Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты



Жоспар

Кіріспе

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

1. Инвестиция ұғымы
2. Инвестицияның түрлері
3. Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері
4. Қазақстандағы инвестициялық саясат
5. Экономикада инвестициялық жағдайды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасымыз В.А.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді . Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.
Еліміздің экономикасын өрістетіп, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін тартымды инвестиииялық ахуал қалыптастыру басты міндет болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестидиялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестициялары мен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде респубиикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске меншік иивестицияларын уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрде қатысуы мен олар үшін барынша қо-лайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.
Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстандағы инвестициялық саясаттың мән мағынасын ашып, пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұсақ мерзімді капитал бөлуді инвестициялық саясат екендігін түсіндіру.
Қолданылған әдебиеттер



1. Ізбасаров М. Инвестиция: [Инвестиция туралы
түсінік]// Заң.- 1999.-10наурыз.

2. Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға
арналған негізгі бағыттары// Ана тілі.- 2003. -
10 көкек. -Б. 1-3

3. Әшімхан А.Қ. Ел экономикасына инвестиция
тартудаєы кейбір кедергілер// Саясат (Политика).-
2001.-N3.-Б.69-70

4. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару
негіздері: оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2001.-
127 б.

5. Жалғасбаева А. Мұнайгаз кешенінің
инвестициялаудың негізгі бағыттары// Қазақстан
жоғарғы мектебі=Высшая школа Казахстана.- 2004. -
N2. - Б. 237-241

6. Жалпы экономикалық теория / Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым Министрлігі оқулық
ретінде ұсынған.- Ақтөбе: А - Полиграфия, 2004.-
455 б.

7. Иманбекова А. Қоғамдағы инвестициялық саясат
[Мәтін] / Иманбекова А.// Ізденіс. Гуманитарлық
ғылымдар сериясы.- 2005. - N 3. - Б. 72-77

8. Иманбекова Б. Қазақстандаєы ғылыми-техникалық
саясат// Саясат (Политика).- 2005. - N 9. - Б.
53-57

9. Инвестиции в Казахстане=Қазақстандағы
инвестициялар: Материалы научно-практической
конференции / Под ред. Мамырова Н.К.- М.:
Экономика, 1997.- 162 с.

10. Инвестициялық қорлар туралы: Қазақстан
Республикасының заңы// Егемен Қазақстан.- 2004. -
10 шілде. - Б. 3-4

11. Қажымұрат К. Әлеуметтік-экономикалық
реформаны жүргізудің кейбір қырлары// Кажымурат
К.. Избранные научные труды:Т.2.-
Алматы:Қазақстан даму институты,1998.-С.426-441

12. Қаженбаев С. Инвестициялық қорлар: тиімді
пайдалану жолдары мен қосымша көздері// Ақиқат.-
2000.-N6.-Б.29-33

14. Қазақстан Республикасы. Президент. Заң.
Инвестициялар туралы// Егемен Қазақстан.- 2003. -
11 қаңтар. - Б. 2

15. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
қызмет 2001-2004: статистикалық жинақ =
статистический сборник / Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі = Агентство Республики
Казахстан по статистике.- Алматы: Қазстатақпарат,
2005.- 378 б.

16. Мадиярова Д.М. Сыртқы экономикалық саясат
және экономикалық қауіпсіздік: Оқу құралы.-
Алматы: Экономика, 2000.- 193 б.

18. Мейірбеков А.Қ., Кәсіпорын экономикасы:- Алматы:
Экономика, 2003.- 255 б.

19. Мороз С. Қазіргі кездегі инвестициялар
жағдайы// Қазақстан Жоғары мектебі.- 2003. - N1 .
- Б.161-166

20. Мырзалиев Б. С. Ауыл шаруашылық
экономикасындағы инвестициялық жағдайды жетілдіру
жолдары// Қазму хабаршысы. Экономика сериясы.-
2005. - N 3. - Б. 91-93

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
1. Инвестиция ұғымы
2. Инвестицияның түрлері
3. Инвестициялық қызметтің мәні мен принциптері
4. Қазақстандағы инвестициялық саясат
5. Экономикада инвестициялық жағдайды жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасымыз В.А.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында
ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді . Осы
басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің
экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті
арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.
Еліміздің экономикасын өрістетіп, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-
ауқатын арттыру үшін тартымды инвестиииялық ахуал қалыптастыру басты міндет
болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестидиялар
туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын
көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету
мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи
құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық
дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына
үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестициялары мен
(қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім.
Қазіргі кезде респубиикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі
проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске меншік
иивестицияларын уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық
экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың
белсенді түрде қатысуы мен олар үшін барынша қо-лайлы жағдай жасалуымен
ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.
Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстандағы инвестициялық саясаттың
мән мағынасын ашып, пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен
құнды қағаздар шығаруға ұсақ мерзімді капитал бөлуді инвестициялық саясат
екендігін түсіндіру.

Инвестициялардың ұғымы және онын жіктелуі

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты -
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза
табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің
табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және
нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-
өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
[1]Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға
акысы), инвестицияланған капиталдың есімі немесе алынатын басқа да олжалар
{мысалға, коммерциялык мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, каржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жьлжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестициянық бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі
(капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б, жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Акшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын)
құрастыру немесе үлғайту максатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағазды ұсынушыға — құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіруді (идентификаииялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына
тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа
адамға қарапайым жолымен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар — белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куәландырылған кұқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету
үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы кағаздар
бойынша құқык беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы
емес, ондағы тиесілі талаптың занды еместігіне жауап береді.
- орделік бағалы қағаз — ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның
бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген кұкыктар кағазға түсірілген
тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып
береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге,
оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы кағаздардан алынатын табысқа
қатысты оларды борыштык жөне инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі
қарыздың негізгі сомасьн графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне
алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық
облигациялар, векселдер жатады.

Инвестщиялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге
құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай
жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекетгік (Үкіметпен Ұлттык
Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару
органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе каржылық-
шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет каражатты тарту мақсатымен
қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,
облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер,
коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді
және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық
(айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айнальм
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.Нарықтық емес
бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет
айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде
сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып
алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі
мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатыл алу және сату мәміле бойынша
шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының багалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуьн көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Кысқа мерзімді
бағалы қағаздардын әрекет ету мерзімі- бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздар[2] нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялык бағалы қағаздар болуы
мүмкін.

Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және
негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу құқығын куәландыратын шартты
бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер,
сатып алу құқығының артықшылығы).

Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжатты жөне құжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарьлмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларьн
бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының
нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорьн қаражаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғұрлым аз ауытқитьн біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер
инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса,
онда ол инвестициялық (фондылық) портфель деп аталатын бағалы қағаздардың
жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі акша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің
құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай
тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы
қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс:
тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип -
өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен
процентгер алу есебінен емес,бағалы қағаздардың бағамдық (курстық) өсімінің
есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция
құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына
байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да баска қоржынның түрлерін,
атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге
болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне
бағьпталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді,
бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі
мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетге, тез өсетін жас компаниялардың
акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен
ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай
қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде
афессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық
қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму
үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті
жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай
туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу
болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған
табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге
тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде
сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың
инструментгеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және
облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар:
айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады
Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық
коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де,
қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын иивестициясы тек
тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан
тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді.
Егер де ұлттық валюта өзінің төмеңдеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік
валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік
кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың
есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс
әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары
әсер етеді Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланыстымерзімі шектелген және мерзімі
шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай,
алдын ала уақыты белгіленген кезеңнін шегінде табыс алуды көздейді. Ал
мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар
ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша
қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінін есебінен өсуі
(толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған
қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда
бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін
сақтайды.
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге
несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік
қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль
атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен
кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сырткы инвестициялар
жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті
әрекеттерімен, есеп пен бакылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық
пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қыска мерзімді
несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен
байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси
тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық
инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол
инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып,
жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарыктық қарым-қатынастар жағдайындағы
тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының зандары экономиканың барлық саласын
инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытгалған. Республикада инвестициялық
жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен
преференциялар әзірленіп жасалған.

Қазақстандағы инвестициялық саясат

Қазақстан капиталының сыртқы рыноктағы имиджін нығайтуға, әсіресе
мемлекеттік инвестицияларың ұтымды және тиімді пайдалануға қомақты үлес
қосады деп көзделуде Инвестициялық саясаттың[3] қоғамға енуі объективті
саяси құбылыс. Инновациялық дамудың жаңа бір сапасы больш табылатын
инвестициялық саясат жаһанданудын басты нышаны. XXI ғасыр қоғамымыздың
түбегейлі қайта құрылуын талап етті. Ірі өзгерістер мен қайта құрылулар
қоғамның бар саласын қамтыды. Соның бірі инвестициялық саясаттың өмірге
енуі. Инвестицияға теориялық тұрғыдан берілген анықтамаға сүйенсек жалпы
алғанда "инвестиция" ұғымы мүліктік құндылық нмесе мүліктік иелік дегенді
білдіреді. Оған: акша, құнды қағаздар, бағалы мүліктер және құқықтық
иеліктер жатады. Сонымен қатар оған банктік салымдар, пай, акциялар
технологиялар, машина, құрал жабдықтар, интеллектуалдық құндылықтар да
кіреді. Инвестицияның тағы бір анықтамасы пайда көру мақсатында қойылған
кіріс көзін (источник доходов) немссе құнды қағазды, ақшаны өсім арқылы
пайдалану. Батыс ғалымдарының зерттеулері бойынша инвестиция ұғымының
көптеген анықтамалары бар. Әр салада қолданылуына қарай инвсстицияға
синонимдер сияқты әр түрлі анықтамалар берілген. Бірақ олардың жалпы
мазмұны ортақ бір ұгымды түсіндіреді. Кәсіпкерлік қызметтегі мүлік түрін
табыс табу мақсатында екінші бір адамға белгілі бір мерзімде иеленуге
уақытша жалға беру. Батыс экономистері инвестицияны тікелей мемлекеттік
саясатпен байланыстырады және бұл процесс инвестициялық қызмет арқылы ғана
жүзеге асырылады - дейді. Біздің елімізде де бұл саясат мемлекет саясатынан
тыс қарастырылмайды. Қазақстан Республикасының "инвестициялық заңында"
қоғамдағы инвестициялық карым-қатынас толық қамтылған. Онда ипвестицияның
құқықтық және экономикалық негіздері, инвесторларды қорғау толық
қарастырылған. Бұл зан бойынша: инаестиция мүлік түрі кәсіпкерлік қызмстке
пайдаланатын жеке түлғаның мүлікке құқықтық иелігі. Оған: жер, жылжымайтын
мүлік, кәсіпорын, зауыт, фабрика, ғимараттар жатады деп көрсеткен.
Қоғамдағы кез-келген саясат сияқты инвестициялық саясатта тікелей
мемлекеттік саясатпен тығыз байланыста дамиды. Тарихи тәжірибеге сүйенсек
дамыған елдердің біразы қоғамға инвестициялық саясатты енгізу арқылы, және
оны мемлекет тарапынан қолдау арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізген.
Инвестициялық саясат экономикалық реттеу мақсатында инвестициялық
белсейділікті нығайту үшін жүргізілетін шаралардың комплексті жиынтығы.
Инвестициялық саясат қоғамда тиімді әлеумеггік төжірибелерге қол жеткізу
мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстанда инвсстицияның Конституцияға сәйкес
заңдық негізі жасақталынып оған сәйкестендірілген бағдарламасы бар.
Қазіргі танда мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілуде, датациялар
бюджсттік судалар беріліп жатыр. Осы шараларды жүргізу тәртібімен ережесі
дұрыс жолға қойылмай отыр. Мұның өзі қоғамдағы инвестициялық саясаттың
дамуын тежеуде. Инвестиция табиғи ресурстарды пайдалануға жекешелендіруде
антимонополиялық саясатта қолданылады. Инвестициялық жобаларды өндірісте
пайдалануда көп пайызын жеке инвесторлар құрайды. Қазақстан жағдайыида
инвестициялық саясаттың басты бағыты шет елдік инвестицияны ұлттық
экономиканың өрістеуіне жүмылдыру болуы тиіс. Қоғамдағы осы саясатқа
байланысты іс-шаралардың барлығында түгелдей инвестиңиялық қызмет арқылы
жүзеге асырылады. Инвестициялық қызметке жеке тұлға немесе занды тұлға
қатысады. Кәсіпкерлікті жандандыру үшін өзінің мүліктік иелігі арқылы кез
келген заңды тұлға кіріс көзін кәбейту мақсатында бұл қызметке қатыса
алады. Сонымен қатар бұл қызметке тікелей өз капиталын әрі қарай көбейтуге
ұмтылған кәсіпорын да мүше бола алады. Инвестициялық қызметтің басты
элементтерінің бірі инвестициялық жоба және инвестициялық ресурстар болып
табылады.
Инвестициялық жоба дегеніміз өндірісті өркендету мен жандандыру мақсатында
инвестицияны пайдаланудың қыр-сырын қарастыратын іс-шаралардың жиынтығы.
Жоба ең басты бағдарламалық құжаттардың бірі. Инвестициялық саясатты
дамытудың негізгі көзі инвестициялық қызмет. Сонымен қатар бұл қызмет
саласында инвестицияны таратуда практикалық іс-қимылдардың рөлі зор.
Инвестициялық қызметінде объектісі жаңа құрылған және модернизацияланған
қорлар (фонд) халық шаруашылығына қатысты ғылыми-техникалық өнім, жеке
меншік иеліктер, бағалы қағаздар, интеллектуалдық жобалардың авторлары бола
алады. Инвестициялық қызмст субъектісі болып инвесторлар, тапсырыс
берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық қызмет объектісін
пайдаланушылар, заңды тұлғалар, банк биржалар т.б. қатысушылар, яғни
инновациялық процеске тікелей қатысты адамдар саналады. Инвестициялық
саясат мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі. Кез-келген ел
өз экономикасын дамытуда осы саясат арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуді
мақсат етеді. Шет ел инвестициялары арқылы сол елдін экономикалық даму
деңгейін білуге болады. Инвестициялық саясат ішкі әлеуметтік саясатпен
бірге халықаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарымен де тікелей
байланысты. Қазіргі кезенде Қазақстан кен ауқымды шикізат көзімен
дүниежүзіне белгілі елдердің бірі. Осыған байланысты шет ел инвесторларының
Қазақстанға ерекше қызығушылықпен қарап отырғаны бәрімізге белгілі.
Инвестиция саяси-экономикалық категория ретінде қоғамда көптеген маңызды
функцияларды атқарады, қоғамдағы жұмыссыздықтың азаюына, кедейліктің
төмендеуіне, өндірістің модернизациялануына тікелей әсер етеді, және ғылыми-
техникалық прогрестің өркендеуіне отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің
артуына түрткі болады .
Сондай-ақ азаматтық қоғам құруға, мәдениет пен денсаулық салаларының
дамуына, ғылым мен білімнің өркендеуіне, т.б. қоғамның саяси-әлеуметтік
саласының алға жылжуына өзіндік үлесін қосады. Инвестициялық саясатты
жетілдіру тек қазіргі экономикалық тұрғыдан ғана емес саяси тұрғыдан да
маңызды. Себебі, экономиканы көтеру мен дамыту тікслей осы саясатқа
байланысты. Өндірістік потенциалдың, техникалық деңгейінің өсуі Отандық
өнімнің бәсекеде қабілетті болуы тікелей осы саясат арқылы жүзеге
асырылады. Өркениетті елдер тәжірибесінен білеміз ел экономикасының
көтерілуі ішкі саясатта ғана емес халықаралық дүниежүзілік саясатқа да
үлкен әсер етеді. Сондықтанда инвестициялық саясат та қоғамдағы ең маңызды
саяси жүйедегі ең күшті экономикалық категориялардың бірі. Қазіргі кезеңде
инвестицияны тиімді пайдалану Қазақстанның экономикасымен саяси жүйесінід
дамуын біршама жоғары денгейге көтереді деп болжам жасалуда. Ол үшін
қогамда бұл саяси үрдісті енгізумен дамытудың ұзақта нақты бағдарламасы
қажет. Инвестициялық саясаттың жүзеге асырылуы оны тікелей ғылыми теориялық
зсрттеумен байланысты. Ең алдымен инвестиция туралы ғылыми негізделген
тұжырымдама қалыптасып, оны сауатты түрде жүзеге асыру мен таратудың
тетіктерін нақтылау.

Экономикалық саяси, құқықтық тарихи, әлеуметтік және психологиялық
тұүрғыдан жан-жақты қарастырылған кешенді түрде зерттелген ғылыми және
қолданыстық маңызын ашып көрсететін іргелі зерттеулерді бір ортаға
топтастырған жөн. Осы, мәселемен тікелей айналысатын орталық құру негізгі
міндет. Мемлекетгік органдар осы ғылыми-зертгеулерге қолдау көрсстіп оларды
қаржыландыруды назардан тыс қалдырмауы керек. Сонда ғана инвестициялық
қызметгің белсенділігі артады. Инвестициялық саясаттың қоғамға енуі күрделі
құбылыс оны дамыту табиғаты да алуан түрлі. Бүған банктік депозиттер
жатады.
Қаржылық инвестицияға әртүрлі қаржы құралдары (активтер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі
Инновациялық әлеует саясаты
Қазақстан Республикасының аймақтарының инвестициялық-инновациялық әлеуеті
ДИВИДЕНДТЕРДІ ТӨЛЕУ САЯСАТЫ
Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер мен жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Инвестициялық саясаттың модельдері
Пәндер