Солтүстік Қазақстан облысы



1. Кіріспе
2. Минералды.шикізат базасы
3. Өнеркәсіп және машина жасау саласы
4. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі
5. Энергетика кешені
6. Ауыл шаруашылығы
7. Ішкі және сыртқы сауда жағдайы
8. Туризм саласы
9. Кәсіпкерлікті дамыту жағдайы
10. Құрылыс индустриясы
11. Негізгі капитал инвесторлары
12. Қорытынды
Географиялық орны. Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Тамбов облыстарымен бір ендікте орналасқан. Алайда, олардан табиғи жағдайымен өзгешеленеді, теңіз бен мұхиттан алшақ орналасқаннан шұғыл континентті ауа райымен сипатталады. Өзінің көршілес аумақтық жалпы тегістік меридиональдық ендігінде ашық ауа айналымына себеп болады.
Жер бедері. Облыс аумағының жартысынан артық аумағы Батыс–Сібірдің оңтүстік шетінде орналасқан, жоғары деңгей 200 метрден аспайды тың оңтүстік шетінде, Тобыл мен Ертіс өзендерінің аңғары аумақты бөлігін алып жатыр. Екі өзеннің аумағын тығыз балшықты қабаттардан түзеледі. Облыстық Солтүстік-Шығыс тұзды Калибек, Үлкенқарой, Теке, Селетытениз көлдерінің ірі, жабық жүйесімен ерекшеленеді. Ол көлдер таяз болғанымен, жүйенің тереңдігі 40-60 метр. Облыстың ең төменгі нүктесі 29 м, Теке өзенінің аумағында. Облыстың жазық бөлігі Батыс-Сібірінің платформасына сәйкес. Облыстың Оңтүстік-Батыс бөлігі (Сары-Арқаға) жатады және Солтүстік-Батыстан Көкшетау үстірті құралады. Сары-арқа – ежелгі таулы өлке, палеоза дәуірінде пайда болған. Жел қағу және денудация процесінде бет әлпетін өзгертіп, қазіргі көрініске жаңарды. Көкшетау үстіртінің аумағы негізінен магмалық және метаморфалық тау жыныстарынан түзелген.
АУМАҒЫ - 98,04 мың шаршы км., республика аумағындағы
үлес салмағы 3,6 пайызды құрайды.

ХАЛҚЫ
Халқының саны 2006 жылғы 1 қаңтарға 662,9 мың адам құрады немесе республика халқының 4,4 пайызы, және 1999 жылмен салыстырғанда (берілген есеп) 8,8 пайызға кеміді.
Қала халқының саны 227,9 мың адам құрады немесе 34,4 пайыз, ауыл тұрғындары - 435 мың адам немесе 65,6 пайыз
Ұлттық құрамы бойынша төмендегідей:
Қазақтар 212,5 мың адам немесе 31,9 пайыз
Орыстар 331,0 мың адам немесе 49,7 пайыз
Украиндар 40,6 мың адам немесе 6,1 пайыз
Немістер 25,7 мың адам немесе 3,9 пайыз
Поляктар 16,7 мың адам немесе 2,5 пайыз
Татарлар 15,2 мың адам немесе 2,3 пайыз
Басқа ұлттар 24,2 мың адам немесе 3,6 пайыз
Облыс халқының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 6,7 адамнан келеді.
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ – Петропавл қаласы, іргесі 1752 жылы қаланған, халқының саны 190,9 мың адамды құрайды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Кіріспе
2. Минералды-шикізат базасы
3. Өнеркәсіп және машина жасау саласы
4. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі
5. Энергетика кешені
6. Ауыл шаруашылығы
7. Ішкі және сыртқы сауда жағдайы
8. Туризм саласы
9. Кәсіпкерлікті дамыту жағдайы
10. Құрылыс индустриясы
11. Негізгі капитал инвесторлары
12. Қорытынды

Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылған.

Географиялық орны.  Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Тамбов облыстарымен бір
ендікте орналасқан.  Алайда, олардан табиғи жағдайымен өзгешеленеді, теңіз
бен мұхиттан алшақ орналасқаннан шұғыл континентті ауа райымен сипатталады.
Өзінің көршілес аумақтық жалпы тегістік меридиональдық ендігінде ашық ауа
айналымына себеп болады.
Жер бедері. Облыс аумағының жартысынан артық аумағы Батыс–Сібірдің
оңтүстік шетінде орналасқан, жоғары деңгей 200 метрден аспайды тың оңтүстік
шетінде, Тобыл мен Ертіс өзендерінің аңғары аумақты бөлігін алып жатыр. Екі
өзеннің аумағын тығыз балшықты қабаттардан түзеледі. Облыстық Солтүстік-
Шығыс тұзды Калибек, Үлкенқарой, Теке, Селетытениз көлдерінің ірі, жабық
жүйесімен ерекшеленеді. Ол көлдер таяз болғанымен, жүйенің тереңдігі 40-60
метр. Облыстың ең төменгі нүктесі 29 м, Теке өзенінің аумағында. Облыстың
жазық бөлігі Батыс-Сібірінің платформасына сәйкес. Облыстың Оңтүстік-Батыс
бөлігі (Сары-Арқаға) жатады және Солтүстік-Батыстан Көкшетау үстірті
құралады. Сары-арқа – ежелгі таулы өлке, палеоза дәуірінде пайда болған.
Жел қағу және денудация процесінде бет әлпетін өзгертіп, қазіргі көрініске
жаңарды. Көкшетау үстіртінің аумағы негізінен магмалық және метаморфалық
тау жыныстарынан түзелген.
АУМАҒЫ -  98,04 мың шаршы км., республика аумағындағы
үлес салмағы 3,6 пайызды құрайды.

ХАЛҚЫ
Халқының саны 2006 жылғы 1 қаңтарға 662,9 мың адам құрады немесе
республика халқының 4,4 пайызы, және 1999 жылмен салыстырғанда (берілген
есеп) 8,8 пайызға кеміді.
Қала халқының саны 227,9 мың адам құрады немесе 34,4 пайыз, ауыл
тұрғындары  -  435 мың адам немесе 65,6 пайыз
Ұлттық құрамы бойынша төмендегідей:
Қазақтар 212,5 мың адам немесе 31,9 пайыз
Орыстар 331,0 мың адам немесе 49,7 пайыз
Украиндар 40,6 мың адам немесе   6,1 пайыз
Немістер 25,7 мың адам немесе   3,9 пайыз
Поляктар 16,7 мың адам немесе   2,5 пайыз
Татарлар 15,2 мың адам немесе   2,3 пайыз
Басқа ұлттар 24,2 мың адам немесе   3,6 пайыз
Облыс халқының орташа тығыздығы 1 шаршы км-ге 6,7 адамнан келеді.
ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ – Петропавл қаласы, іргесі  1752 жылы қаланған, халқының
саны 190,9 мың адамды құрайды.
АУМАҚТЫҚ-ӘКІМШІЛІК БӨЛІНІСІ (2006 ж. 1.01-ға):
Аудандар   13
Облыстық бағыныстағы қалалар   1
Аудандық бағыныстағы қалалар   4
Барлық ауылдық елді мекендер саны   727
Селолық (ауылдық) округтер   208
Статистика басқармасының деректері 2005 жыл басына
Селолық округтерге теңестірілген, аудандық мәні бар қалалар есебімен

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері
бойынша экономика салалары кесіндісінде ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ ҚҰРЫЛЫМЫ келесі
мәліметтермен (пайызбен) сипатталады:

жыл өнеркәсіп ауыл құрылыс көлік айналым басқалар
шаруашылығы және саласы
байланыс
1999 15,9 38,9 2,1 16,9 7,6 18,6
жыл
2000 19,1 32,2 0,8 12,7 11,6 23,6
жыл
2001 16,6 41,6 0,7 9,9 11,8 19,4
жыл
2002 14,3 38,8 1,5 10,4 12,2 22,8
жыл
2003 17,2 37,7 1,8 13,7 14,8 14,8
жыл
2004 13,49 36,42 1,45 12,30 18,98 17,36
жыл

Ескерту: 2005 ж. мәліметтері 2006 ж. мамырында ұсынылатын болады.
Солтүстік Қазақстан облысының минералды-шикізат базасы. Облысымызда
пайдалы қазбалар табылған және әртүрлі деңгейде толығымен зерттелген.
Пайдалы қазбалардың 286 көзі табылған. Оның ішінде 34-металлдық, 2-металдық
емес, 217-құрылыстық-технологиялық шикізат және 33 жер асты су, олардың 6
минералды. Онда маңызды минералды шикізат қоры табылған, ол Қазақстан
Республикасы балансын құрайды: қалайы -65%, қалайы- 36,6%, уран -19%, титан
- 5%, вольфрам – 1,1 %. Минералды – шикізат базасын кеңейту болашағы бар,
әсіресе облысымыздың оңтүстік-батысында ерекше. Мұнда пайдалы қазбалардың
және алтын, күміс, техникалық және алмаз, титан, түрлі түсті, көмірдің қоры
бар. Негізгі минералдық шикізат түрлерінен алынатын бағалық құн $ 6  млрд
бағаланады, ал жалпы болжамды ресурстар – $10 млрд, соның ішінде уран -1,0,
қалайы – 3,98, титан – 0,7, вольфрам – 0,24, алтын – 0,1, алмаз – 1,0,
көмір – 0,8, басқалары – 2,7. Дайындалған қорларды игеру үшін және болашағы
бар объектілерді табу үшін $ 7 млрд қажет етеді.
Игеруге біршама дайындалғандары болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское
уран көздері болып табылады. Обухов-титан-циркондік кені, Сырымбет –
қалайы, Северное- Байлюсты және Домбыралы-2  алтын көздері. Экономикалық
себептерге байланысты олардың өндірістік өңдеу өткізілмей отыр.
Кейбір құрылыс тастар мен құм көздері ғана пайдалануға берілген. Калибек
және Жақсытұз көлдерінде ас тұзын өндіру жүргізіледі.

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫ
Жоғары өндірістік және кадрлық әлеуетке ие облыс экономикасының өнеркәсіп
саласының қызмет түрлері кең спектрмен көрсетілген.
40 % - азық-түлік тағамдары, 23,0 % - машинажасау, 25,5% - электр
энергиясын, газды және суды өндіру және тарату өнеркәсіптік өндірістің
жалпы көлемінде ең көп үлес салмағын алады. Соңғы жылдар ішінде резеңке
және пластмассалық бұйымдардың (2000 жылы 0,3% 2005 жылы 2,2% дейін ),
басқа металл емес минералды өнімдер өндірісінің (1,0% 1,7% дейін), тері,
теріден жасалған бұйымдар мен аяқ киім өндірісінің (0,1% 0,8% дейін) үлесі
өсті.
Облыс өнеркәсібінің жағдайын талдау соңғы алты жыл ішінде өнім шығарылымы
өсуінің қалыпты беталысы бар екендігін куәландырады.
2000-2004 жылдары 48,4% барлық өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі, 1,8 есе
қаржылық емес сектор өсті. Орташа есеппен 108,2% өнеркәсіп өнімінің өсу
қарқыны , 112,6% - қаржылық емес секторда құрады.
11,9% - электр энергиясын, газды және суды өндіру және таратуда, 15,0%
-тау-кен өнеркәсібінде, 5,7% - тағам өнімі, 2,3 есе – ағаштан жасалған
бұйымдар, 12,4% - жиһаз, 36,3% - басқа металл емес минералды өнімдер, 1,6
есе - металлдан жасалған дайын бұйымдар өндірісінде өндіріс көлемінің өсуі
қамтамасыз етілген.
Салада мұнай-газ, көлік және ауыл шаруашылық машинажасау - үш негізгі
бағыттары қалыптасты.
Жетекші кешендер мұқтаждары үшін импортты алмастыратын өнімінің шығарылымы
есебінен өндіріс көлемі өседі. 2005 жылдың қорытындысы бойынша
кәсіпорындармен барлығы 11,3 млрд. теңгеден астам сомаға шарттар жасалған
(2004 жылдың көрсеткіштерінен 1,2 есе жоғары), соның ішінде 9,6 млрд.
теңгеден астам сомаға (1,3 есе өсіммен) - жетекші өнеркәсіптік
кешендерімен. 6,0 млрд.теңгеден астам (2004 жылға 1,3 есе өсті) - мұнай-газ
кешені, 2,9 млрд.теңгеден астам сомаға (2004 жылдың көрсеткіштерінен 1,6
есе жоғары) - темір жол кешені компанияларымен және 0,35 млрд.теңгеден
астам сомаға (2004 жыл деңгейінде) - агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен
өнімдер жетілімі жөніндегі ең көп шарттар көлемі жасалған болатын. 8,2
млрд.теңгеге (2004 жыл деңгейінде) шарттар бойынша өнімдер шығарылды, соның
ішінде өткен жылға 1,1 есе өсіммен 7,0 млрд. теңгеге - жетекші өнеркәсіп
кешендер үшін. Экспортқа бағытталған өнім шығаруға көңіл бөлу жүргізіліп
келеді.
Ағымдағы жылы мұнай-газ ұқсату жабдықтары өндірісі жөніндегі
Қазмұнайгазмаш АҚ Петропавл филиалы қызметін бастады. Жоғары және төмен
қысымдағы арматураның өндірісі игерілді. Өнім шығарылымы көлемі 400 млн.
астам теңгені құрады.
3,1 есе - Мұнаймаш АҚ, 1,2 есе - ЗИКСТО АҚ, 1,7 есе - Завод
им.Кирова АҚ, 1,9 есе - ВФ Поиск ЖШС, 1,6 есе - Завод
сельскохозяйственной техники ЖШС машинажасау саласында 2004 жылға өндіріс
көлемінің өсуі қамтамасыз етілген.
2005 жылдың 2-ші жартыжылдығынан Қазақстанның Инвестициялық Қорымен
Мұнаймаш АҚ жылына 5 мың дана жобалық қуатымен 2,5 млн.доллар сомасына
жоғары сапалы ұңғымалық қарнақты сорғы өндірісі үшін технологиялық базаны
жаңарту жөніндегі жобасының қаржыландырылуы басталды. Жобамен жаңа ғылыми-
техникалық әзірлемелерді енгізу қарастырылған.
BENTEC германия фирмасымен бірлесе ПЗТМ АҚ - өңірдің ірі кәсіпорынымен
2004 жылы Қазақстанның мұнай өндіру кәсіпорындары қажеттіліктерін
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін 3 мың метрге дейін тереңдіктегі мұнай
және газ ұңғымаларын бұрғылау үшін ұтқыр бұрғылау кешендерінің сериялық
өндірісі игерілген. Қазмұнайгазмаш ҰК АҚ үшін 6 ұтқыр бұрғылау кешендері
дайындалған, олар қазақстандық кен орындарында табысты қолданылып жүр. 2006
жылы тағы үш бұрғылау кешендерінің өндірісі жалғастырылатын болады.
Жүк вагондарын жөндеудің номенклатурасын кеңейту аясында ЗИКСТО АҚ әр
түрлі жетілдіру платформаларының қызмет мерзімін ұзартумен іргелі жөндеу
игерілген. Хоппер-дозаторлардың іргелі жөндеуінің өндірісі игерілген. 2005
жылы кәсіпорын 4,8 млн. АҚШ доллары инвестициясы көлемімен жүк вагондары
доңғалақтарының жұбын қалыптастыру жөніндегі кәсіпорын цехында ұйымдастыру
жөніндегі жобаны жүзеге асыруға кірісті. Цехты қосу жөніндегі жұмыстарды
орындауға Транс-Техно-Холдинг ЖАҚ (Мәскеу қ., РФ) шарт жасалды.
Қазақстан Темір-жолы ҰК АҚ мұқтаждары үшін темір жол автоматикасы және
байланысы құралдары өндірісін ұйымдастыру Завод им.С.М.Кирова АҚ дамуының
перспективалық бағыттарының бірі болып табылады. Тж көлігі үшін
стационарлық және локомотивтік радиостансалар, вагондардың аса қызып кеткен
букстерін табу үшін техникалық құралдар кешендері, пойыздың барлық жол
бойында ақпаратты бекіту үшін қауіпсіздіктің кешенді локомотивтік
құрылғылары өндірісі кәсіпорынмен игерілген.

ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ
Қазіргі кезде облыста өндірілетін барлық өнеркәсіп өнімінің үштен артық
бөлігі салаға келеді. 2000-2004 жылдары тағам өнімдері өндірісінде орташа
жылдық өсу қарқыны 109,3% құрады.
2005 жылы тағам өнімдері өндірісінің көлемі (үй шаруашылығы секторы
есебімен) 14,8 млрд теңгені құрады, бұл 2004 жылғы көлемнен 5,7% көп. Сүт
өнімдері (өткен жыл деңгейі көрсеткіштеріне 30,0% өсуі), ет тағамдары
(6,7%), ұн өнеркәсібі өнімдері (3,8%), кондитер және макарон бұйымдары
(сәйкес 20,2 % және 1,5%), нан (3,7%) және спирттік сусындар (1,6 есе)
өндірісінде жағымды беталыстарға қол жетті.
2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда Масло-Дел ЖШС (2,9 есе),
Молсервис АЗФ ЖАҚ (22,8%), Молочный союз АҚ (14,6 %), СБИ-Агро ЖШС,
Петропавловский мясокомбинат Бойко ЖШС, Мамлютский мукомольный комбинат
ААҚ (2,2%), Султан-ЭММК АҚ (1,7%), Султан-кондитерские изделия АҚ (17,6
%),тағам өнімі шығарылымдары өсті.
2004 жылы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен өз қызметтері тиімділігін
арттыру үшін өндірісті дамытуға 2003 жылғы көлемдеріне 13,8% өсуімен 302,5
млн. теңге инвестиция берілді. 2005 жылдың 11 айында инвестициялар 1228,0
млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткіштері деңгейінен 4 есе жоғары.
Астық технологиялық үрдісінің тереңдетілуін қамтамасыз ету үшін Компания
Biohim АҚ Биохим Өндірістік кешені инвестициялық жобасын жүзеге
асырылып жатыр, оның құрылысы 2005 жылдың ақпанынан Тайынша ауданында жүріп
жатыр. Технология өндіріс қалдықтарының минималды шығуымен және желімтік
(19,2 мың тнжыл), көмір қышқыл газ (25,6 мың тнжыл), жемдік ашытқыны (24
мың тнжыл) өндірудің аралық сатысымен бензинге жоғары октанды биоқосым
өндірісін (57 мың тнжыл) игерумен астық өңдеудің қазіргі заманғы әдістері
негізіне негізделеді.
Перспективада технологиялық қатардың аяқталуымен:
қоспа жем зауыты (өндірістің негізгі үрдісі барысында алынған DDGS жемдік
ашытқысы және кебек - шикізат);
шошқа кешені, сүт және ет бағытындағы ІҚМ зауыты (қоспа жемді қолдану); ет
өңдеу зауыты болады. 2005 жылы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарымен
қолданыстағы бағада 571,3 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Тері, теріден
жасалған бұйымдар мен аяқ киім өндірісі бес жыл ішінде жоғары қарқынмен
дамыды. Осы саладағы жағымды беталыс 2001 жылы Сирио Каз ЖШС тері
зауытының қалпына келуімен байланысты. 2005 жылы Петропавловский
кожевенный завод ЖШС (ертеде Сирио Каз ЖШС) 571,3 млн. теңге сомасына
теріні өңдеу жөніндегі (илеу және өңдеу) қызмет көрсетілді, 56127 мың шаршы
дцм санында жартылай өңделген тері өнімдері шығарылды.
2005 жылы ағаш өңдеу мен ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінде 2,3 есе
өнім көлемінің өсуіне қол жетті.
Жиһаз өндірісінде жағымды өзгерістер байқалады. 2005 жылы жиһаз
өндірісінің көлемі 12,4% өсті және 487,1 млн. теңгені құрады. Асхана жиһазы
өндірісі осы тауарлық құрылымда зор үлес алады.

ЭНЕРГЕТИКА КЕШЕНІ
Энергетика облыстың экономикалық дамуын айқындайтын негізгі салалардың
бірі болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысының энергетикалық кешені Аксесс-Энерго ПТЭЦ-2
жылу электр орталығы, Аксесс-Энерго Теплотранзит жылу бөлу ЖШС және
Аксесс-Энерго СК РЭК электр тораптары ЖШС біріктіретін Аксесс-Энерго
компаниясымен көрсетілген. Аксесс-Энерго ЖШС облыстың сегіз солтүстік
аудандарды және Петропавл қ. электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге
асырады. Бес оңтүстік аудандарды энергиямен жабдықтауды Кокшетау Энерго
ЖШС жүзеге асырады.
Петропавлдық ТЭЦ-2 Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылары үшін электр
энергиясының негізгі көзі және Петропавл қ. тұтынушылары үшін жылу
энергиясының жалғыз көзі болып табылады.
Шал ақын ауданында Сергеев гидроторабы жұмыс істейді. Гидротораппен электр
энергиясын өндіру Петропавлдық ТЭЦ-2 өндіретін электр энергиясы көлемінің 1
%-дайын құрайды.
Станса қуаттылығы 336 МВт электр және 760 Гкалсағ жылу энергиясын
құрайды.
Негізгі жабдықтар құрамына 220тсағ бу өнімділігімен 11 энергетикалық шаң-
көмір қазандықтары, КВГМ-100 түріндегі 100Гкалсағ жылу өнімділігімен 4 су
жылытатын қазандықтар және 7 турбоагрегаттар кіреді.
Энергетикалық қазандықтар екібастұз көмірінде, су жылытатын қазандықтар –
М100 маркалы мазутта жұмыс істейді.
2005 жыл ішінде станса және тарату тораптары қалыпты кестеде жұмыс істеді.
Барлық төлеуге қабілетті тұтынушылар шек қоюсыз жылу және электр
энергиясымен жабдықталды. Ресей Федерациясының Омбы облысына электр
энергиясының экспорттық жеткізілімдері жүзеге асырылды.
Станса қуаты облыс экономикасының өсіп жатқан қажеттіліктерін толығымен
қанағаттандыруға мүмкіншілік береді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Мемлекетпен ұдайы қаржыландырылған, 2003-2005 жылдарға арналған ауылды
(селоны) жаңғырту үшжылдық Мемлекеттік азықтүліктік бағдарламаның іске
асыруы ауылдың (селоның) дамуының сапалы жұлқынуына мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндіру көлемі өсуде, 2005 жылы оның
құны 96,4 млрд. тенғе құрады.
Облыстың экономикалық тұрақтылығын астық өндіруі анықтайды.
Ауыл шаруашылығы жерінің көлемі 8,4 млн. га құрайды, соның ішінде –
егістік жері – 4268,9 млн. га.
Бағдарламаның іс-шараларын орындауы ауыл шаруашылық құрылымдарға астық
өндіруінде жақсы жетістіктерге жетуіне мүмкіндік берді.
Дәнді дақылдардың егістік жерінің көлемі соңғы ұш жылдың ішінде тұрақтанды
және 3 млн. га астам құрады.
Бастапқы салмағындағы астықтың жалпы өнімі2002 жылы 4005,7 мың тонна, 2003
жылы – 3504,1 мың тонна, климаттық жағдайы бойынша қолайсыз 2004 жылы –
3124,5 мың тонна, ауа райы жөнінде күрделі жағдайлы 2005 жылы – 3969,5 мың
тонна құрады.
Картоптың (24,6 мың га) және көкеністердің (5,0 мың га) егістік көлемі
тұрғындардың картоп пен көкеністердің қажеттілігін толық қамтамасыз етуіне
мүмкіндік береді.
Астық өндіруін көбейтуге арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді:
-    ғылыми негізделген 3 және 4 егістік ауыспалы егіс енгізілді;
-    сүрі жер көлемінің аумағы салмағы 25 % жеткізілді;
-    сорттық тұқымның деңгейі 100 % жеткізілді, бұл 2004 жылдан 7 %
жоғары;
-    сорт жаңарту және сорт алмастыру үшін 13,3 мың тонна элита тұқымы
сатып алынды;
-    ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 14,2 мың тонна минералдық
тыңайтқыштар енгізілді, бұл 2004 жылының деңгейінен 0,3 мың тоннаға көп.
Машина-трактор паркі жаңа ұрпақтық жоғары өндіретін техникамен
жарақтандыруы белсенді жүргізілуде, 5 жылдың ішінде 31376 млн. теңге
сомасына сатып алынды, 2005 жылы 11 млрд. теңгеге сатып алынды, бұл 2003
жылымен салыстырғанда 3 есе көп.
Мал саласының көрсеткіштері оның динамикалық дамығанын растайды.
2006 жылының 1 каңтарына ірі қара мал басының саны 326,4 мың бас (былтырғы
жылдың деңгейінің 100,5%), шошқа – 209,0 мың бас (102,3%), қой – 182,7 мың
бас (100,5%), жылқы - 74,9 мың бас (101,3%), құс – 2217,0 мың бас (104,9%)
құрады.
Облыстың барлық түрдегі шаруашылық категорияларында тірі салмағында 84,7
мың тонна ет, 513 мың тонна сүт, 222,2 млн. дана жұмыртқа, 585,3 тонна жүн
өндірілді, бұл 2004 жылдың деңгейінен 0,6-25,6% жоғары.
Облыс тұрғындары өздері өндірген мал шаруашылығы өнімдерімен толық
қамтамасыз етілген. Әр адам басына ет (сойылған салмағында) – 78,7 кг, сүт
– 776,8 кг, жұмыртқа – 336 дана өндірілді, бұл тұтыну мөлшерінен асады.
Мал басы мен мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсу динамикасы мыналар
арқылы болды:
-    малды өз төлімен өсіру жөніндегі бағдарламаны орындау (363 қолдан
ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді, қатыстыруы - 48%), қолдан ұрықтандыру
пунктерін ұйымдастыру үшін облыс бюджетінен 7,4 млн. теңге бөлінді;
-    ауылшаруашылық мал мен құс өсіру жөніндегі асыл тұқымдық шаруашылық
ұйымдастыру (31 асыл тұқымдық шаруашылық, 2 дистрибьютерлік орталық бар);
-    асыт тұқымдық төл сату жөніндегі квотаны орындау – 72,5 млн. теңге;
-    шағын фермерлік шаруашылқтарда мал шаруашылығын дамыту (514 шағын
ферма бар, соның ішінде 58-і 2005 жылы ұйымдастырылған);
-    жергілікті бюджеттен мал шаруашылығы дамытуын қаржыландыру.
Облыстың экономикалық дамуының басымдылық бағыты болып өңдеу саласы
анықталды.
253 ет, сүт, астық, май дақылдарын өндеу кәсіпорындары жұмыс істейді, олар
83 атаулы сүт өнімдерін, 102 ет және 25 өсімдік шаруашылығының өнімдерін
өңдеу түрін шығарады.
Облыстың өңдеу кәсіпорындарымен тамақ өнімдерін шығаруын көбейту
тенденциясы көрінуде, 2005 жылы олар 14,8 млрд. теңге сомасына өнім
өндірді, бұл 2004 жылғы деңгейінің 108% құрайды.
Шұжық бұйымдары 15%, өсімдік май - 6%, сары май - 47%, құрғақ сүт - 97%,
йогурт - 12%, ірімшік және ақ ірімшік - 12%, сүт пен қаймақ - 21%, ұн - 4%-
ға көбею арқылы өсім қамтамасыз етілді.
Өндірістің өсуіне алдында болған кәсіпорындарды қалпына келтіруі, істегі
бар өндірістік қуаттылықтарды көбейтуі және жаңаларын енгізуі себеп болды.
Ағымдағы жылдың басынан пайдаланысқа 13 объект енгізілді, бұл қосымша 78
жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Облыстың өңдеу кәсіпорындарымен
бәсекеге шыдайтын өнімдерінің көлемін көбейту нәтижесінде облысқа құрғақ
және концентрирленген сүт, балмұздақ және шұжық бұйымдарының импорты
азайды.Осы заманғы халықаралық стандарттарға көшу үшін өндірістің
техникалық жаңғыртуы жүргізілуде, 2005 жылы 8 өңдеу кәсіпорындарында
жабдықтар жетілдірді.Халықтың кірістерін көбейту, жұмыс орнын құру және
өндіріс кәсіпорындарын ауылшаруашылық шикізатымен жабдықтау үшін
тұрғындардан ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу жөнінде жұмыс жүргізілуде.
197 сүт сатып алу, 165 ет сатып алу, 76 тері шикізаты мен жүн сатып алу
жөніндегі пунктері жұмыс істейді.Тұрғындардан әр түрлі өнім сатып алу
жөніндегі жылдық тапсырыс 101-103% орындалды. Жыл басынан 54,3 мың тонна
сүт, 15,6 мың тонна ет, 148 тонна жүн, 62 мың дана тері шикізаты – барлығы
5739,1 млн. теңге сомасына, немесе бір аулаға шаққанда 59,6 мың теңге, бұл
2004 жылынан 13,8 мың теңгеге көп.Бидай өңіраралық сауданың негізгі тауары
болып табылады. 2005 жылы ол 21 жақын және алыс шет елдеріне 858,8 мың
тонна көлемінде экспортқа шығарылды.Жыл бойы 5 шет елге 93,1 мың тонна
көлемінде экспортқа шығарылды.Мал шаруашылығы өнімдері (сүт және ет
өнімдері) ұзақ мерзімдік келісім бойынша Қазақстанның бір қатар қалаларына
(Астана, Қарағанды, Степногорск, Өскемен, Атырау қалаларына), ал қатты
ірімшік – Омбы қаласына тиеп жөнелтіп жіберілді.

ІШКІ ЖІНЕ СЫРТҚЫ САУДА ЖАҒДАЙЫ
Тұтынушылар рыногының қазіргі жағдайы тауарлармен толтырудың жеткілікті
жоғары деңгейімен сипатталады.2005 жылдың қаңтар-желтоқсанығы жедел
мәліметтері бойынша бөлшек тауар айналымы көлемі 26606,8 млн. теңгені
құрады және өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда салыстырмалы
бағаларда 6,1% өсті. Селолық жерлерде 5031,4 млн. теңге сомасына тауарлар
сатылды (жалпы көлемде жеке салмағы – 18,9%).Жыл басынан меншіктің жеке
түрі кәсіпорындары тауар сатуынан және жеке кәсіпкерлермен саудадан 26570,3
млн. теңге сомасында айналым алынды (99,9%), басқа мемлекеттерден, олардың
заңды тұлғалары мен азаматтарынан – 36,5 млн. теңге (0,1%).Азық-түлік, азық-
түлік емес, арнайы және әмбебап рыноктарда және жеке кәсіпкерлер қызметінен
алынған бөлшек тауар айналымының көлемі 10370,6 млн. теңгені құрады және
өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15,9% кеміді. Тауар
айналымының жалпы көлемінде осы сектор тұтынушыларының тауарларын сату
үлесі 39,0% құрайды.Сатудың барлық арналары бойынша сауда ұйымдарының
бөлшек тауар айналымының үлесі 61,0% (16236,2 млн. теңге). Өткен жылдың
сәйкес мерзімімен салыстырғанда осы кәсіпорындар тауар айналымының көлемі
28,2% өсті.
2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында көтерме тауар айналымы 99010,1 млн.
теңгені құрады, бұл 2004 жылдың сәйкес мерзімінен 21,1% жоғары. Көтерме
тауар айналымының жалпы көлемінде селолық жерлердегі сауда 6,9% (6798,9
млн. теңге) құрады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бөлшек және көтерме саудада тауар
қорының көлемі 3632,9 млн. теңгеге жетті, оның 76,9 % (2792,4 млн. теңге) -
көтерме саудада. Жеке сауда торабында және көтерме сауда қоймаларында тауар
қорымен қамтамасыз ету деңгейі сәйкес 30 және 35 сауда күнін құрады.Талдау
мерзімінде қоғамдық тамақтану қызметінің көлемі 807,7 млн. теңгені құрады
және 2004 жылдың сәйкес мерзімі көлемінен 16,4% жоғары. Қоғамдық тамақтану
кәсіпорындарының айналымы мемлекеттік емес сектор кәсіпорындары есебінен
қалыптасқан, оның ішінде жеке кәсіпкерлерімен – 57,5%.Автомобиль, мотоцикл
және олардың құралдарына техникалық қызмет көрсету 97,7 млн. теңге сомасына
көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 19,5% көп, талдау мерзімінде
тұрмыстық бұйымдар жөндеу мен жеке қолданыстағы заттарды жөндеу жөнінде
21,6 млн. теңге сомасына көрсетілді және өткен жылдың сәйкес мерзімінен
21,6% жоғары.
Саланы реформалау барысында шоғырландыруды жою жүргізілді, тауарларды бөлу
тәжірибесі жойылды. Сауда объектілерінің сыртқы түрі мәнді өзгерді, қызмет
көрсету мәдениеті артып келеді, дүкендерді мамандандыру үрдісі жетілдіріліп
келеді, кредитке ұзақ мерзімді қолданылатын тауарларды сатуды жүзеге
асыратын сауда кәсіпорындары саны өсіп келеді (Бегемот, Раушан, Страна
товаров, Электроника, Мир меха дүкендері және басқалары). Петропавл
қаласының қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтану салаларының 51
кәсіпорынында еспшот арқылы есеп айырысу қолданылады. Пластикалық кәртішке
бойынша клиенттерге қызмет көрсету жүзеге асырылады (Студенческий
гастрономы, Пирамида, Айсберг супермаркеттері, Мир школьника,
Шатура, Бегемот, Дельта плюс дүкендері, Донер дәмханасы,
Студенческая асханасы және басқалары). 2005 жылдың қаңтарынан
желтоқсанына дейін POS-терминалдар арқылы төлем кәртішкелер бойынша 10302
операциялар жүргізілді.
2003-2005 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында ауыл (селоны)
жаңғырту Азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарын, 2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарын орындауға
сәйкес 2005 жылы селолық елді мекендерде 338 сауда және қоғамдық тамақтану
кәсіпорындары ашылды, соның ішінде 2005 жылға дейін дүкендері болмаған 6
елді мекенде. Кез келген елді мекенде тұтынушының өз қажеттіліктері мен
сатып алушылық қабілетіне сәйкес күнделікті сұраныс тауарларының бар
жиынтығын сатып алуға мүмкіндігі бар.
Клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін арттыру үшін қоғамдық
тамақтану кәсіпорындарының қызметін сертификаттау жөніндегі жұмыстар
жүргізіледі. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 144 кәсіпорында
қоғамдық тамақтану қызметіне сәйкестік сертификаттары бар, соның ішінде
Петропавл қаласында – 123 және облыс аудандарында – 21.
Бәсеке ортасын құру, азық-түлік пен тұтынушылар тауарына бағаны төмендету
мақсатында Петропавл қаласында Қызыл-Жар Коммуналдық бөлшек сауда базары
МКК және Қызыл-Жар Коммуналдық көтерме сауда базары МКК – екі коммуналдық
сауда базары әрекет етеді. ҚР Үкіметінің Маңызды азық-түлік тауарларына
бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы 2001 жылғы 12
желтоқсандағы № 1623 және ҚР Үкіметінің 01.12.12.-нен № 1623 Қаулысына
қосымшалар енгізу туралы 2003 жылғы 30 маусымдағы  № 523 Қаулыларымен
белгіленген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Экология ғылымы жайлы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Қазақстан табиғатының эталондық бөліктері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар
Пәндер