Экологиялық аудит туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Бөлім. Экологиялық аудиттің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Экологиялық аудиттің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

ІІ Бөлім. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1. Экологиялық аудиттің мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2. Экологиялық аудиттің міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3. Экологиялық аудиттің объектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.4. Экологиялық аудит жүргізудің бағдарламаларын жасау ... ... ... ... ... ... ... ..16

Аудиторлық қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Экологиялық аудит - бұл қоршаған ортаның нақты жағдайының ішкі және сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы берілгенінен аутқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп төндіріп тұрған өмірде бар және болашақ экологиялық тәуекелдіктерді анықтауға болады.
Экологиялық аудит бұл ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық және басқа да қызметін тәуелсіз тексеру.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - субъектілердің қызметі мен есебінің әрекет етуші табиғатты заңдылығына сәйкестілігін тексеру ғана емес, сонымен бірге әр алуан қосымша аудиторлық қызметтердің кең шеңбері, атап айтқанда, кеңес беру қызметі, экологиялық бақылаудың ішкі жүйесінің тиімділігін арттыру, аудит объектілерін басқару, экологиялық менеджмент жүйесін дамыту, қосымша табыс табу. Осы мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды анықтап алу керек:
• Шаруашылықта қандай қалдықтар және қандай көлемде жинақталады, олардың қанша көлемі шаруашылықта қолданылып, қанша көлемі өртеліп, жинағыштарға көміледі;
• Шикізатты ары қарай терең өңдеу үшін қалдықсыз, аз қалдықты және ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізу үшін, сәйкесінше қалдықтардың көлемін азайту үшін кәсіпорындарда қандай нақты шаралар жүргізіліп жатыр;
• Шаруашылық нормативтік және нормативтен асыра қалдықтарды орналастырғаны үшін экологиялық қорға ақшаны уақытылы аударып отырады ма;
Курстық жұмыс құрамы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде, экологиялық аудит түсінігі, оның қызметі қарастырылады.
Екінші бөлімінде, экологиялық аудиттің мақсаты мен міндеттері, оны жүргізудің бағдарламаларын жасау қарастырылған.
1. Насыров М.Р. Токсанбай С.Р., Кулпыбаев С.К., Гуляев С.П., «Современный экономический русско –казахскиий толковый словарь-справочник», Алматы, 2003, 880 с.
2. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы, 2 қараша 1998 ж.№ 304 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).
3. Абленов Д.О. «Аудит негіздері» Алматы, Экономика, 2005, 294 б
4. Шестаков А.С. Экологический аудит: вопросы теории и практики. ОИ ВИНИТИ. Экологическая экпертиза, 1999, № 1. с. 100-107.
5. З.Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева Аудит: Оқулық, - Алматы 2006ж, 603 б
6. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005 ж, 400 б
7. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. – Алматы: Әділет Пресс, 2003. – 40 б.
8. Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған бухгплтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.98 ж.№3838 Жарлығы // Бюллетень бухгалтерлік. 1998. № 2 9. – Б. 2 – 8
9. Ержанов М., Даулетбеков Г.Б. и др. Аудит – 1: Учебник. – Алматы: Бастау, 2005. 282 с.
10. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Типтік бағдарлама экономика мамандығын дайындайтын студенттеріне арналған. – Алматы: Экономика, 1999. – 24 с
11. Кочинов Ю.Ю. Аудит. – СПб.: Питер, 2002. – 304 с.
12. Байдаулетов М.Б., Байдаулетов С.М., «Аудит». Алматы. «Қазақ университеті», 2004 ж
13. Балапанова А.Ж. «Аудиттің теориялық негіздері»: Оқу құралдары. – Алматы. – 2003

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Бөлім. Экологиялық аудиттің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Экологиялық аудиттің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4

ІІ Бөлім.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1. Экологиялық аудиттің
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...10
2.2. Экологиялық аудиттің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .12
2.3. Экологиялық аудиттің
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..14
2.4. Экологиялық аудит жүргізудің бағдарламаларын
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. 16

Аудиторлық
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .34

Экологиялық аудит - бұл қоршаған ортаның нақты жағдайының ішкі
және сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы берілгенінен
аутқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп
төндіріп тұрған өмірде бар және болашақ экологиялық тәуекелдіктерді
анықтауға болады.
Экологиялық аудит бұл ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық және
басқа да қызметін тәуелсіз тексеру.
Менің курстық жұмысымның мақсаты - субъектілердің қызметі мен
есебінің әрекет етуші табиғатты заңдылығына сәйкестілігін тексеру
ғана емес, сонымен бірге әр алуан қосымша аудиторлық қызметтердің кең
шеңбері, атап айтқанда, кеңес беру қызметі, экологиялық бақылаудың
ішкі жүйесінің тиімділігін арттыру, аудит объектілерін басқару,
экологиялық менеджмент жүйесін дамыту, қосымша табыс табу. Осы
мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды анықтап алу керек:
• Шаруашылықта қандай қалдықтар және қандай көлемде жинақталады, олардың
қанша көлемі шаруашылықта қолданылып, қанша көлемі өртеліп,
жинағыштарға көміледі;
• Шикізатты ары қарай терең өңдеу үшін қалдықсыз, аз қалдықты және
ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізу үшін, сәйкесінше
қалдықтардың көлемін азайту үшін кәсіпорындарда қандай нақты шаралар
жүргізіліп жатыр;
• Шаруашылық нормативтік және нормативтен асыра қалдықтарды
орналастырғаны үшін экологиялық қорға ақшаны уақытылы аударып отырады
ма;
Курстық жұмыс құрамы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімінде, экологиялық аудит түсінігі, оның қызметі
қарастырылады.
Екінші бөлімінде, экологиялық аудиттің мақсаты мен міндеттері,
оны жүргізудің бағдарламаларын жасау қарастырылған.
Курстық жұмысты жазу барысында оқулықтар, экологиялық аудиторлық
қызметті лицензиялаудың және жүргізу заңнамалары, электронды ақпарат
көздері қарастырылған.

І Бөлім. Экологиялық аудит

1.1 Экологиялық аудиттің түсінігі
Экологиялық аудит қоршаған ортаның ластануын және радиацияның
стандарттарына сәйкес келетін дәрежесін анықтайтын тексерулерді
жорамалдайды.
Аудиттің бұл түрінің маңыздылығы соңғы жылдарда өсуде. Бұл
кәсілкершілікпен айналысатын және басқа да кәсіпорындардың қоршаған
ортаға тигізіп жатқан теріс әсерлеріне үкіметтің және қоғамның қам-
қарекетінің өсуіне байланысты.
Адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының табиғат пен
коғамның өзара әсерлерінің мәнін анықтау барлық уақыт кезеңдерінде
әртүрлі философиялық мектептердің жөне бағыттардың қызығушылығын
тудырған. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлері қазіргі кезде
антропогендік экоцидтің барлық белгілерін иемденеді — адамдар өмір
сүрудің қажетті жағдайларын, тіпті өздерінің тіршілік етуін бұзуда.
XX ғ. ортасына дейін табиғат таусылмайтын ресурс ретінде, ал
экологиялық мәселелер шешілетін мәселелер ретінде қабылданған.
Ғылым өркениеттің табиғатқа әсер етуінің күрделі мәселесін көп
уақыт бойы байқамады. Бұл жөнінде сауалды бірінші болып В.Н.
Вернадский қойды. Ол адам қызметінің биосфераға ықпал етуінің қуаты ХХ-
ғасырдың басына қарай геологиялық жөне табиғи құбылыстармен сәйкес
келмейтіндіктерін дәлелдеді . Өркениеттің дамуының магистралды жолы
табиғаттың күйреуіне алып келе жатқандығы туралы қорытынды шығару үшін
ғылыми ойға бірнеше онжылдықтар қажет болды, ол адамзаттың тіршілік
етуінің заңдарына қайшы келеді. Экологиялық күйреудің мүмкіндігін
туралы алдын-ала хабарламайтын мұндай қорытынды XX ғ. ғылыми ашылымға
байланысты — коршаған ортаны зерттеу объектісі ретінде қабылдануда.
Экологиялық аудит - бұл қоршаған ортаның нақты жағдайының ішкі
жөне сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы берілгенінен
аутқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп
төндіріп тұрған өмірде бар және болашақ экологиялық тәуекелдіктерді
анықтауға болады.
70-жылдардың басында Еуропа жөне Солтүстік Америка елдерінің
компаниялары қоршаған ортаға тигізген зияны үшін заңды түрде
жауапкершілкке тартыла бастады, сондықтан олар өздерінің қызметтерінің
экологиялық зандардың нормаларына сәйкестігін бағалай бастады.
Көптеген белгілері бойынша мұндай бағалау каржылық аудитке ұксас
келді, сондықтан ол экологиялық аудит деп аталып кетті .
80-жылдардың ортасына карай экологиялық аудит кәсіпорынның
қызметін бақылауды күшейту үшін ішкі әкімшілік басқару әдісіне көшті.
Халықаралық сауда палатасы енгізген экологиялық, аудиттің бұл
бағытының құрамына компания қызметінің стратегиясының экологиялык
заңдардың нормаларына сәйкестігін бағалау да кірді.
Экоаудит кең көлемде дамыды (қалдықтарды минимизациялау
мәселелері, профессионалды аурулардын сауалдары, нақты табиғи ортаның
ластануын бақылау, кәсіпшілік тазалығы және т.б.) Сондықтан
"экоаудит" терминінен басқа денсаулық, коршаған ортаның кауіпсіздігі
және табиғатты қорғау кызметі жайлы мәселелер бойынша "аудиттеу"
термині кең таралды .
Соңғы жылдары экоаудитті халықаралық даму банкілері қоршаған
ортаны басқарудың құралы ретінде қолдануда. Бұл үшін олар өздері
қаржыландыратын құрылымдар мен компаниялардың табиғатты қорғау
кызметтерінің ағымдағы және өткен көрсеткіштерін салыстырулары
қолданады.
Шетелдердегі экоаудит — бұл тек кәсіпорын жағдайын табиғатты
қорғау зандарының талаптарына сәйкестігін тексеру ғана емес, сонымен
қатар мүмкін болатын теріс пиғылды әрекеттердің алдын-алу бойынша
шаралар кешенін жасап шығарудың негізі.
Экоаудиттің бағдарламалары мен процедуралары субъектінің
экологиялык жауапкершілігінің дәлелдемесі болуы мүмкін.
Табиғатты қорғау қызметінің негізгі нәтижелері (бірінші кезекте,
өндірістік деңгейде) экоменеджмент жүйесінің элементі ретінде
экоаудиттің дамуымен байланысты. 90-жылдардан бастап бұл салада
әртүрлі стандарттар кабылданды. 1995 ж. сәуірінде Еуропалық кеңеске
(ЕК) мүше -елдеріндегі экологиялык менеджменттің және экологиялық
аудиттеудің (ISO 14001, ISO 14010, ISO L4011, ISO 14012) дамyынa
байланысты құжаттардың пакеті қабылданды. Бұл ЕК-ке мүше-елдерінің
экологиялык зандарының дамуыньщ негізі ретінде саналды .
Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердің бұқаралық ақпарат
құралдарында экоаудитті қолдау мен оған қарсы шығуды білдіретін
пікірлер пайда болуда. Бір жағынан, экоаудит өнеркәсіптік
кәсіпорындарды шығынға ұшыратпай экологиялык жағдайды жақсартудың
мүмкіншіліктерін өсіруге үлес қосқан табиғатты қорғау менеджментті
жүйесінің құралы ретінде қолдау табады. Экоменеджменттің жүйесі
қазіргі кезде өркениетті елдерде өнімнің сапасымен тығыз байланысты.
Өнімнің сапа сертификатын алу үшін шикізатты дайындаудан соңғы
технологиялық операцияға дейін оны өндірудің технологиялық, тәртібі
экологиялық стандарттарға, экологиялық талаптарға сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Ал бұл үшін экологиялық менеджменттің жүйесі нәтижелі
түрде жұмыс істеуі қажет. Біздің елдегідей Батыс елдерінде де экоаудит
бағдарламалары қарсыластарының экологиялық дәлелдері болып барлық
дамыған мемлекеттерде экологиялық бақылау жүйесінің бар болуы
саналады.
Бұл тәжірибенің Казақстанда бейімделуі үшін тәжірибелі
экологиялық аудит бойынша теориялық және әдістемелік жетілдіру
жұмыстары қажет.
Қазіргі кезде экологиялық аудит ұйымдастыру бойынша нормативті-
әдістемелік құжаттардың жобалары жасап шығарылған. Осы құжаттарға
сәйкес экологиялық аудит міндетті және бастамашылық болып бөлінеді.
Бастамашылық экологиялық аудит жетекшілердің, сонымен қатар
аудиттелініп отырған субъектінің шешімдерді қабылдайтын басқа да
тұлғаларының шешімі бойынша жүргізіледі.
Міндетті экологиялық аудит келесі жағдайларда жүргізіледі:
• қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық міндеттемелерді іске
асыруда;
• банкротқа ұшырау процедураларын іске асыруда;
• міндетті экологиялық сақтандыру жүргізу мақсатымен;
• инвестициялаудың шарттары бойынша қарастырылғанда инвестициялык
жобалар мен бағадарламаларды дайындау мен негіздеу кезінде және т.б.
Экоаудиттің бұл түрі мемлекеттік экологиялық сараптаманың шешімі
бойынша, сонымен қатар кәсіпорынның, құрылыстардың нсмесе жобалардың
қоршаған ортаға тигізетін әсерлерін бағалау процедурасы процессінде
жүзеге асырылады.
Экоаудитті қолданудың қажеттілігі мемлкеттік және ведомстволық
кәсіпорындарды жекешелендіру процессінде риэлторлық кызметті
жүргізуде, жылжымайтын мүлікті, технологиялық процесстер мен
өндірістерді аудиттеу мен сертификаттау кезінде, экологиялық зиян
келтірген үшін жауапкершілікті орнатуда, экологиялық сактандыру
жүйесінде, лицензияларды алуға байланысты өтініштерді қарастырғанда,
инвестициялық жобалардын экологиялық негізделуі кезінде жөне т.б.
жағдайларда көрініс табады. Бұдан шығатын қорытынды, экологиялық аудит
меншік иесі немесе инвестор тап болуы мүмкін экологиялық талаптарға
сәйкестік тұрғысынан өзінің жобалары бойынша операциялардан өмірде бар
немесе болашақ мәселелерін анықтауға бағытталған.
Экологиялык аудитті жүргізудің нәтижесі болып бірінші кезекте,
табиғатты пайдалануды одан да үнемді түрде жүргізу және экологиялық
талаптардың шарттарын орындауды сақтау есебінен қаржылық қаражаттарды
үнемдеу саналады.
Экологиялық аудит төмендегілерді анықтау мен белгілеуге
бағытталған:
• жылжымайтын мүліктің экологиялық жағдайьн;
• объектінің экологиялық құлдырауының дәрежесін;
• бұл қызметті жүзеге асыру нәтижесінде осы территориядағы
участоктардың ластануын;
• денсаулықтың нашарлау мәселесін жене объект қызметкерлерінің жұмыс
кауіпсіздігінің бұзылуын;
• кызметтің нормативтік талаптарға сәйкестігін;
• объект қызметін реттейтін құқықтық нормаларды;
• экологиялык заңдардың талаптары тұрғысынан объектінің қызметін
тұрақтандыру үшін қосымша ақпаратқа деген мұқтаждықты.
Аудит әдістемесі ұйымның немесе Үкіметтің аудиттің максаттарын
алдын-ала анықтауы, сонымен қатар нақты нәтижелерді алға қойылған
мақсаттармен салыстыру болып табылады.
"Қоршаған ортаны корғау туралы" ҚР Заңына сәйкес жасап
шығарылған экологиялык аудиторлық қызметті жүргізудін ережелерінде
экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны заңды
түрде белгіленген тәртіп бойынша алған жеке экологиялық аудиторлар мен
экологиялык аудиторлык ұйымдар қызметінің тәртібі белгіленген. Олар
сонымен катар экологиялық аудитті жүргізудің тәртібі мен мақсаттарын
белгілеген.

ІІ Бөлім.
2.1. Экологиялық аудиттің мақсаттары
Экоаудиттің бағдарламаларын жүргізудің нақты мақсаттары әртүрлі
болуы мүмкін, мысалы:
• кәсіпорын қызметінің заңдық және нормативтік құжаттарға
сәйкестігін қамтамасыз ету және тексеру;
• аудит жүргізу саласын анықтау;
• көсіпорындағы қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің
тиімділігін бағалау;
• қандайда бір процесстерді, материалдарды пайдаланумен,
калдықтардың белгілі бір түрлерінің пайда болуымен байланысты
қалыптасқан тәуекелдіктерді бағалау;
• ресурстарды пайдалануды оптимизациялау (қаржылық ресурстар-мен
қоса);
• экологиялық талаптар орындалмаған жағдайда жауапкершілік
деңгейін белгілеу;
• тәуекелдікті төмендету және айыппұл салуды қолданудың алдын-
алу;
• болашақ шығындарды болжау;
• жағдайды түзету бойынша жұмыстардың құқын бағалау;
• белгілі бір кәсіпорынның экологиялық мәселелерін шешу
саласында алдыңғы қатарлы шаралар мен ұзақ мерзімді саясатты
жасап шығару және т.б.
Қоршаған ортаға тигізілетін зиян субъективті категория болып
саналады және аудитке тапсырыс берген тұлғаның көзқарасына байланысты
болады.
Аудиттің ақпараттық базасының құрамы
Аудит тиімді басқару шешімдерінің негізі болатын экономикалық
ақпарат жүйесіне негізделеді.
Компанияның тұрақты түрде дамуы мен инвестициялардың экологиялық-
экономикалық тәуекелдіктерінің төмендеуі кәсіпорындардың өндірісін
және әлеуметтік саласын экологиялық қауіпсіздендіруді қамтамасыз
еткенінше мүмкін болмайды. Мұндағы басты мәселе табиғатты қорғау
шығындарының экологиялық тиімділігін және экологиялық жобаларды
тұрақты түрде қаржыландыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Бұл саладағы шешімдер сапалы алғашқы ақпаратқа, экологиялық
аудиттің тиімді жүйесіне және экологиялық ақпараттың қаржылық және
басқару есептерінде көрсетілуіне негізделуі керек.
Экологиялық аудитті жүргізу үшін қажетті ақпараттың құрамына
құжаттардың төмендегі тобы кіруі мүмкін:
а) табиғи объекті мен өзге заттарға концессияны, жалға беруді,
меншік кұқығын белгілейтін кұжаттар;
ә) рұқсат беретін кұжаттар:
• табиғатты пайдалану үшін лицензиялар;
• қоршаған табиғи орта мен айналасындағыларға жоғары деңгейде
қауіп төндіретін қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялар
(ғарыштық, қарулы кызмет, қалдыктарды сақтау және транспорттау);
• канализацияға су калдықтарын ағызу, өнеркәсіптік және үй
шаруашылық қалдыктарын шығару жөніндегі келісімдер;
• ластайтын заттарды шығаруға және қалдықтарды орналастыру мен
оларды жүзеге асыруға қойылған шектеулі нормативтер;
• экологиялык паспорттар;
• кәсіпорындардың санитарлық-қорғау зоналары бойынша
рәсімделетін құжаттар;
б) қоршаған орта мен жергілікті халыққа кәсіпорын қызметінің
кері әсері тимейтіндігі жөніндегі құжаттардың құрамына
төмендегілер кіреді:
• төтенше жағдайлар бойынша Министрліктің органдарының
өнеркәсіптік объектінің қауіпсіздік жөніндегі декларациясының
сараптамасын оңды түрде қорытындылауы және табиғи апаттардың
келтірген зияндарын жою (ҚР Заңына сәйкес);
• қызметтің қауіпсіздігі туралы мемлекеттік экологиялық
сараптаманың оң қорытындысы ("Экологиялык сараптама туралы" ҚР
Заңына сәйкес);
• жұмыстар мен қызмет көрсетулерді, өнімдерді экологиялық
сертификаттау туралы құжаттар;
г) табиғатты қорғау қызметінін есебі:
• мемлекеттік статистикалық қорытынды есеп беру;
• табиғатты корғау іс-шараларының жоспары және олардың
орындалғандығы туралы есеп беру;
• экологиялық бақылау мен баскарудың территориялық органдарының
тапсырыстары бойынша анықтама қағазы;
• табиғатты қорғау қызметін кешенді түрде тексерудің актілері;
• экологиялық шығындарға алып келетін төтенше жағдайлар
кезіндегі әрекетгер мен қолданылатын шаралардың жоспарлары;
• радиоактивті заттарды қолданғаны жөнінде кәсіпорынның
дайындайтын қорытынды есебі.

2.2. Экологиялық аудиттің міңдеттері

Халықралық тәжірибесі есепке ала отырып экоаудиттің негізгі
міндеттерін егжей-тегжейлі көрсетуге болады:
• табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі жөнінде сенімді акпарат
алу, өнімнің экологиялық маркировкасы мен экологиялык жаңа
технологияларын енгізу арқылы олардың халықаралық нарықта
бәсекеқабілетгілігін арттыру;
• шаруашылық жургізуші субъектілерге экологиялық талаптардьщ,
нормалардың және ережелердің орындалуына бағытталған алдын-ала ескерту
шараларын жүзеге асырудағы өз бетімен басылымдықтарды қалыптастыру мен
экологиялық саясатты реттеуде қолдау көрсету;
• сақтандыру және қаржы-несиелік ұйымдардың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржылық тәуекелдігінің томендеуіне жағдай жасау;
• табиғатты пайдалануды реттеудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшіл
құралдар жинағын кұру;
• қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті кызметтің басқа да
саларымен интеграциялау, "экологиялық, шот жүргізуді" енгізу;
• экоаудиттің халықаралық прициптерін, әдістерін және процедураларын
пайдалану;
• экологиялық бухгалтерлік есеп жене аудит бойынша мамандарды
дайындау;
• қорытынды есеп беру мәліметтерінің табиғатгы пайдалану сала-сындагы
нормативтерге сәйкестігін аныктау;
• табиғатты пайдалану саласындағы кәсіпорын мен оның құрылымдарының
"ауру" жерлерін анықтау, олардың келтіретін зиянын анықтау және оларды
жою, олардың алдын-алу бойынша шараларды ұсыну.
Табиғатты қорғау қызметіне кететін шығындардың құрамы
Экологиялық аудит мониторингтің, сонымен қатар мониторингтің
ақпараттық базасының және нәтижелерінің сенімділігі мен сапасын
сараптамалық тексерудің жалпылама фазасы болып табылады. Ол бірінші
кезекте компанияның ағымдағы және алдағы кезеңдерде табиғатты
пайдалануға кеткен шығындарын сенімді түрде анықтау үшін қажет .
Экологиялық шығындарға төмендегілер жатады:
• қоршаған ортаны ластау бойынша экологиялық төлемдер;
• жерді рекультивациялауға кеткен шығындар;
• пайдалы қазбалар, су, орман және жер ресурстары бойынша төлемдер;
• қылдықтарды жоюға, лай суларды тазартуға кеткен шығындар;
• энергияны үнемдеу бойынша шараларға кеткен шығындар;
• технологиялық процессте суды пайдаланумен байланысты шығындар;
• экологиялық тәуекелдіктерді төмендету бойынша жұмыстарды жүргізуге
кеткен шығындар;
• белгіленген нормаларды сақтау және бақылау саласындағы жүргізілетін
жұмыстарды талдауға кеткен шығындар;
• табиғатты пайдаланудың нормативтерін жасап шығаруға кеткен шығындар.
Экологиялық аудиттің жалпы процедураларының құрамына заңдық және
нормативтік актілердің орындалуын талдау, аудиттеліп жүргізіліп
отырған объектінің қызметкерлерімен сұхбаттасу, тест жұмыстарын
жүргізу, кұжаттарды, тіркеу журналдарын және басқа да материалдарды
тексеру, сынақтарды тандау мен талдау кіреді.

2.3. Экологиялық аудиттің объектілері
Экоаудиттің объектісі ретінде коршаған ортаға әсерін тигізетін
құрылыстар мен кәсіпорындар, шаруашылық жүргізуші объектілерді жою
және консервациялау, кеңейту, реконструкциялау, салу бағдарламаларының
немесе жоспарларының жобалары, сонымен қатар территорияны игерудің
жобалары саналуы мүмкін.
Сонымен, мұндай жағдайда экологиялық аудиттің объектісі ретінде
халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін
тигізетін қандай да бір инвестициялық, шаруашылық немесе әкімшілік
қызметтің түрлері танылуы мүмкін. Оларға төмендегілер кіреді:
• қызметі халықтың денсаулығы мен қоршаған орта үшін экологиялык
тәуекелдікпен байланысты меншік иелену нысандарының қандай түріне
жататындығына қарамастан ұйымдар мен мекемелердің, кәспорындардың
дамуының инвестициялық және жекешелендіру бағдарламалары мен жобалары;
• несиелік келісімдер, инвестициялық мердігерлік келісім-шарттар:
бұларды жүзеге асыру халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына
кері әсер етуіне, экологиялық нормативтердің бұзылуына алып келуі
мумкін;
• жүзеге асырылуы экологиялық нормативтердің бұзылуына алып келетін
салалық және жергілікті шаруашылық және әкімшілік шешімдері;
• экологиялық тұрғыдан кауіпті объектілер, жүйелер, кешендер;
• мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншіктерін жекешелендіру
объектілері.
Инвестициялардың аудиторлық негізделуінің кұрамына бөлімдердің
жеткілікті саны, оны ішінде коршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ)
кіреді.
Бүл бөлім аумақтың табиғи жағдайлары және оның жеке компоненттерінің
жағдайы туралы ақпаратты қамтиды (әуе кеңістігін, жер бетіндегі және
жер астындағы сулардың, геологиялық ортаның, пайдалы қазбалар мен жер
ресурстарының, табиғи ландшафтардың, мәдени-тарихи және табиғи
ескерткіштердің, жануарлар және өсімдіктердің, әлемінің).
Қарастырылып отырған объектінің оның кұрылуы, пайдаланыуы және
жойылуы кезеңдеріндегі қоршаған ортаға әсер ететін көрсеткіштерін
(факторларын) анықтаудың кұрамына әсер ету түрі (сипаты), олардың
көздері, әсердің жойылған зонасының сипаты және тағы да басқалар
кіреді. Кәсіпорынның әсер ету зонасындағы табиғи ортаның жеке
компоненттерінің жағдайының мүмкін болатын өзгерістеріне талдау
жүргізіледі, сонымен қатар шаруашылық қызметін жүзеге асырудан пайда
болған теріс экологиялық және әлеуметтік зардаптардың алдын-алу
бойынша кешенді шаралар жасап, шығарылады.
ҚОӘБ процессінде алдын-ала жоспарланған құрылыстың қоршаған
ортаға тигізетін әсерінің ұзақ мерзімді зардаптарын болжамды түрде
бағалаудың, сонымен қатар табиғи кешендермен халыққа кәсіпорынды салу
мен оны жұмысқа енгізу кезендерінде тигізетін зиянның (оның қатарына
жер учаскілердің бұзылуы, ландшафтың өзгеруі, жануарлар және
өсімдіктер әлеміне зиян келтіру және тағы да басқалар жатады) орнын
жабуды есептеудің маңызы өте жоғары.
Инвесгициялық жобаны оның тиімділігін негіздеу түрғысынан
экономикалық бағалау мен каржылық талдаудың құрамына барлық әлеуметтік-
экономикалық және экологиялық шектеулер мен талаптардың орындалуын
сақтау жағдайында нұскалар бойынша кұрылыстың құнын анықтау, сонымен
қатар өндірістің экологиялық шығындарын анықтау кіреді.
Инвестициялық қызметті аудиторлық негіздеудің қорытынды
процедурасы болып Инвестициялық пиғылдар туралы декларация және
Экологиялық мәлімдеме дайындау табылады. Екі құжат та барша халық пен
мамандарға арналғандықтан, нақты және түсінікті түрде жасалуы керек.
Еуропалық кеңестегі экоаудит пен экоменеджмент жүйесінің талаптарына
сай Экологиялық мәлімдеменің құрамына төмендегілер кіреді:
• кәсіпорынның қызметі мен алып отырған шекарасын, инвестициялық
жобаның мақсаттары мен міндеттерін сипаттау;
• осы қызметке қатысы бар маңызды экологиялық мәселерді бағалау;
• коршаған ортаға ластаушы заттарды шығару, қалдықтардың қалыптасуы,
шикізаттардың, энергияның және судың шығындалуы, қоршаған ортаға
тигізілетін шулы және басқа да әсерлер туралы мәліметтер;
• компанияның экологиялық сипаттамасына жататын басқа да факторлар
туралы мәліметтер;
• қарастырылып отырған кеңістікте енгізілетін компанияның
бағдарламалары мен басқару жүйесінің, экологиялық саясатының негізгі
ережелерін сипаттау.
Тіркеулік үлес пен Экологиялык мәлімдеменің білікті органдар
арқылы бекітілуінен кейін ғана кәсіпорынның учаскелерінің (орналасу
орындарының) тіркелуі жүзеге асырылады. Егер компания Экологиялық
мәлімдемесін ұсынбаса учаске инвестициялық қызмет реестрінен алынып
тасталынады. Басты ескеретіні, экоаудит ҚОӘБ-дың баламасы болып
табылмайды. Белгілі бір жағдайларда екі процедураны да жүргізудің
кажеттігі мен мүмкіндігі туындайды. Бұл казіргі жағдай кезінде, ҚОӘБ-
ды жүргізу бойынша талаптар тұрактырылғанда, экологиялық сараптамаға
өндірістегі өзгерістерді негіздеу материалдарын ұсыну бойынша
міндеттер пайда болғанда өте маңызды. Белгілі бір жағдайларда
экоаудиттің материалдары ҚОӘБ-ды дай-ындауда немесе "Қоршаган ортаны
қорғау" бөлімі ретінде колданылуында, экологиялық сараптамадан өтуде
пайдаланылады. Осыған байланысты экоаудитті үнемі жүзеге асырып отыру
бірте-бірте кәсіпорынның кәдімгі тәжірибесіне көшуі керек, өйткені
алынатын есеп берулер қымбат тұратын ҚОӘБ-ды толықтай алмастыра алады.
Шетел төжірибесінде экоаудит өзінің жоғарғы экономикалық тиімділігін
дәлелдейді.
Бұдан басқа, аудиттің материалдары мемлекеттік бақылау органдарына
экологиялық қорытынды есепті тапсырудың негізі бола алады.

2.4.Экологиялық аудит жүргізудің бағдарламаларын жасау
Аудиттің барлық бағдарламаларын шешілетін мәселелердің көлеміне
жеке мақсаттарының сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
A. Қысқартылған арнайы бағдарламалар.
Бағдарламалардың негізгі мақсаты - экологиялық түрғыдан қиын
жеке шешімдерді қабылдау және оларды жетілдіруді жалпы акпараттық
қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламалардың міндеттерінің құрамына
жеке экологиялық мәселелердің шарттарын (тапсырыс берушімен алдын-ала
келісіп алынған) және оларды шешудің мұмкіндіктерін бағалау мен
сипаттау кіреді. Мысал ретінде мамандарды тарту бойынша табиғатты
қорғау қызметі аудитінің бағдарламаларын, олардың нәтижелі жұмыс үшін
ақпараттық жағдайларды қамтамасыз ету және күрделі экологиялық
мәселереді шешу үшін пайдаланылатындығын айтуға болады.
B. Толық арнайы бағдарламалар.
Мұндай бағдарламалардың мақсаты - егжей-тегжейлі көрсетілген
ұсыныстарымен қоса, жекелеген күрделі шешімдерді жасау мен қабылдауды
жеткілікті деңгейде ақпараттық камтамасыз ету болып табылады. Мұнда
шешімдердің баламалы нұсқаларын талап ететін ең күрделі мәселелер
бойынша жобалар мен техникалық-экономикалық негіздемелердің
конкурстары, ақпараттық және әдістемелік камтамасыз етулер, алғашқы
мәліметтерді жасап шығару бойынша ұсыныстар қарастырылуы мүмкін.
C. Қысқартылған кешенді бағдарламалар.
Бағдарламалардың негізгі мақсаты болып жекелеген өндірістердің,
территориялар мен аймақтардың экологиялық мәселелерінің жиынтығын
бағалау, сипаттау және бекіту табылады. Аудиттің міндеттеріне сонымен
қатар алдыңғы қатарлы мәселелерді шешудің бар мүмкіндіктерін бағалау
мен талдау, жалпы ұсыныстарды жасау кіреді.
D. Толық кешенді бағдарламалар.
Бағдарламалардың мақсатына экологиялық бақылау мен басқару
бойынша кызметті жеткілікті түрде ақпараттық қамтамасыз ету, оның
ішінде тиісті адрестік егжей-тегжейлі көрсетілген ұсыныстарды жасау
жатады. Мысал ретінде міндеттеріне территориялық экологиялық
бағдарламаларды, өндірістік экологиялық бақылау мен басқарудың
жүйелерін, қалдықтар мен ортаға әсер ету көздерінің мониторингісінің
территориялық жүйелерін қалыптастыру мен дамыту үшін алғашқы
мәлімттерді жасап шығару кіретін бағдарламаларды айтуға болады.
Аудит бағдарламаларын оларға тапсырыс берушілердің кім
екендігіне аудит жүргізіліп жатқан субъект немесе сыртқы тапсырыс
беруші ме, сонымен қатар аудитке "үшінші жақ" - мысалы, аудиторлық
фирма тартылды ма немесе экоаудит ішкі күштер арқылы жүргізіле ме,
осыған байланысты жіктеуге болады. Өзінің міндеттерін орындағаны үшін
аудитор тапсырыс берушімен алдын-ала келісілген келісім-шарттың
тәртібі және нысаны бойынша жауап береді. Аудиттің сапасыз және
төменгі дәрежеде жүргізілуі кәсіпорынның материалдық шығынға ұшырауына
алып келеді. Бұл үшін аудитор келісім-шартта қарастырылған мөлшерде
мүліктік жауапкершілікті мойындауға міндетті (Заңмен белгіленген
шектеулерді есепке ала оты-рып).
Мұндағы ескеретін нәрсе, аудит мамандары өздерінің
жауапкершіліктерін өзі жұмыс істейтін аудиторлық фирманың қаржыларының
есебінен сақтандыра алады, ал жеке аудиторлар - өзінің қаржыларының
есебінен.
Табиғатты қорғау қызметі аудитінің толық кешенді бағдарламасының
құрамына мынадай кезеңдер кіреді: 1) аудиттің міндеттері мен
мақсаттарын анықтау және аудиттің тобын құру; 2) жоспарлау; 3) аудитті
жүзеге асырудың негізгі кезеңі; 4) қорытынды кезең; 5) табиғатты
қорғау кызметі аудитінің материалдарын пайдалану.
Табиғатты қорғау қызметі аудитінің бағдарламасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міндетті экологиялық аудитті жүргізу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДИТТІ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Аудиттің мәні мен мағынасы
Ішкі аудитті бағалау
Экологиялық аудит
Экологиялық аудиттің құқықтық негіздері
Өнеркәсіптің табиғат қорғаушылық қызметтің құқықтық реттелуі. ҚР экологиялық аудиттің қалыптасуының әлеуметтік-экономикалық негіздері
МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi 160-I Заңы
Экологиялық сараптама
Пәндер