Төлем балансы жайлы


Жоспар
1. Төлем балансы
2. Төлем балансының баптарының сипаттамалары
3. Төлем баланстарының түрлері
Халықаралық есеп айырысу баланстары
Тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұлттық шекарадан тысқары қозғалысына қарама-қарсы, төлем ақы ретінде қаржы-ақша қозғалысы пайда болады.
Төлем балансы- жекелеген ел мен басқа бір елдер резиденттерінің арасында белгілі мерзім ішінде орын алатын барлық экономикалық келісімдер мен міндеттемелердің статистикалық жазбалары.
Резидент түсінігіне тоқталайық. Дипломаттар, әскерилер, туристер туған елдерінен тысқары жерде жүрсе де, өздері азаматы болып есептелетін елдің резиденттері болады. Бұл түсінік фирмаларға да қатысты. Олар өздері қызмет етіп жүрген елдің емес, азаматы есебінде тіркелген елдің резиденті болып саналады.
Төлем балансы елдің төлемдері мен кірістерінің жағдайын анықтайды. Халықаралық валюта қоры есептеуші елдердің барлық келісімдерін мерзіміне қарай төлем балансы ретінде сипаттайды. Төлем балансы жеке-дара келісімдерді емес, мемлекетаралық жиынтық келісімдерді қорытындылап көрсетеді. Төлем балансы, әдетте бір календарлық жылды қамтиды.
Келісім- тауардың, экономикалық қызмет көрсетудің кез-келген айырбасын немесе активтерге меншік құқының бір елдің резидентінен басқа бір елдің резидентіне өтуі.
Қазіргі уақытта төлем балансы елдің халықаралық тауарлар, қызмет көрсетулер және капиталдар айырбасына қатысу ерекшеліктерін анықтайтын ақпараттың маңызды көзі ретінде халықаралық экономикалық қатынастар саласы мамандарының жан-жақты зерттейтін құжатына айналып отыр.
Қазақстанға шетел валютасын келтіруге ықпал ететін сыртқы сауда келісімдерінің түрлеріне мыналар жатады:
1. Тауар экспорты. Бұған Қазақстанның кедендік шекарасынан өтіп кететін тауарлардың барлығы жатады.
2. Қызмет көрсету экспорты. Бұған елімізге келген шетел туристеріне, дипломаттарына және бизнесмендеріне қызмет көрсетудің төлем ақылары кіреді.
3. Шетелдік акцияларды иемденуші қазақстандықтарға төлейтін проценттер мен дивиденттер.
4. Бір жақты ақша аударулар мен трансферттер.
Бұларға зейнетақыны аудару, шетелдік мемлекеттерге көмек, эмигранттардың өз туыстарына аударатын еңбекақылары және Қазақстанға келіп жатқан мемлекеттік немесе гуманитарлық көмектер жатады.
5. Шетелдік фирмалар ұйымдардың Қазақстанға беретін қысқа мерзімді инвестициялары мен займдары.
Аталған келісімдердің әрқайсысының қарама-қарсы нысандары бар. Оларға шетел тауарларының импорты, зейнетақы және басқа қаражаттарды аудару, шетелдік мемлекеттер мен жеке меншік фирмаларға несиелер есебінде шетел валюталарының Қазақстаннан кетуі жатады.
Қазақстанның ұлттық валютасы- теңгенің қорын кемітетіндерге тауарлар мен қызмет көрсету импортынан басқа туризмге шығындар, қазақстандық әскерлерді шетелде ұстап тұруға кететін шығындар жатады.
Тауарлар экспорты мен капиталдар экспортын келісімдердің біртекті түрлері деп қарастыруға болмайды.
Олар өздерінің мәні бойынша тіпті қарама-қарсы, тауарлар экспорты шетелге тауар жеткізуші мемлекетке шетелдік валютаны келтіреді, сөйтіп ол «+» белгісімен тіркеледі. Капиталдар экспорты, керісінше ақшалай қаражаттың кетуін көрсетеді, сондықтан олар «-» белгісімен жазылуы тиіс.
Қосарланған есеп принципі теңдікті немесе нольдік сальдоны ұйғарады. Мұның өзінде белгілі бір логика бар. Тауарлар немесе капиталдар қозғалысы келісімдерін түгел есептеудің түпкі нәтижесі нөлге тең болуы тиіс.
Капитал қожаларының өз қаражаттарын американдық құнды қағаздарды сатып алу үшін жұмсау қажеттігі бойынша шешімі дербес қабылданады. Сондықтан олар төлем балансының негізгі бабына жатады. Дегенмен, американ үкіметінің шешімі бойынша есеп ставкаларын жоғарылату нәтижесінде келген қысқа мерзімді капиталдар төлем баоансының дефицитін жоюға бағытталған шара болатын, сондықтан олар теңгермелі бапқа жатады. Сонымен практика жүзінде төлем балансының бір бабында негізгі де, теңгермелі де келісімдер көрсетілуі әбден мүмкін.
Төлем балансының түрлері
Халықаралық есептеулердегі елдің төлем жағдайын бағдарлау үшін ең алдымен экспорт пен импорттың ара қатысын анықтайды.
Шетелден сатып әкелінген және шетелге сатылған тауарлар көлемінің қорытынды көрсеткіші сауда балансы деп аталады. Кедендік мекемелердің сауда-саттық жөніндегі жинап өңдеген статистикалық материалдары негізінде тұрақты түрде сауда балансы есептеледі. Экспорт пен импорттың айырмасын көрсететін сауда балансы ақпараттың мол көзі бола алмайды. Дегенмен, ол халықаралық экономикалық қатынастар көлемінің 80 пайызын құрайтын сыртқы сауданың өте маңызды бастапқы көрсеткіші.
Төлем балансының тағы бір түрін ағымдағы операциялар балансы деп атайды. Ол елдің экономикалық жағдайы туралы едәуір мол ақпарат береді. Ағымдағы операциялардың оң сальдосы елдің шетелге шығаратын тауарлары мен қызмет көрсетулері көлемінің артық екендігін көрсетеді. Ал, теріс сальдо елдің басқа елдерге берешегінің ұлғайғанын көрсетеді.
Ағымдағы операцияларға ұзақ мерзімді аударулар мен төлемдерді қоссақ, онда базистік баланс шығады. Базистік баланс елдің ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерін: сыртқы және ішкі бағалардың ара қатысын, валюта курсын, табыс көлемін, өсу қарқынын қамтиды. Бұлар сирек өзгеретін тұрақты көрсеткіштер. Жалпы қағидаға сәйкес, базистік баланс болашақта 0-ге тең болуы тиіс, өзге жағдайларда елдің берешегі көбейіп кетеді. Базистік балансқа қысқа мерзімді борыш бабын қосу бірқатар мәселелер туындатады. Қысқа мерзімді борыш бабы елдің қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерінің бар немесе жоқ екендігін көрсетеді. Қысқа мерзімді міндеттемелердің көлемінің ұлғаюы елді қиын жағдайда қалдыруы мүмкін. Қысқа мерзімді қарызы қалыпты мөлшерден асып кеткен ел шетелден қысқа мерзімді несие алуға немесе тіпті өз валютасын уақытша құнсыздандыруға мәжбүр болады. Төлем балансы елдің төлемдері мен кірістерінің жағдайын анықтайды. Халықаралық валюта қоры есептеуші елдердің барлық келісімдерін мерзіміне қарай төлем балансы ретінде сипаттайды. Төлем балансы жеке-дара келісімдерді емес, мемлекетаралық жиынтық келісімдерді қорытындылап көрсетеді. Төлем балансы, әдетте бір календарлық жылды қамтиды.
Келісім- тауардың, экономикалық қызмет көрсетудің кез-келген айырбасын немесе активтерге меншік құқының бір елдің резидентінен басқа бір елдің резидентіне өтуі.
Қазіргі уақытта төлем балансы елдің халықаралық тауарлар, қызмет көрсетулер және капиталдар айырбасына қатысу ерекшеліктерін анықтайтын ақпараттың маңызды көзі ретінде халықаралық экономикалық қатынастар саласы мамандарының жан-жақты зерттейтін құжатына айналып отыр.
Қателіктер мен қалдырулар бабына ерекше тоқталу қажет. Бұл бап активтер мен пассивтер арасындағы айырманы 0-ге келтіру үшін қолданылады. Қателіктер мен қалдырулар бабы бойынша сомалардың көлемі статистикалық қызметтің сапасына, құжаттарды дайыдау дәрежесіне байланысты. Бұл сомалардың жедел артуы дағдарыс кезінде, елдің экономикалық жағдайының төмендуі тұсында анық көрінеді және олардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін.
Мемлекеттік резервтер бабын қарастырайық. Бұл баптың құрамына мемлдекеттің алтын қоры, шетелдік валюталар қоры, халықаралық валюта қорының резервтік квоталары мен аталған қордың билігіндегі қарыздардың арнаулы құқықтары кіреді. Алтын-валюта резервтерінің өсуі елдің халықаралық беделіне оң әсер тигізіп, бұл елдің экономикалық жағдайының тұрақты да, сенімді екендігіне күмән келтірмейді. Девальвацияға ұшырағыш шетелдік валютаны жинап, резервте ұстаудың ешқандай болашағы жоқ. Ол сұранысқа ие болмайтын өлі капитал деп аталады.
Қосарланған есеп принципі теңдікті немесе нольдік сальдоны ұйғарады. Мұның өзінде белгілі бір логика бар. Тауарлар немесе капиталдар қозғалысы келісімдерін түгел есептеудің түпкі нәтижесі нөлге тең болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz