматтандыру бойынша жобалық шешімдерді негіздеу және техникалық базасы

:
Аннотация . . .: 2 Жобалық бөлім
:
Аннотация . . .:

2. 1 Экономикалық басқарудың ақпараттық жүйесін құру

:
Аннотация . . .:

2. 2 Ақпараттық жүйенің техникалық қамтамасыз етілуі

:
Аннотация . . .:

2. 3 Ақпаратты беру, өңдеу, хабарлау, және жинақтау технологиясын ұйымдастыру

:
Аннотация . . .:

2. 4 Есеп кешенінің математикалық жабдықтау

:
Аннотация . . .:

2. 5 Есеп кешенінің бағдарламалық жабдықтау

:
Аннотация . . .:

2. 5. 1 Жалпы жүйелік бағдарламалық жабдықтаудың сипаттамасы

:
Аннотация . . .:

2. 5. 2 Арнайы бағдарламалық жабдықтаудың сипаттамасы

:
Аннотация . . .: 3 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
:
Аннотация . . .:

3. 1 Кәсіби қауіпсіздікті және денсаулықты бағалау мен басқару

:
Аннотация . . .:

3. 2 Өндірістің зиянды және қауіпті факторларын талдау

:
Аннотация . . .:

3. 3 Санитарлық техникалық іс - шаралар

:
Аннотация . . .:

3. 4 Жабдықтарды құру, жөндеу кезінде техникалық қауіпсіздік

:
Аннотация . . .:

3. 5 Электр қауіпсіздігі

:
Аннотация . . .:

3. 6 Өртке қарсы іс - шаралар

:
Аннотация . . .:

3. 7 Эргономика

:
Аннотация . . .:

3. 8 Төтенше жағдай кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі

:
Аннотация . . .:

3. 9 Желдету жүйесін есептеу

:
Аннотация . . .: 4 Экономика және бизнес - жоспар бөлімі
:
Аннотация . . .:

4. 1 Ақпараттандырудың экономикалық тиімділігін есептеу

:
Аннотация . . .:

4. 2 Ақпараттандыруды өңдеу мен енгізудің күтілетін экономикалық

:
Аннотация . . .:

эфектісін есептеу

:
Аннотация . . .:

4. 3 Ақпараттандыруға кететін күрделі шығындарды есептеу

:
Аннотация . . .:

4. 4 Жылдық эксплуатациялық шығындарды үнемдеуді есептеу

:
Аннотация . . .:

4. 5 Бағдарламаның өтелу мерзімі

:
Аннотация . . .:

4. 6 Аннотация

:
Аннотация . . .:

4. 7 Түйін

:
Аннотация . . .:

4. 8 Кәсіпорынның сипаттамасы

:
Аннотация . . .:

4. 9 Менеджмент

:
Аннотация . . .:

4. 10 Өнімнің сипаттамасы

:
Аннотация . . .:

4. 11 Маркетингтік жоспар

:
Аннотация . . .:

4. 12 Өндірістік жоспар

:
Аннотация . . .:

4. 13 Ұйымдастырушылық жоспар

:
Аннотация . . .:

4. 14 Қаржылық жоспар

:
Аннотация . . .:

4. 15 Жұмыстардың орныдалу тізбесі

:
Аннотация . . .:

4. 16 Жобаның тәуекелділігін талдау

:
Аннотация . . .:
:
Аннотация . . .: Қорытынды
:
Аннотация . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
:
Аннотация . . .: Қосымша
:

Аннотация

Диплом жұмысын дайындаушы: Әлімбетова Ш. М.

Дипломдық жұмыс атауы: «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі маманының автоматтандырылған жұмыс орнын құру»

Диплом жұмысы дайындаолған орын: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Диплом жұмысының жетекшісі: Ботаева С. Б.

Сандық мәліметтер:

  • беттер
  • кесте және иллюстрациялар
  • пайдалынылған көздер
  • қосымша

Бұл дипломдық жұмыста «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі маманының автоматтандырылған жұмыс орнын құруға байланысты ақпараттық интерфейс жасалынған.

Дайындалған жүйенің негізгі мүмкіндіктері:

  • ақпараттық жүйелер мен мәліметтер қоймасы бойынша ақпарат жинау;
  • жүйені пайдаланушыға арналған арнайы тапсырмалар мен теориялық мәліметтер ұсыну;
  • қажетті ақпаратты әртүрлі ақпарат жинағыштарға тасымалдау;
  • бақылау қорытындыларын арнайы есеп түрінде экранда көрсету.

Бағдарламалық жабдықты дайындау мәселесінде Borland Delphi 6. 0, 7. 0 және офистік программалар қолданылған.

Аннотация

Разработчик дипломной работы: Алимбетова Ш. М.

Название дипломной работы:орысшасын сурап жаз

Место подготовление дипломной работы: Южно - Казахстанский государственный университет им. М. Ауезова

Числовые данные

  • страницы;
  • таблицы и иллюстрации;
  • использованные источники;
  • приложения. В этой дипломной работе разработан информационный интерфейс для создания информационной системы государственного учреждения «Отдел экономики и финансов города Шымкента».

Основные возможности разработанной системы:

  • сбор информации по информационным системам и базам данных;
  • предоставление для пользователя системы специальных заданий и теоритический данных;
  • необходимую информацию записывать на различные информационные носители;
  • результаты контроля показать в специальной отчетной форме на экране.

При подготовки програмного обеспечения использованы программы Borland Delphi 7. 0 и офисные приложения

Разработка автоматизированного рабочего места специалиста Шымкентского городского финансового отдела

Development of the automated expert workplace of Shymkent city finance division

Кіріспе

Заманауи маман - экономист негізделген шешімдерді қабылдай білуі қажет. Ол үшін менеджмент негіздері, ішкі экономикалық қызмет негіздері, банк ісі, әкімшілік басқару, салық салу дәстүрлі білімдермен қатар ол ақпараттық жүйелерді құру бойынша ақпаратпен жұмыс істеуді меңгеруі қажет. Бүгінгі таңда экономикалық ақпартты өңдеу әртүрлі үлкен идеялар мен әдістерден тұратын өз алдына ғылыми - техникалық бағыт болып табылады. Мәліметтерді өңду үрдісінің жеке комоненттері, нақты экономикалық обьект «экономикалық ақпараттық жүйе» (ЭАЖ) түсінігімен, жоғарыдеңгейдегі ұйымдастыруға және өзара байланыстыққа жетті, ақпаратты өңдеудің барлық құрылғыларын біріктіруге мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйе - қандай да бір обьектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық обьектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпараттық жүйе нақты экономикалық обьект үшін құрылады. ЭАЖ мәліметтерді өңдеу есептерін шешу, конторалық жұмыстарды автоматттандыру үшін, жасанды интеллект әдісіне негізделген, ақпаратты іздеу және басқа есептерді орындауға арналған.

Берілген дипломдық жұмыс өзінің мақсаты ретінде ұйымның қаржылық бөлімін басқару ақпараттық жүйесін құруды алады. Барлық өндірістерде АЖ құруға жоғары ықыластың болуы есептің өзектілігімен түсіндіріледі, яғни ақпараттық жүйе кәсіпорын шығындарын минимализациялау көзі және бизнесті жүргізудегі тиімді әдістері болып табылады, ағымдық нарықтық жағдайға байланысты.

Дипломдық жұмыстың жобалық бөлімі ұйымның қаржылық бөлімін басқару ақпараттық жүйесін құруға арналады. Осы мақсатта өндірістік орта ретінде «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік таңдап алынды. Аталған бөлімнің негізгі міндеттері төмендегідей:

  • Шымкент қаласында экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есептерін дайындау және құрастыру;
  • Заң актілері негізінде өкілеттілік шегінде қалалық коммуналдық меншік бойынша мониторинг жүргізуді жүзеге асыру, оны қорғау туралы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  • Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен жүктелген басқа да міндеттер.

АЖ құру мақсаты мемлекетті органдарға мәліметтерді өңдеу және есептерді дайындау, құрылымдық үрдістерін жеделдету. Берілген ақпараттық жүйе экономика және қаржы бөліміне мемлекеттік органдардың және акционерлер сұранысы бойынша аналитикалық материалдарды тез және әсерлі дайындауға көмектеседі.

Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі алғашында Microsoft Office құралдарын қолданған. Бөлімнің функцияларын орындау барысында Microsoft Office онша эффектілі емес еді.

Ақпараттық жүйе келесі функцияларды орындауы қажет:

  • Мәліметтерді ендірудің құрылымы;
  • Мәліметтерді көру;
  • Сұраныстарды орындау;
  • Есептерді дайындау;
  • Сұраныс бойынша есептер беру.

1 Аналитикалық бөлім

Бұл бөлімде «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекетті мекемесі коғамы туралы жалпы мәлімет, оның қызметтерінің қысқаша сипаттамасы, қазіргі заманғы автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) жайлы, бұл жүйелерді ақпараттық, программалық қамтамасыз ету, техникалық жабдықталуы, Delphi визуальды программалау ортасы және басқа да мәселелер қарастырылған.

1. 1 Ақпараттық жүйелер құрудың теориялық негіздері

Кәсіпорынның шығыны мен шығысының ең негізгі минималды көздерінің бірі және нарықтық экономикалық жағдайға байланысты бизнесті жүргізудің тиімді әдістері болып табылатын ақпараттық жүйелер (АЖ) екеніндігі дәлелдеуді қажет етпейтін факт. Эффектілі ақпараттық жүйе құру үшін келесілерді зерттеу және анықтау керек:

  • Кәсіпорынның экономикалық, техникалық және шаруашылық көрсеткіштері сапалы түрде есептеуге қажетті есептер, ақпарат көздерін және ақпарттық базаны;
  • Ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінің стратегиясы;
  • АЖ құрудағы қажетті негізгі жалпы жүйелік принциптер;
  • АЖ құру және дамыту стратегияларынң үлгілері;
  • АЖ тарату үшін қолданылатын топологиялық және желілік операциялық жүйелер.

Заманауи АЖ ерекше белгісі иерархиялық ұйымдастыру болып табылады, онда АЖ ресурстарымен жалпы басқару және орталықтандырылған өңдеудің жоғары деңгейдегісі мен төмеңгі деңгейдегі өңдеумен сәйкес келеді.

Заманауи АЖ ерекшеліктері:

  1. Компьютерлер және орталар потенциялдарының бөлінген өңдеуде толық қолданылуы;
  2. Біріңғай кешен ретінде сәулеттік шешімдердің әртүрлі типтік жиынының бар болуын білдіретін жүйенің үлгілік тұрғызылуы;
  3. Жоғары деңгейлерде мәліметтерді өңдеудің және орталықтандырылған сақтаудың есебінен жүйенің ресурстарын кономдау;
  4. Иерархиялықның барлық деңгейлеріндегі желінің жұмыс істеуін және басқаруын орындауға мүмкіндік беретін желілік жіне жүйелік әкімшіліктің эффектілі орталықтандырылған құрылғылары саны, сонымен қатар жүйенің конфигурациясының динамикалық өзгеруі және икемділігі қажеттігін қамтамасыз етеді.

Жаңа ақпараттық технологиларға - инегрирленген мәліметтер қоры негізінде ақпараттардың өтуінің барлық кезеңдерінде жанама ақпараттық демеу, біріңғай унифицирленген ұсыным формассын қарастыратын, бейнелеу, қалпына келтіру және мәліметтерді қорғау жатады.

Кәсіпорынды басқаруды автоматтандырудың заманауи кезеңі мәліметтерді өңдеп таратуда жүйенің даму шапшаңдылығымен сипатталады:

  • Мәліметтерді өңдеу құрылғыларын олардың пайда болу және қолдану орындарына максималды жақындата отырып ақпаратты өңдеуді тездету;
  • Басқарушы қызметкерлер құрамының әртүрлі және жиі өзгеретін ақпараттық қажеттіліктерін эффективті қанағаттандыру;
  • Шапшаң басқару обьектілеріне шешім қабылдауды қамтамасыз ету, барлық есептеу жүйесіне кететін шығындарды азайту;
  • Жүйенің ыңғайлылығын және өміршеңдігін арттыру;
  • Басқару үрдісінде орындаушылардың тікелей қатысуы, шешім қабылдаудың сенімділігін және сапалылығын арттыруға мүмкіндік береді.

1. 1. 2 Шымкент қаласынының экономика және қаржы бөлімінің қысқаша сипаттамасы

Оңтүстік Қазақстан облысының 1992 жылғы 2 наурыздағы №24 шешімімен Облыстық қаржы басқармасы құрылды. Облыстық қаржы басқармасының 20 қыркүйектегі №52 бұйрығымен халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімі, Ашық акционерлік қоғамды тіркеу бюросы құрылды. Облыстық қаржы басқармасының 1995 жылғы 21 тамыздағы №56 бұйрығымен Ашық акционерлік қоғамды тіркеу бюросы қысқартылып, кірістерді талдау бөліміне құнды қағаз ақшаны несие саясат секторын енгізді. Облыстық қаржы басқармасының 1996 жылғы 9 сәуірдегі №23 бұйрығымен құнды қағаз ақшаны несиелеу саясат бөлімі құрылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы 2000 жылғы 20 желтоқсанындағы №448 шешімімен «Облыс әкімшілігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. Оңтүстік Қазақстан облысының 2001 жылғы 8 қаңтардағы №9 шешімімен Облыс әкімшілігінің Қаржы басқармасының Ережесі бекітілді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2001 жылғы 20 сәуірдегі №150 шешімімен «Облыс әкімшілігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы департаменті» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Шымкент қаласының әкімдігінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 142 қаулысы бойынша «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме туралы Ережесі бекітілді.

Қазақстан Республикасы «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері - Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл - Фараби ауданы, Қазбек би көшесі 33. «Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме (әрі қарай - Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган ретинде, қала әкімдігінің экономика, бюджеттік жоспарлау және бюджеттін атқарылуы, қалалық коммуналдық меншік жөніндегі мәселелерге мониторинг жүргізу және оны қорғау бойынша уәкілетті орган болып табылады. «Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мен «Шымкент қаласының қаржы бөлімі» қосу жолымен Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі болып қайта құрылды. Бөлім өз құзыретінің мәселері бойынша бекітілген заң тәртібіне сәйкес қала аумағында міндетті күші бар бұйрықтар ретінде актілер шығарады. Бөлім заңды тұлға болып табылады, оның өзіндік балансы, банк мекемелерінің есеп - шоты, штампы, белгілінеген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемелекттік тілдегі атауы бар. Бөлім тиісті қаржыны жылына Бөлімді ұстауға қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты шегінде өз атынан азаматтық - құқықтық қатынасқа тусе алады. Бөлім өзіннің қызметін ҚР Конституциясына және заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілерине, өзге де нормативтік құқтық актілеріне, сонымен қатар осы ережеге сәйкес үзеге асырылады. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімінің негізінде қабылданады. Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркеуден өткізілуі тиіс. Бөлім уәкілеттік шегінде азаматтық - құқықтық қатынастардың бір жағы болуға құқылы. Егер бөлімге әкелетін қызмет түрін жүзеге асыру құқығы пайдалануға берілсе, онда қызметтен алынған кіріс, бюджеттін кірісіне бағытталады. Бөлімнің қызметін қаржыландыру тек қала бюджетінің есебінен қамтамасыз етіледі, егерде басқа да заңдылықтарда қарастырылмаса. Бөлім құрылымын және штат бірлігі санын қала әкімдігі бекітеді. Бөлімнің құрылтайшысы оны құру туралы шешім қабылдайтын қала әкімдігі болып табылады.

Бөлімнің негізгі функциялары мыналар болып табылады :

  • мемлекеттің бірыңғай әлеуметтік-экономикалық даму саясатын жузеге асыру;
  • қаланың аумақтық экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру;
  • қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарды орындау бойынша мониторинг жүргізу және әзірлеу;
  • кезекті жоспарлы жылға қаланың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары негізінде, жергілікті бюджеттің басымды инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізімін әзірлеу, инвестициялық ұсыныстарды бағалау, оларға басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тиісті жоспарлы жылға тізіміне қосу үшін іріктеу арқылы тізімді келісу;
  • экономикалық дәйектеме негізінде және қаланың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес тиісті жылға бюджетке түсімдерді болжамдау, жергілікті бюджеттің жобасын және орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштерін жоспарлау;
  • барлық тұлғалы меншіктегі ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық сауықтыру бойынша іс-шаралар әзірлеу;
  • қала бюджетінің атқарылуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
  • қала бюджетінің түсімдер және төлемдер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарларын, міндеттемелер бойынша жалпы қаржыландыру жоспарын құрастыру және бекіту;
  • болжамды түсім көлемі негізінде төлемдер мен міндеттелемелер бойынша қалалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына талдау жасау;
  • бюджет қаражаттарын басқаруды жүзеге асыру, алдағы мерзімде бюджетке үсетін түсімнің көлемін анықтау;
  • шеттен қаражаттар алу процесін ұйымдастыру;
  • түсімдердің бюджетке түсуіне және бюджет қаражаттарының игерілуіне талдау жасау арқылы мониторинг жүргізуді жүзеге асыру және жылдық соманың айларға бөлінуіне баға беру, қаржыландыру жоспарларына енгізілетін өзгерістер негіздемелерін қарау, түсімдер және қаржыландыру жоспарларының орындалмау себебін анықтау, қала бюджетінің атқарылуы туралы есебін құрастыру;
  • Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарының сәйкес, айлық есептерді құрастыру және ұсыну, қала бюджетінің жылдық есебін, сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарына басқа да есептерді ұсыну;
  • қалалық жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану жөнінде мәліметтерді жинақтау;
  • Қазақстан Республикасы заң актілері негізінде қала, облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігің, Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінің және басқаларының тапсырмаларын орындау;
  • бюджет заңдылықтары негізінде қала бюджетінің айлық, тоқсандық және жылдық есептеріне талдау жасау және бақылау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының бюджет заңдылықтарымен белгіленген дебиторлық және кредиторлық қарыздар туралы есептерді құрастырып оны тиісті органдарға ұсыну;
  • қала бюджетінің атқарылуы туралы жедел мәліметтерді жинау, құрастыру және тиісті органдарға ұсыну;
  • даму, инвестициялық жобалар бюджетінің игерілуі барысына мониторинг жүргізу;
  • қала бюджетінің атқарылуы жөнінде әдістемелік қолдану;
  • қалалық мемлекеттік мекемелердің бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебіне және есеп беруіне бақылау жасау;
  • бухгалтерлік есеп және есеп беру жөнінде мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне тәжірибелік көмек көрсету;
  • қала бюджетінің түсімдер және қаржыландырудың жалпы жоспарларын әзірлеу, бекіту және өзгерістер енгізу;
  • жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген несиелерге қызмет көрсетуді жүзеге асыру, есебін жүргізу, мониторинг жүргізу;
  • қала бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу;
  • қала бюджетінің атқарылуы жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттің атқарылуы жөнінде жалпы қорытындылар дайындау;
  • белгіленген уәкілеттілік шегінде қалалық коммуналдық меншіктерді тиімді пайдалану және оны қорғау жөнінде шаралар қолдану;
  • қолданыстағы заңдылықтар шегінде қалалық коммуналдық (қазыналық) кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің жылжымайтын нысандарын баланстан балансқа беруді жүзеге асыру;
  • қалалық коммуналдық меншіктегі мүлікті тиімді және ұтымды пайдалану жөніндегі мәселелер бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • қалалық коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  • коммуналдық меншікті және мүлікті жалға алу жөніндегі келісім шарттарды ресімдеу (қалалық коммуналдық мүлікті), жалға берілген мүліктер бойынша төлем ақысын есептер көлемінің есебін құрастыру;
  • иесіз нысандарды анықтау жұмыстарын ұйымдастыру және оларды коммуналдық мешікке қабылдау үшін есепке алу;
  • қалалық коммуналдық меншікті сақтау және пайдалану жөніндегі мәселелер бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген тәртіппен, коммуналдық меншікке түскен (меншікке айналған) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және әрі қарай пайдалану бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық (қазыналық) кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекттік үлесі бар шаруашылық серіктестіктер тізбесін жүргізу;
  • мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың коммуналдық меншіктегі нысандарын түгендеу және есепке алу бойынша балансұстағыштармен жұмыстарды үйлестіру;
  • нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік мүлікті бір мемлекеттік (коммуналдық) меншік түрінен басқа да меншік түріне өткізу;
  • мемлекеттің қатысумен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық-шаруашылық қызметтерінің қорытындысы бойынша талдау жүргізу;
  • мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқаушы кеңесіне және директорлар кеңесіне қатысу;
  • мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік кәсіпорындардың және акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына өтуіне талдау жасау және мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік үлесі бар жұмыс істемейтін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды заңды тұлғаларды мемлекеттік тізілімінен алу бойынша мемлекеттік басқару органдармен (қатысушылармен) бірлесе жұмыс жүргізу;
  • мемлекеттік сатып алу бойынша жиынтық есеп пен есептер ұсыну;
  • Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
  • осы ережемен қатар заңдылықтармен және облыстық жергілікті атқарушы органдармен белгіленген өзге де міндеттер.

Заңдылықтарға сәйкес бөлімнің өз құқықтары бар:

  • Бөлімге міндеттелген функцияларды атқару үшін, мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрауға және алуға;
  • Белгілі құзыреті шегинде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға тапсырмалар береді;
  • Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
  • Бюджет заңдылықтары нгізінде бюджет қаражаттарын қайтарады және қаржыландыруды тоқтатады;
  • Қазақстан Республикасы бюджет заңдылықтарымен белгленген мерзімде, қала бюджетінен қажыландырылатын мемлекеттік мекемелерден, сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттің атқарылу туралы есептерді алады;
  • Салық қызметімен бірлесе салық төлеу мерзімін ұзартылы мәселелерін қарайды;
  • Өз құзыреті шегінде коммуналдық меншік нысандарын жалға беруде жеке және заңды тұлғалармен келісім - шартқа тұрады, өзара міндеттемелерінің кепілдікке беруде сипаты мен шарттарын анықтайды;
  • Өз құзырына жататын мәселелер бойынша әкімнің шешімнің, өкімнің, қала әкімдігінің қаулысының, сонымен қатар, мәслихаттың шешімджобаларын дайындайды;
  • Салық және басқа да органдармен жүргізетін хроноетраждарына тексерулеріне және рейдтеріне қатысады;
  • Сараптама жасау және кеңес жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сарапшыларды қатыстыру;
  • Барлық меншік тұлғалардағы кәсіпорындар мен мекемелерге шетелдік инвестицияларды, несиені пайдалану және тарту туралы мәселелерді ұсынады;
  • Осы ережемен және заңдылықтармен, облыстық және қалалық жергілікті атқарушы органдармен бекітілген өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлім өз міндеттері бойынша Бөлім аппаратын ұстауға қаралған өз иелігіндегі қаржыға жауапты. Бөлім мүлкі мемлекеттен берілген мүліктен, негізгі қордан және айналым қаражаттарынан, сонымен қатар өзге де мүліктер, олар бөлім балансында көрсетілген мүлік құндылығынан құралады. Бөлім мүлкі оған шұғыл басқару құқығы арқылы берілген және ол қаланың коммуналдық меншігі болып табылады. Бөлім өз балансындағы бекітілген мүлікті дербес түрде оқшаулауға немесе басқа мақсаттарға қолдануға құқығы жоқ.

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

Бөлімді мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтар негізінде, қала әкімімен лауазымға тағайындалатын және қызметінен босатылатын бастық басқарады. Бөлім бастығының орынбасарлары болады, мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтар негізінде Бөлім бастығылауазымға тағайындайды және қызметтен босатады. Осы мақсатта бөлім бастығы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатушы қызметкердің жұмысын автоматтандыру
Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау
Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру
Меруертгүл тұндырмасын автоматтандыру және басқару
Алматы қаласының әкімдігінде өткізілген өндірістік тәжірибе бойынша
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
«алматы қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» туралы жалпы сипаттамасы
Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша басқармасы
Қазынашылық жүйе
Кадрлар органы қызметінің бірыңғай стандарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz