Телероликтер
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4 бет
1. Негізгі бөлім
І.тарау. Телероликтердің эфирден берілу сипаты ... ... ... ... 5.23 бет
ІІ.тарау. Телероликтердегі журналистік қолтаңба ... ... 26.29
а) Телероликтердің тілі мен стилі ... ... ... ... ... ..30.38
ә) Бейнелеуші құралдарды пайдалану тәсілдері ... ... . 39.44
2. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41.43
3. Сілтемелер тізбегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44.45
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ..46.48

Телевизия — информация, насихат құралы, өнер үлгілері мен бұқара арасындағы дәнекер, уағызшы ретінде театр, кино, радио және баспасөзге тән толып жатқан тамаша қасиеттерді – публицистикалық қуат-қүдірет пен елгезек, оперативтілікті, адам жанын биікке мензейтін асқақ пафос пен көркемдік әсерлілікті бойына мол сіңірген бұқаралық ақпарат құралы. Ғылыми-техникалық прогресс табыстарының туыындысы ретінде пайда болған телевизия өмірге келе салысымен іле шала ғылым мен техника мүддесіне белсене қызмет ете бастады.
Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының ролі артып келеді. Ал нақтырақ айтар болсақ, телевизияның орны ерекше. Ол бейнекөрініспен, сөзбен қатар музыка және интершум арқылы адам санасына күшті әсер ететін ақпарат құралы болып табылады. Сондықтан телевизияның болашағы зор. Оны ескермеуге болмайды. Мәселен, оның насихаттық қызметі мен үгіттеушілік қызмет саласының жоғарғы дәрежеге жетуі. Яғни, жаңа заман азаматын тәрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі сағат сайын артып келетінін айтпасам да түсінікті. Теледидар көгілдір экран алдында отырған адамға өтіп жатқан өмір құбылысын дәл сол сәтінде, оқиға болып жатқан мезетте көрсетіп халықтың құралына, дүниесіне, тәрбиешісіне, хабаршысына айналды. Егер тиімді пайдалана білсе, ол тек бұқаралық ақпарат құралының саласы емес, сонымен қатар үгіттеу мен насихат жүргізудің ең күшті құралы және қоғамдық пікірді өзгертуге орасан зор ықпал ететін алпауыт күш. Ғылым мен техниканың дамыған ғасырында баршамыз теледидарға және компьютер экранына телмірумен уақыт өткізетін болдық. Ал осы бүгінгі телевизияны жарнамалық роликтерсіз көзге елестету мүмкін бе? Әрине, ол қиын. Міне, осыдан келіп өзімнің бітіру жұмысымның тақырыбын “Телероликтерді әзірлеудегі журналистік шеберлік” деп алдым. Бұл тақырып мені қара шаңырақ — Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің студенті атанған кезден бастап-ақ қызықтырған. Осы тақырыпты арқау етіп 2004 жылы ғылыми-конференцияға қатысып, “журналист” газетіне мақала да жариалағанмын.

1. Н. Омашев. Ақпарат әлемі І-том. — Алматы “Қазығұрт”, 2006.
2. Құдайберген Т. Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары. — Алматы “Білім” , 2006 жыл
3. Құдайберген Т. Көгілдір экран құпиясы.
4. Масғұтов С. Көгілдір экран - өмір айнасы —
5. Масғұтов С. Телевизиялық журналистика негіздеріне кіріспе
7. Сөйлеу техникасы
8. Тұранқұлова Д. Көркем сөз оқу шеберлігі
9. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік
10. Марат Барманқұлов
11. Современная реклама
12. Уильям Уэлльс, Джон Беренет, Самориорти, Реклама принцыпы и практика — Санкт Петербург Москва, 2001 жыл
13. Универасльный журналист
14. Музыкант В. Реклама международный опыт и россиские традицы — Право и закон, Москва, 1996 жыл
15. Байтұрсынов А. Шығармалары: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер — Алматы: Жазушы , 1989 жыл

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3-
4 бет
1. Негізгі бөлім
І-тарау. Телероликтердің эфирден берілу сипаты ... ... ... ... 5-23
бет
ІІ-тарау. Телероликтердегі журналистік қолтаңба ... ... 26-29
а) Телероликтердің тілі мен стилі
... ... ... ... ... ..30-38
ә) Бейнелеуші құралдарды пайдалану тәсілдері
... ... . 39-44
2. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41-
43
3. Сілтемелер тізбегі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44-45
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ..46-
48
Кіріспе
Телевизия — информация, насихат құралы, өнер үлгілері мен бұқара
арасындағы дәнекер, уағызшы ретінде театр, кино, радио және баспасөзге тән
толып жатқан тамаша қасиеттерді – публицистикалық қуат-қүдірет пен елгезек,
оперативтілікті, адам жанын биікке мензейтін асқақ пафос пен көркемдік
әсерлілікті бойына мол сіңірген бұқаралық ақпарат құралы. Ғылыми-техникалық
прогресс табыстарының туыындысы ретінде пайда болған телевизия өмірге келе
салысымен іле шала ғылым мен техника мүддесіне белсене қызмет ете бастады.
Қазіргі қоғамда бұқаралық ақпарат құралдарының ролі артып келеді. Ал
нақтырақ айтар болсақ, телевизияның орны ерекше. Ол бейнекөрініспен, сөзбен
қатар музыка және интершум арқылы адам санасына күшті әсер ететін ақпарат
құралы болып табылады. Сондықтан телевизияның болашағы зор. Оны ескермеуге
болмайды. Мәселен, оның насихаттық қызметі мен үгіттеушілік қызмет
саласының жоғарғы дәрежеге жетуі. Яғни, жаңа заман азаматын тәрбиелеуде
бұқаралық ақпарат құралдарының белсенділігі сағат сайын артып келетінін
айтпасам да түсінікті. Теледидар көгілдір экран алдында отырған адамға өтіп
жатқан өмір құбылысын дәл сол сәтінде, оқиға болып жатқан мезетте көрсетіп
халықтың құралына, дүниесіне, тәрбиешісіне, хабаршысына айналды. Егер
тиімді пайдалана білсе, ол тек бұқаралық ақпарат құралының саласы емес,
сонымен қатар үгіттеу мен насихат жүргізудің ең күшті құралы және қоғамдық
пікірді өзгертуге орасан зор ықпал ететін алпауыт күш. Ғылым мен техниканың
дамыған ғасырында баршамыз теледидарға және компьютер экранына телмірумен
уақыт өткізетін болдық. Ал осы бүгінгі телевизияны жарнамалық роликтерсіз
көзге елестету мүмкін бе? Әрине, ол қиын. Міне, осыдан келіп өзімнің бітіру
жұмысымның тақырыбын “Телероликтерді әзірлеудегі журналистік шеберлік” деп
алдым. Бұл тақырып мені қара шаңырақ — Қазақ Ұлттық Университетінің
журналистика факультетінің студенті атанған кезден бастап-ақ қызықтырған.
Осы тақырыпты арқау етіп 2004 жылы ғылыми-конференцияға қатысып,
“журналист” газетіне мақала да жариалағанмын. Әрине, нарық заманындағы сан-
салалы кәсіпорындар мен фирмалар өзара бәсекелестікті жеңу үшін жарнама
арқылы өз өнімдерінің артықшылықтарын насихаттап, өздеріне тұтынушы
жинайды. Беделді жарнама агенттіктері жарнаманы телеарналардан берудің
әлдеқайда тиімді екенін айтады. TNS Gallup Media Asia компаниясының
мәліметтерін сүйенетін болсақ, еліміздегі телеарналардағы жарнама нарығының
бюджеті 2005 жылдың 1-ші тоқсанының өзінде 72,6 млн. долларды құраған. Ал,
бұл 2004 жылдағы телеарналардағы жарнама бюджетіндегі көрсеткіштен 79, 2
пайызға өскендігінің белгісі. Ал, өткен жылдың екінші жарты жылдығында
телеарналар жарнамасының бюджеті 134,8 млн. ақш долларына тең болған. Бұл
дегеніміз, жарнамалық роликтердің көгілдір экраннан берілуі саны мен ақшасы
жағынан жыл санап өсіп келеді деген сөз. Ал сапасы жағынан қалай?
Өкініштісі, бүгінгі көк сандықтан беріліп жүрген телероликтерге
көрермендердің көңілі еш толмайды. Біз тамашалап жүрген телероликтерде
ұлттық менталитет, ана тіліміз, көрермен талғамы ескерілмеген. Бітіру
жұмысымда нысан етіп барлық арналарды ала отырып, телероликтерді зерттедім.
Мақсатым — келешекте қып-қызыл қатеге толы, көргенде көз, естігенде құлақ
ұялатын роликтерді болдырмау. Қазақ тіліндегі телероликтерге тән
кемшіліктерді зерттеп, зерделей келе — телероликтерің жасалу жолдарын
қарастырдым.
Телероликтердің эфирден берілу сипаты
Телероликтердің эфирден берілу сипаты бізде заң жүзінде белгіленген.
2003 жылы 19 желтоқсанда Жарнама туралы заңға өзгерту мен толықтырулар
енгізіліп, нақтыланған болатын. Бұл Заң Қазақстан Республикасының
аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесінде
туындайтын қатынастарды реттеу, ол үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету,
жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсіз жарнаманы болғызбау
және оларға тыйым салу мәселелерін жүйелі түрде жүзеге асыруды көздейді.
Осы заңдағы төмендегі тараулар мен баптар телероликтердің эфирден
таратылуы ретін заң жүзінде нақтылап, реттейді.
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар
1. “Жарнама таратылу, орналастыру нысанына немесе пайдаланылатын
құралына қарамастан, тікелей ұсынылу сәтінде арнаулы білімсіз немесе
арнаулы құралдарды қолданбай дәйекті әрі түсінікті болуға тиіс.
2. Қазақстан Республикасының аумағында жарнама теледидардағы, радиодағы
және сыртқы көрнекі жарнаманы қоса, мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал
қажет кезінде басқа да тілдерде таратылады.
Жарнама мазмұны бір тілден екінші тілге аудармасы оның негізгі
мағынасын бұрмалауға тиіс. Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттік
тілде берілетін жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы
біркелкі таратылуға тиіс.
3. Белгіленген тәртіппен тіркелген тауар белгілері мен логотиптер
түпнұсқа тілінде және немесе басқа тілде жазылуы мүмкін.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына
тыйым салынған тауарларды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
жарнамалауға жол берілмейді.
Егер жарнама беруші жүзеге асыратын қызметін лицензиялауға тиіс болса,
онда тиісті тауарды жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жарнамалау
кезінде, сондай-ақ жарнама берушінің өзін жарнамалау кезінде, радиодағы
жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмірін және берген органның атауын
көрсету қажет.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестірілмеген діни ұйымдар
мен діни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салады.
6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп
өзгертуді, тұтастығын бұзады, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді,
әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, топтық және рулық араздықты
қоздыруды, қатігездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны
насихаттауға немесе үгіттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді және заңмен
қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшін пайдаланылмауға тиіс.
7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, азаматтарды агрессияға
бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекетті әрекетсіздікті
қоздырмауға тиіс.
8. Жарнамаға қойылатын осы шектеулер осы Заңмен және Қазақстан
Республикасының басқа да заң актілерімен белгіленеді.
8-бап. Телевизия және радиобағдарламаларындағы жарнама
1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылған
теле және радиобағдарламаларындағы жарнама, жүгіртпе жолды қоспағанда,
тәулік ішінде берілетін хабарлардың жалпы көлемінің жиырма процентінен
аспауға тиіс.
Жарнама беру кезінде оның дыбысы беріп отырған бағдарлама дыбысынан
жоғары болмауға тиіс.
2. Жарнаманы қосарластыру түрінде, соның ішінде жүгіртпе жол тәсілімен
пайдалану кезінде оның көлемі кадр аумағының жеті жарым процентінен аспауға
және телехабарлардағы мәтіндік немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиіс.
3. Ресми хабарларды, Қазақстан Республикасының Президентіне және өкілді
органдардың депутаттығына кандидаттардың сөздерін, білім беру және діни
хабарлар берілімдерін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған
жарнамаларды қоспағанда, балалар бағдарламалары көрсетілімдерін жарнамамен,
соның ішінде, жүгіртпен жол әдісімен де бөліп жіберуге тыйым салынады.
4. Ұлттық аза тұту күндерінде электрондық бұқаралық ақпарат
құралдарындағы жарнамаға тыйым салынады.
13-бап. Жекелеген өнім түрлерін жарнамалау ерекшеліктері
1. Мыналарға:
1) алкаголь өнімдерін жарнамалауға
2) ана сүтінің жасанды алмастырушысын жарнамалауға
3) Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, міндетті
сертификаттауға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді)
жарнамалауға тыйым салынады.
2. темекіні және темекі өнімдерін жарнамалау ерекшеліктері темекі
шегудің алдын алу және оны шектеу туралы және оны шектеу туралы Қазақстан
Республикасының заңдарымен реттеледі.
3.Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық
техниканы жасауға және сатуға лицензиясы болмаған кезде оларды
жарнамалауға, сондай-ақ медициналық және дәрігерлік қызметті жүзеге асыруға
лицензиясы бомаған кезде оны жарнамалауға жол берілмейді.
4. Қызмет қаруын, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүргізілетін қару-жарақты, әскери
техниканы және қосарлы мақсаттағы өнімдерді жарнамалауға арнаулы
басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату
жәрмеңкелерінде жол беріледі. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды,
қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсілдерін
тікелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиіс.
Бұдан басқа 3 тарау, 21 баптан тұратын Жарнама туралы Заң актілері
оңтүстік пен солтүстікке, батыс пен шығысқа созылып жатқан ұлан-ғайыр қазақ
жеріндегі арналардағы жарнама тарату мен жасау ісін ретке келтіреді.
Ал осы телеролик дегеніміз не?
Телеролик дегеніміз — ұзақтығы бірнеше секундтардан 2-3 минуттарға
жететін, телеарналардан берілетін жарнамалық кино немесе бейне роликтер.
Олар әдетте публицистикалық, саяси немесе көрермен арасында кеңінен танымал
басқа да бағыттағы бағдарламалардың арасында бірнеше рет беріледі. Бүгінде
өзге елдер мен отандық тәжірибеде кинолардағы оқиға шиелініскен сәттерді
телероликтармен бөлу кеңінен қолданылатын болды. Мен өзімнің бітіру
жұмысымда телероликтердің 4 түрін қарастырдым. Олар:
• Жарнамалық телероликтер
• Әлеуметтік телероликтер
• Тақырыптық телероликтер
• Имиджді телероликтер
Енді осы телеролик түрлеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
Жарнамалық телеролик.
Қоғамның жалпы даму тенденцияларына байланысты өмірімізде,
экономикамызда болған үлкен өзгеріс, қайта құру бұқаралық ақпарат
құралдарының мазмұны мен пішініне де елеулі әсер еткені баршымызға аян.
Егер 1988 жылдары жарнама өнері мүлдем болмаса, ал 1997 жылдары ол бүкіл
жаңалықтар әлемінен өз орнын тапты. Сол уақыт аралығында жарнамаға деген
көзқарастар өзгерді. Жарнама тілі жан-жақты дамыды. Сонымен қатар, көптеген
мекемелер де қарқынды дами бастады. Осы мекемелер өздерін халыққа көрсету,
жеткізу үшін жарнама ісіне белсенді сүйенді. Тіпті, кеңес дәуірі
аяқталысымен, нарықтық экономиканың халыққа ең алдымен ұсынған алғашқы
атрибуты — жарнама еді. 1992-1994 жылдары елімізде жекешелендіру
басталғанда жарнаманың атқарған рөлі зор болды. Мекемелерді жекешелендіру
үшін, мемлекеттік догмаға өту үшін, қаражат пирамидаларының қызметін
көрсету белгілі фирмалар, мекемелер ажиотаждық жарнамаға сұраныс болды.
Содан кейін, біраз уақыт өте келе ажиотаждық жарнама құрып, оның орнына
көлемі жағынан өте кішкене жарнамылық роликтер келді. Жарнамалық роликтерге
өмірде болып жатқан өзгешеліктер, ерекшеліктер, өзгертулер әсерін тигізеді.
Әлбетте, жарнама бізге жаңадан қосылған ақпараттық жаңашылдық болса да,
әлемдік деңгейде жарнама тарихы алып бәйтеректей тамырын тереңге жайған.
Жарнама — латынның “Reclamo” деген сөзінен шыққан. Жарнама: шақырамын,
айғайлаймын, ұсынамын деген мағынаны білдіреді. Жарнама туралы нақты
түсінікті алу үшін оның шығу тарихына назар аудару керек.
Ең алғшқы бізге жеткен жарнамалық мәлімет египеттіктердің құлдарды
сатуы туралы папирус жапырағындағы жазуы болып есептелген. Одан бертін келе
Финдық көпестер сауда жолдарындағы жартастарда коммерциялық хабарламаларды
суреттеп салып кететін. Мұндай жазулар асыра мақтаулы тауарлар үшін, әрі
қалалық жарнаманың жаңа бастаушысы болған. Гректер жарнамалық хабарларды
таста, сүйекте немесе мыста оюлап жазып ағаш бағандарында қалдырған.
Помпейде дүкенге кіре берістегі жерде қазба жұмысында табылған
қабырғадағы жазуларда жүргіншілердің хабарламасы болған. Онда: нан, шарап,
қыштан жасалған заттар, қару, көйлек сатылатын. Көне Римнің көшелері мен
алаңдарындағы үлкен қабырғаларында әкпен ақталған және шаршылап сызылған,
өсімқор мен саудагер көмірмен немесе қара қоқыл сырмен өз хабарландыруларын
жазған.
Қабырғалардағы жазулар қоғамдық жаршылардың айғайын толықтыратын.
Гораций олар жайында былай деп жазған: “Тауар сатылатын орынға топтың
ұмтылуын шақыратын”. Олар қала көшелерін кезіп, халыққа сатылатын
тауарлардың қай дүкенде болатынын айтып, жаңалықтарды және оқиғаларды
хабарлайтын болған. Ал осы жарнама дегеніміз не?
Жарнама — тауардың сапасы мен көрсетілетін қызметіне қарай сатып
алушының тұтынуы мен қажеттілігін тілмен және бейнекөрініспен байланыстыра
отырып, коммуникация түрімен көрермендерге жеткізу болып табылады. Бұдан
басқа да жарнамаға сан қилы анықтамалар берілуде. Мәселен, Жарнама –
қаржылау көзі анық көрсетілген төлемді ақпарат құралдары арқылы орындалатын
коммуникацияның дербестелінбеген формасы.*12*. Жарнама-коммуникация түрі,
өтім ұйымының процесі, экономикалық және әлеуметтік процесс, қоғам мен
байланысты қамтамасыз етуші дәнекер, ақпаратты және көзқарасқа байланысты
иландырушы насихат түрі. Тұтынушыларға құлақтандыру және осы тауарлар мен
қызметтерге сұраным туғызуды мақсат ететін тауарлар, қызметтердің алуан
түрлері тағы басқа туралы ақпарат” деген анықтамалар тізбегі жалғасын
табуда. Алдыңғы анықтама екіншісін, ал үшіншісі келесісін жоққа шығармайды.
Олар бірін-бірі аша түседі, толықтыра түседі. Бұл сөзімді былай деп
түсіндірер едім, жарнаманың мақсаты — тұтынушыны жаңа тауарды көруге, яғни,
бірақ рет тұтынып қана қоймай, тауарды қайталап пайдалануға шақыру.
Сондықтан да, көрерменге, оқырманға, тыңдарманға, тұтынушыға жарнаманы
жеткізудің формасы да әр қилы болады. Осыдан кейін жарнаманың анықтамасы да
сан алуан болып келеді. Нарықтық қоғамда жарнама өзекті түрде кеңінен
пайдаланылады. Өйткені тапсырыс пен сұраныс экономикада шешуші рөл
атқарады. Баспасөзді, телевидение мен интернетті жарнамасыз көзімізге
елестете алмаймыз. Демек, күнделікті тұрмысымызда дендеп орын алған.
Қазір біздегі жарнамаға ие жоқ. Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында
кетіп жатыр. Ол егесі бар елде ұлттық байлықтың үш пайызын құрайды. Әрі
саяси бақылауға қол жеткізетін негізгі тұтқаның көзі екендігі де
анықталды.*3* Роберт Дж. Кэн өз копаниясының жарнамаға кететін шығынын 2000
млрд. деп есептейді. АҚШ-тағы жарнама шығыны 418,7 млрд. деп есептеп, дүние
жүзіндегі жарнама шығынын орта есеппен 418,7-і үш еселегенге тең болады.
Яғни, жарнамаға жыл сайын сауда айналымының 3 % жұмсалады екен. Ал,
елімізде жылына 10 мыңдаған АҚШ доллары жарнамаға шығарылады. Тауар
жөніндегі ақпарат тұтынушылар үшін тізбектеле дайындалып, жарнама арқылы
жұртшылыққа үзбей жарияланып отырады. Бұл ретте бұқаралық ақпарат
құралдарының орны ерекше. *5* Беделді жарнама агенттіктерінің мәлімдеуінше
жарнаманың 55% көгілдір экраннан беру тиімді. Ал біздің еліміздегі
тұтынушылар қалай есептейді екен? Бұл сауалдың жауабын білу үшін
тұтынушылардан сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнама нәтижесі бойынша,
тұтынұшылар жаңа тауар туралы, әлде оның қызмет түрі туралы ақпаратты :
--- 53 % Тележарнамалардан.
--- 16 % радиожарнамалардан.
--- 15 % Баспасөз беттерінен
--- 10 % Сауда орнындағы жарнамадан
--- 6 % Жарнамалық кітапшалардан
хабардар болады екен. Мұндағы пайыздық көрсеткіштер көгілдір экраннан
берілетін жарнаманың қаншалықты әсерлі екенін айқындап тұр деп санаймын.
Телеарналарға жарнамадан түсер пайда мол. Сондықтан болар, экранда
жарнама толассыз беріледі. Төмендегі кестеде арналарда бағдарлама арасында
берілетін роликтердің құны көрсетілген.
“Қазақстан” арнасында:
Уақыты Бағдарламаның аты Көрсетілім күндеріҚұны
теңге
7:00 Көңілашар Дүйсенбі-жұма 70 875
9:00 Телехикая қайталау Дүйсенбі-жұма 70 875
10:00 “Зерда” телехикая түрік Дүйсенбі-жұма 70 875
11:00 Айна ақпарат қазақ тіліндеДүйсенбі-жұма 70 875
11:10 Айна ақпарат орыс тілінде Дүйсенбі-жұма 70 875
11:20 Бизнес жаңалықтары Дүйсенбі-жұма 70 875
11:30 Мультсериал Дүйсенбі-жұма 70 875
12:00 “Не родись красивой” Дүйсенбі-жұма 70 875
телехикая
13:00 Авторлық бағдарлама жұма 70 875
14:00 Айна ақпарат қазақ тіліндеДүйсенбі-жұма 70 875
14:10 Айна ақпарат орыс тілінде Дүйсенбі-жұма 70 875
14:20 Ток-шоу “Сырға” Дүйсенбі-жұма 70 875
16:20 Мультсериал Дүйсенбі-жұма 70 875
16:45 Халықтар достастығы Дүйсенбі-жұма 70 875
тіліндегі бағдарлама
17:00 Айна ақпарат қазақ тіліндеДүйсенбі-жұма 70 875
17:10 Айна ақпарат орыс тілінде Дүйсенбі-жұма 70 875
17:20 Бизнес жаңалықтар Дүйсенбі-жұма 70 875
17:30 Талғам Дүйсенбі-жұма 70 875
17:45 Ток-шоу “Дела житейские” Дүйсенбі-жұма 108 000
18:45 “Не родись красивой” Дүйсенбі-жұма 135 000
телехикая
19:45 “Еркетай” Дүйсенбі-жұма 108 000
20:00 “Зерда” телехикая түрік Дүйсенбі-жұма 108 000
21:00 Айна ақпарат қазақ тіліндеДүйсенбі-жұма 135 000
21:30 Айна ақпарат орыс тілінде Дүйсенбі-жұма 135 000
22:00 Авторлық бағдарлама Дүйсенбі-жұма 108 000
22:20 Документалды кино жұма 135 000
23:15 Кешкі телехикая Бейсенбі-жұма 108 000
01:10 Дайджест жаңалықтар Дүйсенбі-жұма 108 000
1:30 Бокс бейсенбі 70 875
1:30 Түнгі кино жұма 70 875
Евразия арнасы:
Уақыты Бағдарламаның аты Көрсетілім күндері Құны
1
мин.үшін
7:00-10:00 “Доброе утро” Дүйсенбі-жұма 2 400$
16:10-17:00 Ток-шоу “Лолита, Без Дүйсенбі-жұма 3 815$
комплексов”
19:00-20:00 Сериал Дүйсенбі-жұма 10 700$
20:00-21:00 Жди меня Жұма 10 700$
21:00-22:00 Поле чудес Жұма 13 500$
22:35-23:30 Сериал Дүйсенбі-жұма 9 470 $
“Рахат” арнасы:

6:30 “Нұрнама” Дүйсенбі-жексенбі 16 275
8:00 Soundtrack Дүйсенбі-жұма 60 900
8:30 Утром на Рахат-Тв бейсенбі-жұма 47 250
10:00 Күнпарақ Бейсенбі-жұма 60 900
12:00 Тікелей эфир Бейсенбі -жұма 58 000
11:20 Тәулік тынысы Дүйсенбі-жұма 58 000
15:10 Программа жұма 60 900
15:05-15:50 Көркем фильм Дүйсенбі-жұма 60 900
16:40 Новости дня Дүйсенбі-жұма 117 600
16:55 Полицейский патруль Дүйсенбі-жұма 112 00
17:00 “Сегодня” Дүйсенбі-жұма 117 600
18:50 Будьте красивыми жұма 105 000
18:30 Бағдарлама тікелей эфир Дүйсенбі-жұма 105 000
19:10 Программа две правды Сейсенбі,сәрсенбі, 131 250
Бейсенбі,
19:15 Бағдарлама Жұма 131 250
19:30 Трансмиссия сейсенбі 131 250
20:00 Soundtrack Дүйсенбі, сейсенбі, 131 250
бейсенбі, жұма
20:30 Панорама дня Дүйсенбі-жұма 153 000
21:00 Телехикая Дүйсенбі-жұма 153 000
21:40 Бағдарлама 153 000
21:50 Пульс. Основные события Дүйсенбі-жұма 145 000
дня
22:00 Сегодня Дүйсенбі-жұма 153 000
22:35 Телехикая Дүйсенбі-жұма 153 000
23:45 Телехикая Дүйсенбі-жұма 145 000
0:35 Soundtrack Дүйсенбі-жұма 135 000
1:05 Тәулік тынысы Дүйсенбі-жұма 105 000
“Hit TV”

09:0010:00 Headliner-жизнь звезд Сейсенбі-жұма 230 $
14:0016:00
22:00 00:00
9:15 Time for Би Дүйсенбі-жұма 230 $
15:0017:00 Калайсын Дүйсенбі-жұма 400 $
23:00
16:1521:15 Реалити-шоу Дом-2 Дүйсенбі-жұма 400 $
18:00 Реалити шоу Дүйсенбі-жұма 230 $
20:00 Red Collection-все о звездах Сейсенбі, бейсенбі 230 $
20:30 Без Фанеры Сейсенбі, бейсенбі,230 $
жұма
22:35 Hit сезім Бейсенбі, жұма 230 $
1:00 SMS chat.kz Жұма-дүйсенбі 230 $
“КТК” арнасында:
Уақыты Бағдарламаның аты Көрсетілім күні Құны
7:45 Открытие вещания Жұма-дүйсенбі. 93 600
7:50 Разминка (каз.) Жұма-дүйсенбі. 93 600
8:00 Жаңалықтар.Күн дерек. Жұма-дүйсенбі. 93 600
8:05 "Кылмыс Ақпарат" Жұма-дүйсенбі. 93 600
8:20 Мультфильмы Жұма 93 600
8:35 "Қоғамдық Қабылдау" Жұма-дүйсенбі. 93 600
8:40 Союзмультфильм Сейсенбі-жұма. 93 600
9:00 Жаңалықтар Дүйсенбі-жұма. 61 200
9:05 Разминка Жұма-дүйсенбі. 93 600
9:15 Шарайна (қайталау) Жұма 161
200
9:15 "Қызық радиосы" Сейсенбі 161 200
9:15 Комедийный сериал Сәрсенбі-жұма. 161 200
9:40 Телехикая (қайталау) Дүйсенбі-жұма. 161 200
10:30 Жаңалықтар Жұма-дүйсенбі. 161 200
10:40 "Толобайки" (қайталау) Жұма. 161 200
10:40 Телехикая (қайталау) Сейсенбі-жұма. 161 200
11:00 "Портрет недели" (қайталау) Жұма. 161 200
11:25 Мультфильмы Сейсенбі. 161 200
11:40 Наш спорт Сәрсенбі. 161 200
11:35 "Ел жұрт" Бейсенбі. 161 200
11:35 Экспертиза Жұма. 161 200
11:50 Скорая помощь Сейсенбі. 161 200
12:00 Новости Дүйсенбі-жұма. 161
200
12:10 Телехикая (қайталау) Дүйсенбі-жұма
161 200
13:00 Жаңалықтар.Күн дерек. Дүйсенбі-жұма
161 200
13:20 Көркем фильм Дүйсенбі
161 200
13:30 Телехикая (қайталау) Сейсенбі-жұма.
161 200
14:10 Телехикая (қайталау) Дүйсенбі-жұма
161 200
14:55 "Для вашего здоровья" Жұма.
161 200
15:05 Тревожная зона Дүйсенбі-жұма
161 200
15:15 Комедийный сериал Дүйсенбі-жұма.
161 200
16:00 Жаңалықтар.Күн дерек. Дүйсенбі-жұма
161 200
16:25 "Найди меня" Дүйсенбі-жұма
161 200
17:00 Телехикая (қайталау) Дүйсенбі-жұма
312 000
17:30 Жаңалықтар Дүйсенбі-жұма
312 000
17:45 "Неотложка" Дүйсенбі-жұма
390 000
17:50 Телехикая Дүйсенбі-жұма
806 000
18:50 Телехикая Дүйсенбі-жұма
806 000
20:00 Кешкі жаңалықтар Дүйсенбі-жұма
585 000
20:40 Телехикая Дүйсенбі-жұма
741 000
21:50 "Шоу-Бум" Дүйсенбі-жұма
741 000
21:55 Телехикая Дүйсенбі-жұма
806 000
22:00 Көркем фильм Жұма
806 000
23:00 Көркем фильм Жұма
552 500
23:10 Телехикая Дүйсенбі-жұма
552 500
23:50 Көркем фильм Дүйсенбі-жұма
312 000
0:00 Көркем фильм Жұма
312 000
1:20 Тревожная зона Дүйсенбі-бейсенбі
312 000
1:50 Тревожная зона Жұма
312 000
2:10 Жаңалықтар.Күн дерек. Дүйсенбі-жұма
312 000
31 арнада:

Muzzone "Утро" Дүйсенбі-сенбі 84 000
6:55
7:55 Деловые новости Дүйсенбі-жұма 150 000
Информбюро Дүйсенбі-жұма 84 000
8:00
8:10 Телехикая "Клон" Дүйсенбі-жұма 84 000
(қайталау 20:00)
8:55 Информбюро Дүйсенбі-жұма 84 000
9:10 Деловые новости Дүйсенбі-жұма 150 000
9:15 Muzzone "Утро" Дүйсенбі-жұма 84 000
10:00 Информбюро Дүйсенбі-жұма 84 000
10:50 FM TV Дүйсенбі-жұма 84 000
12:00 Информбюро (қазақша) Дүйсенбі-жұма 125 000
12:55 Деловые новости 125 000
Сейсенбі-жұма
13:00 Информбюро Дүйсенбі-жұма 125 000
13:15 Muzzone "День" Дүйсенбі-жұма 84 000
14:15 Открытая Азия Жұма 150 000
14:40 Тiршiлiк Тарих безбені Салауат Дүйсенбі-жұма 150 000
Абайтану Бiлек пен жүрек
15:00 Информбюро (қазақша) Дүйсенбі-жұма 125 000
16:00 В поисках приключений Дүйсенбі 165 000
16:00 Рессей телехикаясы Сейсенбі-жұма 125 000
(қайталау 22:00)
17:00 Информбюро Дүйсенбі-жұма 165 000
17:20 Киноклассика Сейсенбі 165 000
17:20 Личность Жұма 150 000
19:00 Информбюро (қазақша) Дүйсенбі-жұма 250 000
19:25 Кәсiпкерлiк Жұма 165 000
19:25 Тұжырым Сейссенбі-бейсенбі 150 000
19:25 Замандастар Сәрсенбі 150 000
19:20 Центр внимания Жұма 350 000
19:50 Деловые новости Дүйсенбі-жұма 350 000
20:00 Телехикая "Клон" Дүйсенбі-бейсенбі 165 000
21:00 Информбюро Дүйсенбі-жұма 250 000
21:45 Точки над I Сәрсенбіжұма 250 000
21:45 Рейдер Дүйсенбі-жұма 150 000
22:00 Рессей телехикаяс Дүйсенбі-бейсенбі 165 000
Формула S Бейсенбі 350 000
22:00
22:50 Суперхит по пятницам Жұма 165 000
Деловые новости (қайталау) Дүйсенбі-жұма -------
23:05
23:20 Художественный фильм Дүйсенбі-жұма 165 000
1:35 Muzzone "Ночь" Дүйсенбі-жұма 84 000
2:35 FM-TV Дүйсенбі-жұма 84 000
Әр арнаның жарнамалық роликті көрсетуге деген бағалық көрсеткіші уақыты
мен бағдарламаға қарай құбылып отырады. Яғни, көрермен арнаның алдына
неғұрлым көбірек жиналады-ау деген кездерде роликтің эфирден көрсетілетін
құны да соғұрлым арта түседі. Яғни, жарнамалық роликті эфирден көрсетуге
тапсырыс бергеннің қалтасын қағып алады. Жоғарыдағы сандар тек бір-ақ рет
көрсетілу үшін төленетін құн. Ал біз күніне бір жарнамалық роликті неше
қайта көреміз. Осы кестеден, телеарнаға қанша ақшаның түсетінін шамалап
болса да есептеуге болатын шығар. Осыдан келіп бүгінде “жарнамашылар
теңгені білмейді” деген қағида туындап отыр. TNS Gallup Media Asia
компаниясы телеарналарды жарнама беруіне қарай жүйелеп келіп, бірінші
орынға “Евразия” каналын, екінші орынға “КТК-ны”, үшінші орынға “31
телеарнаны” қояды. Өзге телеарналардан алға шығуларына арналардың жарнама
бюджетінің 56,9 млн. құрағандығы негіз болып тыр.
Алматыда күмәнді сападағы жарнама роликтері 200 ден 2 мың доллар
көлемінде болады. Мамандардың айтуынша, орташа сапалы жарнамалық ролик
бізде 8 мың доллар тұруы керек. *6* Бұл көрсеткіштер жарнаманың жасалуына
кететін қаражат. Ал оны телеарналардан көрсету тағы да қып-қызыл шығын.
Әрине, егер жарнамалық ролик сапалы да сәтті болып жасалса, онда шыққан
шығынды екі еселегендегідей етіп қайтарып алуға болады.
Әлеуметтік телеролик
Әлеумет — ел, жұрт, халық деген ұғымдармен мағыналас. Яғни, адамзатқа
ортақ, қоғамға бағытталған, игі жақсылықтарды көксейтін, телеарналардан
көрсетілетін роликтерді — әлеуметтік телероликтар деп атаймыз. Бүгінде
әлеуметтік роликтерді көгілдір экраннан кездестіру қиын емес. Әлбетте,
олар жарнамалық роликтерге қарағанда сирек көрсетіледі. Қазақстан
қоғамынының даму соқпағын белгілеген 1997 жылдан бері Елбасы жылда
Қазақстан халқына өзінің дәстүрлі жолдауын ұсынып келеді. Көп ұлты
мемлекет болғанымызға қарамастан, барлығы да жолдауды тағатсыздана күтеді.
Өйткені, қоғамдық ұйым өкілдерін алға сүйрейтін, халқымыздың әл-ауқатын
жақсарта түсуге ықпал етер тың ойлар, жаңа шешімдер күтеді. Міне, биыл
Елбасының 10 - шы жолдауы болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
биылғы жолдауы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” деп аталады. Бұл бекер емес.
Өткен жылдар шеңберінде еліміз өз экономикасы мен мемлекеттілігінің берік
іргетасын құра білді, нарықтық экономиканың, демократиялық дамудың
тәжірибесіне қанықты. Ішкі және сыртқы тұрақтылық, геосаяси мүдделер
қалыптасты. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді, толыққанды, жауапты
мүшесі ретінде орнықты. Биылғы жолдауда да осы мәселер сөз болды. Сондай-
ақ, халықтың әлеуметтік аһуалын тағыда жақсарта түсудің жолдары,
демографиялық өсім, білім-ғылым, зейнетақы тағы басқа да мәселелер
толыққанды қамтылған. Жолдаудан кейін барлық бұқаралық ақпарат құралдары
артық-кем тұстарын талқылап, келесі жолдауға дейін халыққа насихаттайды.
Міне, осы кезде арналардан жолдаудан алынған жолдарға негізделіп жасалған
роликтерді көреміз. Мәселен, елбасы жолдауда үкіметке халқымыздың әл-
ауқатын жақсарту жөніндегі жұмысты жақсартуды жалғастыра беруді тапсырған.
Ол үшін біріншіден, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән беру
керектігі айтылған болатын. Оның жолдары да көрсетілген. Міне, осы жолдағы
нақты мақсаттарды арналардан насихатталып жүрген әлеуметтік роликтен көруге
болады. “2008 жылғы 1 қаңтардан бастап, баланың тууына байланысты біржолғы
мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 34740 теңгеге дейін немесе 2 есе арттыру.
Баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақыны
одан әрі көтеру қажет. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауынан” Бұл жоғарыда сөз болған
роликтегі мәтін. Негізінен барлығы жолдаудағы жолдардан тұрады. Ал ролик
басталысымен “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” деген жазуды көреміз. Яғни,
биылғы жолдаудың тақырыбы. Бұл көрерменге бірден жолдауға қатысты ролик
екенінен ақпарат береді.
Әлеуметтік роликтердің мысалы мұнымен шектелмейді.
Алдымызға қойған мақсат-мүддеміз анық. Соңғы жылдары экономикамыз алға
жылжыды, халықтың әлеуметтік жағдайы көп жақсарды, рухани дүниемізде де
ілгерілеушілік бар. Бүгінде бір нәрсеміз анық. Айтпағым, дамушы мемлекеттен
дамыған елге, яғни, бәсекеге барынша қабілеттті ең озық елу елдің
қатарынан орын алу жолындағы шаралар ақ қағазға көк сиямен жазып
нақтыланғаны. Елбасының “Жаңы әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа арнаған
кезекті Жолдауында болашақ мұраттарымызды айқындаған осы мәселелер сөз
болды. Үздіктердің қатарына қосылуда атқарылар шаралар мен міндеттерді
негізгі тақырып етіп алған әлеуметтік телероликтер де мысал бола алады.
Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі болып Иманғали Нұрғалиұлының
тағайындалғанынан бері қаланың мәдени өмірінде елеулі жаңалықтар болғаны
қала тұрғындары мен қонақтары еркін сезініп жүрген шығар. Өзгерістер мәдени
өмірінде ғана емес, қаланың келбетінде де көрініс тапты. Аулалар да жөнге
келіп қалды. Қай аулаға барсақ та, аулалар қыздың жиған жүгіндей болып
өзгерген. Бұрын қоқыс шашылып жататын есік алды да, балалардың “шықпа
жаным, шықпа” деп тұратын ойын алаңдары да тазалыққа, тәртіпке келіп қалды.
“Театр киім ілгіштен басталады ” дейді ғой, сырттан келген қонақ
мәдениетіміздің деңгейін ауламызға қарап-ақ біле алатыны анық. Сондай-ақ
Алматы қаласының басшыларының ұстанған басты бағытының бірі — қоршаған
ортаның тазалығы екені аян. Осыған байланысты бүгінде қалада ауқымды
жұмыстар, ірі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мәслене, “Таза ауа — жанға
дауа”, 2020 жылға дейін айырықша қорғалатын табиғи аймақтарды дамыту”,
“Саябақтар мен гүлзарларды желектендіру және дамыту”, “Алматы өзендері”,
“Алматы қаласының экологиялық жағдайын сауықтыру” деген бағдарламалар
қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып келеді.
Сондай-ақ, қуанарлық жағдай, бүгінде қала көшелерінде шашылып жатқан
қоқыстарды бірең-сараң ғана кездестіресің. Және мейрамдардың қарсаңында,
көктем мен күз айларында сенбі күндері болып тұратын, ұмыт болып бара
жатқан жалпы халықтық сенбіліктің қайта жаңғыруы. Осы тұста айта кететіні,
арналардан сенбілікке қала тұрғандарын бір адамдай өз аулаларын, тұратын
жерлерін, қала көшелерін тазалауға шақыратын роликтерді көруге болады. Бұл
роликтер “Алматы таза қала, жасыл қала” деген ұранмен берілген болатын.
Және жеңіс күнінің 62 жылдығы қарсаңында “Жер үстінде жеңіс туы” деген
роликтер.
Сондай-ақ, бүгінде жыл сайын өсіп келе жатқан СПИДВИЧ тақырыбындағы
әлеуметтік роликтер мысал бола алады. Бұл роликте, осындай, арты ажалға
апаратын аурудан сақтануға, жастар арасында таралуына жол бермеуге
бағытталған. Мәселен, осы тқырыптағы бір ролик тек қана осы ауыруды алдын
алуға ғана емес, салауатты өмір кешуге шақырады. Яғни, ролик басталған
кезде екі дос дене шынықтыру орталығында денелерін шынықтырып, түрлі
жаттығу жасап жүреді. Осы бірер секундтарға ғана созылған көріністе
көрерменді спортпен шұғылдануға үгіттейді.
Әлеуметтік роликтің тағы бір түрі ғаламдық мәселе — жетім балалардың
тағдырына арналған. Дүние жүзі бойынша қазір 100 млн. асыраушысы жоқ жетім
балалар бар екен. Ал біздің ата-бабамыз жетім мен жесірін жылатпағанын
білеміз. Өкініштісі бүгінде, сондай елдің ұрпағында, қазақ халқының жерінде
жетімдер көбейіп келеді. Осы проблеманы көтеретін әлеуметтік телероликтерді
де Қазақстан арналарынан кездестіруге болады.
Мемлекеттік арна болсын, мейлі тәуелсіз арна болсын барлығы да
әлеуметтік роликтерді көрсетуге міндетті деп санаймын. Арнаның ұстанған
бағытына қарамастан, оның негізгі мақсаты адамзаттың игілігіне қызмет ету
емес пе? Сондықтан да, арна басшылары әлеуметтік роликтерді дайын күйінде
көшіріп қана бермей, өздері де жасап, таратуға қызғушылықтарын таныту
керек. Жарнамалық роликтерді ақылы түрде таратса, әлеуметтік роликтерді
арналардан тегін, яғни, ешқандай ақысыз көрсетуге міндеттеу керек. Бүгінде
Қазақстан — болашағы бекем, елдік үміттері ақталмай қалмас жас мемлекет.
Қазіргі жаңару-жаңғыру дәуірінің жарқын мұраттарының бірі — азат реңді,
өршіл рухты қазақ халқының әлемдік дидарын қалыптастыру, жаһандану
заманынан алар өз орнын, енші – үлесін айқындау болып отырғаны шындық.
Ондай болса, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін жаттанды болып,
жүйкені жұқартып жүрген жарнамалық роликтерді топтастырып бергенше,
мағынасы мен қоғамға алып келер пайдасы бар, әлеуметтік роликтердің
араналардан таратылуын көбейту керек.
Тақырыптық телеролик
Тақырып — өнер туындысының іргетасы *7*. Әдетте, журналистің
шығармашылық қызметі тақырып таңдаудан басталады. Ал тақырып қайдан туады?
Тақырып тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер
ішінде болады. Кейде, тақырып талай уақыттан бері журналистің ойында
жүрген, көкейтесті арманы болған бір мәселе төңірегінде туындауы да мүмкін.
Жалпы біздің күнделікті өмірімізде, өзімізді қоршаған ортада әрі қызық,
әрі маңызды тақырыптар көп. Тек соларды бақылап, байқап, байыбына барып,
мән беріп тани білу керек. Кейде, журналистке белгілі бір тақырыпты
редакция ұсынады.
Қалай болған күнде де тақырып – болашақ хабардың арқауы, лейтмотивті
деңгейі ғана. Міндет – соны жеріне жеткізе зерттеу, барлық қыры мен сырын
тану, мән-жайын терең ашу, анықтау. Ал бағдарламының көрерменге тартымды
болып, иірімдер арасынан табылған, суырылып шығарылған тақырыптың ашыла
түсуі үшін сан қиылы тәсілдер жасалады. Менің айтпағым, сол тәсілдердің
бірі бағдарлама барысында тақырыптық роликтердің жасалуы. Тақырыптық
телероликтерде журналистің болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің хабарына
негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобы жатады. Тақырыптық
телероликтерде сол хабар барысында сөз болар жайттар немесе бағдарламаның
ажарын ашып, мән-мағынасына көрерменнің енуіне ықпал ететін материалдар
жинақталып берілуіне болады. Мемлекет басшысының яки қатардағы жауынгердің
де пікірін беру арқылы жасалуы мүмкін. Бүгінде тақырыптық телероликтерді
бағдарламалардың арасында сюжет, репортаж формасында кездестіруге болады.
Студияда егер қонақтар болып, белгілі бір тақырып төңірегінде әңгіме-дүкен
болған болса, тақырыпты одан әрі аша түсу үшін немесе әңгімені жандандыра
түсу .шін арнайы дайындалған сюжеттер репортаждар беріледі. Тақырыптық
телеролик арнайы бір тақырыпқа, бір бағдарламаға ғана арналып жасалады. Оны
хабар барысында бірнеше рет те беруге әбден болады. Ал егер сюжет
формасында болатын болса, бірнеше сюжетті тақырыпты телероликтерді
әзірлеуге болады.
Телевизиялық журналистке жүктелетін ең жауапты әрі абыройлы міндет
халық шаруашылығының мәдениеттің, қоғамдық өмірдің көкей тесті мәселелерін
терең сезіп, ол туралы тұжырымды пікір айту, осы мәселеге қатысы бар
мамандардың мазмұнды, тартымды әңгімесіне мұрындық болу, көпшілік ойын
белгілі бір бағытқа бұру болып табылады.*13*
Имиджді ролик
Әр арна өз имиджін қалыптастыруға тырысады. Арнаның имиджі көрерменге
елеулі әсер етеді. Егерде көрермен арасында неғұрлым сұранысқа ие, жағымды
имиджін қалыптастырған арна болса оның ақпарат әлемінде қалықтауына
соғұрлым жеңілірек болмақ. Бірақ, сол имиджді арқалап, яғни қасықтап
жинағанды шөмішпен төгіп алмауға тырысу керек. Әр арна өз имджін арттыру
үшін, яғни көрерменге ұсынып отырған өнімінін, ақпаратты ұсыну үшін
арасында имджді роликтерді береді. Мәселен, Қазақстан арнасында берілетін
“Ел өркендейді, телеарна көркейді” ролигі. 31 телеарнасындағы “Көктем 31
арнамен бірге” ролигін айтуға болады. “Жаныңызды жадыратар жаңа телеарна
НТК, көтеріңкі көңілмен ынта қойып көріңіз”, — бұл НТК арнасының имджі
ролигінің мәтіні. Таң телеарнасы имиджді роликті басқа арналарға қарағанда
көп береді. Бұл, жоғарыда айтқан арнаның көрерменге өзін-өзі жарнамалауы
және эфир уақытын толтыру үшін жасалынады. Сондай-ақ, кинолардан немесе
бағдарламадан үзінділер көрсетіліп, кадр сыртынан “тек қана Қазақстан
арнасында” деген мәтіндегідей имиджді роликтерді кездестіруге болады.
Міне, осындай роликтердің түрлерін Қазақстан арналарында топталып
жүргенін кездестіруге болады. Негізінен, бір жақсы фильм не хабар жүріп
жатқанда кесіп тастап, ролик беру этикалық-эстетикалық жағынан дұрыс емес.
Тіптен, көзін тырнап ашқаннан бастап көгілдір экраннан ағылып жатқан
толасыз телероликтердің берілуінде заңның қаншалықты орындалып жатқанын
көрермен қауым байқай да алмайды.
Өзге ұлттың қолынан шыққан өнімді ғана емес, дайын роликтерді
пайдаланып қана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан
Республикасы заңының 6 бабында: “Ақпарат құралдары мемлекеттік және басқа
тілдерде таратылады” делінген және осы баптың 2 тармағында көрсетілген:
“БАҚ теледидар және радиохабарының мемлекеттік тілдегі хабардан жиынтық
көлемінен кем болмауы тиіс” деген заңның тарауларынан жалтарып қалу үшін,
оны шала қазақшалап бізге екінші мәрте ұсынып келеді. Әрине, “Жарнама
туралы” Заң күшіне енген сәттен бастап, жаңа заң электронды ақпарат
құралдарында мемлекеттік тілде шығатын жарнамалардың санын көбейтумен
қатар, ұлттық тіліміздің бизнес әлемінде де өркендеуіне үлес қосады деген
үмітіміз болғандығы рас. Ал осы үмітіміз қаншалықты ақталды? Арнадан
таратылып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz