Сақтандыру қызметіндегі маркетингті жетілдіру


САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МАРКЕТИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Еліміздегі сақтандыру нарығы жаңа бағыттарды қамти отырып күннен-күнге ілгерілеп дамып келеді. Сақтандыру нарығы Қазақстандағы қаржы нарығының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан олардың ел экономикасындағы ролі өте жоғары. Егер Батыста сақтандыру компаниялары банктермен бірдей деңгейде позицияланатын болса, бізде әзірге олар әлі шағын. Олардың өсіп жетілуі үшін көптеген іс-шаралар жүргізілуі керек. Қазақстан сақтандырушылары үшін бастысы - мемлекет тарапынан қолдау бар. Республикада міндетті сақтандыру бойынша бірқатар заңдар енгізілуде, олар өз кезегінде сақтандырудың ерікті түрлерін дамытуға итермелейді.
Әр сақтандыру компаниясы өз қызметін нарыққа бейімделе отырып жетілдіру бағыттарын қарастырады. Біздің жұмысымызда зерттеу объектісі болып отырған «Алтын Полис сақтандыру компаниясы» АҚ-ы сақтандыру нарығында 1997-жылдан бері жұмыс істеп келеді. Құрылған уақыттан бергі уақытта компания көптеген жетістіктерге жеткен. Сөйтсе де нарықта бәсекелестік күрестің нығаюына байланысты, нарыққа шетелдік компаниялардың келу қаупіне қарай компанияның әлсіз тұстарын дамыту керек. Сондай әлсіз тұстарының бірі ретінде - компаниядағы маркетингтік қызметтің жеткілікті деңгейде дамымауын айтуға болады. Маркетинг - нарық жағдайында ұйымның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, өміршеңдігіне кепіл болатын бизнес философиясы. Маркетингсіз компанияның қызметі алға жылжымайды. Осыған орай біздің жұмысымыздың өзектілігі анықталады.
Жұмысымыздың мақсаты - «Алтын Полис сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қызметін талдау және оның нәтижесін бағалай отырып компанияның даму стратегиясын дайындау.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер анықталды:
- кәсіпорынның жалпы құрылымын, ұйымдастырылуын, басқарылуын сипаттау; компанияның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау; компанияның нарықтық ортасын талдау; компанияның қызметін жетілдіру бағыттарын анықтау.
Зерттеу барысында осы қойылған мақсат пен міндеттерге сәйкес жұмыстар жүргізілді. Практика барысында компанияның жалпы қызметімен танысып, қаржылық қызметіне талдау жасалды. Маркетингтік зерттеу жүргізу нәтижесінде компания әрекет ететін сақтандыру нарығы талданды.
Талдау, бағалау нәтижелері бойынша компания қызметін ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады .
1 . САҚТАНДЫРУ МАРКЕТИНГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- . Сақтандырудың экономикалық мәні
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірісітік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға себеп болатын басты себеп - өндіріс пен адам өмірінің қауіп - қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс үрдістерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл - ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай қосалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай - ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары әдетте резерв және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда - мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:
- сақтандыру қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс - қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
- сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалылығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы) .
Сақтандыру щеңберінде мемлекет сақтандыру ресурстары меншігінің субъектісі болып кететіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - несие институты ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөнінідегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтандыру жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына байланысты болады.
Бақылау функциясы сақтандыру төлемдерін жұмылдыруды және сақтандыру қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланыстырылған және жалпы ұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпы мемлекеттік материялдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе - теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталады. Бұл қатынастардың іс - әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың осы жиынтығы шегіндегі бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субьектілердің мүлкін сақтық қорғау жөнінідегі қатынастар болып табылады. Бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтандыру әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтандыру әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілері мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заң мен не сақтандыру қатынастардың қатысушылары арасындағы арнайы келісім шартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде - қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос әдіс, үшінші бөлікте - жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтандыру әдісі пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін қайырымдық қайыр алымы немесе белгілі бір уақиғаға қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін өзі сақтандыру негізінде ақша қаражаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі де болу мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қолар - жемшөп, тұқым, отын және т. б қорлар), материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындарында (шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, басқа материалдардың босалқы қорлары) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері, сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарпынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады.
Сақтандыру қорлары - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларында қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтандыру қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол - табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциалық қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтандыру қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің еркін нарығындада ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтандыру тарифтер мен жарналары түрінде болады. Сақтандыру қызметтерін көрсетуге сұраным олардың сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтандыру ұйымдары клиентураға қызмет көрсетуді жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақтандыру төлемдерін төлеу үшін (сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларында сақтық қорланың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциалық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтерін көрсету бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтандыру нарығында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалардың қашқысы келетін тапсырыскерлердің тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі [2] .
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бір қатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сақтандыру жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандандырудың проблемаларына тікелей қатысты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтандыру ұйымдарының қызметі сақтандыру ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру - сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір талап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші талап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасын шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді [3] .
1. 2. Сақтандыру түрлері және олардың мазмұны
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
- міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті; сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік ; сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымның сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктеліп сақтандыру; мүлікті сақтандыру (көлік құралдарын қоспағанда) ; кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауаптылығын қоспағанда) .
Сақтандыру түрі сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше щеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнімі болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процестердегі зиянның орнын; егер бұл прцесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп қатерлер) азаматтық құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықықтар сақтандырылады [4] .
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтанушылардың медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай - ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауапкершілігі де, осындай жауапкершіліктің жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауапкершілігі де сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауапкершілік тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық - құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс - қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлар мен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады [5] .
2005 жылдың басынан бастап «Сақтандыру төлем ақыларына кепілдік беру Қоры» өзінің тікелей қызметін бастады. Қор «Сақтандыру төлем ақыларына кепілдік беру Қоры туралы» Заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%- дық қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құралған. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде сақтандырудың бұндай оншақты түрлері бар (қабылданған заңдарға сәйкес) : әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың азаматтық - құқықтық жауаптылығын сақтандыру, турагенттер мен туроперацияларды, еңбек міндеттемелерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс барушінің жауаптылығын сақтандыру, қызмет үшінші тұлғаға (зауыттар, скважиналар, запракалар және т. с. с. ) зиян келтіру қаупі бар обьектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауаптылығын, өсімдік шаруашылығында сақтандыру, экологиялық және медициналық сақтандыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz