Стресс және жалпы адаптациялық синдром


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Тарау 1. Әдебиетке шолу

  1. Стресстің ғылыми концепцияларының даму тарихы . . .
  2. Стресс және жалпы адаптациялық синдром туралы Г. Сельенің ілімі, стресстің даму сатылары . . .
  3. Стресс организмнің күрделі нервтік гумаралдық серпілісі. Стрессті дамытатын және стрессті шектейтін жүйелер . . .
  4. Жедел дамитын және ұзақ мерзімді адаптациялар. Адаптацияға жауапты функциялық басым жүйенің қалыптасуы және жүйелік құрылымдық «іздің» бекуі . . .
  5. Жүйелік құрылымдық «із» қалыптасуындағы нуклеин қышқылдары мен белок түзілуінің маңызы . . .

Тарау 2. Стресстің адаптациялық маңызы. Оң және теріс қиылысқан адаптациялар . . .

Тарау 3. Стресстің дерт дамуындағы маңызы . . .

Тарау 4. Стресске қарсы тұруға бола ма? . . .

Тарау 5. Стрессті жеңуге арналған тренингтер . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Бүгінгі күні «стресс» деген сөзді ел арасында жиі естиміз. «Стресс» оның жанын қажыды ғой деп те жатады. Сонда «стресс» деген не? Және оның қандай маңызы бар?

«Стресс» атауын медицина ғылымына хх-ғасырдың 60-шы жылдарында Канаданың ғалымы Ганс Селье енгізді. «Стресс» ағылшын тілінде «ауыртпалық», «зорлану» деген ұғымдарды білдіреді. Адам мен жануарлардың организмдеріне қоршаған сыртқы ортадан көптеген қолайсыз ықпалдар әсер етеді.

Қазіргі зерттеулерде «стресс» термині негізгі аспектіні құрайды. 1. стресс- адам мінез құлқындағы өзгерістерді талап ететін ситуация немесе риск-фактор ретінде, 2. стресс- арнайы және спецификалы физиологиялық және психологиялық көрініс берулер палитрасын қамтитын күй ретінде, 3. стресс- адам денсаулығымен іс-әрекет ету қабілеттілігін істен шығаратын уайым-қайғылардың негативті ретінде

Берілген түсініктің көп қырлығы, оның астарында не жатырғанын түсінуге кедергі келтіреді. Егер адм стрессті өтеп жатырса, онда оған квалификациялы көмек талап етіледі. Ол үшін стресстің пайда болуы мен дамуының биологиялық механизмдерін түсіну қажет.

Тарау 1. Әдебиетке шолу

  1. Стресстің ғылыми концепцияларының даму тарихы

Физиология мен медицина дамуының негізгі векторы ретінде 19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басындағы сыртқы орта мен ағзаның біртұтас қызмет етуі туралы көзқарастар болды. Бұл бағыттың дамуына атақты неміс дәрігері патологоанатом Р. Вирхов болды. Оның өңдеген целлюларлы патология теориясына сәйкес барлық дерттер-клетканың бұзылу деңгейіндегі жиынтық нәтижені көрсетеді, ал ауру-өзгеріс барысындағы белгілі локализация мен себептілігі бар біртұтас процесс Р. Вирхов алғаш рет кең тараған аурудың әлеуметтік табиғатын көрсетті. Стресс концепциясының дамуына үлес қосқан, атақты француз физиологы К. Бернар болды. Ол гомеостаз теориясының негізінде жататын ағзаның сыртқы ортаның тұрақтылығын сақтау принціпін эксперименталды диапозондағы өмірлік маңыздылығы бар режимнің жүру барысын реттеп отыруы қажет: қалыпты жағдай үшін бізде дене температурасы, қан қысымы және клетканың осмотикалық қысымы тағы басқалар нормада сақталуы қажет. Ағзаның сыртқы орта өзгерістеріне бейімделіп, белсенді әрекеттенуі үшін, табиғат бізді нейрогумаральды, барьерлі, күрделі регуляторлы механизмдермен қамтамасыз еткен.

Гомеостаз теориясы атақты американдық психофизиолог У. Кеннонның еңбектерінде дами түседі. Ол икемді мінез-құлықтық қалыптасуындағы нерв жүйесі мен гармональді регуляцияның шешуші ролін көрсетті. Сонымен қатар, ол энергетикалық мобилизацияның гумаральды механизмдері мен тірі жанның күрделі ситуациядағы эмоционалды реакцияның арасында тығыз байланыс бар екенін тапқан.

Стресс концепциясының шығуы бейімделу процестерінің табиғатын анықтаудың кезекті дамуы болып табылады.

Стресс концепциясының негізін салушы хх ғасырдың атақты физиологтарының бірі Г. Селье болды. Ол 1907 жылы Венада, Австро-Венгерлік империя орталығында туылып, бастапқы медициналық білімді Прагада, кейін Париж және Рим университеттерінде алды. Нацизмнен қорғану мақсатымен ол Америкаға эмиграцияланды. Атақты АҚШ-тың медициналық орталығы Дж. Гопкинс университетінде жұмыс жасады және Канададағы Макгил университетінде зерттеулерін жалғастырды.

Эмигранттың қиын жолы ойлаудың жалпы ғылымдық философиясының қалыптасуында көп нәрсе берді. Европалық жаратылыстануда дамыған құбылыстар анализінің біртұтастылығы принципін ескеріп және АҚШ-ғы "қиын эксперимент"мектебінен өте отырып, ол тышқандарға әр түрлі зиян әрекеттер жасау арқылы өз тәжірибелерінің нәтижесінде жалпы ерекшеліктерді көрді. Зерттеу нәтижелері қысқаша стресс деп аталған ( ағылш. тілінен stress -қысым, күштеу) жалпы белсенділік синдромның концепциясын қалыптастыруға негіз болды. Алғаш рет концепцияның негізгі құрылымы 1936 жылы Nature журналында жарияланған статьясында жазылды. Бұл специалисттердің қызығушылығын тудырды, өйткені ол материалдар ағзаның әр түрлі экстраординалды факторлардың әсеріне байланысты организмнің үйрену реакциясының табиғатын өзгертті. Селье қандай бір травмалық агенттің әсерінен(токсиндер, т. б) жануар ағзасында күтетінлокальді бұзылыстардан басқа әсер ететін факторға байланысты тікелей қатынасы жоқ өзгерістер болатынын көрсетті. Бұл оған стресс ағзаның сыртқы әсер етулерден қорғанысы ретінде пайда болатын анықтауға әсер етті. Сонымен қатар, ол стресс синдромының пайда болу заңдылықтарын және уақытқа байланысты даму жолдарын бейнеледі.

Стрестің үш белгісі

Алдымен кемірушілерге, кейін сүтқоректілерге жасаған тәжірибелерінде, Селье сыртқы ортаның кез келген агрессивті әсер етуіне физиологиялық процестердің(биохимикалық) үш типті өзгерісі жүретінін анықтаған. Олар стресс белгілерінің классикалық атауын алды. Біріншіден, бүйрек үсті бездері үлкейеді және қанға катехоламиндердің (адреналин, нарадреналин) қарқынды бөлінуіне әкеледі. Бұл жүректің жылдам соғуына, бұлшықет тонусының жоғарылауына, дем алыстың күшеюіне, қан құрамында көмірқышқылгазы мен глюкозаның көбеюіне әкеледі. Осыған байланысты автоматты түрде күрделі ситуацияларға деген экстреналды әрекеттерге даярлығы: қашу, корғану, тығылу т. б артады.

Стрестің екінші белгісі: асқазан мен ішек-қарын қызметі өзгеріске ұшырайды. Бұл түсініксіз феномен, ағза жұмысы қауіпті жағдай реакциясына байланысты күшін жоғалтады, ал ресурстарды орнына келтіру тоқтап қалады деп түсіндіріледі. Көптеген мүшелерде секреттерді индивидуалды және әрқашан болжаулы бола бермейді. бөлу тоқтатылады: асқазан сөлі секрециясының азаюы, табиғи жарақатқа әкеледі. Ағзаның өзіне деген мұндай "қатал" қатынасы екіжақты болып табылалы. Бірінші жағынан, бұл критикалық ситуациядан қорғаныс болса, екіншіден, жаңа қоректік заттарды меңгеруағза үшін "қымбат"процесс. Өйткені жоғары белсенділік кезінде ағзаның құралы жоқ.

Үшінші белгісі-иммунитет сақтаумен байланысты мүшелер: лимфа түйіндері мен айырша бездің көлемі кішірейеді. Бірақ стресс жағдайы туындағанда иммунитет күрт төмендейді деуге болмайды. Керісінше, стрестің бұл белгісі ағзаның қауіпке берілуінің бірінші кезеңінде иммундық белсенділіктің күрт жоғарылауы туралы кепілдеме береді:қан формуласы тромбоциттердің синтезінен, қан құрамында лимфоциттер саны көбеюімен тезірек "жасарады". т. б. Бірақ уақыт өте келе бұл ресурс бітеді.

Г. Сельенің стресс белгілерін бейнелеуінен бері, ғылымда стрестің әр кезеңдерінде мінездің гормональді регуляциясы мен нақты биохимиялық процестер туралы көзқарастар өзгерді. Зерттеушілер метоболизм өзгерісінің күрделілігін анықтап, стрестің жаңагормоны-нейромедиаторды ашты және оның өзара әрекет қызметінің жаңа схемасын өңдеді. Мұның барлығын Г. Селье білген емес. Бірақ жалпы бейімделу синдромының пайда болу құрылымы мен оның үш белгісін Г. Селье ойлап тапты деп есептелінеді.

Р. Лацарус стресті физиологиялық, психологиялық және мінез-құлық деңгейі позициясынан қарастыра отырып, физиологиялық стресс-бұл физика-химиялық табиғатты бар түрлі ішкі және сыртқы стимулдарға" физиологиялық бетбұрыстармен айқын көрінетін" әсер ету деген тұжырымға келді. Басқаша айтқанда, физиологиялық стресс кезінде реакциялар жоғары стереотипті, ал психологиялықта-реакциялар индивидуалды және әрқашан болжаулы бола бермейді. Осылай, бір адам қауіп кезінде үреймен (гнев) екіншісі қорқынышпен жауап береді.

  1. Стресс және жалпы атаптациялық синдром туралы Г. Сельенің ілімі, стресстің даму сатылары

«Стресс» (ағылш. Stress-зорлану, күштену, қиналу) деп қоршаған ортаның кез-келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған бірбеткей серпілістерімен жауап қайтаруымен көрінетін, оның қорғану-бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа дейгейде қалыптасуын айтады. Бұл қолайсыз ықпалдарға физикалық әсерлер (ыстық немесе суық температуралар, иондағыш сәулелер, электр соққы, жарақат, ауыр қол жұмыстарын атқару т. с. с), химиялық әсерлер (улы химиялық заттар, гипоксия ж. б), биологиялық әсерлер (жұқпалар, вирустар, микробтардың уыттары, жәндіктердің улары ж. б), психогендік ( жан-дүниелік жарақаттар, күйзелістер, ауыр қайғы-қасіреттер, көңіл-күйдің толқулары), әлеуметтік жағдайлардың (қазіргі адамдарға шамадан тыс артық ақпараттардың әсерлері, уақыттың тапшылығы, жеке тұлғалардың арасындағы шиеленістер, қоғамның заңдары мен жеке адамдардың еркіндіктерінің шектелуі, қимыл қозғалыстарының азаюы т. с. с) . Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте үлкен. Бұл организмге қолайсыз әсерлерді стрессорлар деп атайды.

«Стресс» атауын медицинаға Канада ғалымы Г. Селье алғаш хх ғ. 60-шы жылдары енгізді. Бұл ғалымның бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың (ол жарақатпа, жұқпама, химиялық уланума немесе ауыр қайғы-қасіретпе) түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады. Бұл кезде: айырша без бен лимфалық түйіндердің кері дамуы, бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы, асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында ойық жара дамуы, қанда нитрофильдер көбейіп, эозинофильдер мен лимфоциттердің азюы, тіндерге зат алмасуларының өзгерістері байқалады. Көрсетілген өзгерістер әсер еткен қолайсыз ықпалдың түріне қарамай әрдайым бір түрде болатын болғандықтан, оларды организмнің арнайыланбаған, серпілістеріне жатқызады. Стресс кезінде бейспецификалық серпілістердің бір көрінісі болып кез-келген жағымсыз ықпалдардың әсерлерінен жасуша қабықтарындағы май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза, липаза, протеаза ферменттерінің артық әсерленуі есептелінеді.

Стресстің организм тіршілінде маңызы өте үлкен. Оның әсерінен организмнің тіршілігіне қажетті барлық мүмкіншіліктерінің жұмылдырылуы болады. Осыдан ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған жағдайларына организмнің икемделіп, бейімделу мүмкіншіліктері артады.

Г. Сельенің пікірі бойынша кез-келген стрессор алдыңғы гипотизгн әсер етіп, онда кортикотропин түзіліп шығуын күшейтеді. Ол өз алдына бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатына әсер етіп, глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуін арттырады. Осыдан қолайсыз ықпалдардың әсерлеріне организмнің төзімділігі көтеріледі. Мәселен, жануарлардың алдыңғы гипофизін немесе бүйрек үсті бездерін сылып тастағанда, кез-келген ықпалдарға олардың төзімділігі қатты азайып, бұл жануарлар тез жан тапсырады. Ал, жануарларға алдын-ала кортикотропин немесе глюкокортикоидтық гармон ( гидрокортизон, кортизон, преднизолон т. с. с) енгізіп, содан кейін оларға химиялық улы зат енгізсе немесе оларды жарақаттаса, онда бұл көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың төзімділігі артады. Сол себептен кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондарды адаптациялық гормондар деп атайды. Осыған байланысты стрессті Г. Селье жалпы адаптациялық синдром деп жариялады. Бұл синдром 3 сатыда өтеді: 1- сатысы - үрей сатысы, 2 - сатысы организмнің төзімділігінің көтерілуі, 3 - сатысы -қалжырау сатысы. Үрей сатысында жағымсыз ықпалдарға организмнің қорғаныстық икемделу мүмкіншіліктері тез іске қосылады. «Соққы» және «Соққыға қарсы» фазаларынан тұрады. Соққы фазасында бұлшық еттердің әлсіздігі, артериялық қысымның төмендеуі, гипотермия, гипогликемия, эозинопения, қылтамырлардың өткізгіштігі көтерілуі ж. б. Байқалады. Бұл кезде лимфоидтық түйіндердің кері дамуы, теріс азоттық баланс, асқазанның ойық жарасы байқалады. Бұлар организмде ыдырау үрдістерінің күшейгенін көрсетеді. Соққыға қарсы фазасында көрсетілген бұзылыстар кері бағытта өзгереді. Артериялық қысым және бұлшықеттердің күш - қуаты көтеріледі, қанда глюкоза көбейеді. Гипофиз бен бүйрек үсті бездерінде кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондардың қідірілуі тұрақты түрде жоғарылайды, осыдан төзімділік сатысы дамиды. Бұл сатысында бүйрек үсті бездерінің гиперторофиясы байқалады, кортикостироидтардың түзілуі артады, глюкогенез күшейеді. Бұл кезде өзгерген сыртқы ортаның жағлайларына организмнің бейімделу мүмкіншілігі ең жоғары деңгейге көтеріледі. Егер қолайсыз ықпал ұзақ мерзімде әсер етсе, онда организмнің көрсетілген қабілеті бұзылады, жалпы адаптациялық синдромның үшінші қалжырау саысы дамиды; оргаизмнің функциялық мүмкіншілігі таусылады, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты семіп қалады, артериялық қысым төмендейді, нәруыздардың ыдырауы артады, дене қызуы азаяды, гипогликемия байқалады.

Жалпы адаптациялық синдром кезінде организмнің төзімділігі әсер етуші ықпалға ғана емес, көптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарылайды. Былайша айтқанда бір жағымсыз ықпалдан кейін екінші қолайсыз ықпалдың зиянды әсері әлсірейді. Мәселен, тәжірибелік жануарлардың терісіне формалин жіберсе қатты қабыну дамиды. Ал формалин жіберер алдында аз ғана мөлшерде қан алса ( стресор) , онда формалин жібергеннен кейінгі қабынудың қарқыны төмендейді. Сондай- ақ жануарлардың көк тамырына протеолиздік фермент (трипсин) жібергенде миокард некрозы пайда болады. Ал фермент жіберер алдында жануарлардың бұлшық еттерін электр ағымымен жарақаттаса, онда фермент жібергеннен кейінгі моакрд некрозының мөлшері азаяды. Осыған байланысты инемен емдеу, қан алу, терінің кейбір нүктелерін күйдіріп емдеу т. с. с. медицинаның бейдәстүр емдеу әдістері көрсетілген заңдылықтармен түсіндіріледі. Организмге әлсіз және шамалы қоздырғыштардың ( мысалы, суық температураның, физикалық жүктемелердің) ұдайы әсерлері эндокриндік жүйенің бейімделу мүмкіншіліктерін әрдайым қолайсыз ықпалдарға дайын жағдайда ұстап, организмнің оларға төзімділігін арттырады.

Адаптацияның жеткіліксіздігі немесе оның бұзылуы дезадаптациялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Мысалы, бүйрек үсті бездерінің минералокортикоидтық гормондарын ( ) жануарларға артық мөлшерде жіберсе, онда артериялық гипертензия, нефросклероз, ағзалардың гиалинозы дамиды, қабыну қарқынды түрде өтеді. Глюкокортикоидтық гормондарды жібергенде, қабыну қарқыны әлсіреумен бірге, организмнің иммундық жауаптары тежеледі, асқазан мен ұлтабардың ойық жаралары, миокардтың некрозы пайда болуы мүмкін. Бұл гармондар жеткіліксіз болған жағдайда организмнің жағымсыз әсерлерге төзімділігі азаяды. Дезадаптациялық ауруларға Г. Сельенің пікірі бойынша, құздама (ревматизм), бронхиалық демікпе, кейбір бүйрек аурулары, жүрек пен қан тамырлары жүйесінің және кейбір тері аурулары т. б жатады. Олардың пайда болуында қосымша жағдайлардың маңызы үлкен. Бұл жағдайларға суық тию, артық қазыну, шаршау, тектік ерекшеліктер, ас тұзын артық пайдалану т. б жатады. Кортикостероидтар мен ас тұзын жануарларға бірге жібергенде әртүрлі қоздырғыштардың әсерлерінен миокардтың некрозы дамуына қолайлы жағдай дамиды. Жалпы адаптациялық синдромды Г. Селье «гипофиз- бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты» жүйесі арқылы түсіндірді.

1. 3 Стресс организмнің күрделі нервтік гумаралдық серпілісі. Стрессті дамытатын және стрессті шектейтін жүйелер

Қазіргі көзқарастар бойынша стресс нерв жүйесі мен эндокриндік бездердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі нервтік-гуморалдық серпілісі. Бұл серпіліс дамуында орталық нерв жүйесі, мидың сыртқы қыртысы, гиппокамп, лимбикалық жүйе, мидың торлы құрылымы, гипоталамус ж. б. мидың құрылымдары, шеткі нервтер мен вегатативтік нерв жүйелері қатысады. Көптеген қолайсыз ықпалдардың организмге әсері нервтік-рефлекстік жолдармен болады. Сыртқы және ішкі қабылдағыштардан (рецепторлардан) нервтік серпіндер орталық нерв жүйесіне түсіп, ми қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.

Содан пайда болған нервтік медиаторлар, шағын пептидтер ( эндорфиндер мен энкефалиндер), нервтік гормондар (либериндер мен статиндер) нервтік-эндокриндік серпілістердің дамуына әкеліп соғады. Адамда сөйлеу жүйесінің болуына байланысты жағымсыз дөрекі сөздер, жан-дүниелік күйзелістер, психикалық жарақаттар мидың сыртқы қыртысының қатысуымен болатыны сөзсіз. Мидың сыртқы қыртысы әрекеттерінің өзгерістері мидың қыртыс асты құрылымдары мен гипоталамус арқылы эндокриндік жүйелердің жұмылдыруына әкеледі. Стресс дамуында алдыңғы гипофиз-бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатынан басқа қалқанша бездер, ұйқы безі, бүйрек үсті бездерінің милық қабаты ж. б. бездер қатысады. Мәселен, кез-келген стресс кездерінде ұйқы безі инсульинді артық өндіреді. Осыдан қандай инсулиннің бездері көбейеді. Ал гипери нсулинима симпатикалық нерв жүйесі мен бүйрек үсті бездерінің милық қабатының белсенділігін арттырып, катехоломиндердің әсерін күшейтеді. Содан норадреналиннің әсерін қан итамырларының жиырылуы күшейеді. Қандай катехоламиндердің көбеюі өз алдына тіндердегі инсулинді қабылдайтын реценпторлардың сезімталдығын азайтып, инсульин безден тыс жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Дегенмен, стресс дамуында “гипоталамус-алдыңғы гипофиз - бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты” бірігіп, бір функциялық жүйеге қалыптасуының маңыз өте зор. Сонымен, стресс дамуы бір жағынан организмнің сыртқы ортаның ықпалдарына бейімделу қабілетіп көтеріп, адаптация дамуына әкелсе, екінші жағынан көптеген дерттердің пайда болуына әкеледі.

Осыған байланысты, қай жағдайларда стресс организмнің адаптациялық мүмкіншіліктерін көтеріп, оның төзімділігін жоғарлатады, қай жағдайларда дерт дамуына әкеледі? - деген сұрақ пайда болады. Сонымен бірге, стресс организмнің қолайсыз ықпалдарға төзімділігін қандай жолдармен көтереді? -деген де сұрақ тұрады. Шын мәнінде көпшілік жағдайларда ұзаққа созылған және жиі қайталанған қолайсыз стрестік әсерлерден кейін де организм тіршілігін жоғалтпай, өмір сүре береді. Демек, организ стресстік жағдайларға бейімделе алады деп тұжырымдауға болады. Бұл кезде жағымсыз әсерлерге жауап ретінде организмде стресс дамытатын жүйенің белсенділігі артуы мен қатар стресті шектейтін жүйенің қызметі көтеріледі.

Стресс дамытатын жүйеге симпатикалық-адренергиялық жүйе, гипоталамус, алдыңғы гипофиз, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты және басқа жатады. Қолайсыз әсерлерден осы жүйенің белсенділігі көтеріледі. Осыған жауап ретінде организм мида гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ), серотонин, эндорфиндер мен энкефалиндер түзілуін арттырады, шеткі ағзалар мен антиоксиданттық ферменттер түзілуін көбейтеді. Бұл көрсетілгендер стрессті-шектейтін жүйеге жатады және стресс дамуын азайтады. Бұл кезде ГАМҚ мида тежелу үрдістерін күшейтеді, сиротонин катехоламиндердің әсерін әлсіретеді, эндорфиндер организмде ауру сезімін шектейді, эндорфиндер мен энкефалиндер шағын реттеуші пептидтерге жатады және көптеген ішкі ағзалардың ішкі әрекеттерін қадағалайды. Шеткі тіндерде өндірілетін простагландиндер тін жасушаларының сыртқы қабықтарындағы аденилатциклаза ферментін әсерлеп, жасуша ішінде ЦАМФ түзілуін арттырады. Антиоксиданттық ферменттер тін жасушаларының қабықтарында май қышқылдарының асқын тотығып кетуінен сақтандырып тұрады.

Соңғы жылдары стресс кезінде нейторфилдерде бір зат өндірілетіні белгілі болды. Бұл затты нейтрофилокин деп атайды. Ол пептид. Нейтрофилокиндер қолайсыз әсерлерге организмнің сезімталдығын төмендетеді және стрестен кейінгі дамитын өзгерістердің қарқынын азайтады. Мәселен олардың әсерлерінен, егеуқұйрықтарда стресс кезінде дамитын асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, лимфоидтық тіннің кері дамуы, қанда лимфоцидтердің азаюы, нейтрофилдердің тым артық көбеюі болмайды. (Колесников О. Л. және басқа 1996) . Нетрофилокиндердің әсер ету жолдары әлі анықталмаған. Дегенмен олардың да стрессті шектейтін жүйеге жататыны анық.

Сайып келгенде, стресс кезінде стрессті шектейтін жүйенің жұмылдыруы нәтижесінде жағымсыз әсерлерге организмнің адаптациясы болады.

  1. Жедел дамитын және ұзақ мерзімді адаптациялар

Адаптацияға жауапты функция басым жүйенің қалыптасуы және жүйелік құрылымдық “іздің” бекуі

Адаптацияны бейімделу деп аудару оның терең ғылыми мәнін бермейді. Бейімделу жалпы тірі жәндік-жануарларға, өсімдіктерег де тән және қараппайым серпілістермен көрінуі мүмкін. Адаптация деп нерв және эндокриндік жүйелердің қалыптасуы мен дамитын күрделі қорғану-бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа сапалы деңгейде қалыптасуына әкелетін, күрделі ұйымдастырылған жануарлармен адам организміне тән қасиетті айтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стресс. Ісіну немесе домбығу
Стресстің түрлері
Стресс дегеніміз не?
Стресс жайлы ақпарат
Стресс туралы ақпарат
Стресс және дистресс
Стресс, стреске қарсы дәрілер қолдану, стресстің алдын алу
Стерстің адам өміріндегі алатын орны
Жеке тұлғаның әлеуметтік психологиялық адаптациясы
Стрестің дерт дамуындағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz