Несиелік процесс және несиелеу принциптері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

«Қаржы» кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Несиелік процесс және несиелеу принциптері

«Қаржы және несие» мамандығы «Банк ісі» мамандануының 4-ші курс күндізгі оқу бөлімінің студенті

Алматы, 2005 ж.
Мазмұны

Кіріспе

Тарау-1. Несиелік процессті ұйымдастыру және несиелеу принциптерінің теориялық негіздері

  1. Банктік несиенің түрлері, несиелеу объектілері мен субъектілері
  2. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі несиелік процесстің экономикалық мәні
  3. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері

1. 4 Шетел тәжірибесіндегі банктердің несиелеу тәжірибесінің ерекшеліктері

Тарау-2. Несиелік процесстің коммерциялық банктердегі тәжірибесі(Қазақстан Халықтық банкі АҚ тәжірибесі негізінде)

2. 1 Қазақстан Халықтық банкі АҚ-ның несиелеу процесіне баға беру

2. 2 Қазақстан Халықтық банкі АҚ-ның несиелеу механизмі мен несиелік процесіне талдау жасау

Тарау-3. Коммерциялық банктердің несиелік процесстерінің даму болашағы

3. 1 Екінші деңгейлі банктердің несиелеу механизмін жетілдіру жолдары

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Индустриалдық-инновациялық стратегиямызды іске асыру еліміздің экономикасына оң өзгерістер әкеліп отыр. Елімізде даму институттары құрылып, олар қазірдің өзінде өңдеуші салаларды жаңғыртуға нақтылы ықпал жасай бастады. Даму банкі жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға несие бөліп отыр. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр.

Осы орайда экономикалық өсуді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі - банктік несиелеудің дамуы екендігін атап өту керек. Әр түрлі экономикалық секторлардағы барлық дерлік кәсіпорындар өз қызметін жандандыру үшін, айналым қаражаттарын және негізгі қорларын толықтыру үшін банктік несиені алады.

Қазіргі кезде елімізде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейтуге өте жақсы жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі түрде қолданылады. Бұл экономикадағы құрылымдық қайта құруды тежеп қана қоймай, банктік секторлардың несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырау мүмкіндігін күшейтетін банктік жүйе мен несиелеудің дамуына бірқатар теріс факторлардың әсерімен байланысты. Соңғы жылдары Қазақстанда банктік несиелеудің күрт өсуіне қарамастан, оның ЖІӨ-ге қатынасы әлі де төмен болып отыр.

Сондықтан, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, елдегі шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайының жақсаруы шартында несиелеуге байланысты тежеуші факторларды жойып, оны кеңейту мәселесі алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты банктік несиелеуді жетілдіру механизмін қарастыру - қазіргі кездегі актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, несиелеуді кеңейтіп, оның дамуына жақсы жағдай жасай отырып, заңды және жеке тұлғалардың қаржылық қажеттілігін қанағаттандырамыз. Ал, бұл экономикалық өсуге, өз кезегінде, әсер етеді.

Жалпы алғанда, несиелеу кезінде шешімін күтіп тұрған бірқатар қиындықтар бар. Атап айтсақ, біріншіден, талап етілетін құжаттарды қарастырудағы кемшіліктер. Екіншіден, несие қабілеттілігін есептеулерді жүзеге асырудағы жетіспеушіліктер. Үшіншіден, экономика салаларының тек таңдамалы түрлерін несиелеп, кейбір аса қажетті салаларын олардың ұзақ мерзімді қажет ететіндігінен несиелемеу т. с. с. Осындай кемшіліктерді түзеп, несиелеу процесін жетілдіру керек.

Бітіру жұмысының мақсаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік процесс және несиелік принциптерінің экономикалық мәніне талдау жүргізіп, ондағы жетілдірілуі тиіс жағдайларын анықтау. Сол арқылы ұсыныстар беру.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Несиелеу процессінің мәнін, несиелеу принциптерін;
  2. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі несиелеу тәртібін;
  3. Несиелеу процесін жетілдіру және даму жолдарын;
  4. Шетел тәжірибесіндегі несиелеу процесінің ерекшеліктерін айқындау болып табылады.

Зерттеу объектісіне - ЕДБ-дің несиелік процессі қызметі жатады.

Теориялық және әдістемелік негізі. Жұмысты жазу барысында 1999-жылғы 16-тамыздағы Қ. Р. Ұлттық банк Басқармасының Қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейлі банктердің несиелеу бойынша құжат жүргізу Ережесіне», С. Б. Мақыштың «Коммерциялық банктер операциялары» кітабына, Г. С. Сейтқасымовтың «Банковское дело» кітабына сүйендік. Сондай-ақ, талдау кезінде Ұлттық банктің статистикалық бюллетеніндегі және Ұлттық банктің 2004-жылғы Жылдық есебіндегі мәліметтерді, Халық Жинақ банкісінің материалдарын пайдаландық.

Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда несиелеу процесінің мәні, несиелеу механизмі және несиелеудің шетелдік тәжірибесі келтірілген. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі несиелеу тәжірибелері және нақты кәсіпорындар мысалындағы несиелеу процесі қарастырылған. Үшінші тарауда несиелеуді жетілдіру жолдары анықталған.

Жұмыстың көлемі беттен тұрады. Ішінде кесте және сурет бар.

Тарау-1. Несиелік процессті ұйымдастыру және несиелеу принциптерінің теориялық негіздері

  1. Банктік несиенің түрлері, несиелеу объектілері мен субъектілері

Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқарларының қозғалуы немесе өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.

Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:

  • несиенің түрлері;
  • несиелеу объектілері;
  • несиелеу субъектілері,
  • несиелдеу әдістері;
  • несиелеу процессі;
  • несиелеу принциптері,
  • несиелік тәекелді басқару;

Несиенің түрі- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сапқталады.

Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

І. Қарыз алушылар категориясына қарай:

  1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:мақсатты қорларға; банктерге; қаржы-несие мекемелеріне;
  2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
  • өнеркәсіп салаларына;
  • ауыл шаруашылығына;
  • саудаға;
  • дайындау ұйымдарына;
  • кооперативтерге;
  • жеке кәсіпкерлерге;
  1. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

ІІ. Мерзіміне қарай.

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
  • орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін)
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .

ІІІ. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:

  • негізгі қорларға жұмсалатын;
  • айналым қаражатына жұмсалатын.

ІҮ. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

  1. Қамтамасыз етілген:
  • кепілхатпен;
  • кепілдемемен;
  • кепілдікпен;
  1. Сақтандырылған.
  2. Қамтамасыз етілмеген:
  • сенім несиесі.

Ү. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

  1. Стандартты несие-қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешбір күмән жоқ несителер;
  2. Күмәнді несиелер- қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді:1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
  3. Үмітсіз несиелер- қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.

ҮІ. Валютамен берілуіне қарай:

  • ұлттық валютамен;
  • шетел валютасымен.

ҮІІ. Берілу шартына қарай:

  1. Тұтыну несиесі- бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
  2. Ипотеалық несие- бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. с. с. )

3. Ломбардтық несие - құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін несие.

4. Овердрафт - банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналған бір күндік несие.

5. Овернайт - бір түнге берілетін несие түрі.

6. Контокоррентік - несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша берілетін несие.

7. Факторингтік - жабдықтаушының дебиторлық қарызын ала отырып берілетін несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.

8. Форфейтингтік - экспортерға импортердің төлеуге тисті төлем талабын сатып алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті пайдаланып жүзеге асырылады.

9. Онкольдық - банктің 1-ші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін несие.

Несиелеу объектісіне келетін болсақ, бұл - несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Қазақстанның банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне «Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне» сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу обьектісіне өндірістік шикізат қорлары, негізгі және көмекші материалдары, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымдық қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеу объектісі, сондай-ақ, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың сатып алатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • өндіріс объектілерінің құрылысы;
  • өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
  • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
  • жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
  • өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу / 4. 164-165 бет/.

Мына объектілер несиелеуге қабылданбайды:

  • дайын өнімнің нормативтен асып кеткен қалдығы. Мұнда көліктік қиындықтарға т. б. байланысты өнімді жабдықтауды кешіктіру негізінде қалып қойған маусымдық себептер есепке алынбайды;
  • сатылуы қамтамасыз етілмеген дайын өнім қалдығы;
  • маусымдық қалдықтарды қоспағанда аяқталмаған өндірістің нормативтен асып кеткен қалдығы;
  • 1 жылдан астам қозғалыссыз сақталып жатқан, өндіріс қажеттілігінен тыс тауарлы-материалды құндылықтар;
  • артық қажет емес, қиын өткізілетін және қолданылмайтын тауарлы-материалды құндылықтар;
  • сақталу шарты олардың бүлінбейтіндігін қамтамасыз етпейтін тауарлы-материалды құндылықтар;
  • несиелік келісім-шартта қарастырылған мерзімнен астам уақытта жолда болған материалды құндылықтар;
  • белгіленген мерзімде өңделмеген, өткен жылдардың егінінен өндірілген ауыл шаруашылық шикізаттарының қалдығы.

Ссудаларды қарыз алушыларға беру, әдетте, бұрын берілген ссудалар бойынша мерзімі өтіп кеткен қарызының шартында жүзеге асырылады. Жеке жағдайларда, егер қарыз алушылар ұзақ мерзім бойына қарызы болмаса және ол жақын уақытта өтелетін болса, ссудалар банк басшыларының шешімімен берілуі мүмкін.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары төмен рентабельділігі бар, тұрақсыз қаржылық жағдайдағы қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі-бір аймақтың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін

қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін /5. 126-127 бет/.

Несиелеуді экономикалық-ұйымдастырушылық қатынастарының белгілі-бір қабаты, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буыны несиелік механизм болып табылады. Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылық субъектілердің қызметінің өзара іс-әрекеті түсіндіріледі.

Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің дербес несиелік саясаттарымен және экономиканың тиімділігін арттыру міндеттерімен анықталады /4. 162бет/.

Жалпы алғанда, жоғарыда айтылып кеткен несиелеу элементтерін (субъект, объект, қамтамасыздандыру) бір-бірінен ажыратуға болмайды. Егер субъект ретіндегі фирманың жоғары беделі болып, қамтамасыздандырусыз несие сұраса немесе бұрын банктен ссуда алмаған фирма жақсы кепіл бере отырып несие сұраса банк екі жағдайда қандай шешімге келеді? Банк үшін бір элементтің ғана бар болуы жеткілікті ме, сол элемент қана абсолютті мәнде болып, қалғандары тек теориялық мәнде жүруі дұрыс па?

Осындай сұрақтардың шеңберінде несиелеу жүйесінің тағы бір элементі туындайды - бұл сенім. Ол несие түсінігінің өзінен пайда болады: латын тілінен аударғанда «credo» «сенемін» дегенді білдіреді. Несиелеуде екі жақ - несие беруші мен қарыз алушы қатысатыны белгілі. Олардың арасында ссудаланатын құн қозғалысы жүреді.

Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және зайымдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай-да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын зайымдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапкершілікте болуын жүктейді. Мұнда зайымдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауарлай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде зайымға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта анықталады.

Шаруашылық айналысындағы меншікті қаражаттар мөлшері бүгінгі күні берілуге жататын несие мөлшеріне, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді.

Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурсына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы - ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктермен жинақталатын барлық ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі Басқармасында орталықтандырылған түрде жинақталып, қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырған. Сондай несиелеу шегінде сол немесе басқа аймақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінің ол уақыттарда қаражат жинақтауға деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардың активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған қаражаттарына байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасқан пайда мөлшерін көрсетеді.

Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельділігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның «арзанға сатып алып, қымбатқа сату» принципі орын алады. Бұл, әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті.

Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциалдық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, Қ. Р. Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.

Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу жүйесінде клиент пен банк арасында қарыз алу барысында жасалатын келісім-шарттың экономикалық маңызы төмен болғандықтан да, оны формалдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейіннен коммерциялық ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушы арасында несиелік шартқа отырып, ол шарт несие берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.

Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі - бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі. Бұрынғы несиелеу жүйесі объектіні несиелеуге ғана негізделгені бізге белгілі. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жүргізілмеді, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болады.

Жаңа несиелеу жүйесі дәтүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз етілу қағидалары, сол сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар олардың бірқатарының мазмұны түбірімен өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар бұрын

жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференциалданған режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ, коммерциялық банк қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.

Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.

Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді формаларға сенім құқы, кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.

  1. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі несиелік процесстің экономикалық мәні

Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің «техникалық қабаты» ретінде бөліп қарастырады.

Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:

  • несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;
  • несиелік мәмілені құжаттау;
  • несиенің мөлшерін белгілеу;
  • несиені беру процедурасы;
  • несиені қайтару тәртібі;
  • несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
  • кепіл заттарын бағалау және іске асыру.

Несиелеу әдістері - ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдерін білдіреді.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған /6. 223бет/:

  • қалдық бойынша;
  • айналым бойынша.

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай ссудалық шоттар бойынша берілді.

Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі ссуданың берілуі тікелей төлемге қатысты және, ең бастысы, зайымдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы ссудалық шоттар бойынша беріліп отырған. Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, екіншісі банктік ссудаларды үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда үлкен роль ойнайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
Несие мәні және қажеттілігі
Несие туралы жалпы ұғым
Банктің несие саясатының құрылымын талдау
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Банктік несиенің түрлері
Несие механизмі
Қаржылық институттарға берілетін несиелер
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Несие түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz