Қазақстан Республикасындағы пошта-жинақ жүйесі


Мазмұны
Кіріспе
1. Почта-жинақ жүйесінің даму тарихы
1. 1 Жинақ мекемелерінің және почта-жинақ жүйесінің пайда болуы
1. 2 Почта-жинақтау қызметтерi дамуының шетелдiк тәжiрибесi
2. Қазақстан Республикасындағы пошта-жинақ жүйесі
2. 1 Қазақстан Республикасының пошта- жинақ жүйесінің дамуы
2. 2 Қазақстандық почтаның миссиясы
3. Қазақстан Республикасындағы «Қазпочта» АҚ
3. 1 «Қазпочта» АҚ туралы жалпы мағлұмат
3. 2 Бүгінгі таңдағы «Қазпочта» АҚ және оның жобалары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазiргi пошта - бұл, жан-жақты қаржылық қызмет көрсету қабiлетi бар, бұрынғы мағынадағы пошта мен бiрегей қаржылық институтының бiрлескен құрылымы. Мұнда көрсетiлген қызметтердiң қол жеткiлiктiлiгi филиалдың кең тараған құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қамтамасыз етiледi. Бүгiнде ауылды жерде пошта-жинақ жүйесiн көрсету сапасын арттыру, қалада инфрақұрылымды дамыту, көрсетiлетiн қызметтiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгiн өсiру, сауда-саттық көлемiн, соған сәйкес, табыс көлемiн ұлғайту негiзгi мақсаттардың бiрi болып саналады. Аталған шараларды жүзеге асыру арқылы пошта-жинақ жүйесiн бұдан әрi өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында тұрақты және тиiмдi дамытудың негiзiн қалауға мүмкiндiк бередi. Ауылды жерде халыққа пошта және қаржылық қызметтен бастап күнделiктi тұтыну тауарларын сатуға дейiн кең түрде қызмет көрсететiн бiрден-бiр мекеме пошта байланысы бөлiмшелерi болып саналады. Оларға жалақы нақты iстеген уақытына төленедi. Сонымен, бүгiнде ауылды жерде жұмыспен толық қамтылмаған көптеген пошта жұмыскерлерi қызмет етедi. Оның үстiне ауылды жерде орналасқан пошта байланысы бөлiмшелерiнiң ғимараты мен бөлмелерi талапқа сай келмейдi. Жалға немесе өтеусiз пайдалануға алынған үй-жайлар техникалық жағынан өте нашар күйде. Өйткенi бұл жайларды күрделi жөндеуден өткiзу үшiн соңғы жылдары ешқандай қаражат бөлiнбеген. Ал ауылды жердегi пошта байланыс бөлiмшелерiнiң жайлары тiптен жарамсыз, жөндеуге келмейдi. Мұндай елдi мекендерге ескiсiн жөндеуден гөрi жаңасын тұрғызу тиiмдiрек болады.
1. Почта-жинақ жүйесінің даму тарихы
1. 1 Жинақ мекемелерінің және почта-жинақ жүйесінің пайда болуы
Тарихи тұрғыдан жинақтау мекемлеренің алғашқы формалары ретінде өздерінің тәуелсіздігін сатып алу үшін қаражат жинап отырған құлдар ғибадатханалары (б. з. б II ғ. ) мен ресей помесщиктерінің жанұялық «кассаларын» жатқызуға болады. Кейіннен, өнеркәсіптің дами бастағанда шаруалар өзінің қаражатын жинақтау мақсатында жинақ бірлестіктерін құра бастады. Бірақ та, олар басқару және ұйымдастыру жағынан әлсіз болғандықтан, XII ғасырда Еуропада алғашқы жинақтау банктері пайда болды. Оларды құру идеясын 1611 жылы Хуго Делестр ұсынған. 1765 жылы Германияның Гамбург қаласында, 1778 жылы Бернде, 1787 жылы Англияда тұңғыш жинақтау банктері ашылды. Жинақтау банктері қалалар мен аймақтар бойынша шағын несиелік операцияларды жүзеге асырушы мекемелер ретінде қалыптасты. Олар АҚШ, Ұлыбритания, Австралия сияқты мемлекеттерде қолдау тауып, дами бастады. Осында жинақ банктерінің үш түрі қалыптасты: сенім-жинақ банктері, өзара-жинақ банктері және почта-жинақ банктері.
Сенім-жинақ банктері - банктік кооперативтік мекеменің бір түрі. Олар Ұлыбританияда ең көп тараған. Англияның Ұлттық жинақ банкімен қоса сенім-жинақ банктері халық пен кәсіпорындар үшін шоттар ашуды тәжірибеледі. Салымшы алдын-ала ескерту арқылы өзінің қаражатын алып отырды.
Өзара-жинақ банктері - банктік кооперативтік мекеменің бір түрі ретінде АҚШ-та таралды. Олар ұсақ салымдарды белгілі бір мерзімге қабылдап отырады.
1861жылдан бастап почта-жинақ жүйесі де дами бастады. Даму барысында XIX ғасырдың аяғында-XX ғасырдың басында халықтың қаражатын почта бөлімшелері арқылы жинақтайтын почта-жинақ банкетрі пайда болды. 1861 жылы Англияда Байланыс Министрлігінің бақылауымен «Англияның почта-жинақ банкі» құрылды. 1969 осы Министрліктің мемлекеттік мекемеден әлеуметтік мекемеге ауысқанына байланысты почта-жинақ банкі Ұлттық жинақ банкі болып өзгертілді. Қазіргі кезде бұл банк Ұлттық жинақтар Министрлігімен басқарылады және өзінің операцияларын почта бөлімшелері арқылы жүзеге асырады. Почта-жинақ банкінің акционерлік капиталы болмайды, олардың міндеттемелері мемелекетпен кепілденеді. Бұл банк өзінің қаражатын почта бөлімшелері көмегімен халықтан салымдар қабылдау арқылы жинақтайды.
1. 2 Почта-жинақтау қызметтерi дамуының шетелдiк тәжiрибесi
Рыногтың ырықтандырылуымен, сондай-ақ технологиялық эволюцияның халықаралық деңгейдегi құрылымдық өзгерiстерiне байланысты әлемдiк және аймақтық шеңбердегi (тиiсiнше кiрiстердiң де) почта алмасуларының күрт төмендеуi жағдайында почта индустриясын дамытудың жаңа стратегиясын жасап шығару қажеттілігі Пекиндiк почта стратегиясын бекіткен 1999 жылғы тамыз-қыркүйек айларында өткен Дүниежүзiлiк Почта Ұйымының XXII Конгресiнде жарияланған болатын. Осы стратегияның негізiн қалаушы қағида ретiнде әр түрлi қызмет түрлерiн, бiрiншi кезекте рыногқа бейiмделген, қаржылық қызметтердi енгiзу, және почта қызметiнiң сапасын көтеру қабылданған болатын.
Әр түрлі қызметтерді қосу түрлi экономикалық даму деңгейіндегі көптеген елдерде оң нәтижелерге алып келдi. Ұлттық заңнамалық ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi елдер почталық институттарға қосымша ретiнде почталық банктерді құру нұсқасын қалай таңдаса, филиалдық желi негізiнде почталық, қаржылық және агенттік қызметтердiң тiкелей үйлесуiн де солай таңдайды.
Осылайша, Францияда көрсетiлетiн қызметтер аясы почталық қызметтерден басқа, бiрқатар банктiк қызметтердi, соның iшiнде, ипотекалық несиелеу, логистика қызметтері және өзге де қызметтерден тұрады. Германияда - аударым операциялары, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, несиелеу, лизинг, электрондық коммерция, депозиттер қабылдау, логистика қызметтерi. Италияның почталық саласын осындай жолмен реформалау почта әкiмшілігіне 2000 жылдың 1 жартыжылдығында-ақ жедел қызметтердiң терiс нәтижесiнiң анағұрлым (336-дан 19 млрд. лирге дейiн) төмендеуiне алып келдi. 7 миллионнан астам адамдардың есепшоттары орналасқан, Нидерландының почта-жинақтау жүйесi елдiң барлық төлемдерiнiң 50%-дан астамын жүзеге асырады және де аса iрi қаржы қызметтерiн көрсетушілердiң бiрi болып табылады.
Жапонияда почталық, қаржылық және сақтандыру қызметтерiнiң бiр мекеме аясында бiрегей үйлесуi iске асырылған. Жапонияның почта-жинақтау жүйесі әлемдегi аса ірі қаржы мекемелерінің бiрi болып саналады, оның бiрден-бір артықшылығы елдiң әрбiр елдi мекенінде болуы. Оның желiсi шамамен 150 мыңдай адам жұмыс iстейтiн, 24 100 почталық бөлiмшелердi құрайды. Жапондық почта-жинақтау жүйесi елдiң депозиттiк жинақ рыногының шамамен 20%-на қызмет көрсетедi. Халықтың депозиттерi 253 триллион йеннен аса немесе 2, 2 триллион АҚШ долларын құрайды.
Швейцарияның қазiргi заманғы почта қызметiнiң басым бағыттарына мынадай төрт сектордағы қызметтер жатады: қаржылық, көлiктік, почталық жөнелтілiмдер және логистика. Қаржылық секторда қызмет нақты қызметтерді қарастыратын банктермен келiсiм негiзiнде жүзеге асады. Қазiргi уақытта елдегi төлемдердiң 2/3-ci почта арқылы жүзеге асырылады, шоттардың саны шамамен 2, 3 млн. бiрлiкті құрайды. Негiзгі қаржылық қызметтер спектрiне депозиттер, сақтандырудың түрлі үлгiлерi, ссудалар кiредi. Соңғы кездерде енгiзiлген қызметтердiң бiрi ипотекалық несиелеу болып табылады.
Қытай почтасы жазбаша хат-хабарлар, почталық сәлемдемелер мен аударымдар, мерзімдік баспа басылымдарына жазылу, оларды жеткiзу және филателия қызметi сияқты дәстүрлі қызметтердi көрсетумен қатар, EMS жөнелтілiмдерiн, басымдылықты почта, электрондық почтаны жеткiзуге, почталық жинақтаушы касса қызметiн дамытуға, және агенттік қызметтердi көрсетуге кiрiсті. Қытайдың почта саласын реформалау кезiнде почталық жинақтаушы кассасы және почта арқылы төлем қызметi (ақша аударымдары) сияқты банктiк қызметтердi дамытуға басты назар аударылады.
2000 жылы почтаны реформалаудың әлемдiк беталысы Қазақстан Республикасына жеттi. Қазақстан советтiк кезеңнен кейінгі кеңiстiктегі тиiмділігі шетелдiк тәжiрибемен және отандық почта операторының қол жеткiзген нәтижелерiмен расталатын почта-жинақтау моделiнiң негiзiн қабылдаған бiрiншi ел болды.
ТМД және Балтық елдерi осы жолмен почта саласын дамытуды бастады.
Шетелдердегі почта саласын реформалау, мемлекеттің қолдауымен, ұлттық операторларды қаржыландыруға жәрдемдесе отырып, жүзеге асырылғандығын айта кеткен жөн.
2. Қазақстан Республикасындағы пошта-жинақ жүйесі
2. 1 Қазақстан Республикасының пошта- жинақ жүйесінің дамуы
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322, 7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1, 8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44, 1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы, 1986 ж. ) .
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі - Қазақстан Республикасында почта саласын реформалау болды. Соның нәтижесінде Республикалық мемлекеттік почталық байланыс кәсіпорны акционерлік қоғам (АҚ) болып қайта құрылды, мұнда акцияның 100% мемлекетке тиесілі, бірақ почтаның толық шаруашылық дербестігі және қор мен қаржы рыноктарына шығу мүмкіндігі бар. Сондықтан Қазақстанның бүкіл аумағын қамтитын, орасан почта желілеріне қаржылық және агенттік қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді жүктеу болжамдалды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда банк пен почтаның симбиозы болып табылатын, почта-жинақ жүйесі дамытыла бастады. Осы кезден бастап «Қазпочтаға» ақша салымдарын қабылдауға, төлемдер жүргізуге, несие беруден басқа іс жүзінде қаржы қызметінің бүкіл спектрін жүзеге асыруға рұқсат берілді.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы және қоғамды ақпараттандыру жағдайында почта байланысы кәсiпкерлiктiң, қаржы-жинақ қызметтерiнiң, бағалы қағаздар рыногының, ақпаратпен алмасудың дамуына жәрдемдесетiн нарықтық және ақпараттық инфрақұрылымның маңызды элементi болып отыр.
Осыған байланысты Қоғамның негiзгi даму мақсаты Қазақстан Республикасында меншiкті почта бөлiмшелерi желiсi арқылы кең ауқымды почталық, қаржылық және агенттiк қызметтер көрсететiн, тиiмдi жұмыс істейтін почта-жинақ жүйесiн құру болып табылады.
Қойылған мақсатты iске асыру мынадай негiзгi мәселелердi шешудi көздейді:
-қазiргi заманғы технологияларды қолдану, почта жөнелтiмдерiнiң өтуiн бақылау, басқару жүйесiнің нысандары мен әдістерiн жетiлдiру есебiнен почта саласының жұмыс сапасын арттыру;
-ақпараттық инфрақұрылым құруды көздейтiн және ақпарат жiберудiң аса сенiмдi, жылдам және қорғалған жүйесiн ұйымдастыруға бағытталған почта байланысын ақпараттандыру;
-ықтимал рыноктарды зерделеу және Қоғам қызметiнiң перспективалық бағыттарын айқындау жөнiндегi жұмысты жандандыру арқылы қызмет түрлерiн кеңейту;
-почта жөнелтiмдерiнiң нақты көлемiн тұрақтандыру және елдi мекендердiң толық қамтылуын ескере отырып, аймақтық инфрақұрылымды жетiлдiру және көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру;
-почта қауiпсiздiгi жүйесiн құру арқылы почта жөнелтiмдерiнiң сақталуын және қызметтiк міндеттерiн атқару кезiнде почта байланысы қызметкерлерiнiң жеке басының қауiпсiздігін қамтамасыз ету;
-Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі Даму стратегиясында тұжырымдалған ұзақ мерзімді басымдықтардың бiрi болып табылатын халықтың жинақ ақшасын ұлғайтудың ұлттық бағдарламасын iске асыруға барынша жәрдемдесу;
-ауылдық жерлердегі тұрғындарға зейнетақы мен жәрдемақыларын уақытында жеткiзу функцияларын қалпына келтiрудi көздейтiн зейнетақы реформасын қолдау және осы негiзде осындай әлеуметтiк төлемдердi ұйымдастыруға арналған өз төлем жүйесiн әзiрлеу;
-еңбекақы, стипендия, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдерді төлеу бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелердің, көлiк-коммуникация кешенi кәсiпорындарының және басқа ұйымдардың санын көбейту;
-жеке тұлғалар мен мемлекеттiк органдардың өкілдерiнен салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер есебiне төлейтiн қолма-қол ақшаны қабылдау жөніндегi қызметтi жандандыру;
-материалдық базаны және техникалық жарақтандыруды жақсарту;
-почта-жинақ желiсін жетілдіру және соның негiзiнде қазiргi заманғы өз төлем жүйесін құру;
-нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру, жаңа қызметтердi көрсету жөнiндегі Қоғам қызметiн реттейтiн әдiснамалық базаны қалыптастыру;
-шетелдiк почта әкiмшiлiктерiнiң озық жетiстiктерiн зерделеудi және ендiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы почта саласының әлемдiк почта жүйесiне кірігуiн одан әрi тереңдету.
Белгiленген мақсаттарды табысты iске асыру үшiн Қоғам, төмендегінi қоса алғанда, жаңа технологияларды ендiру және жабдықтарды жаңғырту негізiнде Қоғам ұсынатын қызметтердiң бәсекеге төзiмдiлiгін арттыру жөнiнде жұмысты жалғастырады:
-жаңа автоматтандырылған жүйелердi қосуға және барларын жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн ақпараттық жүйенi модульдық құру;
-халықаралық почта жөнелтiмдерi бойынша мәлiметтердi жинау және өңдеудiң автоматтандырылған жүйесiн ендiру. Мұндай жүйенi ендіру күн сайын транзиттiк, кiретiн және шығатын халықаралық почта жөнелтімдерi, олардың саны туралы ақпарат алуға, олардың жүру жолы мен мерзiмiн бақылауға мүмкiндік береді;
-халықаралық почта жөнелтімдерiн бақылау модулi негiзінде дамыған елдердiң почта әкімшiліктерiнiң талаптарына сәйкес келетiн машинамен оқылатын деректемелердi пайдалану мүмкiндiгiн көздейтiн, барлық тiркелетiн почта жөнелтімдерін толық бақылау модулiн құру;
-құжат айналымының жалпы жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
-халыққа ақпараттық қызметтер көрсететiн ақпараттық-iздестіру қызметін құру.
Шетелдiк ұйымдармен және почта әкiмшiлiктерiмен халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында Қоғам мынадай бағыттарды анықтады:
-бiртұтас почта аумағын сақтау, әмбебап почталық байланыс қызметiн көрсету, сала қызметкерлерiн оқыту үшiн Дүниежүзілік почта одағының органдарымен, аймақтық почта одақтарымен, шетелдiк почта әкiмшiлiктерiмен ынтымақтастықты дамыту;
-Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерi арасында авиа және жер бетiндегi көлiкпен жолданатын почта жөнелтімдерiнің жүрiп өтетiн бақылау мерзiмiн белгiлеу және енгізу.
Қоғамның Дүниежүзілік почта одағының Халықаралық бюросы өткiзетiн халықаралық почта жөнелтiмдерiнiң нақтылы жүріп өту мерзiмiн тексерулерiне қатысуы.
Тiркелетiн жөнелтімдердің сақталуын және халықаралық рынокта ұсынылатын әмбебап почта қызметiнiң сапасын көздейтiн, Дүниежүзiлiк почта одағының Пекин конгресінде қабылданған өзгерiстерге сәйкес шетелдiк почта әкімшiлiктерiмен ақырғы шығындарды өтеу тәртiбiн өзгерту.
Таяу перспективадағы даму басымдылықтары ретінде мынадай қызмет бағыттары белгiленген:
-хаттарды, бандерольдердi, сәлемдемелердi жiберу үшiн почта жөнелтiмдерiнiң жаңа орамын әзiрлеу және енгiзудi қоса алғанда, почта жөнелтімдерін өңдеудің технологиялық процестерiнiң жекелеген рәсiмдерiн өзгерту;
-почта байланысын пайдаланудың сапалық көрсеткiштерiн бағалау нормативтерін қайта қарау, почта жөнелтiмдерiн жеткiзудiң бақылау мерзiмдерiн қысқарту мақсатында қайта қарау;
-салымдар бойынша пайыздарын автоматты есептеу және бухгалтерлiк есепте жүргiзiлетiн операцияларды көрсету үшiн Қоғамның бөлiмшелерiнде ашылған барлық дербес есепшоттарды орталықтандырылған түрде жүргізу;
-екiншi деңгейдегі банктерге заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жөнiндегi агенттiк қызметтердi ұсыну жұмысын жандандыру;
-"Western Union" жүйесi бойынша ақша аударуда клиенттердiң шеңберiн кеңейту.
Сондай-ақ мынадай жаңа қызмет түрлерiн енгiзу және дамыту жоспарлануда:
1) тапсырыстар бойынша сәлемдемелермен сауда жасау жүйесi шеңберiнде, оның iшінде Интернет арқылы сервистiк қызмет көрсете отырып "Тауар - почтамен" каталогы бойынша почта саудасын ұйымдастыру және дамыту;
2) гибридтiк почтаны ұйымдастыру;
3) трансфер-агенттiк қызметтер;
4) зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына, брокерлiк компанияларға, банктерге және басқа да ұйымдарға агенттiк қызметтер көрсету;
5) почта жарнамасы саласында қызметтер көрсету;
6) қазiргi заманғы технологиялар, филиалдардың республикалық желiсi және халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары негiзiнде электронды почта саудасын дамыту.
Қазақстандық почтаны дамытудың перспективалы бағынарының бiрi электрондық сауда жасау жүйесiн енгiзу болып табылады, оның ерекшелiктерi мен артықшылықтары мынадай:
-қазақстандық рынокқа жаңа сауда түрлерiн енгізу;
-почтаның қызмет аясын кеңейту;
-уақытты, қаржы және адам ресурстарын үнемдеу;
-әрқилы топтардағы тұтынушылардың кең ауқымды қаржылық, ақпараттық -қызметтерге және тауарларға қол жеткiзуi;
-отандық өндiрушiлердi тауарлар рыногына енгiзуге бағыт алу;
-тұтынушылар мұқтаждығына бағдар ұстау, нарықтық жағдайға тез бейiмделу.
EMS Kazpost курьерлiк қызметiнiң жұмысындағы басым бағыттар оны жаңғыртып жетiлдiру мен бәсекелестiк қабiлетiн арттыру болады. Соған байланысты:
1) Қазақстан бойынша EMS Kazpost курьерлiк қызмет жүйесiн автоматтандыру;
2) EMS халықаралық кооператив жүйесiне сәйкес келетiн компьютерлiк бақылап қадағалау жүйесін енгізу;
3) әлемнiң iрi почта әкiмшіліктерiмен халықаралық жедел почта саласындағы ынтымақтастық;
4) почталық қызмет көрсетудiң жылдамдығын арттыру және сапасын жақсарту мәселелерi шешiледi.
ЕМS Kazpost курьерлiк қызметiн одан әрi дамыту - халықаралық EMS кооперативінің толық құқылы мүшелігіне жету және оның іс-шараларына қатысу, шетелдік почта әкімшіліктерімен және компанияларымен келісімдер жасасу, әуежайларда жедел жөнелтімдерді өңдейтін учаскелер ұйымдастыру, шет елдерге жолданған жөнелтімдерді бақылап қадағалаудың жүйесін (штрих кодтар) енгізу арқылы жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz