Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ҚазаҚстан Республикасы Ғылым жӘне бІлім министрлІгі

Қ. ЖҰбанов атындағы АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК УНЕИВЕРСИТЕТІ

Тарих факультеті

Жалпы тарих кафедрасы

диплом жҰмысы

Тақырыбы

Наполеон Бонапарт жӘне ХІХ ғ. І жартысындаҒы

Европа елдері

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

Рецензенттер:

т. ғ. докторы, профессор Абдоллаев Н. К.

т. ғ. к. Даулетиярова Б. Х.

Қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі:

29 мамыр 2001 ж.

Ақтөбе 200 ж.

МазмҰны

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
3: 3
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: 1 Наполеон саЯси билікке жету жолында
3:
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: 1. 1 Наполеон Бонапарт - өмір жолы _ _ _ _ _ _ _ _ _
3: 8
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: 1. 2 Наполеонның консулдық қызметі _ _ _ _ _ _ _ _
3: 14
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: 1. 3 Наполеон Бонапарт - император _ _ _ _ _ _ _ _
3: 18
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _:
3:
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: 2 Наполеон соҒыстары жӘне ЕвропадаҒы Өзгерістер
3:
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: 2. 1 Австрия Пруссия және Германия территориялары үшін шайқастар _ _ _ _ _ _ _ _
3: 24
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: 2. 2 Испания Португалия және Италия территориялары үшін шайқастар _ _ _ _ _ _ _ _
3: 33
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _:

2. 3 Англия территориясы үшін күрес және оның

нәтижесі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

3: 37
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: 2. 4 Соғыстар нәтижелері және Вена конгресі _ _
3: 48
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _:
3:
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
3: 54
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: ПайдаланылҒан деректер тізімі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
3: 56
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _: Қосымша материалдар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
3: 58

Тақырыптың маңыздылығы. ХХ ғасырдың аяғында қазақ халқы дүниежүзілік тарих сахнасында әлем қауымдастығына өзін егемен ел ретінде мойындатып, байрағын көтеріп, атының шартарапқа таралғанына да міне, биыл он жыл болыпты. Осындай ғасырлар тоғысында қазақ халқы үшін болып отырған оң өзгерістер заманында халқымызбен бірге дамып, қоғамның әртүрлі формацияларына сай суығы мен күйігін бірге көтеріп келе жатқан еліміздің тарихына деген көзқарастар егемендік алғаннан бері жаңаша сипатқа ие болуда. Сол көзқарастардың бірі - бұрынғы одақта шет елдер жөнінде көп жазылатын. Бірақ бұл негізінен мәскеулік ғалымдардың еншісіне тиіп келген еді. Бұрынғы одақтас республикалардың егемендік алуына байланысты жағдай өзгерді. Дүние есігі бізге де ашылды. Сол дүниенің бірі - Франциядағы Наполеон Бонапарт билігі кезіндегі Европадағы жағдайды ашып көрсетуге талпыныс туып отыр.

Соның ішінде Наполеон Бонапарттың ақылды қолбасшы, мемлекет қайраткері, кезінде Батыс Европа елдеріне өзінің айбынды әскерінің арқасында үстемдік жүргізген қызметінің өзіндік ерекшелігі бар болғандығы ешкімге шүбә тудырмасы анық.

Мәселенің тарихнамасы.

Наполеондық тарихнама өзінің бастауын Наполеон қайтыс болғаннан кейінгі онжылдықтан алады. Яғни, бұл онжылдық ішінде Наполеонды біреулері жақтаса, екіншілері даттаған еді.

Наполеондық билік туралы бурбондардың қайта қалпына келгенінен кейін, роялистер даттап жазған еді. Осыған қарама-қарсы көптееген естеліктер, көптомдық шығармалар, Шапталдың естеліктері және Лас-Каздың кітабы т. б. өз ыңғайын тауып, жарық көре бастады. Бұның бәрі көзбен көріп, Наполеонның өзімен сөйлескенде жазылған нағыз құнды дерек болып табылады. Атап айтқанда, 16 томдық Луи Мадленнің еңбегі, Вальтер Скотт, Стендлай, Эмил Людвиг және Бертран Рассел, Адольф Тьер, Томас Карлей, Жорж Лефевр, Андре Моруа тағы да басқа француз тарихшыларының зерттеулерін жатқызуға болады. Осылардың негізінде көптеген кеңес тарихшылары да өз қызығушылықтарын туғызып, Наполеонға арнап, арнайы монографиялар да жазған еді.

Соның ішінде, Е. В. Тарленнің Наполеон деген еңбегі /1/ орыс тіліндегі алғашқы аудармашылық еңбек болып табылады. Автор бұл шығармасында Наполеонның өмір жолынан бастап, көптеген мәселелерге тоқтала отырып, жан-жақты мәлімет берген. Наполеон туралы бұл зерттеу - ресейлік басқа еңбектердің бастауы болып отыр. Себебі онда сол кездегі Франциядағы және Батыс Европадағы жағдай, Наполеон Бонапарттың өмірі мен қызметі көптеген дерек-дәлелдермен қамтылған. Автор аталған еңбегінде өзінің қарсыласын талқандап, күшін нығайту үшін Наполеонға қанды шайқастар, қатал соғыстар, ірі жорықтар және де ұзақ шапқыншылықтар өте қажет болды /2/ деп көрсетеді. Саяси тиімділіктен бұрын Наполеон ішкі-сыртқы саясатында өз империясын деспоттық режиммен ұстауға тырысты /3/ деп көрсетеді.

Сонымен бірге, Наполеон турасында оның жанұясы жөнінде жазылған еңбектердің бірі - Десмонд Сьюардтың АҚШ-та жарық көрген «Наполеонның отбасың деген шығармасын /4/ атауға болады. Ғалым бұл еңбегінде Наполеонның отбасылық қатынасын, әр отбасының мүшесіне жеке-жеке талдау беріп, оларды мейлінше суреттеуге тырысқан. Оның пікірлерінің орыс тарихшыларымен қарама-қайшы жақтары да бар. Еңбектің негізгі аумағы - Наполеон фигурасын айқындау. Автор үшін Наполеон тек қана қолбасшы емес, ол қатал жаулаушы, кейінгі ұрпағы үшін өз мақсатын белгілеп, соны жасап кеткен ұлы адам /5/.

Д. С. Мережковский өзінің Наполеон деген еңбегінде /6/ Наполеон соғысты француз революциясынан мұраға алды. Европамен соғысты. Біз енді тәжірибе арқылы азамат соғысын, халықаралық соғыстардың әлдеқайда қорқынышты екенін білеміз. Ал, Наполеон соғысы - үлкен халықаралық соғыстармен және орыс азамат соғысымен (15 млн. адам өлді) салыстырғанда ойыншық еді /7/ деп көрсетеді.

Келесі бір орыс тарихшысы Альберт Захарович Манфред өзінің Наполеон Бонапарт атты монографиясында /8/ Наполеон Бонапарт алыс қашықтықтан өзінің 2 жақты қайшылықтарымен көрінеді /9/ деп жазды.

Яғни, өз кезеңінің адамы, алғашқы жас буржуазия өкілі, көрнекті мемлекет қайраткері - Наполеон Бонапарттың көтерілуі және түсуі бәрі де заңды құбылыс екенін, өз заманының ұлы, сол кездің қасиетін бойына сіңірген ұлы қолбасшы екенін барлық авторлар ашып көрсетеді.

1994 жылы дүниежүзілік қауымдастық ұлы корсикандықтың 220 жылдығын тойлаған болатын. Жүздеген кітаптар мен мақалалар, конгресс, арнайы конференциялар, көптеген телебағдарламалар бой көтеріп, қайтадан талас пікірлер туған болатын. Қолбасшыға, мемлекет қайраткеріне деген қоғамдық қызығушылықтар әлі күнге дейін ұлы да қастерлі еді. Біреулері Наполеонды даттаса, келесілері оны жақтайды, ал үшіншілері одан бүгінгі күнде ұқсас адам іздегісі келеді. Наполеон - ол тарихты жасаушы, және де оның тұлғасы ешқашан, еш жерде қайталанбайды, себебі, XVІІІ ғ. аяғы мен XІX ғ. басындағы Европа мен Франциядағыдай жағдай әлемдік тарихта болмайды және болуы мүмкін де емес еді.

Бұл саяси тұлға жөнінде және оның отбасы мүшелері туралы да талай пікір-таластар болған, болды және бола бермек.

Наполеон Бонапарттың өмірі мен қызметіне баайланысты көптеген кеңес тарихшылары өз тұжырымдамаларын жасады. Бірақ, бір айта кететін жәйт - бәрі де сол кездегі ұлы да алып империя - Ресейге тоқталып өткен еді. Себебі, Наполеон өмірі Европамен қоса Ресейде де өз ықпалын жүргізіп отырған еді. Ресей жөнінде авторлардың еңбектері өте толық, жан-жақты зерттелген мәселе болып отыр. Ресей мәселесі өте нақты түрде талқыланған бөлек бір дүние болып отырғаны айдан анық. Сондықтан да, бұл еңбекте Ресей жайлы сөз ету артықтау болып отыр.

И. А. Мусский өзінің 100 ұлы диктаторлар деген еңбегінде /10/ көптеген ірі қолбасшылардың өмірі мен қызметіне, қанды шайқастарына толықтай тоқталып, соның ішінде Наполеон Бонапарттың да рөлін ашып көрсеткен еді. Дәл осы баспадан (Вече) жарық көрген 100 ұлы шайқастар кітабы /11/ да осыған ұқсас, мұнда Наполеонның ірі шайқастары мен қанды соғыс, жорықтары өте жақсы суреттелген.

Қорыта келгенде Наполеон Бонапарттың өмірі мен қызметіне арналған, Батыс Европа елдері жөнінде жарық көрген еңбектер күні бүгінге дейін халықтар арасында өз қызығушылығын туғызып келеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Зертеу жұмысының басты мақсаты - Наполеон Бонапарттың билік ету барысын Батыс Европадағы іс-әрекеттері арқылы ашып көрсету болып табылады. Осы бағытта автор алдына мынадай міндеттер қояды:

  • Наполеон Бонапарттың өмір жолына толық түрде сипаттама беру;
  • Европадағы қанды соғыстарына жеке-жеке тоқталып, олардың мәнін ашу;
  • Наполеон билігі кезіндегі Батыс Европа елдерінің ішінде ең көп әсер еткен Англияның ерекшелігін, рөлін анықтау;
  • Соғыс соңында Вена конгресіндегі елдердің ара-қатынасына талдау беру.

Зерттеу жұмысының деректік негізі.

Зерттеу жұмысын жазу барысында негізгі тарихи дерек көзі ретінде автор Е. В: Тарленің Наполеон /12/, А. З. Манфредтің Наполеон Бонапарт /13/ атты монографиялық еңбектерін пайдаланды. Себебі, аталған еңбектерде зерттеліп отырған мәселеге байланысты және Наполеонның жеке, саяси өмірінен көптеген мәліметтер беретін дерек дәлелдермен келтірілген. Мәселенің мәнін ашып, оған шынайы баға беруде және кейбір айтылмай келген жақтарын ашуда жергілікті мерзімді баспаларда шығарылатын атап айтсақ, Эврика газетінің /14/ беттерінде жарияланған мақалалар да пайдаланылды. Сонымен қатар, Вопросы истории, Новое и новейшие время, Эхо планеты, Вокруг света журналдарында /15/ және тағы да басқа ғылыми басылымдарда берілген деректер тақырыпты жан-жақты ашып көрсетуде үлкен септігін тигізді.

Келесі бір ең қажетті дерек көзі ретінде Д. Съюардтың Наполеон и Гитлер /16/, Шедивы, Ярославтың Меттерних против Наполеона /17/, және 1640-1870ж. ж. аралығын қамтитын Хрестоматия по новой истории /18/ еңбектері диплом жұмысын жазуда бірден-бір дерек көзі ретінде мәселеге нәр беріп одан әрі шыңдай, тереңдей түсті.

Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы. Жұмыста негізінен 1800-1815жылдар аралығы қамтылған. Себебі, осы кезең Наполеон Бонапарттың билік еткен уақыты болып табылады.

Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы. Зерттеу жұмысында Наполеонның және оның билігі кезіндегі әрекеттері мен бағытын жан-жақты көрсету үшін бүкіл Батыс Европа елдері қамтылды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Зерттеу жұмысында қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында тарихи зерттеудің диалектикалық тәсілдерімен тығыз байланыстағы тарихилық, өркениеттілік сияқты негізгі методологиялық принциптер басшылыққа алынды. Наполеонның өміріндегі, Европа елдеріндегі жағдайды сипаттау барысында тарихи салыстыру, талдау және қорытындылау әдістері кең қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұрын қазақ тілінде нақты, арнайы зерттелмеген мәселеге тоқтала отырып, XІX ғ. бірінші жартысындағы Европа елінің жағдайын сипаттай келіп, Франциядағы Наполеон Бонапарттың бірден-бір халық сеніміне ие болған саяси тұлға екендігін ашып көрсету және оған объективті түрде баға беру болып табылады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Осы мәселе бойынша 1999-2000 оқу жылында курстық жұмыс есебінде сыннан өтіп, 2000-2001 оқу жылында студенттердің ғылыми конференциясында арнайы баяндама жасалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 7 тақырыпшаны қамтитын 2 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады.

  1. НАПОЛЕОН САЯСИ БИЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАНаполеон Бонапарт - өмір жолы

1804-1815 жылдары және 1815жылғы наурыз - маусым айларындағы Француз императоры. 1799 жылы мемлекеттік төңкеріс жасап, бірінші консул болды. 1804 жылы император титулын иеленді. Билігі кезінде диктаторлық режим орнатып, өзінің айбынды әскерінің арқасында империяның аумағын кеңейтті. Орталық және Батыс Европаның көп бөлігін Францияға тәуелді қылды. 1814 жылы тақтан аластатылды. Бірақ, 1815 жылы тағы да император тағын иеленді, кейін Ватерлоо түбіндегі ұрыстағы жеңілістен кейін қайтадан тақтан айырылды. Өмірінің соңғы жылдарын Қасиетті Елена аралында өткізді.

Карло Мария Буонапарте- Наполеон Бонапарттың әкесі, 1746 жылы туған, Корсика аралының ұсақ шаруашылық иесі, Аяччо қаласының тұрғыны. Оның адамдарға деген жанашырлығы сондай - оны корсикалықтар тамаша Карло атаған. 1764жылы Карло Мария генуя жанұясынан шыққан 14 жасар Литиция Рамолиноға үйленеді.

Наполеон Бонапарт - 1769 жылы 15 тамызда Аяччо қаласында Карло Бонапарттың отбасында дүниеге келген. Наполеон - жанұяда екінші бала. Әкесінің 12 баласынан қалған сегізі, соның ішінде 2 үлкен ұлы Жозеф пен Наполеонды Француз үкіметінің 1779 жылғы жарлығы бойынша стипендия берілетіндей жағдайға қол жеткізген соң, Францияға колледжге оқуға жібереді. Бұл кезде Наполеон 9 жасар бала еді. Наполеонның тарихи өмір жолы осы 9 жасында үйінен кеткен кезден басталады. Наполеон Отен колледжінде аз уақыт болған соң, Бриендегі әскери училищеге ауысты. Сабаққа нашар үлгеретін, французша әрең түсіндіретін бала, жолдастарының күлкісіне айналған еді. Бірақ, ол өзінің талабымен, талантымен көзге түсе білді. Сол кезден бастап, оның еліктеушісі, үлгі тұтатыны- Юлий Цезарь болатын. Наполеон барлық пәндер ішінде - математикаға көп көңіл бөлді. Сонымен бірге - тарих және география пәндеріне деген қызғушылығы ерекше еді. Тек латын және неміс тілдерінен нашарлау болды. 1784 жылы мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырып кадет шенін алады, және ол Париждегі әскери мектепке көшеді. Париж әскери мектебі - елдегі ең керемет оқу орындарының бірі болды. Ол тек әсем ғимарат қана емес, сонымен бірге білімді де тәжірибелі мұғалімдер ордасы болды. Осындай ордада жас тәрбиеленуші бозбала -

Наполеон Бонапарт өзінің ғылымға деген ұмтылысымен барлық мұғалімдердің шапағатына бөленіп, 1786 жылы училищені «кіші лейтенантң деген атақпен бітіріп шықты. Оқудан кейін үлгілі Ла-Фер полкіне артиллерия лейтенанты болып жіберілді. Кейбір деректерде Лион қаласының маңындағы Валанс полкіне жұмысқа жіберілді /19/ делінеді. Міне, осы гарнизонда артиллерия бөліміндегі кіші лейтенант - Наполеон Бонапарттың әскери қызметі басталды. Оның күнделікті жағдайы, гарнизондық қызметі - жас жігітті қанағаттандырмады. Ол өзінің білімін әскери іс туралы кітаптарды оқу арқылы жетілдіре түсті. Атап айтқанда: Маркиз де Фекъердің «Мемуарларң, Гибердің «Тактика туралы жалпы елестетуң, дю Тайленің «Артиллерияны қолдану туралы хатң және де ұлы артиллерист Грибовалдың «Өсиетң атты еңбектерін оқыды. Сонымен қатар, Юстинианның кодексімен танысып, көрнекті ағартушылардың еңбектерін оқып жүрді. Соның ішінде оның өміріне көп ерекше ықпал еткен Рейналь мен Руссоның еңбектері болды. Бриенде, Парижде, Валанста жүрген кезінде өз жерін, ата-бабасын аңсап, Корсиканың ұлылығына таң қалып, көп ойланатын. Наполеон Бонапарт әскери мектепте оқып жүрген кезінде, өмірдегі қиын кезеңге тап болады. 1785 жылы 40 жасқа жетпей әкесі дүниеден қайтты. Осы кезде жас бозбаланың мойнына шешесінің, қалған кішкентай бауырларының ауыртпалығын көтеру міндеті тұрды. Содан Наполеон Бонапарт Аяччодағы жеті жылдан астам уақыт болмаған үйінің табалдырығын қайта аттады. «Наполеонның бұл келісі - деп жазады үлкен ағасы Жозеф, - шешемнің ұлы да бақытты кезеңі болып саналады /20/.

Наполеон Бонапарт өз жұмысын тиянақты істеуімен көзге түсті. Ол өз жұмысын және артиллерия өнерінің құпияларын білетін ынталы офицер болды. Артиллерия бөліміндегі кіші лейтенанттың өмірінде қуанып, еске аларлықтай ештеңе болған жоқ. Өмір жолы қарапайым, жұпыны өтті. Ол өзін барлық жағдайларда тежеп отырды. Осылайша, кедейлік оның соңынан еріп отырған еді. Наполеон өзі корсикалық болғанымен оған тағдырдың бұйрығымен француздар арасында өмір сүруге тура келді. Өйткені, Корсика 1769 жылы Француздардың жаулауына түскен еді. Оның аты сол кезде корсикалық транскрипция үлгісінде - Наполионе ди Буонапарте деп жазылатын, кейін Францияға келгесін Наполеон Бонапарт болып өзгертілді. /Сол кезде Корсика көсемі - батыр Паоли еді/. Наполеонның өз бойындағы ерекшеліктерінің бірі - есте сақтау қабілетінің өте жақсы болуы еді. Сол қасиетінің арқасында ол өз отрядындағы бүкіл солдат, офицерлердің аты-жөнін жатқа білген. Сонымен бірге, ол қолы бос уақытында шахмат ойынын және картада 21 ойынын ойнағанды ұнатқан. Наполеонның тағы бір ерекшелігі- музыканы ттыңдай және түсіне білді. Наполеонның ең басты кәсібінің бірі- көркем әдебиеттер оқу болды. Бриенн училищесінде оқып жүрген кезде-ақ ол қолы бос уақытында тек кітапханаға баратын. Әсіресе, Полибий және Плутархты, тарихи әңгімелерді оқығанды ұнатқан. Валанста оқып жүрген кезінде өзінің қалған ақшасына Женева тағы да басқа қалалардан кітаптар алдырып жүрді. 1786 жылы Корсикаға өз еліне келген кезде ағасы Жозефтың айтуынша, оның кішкентай сандығы кітапқа толы еді. Француз тіліне аударылған Плутарх, Платон, Цицерон, Корнелий, Непот, Тит Ливий, Тацит шығармалары және де Монтен, Монтескье, Рейнал еңбектері болған. Наполеонның тарихқа жақындығы сондай- антика заманындағы Эллада, Рим тарихын, ежелгі замандағы Египет, Ассирия, Вавилон, Персия тарихын оқып, өзіне керек жерлерін дәптеріне жазып алып жүрген. Оның дәптерлерінде Англияның Юлий Цезарь басқарғаннан бастап, 17ғ. Соңына дейінгі кезеңі жазылған. Наполеон өзінің жолдастарын сол кездегі классикалық Француз әдебиетін, соның ішінде теңдесі жоқ терең де тұңғиық Корнел, Расин, Лафонтен, Боссюэ, Фенелон, Вольтер, Руссо шығармаларын меңгеруімен қызықтырып жүрді. Осылардың бәрін жинақтай келгенде Наполеон Бонапарт прозада, поэзияда және т. б. әдебиет жанрларында жеңіл әрі тез, бірқалыпты еркін меңгере алғанын көреміз. Оның шығармалары жарыққа тез шықты. Романдары «Маттео Буттафуокаға хатң, «Бокердегі кешкі асң, «Глиссон және Эжениң, және де 1788 жылы жарыққа шыққан «Граф Эссексң шығармасы болды.

Наполеонның мінезі ерте балалық шағынан бастап шыдамсыз әрі тынымсыз болды. «Мен кішкентайымнан айқай мен төбелеске бейім тұрдым. Еш уақытта ешкімнен қорыққан емеспін, бірін тістедім, бірін ұрдым, бәрі меннен қорқатын болды, менің осы қылығым үшін ағам Жозеф жауап беретін болды, оны да ұрдым. Ол үшін оны соққыға да жығып жүрді. Ол маған келгенше, мен шешеме арызданып та болатын едім. Бірақ, менің қыңырлығым өзіме пайда әкелді. Шешем Литиция, менің төбелесім үшін сөксе де менің қарсыласуымды жек көрдің/21/.

Наполеон кішкентайынан қырсық әрі қыңыр болып өсті. Анасы оны жақсы көрді, бірақ тәрбиелегенде Наполеонға да, басқаларына да суық қарады. Әкесі мейірімді, бірақ ауыр мінезді адам болды. Отбасында негізгі ролді шешесі Литиция басқарды. Ол қатал әрі еңбек сүйгіш және баланы жақсы тәрбиеледі. Наполеонның еңбек сүйгіштігі, қатаң тәртіпке икемділігі - шешесінің тәрбиесі еді.

Шалғайдағы арал табиғаты, жабайы таулы ормандар, шатқалдар және әулет аралық қақтығыстар «қанға- қан деген кек алу заңдылықтары жас Наполеонға қатты әсер етті. Ой еңбегіне бейімділігі жас кезінен қалыптасты. «Егер мен бір нәрсеге дайындалатын болсам, алдын-ала ойланып, күні бұрын қам жасаймын. Менің бұл ойым басқаларға күтпеген жерден сарт ете қалатын еді, бұл менің ойлауымды дамытады. Мен әрдайым жұмыс жасаймын, түскі үзілісте де, театрда да, кейде түнде тұрып та жұмысқа кірісемін /22/. деп жазды. Өзінің тапқырлығы туралы ол кейде салмақты түрде, кейде келеке түрде айтып жүрді.

Наполеон өзінің еңбекке бейімділігімен мақтана алатын еді. Оксонда оқып жүргенде өзі қалам алып шағын трактат жазуға бел байлады. «Бомба лақтыру туралы деген трактатының негізгі мазмұны - баллистикалық қаруға арналды. Артиллерияның жұмысы оның ең сүйікті әскери мамандығы болды. Оның соңғы кездегі жазбаларында беллеристика туралы ойлары, философиялық саяси этюдтары қалды. Бұл жазбаларда ол либералды бағыт ұстады. 20 жасар артиллерия жұмысшысына 1789жылғы революция әсер етті. Өзінің әлеуметтік шығу тегі бойынша, Наполеон революциядан яғни, буржуазияның абсолюттік феодализмді құлатуы өте тиімді болды. Корсикада дворяндар, әсіресе кіші поместье иелері Францияның өзіндегі дворяндар тәрізді жеңілдіктерге ие болмады. Жоғарғы және тез карьераны алыс жердегі дворяндар қорғай алмайтын еді. Егер Франция «жабайы Италия аралдарын басып алмаса және 1789 жылы көзге көрінбесе, әлеуметтік баспалдаққа көтерілмес те еді. Осылайша, Наполеонның революцияны пайдалануы тиімді болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наполеон Бонапарт және XIX ғ. I жартысындағы Европа елдері
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Наполеон соғыстарының халықаралық қатынасқа әсерін зерттеу
Наполеон кеңес тарихшыларының көзқарастарымен
Наполеон Бонапарт
Наполеон Бонапарт – 1-консул
Термидорлық Конвенттің соғыстары
ХҮІІғ. басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Наполеонның басқыншылық саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz