Ағаш саңырауқұлақтары


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кiрiспе
  2. Ағаш саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы
  3. Ағаш саңырауқұлақтардың әр алуан түрлiлiгi. Пайдасы мен зияны
  4. Ағаш саңырауқұлақтардың орман биогеоценозына тигiзетiн әсерi.

Ағашта (ксилемада) өсетiн саңырауқұлақтарды ксилотрофтар немесе ксилофилдер деп атайды. Ксилотрофтар екiге бөлiнедi : паразиттер және сапротрофтар . Паразиттер тiрi ағаштарды зақымдайды, ал сапротрофтар өлi ағаштарда тiршiлiк етедi. Ағаш қиратушы саңырауқұлақтарға ағаш саңырауқұлақтардың көптеген түрлерi, сонымен қатар, ағаштан жасалған құрылыстарды қирататын үй саңырауқұлақтары жатады.

Ағашты ыдырату - бұл күрделi процесс. Оның барысында көптеген организмдер қатысады. Ксилотроф саңырауқұлақтардың бiреулерi целлюлозаны ыдыратып қоңыр шiру процесiн тудырады, басқалары лигниндi ыдыратып ақ шiрудi туғызады. Лигниндi ыдырату - бұл ерекше процесс, саңырауқұлақтар бұл қосылысты ыдырататын жалғыз организмдер болып табылады.

Табиғи жағдайда ағаш ыдырауы бiрнеше сатыдан өтедi. Әлсiреген немесе зақымдалған ағаштарға паразиттi саңырауқұлақтар енедi, ағаш өлген жағдайда олар өлi органикалық заттармен қоректенетiн сапротрофтар қызметiн атқара бастайды. Өлi ағаштың шiрудiң бiрiншi сатысы қалталы және жетiлмеген саңырауқұлақтардың қатысуымен жүредi. Олар ең қолайлы заттарды қолданып, ағаштың орталығын зақымдап, жасуша қабығының механикалық қаттылығына әсер етпейдi. Олар субстратты активтi деструкторлармен - базидиальдi саңырауқұлақтармен қоныстануға дайындайды.

Ағаш ыдырауының екiншi сатысын көп жағдайда ағаш саңырауқұлақтары атқарады. Ағаштың ыдырауы саңырауқұлақтар, микроорганизмдер комплекстерiнiң (қалталы және жетiлмеген саңырауқұлақтар, бактериялар) және жәндiктердiң қатысуымен қоса өтедi. Микроорганизмдер мен жәндiктер ағаш саңырауқұлақтардың тiршiлiк әрекетiнен шыққан өнiмдерiнiң арқасында тiршiлiк етедi.

Ағаш саңырауқұлақтарда ферментативтi дамыған аппарат болады, мысалы, Роlyporus abietinus ағаш саңырауқұлағының бiр түрiнде әр түрлi 19 фермент табылған. Ағаш ыдырататын базидиальдi саңырауқұлақтардың активтiлiгi өте жоғары. Олар қолайлы зертханалық жағдайда ағашты 200-300 тәулiкте толығымен ыдыратады.

Соңғы, ағаш деструкциясының үшiншi сатысы ең ұзак, ол ондаған жылдарға созылып, төсемдiк сапротрофтардың қатысуымен өтедi. Осы уақыттың iшiнде өлi дiңдер, бұталар, түбiртектер қыналар мен мүктермен қапталып, өздерiнiң сыртқы көрiнiсiн ағаштың қиын шiритiн элементтердiң (әдетте, ағаш қабығы) есебiнен сақтайды.

Ормандарда ағаштың ыдырау жылдамдылығы қоршаған ортаның температурасы мен ылғалдығына, ағаштың пiшiнiне және олардың жазықтықта қалай орналасатынына байланысты. Жерге түскен дiңдер, қурап қалған ағаштарға қарағанда төрт рет есе тез ыдырайды. Осындай факторларға байланысты толық ағаштың ыдырау уақыты 5-тен 100-деген жылдарға дейiн созылады.

Ағаш саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы

Класс Базидиомицеттер (Basidiomycetes)

Кл. асты: Холобазидиомицеттер (Holobasidiomycetidae)

Қат. тобы: Гименомицеттер (Hymenomycetalis)

Қатар: Афиллофоралылар (Aphyllophorales)

Топ: Агаш саныраукулактары (Трутовики)

Бұл саңырауқұлақтардың көбiсi тiрi ағашта дамып, ағаштың өлiмiнен де кейiн өз дамуын тоқтатпайды. Ағаш саңырауқұлақтардың түсi әр алуан - қара, сұр, сары, шұбар түстi және т. б. болады. Олар өлi ағаштарды шiрiтiп, санитарлардың қызметiн атқарады. Бұл саңырауқұлақтар топырақтың құнарлылығын көтерiп, оны жаңа жасыл өсiмдiктер үшiн дайындайды. Ағаш саңырауқұлақтардың маңызы үлкен болғанымен, олар орман биогеоценоздарына үлкен зиян келтiредi.

Сонымен қатар, бұл саңырауқұлақтар - өте зиянды паразиттер. Олар жаздан да, қыстан да, жаңбырдан да, ыстық пен суықтан да қорқпайды. Күндiз-түнi, жазда мен қыста саңырауқұлақтардың мицелийi ағаштан тiрi шырындар сорады. Дiңде тоз, губка, тұяқ тәрiздес түзiлулер пайда болғанда, ағаш шiрiдi дегендi бiлдiредi. Орманда ағаш саңырауқұлақтардың түрлерi өте көп.

Ағаш саңырауқұлақтардың метаболизмi мен қоректенуi субстратың қасиеттерiне немесе иесiнiң физиологиялық қалпына байланысты болады. Саңырауқұлақтарға қорек ретiндегi керек заттардың көбiсi ерiмейтiн қалпында болады, әсiресе бұл көмiрсулар қорегiнiң көзiне байланысты. Сондықтан да саңырауқұлақтардың тiршiлiгiнде энзимдер немесе ферменттер үлкен рөл атқарады. Олар әр түрлi қосылыстарды ерiмейтiн жағдайдан еритiн жағдайға ауыстырады.

Ағашты ыдыратуда саңырауқұлақтармен бөлiнетiн экзоферменттердiң арнайы маңызы бар. Ферментативтi ыдыраудың өнiмдерi саңырауқұлақтар үшiн қолайлы болады, қореқ пен энергияның көзi болып табылады.

Ағаш саңырауқұлақтардың ең маңызды экзоферментiне целлюлоза жатады, өйткенi ол ағаш саңырауқұлақтардың барлық клеткаларында болады.

Ферменттердiң ең үлкен активтiлiгi целлюлозаны ыдырататын саңырауқұлақтарда болады. Лигниныдыратушы саңырауқұлақтарда гидролитикалық ферменттермен қатар спецификалық ферменттер - оксидазалар болады. Бұл ферменттер тобынан көбiнесе тирозиназа, лакказа, пероксидаза ферменттерi таралған, пероксидазаны феллинус ( Phellinus ) туысының өкiлi жалған ағаш саңырауқұлағы ( P. igniarius ) өте көп боледi. Саңырауқұлақтық пероксидаза тек қана вегетативтiк мицелиймен бөлiнедi.

Саңырауқұлақтардың көптеген түрлерi ағаштың жасушалық элементтерiне байланысты түрлi таңдау қабiлеттерiмен сипатталады. Осыған байланысты ағаш шiру процесстері әр түрлi өтүi мүмкiн. Саңырауқұлақтардың мицелийi ағашты ыдыратқанда әрқашан да механикалық қысым көрсетпей таралады. Гифалар ағаштың жасушаларына қабықты әр жерден ерiтiп, ене алады. Ферментативтiк комплексiне байланысты шiрудiң екi түрiн ажыратады: коррозионды және деструктивтi. Кейбiр ағашты қирататын саңырауқұлақтарда ( Мысалы, Гартига ағаш саңырауқұлағы, жалған ағаш саңырауқұлағы) шiру процесiнiң аралас коррозионды-деструктивтi түрiн ажыратады. Коррозионды шiру процесi кезiнде ағаштың жасушалары бiркелкi емес зақымданады. Оксидазаны бөлетiн лигниныдыратушы саңырауқұлақтар целлюлозаны да, лигниндi де ыдыратады. Ағаштың құрамындағы лигниннiң мөлшерi азаяды, ал целлюлозаның құрамы өзгермейдi. Шiрудiң соңғы сатысында ағаш жұмсақ болып, жiпшелi, жылдық сақиналарға бөлiнiп, тозаңға айналады. Ақ коррозионды шiрудi жалпақ ағаш саңырауқұлағы ( Ganoderma applanatum ), сонымен қатар инонотус ( Inonotus ) және феллинус ( Phellinus ) туыстарының өкiлдерi тудырады. Деструктивтi шiру процесi кезiнде ағаш жасушалары бiркелкi зақымдалады. Деструктивтi шiру кезiнде целлюлозоыдыратушы саңырауқұлақтар оксидазаны шығармайды. Ондағы лигниннiң құрамы көбейедi, ал целлюлозаның құрамы азаяды. Деструктивтi шiру реңге байланысты қызыл немесе қоңыр болады. Деструктивтi шiрудi ақ үй ағаш саңырауқұлағы ( Coriotus vaporarius ), иiстi ағаш саңырауқұлағы ( Osmoporus odoratus ) және т. б. тудырады. Саңырауқұлақтардың миллиондаған жiңiшке жiпшелерi - гифалар, лигниннен, целлюлоза мен гемицеллюлозадан құралған ағаш жасушаларының қатты қабығын ферменттер арқылы ыдыратып, ондағы болатын қанттарды, крахмалды, ақуыздық заттарды, минералдық тұздарды сорады.

Ағаш саңырауқұлақтардың ағашты ыдыратушы саңырауқұлақтар ретiндегi минералдық қоректенуi субстраттың ерекшелiгiне байланысты. Өсетiн ағаштың дiңi күлге кедей, құрғак массасында тек 1% құрамында болады. Сондықтан да ағаш саңырауқұлақтардың қоректенудiң минералдық элементтерiне сұраныстары төмен.

Органикалық қосылыстардың құрамындағы азот (нитраттар мен аммоний түрiнде), қоректену элементтерiнiң ең маңыздысы бола отырып, минералдық қоректенуге қарағанда саңырауқұлақтар үшiн қолайлы болады. Ағаш дiңiнде неғұрлым азот көп болса, соғұрлым саңырауқұлақтардың өсуi мен интенсивтiлiк әрекетi жоғары болады.

Саңырауқұлақтар гетеротрофты ағзалар болғандықтан энергияны тек респирация (тыныс алу) процесi барысында алады, көмiрқышқыл газды мен суды бөледi. Ағаш саңырауқұлақтарға аэробты тыныс алу тән.

Кейбiр ағаш қиратушы саңырауқұлақтар дiңнiң түсiн өзгертетiн пигменттердi бөледi. Осылай тамыр губкасы шiрудiң бiрiншi сатысында ағашты күлгiн реңдерге бояйды.

Ағаш саңырауқұлақтардың мицелийi субстраттың iшiнде, ал жемiс денелерi әрқашан да сыртта дамиды. Осының салдарынан споралар ауамен жақсы таралады. Саңырауқұлақтардың тiрi мицелийдiң құрамына 90%-ға дейiн су кiредi. Саңырауқұлақтардың көбеюi көбiнесе базидиоспоралар арқылы жүредi. Ағаш саңырауқұлақтарына көбiнесе булава тәрiздес базидиялар тән. Базидиоспоралар жемiс денелердiң гимениальдi қабатында дамиды. Олардан басқа гимениальдi қабатта кейбiр ұрықсыз элементтер дамиды: қылшықтар, цистидтер, цистидиолалар. Қолайлы субстратқа түсiп базидиоспоралар өнiп, бiрiншiлiк мицелийдi құрайды. Ол гаплоидты бiрядролық гифалардан тұрады. Қысқа уақытта даму мен өсудiң барысында екi бiрiншiлiк мицелий қосылып, екiншiлiк екiядролық мицелийдi түзейдi. Ол ағаштың iшiнде дамып, оны зақымдайды. Содан кейiн онда жемiс денелер пайда болады. Ағаш саңырауқұлақтардың вегетативтi мицелийi олардың субстратта таралуын және қоректенуiн қамтамасыз етедi. Саңырауқұлақтардың гифалары жұқа ( диаметрi 2-5 мкм), түссiз немесе кейде қоңыр түстi болады, әрқашан да көлденең перделерiмен болады.

Қалпақшалы саңырауқұлақтарға қарағанда ағаш саңырауқұлақтардың жемiс денелерi көпжылдық. Олардың анатомиялық құрылысы өте қарапайым - олар толығымен гифалардан құралады. Олардың негiзгi үш түрiн: генеративтi, скелеттi және байланысқан түрiн ажыратады. Пiшiнiне қарай ағаш саңырауқұлақтардың жемiс денелерiн келесi негiзгi топтарға бөледi: жазылған (распростертые), отырғыш (сидячие) және қалпақша мен аяқшаға дифференцияланған, Бiрақ олардың арасында аралық түрлер де кездеседi, ал бiр тұқымдас немесе туыстың арасында жемiстi денелердiң бiрнеше түрiн кездестiруге болады. Жазылған жемiстi денелердiң түрi табақша немесе қабықша тәрiздес болады. Олар субстратқа бекiнiп, субстрат жазықтығының бетiн қайталайды. Осындай жемiс дененiң ұшы бекiнген немесе керiсiнше болуы мүмкiн. Кейбiр жағдайда жемiс дене субстратпен толығымен бекiтiлмей өседi, ал кепкен жағдайда оның ұштары көтерiлiп, бүктеледi. Отырғыш жемiс денелер тұяқ тәрiздес болады, кейбiр жағдайда тiл тәрiздес болады. Олар бүйiрiмен немесе шетiмен бекiнедi, Кейбiр ағаш саңырауқұлақтарда бүйiрiмен бекiнген негiзi бүйiр аяқшаға созылады. Мысалы, Швейнитц ағаш саңырауқұлағы ( Phaeolus schweinitzii ) ағаш дiңiнiң негiзiнде және тамырда аяқшасы бар пiшiндi түзсе, вертикальдi субстратта отырғыш жемiс денелердi түзейдi. Типикалық отырғыш жемiс денелердi спонгипеллис туысының өкiлдерi т( Spongipellis ), нағыз ағаш саңырауқұлағы ( Fomes fomentarius ) т. б. түзейдi.

Саңырауқұлақтардың пiшiнiне келсек, кейбiр тиромицес ( Tyromyces ) туысының жемiс денелерiнiң пiшiнi не бары 0, 5-1 см, ал мысалы, нағыз ағаш саңырауқұлақтың ( Fomes fomentarius ) және тегiс ағаш саңырауқұлақтың ( Ganoderma applanatum ) диаметрi 1 м-ге және массасы 10 кг-ға дейiн жетедi. Жазылған жемiс денелер кейде субстратқа (шөмшек дiңiнде немесе кесiлген дiңде) 1-1, 5 м-ге дейiн жайылады. Бiрақ бұл өте сирек кездеседi, әдетте ағаш саңырауқұлақтардың жемiс денелерiнiң диаметрi 5-25 см. Олардың пiшiнi ауа райына және субстраттың қалпына мен орналасуына байланысты болады.

Ағаш саңырауқұлақтардың жемiс денелерi еттi, терiлi, ағашты, қабықша, тоз, губка тәрiздес немесе т. б. тәрiздес болады. Кейбiр жағдайда оларда екiқабатты ұлпа болады, оның жоғарғы қабаты бұдыр, губка тәрiздес ұлпадан, ал төменгi тығыз ұлпадан тұрады. Жемiс денелердiң бетi тығыз, кейде жылтыр немесе керiсiнше болуы мүмкiн, жұқа, қағаз тәрiздес терiмен қапталуы мүмкiн, кейбiр жағдайда кутикуласыз болады. Бiрақ мұндай жазыктық кедiр-бұдыр, барқыт тәрiздес, шашты немесе т. б. болады. Жасы үлкейген сайын қалпақшаның бетi өзгередi.

Ағаш саңырауқұлақтардың түсi әр алуан болып келедi, кесiлген кесiндiге қарағанда саңырауқұлақтың жоғарғы және төменгi бетiнiң түсi әр түрлi. Кейбiр ағаш саңырауқұлақтар ала қызыл, қызғылт, сары болады, бiрақ әдетте олардың түсi ақ, сарғыш, қызғылттау. Беттiң түсi ақшыл түстi ( ақ, сұрлау, сары), қараңғы (қоңыр, қара) немесе әр түрлi шұбар түстi болуы мүмкiн. Көп жағдайда саңырауқұлақтың бетi ақ, қара, түрлi түстi дақтармен боялған. Кепкен жағдайда ала түстер ағарып, жемiс дене кiр түстi болады, әр түрлi қоңыр, сары дақтарға боялады немесе қарайып кетедi. Мұндай түстердiң өзгеруi гименофорға да тән, ол алғаш кезде ақ немесе ақшыл болады, бiрте-бiрте нәзiк қызғылт, сарғыш түстер гименофор кепкен жағдайда кiр-сұр немесе қара түстерге боялады.

Ағаш саңырауқұлақтардың гименофорының пiшiнi әдетте түтiкше, яғни ұзын қысқа бүйiрiмен жабысқан түтiкшелерден құралады. Олардың кесiндiсiнде жыл сайын өсетiн қабаттардың санына байланысты жемiс дененiң жасын бiлуге болады. Бiрақ кейбiр қолайлы және қолайсыз жағдайларға байланысты бiр жазда бiрнеше түтiкшелер пайда болуы мүмкiн.

Ресейдiң Европалық бөлiгiнде ормандарда ағаш саңырауқұлақтардың бiрнеше жүз түрi есептелген. Олардың таралуы бiрнеше факторларға байланысты, оның басты бiреуi бұл субстрат, яғни қолайлы жағдайдағы ағаш түрiнiң бар болуы. Көптеген жағдайда ағаш саңырауқұлақтары ағаштарды таңдау қабiлетiмен ерекшеленедi, тар немесе кең таңдау қабiлетi оларда сирек кездеседi. Мысалы, жалған көк теректi ағаш саңырауқұлағы ( Phellinus tremulae ) тек қана көк теректе өседi, ал жалған ағаш саңырауқұлағы ( Pigmarius ) көптеген жапырақты ағаштарда өседi, бiрақ олардың әрқайсысында сол ағашқа тән саңырауқұлақтың арнайы формасы өседi. Қисық түтiкшелi ағаш саңырауқұлағы ( Inonotus obliquus ) немесе оның кең таралған аты «Чага» тек қана қайыңда өседi; Inonotus rheades ағаш саңырауқұлағы көбiнесе көк теректе өседi. Кейбiр ағаш саңырауқұлақтардың түрлерi тек қана тiрi ағаштарда дамиды, өйткенi олар тiрi ағаштың өмiр барысында шығарған витаминдердi қажет етедi.

Ағаштар ағаш саңырауқұлақтарымен аяздан пайда болған жарылулар, күйiктер, механикалық зақымданған жерлерi арқылы зақымданады. Сондықтан да бұталарды сындыруға, ағаштарға пышақ немесе балташықтар лақтыруға, ағаштың қабығын, бұталарын кесуге болмайды.

Саңырауқұлақтың мицелийi ағаштың ұлпаларында өсiп-өнiп оның шiруiн тудырады.

Ағашта ауру пайда болғаннан бiрнеше жыл өткенде онда жемiс денелер түзiле бастайды. Жемiс дененiң алғашқысы зақымданған жерде пайда болып, оны ағашта түсi қарайған және ескiрген жерiнен табуға болады. Iшiнен шiрiген ағаш еңкеюi мүмкiн, сонда саңырауқұлақтың жаңа гимениальдi қабаты осы еңкеюдi ескерiп жердiң бетiне параллельдi дамиды. Егер ағаштың дiнi құласа онда саңырауқұлақтың өсуi тоқтап, ол бедеу ұлпамен қапталады. Сонда бұл жағдайда жаңа жемiс дене ескiге қарағанда перпендикулярлы болып өседi. Осылай жемiс дененiң орналасуына байланысты оның қандай ағашта, тұрған, құлаған әлде кесiлген ағашта пайда болғанын бiлуге болады.

Ағаш саңырауқұлақтардың әр алуан түрлiлiгi

Пайдасы мен зияны

Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштарда сарғыш-қызғылт сары немесе қызыл-охра, бiраздаң соң қара-қоңыр түске боялған ағаш саңырауқұлағын кездестiруге болады. Жыл сайын өсетiн жаңа гименофор әдетте жоғарыда ала түстi болады, ал саңырауқұлақтың шетiнде қызыл жиектер пайда болады. Бұл жиектелген немесе қызыл-жиектелген ағаш саңырауқұлақтары ( Fomitopsis pinicola ) . Бұл өте әдемi саңырауқұлақ - өте үлкен зиянкес. Оны көбiнесе қылқан жапырақты және жапырақты құрап қалған ағаштарда, желмен құлаған ағаштарда және дауыл құлатқан ағаштарда кездестiрсе де, олар механикалық зақымдану арқылы тiрi және әлсiреген ағаштарды да зақымдайды. Сағыз қарағай, самырсын, қайың, шырша, көк терек, қандыағаш, сирек, қара самырсын, қарағай сияқты ағаштардың түрлерiн зақымдайды. Ол аралас деструктивтi оңай кiшкентай бөлшектерге ыдырайтын, ақшыл-қоңыр немесе қоңыр дiңнiң шiруiн тудырады.

Саңырауқұлақтың мицелийi кепкен ағаштың дiңiнде көп уақытқа дейiн сақталынады, орман қоймасында немесе шаруашылық және үй құрылыстарында жоғары ылғалдылықта ағашты қайтадан тiрiлтiп, шiрiте алады.

Кәрі емен, бот тал, талшын, жөке ағаштарында болатын қуыстар - бұл сұр-сары саңырауқұлақтың ( Laetiporus sulphureus ) iстеген iс-әрекетi. Бұл саңырауқұлақтың жемiс денелерi жаздың ортасында пайда болады, олар қызғылт сары немесе сұр-сары түстерге боялған, сондықтан да оны сұр-сары ағаш саңырауқұлағы деп атап кеткен. Басқа ағаш саңырауқұлақтарға қарағанда бұл саңырауқұлақтың жемiс денелерi бiржылдық. Олардың жас ұлпасы жұмсақ, шырынды, иiсi өте жағымды. Кәрі ағашта өскен жемiс денелердiн жалпы массасы 10 килограммға дейiн жетедi. Осы саңырауқұлақпен зақымдалған ағаш дiңi призматикалық бөлшектерге ыдырап, оның механикалық қаттылығы төмендейдi, егер оны қолмен ұстаса ол шаң-тозаңға айналады. Бұл саңырауқұлақпен зақымдалған ағаштар солады. Қатты жел соққан жағдайда олар жерге құлайды.

Сонымен қатар сұр-сары ағаш саңырауқұлағы бақтарда және саябақтарда өсетiн шие ағаштарын, грек жанғағын, алмұрт ағаштарын, жемiстері жеуге жарамды талшын ағаштарын, ақ акацияны, байтеректi, қайыңды, шамшатты, шетендi, гледичия, эвкалипт ағаштарын зақымдайды. Бұл саңырауқұлақтың жас жұмсақ жемiс денесi қаттылау болса да жеуге жарамды. Оны кәдiмгi жеуге жарамды саңырауқұлақтар сияқты пiсiрiп, қуыруға болады. Сұр-сары саңырауқұлақтың жемiс денелерiнде көптеген жәндiктер мекендейдi. Жәндiктер оларды жаздың аяғына дейiн ыдыратады. Бiрақ саңырауқұлақтар өздерiнiң көптеген спораларын таратып үлгередi. Ендi олар ағаштың зақымдалған жерiнде өзiнiң қирату жұмыстарын жалғастырады.

Қарағай немесе шырша ормандарында көп солынған және әлсiреген ағаштарды көруге болады. Егер желмен көмкерiлген ағаштарға қараса онда тамырдың орталық бөлiгiн зақымдаған шұбар талшықты шiруді көруге болады. Шiрiген бөлiк ақшыл көк түстi ағашпен жиектелген. Бұл ағаштың тамыр губкасымен ( Fomitopsis annosa ) зақымдалғанды бiлдiредi. Осы саңырауқұлақтың жемiс денелерi көпжылдық, бiрақ олар ерекше пiшiндi болады. Олар үлкен тамырларда жайылып, сарғыш-қоңыр қабықты түзейдi. Жас гименофор ақ түстi болады, қартайған сайын ол сары түске боялады. Мұндай жемiс денелерден споралар желмен әзер таралады. Олар жәндiктердiң, тышкандардың және басқа да омыртқалы жануарлардың көмегiмен таралады. Тамыр губканың сау және жұққан тамырлары жанасу арқылы саңырауқұлақтың ұрық тұқымы таралады.

Бұл саңырауқұлақ әсiресе таза қарағай, шырша және жапырақты ормандарда кең таралған. Бiрақ, ол басқа да қылқан жапырақты тұқымдарды (мысалы, самырсынды), сонымен қатар кейбiр жапырақты ағаштарды: емен, үйеңкi, шегiршiн, шетен, шетен жидектi ағаштарды да зақымдайды.

Қарағай губкасы ( Phellinus pini ) ең көп таралған түрлердiң бiрi болып табылады. Оның түсi қоңыр немесе қара-қоңыр, оның үстiнде сақиналық соқалар және сәулеленген жарылулар болады. Жаңадан өскен бөлiктер әрқашан да сары түстi болады, ал ескiрген бөлiктер қыналармен қапталған.

Олар қарағай, сағыз қарағай, самырсын дiңдерiнiң орталық бөлiгiн зақымдайды. Қарағай губкасы 40-50 жастағы ағаштарды жұғады. Орталық шiру бiртiндеп бұталардан шығып дiңнiң бетiн зақымдап, онда жемiс денелер пайда болады. Ауру ұзақ уақытқа дейiн созылады. Бұл саңырауқұлақтың 50-жылдық жемiс денелерi табылған. Қарағай губкасы қылқан жапырақты ормандарда кең таралып, құрылыс ағаштардың үлкен бөлiгiн құртады. Қарағай губкасына ұқсас сағыз қарағай губкасы жапырақты ағаштар мен самырсын ағаштарына үлкен шығын келтiредi. Қарағай мен сағыз қарағай губканың көпжылдық жемiс денелерi көлденең-цилиндрлi пiшiндi болады.

Сағыз қарағай губканың жемiс денелерiнiң массасы 3 килограммнан асады, ал олардың көлденең кескендегi енi 70 см-ге дейiн жетедi. Көптеген мыңжылдықтар бойы Батыс Еуропада «агарик» саңырауқұлағы «өмiр эликсирi» ретiнде саналды. Қазiргi кезде де оны медицинада кең түрде қолданады. Ғалымдар губканың құрғақ қалпында 70%-ға дейiн шайырлы заттар бар екенiн анықтады. Бұндай шайырлы заттардың мөлшерi осы саңырауқұлақтардан басқа тiрi ағзалардың ешқайсысында табылмаған. Бұл шайырлы заттардың iш өткiзгiш қасиетi бар. Дәрiлiк губка тек самырсын және сағыз қарағай ағаштарында ғана өседi. Ол әдетте аралар салатын, күмiсті-ақ немесе сарғыш ұялардың ұзын цилиндрлi мұнараларына ұқсайды. Олардың бетi кедiр-бұдырлы, кейде бүршiк тәрiздес, қоңыр концентрикалық зоналарымен болады. Түтiкшелерiнiң ұзындығы 1 см-ге дейiн жетедi, поралары ұсақ бұрышты немесе дөңгелек болады. Бұл ағаш саңырауқұлағы 75 жасқа дейiн өмiр сүрiп, оның салмағы көп жағдайда 10 килограммға дейiн жетедi. Оның дәрiлiк қасиеттерi туралы ежелгi Греция мен Римнiң кезеңдерiнен берi белгiлi болған. Саңырауқұлақтың ұлпасынан жасалған тұндырманы осы мемлекеттерде iш жүргiзетiн дәрi ретiнде қолданды. Қазiргi кезде сағыз қарағай губкасынан iш жүргiзетiн және қанды тоқтататын препараттар алынады.

Якутияда революцияға дейiн сағыз қарағай ағаш саңырауқұлағының жемiс денелерiн сабынның орнына қолданды. Бұл саңырауқұлақты сыра жасағанда да қолданған деген мәлiметтер бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашытқы саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақ жайлы түсінік
Микроорганизмдер
Ашытқылар көбейтудегі теориялық негiздер
Саңырауқұлақтардың топтануы
Микологиялық және фитопатологиялық анықтамалық сөздік
Микроскопиялық саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар жайында
Өсімдіктерді, ағаштарды зақымдайтын саңырауқұлақ аурулары
Адам ауруын қоздырушы дрожжилар. Өнеркәсіпте қолданылатын дрожжилар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz