Финляндия Республикасы


ЖОСПАРЫ:
1. Финляндия - жалпы сипаттама
2. Мемлекеттiк құрылысы
3. Табиғаты
4. Халқы
5. Тарихы
6. Экономикасы
7. өнеркәсiбi
8. Оқу-ағарту iсi
9. Транспорты
10. ғылым және қылыми мекемелерi
11. Баспасөз, радиохабар, телевизиясы
12. Әдебиетi
13. Музыкасы
14. Театры
ФИНЛЯНДИЯ
Финляндия (Suomi Finland), Финляндия республикасы - Солтүстiк Еуропадағы мемлекет. Батысында Швециямен, солтүстiгiнде Норвегиямен, шығысында Россиямен шектеседi. Оңт. -Батысын Балтық теңiзiнің Ботния, оңтүстiгiн Финин шығанақтары шаяды. Жерi 337 мың км 2 . Халқы 4, 7 млн. өкiмш. жағынан 12 губернияға (ляниге; бұлар кихлакунтаға және кунтаға ажырайды) бөлiнедi. Асанасы - Хельсинки.
Мемлекеттiк құрылысы. Финляндия - республика. Қазiргi конституциясы (мемлекеттiк басқару формасы туралы акт) 1919 жылы 17 июльде (өзгерiстер мен қосымшалар 1926, 1930, 1943, 1955 жылдары) қабылданған. Конституциялық актiлерге - Жоқ. сот туралы заң (1922), Сейм уставы (1928) жатады. Мемлекет басшысы президент, ол екi сатылы сайлау тғртiбiмен 6 жылға сайланады. Президент Мемл. совет (Үкімет) құрамын тағайындап, қаулылар мен указдар шығарады, қарулы күштердің қолбасшысы да сол. Мемл. жоғары өкiмет органы - бiр палаталы парламент (сейм), оны халық 4 жылға сайлайды. Жергiлiктi лянилерге (губерния) президент тағайындайтын губернатор басшылығындағы басқарма, қалалар мен селоларда өзiн өзi басқаратын (4 жылға сайланатын) коммуналдық советтер құрылған. Аланд аралдарына (Ахвенанма губ. ) өзiндiк автоном. право берiлген. 1974 ж. Ланландияның финляндиялық бөлiгiндегi жергiлiктi өзiн-өзi басқаратын Саам округы құрылды. Сот жүйесiне: Жоқ. сот, апелляциялық және 1-инстанция соттары жатады. Юстиция канцлерi Бас прокурордың функциясын атқарады.
Табиғаты. Финляндия жерi қоңыржай белдеуiнің Солт. жаҚына орналасқан. Теңiз жағалауының ұз. 4500 км. ЖаҚасы негiзiнен биiктiгi орташа жарлы келедi; қатты тiлiмделген, шхер аралдар көр кездеседi. Аласа төбелi жазық (200 м) рельефi қалыптасқан. Елдің шығыс ж„не солтүстiгiн аласа таулар және қыратты жалдар (биiктiгi 300-400 м, Суоменселькя, Кайнунселькя, Манселькя, Оуменселькя), қиыр солт. -батысын Скандинавия тауларының сiлемдерi [елдің ең биiк жерi Халтиатунтури (1324 м) осында] алып жатыр. Орт. Және оңт. Бөлiктерiнде көлдiк үстiрт қалыптасқан. Геол. Құрылысы жөнiнен Финляндия жерi Балтық қалқанының құрамына кiредi, сондықтан да мұнда кристалдық және метаморфтық жыныстар (гранит, кристалдық тақта тас, гнейс, кварциттер) мол тараған. Қазiргi рельефiнің қалыптасуына көптеген тектоник жарылыстар, төрттiк мұз басулар, теңiз трансгрессиясы тiкелей әсер еттi. Климаты қоңыржай континенттiк; оңт. Шетiне жақындаған сайын теңiздiк климат басымырақ байқалады. Қысы суық, бұлтты, қарлы. Суық айларының орташа температурасы -15 0 С; оңтүстiгiнде -2 0 С (Аланд аралдарында) . Жазы салқын, тұманды, июльде 12 0 С-16 0 С; оңтүстiгiнде 17-18 0 С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшерi 400-500 мм (солтүстiгiнде) ж„не 600-650 мм (оңтүстiгiнде) . Жауын-шашынның көшiлiк көлемi жазда және күзде түседi. Солт. бөлiгiне келетiн жалпы жауын-шашынның 40%-тен астамы және оңтүстiгiндегiсiнің 30%-ке жуығы қар күйінде түседi. Ағын сулары қар-жаңбыр суынан қоректенедi; өзендерi негiзiнен шағын, бiрақ мол сулы келедi. Iрi өзендерi - Кеми-Йоки (ұз. 550 км), Кюмин-Йоки, Кокемяэн-Йоки, Оулун-Йоки. Финляндия территориясының 8%-ке жуығын көл айдындары алып жатыр; жалпы саны 60 мыңға жуық. Көпшiлiгi елдің оңт. бөлiгiнде. Бастылары: Сайма үлкен Сайма), Пяйянне, Ивари, үлкен Калла, Оулуярви. Жерi негiзiнен құм және саз топырақты болып келедi. Қарашiрiндiсi аз күлгiн топырақ қабаты да көп тараған. Қиыр солтүстiгiнде тундралық глейлi, солтүстiгiнде глейлi күлгiн, орт. жағында нағыз күлгiн, оңтүстiгiнде шым күлгiн, батпақ, топырақ қабаттары кездеседi. Жерiнің көпшiлiк бөлiгiнде қылған жапырақты тайга орман өседi. Оңтүстiк және оңт. -батысында Қана аралас орманалқабы қалыптасқан. Ормандылығы жөнiнен (территориясының 72%-i) Финляндия Батыс Еуропада 1 орын алады. Жалпы ағаш қоры 1, 5 млрд. м 3 . әсiресе елдің шығ. жағы ағаш қорына бай келедi. Орманында қарағайлы қылған жапырақты (орманның 57%-i) ж„не шыршалы (28%) алқаптарының үлесi басым. Орманды өңiрi батпақты (Финляндия жерiнің 33%-i) келедi. Финляндия фаунасы Палеарктикалық облыстық Еуропа-Сiбiрлiк өңiр құрамына кiредi. Ормандық жануарлар басым тараған. Бұлан, түлкi, борсық, қасқыр, қоңыр аю, сiлеусiн, құстардың көптеген түрлерi кездеседi. Су айдындары балыққа бай.
Халқы. Халқының 93%-i финндер. Олардан басқа шведтер, саамдар, орыстар т. б. тұрады. Финляндия - Еуропадағы халық өте сирек қоныстанған елдердің бiрi. ТұрҚындары негiзiнен елдің оңт. бөлiгiнде қоныстанған. Орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 13, 9 адамнан. Мемлекеттiк тiлi - финн ж„не швед тiлi. Дiни нанымҚа сенушiлердің көпшiлiгi - лютерандықтар. Еңбек етушi халықтың 40%-i өнеркәсiп салаларында еңбек етедi. Қала халқы 52%. Маңызды қалалары - Хельсинки, Турку, Тампере.
Тарихы. Мұз дәуiрiнен кейiнгi кезде-ақ Финляндия жерiн адам мекендеген (мезолиттiк Аскола мәдениетi, б. з. б. 8-мың жылдық) . Б. з. б. 2-мың жылдықта Шығ. Прибалтика тайпаларының бiразы оңт. -бат. Ф-ға ығысып, онда мал өсiрумен және егiншiлiкпен айналысқан. Қола дәуiрiнің аяқ шенiнде Скандинавиямен және шығ. аймақтармен сауда-саттық басталды. Темiр дәуiрiне көшу (б. з. б. 1-мың жылдықтың басы) Балтық жағалауындағы финн тайпаларының Оңт. -Бас. Финляндияға қоныс аударуымен тұстас келдi. Б. з. 5 ғасырына таман финн тайпалары негiзiнен екi аймаққа: еми (хаме) - орталық және суми (суоми) - оңт. -бат. аймаққа шоғырланды. 7 ғ-да финндер Пяйянне көлдерiне, ал екi ғасырдан кейiн Саймы ө-не дейiн жеттi. Б. з. 1 мың жылдығы аяғында Карель мойнағы мен ЛадоҚа көлiнің солт. жағалауын карельдер мекендедi. Пори-Тампере-Миккели межесiнен солтүстiкке қарай саам тайпалары (саамдар) көшiп-қонумен болды.
Норман жорқтары Финляндияға тiкелей дарыған жоқ; алайда Балтық жағалауында экономик. өмiрдің жалпы жандануы, шведтердің көршi отыруы, әварягтан греккеә баратын жлдың жақын өтуi финн тайпаларының дамуына Ұлкен әсер еттi. 9 ғ-да Аурайоки ө. Сағасында айырбас сауда жүргiзетiн аса iрi Коройнен пунктi пайда болды. Ф-ның басқа аймақтарында да сауда қоныстары орнықты. 12 ғ-дың ортасынан швед феодалдары Ф-ны жаулап ала бастады. 1-крест жорығында (1155 немесе 1157) шведтер елдің оңт. -бат жағалауын басып алып, сумь тайпаларын баҚындырды. 2-крест жорығында (1249) емь тайпалары шведтер қол астына өттi, сөйтiп Ф-ның оңт., оңт. -бат. жағалауын жаппай отарлай бастады. Бұдан соңғы 30 жыл iшiнде Финляндия Швеция корольдығының құрамына түгел енiп болды. Швед басқыншылары ру-тайпалық құрылыстың ыдырап, бiрте-бiрте феодализмге өту процесiн тездеттi. Тайпалық ескi шекаралар негiзiнде Финляндия әкiмшiлiк бөлiктерге бөлiндi.
16 ғ-да швед корольдығы өзiнің Финляндиядағы жер иелерiн одан әрi кеңейттi; реформацияға байланысты католиктiк шiркеу жерi кесiлдi, финн шаруаларының жерi кесiлдi, Динн шаруаларының жерi онан ғрi азайтылды. 1542 ж. Ф-ның бос жатқан барлық жерлерi швед корольшық меншiгi деп жарияланды да, солт., солт. -шығыс аймақтар кеңiнен шерiле бастады. Балтықтағы сауданы король порттарына қарай бұру мақсатымен 1550 ж. Гельсингфоре (Хельсинки) қ-сы салынды. Швецияның үздiксiз соғыстары Ф-ны қатты тұр., сауда саттық iсi құылдырады, феод-ң озбырлығы күшейдi, алым-салық көбейдi, әскерге ерiксiз кiсi алу тым етек алып кеттi. Осының бәрi шаруаларды қатты күйзеттi. Бұған қарсы наразылық ретiнде Ф. тарихындағы аса iрi шаруалар соҚысы (Шоқпар соҚысы (1596-97) деп аталады) болды.
17 ғ-ң орта шенiнен бастап Ф-ны шведтендiру процесi мықтап күшейдi. Карл ХI тұсында бұл аймақ метрополиялық қатардағы губерниясында айналды.
1908-09 ж-дағы орыс-швед соғысынан кейiн Финляндия Россияға қосылды. Патша Үкіметi Ф-Қа едәуiр кең iшкi автоном. бердi.
90 ж-дан бастап патша үкіметi Ф-ның автоном. праволарын қайта тежедi, ал 90 жылдары Россия империясы құрамындағы Ф-ның ерекше статусын толық жоюҚа баҚыт алды. 1899 ж. Фин жұмысшы партиясы ұйымдасты қабылдап, уақытша Үкімет сайлау, демокр. конституция қабылдайтын Құрылтай жиналысын щақыру талабын қойды. Рев. Оқиғалардың қыспаҚымен патша 1906 ж 20 июньде сейiм қабылдаған Ф. конституциясын бекiттi.
1906 ж Ф-да жаңа саяси партиялар құрылды. 1917 ж июньде болҚан ФСДП съезi О. В. Куусиннің ұсынысы бойынша Ф-Қа тәуелсiздiгiн беру туралы талап қойды.
1929-33 ж. дүн. жүз. экономик. дағдарыс Ф-ны да қамтып, шаруашылығын қатты шайқатты.
1946 ж. мартта Ю. К. Паасикиви Ф. президентi болып сайланды. Демокр. қозғалыстың өрге болуы жағдайында М. Пеккала Үкіметi құрылып, ол СССР-мен достық ынтымақ және өзара көмек туралы шарт қояды.
1950 ж Үкімет басына У. К. Кеконен келiп, СССР-мен экономик. Және мәдени байланыстарды нығайту бағытын ұстады. 1955 ж. екi ел арасындағы Достық, ынтымақ және өзара көмек туралы 1948 жылғы шартты тағы 20 жылға ұзарту туралы протокол мен Совет Одағының Парккала-Удд жерiн әскери-теңiз базасы Ұшiн пайдалану правосынан бас тартатыны және бұл жерден совет әскерлерiн шығару жөнiндегi келiсiмге қол қойылды.
Экономикасы. Пайдалы қазбадан темiр және мыс рудасын өндiредi. Финляндияда гранит, саз, құм, ағаш сияқты құрылыс материалдары көп.
Финляндия - дамыған капиталистiк ел. Ағаш - елдің ең басты байлығы. Ф-да ағаштан алынбайтын, одан жасалмайтын зат жоқтың қасы. Целлюлоза, қағаз, жиқаз, картон, жасанды жiбек, спирт осы ағаштан алынады.
өнеркәсiбiнің жетекшi салалары капит. монополиялардың қарамағында (елдегi өнеркәсiп өнiмнің 75%-i, 50%-i iрi монополияның бақылауында) . Ф. капит. елдер арасында 3-орын алады. Экон-да жылдан-жылға мемл. Және жартылай мемл. Кәсiпорындардың Ұлесi артуда. А. ш. маңызы бар жерiнің 30%-не жуығы орман алқабының 31%-i мемл. қарамаҚында.
өнеркәсiбi. ұлттық табыстағы өнеркәсiп Ұлесi а. ш. -на қарағанда 3 есе артық. өнеркәсiп өндiрiсiнің мөлшерi 1974 ж 1, 7% артты. Ағаш өңдеу өнеркәсiбiнің iрi орталығы - Котка, Келш, Порн, Оулу, Лахти. 1975 ж елде 28, 8 млрд квт. СаҚ электр энергиясы, 1356 мың тонна мойын, 1656 тонна болат, 1130 мың тонна прокат, 4099 мың тонна целлюлоза, 550 мың м 3 фанер өндiрiлдi. 2 д/ж соҚыстан кейiн тҰстi ж„не қара металлургия, машина жасау, электротех. өнерк„сiптерi қалыптаста.
Оқу-аҚарту iсi. Ағарту iсiне басшылықты оқу мин-лiгi жүзеге асырады. Мектептерде оқу финн, швед тiлдерiнде жүредi. Мемл. мектептермен қатар жеке меншiктi мектептер де бар. 1968 жылғы заң бойынша 9 жылдық мектеп жұмыс iстейдi. Толық орта бiлiм беретiн лицейлердің жоғары кластары - гимназиялар.
Iрi кiтапханалары: Хельсинки кiтапханасы, Хельсинки қалалық кiтапханасы.
Музейлерi: Хельсинкидегi ұлттық музей, қалалық музей, Хельсинки ун-тiнің зоол. музейi, Туркудегi тарихи музей, бейнелеу өнерi музейi және Ян Сибелиув музейi.
Транспорты. Елдің iшкi жүк тасымалында т. ж. транспортының Ұлесi басым. Темiр жолы-ң ұзындығы 5, 7 мың км., автомоб. Жолының ұз. 39, 9 мың км. Автопаркiде 1028 мың авто машина, оның iшiнде 894 мың автомобиль бар. Басты су жол жүйелерi - Сайма, Тюхлярви, Плетенне көлдiк жүйелер. Теңiз траснпорты негiзiнен елдің сыртқы сауда жүк айналымын iске асырады. Iрi теңiз порттары - Хельсинки, Котка, Турку, Пори.
ғылым және Қылыми мекемелерi. ҚоҚамдық Қылымдар негiзiнен Финн тарихын зерттеумен шұҚылданады. Бұл салада көптеген тарихи материалдар жинақталҚан. Философия мен экономика Қылымында жаңа баҚыттар дамып келедi. Оның iшiнде прогрестiк зерттеулер көрнектi орын алады.
Жаратылыс тану, тех. Қылымы 17-18 Қ-да Абода ун-тi құрылуына ботаник П. Калм, химик, минералог Ю. Гадолин сияқты Қалымдардың қызметiне байланысты дами бастады. ғылыми зерттеу жұмысы Ф. Россияға қосылғаннан кейiн қауырт күшейе түстi; ун-т кеңейтiлiп, 1828 ж. Абодадан Хельсинкиге көшiрiлдi. 1838 ж. Ф. метеорол. Ин-ты құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz