Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-Рашиди” атты еңбегі


Мұхаммед Хайдар Дулати
“Тарихи-Рашиди”атты еңбегі
Мазмұны
1 Кіріспе
2 М. Х. Дулати өмірі және негізгі; Тарихи Рашиди-кітабының тарихи маңызы және ғылыми құндылығы
3 Қорытынды
4 Қолданылған әдебиет
Кіріспе
Орталық Азия мен оған жапсарлас елдердің XVI ғасырдағы тарихын зерттеушілердің барлығы ұдайы Мұхаммед Хайдар Дулати жазған “Тарих-и Рашиди” шығарасына жүгінуі оның тарих ғылымы үшін маңызы өте зор екенінің куәсі. Мәселен, Шығыс тарихының әйгілі зерттеушісі В. В. Бартольд “Тарих-и Рашиди” XVI ғасырдағы мұсылмандар тарихи әдебиетінің ең қызығарлық ескерткіші және Шығыс Түркістан тарихының ең манызды түпнұсқаларының бірі деп атаған. Орталық Азия тарихын зерттеүші П. П. Иванов “Тарих-и Рашиди” - біздің XV-XV-XVI ғасырлардығы Монғолстан өмірі туралы мәліметтерімізге негіз болған жалғыз дерек көзі деп жазған. Орыс шығыстанушысы В. В. Вельмиянов-Зернов бұл шығарма туралы мынадай пікір айтқан:“ Тарих-и Рашиди”, әсіресе оның екінші бөлімі, өте манызды еңбек. Ол- былайша айтқанда, шағатайлықтардың кейінгі кездердегі тарихы бойынша жалғыз дерек көзі. Оның баяндағандарының барлығы шыншыл және айқын. “Тарих-и Рашиди”авторынан дәл осыны күтүіміз де керек еді. Оның қоғамдағы жағдайы болған оқиғалардың барлығы білүге және оларды дәл солай баяндауға мүмкіндік берген.
М. Х. Дулати өмірі, және негізгі еңбегі “Тарихи Рашиди”
кітабының тарихи маңызы және ғылыми құндылығы
Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкентте дүниеге келіп, 1551 жылы Кашмир өлкесінің билеушісі болып тұрғанда оқыс оқиғадан түскен жарақаттан мезгілсіз қайтыс болған. Аз ғұмырын-да ересен іс атқарып, шексіз құрметке ие болды, мемлекет билеген хандардың орда биі, мемлекеттік кеңесшісі және әскербасы қызметін атқарды. Мемлекет билеушілері оған шексіз билік беріп, оны «ұлы сұлтандар ұрпағы», «төре» деген лауазымдармен атаған. Ол Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің барлығында дерлік болып, олар туралы айрықша құнды мәліметтер жазып қалдырған.
Отбасында төрт қыздан кейін әкесі Мұхаммед Хұсайын мен шешесі Хұб Нигәр ханым Аллаға жалбарынып жүріп көрген ұлы аурушаң болады. Ол үш жасқа келмей жатып шешесі Хұб Нигер ханым Ташкентте қайтыс болды. Осыдан кейін ол ұдайы әкесінің қасында болып, әкесіне бауыр басып өседі.
Тоғыз жасқа толар-толмаста, 1508 жылы әкесінен де айырылып, панасыз жетім қалғанда басына өлім қаупі төніп, өмірдің бұралаң соқпақтарымен өкшелеп қуған жауларынан қашып құтылады. Бұхарадан жанашыр адамдарының көмегімен қашып шығып, 1509 жылы маусым айында Бадахшандағы Мырза ханға, ал одан кейін қараша айында Қабулдағы Бабыр падишахқа өзінің туған бөлесіне келіп, оның қамқорлығында болады. Бабыр падишах оның зеректігін байқап, білім мен өнерге баули бастайды, орда қызметіне де араластырады, әскери жорықтарға да қатыстырады. Осылайша 1512 жылға дейін Бабырдың қамқорлығы мен қарамағында болады. Құндызға, Хисарға және Самарқанға жасалған әскери жорықтарға қатысып, алғашқы ерліктерімен көзге түседі. Самарқан жорығынан
кейін оны Андижанға келген Моғолстан билеушісі нағашы ағасы әрі туған жездесі Саид хан арнайы адамдар жіберіп Бабыр падишахтан өзіне жіберуін өтінеді.
Мырза Хайдардың үлкен әпкесі Хабиба Сұлтан Ханіш Убайдалла ханға тұрмысқа шыққан болатын. Бірақ Убайдалла хан соғыс жорықтары кезінде Бұхарадан Түркістанға кеткенде оның үйі Бабыр падишах басып алған Бұхарада қалады. 1511 жылдың қысында мемлекеттік істермен Андижаннан Самарқанға келген Хайдардың көкесі Саид Мұхаммед мырза Хабиба Сұлтан Ханішті үлкен әпкесін өзімен бірге алып кетіп, оны Андижанда Саид ханға әйелдікке береді. Сонымен, Саид ханның сұрауымен Хайдар 1512 жылы қыркүйек айында Андижанға келеді. осы уақыттан бастап 1533 жылдың маусым айына дейін, яғни Саид ханның өмірінің соңына дейін, ханның ажырамас серігіне айналады. Хан оны 15 жаснда өзінің қарындасына үйлендіріп, күйеу баласы етеді.
Мұхаммед Хайдардың 24 жасқа дейінгі өмірі оқу, білім үйренуге кетеді. Таланты мен дарыны ерекше жаралған ол өнердің, білім мен мемлекет ісінің барлық қыр сырын толық меңгеріп, 25 жасқа қараған шағында мемлекеттік маңызы бар тапсырмаларды жеке орындау құрметі мен сеніміне ие болады. 30-ға толғанда мемлекеттің әскерін басқарып, жауапты жорықтарды сәтті атқарып шығады. Осы кезден бастап хан кеңесінде сөз сөйлеп, ойын айтып, оның ұсыныстарын хан да, кеңес те қабылдайтын болады. Ханның кеңесшісі болып, оның оң қолына айналады.
Осыдан кеиін хан Хайдар Дулатиға әскер мен мемлекеттің барлық ісін сеніп тапсырып, қолына шесіз билік береді. Мемлекетте ханнан кейінгі екінші адам санатына көтеріледі, шебер дипломат ретінде танылады.
Саид хан дінсіздерді исламға кіргізіп, Алланың сауабын алу үшін Тибетке 1528 жылдан әскери жорықтарын бастайды. Бұл жорықтарды бастау құрметін де хан Мырза Хайдарға тапсырады. 1532 жылы тамызда Тибетке ғазауат соғысына Саид ханның өзі бас болып аттанады. Бірақ бұл соғысты аяқтап шығуға ханның денсаулығы көтермей, жорықты жалғастыруды Мұхаммед Хайдарға міндеттейді. Дулати бұл жорықта тек әскербасы, дінге шын берілген исламды таратушы ғана емес, талантты жаратылыстанушы ғалым ретінде де танылады. Ол тибет тауларының солтүстік шетіндегі Қашғар мен Памирден бастап, оңтүстігі үнділік Бенгалия мен шығысы Қытайға дейінгі аймақтарды аралап шығып, жаһантану тұрғысынан сипаттап, көптеген табиғи құбылыстарды ашып, ғылыми тұрғыдан суреттеп жазып қалдырады.
Саид хан қайтыс болып, мемлекет басқару ісін мұралаған Рашид сұлтан азғындардың сөзіне еріп, Мырза Хайдар мен оның жақындарына жаппай қиянат жасап, қуғынға ұшыратады. Осы себепті Мырза Хайдар 1533 жылы қыста Бадахшанға асып, одан ары Үндіге-Бабыр падишахтың екінші ұлы Қамран мырзаның Лахордағы ордасына келеді. Қарман мырза оны жақсы қабылдап, орда биі және мемлекет кеңесшісі етеді. Өзі біржылдан аса соғыс жорығымен Қандаған мен Иракқа кеткенде мемлекет басқаруды толығымен Мырза Хайдарға қалдырып кетеді. Бабыр падишахтың мұрагері, оның үлкен ұлы Хұмайын падишахта Мырза Хайдарды өзінің қасынан шығармай әскербасы және мемлекеттік кеңесшісі етеді. Хұмайын падишахтың қолдауымен ол 1540 жылы қарашада Кашмирді алып, 1541 жылдан өмірінің соңына-1551 жылға дейін осы өлкенің толық және тәуелсіз билеушісі болады.
Мұхаммед Хайдар Дулати қазіргі Қырғызстан мен Өзбекстанды толығымен дерлік аралап өткен, Ыстықкөл мен Шудың атырабындағы мекендерде болып, Қазақстанның оңтүстігіне де келген. Алмалық, Мұнар, Баласағұн, Қаралақ қалаларытуралы мәліметтерді тарихи деректермен қатар өзі көрген деректермен дәлелдейді. Тараз қаласы турал айта келіп, осы: «Янги деп аталған жерде бірнеше қаланың орны сақталған, бірақ ескі қалалардың қайсысының Янги деп және басқаларының қалай аталған белгісіз» деген көне Тараз қаласы туралы да құнды мәліметтер жазып қалдырған. Ғұламаның бұл дастаны да әлемді шарлап кеткен, оның бір ңұсқасы біздің бақытымызға қарай Берлинде сақталыпты.
«Тарих-и Рашиди» - Орталық Азияның XVI ғасырдағы ересен тарихи есткерткіші ретінде жарық көрген кезден бері ғалымдардың назарына ілігіп, қауымда ерекше орын алған шығарма. Жан-жақты деректерге бай, шын менінде энцклопедиялық шығарманы Өзбекстан Республикасы ғалымдар көп еңбектеніп, 1996 жылы Ташкентте толығымен орыс тіліне аударып, кітап етіп шығарады. Бұл кітаптың жалпы көлемі 728 бет, ол екі кітаптан құралған. Бірінші дәптер-70 тараудан, ал екіншісі 177 тараудан тұрады. Кітапқа қосымша кіріспе, түсініктеме, сөздік, әр түрлі көрсеткіштер және пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Осы кітапты шығарған ғалымдар әр жылдары, әр жерде, әр тілдерде жарық көрген «Тарихи Рашиди» шығармасының бес нұсқасын пайдаланған. Негіз етіп Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының шығыстану институтында сақталған 321 парақтан тұратын ңұсқасын алып, оған басқа нұсқаулармен салыстырғанда кездескен толықтырулар енгізілген.
«Тарих-и Рашиди» шығармасында оның авторы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің басынан өткізген, тікелей өзі араласқан, көзімен көрген және сенімге ие болған беделді тарихи кітаптарда баяндалған оқиғаларды жазған. Шығарма Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Иран, Үнді және Тибет аймақтарында XIV-XVI ғасырларда болған тарихи оқиғаларды, осы аймақтардағы мемлекеттердің саяси және географиялық жағдайларын, билеушілері мен халқын толық сипаттайтын бірден-бір түпнұсқа саналатындығымен аса құнды. Осы түпнұсқа дерек көзінен қазіргі Қазақстан, Қырғызтан, Өзбекстан және басқа көрші мемлекет халықтарының өткенінен мағлұмат аламыз.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасы Шығыс пен Батыс Еуропа елдеріне кеңінен таралып кеткен. Оның қолжазба көшірмесі, ал XIX ғасырдан бастап кітап етіп басып шығарған нұсқалар әлемнің көптеген елдердіңде сақталған. Кейінгі шығыс зерттеуші ғалымдардың барлығы Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Үнді, Тибет пен оларға іргелес елдерге қатысты тарихи және географиялық мәліметтерді осы шығармадан алғанын айту керек.
Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» шығармасын бірнеше жыл бойы Кашмирде жазған. Шығарма екі бөліктен - «дәптерден» тұрады. Біріншісі, мұнда жүйелі түрде Моғолстан мен Қашғарияны билеген хандар - Шағатай ұрпақтарының тұғлық Темір заманынан бастап ол таққа 748/1347-1348 жылы отырған Әбдірашид ханға дейінгі тарихы баяндалған. «Тарих-и Рашиди» де - авторлардың өздері қатысқан оқиғалар негізінде жазылған, бір тарихи кезеңді қамтиды және бір оқиғалар мен тарихи тұлғаларды баяндайды, сонымен қатар бірін-бірі толықтыра түседі. Орталық азия тарихының аса көрнекті зерттеушісі В. В. Бартольд бұл жөнінде жазғанда Мұхаммад Хайдар Дулатидің еңбегі көбінесе өзінің бөлесі Бабырдың жазғандарын еске түсіреді, дәл сондай Мұхаммед Хайдар Дулати жазған тарихи деректер де шыншылдығымен және бүкпесіздігімен ерекшеленеді, ал географиялық мағынасы бар бөліктері - дәл сол сияқты айқын және көрнекті деген. Мұхаммед Хайдар Дулати бірінші «дәптердің» кіріспесінде өзінің бұл шығармасына неге «Тарих-и Рашиди» деп ат бергенінің үш себебін келтіреді: біріншісі - Тұғлық темірге исламды қабылдатқан шейх Аршададдиннің құрметіне; екіншісі - Тұғлық Темірдің өзінің халқын ақ жолмен бастап жүруі құрметіне; үшіншісі - моғол ханы Әбдірашидке байланысты дейді.
Орталық Азия мен оған жапсарлас елдердің XVI ғасырдағы тарихын зерттеушілердің барлығы ұдайы Мұхаммед Хайдар Дулати жазған “Тарих-и Рашиди” шығарасына жүгінуі оның тарих ғылымы үшін маңызы өте зор екенінің куәсі. Мәселен, Шығыс тарихының әйгілі зерттеушісі В. В. Бартольд “Тарих-и Рашиди” XVI ғасырдағы мұсылмандар тарихи әдебиетінің ең қызығарлық ескерткіші және Шығыс Түркістан тарихының ең манызды түпнұсқаларының бірі деп атаған. Орталық Азия тарихын зерттеүші П. П. Иванов “Тарих-и Рашиди” - біздің XV-XV-XVI ғасырлардығы Монғолстан өмірі туралы мәліметтерімізге негіз болған жалғыз дерек көзі деп жазған. Орыс шығыстанушысы В. В. Вельмиянов-Зернов бұл шығарма туралы мынадай пікір айтқан:“ Тарих-и Рашиди”, әсіресе оның екінші бөлімі, өте манызды еңбек. Ол- былайша айтқанда, шағатайлықтардың кейінгі кездердегі тарихы бойынша жалғыз дерек көзі . . . Оның баяндағандарының барлығы шыншыл және айқын. “Тарих-и Рашиди”авторынан дәл осыны күтүіміз де керек еді. Оның қоғамдағы жағдайы болған оқиғалардың барлығы білүге және оларды дәл солай баяндауға мүмкіндік берген”. (Спб, 1863-1866) .
Сонымен, Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарих-и Рашиди” шығармасында негізінен XIV-XVI аралындағындағы Шағатай үлысының шығыс бөлігін немесе Моғолстанды, ол сол кезде Сырдария, Сарысу, Балқаш, Ертіс және орталық Тянь-Шань тауларының онтүстік беткейлері аралығындығы аумақты яғни қазіргі Кырғызстан мен оңтүстік - шығыс Қазақстан территорияларын қамтыған өлкені сипаттай келе оны мекендеген халықтардың саяси өмірі және шаруашылығы түралы өте мол мағлұматтар береді, осы аймақты мекендеген қазақтар, өзбектер, кырғыздар, қалмақтар(ойраттар) және басқалар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың тарихын баяндайды.
Тибет пен Үндіге әскери экспедициядарды басқарып барған Мұхаммед Хайдар Дулати бізге өте құнды тарихи, этнографиялық, географиялықжәне басқа мағлұматтар қалдырған. «Тарих-и Рашиди» осы айтылғандардан басқа сол кезең мәдениетінің тарихы бойынша да мол материалды қамтиді. Атап айтқанда Мұхаммед Хайдари Дулати өзінің шығармасында Әлішер Науаи заманындағы гераттық мәдени шеңберге кіретін адамдарға көп орын бөлген. Тарихшылардың «Тарих-и Рашиди» шығармасына бірнеше дүркін көңіл бөлгендеріне қарамай, ондағы деректі мәліметтер, зерттеушілердің бірауыздан айтқан пікірі бойынша, әлі толығымен мәңгерілген жоқ деп дұрыс бағаланған. Енді осы «Тарих-и Рашиди» шығармасында жазылған және ұлы ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулатидің жеке басына қатысты кейбір деректерге қысқаша тоқталайық. Жазушылық өнердің төркінінде де өмір құбылыстарын, әсіресе, тарихи ірі тұлғалардың басынан өткен істерді білуге, тануға деген құштарлық жатады. Өмірді, өткен тарихты білу - білім анасы. Сондықтан жазушылық дарыны бар адам өмірді, өмір шындықтарын білуге құлшынып, тануға талпынып жүріп, телегей-теңіз білім табады. Екіншіден, әдеби шығарманың көркемдік және танымдық тереңдігі үшін автордың өз өмірбаянының байлығы, оның өз басынан өткен оқиғалардың маңызы мен мәні аса зор қызмет атқарады. М. Х. Дулати жазу өнеріне келер алдында осындай телегей-теніз білім, өмірлік мол тәжірибе жинақтады. Терең де тиянақты білім, білуге, тануға деген саналы құштарлық, өмірлік бай тәжірибе, жазушылық дарын - осы төрт таған қасиеттің бір жерден, бір кісінің бойынан табылуы тағдырдың үлкен сыйы қатарына жатады. М. Х. Дулати «Тарихи Рашиди» шығармасына арқау болған өмір құбылыстарының тобын үшке бөліп жүйелейді: а) автордың ел аузынан естіген әңгімелер; ә) автордың өз көзімен көрген оқиғалар тобы; б) автордың өз көзімен көрген оқиғалар, ел аузынан естіген, бірақ ақылға сыймайтын, жазуға қол бармайтын оқиғалар тобы. Автор бірінші топтағы оқиғаларды қысқаша баяндайды, екінші топтағы оқиғалар жүйесін кеңінен таратып жүйесін кеңінен таратып жүйелейді, ал үшінші топтағы оқиғалар тобын мүлде пайдаланбай назардан тыс қалдырады. Көрсетілген жайдан автордың өзі жинаған материалдарды, өмір құбылыстарының тобын, деректер мен мәліметтерді танып таразылаудағы, сондай-ақ көркем жинақтаудағы биік эстетикалық нысанасы, шығармашылық тұрғысы анық байқалады. Ел аузынан естіген әңгімелерді екшеп, оларға көп сүйенбей, негізінен, өзі көрген, өзі білген, ақиқатына өзі көз жеткізген оқиғалар тобын таңдап-талғап алу, тіпті оның
өзін де белгілі көркемдік-эстетикалық тұрғы талаптарына сай сұрыптап, шығарма желісін тек мәдени-әлеуметтік маңызы жоғары, танымдық мәні бай шындық құбылыстар негізінде тарту көркемдік-эстетикалық ойлаудың тереңдігінен, өмір құбылыстарын тану мен бағалаудағы тарихи танымның байлығы мен баяндылығынан туатын шығармашылық қасиет.
«Тарихи Рашиди» дилогиясында суреттелініп отырған өмір құбылыстарының куәгері, тарихи оқиғаларға қатысушы әрі оларды өз атынан, өзінің қоғамдық-азаматтық жазушылық тұрғысынан баяндауышы автордың сөзі. Ол өзі көзімен көрген, ортасында болған немесе басқа бір дерек көзінен алған, көзкөргендерін? айтуынан естіген өмір құбылыстарының тобын, әсіресе, тарихи тұлғалардың басынан өткен оқиғалардыөзгертпей, бұрмаламай, қоспасыз суреттеумен бірге, өзінің көзқарасын тиісті құбылыстарға қатынасын, олар туралы пікір мен бағасын да тікелей немесе жанама түрде, кейде нәзік ишарамен білдіріп отырады. «Тарихи Рашидиде» автодың дүниетанымы, көзқарасы адамгершілік-азаматтық тұрғысы мен рухани әлемі, ойлауы мен сезіну сипаттары осы характер арқылы танылады. Ф. М. Достоевский шын суреткер болмысы, оның шығармасы туралы былай деп жазған: «Суретте ме, әңгімеде ме, музыкалық шығармада бола ма-бәрінде де оның өзі көріп тұрады:ол өзінің көзқарастарымен, мінез-құлқымен, даму деңгейімен, мұны қаламаса да, еркінен тыс, бейнеленеді». Бұл жерде барша суреткерге ортақ шындықпен Ф. М. Достоевскийдің өз басындағы ақиқат болмыс қатар көрініс тапқаны сөзсіз. «Тарихи Рашиди» мен оның авторы туралы да осыны айту дұрыс.
«Тарихи Рашиди» авторының шығармашылық жетістіктерінің бірі тарихи тұлғалардың бейнесін шынайы әрі көркем сомдап, олардың сыры мен сымбатын, мінезі мен мүсінін терең көркемдік таныммен суреттей білуінде. Тіпті, шағын эпизодтардың аясында да автор суреттелініп отырған құбылыстардың мәнін анық көрсетіп, кейіпкерінің белгілі жағдайлардағы психологиялық портретін шебер жасайды, эпикалық және лирикалық суреттеудің өз заманының көркемдік ойлауынан асып түсетін үздік үлгісін қалыптастырады. Моғолстан ханы Сұлтан Саид хан мен қазақ ханы Қасым ханның арасындағы қатынас жайын суреттегенде, автор осындай терең қөркемдік танымымен дараланады. Екі ханның рухани әлемін, дүниетанымының басты сипаттары мен психологиялық келбетін бейнелеудегі шығармашылық мәнер мен машықтан осындай суреткерлік биік нысана көзге түседі. Әсіресе, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті өлшемдері мен үлгілерін адами жан шындығын, сезім сырларын, дүниетанымын ашудың басты желісі ретінде пайдаланудағы көркемдік келісімнің қызметі айрықша маңызды.
Түғлық Темір ханның мұсылман дінін қабылдауы туралы әңгімесінде де автор белгілі өмір құбылысын осы мәнерде, жанды суретке айналдырып бейнелейді. Ханға діңбасы Шейх Жамалладинді алып келгенде, хан иттеріне доңыздың етін жегізіп тұрғаның көрсете келіп, М. Х. Дулати бұл екі адамнің арасындағы әңгімені диалог түрінде өрбітеді: . ”Хан:
- Сен жақсысың ба, әлде мына ит жақсы ма ?- деп сұрайды дінбасыдан. Сонда Шейх былай деп жауап береді:
- Егер дінді болсам, мен жақсымын, ал дінсіз болсам, онда ит жақсы”.
Автордың екі кейіпкерінің сөзінде де үлкен мән жатыр. Екі адам бірін бірі сөзбен сынап тұр. Хан сұрағының салмағы ауыр. Оған жалаң, мәнсіз жауап қайтару- өрескел мін. Жауап қайтармау да абырой әпермейді. Ал, оған лайықты жауап беру ойдың ұтқырлығын, ойлаудың ұшқырлығын, парасат байлығын, сөзге шебер шешендікті талап етеді. Шейх, М. Х. Дулатидың суреттеуі бойынша, осы талаптар сынынан мүдірмей өтеді әрі ханды сөзге тоқтатады. Бұлайша сөйлеу, сөзге бұлайша тоқтау- дала мәдениетінің басты шарты. Хандар дәуіріндегі билер әдебиетінде бұл шарт кең көрініс тапқан. Осы тұрғыдан келгенде де, М. Х. Дулатидың шығармашылық машығы мен қазақ шешендік
өнерінің табиғаты арасында тектес поэтикалық еркшеліктер жатқаны белгілі болады.
Автор мұнымен тоқтап қалмай, оқиғаны өз сипаттауымен дамыта отырып, диалогты одан әрі жалғастырады:
- Адамды иттен артық ететін, ол не деген зат еді?- деп сұрады хан. Шейх оған былай деп жауап береді:
- Ол - дін (сенім) .
Шейх мұсылман діні мен мұсылмандықты түсінікті сипаттап береді. Хан жылап жіберіп:
- Егер мен хан болсам және тәуелсіздік алсам, сіз маған міндетті түрде келіп жолығыңыз, мен сөзсіз мұсылман боламын.
Берілген үзінді М. Х. Дулатидың шығармасының көркемдік кестесін көзге анық көрсетті. Бүл жерде сүреттеу де, бейнелеу де, ой түю мен образ жасау да - бәрі бар. Сонымен қатар мінездің баюы, жан шындығының ағыны, басқаша айтқанда, “жан диалектикасы” да айқын бедерленген. Оқиғаның өрбуі, мінездің дамуы, осылайша, “жан диалектикасы”арқылы көрініс тапқан.
Автор кейіпкерінің “жан диалектикасы” арқылы оның мінезін ашып, характерін даралайды. Моғолстан тағына Тұглық Темірден
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz