Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі өзекті мәселелер


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

І . Қазақстан Республикасының Банк жүйесі, мазмұны .

1. 1. Банктердің нарық экономикадағы рөлі.

1. 2. Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы.

1. 3. Қазақстанның банк жүйесі.

ІІ . Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі өзекті мәселелер .

2. 1. Банктік тәуекелдердің жіктелуі.

2. 2. ҚР банктік заңдарын жетілдіру жолындағы проблемалар.

2. 3. Екінші деңгейлі банктердің несиелік саясатын бағалау. ТұранӘлемБанкі және Халық банктің жаңа қадамдары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі .


Кіріспе

Қазақстан Республикасының банктер жүйесі - ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда, нарық талабына сай өзгерістерді жедел қабылдайтын және экономикалық базистегі өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің даму заңдылықтарына тез сыңай танытатын, салыстырмалы дербестігі бар ақша секторы. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банктер жүйесінің дамуының жаңа кезеңі басталды. Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандартқа өтуімен байланысты Ұлттық банк және Қазасқтан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі тарапынан коммерциялық банк қызметтерінің сандық және сапалық көрсеткіштеріне қойылатын талап күшеюде. Бұған бір жағынан, банкаралық бәсекенің ықпалы әсер етсе, ал екінші жағынан шет ел капиталының банк секторына енуі қозғау салды. Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартумен қатар елімізде сыртқы экономикалық қатынастар да дамуда. Ал бұл процесс өз кезегінде банк менеджментінің сапасын халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Міне, осыған байланысты банктер жүйесіне теориялық әзірлігі терең және практикалық қабілеті мол мамандар дайындау мәселесі де жаңа белеске көтерілді. Банктер жүйесінің инфляцияны тежеуде, нақты секкторды инвестициялауда, ақша айналымын ұйымдастыруда және экономиканы макродеңгейде реттеуде атқаратын рөлі арта түсті.

Қазіргі кездегі коммерциялық банктер - клиенттерге әр түрлі қызметтер яғни, несие беретін, валюталық және депозиттік операциялармен айналысатын, кассалық есеп айырысу қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілермен үзеңгілес, әрі серіктес ерекше кәсіпорын. Сондықтан экономиканы басқаратын мамандардың банк ісін ұйымдастырудың ғылыми және практикалық негізін оқып-үйренуінің маңызы зор. Жоғарыда аталғандай, Қазақстан Республикасы банктерінің халықаралық стандартқа көшуіне байланысты қойылатын талаптар күшейген сайын кәсіби деңгейі жоғары болашақ банкирлер дайындау жауапкершілігі де арта түспек.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілік деңгейін және даму болашағын анықтау.

Міндеттері - еліміздегі банктердің бүгінгі жай-күйін талдау, сол арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін және даму болашағын анықтау; банк саласында қалыптасып отырған проблемаларды және олардың шешу жолдарын анықтау.


І. Қазақстан Республикасының Банк жүйесі, мазмұны .

1. 1. БАНКТЕРДІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Банктік жүйе-нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым - қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейдегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылдық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалуына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. (5 - сызба)

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

Бнктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының «тобын» құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы» мүмкін1. К. Маркс келесіде «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнркәсіпке билік етуіне» назар аударады2. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екні ескеріледі.

Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттемелерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принцептерді сақтауда көрініс табады.

Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде өндірістің мақсаты, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолм-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.

Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл оперциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.

Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігне байланысты емес, шаруашылық орғандарының, (яғни өз акционерлік) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалармен мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамассыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екндігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және тағы басқа білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.

Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, тағы басқа бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, оладың бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.

Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілдік әдістердің орнын-экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі. Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олрдың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты-несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз-төл теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46%-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға) төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13, 5%-ға, қыркүйекте-10, 9%-ға тең болды.

Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшермесінің 300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы %-дық мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем-сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресими және бейресми валюталық бағдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазыналық вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады және олар агроөнеркәсіптік несие үшін ғана сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.

Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және инфляцияның төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.

Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің ролі маңызды. Банктердің активтерінің мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банк реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсаттарының бірі-экономиканың жеке секторын құру және кәсіпорындарды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны-банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды несиелерден айырыла алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың несие портфелі сапасының төмендігіне қатысты.

Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіру қайта құруға және көп шығын шығаратын кәсіпорындарды тарату немесе қайта құруда өз үлесін алуы керек. Бұл шығынды және төлем қабілетсіз кәсіпорындарды несиелеуді шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу мүмкіндігін кеңейтеді. Көп шығынды кәсіпорындардың өміршең кәсіпорындардан бөлініп және олардың жаңадан құрылған даму банкіне берілуі арқылы қызмет көрсетілуі қалған банктердегі нашар, әрекетсіз несиелердің шоғырлануын болдырмау тиіс.

Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың рөлін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындарды қайта құруға қолбағыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын, тиісінше жекешеленген және көп шығынды кәсіпорындарға корпаративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.

Банктік жүйенің рефомасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.

Жекешелендіруші кәсіпорындарға республикада банктік реформаны құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде әңгіме жекешелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын жасау керек. Жалпы, нарық жағдайында банк жүйесі 2 деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық банк (депозиттік) банк.

Комерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздар алып-сатуымен де айналысады.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алатын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және шет банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді. Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеті мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.


Қосымша.

Қаржылық-несиелік институттардың қаржылық делдалдар ретіндегі рөлі . (5-ші сызба. )

1. 2. Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы .

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кірді.

Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарда, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, « Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік - коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік-коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік -коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты және тағы басқа коммерциялық банктер құрылды.

Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғаз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма - қол эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - тенге болып табылады.

Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.

Ұлттық банк Қазақситан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.

Коммерциялық банктер - нарықтық экономика жағдайында өз клиенттеріне әр түрлі қызмет көрсететін ерекше кәсіпорын. Қазіргі кездегі банктердің клиенттерге ақылы негізде көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізетін операцияларының дәстүрлі және нарық талабына сай жаңадан пайда болған дәстүрлі емес түрлерінің көбеюі.

Коммерциялық банктер - коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын . Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердің жіктемесі (классификациясы) меншіктің формасына байланысты, банк капиталына иелік етуге байланысты (отандық, шетелдік, аралас банктер), орналасқан территориясына байланысты, құқықтық - ұйымдастырушылық формасына байланысты (жарна пұл негізінде серіктестік формада, акционерлік қоғам формасында), операцияларды жүргізу дербестігіне байланысты (еншілес банктер, өкілетті банктер консорциумдық банктер, дербес банктер), қызмет көрсету ауқымына байланысты, маманданған банктер, салалық банктер, аймақтық (регионалдық) банктер, синдикат банктер, банктік холдингтер. Қазақстанда банктік холдингтердің қызметтерін реттеу.

1. 3. Банктік тәуекелдердің жіктелуі.

Пайда болу көздеріне қарай ішкі және сыртқы тәуекелдерді ажыратуға болады. Сыртқы тәуекелдер сыртқы ортада пайда болады және басқарылмайтынжәне жартылай басқарылатын болып бөлінеді.

Басқарылмайтын тәуекелдерге келесілер жатады:

Апаттық тәуекел - бұл жер сілкінісі, тасқынның, дауылдың, өрттің және т. б. салдарынан банкке материалдар залалды келтіруді айтамыз.

Саяси тәуекел - бұл саяси биліктің немесе мемлекетпен жүргізілетін саяси бағамның ауыстыруы салдарынан, сонымен қатар соғысты, революцияны, азаматтық соғысты жариялауынан банкке жағымсыз әсерін тигізетін тәуекел.

Жалпы экономикалық тәуекел - елдің экономикалық жағдайының төмендеуі, яғни ЖҰӨ деңгейінің төмендеуі, мемлекеттік бюджет жетіспеушілік, инфляция деңгейінің жоғарлауы, экономиканың құрылымдық дағдарысы, мемлекеттің теріс төлем балансы, үкіметтің тұрақсыз экономикалық саясаты, ұлттық валютаның құнсыздануы, мемлкеттік шенеуліктер арасындағы жемқорлықтың өсуі кезіндегі пайда болатын тәуекел.

Елдік тәуекел - шетелдік серіктестер мен несие берушілер үшін банктің орналасу тәуекелін, сонымен қатар егер банктің клиенті экспорттық - импорттық қызметпен айналысса, не банктің контрәріптесі басқа елде болса, не банк шетел қарыз алушыларды несиелендіретін болса, онда осы тәуекел бел алуы мүмкін.

Депозиттік тәуекел - бұл сыртқы ортадан салымдарды, депозиттерді, зайымдарды және басқа да қаржыландыру көздерін тарту бойынша тәуекел.

Несиелік тәуекел - бұл қарыз алушының қаржылық жағдайының төмендеуімен немесе банкроттылығымен және несиенің толық немесе бір бөлігін, олар бойынша пайыздар сомасын қайтара алмаумен байланысты тәуекел.

Валюталық тәуекел - бұл әлемдік нарықта шетел валюта бағамының күрт өзгеру нәтижесіндегі шығындар тәуекелі.

Пайыздық тәуекел - бір немесе бірнеше құралдар түрлері бойынша елде немесе әлемдік нарықта пайыз ставкаларының жағымсыз өзгеру тәуекелі.

Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарығының конъюктурасының өзгеруі, спекуляция, пайыз ставкасының өзгеруі, саяси және экономикалық дағдарыстар, эмитенттің банкроттылығы салдарынан бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі.

Жартылай басқарылатын тәуекелдер - бұл сыртқы ортада қалыптасатын, бірақта банк оларды толық немесе жартылай басқара алатын тәуекелдерді айтамыз.

Банк бағытының тәуекелі - банк қызметінің мақсаттылы бағытына, оның қызмет ету аясына және даму өркениетімен түсіндіріледі.

Клиент тәуекелі мен контрәріптестің тәуекелі - банкті шығындарға алып келуіне мүмкін экономика жағдайының немесе контрәріптестің банкроттылығын білдіреді.

Ішкі тәуекелдер - бұл банк ішінде пайда болатын тәуекелдер. Олар әкімшілік, қаржылық, операциондық болып бөлінеді.

Стратегия тәуекелі - бұл ішкі стратегияны, құрлдарды қолдану приоритеттерін дұрыс таңдамау, қате аналитикалық болжамдарды пайдалану және т. б. тәуекелдер.

Құрылым тәуекелі - шешім қабылдатпау мүмкіндігіне кедергі жасайтын немесе дәлелсіз кеңейтетін банктің тиімсіз құрылымы., жауапкершілікті өзіне алумен байланысты банк қызметін басқару немесе операцияларды орындау тәуекелі.

Басқару тәуекелі - банкті мамандандырылмаған және авантюралық басқарудың салдарынан пайда болатын тәуекел.

Кадрлық тәуекел - кадрларды дұрыс таңдамау немесе ұйымда жұмыс істеу атмосферасын туғызуға кедергі болатын қызметкерлердің психологиялық мінездемелерінің сәйкес келмеу тәуекелі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елтік шығыстардың заңи мәселелері
Банктік қызмет
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Банктік қадағалау түрлері
Банкаралық ақша аудару жүйесі
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Банктерді ерікті және еріксіз қайта құру
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилерінің ел экономикасының негізігі салаларын несиелеу
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизмінің экономикалық мазмұнын ашу және салықтық әкімшілік етудегі салықтық тексерудің рөлін теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz