ҚР-сы Парламенті
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Парламенттің мәртебесі
а) ҚР.сы Парламентінің конституциялық.құқықтық мәртебесі
б) ҚР.сы Парламентінің құрамы мен құрылымы
2. Парламенттің құзыреті
а) ҚР.сы Парламенттің өкілеттіктері
б) ҚР.сы Парламент жұмысының ұйымдық мәселелері
в) ҚР.сы Парламент депутаттары мен олардың құқықтық мәртебесі
III. Қорытынды

Қазіргі таңда әрбір азамат заң шығармашылық процесті жақсы түсінуі керек, ол тек қана жаңа қабылданған заңдардың мәнін түсіну үшін ғана емес, сонымен қатар Парламентті халықтың еркін білдіретін орган ретінде оның жұмысын сынау болып табылады.
Әр түрлі елдегі Парламенттер бір-бірінен өз құрамы бойынша ерекшеленеді: қазіргі кезде бір палаталы және екі палаталы Парламент бар. Оның құрамы мемлекеттік құрылыс нысанына, халық санына немесе әр елде қалыптасқан тарихи дәстүрлерге байланысты болады.
Философтар мен мемлекеттік ойшылдар әр уақытта билік құрылысын түсінуге, оның қиын құрамын сипаттайтын заң шығармашылықтың арнайы рөлі мен мағынасын көрсеткен.
Заң шығарушы билік Ж.-Ж. Руссо мен Монтескье еңбектерінде классикалық сипаттамаға ие.
Руссоның талқылауы бойынша заң шығару билігі халық жиналысына берілуі керек және де оған барлық азаматтардың қатысуына жағдай жасалуы тиіс. Ол осы жерде басқа билікке орын жоқ деп көрсеткен болатын. Ал заңдарды орындау, ол-атқарушы биліктің міндеті екенін көрсетті. Үкімет халыққа тәуелді және де ол тек оның жекелеген мүшелеріне ғана басшылық етеді. Заң шығарушы билік жалпы ережелерді қабылдайды, бірақ халық декреттер, яғни жекелеген мәселелер бойынша актілер қабылдай алады. Оның идеалы халқы шамамен 10 мың кіші мемлекеттер туралы айтылады. Қазіргі ойшылдар Руссоның айтқанын ешқашан орындалмайтынын атап көрсетеді.
Мемлекеттік билікті бөлу қағидатын Ш.Л. Монтескье енгізген болатын, ол азаматтардың бостандықтарын қамтамасыз етуі үшін қажет. Бостандық – заңмен тыйым салынбағанның бәрін істеуге құқық беру. Монтескье билікті үшке бөлген: 1) заң шығарушы; 2) атқарушы және 3) сот билігі. Заң шығарушы билік халықтың қолында болуы керек, үлкен мемлекеттерде оны жүзеге асыру мүмкін емес, ал кіші мемлекеттерде оны істеу қиын болғандықтан халықтың еркін білдіретін өкілдер болуы керек.

1.Таранов А.А. Парламент и законодательная власть Казахстана: Монография.-Алматы: Жеті Жарғы,1995ж.
2. Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің бес жылы
3. Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы: Оқу құралы.-Астана: «Фолиант», 2001ж.
4. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық.-Алматы:Жеті Жарғы, 1998 ж.
5. Назарбаев Н.Ә. Доклад на II сессии Ассамблеи народов Казахстана // Политика, 1995ж. №2.
6. С.Зиманов. Конституция и Парламент РК. Алматы. 1996жыл.
7. Н.Ә.Назарбаев Өткенді саралау мен қоғамды демократиялық жолмен одан әрі реформалау. «Егемен Қазақстан», 1995ж., 1шілде
8. Н.Ә.Назарбаев Ата Заң халыққа қызмет етеді. «Егемен Қазақстан», 1996ж. 30 тамыз
9. Оразова А.А. 6–тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық/Құраст. Е.Баянов.-Алматы, 2003ж.
10. Беспай Т.Ж. Парламенттің теоретикалық, конституциялық және халықаралық-құқықтық аспектілері// Қазақстан Респуюликасы Парламентінің 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.
11. Назарбаев Н.Ә. «Әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының республикалық кеңесіндегі баяндама», «Халық Кеңесі» 1992ж, 11 қараша
12. М.Оспанов «Билікке емес, заңға жүгіну керек», «Казахстанская правда», 1996ж. 18тамыз
Нормативтік-құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз, 1995 жыл
2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы « ҚР-сы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң
3. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «ҚР-сы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заң
4. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 шілдедегі «Азаматтардың арыз-шығымдарын қарау тәртібі туралы» Заң күші бар Жарлық

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Парламенттің мәртебесі
а) ҚР-сы Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
б) ҚР-сы Парламентінің құрамы мен құрылымы
2. Парламенттің құзыреті
а) ҚР-сы Парламенттің өкілеттіктері
б) ҚР-сы Парламент жұмысының ұйымдық мәселелері
в) ҚР-сы Парламент депутаттары мен олардың құқықтық мәртебесі
III. Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі таңда әрбір азамат заң шығармашылық процесті жақсы түсінуі
керек, ол тек қана жаңа қабылданған заңдардың мәнін түсіну үшін ғана
емес, сонымен қатар Парламентті халықтың еркін білдіретін орган ретінде
оның жұмысын сынау болып табылады.
Әр түрлі елдегі Парламенттер бір-бірінен өз құрамы бойынша
ерекшеленеді: қазіргі кезде бір палаталы және екі палаталы Парламент
бар. Оның құрамы мемлекеттік құрылыс нысанына, халық санына немесе әр
елде қалыптасқан тарихи дәстүрлерге байланысты болады.
Философтар мен мемлекеттік ойшылдар әр уақытта билік құрылысын
түсінуге, оның қиын құрамын сипаттайтын заң шығармашылықтың арнайы рөлі
мен мағынасын көрсеткен.
Заң шығарушы билік Ж.-Ж. Руссо мен Монтескье еңбектерінде классикалық
сипаттамаға ие.
Руссоның талқылауы бойынша заң шығару билігі халық жиналысына берілуі
керек және де оған барлық азаматтардың қатысуына жағдай жасалуы тиіс. Ол
осы жерде басқа билікке орын жоқ деп көрсеткен болатын. Ал заңдарды
орындау, ол-атқарушы биліктің міндеті екенін көрсетті. Үкімет халыққа
тәуелді және де ол тек оның жекелеген мүшелеріне ғана басшылық етеді.
Заң шығарушы билік жалпы ережелерді қабылдайды, бірақ халық декреттер,
яғни жекелеген мәселелер бойынша актілер қабылдай алады. Оның идеалы
халқы шамамен 10 мың кіші мемлекеттер туралы айтылады. Қазіргі ойшылдар
Руссоның айтқанын ешқашан орындалмайтынын атап көрсетеді.
Мемлекеттік билікті бөлу қағидатын Ш.Л. Монтескье енгізген болатын,
ол азаматтардың бостандықтарын қамтамасыз етуі үшін қажет. Бостандық –
заңмен тыйым салынбағанның бәрін істеуге құқық беру. Монтескье билікті
үшке бөлген: 1) заң шығарушы; 2) атқарушы және 3) сот билігі. Заң
шығарушы билік халықтың қолында болуы керек, үлкен мемлекеттерде оны
жүзеге асыру мүмкін емес, ал кіші мемлекеттерде оны істеу қиын
болғандықтан халықтың еркін білдіретін өкілдер болуы керек. Халық
өкілдері жалпыға ортақ округтар бойынша сайлауда сайланады. Олар өз
мекенінің қажеттіліктерін біле отырып, маңызды сұрақтарды сол мекеннің
тұрғындарымен шешуі керек. Бостандықты кепілдендіру үшін билікті тек
бірнеше органдар арасында бөліп қана қоймай, олардың арасында бір-біріне
қатысты тепе-теңдік орнату керек.[1]
Биліктің үш тармағын бірдей тікелей халық құратын нұсқасын жүзеге
асыруға мүмкіндік бермейтін біздің бүгінгі болмысымызда, мәселен,
атқарушы және сот билігінің жоғарғы буындарын тек қана Парламенттің жеке
дара сайлауына немесе тағайындауына жол бермеу нұсқасы қолданылады. Бұл
ретте Президент Парламенттің келісімімен Премьер-Министрді тағайындайды,
ал Парламент Сенат арқылы Президенттің ұсынысымен Жоғарғы Соттың құрамын
сайлайды. Мұның астарында дербестіктерін қамтамасыз ету арқылы биліктің
бір тармағын екіншісіне бағынысты етпеу жөніндегі маңызды идея жатыр, ал
мұның өзі-билік бөлінісі идеясын жүзеге асырудың маңызды шарты.
Н.Ә.Назарбаев билік тармақтары дербес жұмыс істеуге, олардың бірін
екіншісінің есебінен күшейтуге және бірінің құзырына екіншісінің
араласуына жол бермеу, Парламенттің биліктің басқа , ең алдымен,
атқарушы тармағымен қарым-қатынасында тепе-теңдік пен конституциялық
меже сақталуы қажет екенін ескертіп, сонымен қатар өзара іс-қимылдың
керектігіне тоқталады.[2]
Мен бұл курстық жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің
конституциялық-құқықтық мәртебесін қарастырғым келеді. Себебі, мен осы
1995ж. Конституцияға енгізген өзгеріс, яғни бір палаталы Жоғарғы Кеңес
орнына екі палаталы Парламентті құру қаншалықты дұрыс әрі тиімді екеніне
өзім жинаған мәліметтермен көз жеткізгім келді. Осы өзгеріс мемлекетке
қандай деңгейде көмек көрсететінін білгім келді. Осы аталған мақсаттарға
көз жеткізуге маған Владимир Кимнің Жасампаз жылдар атты еңбегі көп
көмек көрсетті, атап айтсам оның еңбегі Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Президентінің, яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің, саяси және
конституциялық-құқықтық көзқарастарын талдауға арналған. Ол өз
еңбегінде:
Менің міндетім, қолымдағы деректерге сүйене отырып, өзімнің ғаламдық
тәжірибемнің шама-шарқы жеткенінше, Н.Ә.Назарбаев
айтқан бірқатар идеялардың мазмұнын ашып, бұлардың іс жүзіндегі
нәтижесін, оның сөзі мен ісінің ұштасуының ұтқыр бағамын, тұрақты қоғам
тұрғызудың қазақстандық үлгісінің бастауы мен неден құралатындығын,
біздің көп ұлтты елімізде халықтар достығын нығайтудың, біздің
конституциялық реформаларымыздың, жеке адамның құқықтары мен
бостандықтарын нақтылы қамтамасыз етудің баға жетпес маңызын көрсетіп
беруде деп білемін деп жазған.
Осы аталғандарға және қолымдағы деректерге сүйене отырып, мен
Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесін, оның құрамы мен
құрылысын, сондай-ақ оларға берілетін өкілеттіктерді ашып оған толық
түсіндірме беруге тырысамын. Сонымен қатар Парламент жұмысының ұйымдық
мәселелері мен оның депутаттарының мәртебесін зерттеп, әдебиеттер мен
еңбектерге сүйеніп, мейлінше тоқталып кетуге уәде беремін.
1.Парламенттің мәртебесі
а) Қазақстан Республикасы Парламентінің конституциялық-құқықтық
мәртебесі
Қазақстан Республикасының Парламенті - Қазақстан Республикасының
жоғарғы өкілді және заң шығарушы органы. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 49-бабына сәйкес Парламент Республикасы заң шығару
қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады.
Конституциялық құқық институтының бірі ретіндегі Парламент тарихы тым
әріден басталады. Мәселен, ағылшын Парламенті XII-XIII ғасырлары пайда
болған.[3]
Парламент Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес деп аталған бір
буынды өкілетті органының орнына келді. Жоғарғы Кеңес жоғары өкілді
орган ретінде 1937 жылғы ҚСР Конституциясымен белгіленді. Қазақ ҚСР-ның
1978 жылғы Конституциясы да Жоғарғы Кеңесті мемлекеттік биліктің жоғары
органы ретінде таныды. Ол КСРО Конституциясы мен Қазақ КСР
Конституциясында көрсетілген Республика құзырындағы барлық мәселелерді
шешуге құқылы болды. Жоғарғы Кеңес еліміздің мемлекеттік өміріндегі
барлық мәселелерді шешу құқығын иеленді. Академик Ғайрат Сапарғалиевтің
пікірінше, осы жоғары өкілді органның бірыңғай билігінің мәні, міне,
осында. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі Парламенттей болмады, өйткені онда
билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғары өкілді органдар болған
жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң
мемлекеттік билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу
приципін жариялады. Осының нәтижесінде Парламент және парламентаризм
құруға қарай маңызды бір қадам жасалды.[4]
Айта кететін жай, Конституциялық қоғамға басшылық жасаудың белгілі бір
жүйесі ретіндегі парламентаризм тарихы сонау буржуазиялық революция
кезеңдерінен бастау алады.
Парламент пен парламентаризм - өзара байланысты ұғымдар, дегенмен
бірдей емес екендігін айта кету қажет. Парламентаризм парламентсіз өмір
сүре алмайды. Ал Парламент парламентаризм элементтерінсіз өмір сүре
алады. Кеңестік Парламенттер дәуірінде осылай болды. Парламентаризм
элементтері ең алдымен биліктерді бөлу, өкілдік пен заңдылық болып
табылады.
Өкілдік принципі Қазақстан Республикасы Парламентінің сайлау жолымен
құрылатындығынан көрінеді. Жалпы алғанда, парламентаризм конституциялық
құқық теориясында мемлекетте биліктерді бөлу принциптеріне негізделген
заң шығарушы билікті өкілдікті жүзеге асыру тәжірибесі ретінде
түсіндіріледі. Мұндай Парламенттің болуы халықтық егемендікке арқау
болатын мемлекет нысаны ретіндегі демократия туралы сөз қозғауға
мүмкіндік береді.[5]
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Жоғарғы Кеңесті
республиканың бірден-бір заң шығарушы және өкілді органы деп таныды.
Конституцияның Жоғарғы Кеңеске кең өкілеттілік бергендігі сондай,
мемлекеттік билікті бөлісу принципі шын мәнінде мүлдем болған жоқ.
Сонымен бірге тежемелік және тепе-теңдік жүйесі де орнықтырылмады. 1993
жылғы Конституция мемлекеттік биліктің қаншалықты құқықтық базасын
жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес , әрине, өз қызметін толық
атқара алмады. Жоғарғы Кеңес қызметінің дәрменсіздігіне сый айту ретсіз
де болар еді. Жаңа ұлттық құқықтық саясатты негізіне алған заңдарды 12-
ші шақырылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдады. Жоғарғы
Кеңес Парламент бола қойған жоқ және Қазақстанда парламенттік республика
орныққан жоқ. Н.Ә.Назарбаев-тың пікірінше, Қазақстан үшін парламенттік
республиканың орнықтырылмағанның себебі, онда ... парламентизмнің
дәстүрі мен мәдениеті, көп партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және,
ең бастысы, мұның бәрін халықтың қалың көпшілігінің санасы қабылдамады.
Бүгінгі таңда бізде ол жоқ..[6] Бұл үшін
уақыт керек. Президенттік басқару жүйесі елді басқарудың тиімді
прогрессивті әдісі болып шығуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Парламентті заң
шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган ретінде сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Парламенті Жоғары өкілді орган ретінде де,
өкілді демократия органы ретінде де өмірге келді. Халық тікелей ғана
емес, Парламент арқылы да өзінің саяси еркін білдіреді.
Парламент, сондай-ақ заң шығару қызметін жүзеге асыратын орган да
болып табылады. Мұндай нысандама Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
Конституциясының Жоғарғы Кеңестің бірден-бір заң шығарушы орган
ретіндегі сипаттамасынан ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конституциясында Парламент бірден-бір заң шығарушы орган болып
есептелмейді. Себебі Конституцияда көзделген жағдайда Президент заң
шығару қызметін атқара алады.[7]
Парламент депутаттарының өкілеттігі оларды Республиканың Орталық
сайлау комиссиясы Парламент депутаттары ретінде тіркелген сәтінен
басталады.
Жаңадан құрылған Парламентті Республика Президенті сайлаудың
қорытындысы жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей
шақырады.[8]
Сонымен бірге Президенттің заң шығарушылық қызметінің өкілеттік
берілген және тәуелділік сипатта болатын. Парламент өзінің заң шығару
өкілеттігін берген жағдайда ғана Президент заң қабылдай алады. Егер
Парламент зәру заңдарды шұғыл қабылдай алмайтын болса, Президент заң
күші бар Жарлық шығаруға құқылы. Екі жағдайдың екеуінде де Президенттің
заң шығару өкілеттігі уақытша сипатта болады. Парламент тұрақты жұмыс
істейтін заң шығару органы болып табылады.
Заң шығару қызметімен бірге Парламент, шектеулі көлемде болса да,
атқарушы биліктің қызметін де бақылай алады. Парламент республиканың
бюджетін және оның орындалуын жөнінде Үкімет пен республикалық бюджеттің
орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің есебін бекітеді, бюджетке
өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Парламент Үкіметтің –
Бағдарламасын мақұлдауы немесе қабылдамай тастауы және Үкіметтің
қызметіне сенімсіздік білдіруі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бірінші рет Парламенттің екі
палаталық (Сенат және Мәжіліс) құрылымын бекітті.[9] Мәжіліс Қазақстан
Республикасының барлық азаматтарының тілегін білдіреді, яғни Мәжіліс
депутаттары жалпы сайлауларда сайланады. Сенатқа депутаттардың бір
бөлігі жанама сайлау арқылы сайланады, енді бір бөлігін Президент
тағайындайды. Сенат депутаттары әкімшілік-аумақтық бірліктердің
мүдделерін, жергілікті пікірлерді білдіреді. Сонымен бірге Сенат – бүкіл
республика органы. Сондықтан Мәжіліс қабылдаған заң жобасы Сенат
мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталарына айрықша
өкілеттіктер берілген, олар өз құзыретіндегі мәселелерді дербес шеше
алады. Конституция Парламент Палаталарының бірлескен отырысының
құзыретіндегі мәселелерді қарастырған (53-бап). Қазақстан Республикасы
Парламент Палаталары бірлескен отырыстарында мемлекеттің айтарлықтай кең
көлемді мәселелерін қарап, шеше алады. Қазақстан Парламенті қызметінің
ерекшеліктерінің бірі осында. Бұл Парламенттің құзыретіне ықпал етеді.
Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарының қарауына жатқызылатын
мәселелер тізбегі белгіленген. Қазақстан Республикасы Конституциясы
Парламенттің құзыреті ұғымы туралы ойларды тұтастай жинақтайды.
Жоғарыда көрінгендей, 1) Парламенттің Сенат пен Мәжілістің бірлескен
және жеке отырыстарында жүзеге асырылатын құзыреті;
2) Сенаттың қатаң құзыреті;
3) Мәжілістің қатаң құзыреті бар.
Мәжіліс пен Сенат үшін әр түрлі құзыретті белгілей отырып,
Конституция Парламент қызметінің тежемелік және тепе-теңдік жүйесін
құрады. Атқарушы биліктің болуы мүмкін қарама-қарсы тұрудың,
даурықпалыққа әуестенуінің жолын кесу мақсатында Сенатқа Мәжіліске
қатыстышектеушілік мүмкіндігі берілген.
Ғ.Сапарғалиевтің пікірінше, мұны белгілі бір деңгейде түсінуге
болады, өйткені өкілді органдарға бұрынғы кездері қалыптасқан
сенімсіздік әлі күнге дейін жалғасып келеді. Оның үстіне 12-13-сайланған
Жоғарғы Кеңестердің таратылуы жоғары өкілді органның беделін көтерген
жоқ. Мемлекеттік биліктің жоғары органдарына қатысты халықтың саяси
сенімінің бәсеңдеуі Парламент Мәжілісінде өткен соңғы сайлауда да
сезілді (1995ж.). Тіпті ресми адамдар Мәжіліс сайлауының өтпей қалу
мүмкіндігі туралы қауіп айтты. Мұндай жағдайда Мәжіліс депутаттары
өздерінің қабілеттілігін дәлелдеу үшін мемлекет ісіндегі жағдайға
негізінен жауап беруші атқарушы билікпен текетіреске түсуі мүмкін. Заң
жобалары негізінен Үкіметтің бастамасы бойынша енгізілетіндіктен Мәжіліс
оны зор ынтамен қабылдап, оған сын тұрғысынан қарайды. Тәжірибе
көрсеткендей, Сенат Мәжіліске қатысты тежемелік жүйесін мемлекеттік
билік тармақтары арасындағы қарама-қарсылыққа жол бермеу мақсатында
пайдалануға тырысады. Сонымен бірге, Парламентке ауыр жұмыс жүктелген.
Ол бұрын қалыптасқан белгілі бір сенімсіздікті еңсеруге ұмтылатынын,
халықтың қазіргі көкейкесті міндеттерін шешуге, өзінің заң шығарушылық
қызметінде қоғамның прогрессивті дамуының құқықтық базасын жасауға
ынталы екендігін көрсетуі тиіс. Қазақстанда бұрын болмаған парламенттік
дәстүрдің қалыптасуы Парламентке, оның жемісті заң шығару қызметіне
байланысты. Бұған мемлекетті, қоғамды нығайтқысы, адамдардың өмірін
жақсартқысы келетін барлық саяси күштер мүдделі болуы тиіс. Парламент
мемлекеттік билік тармақтарының бірі ретінде демократиялық, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет құруда маңызды орын алады.[10]
б) ҚР Парламентінің құрамы мен құрылымы
Парламент құрылымының мәселелерімен Н.Ә.Назарбаев үнемі шұғылданып
келеді. Кеңестік уақытта екі палаталық құрылым КСРО Жоғарғы Кеңесінде
ғана болғаны мәлім. Сталиндік мектептің теорияшылары мұны жалпы
мемлекеттік мүдделерді бейнелеумен қатар Кеңес Одағындағы өзіндік ұлттық
мүдделерді ескеру қажеттігімен түсіндірді. Одақ Кеңесі жалпы
мемлекеттік мүдделерді білдірсе, келесі Палата – Ұлттар Кеңесі КСРО
халықтарының ерекше ұлттық мүдделерін бейнелеуге тиіс болды. Іс жүзінде
КСРО өмір сүрген уақыттың ішінде екінші палатаның КСРО ұлттары мен
ұлыстарының қандай да бір ерекше мәселесімен шұғылданғаны ешкімнің де
есінде жоқ. Екі палаталы жүйені енгізуде көзделген мақсат – КСРО
халықтарының мүддесін жете білдіруге тиіс маңызды орган ретінде палата
жасақтау арқылы халыққа жасалып отырған қамқорлықтың сыртқы көрінісін
жасау ғана еді.
Қазақстанға келсек, онда палатасыз Жоғарғы Кеңес құрылып, 1995 жылғы
Конституция қабылданған күнге дейін Жоғарғы Кеңестің бұл құрылымы
Республиканың кеңестен кейінгі барлық Жоғарғы Кеңестеріне берілді.
1992 жылдың өзінде Конституция жобасын талқылаудың үстінде Жоғарғы
Кеңестің екі палаталы жүйесін енгізу туралы көптеген ұсыныстар түсіп,
Н.Ә.Назарбаев өзінің сөзінде оған ерекше мән берді. Алайда, түбегейлі
өзгерістер кезеңіндегі жедел заң шығармашылықтың қажеттігін ескеріп,
Конституциялық комиссия Жоғарғы Кеңестің мұндай құрылымын енгізуге
қарсылық білдірді.
Соған қарамастан, екі палаталық жүйе заң шығару қызметін ойдағыдай
қамтамасыз етіп келе жатқан елдердің тәжірибесін ескерген ол екі
Палаталы Парламент құрудың мақсаттылығы туралы қорытындыға келеді: ...
біз көптеген елдер өздерінің іс тәжірибесінде тексерген екі Палаталы
Парламент құру жолына түстік. Бұрын бұл идеяны депутаттар қабылдамай
келген еді. Бүгін заң шығару ісімен байыпты әрі нысаналы шұғылданатын
саны жағынан жинақы екі палаталы заң шығарушы орган құру ұсынылады...
Біріншіден, бұл орган баршаға түсінікті тілмен Парламент аталады,
жоғарғы палата Сенат деп аталады, ал облыстар мен республикалық
бағыныстағы қалалардың және астананың барлық мәслихаттары депутаттары
жиналысының жанама таңдауы арқылы әрқайсысынан екі адамнан сайланады.
Төменгі палата тікелей сайлау жолымен қалыптасады – ол Мәжіліс
аталады.[11]
Н.Ә.Назарбаев өзінің Ата Заң халыққа қызмет етеді деген еңбегінде:
Ал қазіргі Конституцияда қарастырылған Парламенттің құрылымы заң
жобаларын мұқият, салиқалы және жан-жақты талқылап, сапалы заңдар
қабылдау қажеттілігіне негізделген. Оларда мемлекеттік мүдделер негізге
алынып, түрлі әлеуметтік топтар мен аймақтардың мүдделері үйлестірілуге
тиіс. Бұл орайда біздің күткен үмітіміз қазірдің өзінде ақтала
бастағанын айту керек. Елдің жаңа Парламентінің алғашқы сессиясының
жемісті нәтижелері – осының көрнекті дәлелі[12], деп атап көрсетті.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және
Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының екі адамнан тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары
депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан
құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне
Республиканың Президенті тағайындайды.[13] Сенат депутаттары жанама
сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан
Республикасының кемінде бес жыл стажы бар, тиісті облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында
кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат
депутаты бола алады.[14]
Мәжіліс – Парламенттің палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады.
Алпыс жеті депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле
отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты
аумақтық сайлау округтері сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі
бойынша және біртұтас жалпы ұлттық сайлау округінің аумағы бойынша
партиялық тізімдер негізінде сайланады.[15] Мәжіліс депутаттарын сайлау
жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы
бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.[16]
Парламенттің құрылымы туралы мәселені қарағанда, Сенаттың жеті
депутатын сайлау мәселесін де назардан тыс қалдырмау қажет. Назарбаев
осы орайда былай дейді: Сірә, Президенттің Сенатқа жеті депутатты
тағайындауы белгілі бір күмәндаушылық туғызуы да ықтимал. Бұл Азия мен
Латын Америкасының елдерінде біршама жиі қолданылып жүрген практика.
Оның мәнісі заң шығарушы органда қандай да бір президенттік топ
жинақтау ниеті емес. Бұл депутаттардың кәсіби, керек десеңіз, ұлттық
құрамын нығайтудың құралы.[17]
2. Парламенттің құзыреті
а) ҚР-сы Парламентінің өкілеттіктері
Парламент заң шығару органы бола отырып, Республиканың бүкіл
аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, соның
ішінде Конституциялық заңдар, Парламенттің жеке қаулылары түріндегі заң
актілерін қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс қаулылары түріндегі заң
актілерін қабылдайды. Сенат пен Мәжіліс сондай-ақ өз құзыретіндегі
мәселелер бойынша дара сипатты қаулыларды қабылдайды.
Осы қаулыларды қарауды Сенат пен Мәжіліс белгілі бір өз құзыретіндегі
мәселелерге байланысты шығарады. Біріншіден, мен Сенаттың ерекшк
қарауына жатқызылатын мәселелерді атап көрсеткім келеді: Қазақстан
Республика Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын,
Алқалар Төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен
босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың
Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын
тағайындауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының
55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.[18]
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің құзыреті құрама екі
бөліктен: 1) Мәжілістің ерекше қарауына жататын өкілеттік; 2) кезегімен
қарау арқылыәуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта жүзеге асырылатын
өкілеттік.
Парламент Мәжілісінің ерекше қарауына Конституция мынадай мәселелерді
жатқызады: 1. Заң жобаларын қарауға қабылдау және қарау. Конституцияның
осы қағидасы мен Конституцияның Парламент Палаталарының бөлек
отырыстарында мәселелерді әуелі Мәжілісте, содан кейін Сенатта өз
кезегімен қарау арқылы заң қабылдайды делінетін 54-бабының арасында
қайшылық бар сияқты көрінуі мүмкін. Аталған жағдайда қайшылықтан гөрі,
заң техникасының олқылығы орын алған. 2. Республика Парламенті
қабылдаған заңға Президенттің наразылығы бойынша ұсыныстар әзірлеу. 3.
Президенттің ұсынысы бойынша Республиканың
Орталық Сайлау Комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысы мен
мүшелерін қызметке сайлау мен қызметінен босату. 4. Республика
Президентінің кезекті сайлауын хабарлау және оның кезектен тыс сайлауын
белгілеу. 5. Екі депутатты Әділет біліктілік алқасының құрамына екі
жылға жіберу. Ол рәсім Мәжілістің жалпы отырысында ашық дауыс беру
арқылы жүзеге асырылады. Депутаттар Әділет Біліктілік алқасындағы
жұмысты Палата комитеттеріндегі қызметін үзбей жүргізеді. 6. Республика
Президентіне опасыздық жасалды деп айып тағу. Айыптауға тергеуді Сенат
жүргізеді және нәтижесі қос Палатаның бірлескен отырысының қарауына
беріледі.[19]
Бірқатар маңызды мәселелер әуелі Мәжілісте, содан кейін оны Сенат заң
ретінде қабылдайды. Оған мыналар жатады:
1. Мәжілісте заң жобасын қарайды, содан кейін оны Сенат заң ретінде
қабылдайды.
2. Парламент республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы
есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды
талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды
алып тастайды. Аталған мәселелерді талқылау Сенат пен Мәжілістің
Регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Олады талқылау тәртібі, заң
жобаларының Мәжіліс пен Сенаттан өту тәртібіне ұқсайды.
3. ҚР-сының әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты мәселелер заңға
сәйкес қаралады.
4. Парламент Мәжіліс белгілеген мерзімде мемлекеттік награда тағайындау,
құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін,
дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік
нышандарын анықтайды.
5. Мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек
көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
6. Азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz