Фирмадағы өндіріс шығындары



КІРІСПЕ 3

І ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 4
1.1 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары 4
1.2 Нарық жағдайындағы фирманың даму стратегиясы 10

ІІ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ 14
2.1 Өндірістік шығындар туралы концепциясы 14
2.2 Шығындардың түрлері, фирмадағы шығындар және
еңбек өнімділігі 19

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардын. немесе кәсіпкерліктің үш түге атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акциөнерлік қоғам)
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы. Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз он және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
6. Деловая неделя. 1997. №12,
7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
12. АльПари. 1997. №10.
13. Вопросы экономики. 1990. №5.
14. Заявление Кабинета Митстров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
15. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Пмново-финансовые механизмы регулирования экономики. ~ Алматы: Экономика, 1998.
16.Казахстан 1991 — 2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK no статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
17.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
18. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1995.
19. Класс Эклунд. Эффектная экономика — шведская модель: (Пер. со швед.).- М.: Экономика, 1991.
20. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предприни-мателъства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000.
21. Ливщиц А. Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс) // Российский экономический журнал. 1993. №1.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Бет

КІРІСПЕ
3

І ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 4
1.1 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары 4
1.2 Нарық жағдайындағы фирманың даму стратегиясы 10

ІІ ШЫҒЫНДАР ТЕОРИЯСЫ
14
2.1 Өндірістік шығындар туралы концепциясы
14
2.2 Шығындардың түрлері, фирмадағы шығындар және
еңбек өнімділігі
19

ҚОРЫТЫНДЫ
28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
30

КІРІСПЕ

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті бір немесе
бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап
шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу
үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің
формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардын. немесе кәсіпкерліктің үш түге
атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акциөнерлік қоғам)
Индивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес
Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін
атқарады Оның мүліп мен жауапкершілігінде шек болмайды Индивидуалдық
кәсіпкерліктің басты кемшілік — капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді,
өзгерістердің қандай болмасын өзі жүргізе алады Индивидуалдық бизнесмен
заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға
белгіленген салық төлемейді Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән
болады
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз он және одан көп адам иелік ететін
бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және
фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы
ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту
мүмкіндігі болады. Кемшіліктері:
• шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшы-лығынан қосымша
капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
• фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын жетіле
түсінбеуі;
• фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүлікгерді бөлудегі
әр кісінің үлес салмағьш анықтаудың қиындығы. Брокерлік кеңселер,
аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сферасының мекемелері және т.б.
көбінесе, серіктестіктер формасында ұйымдастырылады.

І ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет
жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне құқықтар
акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері
акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі — акциөнерлік қоғам деп аталады.
Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады. Акциялардағы
үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері
шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
• акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың
шексіз мүмкіндігі;
• акциөнерлер құқықтарының заттық (мүліктік) құқыққа және жеке құқыққа
бөлінуі. Мүліктік құқыққа дивиденд алу және фирма жойылған жағдайда оның
мүліктерінің құнының бір бөлігін алу құқы жатады. Жеке құқыққа акциөнерлік
қоғамның істерін басқаруға қатынаса алу құқығы жатады. Акционер зандық
құқығын жоғалтпай басқаруға қатыспауына болады;
• басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жоғары квалификациясы бар
мамандарды шақыра алады;
• корпорацияның тұрақты кызмет етуі. Қоғамнан әлдебір акциөнердің
шығуы фирма қызметіне, оның жабылуына әсер етпейді.
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
• акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының
бөлігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі — корпорация
пайдасының бөлігі деп, екіншісі — акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
• экономикалық бейәрекеттердін, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіндіктердің
мол болуы;
• меншіктену мен бақылау кызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер
барынша көп дивиденд алуға ыңталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны
айналысқа жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артықшылықтары
одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші (шағын), орташа және ірі бизнес
болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі
секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі
еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise —
жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture — бел байлау, төуекел ету)
кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзиигке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі
сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану
құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың, баға
жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші
фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері
арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар
ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі
фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және қамқорына
алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен
айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды
иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді.
Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері
тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар
қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келіседі, күйіп кету мүмкіндігі
мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап,
оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұңғыш рет
АҚШ-та пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазакстанда құрыла бастады, бірақ
жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын
кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:
• Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар
үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер
өндірісін кеңейтуге ат салысады;
• халықтың материалдық және қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға
көмектеседі;
• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының
кепілі болып табылатын орташа таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің
даму карқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
• Бұның ішкі және сырткы себептері аз емес: Ішкі факторлар:
• старттық капиталдың жетімсіздігі;
• банкілермен байланыстың нашарлығы. Сыртқы факторлар:
• қиынсыз салық жүйесі:
• зандардың шикілігі, тұрақсыздығы;
• криминалдық прессинг.
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыт жүргізу
қажет:
• шағын бизнестін ішкі ортасын жақсарту керек;
• нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
• шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейту. Орташа
бизнестің ролі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де
бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, немесе мүлде
күйрейді. Тек кейбір ерекше өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін
(мүгедектерге, жарымжандарға арналған техника жасау, қала сағаттарын
жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық
болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік
береді.
Енлі мынадай сұрақтардың реті келіп түр:
1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
2. Фирмалар не үшін құрылады?
3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, меліктен барлық
экономика жаппай, түгел нарық түрін алмайды?
Баршаға мәлім, нарық бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия,
бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостанлықка шек қояды. Мәселе
нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың әр мүшесі
өздерінің жеткізушілері мен жабдықтаушылары және сатып алушылары туралы,
келімсөз жүргізу және келісімшарт талаптарының орындалуы туралы информация
алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар
трансакциондық (лат. transact!o келісім) шығындар деп аталады.
Бұл шығындар нарықтық агенттердін бір-бірімен қатынастарын келістіру
процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық тұлғалардан
тұрьш, жаппай, тағы нарық болса, миникелісімдер өте көп болғандықтан,
трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы ұйымдастыру, осы
шығындарды төмендетудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықтық механизмді
шектеп, жою мақсатымен, нарыктық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап
ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шынында, трансакцияларды
нарықтың кемегінсіз, фирманың ішіңде жасау арзан түседі екен. Иерархия
(фирма) мен нарықтың бір-бірінен артықшылығы жоқ.
Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқылы, фирманың
қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың шекті шығындары
мен әкімшілік бақылауды қолданудың шекті шығындарының тендесу нүктесі
арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін иерархия (фирма) пайдалы болады,
ал содан кейін — нарық пайдалы. Фирманың оптимадтық көлеміне өндірістің
саласы, технология, фирманың интеграциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденен интеграцияланған фирмалар
болып бөлінеді.
Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары
сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді
сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың
бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі — ди-версификация (ағылшынша
diversification — саналуан, көптүрлілік). Бұл, бір-бірімен технологиялық,
байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы, химиялық
концерн Дюпон-де-Немур химиялық тал жіп (талшық), дәрі-дәрмек,
рефрижераторлар, ұшақтар өндірістерін біріктіріп отыр.

Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. Кәсіпорын
деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уакытқа
дейін ол ерекше ұйымдық-құқыктық форма деп түсінілетін, яғни меншігі жоқ
коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет.
Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте болды,
өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін сату туралы бір-бірімен
жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді,
өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.
Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-
ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады:
индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар.
Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын
құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру
емес, бір тұлғаның (адамның) компаниясын құруды кездейді, яғни шаруашылық
қоғамдарды. Кәсіпорын деген түсінік тек коммерциялық, емес ұйым ретінде —
меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
Нарықтық түсінім жағынан кәсіпорын кәсіпкерліктің ерекше ұйымдастыру
— құқықтық формасы емес, ол тек мүліктік кешен — ғимараттардың,
құрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол
унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде
(мемлекеттің, муниципалдык, құрылымдардың) болады, сондықтан жұмыскерлердің
арасында бөлініске түспейді.
Унитарлық кәсіпорынның бір түрі — федералдық қазыналық кәсіпорындар.
Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар заңды тұлға болады.
Өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайдалануында, ақшалай мүлігі
болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде жауап беретін,
ұйымдар жатады. Заңды тұлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар
жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп
тұтатын ұйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелерінің. арасында
бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
• шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
• өндірістік кооперативтер;
• мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар. Шаруашылық
серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:
• толық серіктестік;
• сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік
• жауапкершілігі шектелген қоғам;
• қосымша жауапкершілігі бар қоғам;
• акциөнерлік қоғам (ашық, жабық);
• балалық және тәуелді қоғамдар.
Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарамағындағы
мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық
серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының
мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына
пропорционалдық түрде бөлінеді.
Егер толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, немесе,
бірнеше мүшесалымшылар (коммандистер) болса, онда бұндай серіктестікгер
сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Коммандистер шығын
қауіпіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар
осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайды. Бұлар серіктестіктің
пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің сальііМдарына сәйкес бөлімін
алады.
Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салымдардың
құны көлемінде шығындар қауіпына жауапты болады.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері
қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты
болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына,
солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
Акциөнерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі
санына бөлінген коғам. Акциөнерлердің жауапкерліп тек өздерінің акциялары
құнының шамасында болады.
Ашық акциоперлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп,
оны сатуға құқығы бар болады.
Жабық акциөнерлік қоғамның акциялары тек осы коғамның құрылтайшылары
арасында бөлініп таратылады.
Балалық шаруашыльқ қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның
жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін құрамайтын қоғам жатады. Сондықтан
бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық
коғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.
Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардын 20%
артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.
Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және
косылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да
қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.
Унитарлық кәсіпорын — бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге
меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және
муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.
Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық, немесе,
діни мекемелер, қайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.
Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттыру мақсатпен, адамдардың
жаңа төлемі негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну кооперативі деп
аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызметтерден түскен табыстары
солардың мүшелері арасында бөлінеді.
Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес
қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін
бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ, бұлардың
тек құылндағы мақсаттарға жету үшін (мысалы балауыз шам, крест,
шіркеулердің тізбек бауларын жасау) кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы
болады.
Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.
Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құылған коммерциялық емес
ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе
басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамды пайдалы мақсаттарға
жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады.
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақ болып
бірлесуі мүмкін.

1.2 Нарық жағдайындағы фирманың даму стратегиясы

Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды,
яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа
мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критеригі — барынша көп
пайда табу болады.
Қысқа мерзімге фирманың өндірісте пайдаланатын құқрылыста-рыногы жалпы
көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жетімсіз болатын
уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің
ізімен өзгеріп тұрмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа
факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп
аталады.
Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа ғимарат
салып алу мүмкін емес, бірақ косымша материалдар сатып алуға, немесе, жаңа
жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.
Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа
жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде қысқа мерзім
өзінше ұзақ болса, балмұздақ өндірісінде ол өте аз болады.
Үзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты,
фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік
беретін, уақыт мерзімі жатады.
Үзақ мерзімде фирма барлық өндіріс факторларының көлемін өзгерте
алады. Бұлардың барлығы өзгермелі болады. Бұл мерзімде фирма факторларды
келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылатын өнімнің берілген көлеміне
жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен
,немесе, керісінше алмастырып отырады.
Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы
ықпал жасайды. Енді фирманың жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс-
қимылына назар аударайық. Фирманың мақсатын — баға мен шығындардың ара
алшақтығын барынша көтеруді естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында
ешбір фирма өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек
жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының бір-біріне әсер
ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз өнімдерінің бағасын көтерген
болса, ол сатып алушыларынан айрылады, олар бұның бәсекелесінің өнімін
сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендейді. Фирма бағаға үстемдік өте
алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорындағы технологиямен
болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек
өндіріс көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда
алу үшін фирма қанша өнім өндіріп сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің
нарықтық бағасы мен фирманың шекті шығындарын салыстыру қажет.
Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш, т.б. бірлікке өсіріп отырса, онда
келесі бірліктің әрбіреуі (айтайық, жаңа орындыктың әр біреуі) жалпы
табысқа да және жалпы шығындарға да бірдеме қосып отырады. Осы бірдеме
— шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық
болса, өндірілген.
Ұзақ мерзім деп фирманың және саланың тепе-теңдік мәселелері, қысқа
мерзім деген өзгеше болады. Егер фирма өнімнің белгілі көлемі ұзақ мерзімде
барынша төмен орташа шығындар жұмсап өндірсе, онда осындай болмыста
(нүктеде) баға шекті шығындарға тең болғандықтан тепе-тендік пайда болады.
Мәселе мынада фирманың барынша төмен орта шығындары, нарықта
қалыптасқан бағалардан жоғары болса, кейбір фирмалар нарықтан шығады,
саладағы ұсыныс азаяды бұл жағдай бағаны көтереді
Егер фирманың орташа шығындарының барынша азы нарықтык, бағадан төмен
болса, онда саладағы барлық фирмалар үстеме пайда алады Бұл басқа
фирмалардың осы салаға келуше стимуп болады. Нәтижесінде салалық ұсыныс
көбейеді, ал баға төмендейді. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы фирманың
рационалдық іс-қимылында кейбір ерекшеліктер болады.
Жетілмеген бәсеке нарығында өндіруші (фирма) өзінің өнімдерінің
бағасына ықпал ете алады. Егер жетілген бәсеке нарығында өнімнің бірінен
кейін бірі сатылған бірліктерден түсетін қосымша табыс тұрақты болып
өзгермей, нарықтық бағаға тең болса, жетілмеген бәсеке нарығында сатудың
көбеюі бағаны төмендетеді, ал бұл қосымша, немесе, шекті табыстың
төмеңдегені болады (MR)
Фирмаға барынша көп пайда әкелетің өндіріс көлемін анықтайтын екі әдіс
болады бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның жалпы шығындарға
қосқанынан артық болады
Бірінші әдісте өндірістің әр көлеміндегі жалпы табыстар мен жалпы
шығындар салыстырылады.
Екінші әдісте өндірістің оптималдық көлемін табу үшін шекті табыстар
мен шекті шығындарды салыстыру керек.
Қорытынды: жетілмеген бәсеке жағдайында барынша көп пайда алу үшін
өнімнің әрбір қосымша бірлігін ендіруге байланысты шекті шығындар осы өнім
бірлігін сатудан түскен шекті табыстан төмен болғанша, MRMC өндірісті
кеңейте беру керек, егер MRMC болса өндірісті қысқарту керек, егер MR=MC
болса фирма барынша көп пайда табады.
Батыс экономикалық әдебиетіндегі фирма теориясы пайданы барынша
көбейту принципіне негізделген. Бірақ фирма әрекеттеріне басқа да мотивация
беру аз кездеспейді:
• кейбіреулер фирманың мақсаты пайданы барынша көбейту емес, сату
көлемін көбейту дейді;
• басқа концепция бойынша, американдық профессор Г.Саймонның
қанағаттандыру теориясы бойынша, фирма тек пайданың белгілі дәрежесін
көздейді, ал бұған жеткен соң, оны одан әрі қарай барынша жоғарылату үшін
әрекет етпейді.
С.Винтердің эволюциялық теориясының дәлелдеуі бойынша, фирмалар
барынша көп пайда табуға тек талаптанады, бірақ оны таба алмайды, тапқан
болуы тек кездейсоқ жағдайда мүмкін болады.
Уақытқа (қысқа, немесе, ұзақ мерзімге сәйкес) және бәсеке жағдайларына
байланысты, фирма өзінің стратегиясын тұжырымдайды.
Стратегия - бұл фирманың негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен
міндеттерін таңдау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға
жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.
Стратегия екі типке бөлінеді:
• қорғаныстық;
• шабуылдық.
Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:
1. Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім мен көрсетілетін жалпы шығарылым
Өндірістік есеп және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі
ФИРМАДАҒЫ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
Фирмадағы стратегиялық жоспарлау
Туристік фирмадағы дағдарыс және оны шешу жолдары
Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері
Өнім сапасын басқару жөніндегі американдық тәжірибесі туралы
Маркетинг жүйесіндегі стратегиялық жоспарлау
Фирманың экономикалық мақсаттары
Пәндер