Сақтандыру ұйымдарының қаржысын талдау



КІРІСПЕ

I БӨЛIМ. САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК . ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНIНIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI
1.1. Сақтандыру түсінігі және оның әлеуметтiк.экономикалық мәнi.
1.2. Сақтандырудың ролi, қолданылу саласы.

ІІ БӨЛIМ. САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Сақтандыру компанияларының қаржылары.
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының
жағдайын талдау.

ІІІ БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер
Нарықтық экономиканың қазіргі жағдайында өнеркәсіп, сауда, банктік капиталының басым бөлігі жеке тұлғалардың, немесе шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың, кооперативтердің меншігінде қалыптасқан. Сондықтан, өрттер, апаттар, әр түрлі табиғи жағдайлар, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес, залалдарды орнына келтіруге байланыстс міндеттерді орындау бұл құрылымдармен, тұлғалармен өз алдына, жеке іске асырылады. Мұндай жағдай жағымсыз әрекеттердің нәтижесінде пайда болған мүліктік залалдардың орнын толтыратын жеке тұлғаларға тән, олардың жұмысыз қалуы және отбасының материалдық жағдайының төмендеіуне ұшырауы мүмкін.
Осындай жағдайда тәуекелдің көптеген түрлерінен қорғау маңызды қажеттілікке айналуда. Сақтандыру зардап шегушілерге кездейсоқ жағымсыз жағдайлар шығынының орнын толтыруғу және сақтандыру мен қамсыздандыруға мүмкіндік береді. Яғни сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлу қатынастарының айрықша аймағы.
Сақтандырудың мақсаты қоғамды ұдайы өндірістік және әлеуметтік қызмет, өндіріс үздіксіздігін және азаматтарды, мүліктерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Осыған орай, мен өз курстық жұмысымның тақырыбан «Сақтандыру ұйымдарының қаржысын талдау» деп алдым.
Жұмыстың мақсаты сақтандыру түсiнiгiн, сақтандыру компанияларын қаржысын ашу, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазiргi жағдайын, сақтандыру компаниялар қызметiнiң проблемаларын, даму перспективаларын зерттеу болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшiн келесi мiндеттер қойылды:
- сақтандырудың экономикалық мәнiн, маңызын, қолданылу аясын анықтау;
- сақтандыру рыногын құқықтық мемлекеттiк реттеудi қарастыру;
- Қазақстандағы сақтандыру нарығының қазiргi жағдайына талдау жасау;
- сақтандыру компаниялар қызметінің проблемалары мен даму перспективаларын талқылау.
Жұмыс барысында, бiрiншi бөлiмде сақтандырудың теориялық аспектiлерiн қарастырдым, екiншi бөлiмiнде сақтандыру компанияларының қаржысын қарастырып, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазiргi жағдайын талқыладым. Соңғы, үшiншi бөлімінде сақтандыру компаниялары қызметінің жаңа бағыттары және оны жетілдіру мәселелерiн қарастырдым.
1. Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы.
2. Сманов Б.О. Сақтандыру: эконмикалық маңызы және Қазақстанда қалыптасып даму кезеңдерi/ оқу құралы: Алматы, Қазақ университетi 2000.
3. Страховой рынок Казахстана: история становления и сегодняшний день /Время по 2001 12 октября.
4. Маянлаева Г.И. «Организация страхового дела в Республике Казақстан». Алматы, 2002.
5. А.П Архипов, В.Б. Гомеля. Основы страхового дела. – М.:2002.
6. Становление и современное состояние инфрструктуры страховой деятельности. //Рынок ценных бумаг Казахстана 2002, №5.
7. Страховой бизнес Японии /МЭИИМЭО 2002. I3 с91-101.
8. Л.Н.Гостенко «Страхование», Алматы 2003.
9. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», Алматы 2005.
10. Статистикалық жылдық басылым – 2004.
11. «Қаржы-Қаражат» журналы, 2004 ж. №11.
12. «Қаржы-Қаражат» журналы, 2004 ж. №12.
13. «Қаржы-Қаражат» журналы, 2006 ж. №5.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ

i БӨлiм. Сақтандырудың Әлеуметтiк - экономикалық мӘнiнiң теориялық
аспектiлерi
1.1. Сақтандыру түсінігі және оның әлеуметтiк-экономикалық мәнi.
1.2. Сақтандырудың ролi, қолданылу саласы.

ІІ бӨлiм. САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. Сақтандыру компанияларының қаржылары.
2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының
жағдайын талдау.

ІІІ бӨлім. Сақтандыру компаниялары қызметінің жаңа бағыттары және оны
жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Нарықтық экономиканың қазіргі жағдайында өнеркәсіп, сауда, банктік
капиталының басым бөлігі жеке тұлғалардың, немесе шаруашылық
серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың, кооперативтердің меншігінде
қалыптасқан. Сондықтан, өрттер, апаттар, әр түрлі табиғи жағдайлар, сондай-
ақ, заңнамаға сәйкес, залалдарды орнына келтіруге байланыстс міндеттерді
орындау бұл құрылымдармен, тұлғалармен өз алдына, жеке іске асырылады.
Мұндай жағдай жағымсыз әрекеттердің нәтижесінде пайда болған мүліктік
залалдардың орнын толтыратын жеке тұлғаларға тән, олардың жұмысыз қалуы
және отбасының материалдық жағдайының төмендеіуне ұшырауы мүмкін.
Осындай жағдайда тәуекелдің көптеген түрлерінен қорғау маңызды
қажеттілікке айналуда. Сақтандыру зардап шегушілерге кездейсоқ жағымсыз
жағдайлар шығынының орнын толтыруғу және сақтандыру мен қамсыздандыруға
мүмкіндік береді. Яғни сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген
оқиғалар болған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін
қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын
құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлу қатынастарының айрықша аймағы.
Сақтандырудың мақсаты қоғамды ұдайы өндірістік және әлеуметтік қызмет,
өндіріс үздіксіздігін және азаматтарды, мүліктерді қоғамдық және ұжымдық
қорғау болып табылады. Осыған орай, мен өз курстық жұмысымның тақырыбан
Сақтандыру ұйымдарының қаржысын талдау деп алдым.
Жұмыстың мақсаты сақтандыру түсiнiгiн, сақтандыру компанияларын
қаржысын ашу, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазiргi
жағдайын, сақтандыру компаниялар қызметiнiң проблемаларын, даму
перспективаларын зерттеу болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшiн келесi мiндеттер қойылды:
- сақтандырудың экономикалық мәнiн, маңызын, қолданылу аясын анықтау;
- сақтандыру рыногын құқықтық мемлекеттiк реттеудi қарастыру;
- Қазақстандағы сақтандыру нарығының қазiргi жағдайына талдау жасау;
- сақтандыру компаниялар қызметінің проблемалары мен даму
перспективаларын талқылау.
Жұмыс барысында, бiрiншi бөлiмде сақтандырудың теориялық аспектiлерiн
қарастырдым, екiншi бөлiмiнде сақтандыру компанияларының қаржысын
қарастырып, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазiргi
жағдайын талқыладым. Соңғы, үшiншi бөлімінде сақтандыру компаниялары
қызметінің жаңа бағыттары және оны жетілдіру мәселелерiн қарастырдым.

i БӨлiм. Сақтандырудың Әлеуметтiк - экономикалық мӘнiнiң теориялық
аспектiлерi

1.1. Сақтандыру түсінігі және оның әлеуметтiк-экономикалық мәнi.

Қоғамдық ұдайы өндіріс процесі – табиғи және әлеуметтік-экономикалық
сипаттағы әр түрлі күштердің қарсыласуы мен өзара әрекет етуі болып
табылады. Адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылық кездейсоқ сипаттағы
жағымсыз салдарлардың пайда болуына әсер етеді. Осындай жағдайлар бүкіл
әлемдегі сақтандыру іс-әрекетінің пайда болуына және дамуына әкеледі.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынстарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыру сөзi қорқыныш сөзiнен шыққан, бiр нәрсенi жоғалтудан
қорқуды бiлдiредi, бiрақ тәуекел түсiнiгiне сай келедi. Ағылшын тiлiнде
insurance (сақтандыру) sure - сенімділік, бiреуденен қолдау алуға
үмiттенумен байланысты бiр нәрсенiң тағдырынан үрейдi алып тастау ретiнде
анықталады.
Сақтандыру теориясына назар аударайық. XV ғасырдың басында немiс
экономисi Кроет сақтандыруды тәуекелдердi бiрiктiру арқылы оларды барынша
азайту деп анықтады.
Польша экономисi А.Банасинский сақтандыру өзiне тәуекелдердiң барлық
түрлерiн және зиянды өтеу жауапкершiлiгiн алып, мүлiкке немесе адамға
келтiрiлген шығындарды жабу ауыртпалығын бөлу мақсатында тәуекелдер кешенiн
қалыптастыруға негiзделедi деп атап кеткен.

\

1-сурет. Сақтандыру қатынастарының субъектiсiнiң мүлiктiк мүддесi мен
сақтандыруға қажеттiлiктiң арасындағы өзара байланыс
1-суреттен бiз сақтандыру мүлiктiк зиян келтiру мүмкiндiгiмен
байланысты мүлiктiк мүдде пайда болғанда, қолайсыз оқиға орын алғанда
сақтық қорғау (сақтық тәуекел) қажет екендiгiн көремiз.
ҚР сақтандыру қызметi туралы Заңда сақтандыруға сақтандыру ұйымы өз
активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру шартымен анықталған сақтық
жағдай немесе басқа оқиға орын алғанда жеке және заңды тұлғалардың заңды
мүүдделерiн мүлiктiк қорғау бойынша қатынастар кешенi деп анықтама
берiлген.
Осы анықтама сақтандыру қатынасының субъектiсiнiң мүлiктiк мүддесi мен
сақтандыруға қажеттiлiктiң арасында өзара байланыс бар екендiгiн көрсетедi
(1-сурет).
Жоғарыда айтылған үш анықтамада сақттық қатынастар мәнi мезо- және
макродеңгейде қарастырылады. Кез келген анықтама толық бола бермейдi,
өйткенi сақтандыру ғылыми зерттеу объектiсi болып отыр, осы түсiнiк жайлы
көптеген пiкiрталастар пайда болады.
Көптеген анықтамаларда сақтық қорын қалыптастыруда, сыйақы мөлшерiн,
өтем төлеу шартын белгiлеуде сақтық қатынастар қатысушыларының экономикалық
мүдделерiн бiлдiретiн сақтық қорғауды алу негiзiн көрсететiн қатынастар
туралы айтылады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процесстерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше сипаты.
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
- сақтық қатынастырының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономилақ жүйе
шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процесстерін жүзеге
асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар бегілі
бір уақытта тікілей арналымында сақтық төлемдерді төлеу үшін пайдаланылмауы
мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу
үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде бұл табыстардың
бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын
төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы
сақтық нарығында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың
салдарлары кезіндегі залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту
жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қытынастарға кошуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
таур мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі – сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізіндеғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді корғау мүмкін болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандырудың мәнiн қазiргi жағдайларға сәйкестендiру қоғамдық қатынастар
жүйесiнде және ұлттық экономикада сақтандыыру ұйымының орны туралы мәселенi
шешуге, мүмкiндiк бередi. Сақтандырудың мәнiн ашу үшiн оның ерекшелiктерiн
бөлiп көрсету керек:
- сақтандырушыға ресурстарды берудiң алғышарты болып тәуекелдiң болуы
табылады;
- сақтық қатынастар тәуекелдi бағалаудан және қызметке алдын-ала
төлеуден тұрады;
- сақтандыру қызметiн көрсету сақтандырушының өзiне белгiлi бiр
жағдайларда өтемдi немесе сақтық соманы төлеуге жауапкершiлiгi туралы
шешiм қабылдауы көмегiмен жүредi;
- сақтық резервтердi қалыптастыру және пайдалану сақтандырушы қызметi
делдалдықтан тұратындығын куәландырады.
Сақтандырудың экономилақ мәніне бұл кагорияның қоғамдық арналымының
көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай
келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелiгi қайта бөлу ретiнде көрiнуi.
Оның алдын ала функциясына бүгiлуi, мысалы, алдын алу шараларын
қаржыландыру жолымен кездейсоқтықтан сақтау. Жеке басты сақтандыруда бөлу
функциясына сақтандырудың тиiстi түрлерiнiң жинақтық функциясына бүгiледi.
Жинақтау функциясы – отбасының жетістіктерінің сақтық қорғауды
қажетсінуімен байланысты өмір сүруінің соңына дейін сақтандыру көмегімен
ақша сомаларын жинақтау.
Бақылау функциясы – сақтандыру қорын міндетті құру және оның
қаражаттарының мақсатты пайдалану ретіндегі сақтандыру категориясының
қасиетін сипаттайды.
Сақтандыру кезiндегi сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың
екi негiзгi әдiсi қолданылады, олар: бюджеттiк және сақтық әдiс.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттiк әдiсi бюджеттердiң қаражаттарын,
яғни бүкiл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдiс қорларды шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халықтың
жарналары есебiнен жасауды алдын ала қарастырады.
Сақтық қорлар — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкiн емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв
қорлары жүйесiнiң қажеттi құрамды бөлiгi.
Сақтық қызметі – сақтық ұйымның сақтық шарттарын жасау мен орындауға
байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес
үәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын-ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-
бір бөлігі.
Сақтандыру, табыс түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына
қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі
ретінде болып келеді.
Сонымен, сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық
жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи
тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
қанынастар кешені болып табылады.

1.2. Сақтандырудың ролi, қолданылу саласы.

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтін дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеметтемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді.
Өтпелi экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бiрқатар факторлармен айқындалады.
Бiрiншiден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен
көлемiне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлi мүдделерiн
қосымша қорғауға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кезде табиғи және техногендiк
апаттардың зардаптарын жою жөнiндегi шығыстардың негiзгi ауыртпалығы
мүмкiндiгi объективтi түрде шектеулi болып табылатын мемлекеттiк бюджетке
түседi.
Екiншiден, сақтандыру механизмiн қазiргi жағдайда пайдалану елдегi
кәсiпкерлiк қызметтi жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негiзгi
саласының ерекшелiктерiн, оның климаты мен географиялық орналасуын,
экологиясының деңгейiн ескере отырып, өндiрiс технологиясын жетiлдiрудi
қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың
нысандары болып табылады:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
2) сақтандыру объектісі бойынша – жеке және мүліктік;
3) сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Қазақстан Республикасының Сақтандырудың қызметі турулы заңына
сәйкес, сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу және лицензиялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, топтарға және
түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының қызметi өмiрдi сақтандыру саласы
және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмiрдi сақтандыру саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: өмiрдi сақтандыру; аннуитеттiк сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: қайғылы оқиғалардан және аурулардан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, көлiк құралдарын (автомобиль, темiр жол, әуе және су
көлiктерiн) сақтандыру; жүктердi сақтандыру; мүлiктi сақтандыру (көлiк
құралдарын қоспағанда); кәсiпкерлiк тәуекелдi сақтандыру; көлiк құралдары
иелерiнiң және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру; шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (көлiк
құралдары иелерiнiң және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
қоспағанда).
Жалпы сақтандыруға және өмiрдi сақтандыруға тән экономикалық
қатынастар қоғамдық өндiрiс процесiндегi зиянның орнын; егер бұл процесс
стихиялық апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесiнде
бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негiзде сақтық
қатынастарға қатысушылардың төлейтiн сақтық жарналары есебiнен толтырылады,
бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.
Сақтандыру ұйымдастыру формасы бойынша келесідей түрлерге бөлінеді:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- бірін бірі - өзара;
- кооперативтік;
- медициналық.
Мемлекеттік сақтандыру – бұл ұйымға арнайы өкілеттенген мемлекеттің
сақтандырушы ретінде қатысатын ұйымдық формасы. Мемлекет мүддесінің
шеңберіне сақтандырудың кез-келген немесе жекеленген түрлерін жүргізуде
оның манополиясы кіреді.
Акционерлік сақтандыру – бұл салыстырмалы шектеулі қаражаттар
сақтандыру компаниясының тиімді жұмысын тез дамытуға мүмкіндік береді.
Заңды және жеке тұлғаларға тиісті акция және басқа да бағалы қағаздардан
құралатын акционерлік қоғам, жарғылық қор түріндегі жеке капитал –
сақтандырушы ретінде қатысытын мемлекеттік емес ұйымдық форма.
Бірін бірі - өзара сақтандыру – жеке, заңды тұлғалар топтарының
арасында бір-біріне белгілі бір үлесті қабылданған шарттарға сәйкес
болашақтағы мүмкін шығындарды өтеу туралы келісімді сипаттайды.
Кооперативтік сақтандыру – мемлекеттік емес ұйымдық форма. Ол
сақтандыру операцияларын кооперативтер жүргізілуімен түсіндіріледі.
Сақтандыру қызметінің ерекше ұйымдық формасы – медициналық сақтандыру
болып табылады. Ол халықтын дунсаулығын сақтаудағы әлеуметтік мүддесін
қорғау формасы ретінде сипатталады. Оның мақсаттары:
- сақтандыру пайда болған жағдайда азаматтарға жинақталған қаражаттар
есебінен медициналық көмек алуға кепілдік беру;
- профилактикалық іс-шараларды қаржыландыру.
Нарықтық экономикада сақтандыру объектілерін экономикалық сипаты
бойынша мыныдай түрлерге бөлінеді:
- жеке сақтандыру;
- мүліктік сақтандыру;
- жауапкершілік сақтандыруы;
- экономикалық тәуекелдіктерді сақтандыру.
Жеке сақтандыру – бұл сақтандырудың бір саласы, объектісі – адам
өмірі, денсаулығы және еңбекке қабілеттілігі болып табылады. Мұның өзі
өмірді сақтандыру және қайғылы оқиғалардан сақтандыру болып екіге бөлінеді.

Мүліктік сақтандыру – бұл сақтық-құқықтық қатынастардың объектісі әр
түрлі мүліктер болып табылатын сақтандырудың саласы. Сақтандыру жағдайы
есебінен табылған шығындардың орнын толтыру – мүліктік сақтандырудың
негізгі қызметі. Сақтанушылар ретінде тек мүлік иелері ғана емес, сондай-ақ
мүліктің сақталуына жауапкершілікті көтере алатын басқа да заңды және жеке
тұлғалар бола алады.
1-кесте. Мүлiктiк сақтандыру түрлерi.

Сынып Сақтандыру түрi
Көлiк құралдарын Ұрлықтан, жоғалтудан, зиян келтiруден
сақтандыру сақтандыру
Жүктi сақтандыру Тасымалдау немесе сақтауда жүкке зиян
келтiруден, жоғалтудан, ұрлатудан сақтандыру
Мүлiктi ұрлаудан, бұзудан, табиғи апаттардан
Мүлiктiк сақтандыру сақтандыру және құрылыс-жөндеу тәуекелдердi
сақтандыру
Кәсiпкердiң контрагенттерiнiң өз
мiндеттеемелерiн орындамауына немесе кәсiпкерге
Кәсiпкерлiк тәуекелдi тәуелдi емес осы қызметтегi жағдайлардың
сақтандыру өзгеруiне, оның iшiнде күтiлген нәтижелердi
ала-алмау тәуекелiне байланысты кәсiпкерлiк
қызметтен болатын зияндар сақтандырылады.
Көлiк құралдары иелерiнiңКөлiк құралдарын пайдаланумен байланысты үшiншi
азаматтық-құқықтық тұлғаға зиян келтiру тәуекелiн сақтандыру.
жауаптылығын сақтандыру
Тасымалдаушының
азаматтық-құқықтық Тасымалдаушы ретiнде үшiншi тұлғаға зиян
жауаптылығын сақтандыру келтiру оқиғасын сақтандыру.
Келiсiм-шарт бойынша Келiсiм-шартты бұзғаны үшiн азаматтық-құқықтық
азаматтық-құқықтық сақтандыру
жауаптылығын сақтандыру Несиенi (экспортытқ несиенi) өтемеуден
сақтандыру
Медициналық қызметкерлердiң азаматтық-құқықтық
Зиян келтiргенi үшiн жауаптылығын;
азаматтық-құқықтық Заңгерлердiң, инженер-құрылысшылардың, кеңес
жауаптылығын сақтандыру берушiлердiң азаматтық-құқықтық жауаптылығын;
Қоршаған ортаны ластаудан сақтандыру

Жауапкершілікті сақтандыру – бұл сақтанушының қандай да бір
әрекетінің (немесе әрекетсіздігінің) салдарынан зиян шегетін үшінші тұлға
алдындағы жауапкершілік – объект болып табылатын сақтандырудың саласы.
Жауапкершіліктк сақтандыру арқылы мүмкін болатын зиян келтірушілердің
экономикалық мүддесін қорғау жүзеге асырылады.
Экономикалық тәуекелдерді сақтандыру (кәсіпкерлік тәуекел) мыныдай
салаларға бөлінеді: тікелей және жанама шығындар тәуекелін сақтандыру.

Сонымен қатар, сақтандыру жүргізу формасына қарай, міндетті және
ерікті болып бөлінеді.
Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылыды. Міндетті
сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру деп – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыруды айтады.
Сақтандырылған мүлiктiң түрiне немесе тобына қарай сақтандырудың
мынадай түрлерiн ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды,
құрылыстарды, мемлекеттiк, жеке меншiк, кооперативтiк кәсiпорындардың,
қоғамдық ұйымдардың мүлкiн, көлiк құралдарын, қаржылық тәуекелдi (соның
iшiнде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногiндегi
операцияларды), жүктердi, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және
тасымалдау жөнiндегi) және т.б. сақтандыру.
Өмiрдi сақтандыру — азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, еңбек
қабiлеттiгiн және жеке басына байланысты өзге де мүдделерiн залалдан
қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады. Жеке басты сақтандыру
шарты бойынша сақтанушының өзi, сондай-ақ шартта аталған басқа адам да
сақтандырылған болуы мүмкiн
Аннуитеттiк сақтандыру - сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен,
еңбек ету қабiлетiн жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған
жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан
айырылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде
кезең-кезеңiмен сақтық төлемдердi жүзеге асыру көзделетiн жеке басты
сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлерi бар: өмiрдi аралас
сақтандыру, балаларды сақтандыру, некенi сақтандыру, шаруашылық жүргiзушi
субъектiлер есебiнен олардың қызметкерлерiн сақтандыру, әуе, темiр жол,
теңiз, iшкi су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлiгiнiң
жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Жеке басты сақтандырудың аталған түрлерi жолаушыларды сақтандырудан
басқасы ерiктi нысанда жүргiзiледi. Мiндеттi нысанда сондай-ақ көлiк
құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауаптылығы, әскери қызметшiлердiң
жеке құрамы, iшкi iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк, салық службасы
қызметкерлерi сақтандырылады.
Сақтандыруды дамыту, өз кезегiнде, заңнамалық базаны, мемлекттiк салық-
бюджет және ақша-кредит саясатын жетiлдiруге, сақтық қызметтiк қадағалау
сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенiмдiлiгiне байланысты болады.

ІІ бӨлiм. САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫН ТАЛДАУ

2.1. Сақтандыру компанияларының қаржылары.

Сақтандыру компанияларының қаржылық шаруашылық қызметінің
нәтижелері ең алдымен алынған табыс пен резервтер қоры көлемдерінің
өзгеруінде айқындалады. Сақтандыру компаниясының табысы былай қабылданады:
1. Сақтандыру қызметінен тікелей алынған табыс. Сақтандыру
компаниялары сақтандырудан алынған салымдардан сақтандыру төлемдері мен
сақтандыру салаларын төлеуден резервтік қорларды құрайтын, сақтандыру
салымдарының ағымдағы түсімдерінің қорын құрайды. Осыдан кейін шығындар
жабылады.
2. Компанияның сақтандырылмайтын қызметінен түскен табыс (банк
депазиттері ,қозғалмайтын мүлік және т.б). Алынған табыстар сақтандыру
компаниясының табыстарына қосылады.
3. Басқа қызметтерден түсетін табыс- консультациялық, делдалдық.
Сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүргізудегі барлық
шығындар 4 топқа бөлінеді:
1. Аквизициялық жаңа сақтандырушыларды тартумен, сақтандыру портфелон
кеңейтумен, жарнамамен, сақтандырудың жаңа түрлерін өндірумен байланысты
шығындар.
2. Инкассалық сақтандыру төлемдерін жинаумен және сақтандырушыларға
қызмет көрсету бойынша шығындар.
3. Ликвидтік – сақтандыру жағдайымен эксперттер еңбегін төлеу, сот
шығындары, сақтандырудың орнын толтырумен байланысты.
4. Басқарушылық- еңбекті төлеу, шаруашылық шығындары т.б.
Сақтандыру компаниясының қаржылық қызметінің маңызды аспектісі
сақтандыру резервтерін құру мен пайдалану. Компаниялар сақтандыру
резервтерінің келесі жүйесін құрайды:
1. Техникалық резерв;
2. Ескертетін шараларға резерв масштабтарды қысқарту мен залалдардың
орнын толтыру мақсатында қаржыландыру үшін жүктемелер қойылады.
Техникалық резерв:
1) Табыс кірізілмеген сыйақының резерві – шарттың уақыты нәтижелі болып
табылмайтын, сақтандырудың әрбір шартына сақтандыру төлемдерінің бөлігі
бағытталады.
2) Реттелмеген шығын резерві. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының
бекітілген уақыты туралы хабарлауы керек.
3) Түскен, бірақ хабарланбаған шығындар резерві жиналған сыйақылардан
алынған белгілі пайыз мөлшерінде.
4) Аппаттар резерві сақтандыру жағдайларының көп мөлшерде түсу жағдайына
байланысты (жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.).
5) Тербелу зияндылығының резерві. Егер берілген жылы зиянның өткен
жылдағдан кем болса, бұл айырмашылық тербелу зияндылығының резервіне
бағытталады.
6) Өмірді сақтандыру резерві.
Сақтандыру заңы сақтандырушының әрбір келісім-шарты бойынша
міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ететін нақты заңды шарттарды бекіту
керек. Кез-келген сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы қаржылық
қызмет нәтижесі есебіне нгізделеді және толық бейнені бухалтерлік баланстан
алады. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әсер ететін нақты
көрсеткіштерді анықтау мақсатында бухгалтерлік есептің құрылымдық
бөліктерін қарастыру қажет. Бухгалтерлік балансты 3 негізгі бөлімге бөледі:
1. Активтер.
2. Жеке капитал.
3. Міндеттемелер.
Ең алдымен сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығының
негізі – 3 көлемнің қатынасымен анықталады. Активтер түрінде сақтанушының
мүлігі кіреді. Сақтандыру компаниясының қаржылық қызметінің анализі
нәтижелерінен сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
ететін келесі факторларды анықтауға мүмкіндік береді:
- жеке капитал;
- сақтандыру келісім- шарты бойынша міндеттемелер;
- сақтандыру резервтері;
- Инвеститциялық қызмет;
- Тәуекелді шектеу;
- Тариф саясаты.
Қаржылық тұрақтылық бойынша талаптар сақтандыру, қадағалау
департаментімен қадағаланады. Өтпелі экономика шарттарында көп көлемдегі
сақтандыру компаниялары нарық шарттарында сақтандыру қызметі бойынша
жеткілікті тәжірбиесі жоқ, сенімді статистиканың болмауы, ал қолда бар
статистиканың сенімділігі, яғни статистиканың ақпаратпен қамтамасыздандыру
жетілмеген.
Сақтандыру компаниялары тиістілігіне байланысты өзара сақтандырудың
акционерлік қоғамдарына, жеке және жалпы құқықтық қоғамға, мемлекеттік
және құқықтық болып бөлінеді. Сақтандыру компанияларының 58% меншіктің
аралас формаларына жатады, жеке-36%, мемлекеттік - 55%, муниципалды және
қоғамдық ұйымдар меншігіне - 1%.
Сақтандырудың мемлекеттік секторы аймақтық
сақтандырукомпанияларының жеткілікті тармақталған жүйесі, ірі резервтік
қорлар, жеке мүліктік сонымен қатар ауыл шаруашылығы сақтандыру облысында
жүргізуде бай практикалық тәжірбиесі бар.
Сақтандырудың коомерциялық секторы ашық және жабық типтегі
сақтандырудың акционерлік қоғамдармен сонымен қатар шектелген жауап
кемшіліктегі қоғамдастықпен ұсынылған.

2.2. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының
жағдайын талдау.

Қазақстан Республикасы экономикасының нарық жағдайындағы дамуы
кезеңіндегі ақша-несие жүйесінің түбірлі өзгерістері процесінде
сақтандыруды, сақтандыру қатынастарын және осы қарым-қатынастар жүріп
жатқан нарықты зерттеу - өте маңызды, өйткені бұл мәселе халық,
коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттің мүдделерін қозғайды.
Сақтандырудың әлемдік нарығының жаһандануы көрінісінде Қазақстанның
көрсеткіштері біршама төмендеу көрінеді. Дәлірек айтсақ, сақтандыру
сыйақыларының елдің ЖІӨ-не қатынасы 1997-2004 жылдар аралығында 0,19%-дан
0,8%-ға дейін өскен. 2004 жылы республикадағы сақтандыру сыйақыларының бір
жанға шаққандағы көрсеткіші 2 629,6 теңгені құрады (2-кесте).

2-кесте. Сақтандыру секторының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
ЖІӨ, млн теңге 2599900,0 3250600,0 3747200,0 4449800,0 4863631,4
Халық саны, млн 14,8 14,4 14,8 14,9 15,2
адам
Сақтандыру
сыйақыларының 0,32 0,43 0,61 0,65 0,8
ЖІӨге қатынасы, %
Жеке капиталының
ЖІӨге қатынасы, %0,18 0,16 0,16 0,20 0,5
Активтердің ЖІӨге
қатынасы, % 0,32 0,49 0,34 0,47 0,9
1 жанға шаққан-
дағы сақтандыру 530,35 963,43 1535,09 1937,60 2629,6
сыйақыларының
қатынасы, теңге

Қазақстанда сақтандыру ұйымдарының жалпы саны 1997 жылдан 2004 жылға
дейін 32 компанияға қысқарған. 2005 жылдың 1 қаңтарында 36 сақтандыру
(қайта сақтандыру) компаниялары тіркелген, оның ішінде 2-уі шетел
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өкілдері: Ингосстрах және
Қазақстан-Росно ААҚ Росно ресейлік сақтандыру халық қоғамы. Сонымен
қатар, резидент емес тұлғалардың қатысуымен құрылған сақтандыру
компаниялары 1-уіне қысқарды, өмірді сақтандыру бойынша небәрі 2 компания
бар.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі жалпы сақтандыру саласы бойынша
сақтандыру қызметін жүргізу үшін келесідей қайта құрылған сақтандыру
ұйымдарына лицензия берді:
➢ Экспортық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік
сақтандыру корпорациясы АҚ (жарғылық капитал 100% мемлекеттің қатысуымен
құрылған);
➢ Номад Иншуранс СКй АҚ;
➢ Астық сақтандыру компаниясы АҚ.
Соңғы үш жылда сақтандыру брокерлерінің саны 3 компанияға,
актуарийлердің саны 1 компанияға және аудит компанияларының саны 6
компанияға көбейді (3-кесте).

3-кесте. Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы.

Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
Сақтандыру ұйымдарының жалпы
саны (жыл аяғына), соның 42 38 34 32 36
ішінде:
Резидент емес тұлғалардың мж мж 3 6 2
қатысуымен
Өмірді сақтандыру бойынша 1 1 1 1 2
Сақтандыру брокерлерінің жалпымж мж 5 6 8
саны
Актуарийлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Сақтандыру нарығы
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларын қарастыру және оларды талдау
ҚР-ның ақшалай-қаржы жүйесінің құрылуы және дамуын талдау
Кәсіпкерлік мекемелердің қаржысын ұйымдастыру
Әлемдік қаржы жүйесін реттеу механизмі
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
«АУРА» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Банктік емес кредиттік ұйымдар
Пәндер