Программалық қабықшалар


Тақырып: Программалық қабықшалар

КІРІСПЕ

Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ - дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, оларды даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.

Информатиканың негізгі обьектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Операциялық жүйе - бұл компьютер қосылғанда жүктелетiн программа. Ол тұтынушымен сұхбат жүргiзедi, компьютерге, оның ресурстарына (оперативтi жады, дисктердегi орындарда және т. б. ) басқару жүргiзедi, басқа (қолданбалы) программаларды iске қосады.
Операциялық жүйенің керектiгiнің негiзгi себебi, компьютер құрылғыларымен жұмыс iстеу үшін және компьютер ресурстарын басқару үшін жүргiзiлетiн элементар операциялар - бұл өте төмен деңгейлi операциялар, сондықтан тұтынушыға және қолданбалы программаларға керек iс-әрекеттер бiрнеше жүздеген, мыңдаған сондай элементар операциялардан тұрады.

Қабықшалар - бұл күрделі програмалық жүйелермен, мысалы DOSпен, жұмысты оңайлату үшін арнайы жасалған программалар. Олар ыңғайсыз орналасқан командалық тұтынушы интерфейсті ыңғайлы графикалық интерфейске немесе "меню" типті интерфейске ауыстырады. Қабықшалар тұтынушыға файлдарға оңай қатынауға мүмкіндік береді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Қазіргі ПЭВМ-дардың операциялық жүйелерiне жалпы сипаттама

1. 1 Дисктiк Операциялық Жүйе (DOS - Disk Operation System)

DOS операциялық жүйесi келесi бөлiктерден түрады:

Компьютердің тұрақты жадысында (Тұрақты есте сақтаушы құрылғы, ПЗУ) Енгiзу-шығару базалық жүйесi (BIOS - Basic Input/Output System) орналасқан. Операциялық жүйенің бұл бөлiгi компьютердің «құрамдас» бөлiгi болып келедi. BIOS құрамында операциялық жүйенің жүктеуiшiн (загрузчик) шағыратын программа орналасқан.

Операциялық жүйенің жүктеуiшi - бұл DOS жүйесiнің әрбiр дискетасының бiрiншi секторында орналасқан өте қысқа программа. Бұл программаның функциясы - жадыға DOS жүктеу процессiн аяқтайтын тағы екi операциялық жүйенің модульдерiн оқытқызу.

Командалық процессор DOS тұтынушымен енгiзiлетiн командаларды өңдейдi. Командалық процессор операциялық жүйе жүктелетiн дискiсiнде, COMMAND. СОМ дискiлiк файлында орналасқан. Командалық процессор өзi орындайтын командалар, мысалға, Type, Dir немесе Сор iшкi деп аталады.

DOS-тың сыртқы командалары - бұл операциялық жүйемен бiрге бөлек файлдар түрiнде жабдықталатын программалар. Бұл программалар қызмет ету iс-әрекеттерiн орындайды, мысалға, дискеттердi форматтау, дисктердi тексеру және т. б.

1. 2 Windows 3. 1 Архитектурасы

MS-DOS тың бiрiншi ОЖ-лерi және Windows-тың графикалық қабықшасы 1981 жылға сай келдi.

Windows 3. 1 Ядросы 3 компоненттен басталған - Kernel, User және GDI.

Kernel функцияларын, жадының үлестiруiн басқару, файлдық енгiзу-шыҒару процесстерiн, Windows-тың түрлi режимдерiнде түрлi модульдер орындады - KERNEL. EXE Windows 3. 0-ң Реальный режимi Үшін, KRNL286. EXE Windows 3. 0 және 3. 1 стандартты режимi үшін, KRNL386. EXE Windows 3. 0, 3. 1 және жұмысшы группалары Үшін Windows 3. 11-тың 386-шы Кеңейтiлген режим үшін.

USER. ЕХЕ модулi клавиатура, тышқан, таймер және порттар, графикалық интерфейстің элементтерiн бейнелеу функциялары сияғты құрылғыларымен жұмыс iстеу үшін арналған болатын.

GDI. ЕХЕ графикалық процедураларды қолдайды - сызықтарды сызу, бояу, шрифттарды бейнелеу (Windows 3. 1 бастап - барлық операциялар TrueType шрифтарымен) және графикалық құрылғылардың драйверларымен қатынас - дисплейдің және принтердің.

Сурет 1

Құрамына, iшiнде 16-разрядтық Win16 қолданбалары бар, Операциялық жүйенің сервистiк функцияларының орындалуын қамтамасыз ететiн жүйелiк DLL -дың коды және мәлiметтерi бар жүйелiк виртуалды System VM (сурет 8. 4) машинасы кiредi. Win16 қолданбалары жүйелiк виртуалды машинаның iшiндегi жалпы адрестiк кеҢiстiкте орындалады. Win16 программалары көпесептiктi ығыстырмайтын режимде орындалады. USER, GDI және KERNEL жүйелiк кiтапханалары қолданбаларға операциялық жүйенің сервистiк функцияларын тапсырып, Win16 қолданбаларымен бiрлесiп қолданатын адрестiк кеҢiстiкте бейнеленедi. DOS қолданбалары бөлек көпесептiктi ы5ыстыратын режимде жұмыс iстейтiн виртуалды DOS-машиналарында (VDM) жүктеледi. Файлдық жүйелердi (IFS) орнату диспетчерi және 32-разрядтық файлдарға қатынау (тек Windows for Workgroups 3. 11 үшін) драйверi көптеген файлдық операцияларды қорғалған режимде орындайды. Бұл файлдарға қатынауды тездетедi. Қолданбаның жүйенi бұзып, қайта жүктеуге келтiру қасиетi. Виртуалды машиналармен (VM Manager, VMM) басқарудың бағыныңғы жүйесi төменгi деңгейдегi сервистiк функцияларды көрсетедi.

1. 3 Windows 3. 1

Windows 3. 1 операциялық қабықшасы - бұл Microsoft фирмасымен жасалҒан DOS операциялық жүйесi Үшін баптаушы, ол тұтынушылар және программистер Үшін көптеген мүмкіндіктердi қамтамасыз етедi. Windows-Ң кеҢiнен таралуы 661-дi IBM PC-бiрiккен компьютерлерi Үшін стандарт болып келедi: мұндай компьютерлердің тұтынушылары Windows ортасында жұмыс жасайды, сондықтан қазіргі кезде барлық жаңа программалар Windows ортасында жұмыс істейтіндей етіп жасайды. Norton Commander типтес қабықшаларға қарағанда, Windows тек файлдармен және дисктермен операцияларды жүргізуге ыңғайлы интерфейспен қамтамасыз етіп қоймай, Windows ортасында жүктелетін програмалар үшін де жаңа мүмкіндіктер туғызады. Әрине бұл мүмкіндіктерді қолдану үшін программалар Windows талаптарына сай болу керек.

Windows 3. 1 қабықшасының құрамында жұмысты ыңғайлататын көптеген компоненттер бар. Windows қабықшасының негізгі ойы - бұл мәліметті табиғи түрде көрсету. Мәлімет адам оңай қабылдайтындай болу керек. Бұл принциптің қарапайымдылығына қарамастан, оның іске асырылуы оңай емес. Windows 3. 1 қабықшасында да қателіктер жоқ емес. Бірақ басқа қабықшаларға қарағанда оның басты ерекшеліктері:

• Windows тұйықталған жұмыс ортасы. Операциялық жүйе деңгейіндегі операцияларды Windows -тан шықпай-ақ орындай беруге болады. Мысалы, қолданбалы программаның жүктелуі, дискеттерді форматтау, текстерді басып, шығару. Windows ортасында жұмыс жасаудың негізгі принциптері мен түсініктері DOS ортасынікінен айнымайды. Windows ортасында тұтынушы интерфейсінің негізгі түсініктері терезелер мен пиктограммалар. Windows қабықшасында болып жатқан істердің барлығы пиктограммамен немесе терезелермен жүргізілетін операциялар.

• Windows графикалық қабықша болып келеді. Тұтынушыға тек экранға мұқият қарап, берілген жиыннан тышқан манипуляторы арқылы керек операцияны таңдау.

• Windows 3. 1 ортасында құжаттарды, түрлі қолданбаларда жасалып жатқан бөліктерден құрауға болады, жұмыстың қиындылығы одан артпайды. Мысалы, Paintbrush-та жасалған суретті Write-та дайындалған мәтінге салғанда, сурет объект болып қарастырылады. Енді ол құжатпен бірге сақталады, жүктеледі, баспаға жіберіледі. Мұнда сурет пен мәтінді байланыстырудың негізгі ерекшелігі, өзгерісті енгізу қарапайымдылығы.

• Windows 3. 1 қабықшасы графикалық интерфейсте негізделген компьютермен жұмысты түсінікті де, анық жасайды. Басқа версияларға қарағанда мұнда тышқан басқару ролінде маңыздылығы көбейді. Жалпы құжаттармен жұмыс оңайлады. Жиі қолданатын құжаттың пиктограммасын Программалар Менеджері (Program Manager) терезесінде орналастыруға болады, сонда келесіде бұл элементті, мысалға редакторлау үшін, тек пиктограмманы екі рет шерту керек. Программалар Менеджерінің автоматты түрде қабықша қосылғанда жүктелуі де сол мақсатпен, тұтынушының көз алдында бірден құжаттар файлын таңдау өрісі пайда болады.

Файлдар Менеджері (File Manager) қайта өңделген. Онымен жұмыс жасау қарапайыдалды. Сонымен қатар оның өнімділігі де, экранның ауданын қолдану тиімділігі артты. Windows 3. 1 ортасында қаріптердің жаңа жиыны жүзеге асырылған - ТгuеТуре қаріпі. Бұл қаріптер кішкене баптаудан кейін принтердің кез-келген типіне үйренеді.

TrueType-қаріпі түрлі деформацияларға, айналдыруларға, масштабтауға және т. б. -на оңай беріледі. Жаңа қаріп жасап, оны іске асыру үшін арнайы программа - Charaker Map. Ақырында, Windows 3. 1 қабықшасына екі үлкен емес Мультимедиа-программалар (Multimedia) қосылған. Олардың қолдануы арнайы аппараттардың (акустикалық адаптер, мүмкін, CD-ROM жинақтауышы) болуын қалайды. Жоғары айтылған Sound Recorder және Media Player деп аталатын пограммалар арқылы дыбысы бар программаларды іске асыруға болады.

Бастаушылар үшін жүйеде арнайы үйретуші программа қарастырылған, оған инсталляция уақытында қатынасуға болады.

1. 4 Windows қолданбалары (Windows - приложения)

Windows - жинақталған программа. Windows қабықшасының қол астында арнайы программалар (Windows-қолданбалар) ғана жұмыс жасап қоймай, басқа да DOS ортасында жұмыс жасайтын "қарапайым" программалар (DOS-қолданба программалары) жұмыс істейді. Windows қабықшасы қол астындағы бөлек программалар арасында мәлімет алмастыруды қамтамасыз етеді. Мұндағы сөз бірінші кезекте Windows-қолданбалар туралы. Тұтынушылардың көбіне Windows ортасында оның жұмыс жасауға ыңғайлылығы ғана емес, бұл ортада жүзеге асырылған қолданбалар спецификасы ұнайды. Бөлек Windows-қолданбалар интерфейсін стандарттау бір қолданбадан екіншіге көшуді ыңғайлатады. Манипулятор арқылы пиктограммаларды қозғауға, орындарын аусытыруға, ашуға, жабуға болады.

Windows бірнеше программаның тәуелсіз жүктелуін және параллель орындалуын қамтамасз етеді. Windows-тың фирмалық пакетінде бірнеше қолданба болады. Олардың барлығы Accessories (аксессуары, инструменты) тобына біріктірілген. Бұл программаларға, әрине, арнайы профессианалды пакеттерге әлі қашық, бірақ олар қабықшаның мүмкіндіктерін көрсетіп, минималды сервисті қамтамасыз етеді.

2 Norton Commander MS DOS-ң қабықшасы

Norton Commander тұтынушының файлдық жүйемен жұмысын жеңiлдетiн, файлдармен және каталогтармен жүргiзiлетiн iс-әрекеттердi қамтамасыз ететiн және олардың сипаттамаларымен басқаруға беретiн MS DOS-ң қабықшасы. Norton Commander, командасы арқылы шақырылады.

2. 1 Жалпы сипаттама

Norton Commander-ашылғанда экранда файлдар және подкаталогтар тiзiмi бар 2 панель (2 терезе) көрiнедi.

Меню линейкасы - (жоғарғы жол) құрамында 5 подменюсi бар: Левая панель (Left), Файл (Files), Опции (Options), Команды (Commands), Правая панель (Right) . Меню линейкасы F9 батырмасын басқанда активтендiрiледi.

Команда жолы - (төменнен екiншi жол) MS DOS командаларын енгiзу Үшін арналған.

Көмекшi жол - (ең төменгi жол) құрамында F1 . . . F10 функционал батырмалары туралы түсiндiрушi Мәлiмет бар жол.

Уақыттың кез-келген мезетiнде панельдердің бiрi активтi , ал екiншiсi - пассивтi. Сiлтемесi (түспен ерекшеленген тiктөртбұрыш) бар панель активтi болады.

Екi панельдің әр қайсысының құрамында дисктегi каталогтың мазмұны (оглавление) немесе жадының орналастрылуы туралы бiрiктiрiлген мәлiмет (сводная информация) болады. Файлдардың аттары каталогтың бастамасында жолдық (строчные) әрiптермен жазылады, ал каталог пен подкаталогтардың аттары - бас әрiптермен.

2. 2 Norton Commander мүмкіндіктерi

Norton Commander көптеген функцияларды iске асыруға мүмкіндік бередi, соның iшiнде:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дк программалық жабдықтамасы, оның категориялары, сұлбасы, құрылымы
Программалау тілдерінің дамуы
ЭЕМ-нің даму тарихы. ЭЕМ-нің буындары
Дербес компьютердің программалық қамтамалары
Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
ЭЕМ даму тарихы. Есептеу техникасының даму тарихы мен кезеңдері
Операциялық жүйеге сипаттама
Программалау жүйесінің программалық жабдықталуы
Қазіргі заманғы электрлік байланыс
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz