Нарық тепе-теңдiгi және оған қолжеткiзу механизмдерi


АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТI
Семестрлiк жұмыс № 1
Тақырыбы: “Нарық тепе-теңдiгi және оған қолжеткiзу механизмдерi”
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 200 ж.
ЖОСПАР:
- Кіріспе . . . 2
- Негізгі бөлім
1. Сұраныс пен ұсынысқа жалпы сипаттама . . . 3-4
2. Нарықтағы тепе-теңдік . . . …. . 5-12
2. 1 Нарықтағы тепе-теңдік ұғымы . . . 5-7
2. 2 Тепе-теңдік түрлері . . . 8
2. 3 Тепе-теңдік бағалары . . . 9-12
3. Нарықтағы тепе-теңдікке жету жолдары . . . 13-16
- Бағалық тепе-теңдікке жетудегі мемлекеттің ролі . . . 14-16
III. Қорытынды . . . 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 18
КІРІСПЕ
Сұраныс пен ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді.
Үстірт алғанда бұл тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестілік түрінде көрінеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынасты көрсететін ерекше нарықтық нысан.
Бүгінігі Қазақстандағы экономикалық жағдайы үшін де бұл үлкен мәселе. Себебі біз нарықтық экономикаға көшкеннен кейін көбінесе тауар-ақша қатынастары арқылы экономикалық операцияларды жүргіземіз. Яғни біз нарықтағы бағаларға тәуелдіміз. Біз бұл бағалардың тиімді деңгейде болғанын қалаймыз. Ал оған жету жолы - мемлекет тарапынан баға реттеу саясаты.
1. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСҚА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Сұраныс - бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну формасы. Басқаша айтқанда сұраныс - төлем қабілеті бар қажеттілік. Құн тұрғысында, сұраныс қажетті тауардардың бағасының сомасы. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс мөлшерінің арасында барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны графиктік түрде - сұраныс қисығының сызығы деп атайды.
Сұраныс заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Егерде тауарларға баға өссе, онда оларға деген сұраныс азаяды. Сұраныс қисығының сызығы бір қалыпта тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл жылжып отырады.
Енді ұсынысқа тоқталайық.
Ұсыныс деп - тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.
Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Нарықтық баға мен өндірушілердің ұсынғысы келетін тауарлар санының арасында ұсыныс қисығының сызығы деп аталатын белгілі бір арақатынас болады.
2. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
2. 1 Нарықтағы тепе-теңдік ұғымы
Жалпы сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара бацланыста және қайшылықта болады. Қандай нарықты экономикада болмасын, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін орнықтыру және ұстан тұру жеңіл міндет емес. Нарықтың тепе-теңдігін, сұраныс пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның белгілі бір деңгейі деп түсіну керек.
Егер біз сұраныс пен ұсыныс қисықтарын бір графикке салатын болсақ, онда төменде көрсетілгендей болып шығады.
Көріп отырғандай, тепе-теңдік нүктесі (E) сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысқан жерінде тұр.
Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарықтық баға - тепе-теңдік баға деп аталады. Бәсекелі нарықта баға тепе-теңдігі Е нүктесінде болады. Бұл жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады, яғни
Енді баға тепе-теңдігінің өзгеруін сұраныс пен ұсыныстың тапшылығы мен артықшылығы жағдайында көрсетейік.
Егер нарықтық бағаны
құрайды деп қараймыз. Бұл жағдайда жиынтық ұсыныс (
) жиынтық сұраныстан (
) кем болады. Онда -
тапшылық
пайда болады. Тұтынушылар қанағаттандырылмаған сұранысты толтыру үшін, сатып алуды ең жоғары баға арқылы жүргізуге тырысып, нарықтық баға көтеріледі.
Егер нарықтық баға
жетсе, онда ұсыныс (
) сұраныстан (
) асып кетеді. Онда өндірушілер тауарды ең төменгі бағамен сата бастап, рыноктық баға төменденеді. Бұл -
артықшылық
.
Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне қарай тепе-теңдік нүктесі мен тепе-теңдік бағасы да өзгереді. Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада сәйкессіздіктін тууына, қоғамдық қажеттіліктер мен өндірістің қозғалысында теңсіздіктің пайда болуына, ақыр нәтижесінде, әртүрлі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеліп соқтырады. Кейбір өзгеру варианттарына тоқталайық:
- Нарықтағы тепе-теңдікЕнүктесінде болған.
Сұраныс көбейгеннен кейін (
) тепе-теңдік
нүктесіне дейін жылжиды. Ал сұраныс азаюы (
) тепе-теңдік нүктесін
-ге дейін өзгертті.
Нарықтағы алғашқы тепе-теңдік
Е
нүктесінде орналасқан. Ұсыныс жоғарлауына (
) байланысты нарықтағы теңдестік
нүктесіне жылжиды.
2) Ұсыныс азайған уақытта (
) нарықтағы тепе-теңдік
нүктесінде болады.
3) Егер сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өзгеретін болса (мысалы, сұраныс көбейіп, ал ұсыныс азайса), онда нарықтағы тепе-теңдік
нүктесінен
нүктесіне ауысады.
Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қатынастарына байланысты теңдестік нүктесі де әр түрлі болады: нарықтық баға жоғарылайды, ал сату көлемі көбейеді немесе азаяды, тіпті өзгермеуі де мүмкін.
- Тепе-теңдік түрлері
Нарқытағы тепе-теңдік мәселесін мәселесін зерттеп, үлкен үлес қосқан А. Маршалл. Ол нарықтағы тепе-теңдіктің 3 түрін белгіледі. Олар: шұғыл, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді.
- Шұғыл тепе-теңдіккезінде тауар ұсынысы өзгермейді. Бірақ сұраныс көлемі ұлғайған сайын тауардың бағасы өзгереді. Бұның мысалы ретінде тез бұзылатын тауарларды келтіруге болады: балық, жеміс-жидектер т. б. Себебі бұл тауарларды қысқа уақыт мерзімінде өткізу керек.
- Қысқа мерзіміді тепе-теңдікұзақ уақыт аралығында тұрақтанады, яғни тауарларды өндіруші кәсіпорынның саны өзгермеген жағдайда ұсыныстың ұлғаюы. Берілген тауарға сұраныс көлемінің ұлғайғанына көзі жеткен дәл сол мөлшердегі кәсіпорындар осы тауарды интенсивті түрде өндіре бастайды. Осы тепе-теңдік жағдайдағы баға әрине шұғыл тепе-теңдік жағдайынан төмен болады.
- Кәсіпорынның саны мен өндірілетін тауарға жұмсалатын ресурстардың көлемі өзгерген жағдайдаұзақ мерзімдінемесеқалыпты тепе-теңдікқалыптасады. Шығындардың ауысуына байланысты тауар ұсынысы айтарлықтай артады, ал бұл өз кезегінде тепе-теңдік бағаның төмендеуіне алып келеді. Осылайша, ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалыпты деп есептеледі. Себебі ол кәсіпорындар арасындағы пайда болатын бәсекелестікті көрсетеді. Нәтижесінде нарықта сұраныс пен ұсыныс арасында ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалыптасады. Тепе-теңдік бағалары
Экономикалық теорияда мойындалған нәрсенің бірі - тепе-теңдіктің нарықтық бағасы мәселесін тереңірек түрде
- Ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-2924)
- Австриялық Ейген Бам-Баверк (1851-1914)
- Карл Маркс (1818-1883)
- Швейцарлық Леон Вальрас (1834-1910) еңбектерінде қарастырылған.
Тепе-теңдікті қалыптастырудың басты реттеуші механизмі Л. Вальрастың айтуынша, тепе-теңдік бағаны қалыптастыру болып табылады. Экономикалық ойдың әр түрлі мектептерінің өкілдері теориялық зерттеулерінде тепе-теңдік баға қалыптасуының көптеген варианттарын қарастырады: сатып алушы мен сатушының субъективті бағалауының негізінде, сұраныс пен ұсыныс көлемі және бағалардың өзара әсері негізінде, капитал мен ресурстардың пайдасыз саладан өндірістің пайдалырақ саласына ауысуы негізінде жүргізіліп отырады.
Рыноктық механизм баға тепе-теңдігін қалай байқап отырады? Бұны тьүсіну үшін австрия экономисі Ейген Бам-Баверктің 1886 жылы шыққан “Шаруашылық игілігін бағалаудың негізгі теориялары” кітабындағы жылқы нарығынан келтірілген мысалға тоқталсақ.
Қамбат емес
(долл. )
Арзан емес
(долл. )
Жылқы рыногындағы сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетін талдау. Егер жылқы рыногында тек қана сатып алушы А1 мен сатушы Б1 болса, онда жылқының бағасы 300 доллардан аспайды және 100 доллардан кем болмайды. Егер баға 115 доллар деңгейінде болса, онда бұл кезде 10 сатып алушылар жылқыны алуға ниет білдірген болар еді. Алайда, бұл бағамен жылқыны сатуға 2-ақ сатушы келісер еді. Бәсекелестіктің тууы мен өсуі сатып алушылар арасында бағаны өзгертуге итермелеп, 255 долларға көтереді. Осы бағамен жылқыны сатуға 7-ті сатушы дайын, сол бағамен сатып алуға 3 адам ғана дайын. Сатып алушы мен сатушының субъективті бағасы алма кезек теңестірілуі баға белгіленгенше жүре береді. Ондай белгіленген баға 5 сатушы мен 5 сатып алушыны қанағаттандыруы керек және ол 215 доллар деңгейнде болғаны дұрыс.
Енді Альфред маршалдың объектіивті факторлар негізінде қалыптастырған баға тепе-теңдігін қарастырамыз. Ол факторға сұраныс пен ұсыныс көлеміне баға өзгеруінің әсерін жатқызамыз және сұраныс пен ұсыныс қисығы көрсетілген графикті қолданамыз.
Сұраныс пен ұсыныс көлемінің бағаның өзгеруінің әсері
Осы мысалда тепе-теңдік баға заттың бірлігінде 5 доллар болғанда жүзеге асып, сұраныс пен ұсыныстың 35 мың зат деңгейінде іске асады
Баға әсерінің өзгеруінен сұраныс пен ұсыныстың өзгеруі
Ендігі мысалды көп салалы шаруашылық деңгейінің тепе-теңдік бағаны К. Маркстың ішкі салалық және сала аралық бәсекелестіктің әсерінен қалыптасуын қарастырамыз. Сала аралық бәсекесестік тауар өндірушілерді өз капиталын пайда нормасы ең жоғары салаға жұмсауға итермелейді. Өндірістің пайдалы саласына капиталдың құйыла түсуі өндірістің ұлғаюына, тауар ұсынысының көбеюіне қамқорлық жасайды. Нәтижесінде баға түсе бастайды және пайда нормасы төмендейді. Бұл жағдайда капитал қайтадан өндіріс саласының пайдасыздауынан пайдалысына ұмтылыс жасайды. Капиталдың бір саладан екінші салаға құйылу тоқтаусыз жүре береді. Тек барлық кәсіпкерлер тең (жұмсаған) капиталға тең пайда тапқанша (алғанша) және салдары ретінде тепе-теңдік бағасы белгіленіп, баға тепе-теңдігі үстемдік құрады.
3. НАРЫҚТАҒЫ БАҒАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІККЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Бәсеке негізіндегі нарықтық бағаны реттеуді қамтамасыз ету мүмкіндігі жақын уақытта өте шектеулі болып отыр. Бізде қазірде бір тектес немесе ұсақ тауарлар және қызметтермен нарыққа шығатын бәсекелестер жоқтың қасы деуге болады. Тіпті меншіктің жаға формаларын заңды түрде қабылдау - шын мәніндегі бәсекенің негізі болып табылатын жан-жақты дамыған кәсіпкерлікті автоматты түрде енгізе алмайды. Мемлекеттік монополистің “еркін монополист” болуынан бәсекеге қажетті жағдай тумайды, ал тауар тапшылығын оның молшылығын жасау арқылы емес, тае қана “естен тандыру терапиясының” жәрдемімен ғана жою мүмкін болады. Сондықтан да нарыққа өтудің алғашқы кезеңінде бәсекеге сүйену негізгі бағыт бола алмайды. Оны нарықтық қатынастардың даму процесігнің тереңдеуі және нарық инфрақұрылымын жасау барысында, яғни нарықтық экономиканың дамуының келесі кезеңдерінде ұстану қажет.
Баға белгілеудің жалпы бағытын таңдауды, өнім өткізу, тауар айналым көлемін ұлғайту үшін жаңа және шығарылып жатқан бұйымдар мен қызметтерге бағаны анықтауда маркетингтің алатын орны зор. Кәсіпорын басшылығының алдында маркетпнгтің жәрдемімен жаңа өнімдерге қойылатын баға түрін және соған сәйкес қандай баға белгілеу әдісін таңдап алу міндетті тұрады. Таңдай көптеген факторлардан тәуелді болады, солардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады: өткізу нарығының сол кәсіпорынның бақылауындағы үлесі, жаңа бұйымды нарыққа өндіру жылдамдығы, күрделі қаржының өтелу мерзімі, нарықтағы бәсеке күресінің қаттылығы және тағы басқалар.
Сонымен бағаның өзін-өзі реттеу жүйесі болатынын, онда өнімге негізсіз бағаны мейлінше өсірудің тиімсіздігін өнім өндірушілердің нарықтағы орнын нық түрде тұрақты сақтау үшін бағаның мөлшерін оңтайландыруға (оптимизациялауға) мүдделілігін көріп отырмыз.
- Бағалық тепе-теңдікке жетудегі мемлекеттің ролі
Дегенмен нарықты экономиканың қалыпты жұмыс жасауы үшін көптеген дамыған елдердің мемлекеттері экономиканың осы маңызды саласын реттеп отыруда бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz