Уақытқа қатысты семалар



1. «УАҚЫТҚА ҚАТЫСТЫ СЕМАЛАРДЫҢ» ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 «Уақытқа» қатысты тіркестер жайлы ғалымдардың көзқарастары
1.2 Уақыттың циклдік қасиеттері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақ тіліндегі уақытты білдіретін атаулар, сөз тіркестері толық түрде жеке зерттеу тақырыбы болған емес. Аталған лексемалар тілші ғалымдардың еңбектерінде жалпы немесе мысал түрінде көрініс табады. Уақытқа қатысты сөз тіркестері терең, толық зерттелген мәселе емес. Уақыттың ішіндегі тәулік кезеңдері біршама зерттелген. Бұл тақырыпқа Н.Уәлиев 2 мақала арнаған. Тәулік кезеңдері атауларын әр түрлі ретпен тізіп жинақтаған Ә.Болғанбаев, М.Томанов, Н.Уәлиев, Г.Смағұлова, Қ.Аронов, сөздіктерде түсініктеме берген І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Т.Сайрамбаев, Б.Рысбай, уәжділікке қатысты мысал келтірген Н.Сауранбаев (күн-түн), жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің төркіндеріне талдау жасаған Ә.Қайдар (құлқын сәріде, шаңқай түс, жеті қараңғы түн), Е.Жанпейісов (екінді, бесін), Р.Сыздық (кеш, күн, күн батты), Ә.Құрыщжанов (сәрі, таң сәрі), Л.Рүстемов (бесін), Ә.Нұрмағамбетов (таң сыз беру), А.Салқынбай (тал түс, күн), өзге уақыт өлшемдерімен аралас берген Е.Жанпейісов, Ж.Ахмедова, Р.Авакова, С.Смат, лингвомәдениеттану және аударматану тұрғысынан қарастырған А.Алдашева (түн), синоним ретінде қарастырған І.Кеңесбаев (таң), Ә.Болғанбаев, М.Серғалиев, Г.Смағұлова (таңға, кешке қатысты мағыналас фразеологизмдер), антоним ретінде қарастырған Б.Сағындықұлы (күн-түн), А.Жұмабекованың (он антонимдік қатар) зерттеу еңбектері бар.
Ғалымдар М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Күлкеновалар жатыс септігіндегі жанама толықтауыштар қимылдың, сапаның басқа затқа тәндік, қатыстық, орындық, объектілерін білдіреді десе, «кімде? неде? деген сұрақтарға жауап беріп, ал объектілік қатынастан сөз тіркестерінің мағыналары қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен байланыста болатынын, заттың кімде екенін білдіреді», - дейді М. Балақаев пен Т. Қордабаев. Ал ғалым Р. Әміров жатыс жалғау формасындағы жанама толықтауыштар іс-әрекетке, сапаға тұрақ ретіндегі объектілерді білдіреді деп көрсетеді.
Объектілік қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларында зат есімдер мен есімдіктер қолданылады. Мұндай қатынаста қолданылатын сөз тіркестерінің мағыналық тұрғыдан әр түрлі болып келуі біріншіден, көмектес септікті сөздердің нені білдіретіндігімен байланысты болса, екіншіден, ондай сөздерді талап ететін етістіктердің мағыналық жағынан әр тарапты болуымен тікелей байланысты. Осының негізінде мұндай типті тіркестер әр түрлі мағыналарда қолданылады.
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.Жанұзақов. Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968б.
2. Қалиев Б. Жылқыбаева А. Сөз мағыналарының негіздерi. – Алматы, 2002. – 110 б.
3. Стернин И.А. Лексическая значение слова в речи. – Воронеж, 1985. С44.
4. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы.-Алматы, 1991.-216б.
5. Әлімбек Г. Сөз мағынасы және ақпарат. Оқу құралы. –Алматы: «Атлас баспасы-2001», 2006.-168бет
6. Асқар Ләйлә Оразақынқызы. Қазақ тіліндегі тәулік кезеңдері атаулары. Филол.ғыл.канд. дис. Алматы 2005
7. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1987- 322б.

8. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. –Алматы: Мектеп, 1988. – 147б

9. Томанов М. Мезгілдік қатынастағы етістікті сөз тіркестері // Қазақ ССР ғылым академиясының хабарлары. Филология және искусство зерттеу сериясы. Известия АН КазССР. Серия филологии и искусства. – 1959. – Вып.№ 1(11)

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

1. УАҚЫТҚА ҚАТЫСТЫ СЕМАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

1.1 Уақытқа қатысты тіркестер жайлы ғалымдардың көзқарастары
1.2 Уақыттың циклдік қасиеттері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Уақытқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің зерттелуі

1. Уақытқа қатысты тіркестер жайлы ғалымдардың көзқарастары

Қазақ тіліндегі уақытты білдіретін атаулар, сөз тіркестері толық түрде
жеке зерттеу тақырыбы болған емес. Аталған лексемалар тілші ғалымдардың
еңбектерінде жалпы немесе мысал түрінде көрініс табады. Уақытқа қатысты сөз
тіркестері терең, толық зерттелген мәселе емес. Уақыттың ішіндегі тәулік
кезеңдері біршама зерттелген. Бұл тақырыпқа Н.Уәлиев 2 мақала арнаған.
Тәулік кезеңдері атауларын әр түрлі ретпен тізіп жинақтаған Ә.Болғанбаев,
М.Томанов, Н.Уәлиев, Г.Смағұлова, Қ.Аронов, сөздіктерде түсініктеме берген
І.Кеңесбаев, Ә.Қайдаров, Т.Сайрамбаев, Б.Рысбай, уәжділікке қатысты мысал
келтірген Н.Сауранбаев (күн-түн), жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің
төркіндеріне талдау жасаған Ә.Қайдар (құлқын сәріде, шаңқай түс, жеті
қараңғы түн), Е.Жанпейісов (екінді, бесін), Р.Сыздық (кеш, күн, күн батты),
Ә.Құрыщжанов (сәрі, таң сәрі), Л.Рүстемов (бесін), Ә.Нұрмағамбетов (таң сыз
беру), А.Салқынбай (тал түс, күн), өзге уақыт өлшемдерімен аралас берген
Е.Жанпейісов, Ж.Ахмедова, Р.Авакова, С.Смат, лингвомәдениеттану және
аударматану тұрғысынан қарастырған А.Алдашева (түн), синоним ретінде
қарастырған І.Кеңесбаев (таң), Ә.Болғанбаев, М.Серғалиев, Г.Смағұлова
(таңға, кешке қатысты мағыналас фразеологизмдер), антоним ретінде
қарастырған Б.Сағындықұлы (күн-түн), А.Жұмабекованың (он антонимдік қатар)
зерттеу еңбектері бар.  
  Ғалымдар М. Серғалиев, А. Айғабылов, О. Күлкеновалар жатыс
септігіндегі жанама толықтауыштар қимылдың, сапаның басқа затқа тәндік,
қатыстық, орындық, объектілерін білдіреді десе, кімде? неде? деген
сұрақтарға жауап беріп, ал объектілік қатынастан сөз тіркестерінің
мағыналары қимыл процесінің қандай заттың үстінде не қандай затпен
байланыста болатынын, заттың кімде екенін білдіреді, - дейді М. Балақаев
пен Т. Қордабаев. Ал ғалым Р. Әміров жатыс жалғау формасындағы жанама
толықтауыштар іс-әрекетке, сапаға тұрақ ретіндегі объектілерді білдіреді
деп көрсетеді.
          Объектілік қатынаста жұмсалатын сөз тіркестерінің бағыныңқы
сыңарларында зат есімдер мен есімдіктер қолданылады. Мұндай қатынаста
қолданылатын сөз тіркестерінің мағыналық тұрғыдан әр түрлі болып келуі
біріншіден, көмектес септікті сөздердің нені білдіретіндігімен байланысты
болса, екіншіден, ондай сөздерді талап ететін етістіктердің мағыналық
жағынан әр тарапты болуымен тікелей байланысты. Осының негізінде мұндай
типті тіркестер әр түрлі мағыналарда қолданылады.
І.Кеңесбаев фразеологизмдер туралы көлемді еңбегінде олардың
ерекшеліктерін айқындау мақсатымен бірқатар жерде уақытқа қатысті тәулік
кезеңдері атауларын мысалға келтіреді. Замена одного фразеологического
оборота другим могла происходить не в результате приблизительного
семантического схождения оборотов внутри определенного ряда. Синонимный ряд
таких фразеологических оборотов, как, например, таң атқанда- таң алагеуімде
– таң себелеп атқанда – таң сыз бергенде – таң сібірлей – таң қылаңдағанда
– таң құлан иектегенде когда занимается заря, безусловно, образовался на
почве семантического сближения, а не обсолютного совпадения [7.167б.].
І.Кеңесбаев фразеологизмдердің кейде қос сөзге, кейде біріккен сөзге
айналып кету мүмкіндігін айта келе, оған деген себептердің бірі толық
компоненттердің десемантизацияға ұшырауы деп есептейді.
Тіл - әртектес және біртектес бөлшектерден тұратын иерархиялық
қатынасқа негізделген құбылыс. Ол өзінің даму сатысында жүйелі қатынастың
екі түрін басынан кешіреді.
Қандай да бір тілдің лексика-семантикалық жүйесіндегі негізгі
парадигмалық байланыстың бір түрі деп тек-түр қатынасында болатын гипер-
гипонимиялық байланыс көрсетіледі. Тіл білімінде бұл терминнің орнына кейде
таксономиялық байланыс термині қолданылады.
Тек- түр қатынасының күрделі құрылымында сөйлеуші ұжым мүшелерінің
ойлау мен таным жүйесіндегі жалпылық, бүтіндік, бөлшектік, даралық,
жекелік, сияқты философиялық категорияның сипаты бейнеленеді. Өйткені
қоршаған дүниедегі кез келген зат немесе құбылыс басқа бір құбылыспен,
заттармен қандай да бір байланыста сол затқа атау болып таңбаланған сөздер
де бір-бірімен логикалық, себеп-салдарлық, синонимиялық, антонимиялық
бүтіннің бөлшегі, бөлшектің бүтіні сиқты сан түрлі қатынаста тұрады.
Тәулік кезеңдері атауларын фразеологизмдер қатарына жатқызатын
Ә.Болғанбаевтың пікіріне назар аударайық. Ол фразеологизмдердің шығу
арналарын төрт бөлікке бөліп, соның ішінде өлшемдік ұғымдардың негізінде
пайда болған фразеологизмдерге мысал келтіреді. Ғалым осы мысалдардың өзін
үш топқа жіктейді: уақыт-мерзім өлшемдері, көлем өлшемдері және ұзындық,
қалыңдық, тереңдік өлшемдері. Уақытқа қатысты атаулар төмендегі ретпен
Уақыт- мерзім өлшемдері тобында алғашқы болып тұр: күн шыға, сәске түсте,
тападай тал түсте, шаңқай түсте, тұс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел
орынға отыра, көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір
қараңғысында, ел жата, түн ортасында, таңға жақын, жылқы жусар кезде, тауық
шақырғанда, таң ата, құлқын сәріде, таң аппақ атқанда [8. 119б]. Автор
лексикалық варианттардың фразеологизмдердің арасынан өте жиі ұшырасатынын
айта келе, соған дәлел ретінде көптеген мысалдардың қатарына ала кеуім –
ала көлеңке тіркестерін қосады. Ә.Болғанбаев синонимдердің шығу жолдарын
талдай отырып, олардың эвфемизмдердің есесінен молайғандығына, басқа
мысалдармен қоса, күн байыды –күн батты, кешкірді синонимдерін келтіреді.

Жалпы, тәулік кезеңдері атауларының синонимдік қатар құру қабілетін
сөз ететін болсақ та Ә.Болғанбаевтың синонимдер сөздігіне алдымен көңіл
бөлеміз. Сөздікте тәулік мезгілдері атауларының 13 атауы бар. Оларды ғалым
4 синонимдік қатарға орналастырған:
1. Ымырт, іңір.
(ымырт түсіп ... ., іңір қараңғысы)
2. Алагөбеде, алагеуімде, таң сәріде, құлқын сәріде, елең-алаңда, ала
кһлеңкеде, сәріден.
3. Арай, шапақ
(таңның арайы, қызыл арай)
4. Ертемен, ертеңгісін
(ертемен тұрып ... ... , ертеңгісін оянып)
А.Т.Қайдаров, Р.Жайсақованың фразеологизмдерді классифифкациялаған
мақаласында жеті түн, тапа тал түсте, күн найза бойы көтеріле бергенде, таң
құлан иектегенде тіркестері мысал түрінде берілген.
Академик Ә.Қайдардың Бір мың әсерлі де, бейнелі оралым атты
этнолингвистикалық түсініктемесі берілген қазақша-орысша фразеологиялық
сөздігінде құлқын сәріде, шаңқай түс, жеті қараңғы түн тұрақты
тіркестеріне орыс тіліндегі аудармасы және түсініктемесі берілген:
Құлқын сәріде – раннее утро, чуть свет
Шаңқай түс – ровно в полдень, когда солнце в зените
Жеті қараңғы түн – глубокая ночь, поздняя ночь.
Сондай-ақ Ә.Қайдар Қоңыр күз фразеологизміне түсініктеме бере келе,
мысалдар қатарында уақытқа қатысты қоңыр кеш тіркесін атайды.
М.Томанов тәулік кезеңіне қатысты фразеологизм сөзін қолданбайды, сөз
тіркестері деп көрсетеді. Өзінің Мезгілдік қатынастағы сөз тіркестері
атты мақаласында сондай тіркестерді төрт топқа жіктейді. Төртінші топ жайлы
былай деп жазады:
Сонымен бірге тұрақты тіркестердің бір тобы мезгілді кез, уақытқа тән
айырым белгі, қасиет, сын сипат арқылы айқындайды. Таң қараңғысында, іңір
қараңғысында, таң ата, күн шыға, жеті қараңғыда, көз байланбаған кезде, таң
сәріде, таң сібірлеп атып келе жатқанда, таң аппақ атқанша, күн тұсау бойы
көтерілгенде, шаңқай түсте, ала көлеңкеде, алакеуімде, апақ-сапақта, жан
тәсілімде, т.б.[ 9. 62б.] М.Томановтың тізіміне 15 тіркес енген. Өзге
зерттеушілердің тізімдерінде кездеспеген жан тәсілімде тіркесі берілген.
Бұл күн батар кезде болуы керек.
1975 жылы қорғалған Ж.Ахмедованың Казахские народные наименования
понятий об измерениях атты кандидаттық дисертациясының лексико-
семантический ряд способов определения времени в казахском языке деген 2-
тарауында уақыт өлшемдеріне қатысты тіркестерді береді. Өзге авторлар
көрсетпеген бие байлар кез, бие ағытар мезгіл тіркестері сөздікке
тіркелген. Ж.Ахмедова тәулікке қатысты сөздердің уақыт жағынан шектеулі
екендігін қысқаша ескертпе ретінде атап өтеді. Осы автор мысалға алған
сөздер мен сөз тіркестері мыналар: азанда, Шолпан туғанда, елең-алаңда,
тауық шақырғанда, сақарда, құлан иектегенде, сәске, кіші сәске, таң сәрі,
таң сібірлей, таң сыз бере, түс, тал түс, шаңқай түс, зауал, зауал ауа,
бесін, ұлы бесін, кіші бесін, екінді, екінді мен ақшам арасы, намаздыгер,
іңір, қызыл іңір, іңір қараңғысы, ымырт, күн батқанша, көз байлана, қас
қарая, ел тегіс орынға жата, ел жата.
Академик Р.Сыздық мынадай пікір білдіреді: Жалпы тілдік норма
тұрғысынан алғанда, сөздің лексикалық мағынасы деген болады, ол – сөз
білдіретін негізгі мағына, номинативтік мағына. Мысалы, күн деген сөздің
негізгі лексикалық мағынасы (ғылымда мұны денотатив мағына деп атайды)
Әлемге жарық, қызу беретін планета. Бұл сөздің Күн планетасына қатысты
туған таңның атуы мен күннің батуы аралығындағы уақыт, күндіз және
24сағатқа тең уақыт, күндіз және 24сағатқа тең уақыт, тәулік деген 2-3
мағыналарын да лексикалық мағына деуге болар, әлде оны лексикалық
мағынадан өрбіген қосалқы лексикалық мағына дейміз бе, қысқасы ең түпкі
мағынадан туындағандар. Айталық, күн сөзін уақыт, мезгіл, дәуір, кез
мәнінде (бұл күнге аман жеттім дегендегі сияқты) немесе өмір тіршілік
(бұрынғы күнім бе еді? дегендей) , ауа райы, табиғат құбылысы (бүгін күн
ыстық дегенде) сияқты мағыналарда қолданғанда, күн деген сөздің ауыспалы
мағыналарын пайдаланамыз. Ал күн батты деген тіркесте күн сөзі планета
деген мағынасында қолданылып тұрған сияқты болғанымен, бұл тіркесте ол
мағына мүлде жоқ, алдымен күн планетасы күнді айналғанда, күн көрінбейтін
кез туады, екіншіден, әңгіме бұл жерде тіпті күн планетасы туралы емес,
қараңғы шақтың түсе бастаған, тәуліктің бір кезеңінен екінші кезеңіне
көшкені туралы, демек, осы тіркесте күн сөзінің мағынасы тек бір-біріне
қосақталған түрінде басқа бір мағына беріп тұр.
Тәулік кезеңдері атауларын толығырақ қарастырған ғалым Н.Уалиев. Ол
өзінің 1984 жылғы мақаласында осы атаулардың кейбіреулеріне жеке тоқталған.
Олар таң, сахар, сәске, түс әлеті, талма түс, түс қынды, бесін сөздерінің
айналасына топтастырылған бірнеше атаулар.
Н.Уәлиев атаулардың шығу төркініне, ауыз әдебиетіндегі қолданылу
ерекшеліктеріне көбірек көңіл бөледі. 2004жылы осы автордың жоғарыда
аталған тіркестерді негізге ала отырып кеңейтілген мақаласы шықты. Бұл
мақаласында Н.Уәлиев тәулік кезеңдерін концептімен байланыстырып, мынадай
пікір білдіреді: Ақикат өмірдегі күн, түн, таң, кеш, түс т.б. тәрізді
құбылыстар, түптеп келгенде, концептілер түрінде жүйеленген адамзаттық
білім. Ал осы концептілер жеке сөздер, фразеологизмдер, тұрақты теңеулер
мен образдар, мақал-мәтелдер тәрізді күрделі тілдік таңбалар арқылы
объективтенгенде, олардың құрылымында ұлттық нышаны бар компоненттер айқын
байқалады. Н.Уәлиев талдаған тәулік кезеңдері атаулары: таң, таң атқанда,
таң құлан иектегенде, таң бозарып атқанда, таң сімірі, ереуіл таң, көгалаң
таң, рауан таң, сабах, сахар, құлқын сәрі, памдат уақытында, сәскемәл,
сәске, ерте сәске, ұлы сәске, қан сәске, сиыр түс, қозы түс, түс әлеті,
түсімәлі, талма түс, талмау түс, анық түс, таңдай тал түс, шалқар түс,
талықсыған тал түс, түс қия, бесін, айна бесін, қожа бесін, екінді,
намаздыгер, іңір, іңір қараңғысы, шамазшам, ақ сам батпай, құптан мезгіл,
марқа туған, түннің бір ұйқысында, түн жарымда, түн ортасы ауған кез, жеті
түнде, таңға бір ұйқы қалғанда, таң қараңғысы.
Ғалым Т.А. Пантелеева тіл біліміндегі объект ұғымы - сөйлемнің
семантикалық құрылым компоненті, жалпы қалай болғанда да, субъектінің
әсерімен немесе субъектінің әсерінсіз іс-әрекет бағытталған зат ретінде
қарастырылады деп жазса, орыс тіліндегі объектілік қатынастар мен олардың
берілу жолдарына арналған кандидаттық диссертациясында зерттеуші          
М.П. Алиева:  Объект термині тіл білімінде субъект терминінің
корреляты ретінде қолданылады. Алайда, белгілі ойдың негізгі компонентіне
қарама-қайшы, объект ұғымы зерттеушілер арасында әлі күнге дейін
бірауызды анықтамаға ие бола алған жоқ - дейді [12, 9б.].
Автор осы жоғарыдағы атауларды Фразеология және тілдік норма
еңбегінде Тұрақты сөз орамдарының мазмұны тарауында да берген. Сонымен,
тіл біліміндегі объект ұғымы – сөйлем құрылымындағы семантикалық
компоненттер, зат атауы туралы жалпы түсінігінің іс-қимылы бағытталған,
сондай-ақ субъектіден шыққан немесе субъектілік емес іс-қимылдар болып
табылады.  Е.Жанпейісов қазақ халқының этномәдени лексикасына арналған
еңбегінде М.Әуезов шығармаларындағы тәулікке қатысты атауларды тізімге
қосқан. Олардың ішінде бесін, екінді атауларына жеке тоқталған. Бесін кезін
түстен кейінгі сағат екі шамасы деп есептейді. Бесіннен оның түрлері кіші
бесін, ұлы бесін, құлама бесін, қожа бесін тарағандығын айтады. Бесін
тұстен кейінгі уақыттың бірінші жартысын қамтиды. Ғалымның талдауына сәйкес
екінді құлама бесін және ұлы бесіннен кейін орналасады және түстен кейінгі
сағат төрт шамасын білдіреді. Екінді түстен кейінгі уақыттан бастап күн
батқанға дейінгі аралықты екіге бөлетін сағат деп түсіндіріледі. Автор
екіндіні түстен кейінгі уақыттың екінші бөлігі екендігін дәлелдейді.
Е.Жанпейісов Термины народной метрологии деген қосымшасында тәулік
мезгілдерін білдіретін төмендегідей тіркестерді жинақтаған: бесін, кіші
бесін, құлама бесін, бие байлар кез, бозторғай шырылдайтын кез( бозторғай
шырылдамастан бұрын), екінді, екінді мен ақшам арасы, екінті, екінті мен
ақшам арасы, жеңіл бір ұйқының шамасы (таңға жеңіл бір ұйқының шамасындай
қалғанда), кешкі жылқы суға келетін кез, күйін түс ауа (күйін түс ауа
қымызға қанып), қас қараюға айналған уақыт, қозы жамырап жатқан кез, қой
қоралағн мезгіл, құланиек ( құланиекте ішіп шыққан шайдан соң), құлқын сәрі
(құлқын сәріден бері), найза бойы (күн найза бойы көтеріле), намаздыгер шақ
(намаздыгер шағында), намазшам, (намазшамға дейін), сәске, сәскелік
(сәскелік ас), тайдай тал түс, талма-талтүс (талма-талтүс шағында), тал түс
(тал түсте), тапа-талтүс, түс қия берген кез, түстік мезгіл, ұлы сәске,
шаңқай түс, ымырт жабылған кез.
М.С.Серғалиев Синтаксистік синонимдер еңбегінде кейбір тәулік
кезеңдері жайлы төмендегідей пікір білдіреді:
Осылайша қабыса байланысқан сөз тіркестерінің екінші бір ыңғайда
матасу арқылы жасалғанын кездестіреміз. Таң салқынымен қозғалып, күн қыза
Қызылжар мен Омбы арасындағы Горькая линияға іліккен (С.Жүнісов, Ақан
сері, ІІ).
Ана тілімізде сөйлеушілердің кеш салқынымен, күн батысымен, күн
шығысымен, қар ерісімен, кұз түсісімен т.с.с. жұмсайтыны белгілі. Ал мұндай
конструкциялар алдыңғы айтылған конструкциялармен синонимдік қатынасқа
түседі. (таң салқынымен –таңғы салқынмен –таңда болатын салқынмен, күн
шығысымен – күн шыққан соң т.с.с.).
Т.Сайрамбаев, Б.Рысбай Қазақ тіліндегі шектеулі тіркестердің
түсіндірме сөздігінде құлқын (құзғын) сәрі, таң сәрі, сиыр сәске, ұлы
сәске, сәске түс, тапа-тал (тал, талма) түс, ұлы түс, шаңқай түс, кіші
бесін, құлама бесін, ұлы бесін атауларының шектеулі тіркес екендігін
дәлелдейді. [10. 80-81б]
Р.Авакова метеорологиялық фраземалардың құрамында уақыт мерзім
өлшемдері ретінде таң құлан иектегенде, күн шыға, сәске түсе, ымырт жабыла,
жеті түн, жеті қараңғы түн тіркестерін береді. [11. 55б.]
Сөзжасамның лингвогенездік табиғатын зерттеген А.Салқынбай жаңа
ұғымдар туғызуға себеп болған космологиялық объектілердің негізгісін – күн
деп бастайды да, танымдағы Күн ұғымының сөздіктегі сипатын талдайды.
Біздің зерттеуімізге қатысты мағыналар: күн қозғалысының .немі болуы,
күннің жарықпен, қараңғылықпен байланысы. А.Салқынбай таң атты тіркесіндегі
ат сөзі арқылы шығу семасы сақталғандығын баса айтады. Осы автор таң сөзіне
қатысты төмендегідей пікір білдіреді: Таң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі қалып-күй етістіктерінің семантикалық табиғаты, қалып етістіктерінің жетекшілік қызметтен көмекшілік қызметке өту сипаты
Тілді үйретуде семантикалық топтардың алатын орны
Грамматикалық категория жүйесіндегі мазмұны жұп сыңардан тұратын грамматикалық мағыналар
Лексика-семантикалық өрістің айырмашылық белгілері
Лингвистикалық парадигмадағы омонимдердің орны
Қазақ тіл біліімінде
Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер
Сөз мағынасы
ОРМАН АТАУЫНЫҢ АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ӨРІСІ
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Пәндер