Саяси режим туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізігі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.22

I.тарау. Саяси режим түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.7


ІІ.тарау. Саяси режим мемлекеттің басқару нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.22


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Саяси ғылымда режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші – саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың қүқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болған режимдсрге болінеді. Саяси режимнің мынандай түрлері болады: деспотиялык, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формальды-демократиялық, ли-бералды-демократиялық, бонапартистік, әскери, авторитарлық. тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық , социалистік, пролетарлық және басқа түрлері.
Менің жазған курстық жұмысым саяси режим аясында болмақ:оның түрлері,мемлекеттік басқару нысаны ретіндегі мәселелерді қарастырдым.Соған байланысты негізгі бөлім өз кезегінше екі тарауға бөлінеді.
Алғашқы тарауда саяси режим түсінігіне тоқталып,оның түрлерін атап өттім.Екінші тарауда әр саяси режимнің функцияларына кеңінен тоқталдым және олардың мемлекетті басқарудағы ерекшеліктерін,әідістерін көрсеттім. Ал,жалпы курстық жұмыс кіріспе,негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады.
ҚР Конституциясы 1995ж.30 тамызда қабылданған.
Права человека. Основные международные документы: Сборник. Мо¬сква, Издательство " Международные отношения ", 1994 г.
Сапарғалиев Ғ.С.,Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы.А.,1998.
Лившиц Р.З. Современная теория права. Краткий очерк. - М., 1992.
Сапарғалиев Г.С.Заң терминднрінің сөздігі.Алматы.:«Жеті Жарғы»,1996
Общая теория права.Под.ред. Пиголкина А.С.,М.,1993г.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Саяси режим

Ж о с п а р

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізігі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..4-22

I-тарау. Саяси режим түсінігі мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-7

ІІ-тарау. Саяси режим мемлекеттің басқару нысаны
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...8-22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

К і р і с п е

Саяси ғылымда режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші –
саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын
әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын
әдістері, азаматтардың қүқықтарымен бостандықтарының дамуы және
кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болған
режимдсрге болінеді. Саяси режимнің мынандай түрлері болады: деспотиялык,
аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік,
формальды-демократиялық, ли-бералды-демократиялық, бонапартистік, әскери,
авторитарлық. тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық , социалистік,
пролетарлық және басқа түрлері.
Менің жазған курстық жұмысым саяси режим аясында болмақ:оның
түрлері,мемлекеттік басқару нысаны ретіндегі мәселелерді қарастырдым.Соған
байланысты негізгі бөлім өз кезегінше екі тарауға бөлінеді.
Алғашқы тарауда саяси режим түсінігіне тоқталып,оның түрлерін атап
өттім.Екінші тарауда әр саяси режимнің функцияларына кеңінен тоқталдым және
олардың мемлекетті басқарудағы ерекшеліктерін,әідістерін көрсеттім.
Ал,жалпы курстық жұмыс кіріспе,негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден
тұрады.

І тарау. Саяси режим түсінігі мен түрлері.

Жлпы тарихта саяси режим түрлері бірнеше болып келеді.Саяси режимнің
кейбір түрлері кәзірдің кезінде өмір сүрмейді,олардың қатарына тоталитаризм
мен фашизмді жатқызуға болады. Халық басқару процесіне қатыспайтын және
оның өмірімен санаспайтын режим осы түрлерге жатады. ХХ ғасырдың ортасында
кейбір мемлекеттерде фашистік режим болды. (Болгария, Германия, Жапония.
Италия). Халықтың саяси құқықтары шектеледі, жалғыз партия мемлекеттік
аппаратты басқарады және онымен бір тұтас болады, әскер басқа кұқық қорғау
органдары күшейеді, мемлекеттің экономикасы және сыртқы саясаты соғыспен
байланысты болады. Әскери режим (Чили, Португалия) мемлекеттік төңкеріс
откеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп әскер мсмлекеттің
негізгі функциясын басып алады. Расистік режим осы әдістердіц бәрін тек
қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы қолданады. Феодалдық
мемлекеттерінің көбінде шіркеудің күшті режимі құрылады. Шіркеу мемлекетпен
катар күшті рөл атқарады, ол монархтың таққа отырғанына қатысады,
мемлекеттік аппаратта озінің жеке орындарына ие болады, оған қарсы істелген
қылмыстарды өзі өте қатты жазалайды. Бұл араб халифатының, Еуропа феодалдық
мемлекегтерінің саяси режимдері. Авторитарлық режимдер бір адамның
билігімен байланысты болады ( Б.Тито, Иосиф Сталин, Чаушеску, Ф.Кастро,
Людовик ХІV, Наполеон).
Демократиялық режимге қысқаша тоқтала кетейін. Бүл халықтың
құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет
басқару процесінде қолданған режим. Бірақ демократияның даму жолы өте ұзын,
сондықтан демократиялық режимдерінің күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия,
Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан
мемлекеттер (Казақстан,Оңтүстік Корея), демократия формальдық түрінде
енгізілген (КСРО,Герман Демократиялық Республикасы).
Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш
элементтеріне қорытынды түсінік бере өтейік: мемлекетті басқару нысаны
,мемлекеттік құрылымның нысаны және саяси режим. Мысалы, Қазақстан
президенттік тұтас республика, демократиялық режимі қалыптасып жатқан
дәрежеде. Германия (1933 ж.) президенттік республика, федерация,фашистік
режим. Ұлыбритания – тұтас парламенттік монархия, либералдық-демократиялық
режим. Америка Құрма Штаттары – федеративтік президенттік республика,
демократиялық режим. Араб халифаты – теократиялық құрама монархия,діни
саяси режим.
Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру
өдістерінің жиынтығы.
Саяси режимдердің түрлері:
а) демократиялық;
ә) антидемократиялық.
Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде тағы да:
а) авторитарлық;
ә) тоталитарлық режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси режимнің нышандары:
✓ Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердін, қозғалыстардың Конституция
шеңберінде еркін, бостандықта әрекет, қызмет атқаруы.
✓ Идеологиядық плюрализм, яғни, қоғамда әр түрлі идеологиялық
ағымдардың, бағыттардың болуы жөне үстемдік етуші бірден-бір
идеологияның болмауы.
✓ Мемлекет органдарын, негізінен, сайлау жолымен құру.
✓ Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтардың орын алып,
олардың, шын мәнінде, қамтамасыз етілу кепілдерінің болуы.
Антидемократиялық саяси режимнің нышандары:
✓ Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынуы.
✓ Идеологиялық плюрализмнің болмауы, мемлекетте үстемдік етуші
идеологияның болуы.
✓ Сайлау жолымен құрылған органдардың болмауы.
✓ Демократиялық құқықтар мен бостандықтардың болмауы.
✓ Жаппай қуғын-сүргіннің және заңсыздықтардың орын
алуы.
Авторитарлық режим антидемократиялық режимнің бір түрі ретіндегі
сипаты персонофикациялануы, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табуы,
солардың диктатура (шексіз билік) орнатушылығымен сипатталады.
Тоталитарлық режимнің белгі нышандары:
✓ Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етіп, ол мемлекеттік
биліктің ұйтқысы болады.
✓ Бір ғана идеология үстемдік етіп, идеологиялық плюрализмге
төзбеушіліқ ете алады.
✓ Қоғамда жеқе адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.
✓ Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.
ІІ тарау.Саяси режим мемлекеттің басқару нысаны ретінде
Кез келген мемлекет оның мәні мен әлеуметтік бағыттарынан басқа
сыртқы белгілерімен де сипатталады, оның жиынтығын нысандар құрайды.
Мемлекеттің нысаны — бұл мемлекеттің қалай құрылғандығын және мемлекеттік
билік калай іс жүзіне асырылатындығын анықтайтын белгісі. Дәлірек айтсақ,
мемлекеттің нысаны дегеніміз оның негізгі үш элементінің (буынның)
бірлестігі: басқару нысандары, мемлекеттік құрылыс нысандары және саяси
(мемлекеттік-құқықтық) режим. Бұл бірлестік (жиынтық) мемлекет билігінің
қызметі, құрылымы және ұйымдастырылу жақтарының негізі болып табылады.
Сондықтан да болар мемлекеттің нысандары жөніндегі түсінігіміз толық әрі
жан-жақты болуы үшін оның үш жақтарының сырын ашып көрелік:
1) алдымен мынаны анықтап, білуіміз қажет: жоғарғы билік кімнің қолында,
мемлекеттік биліктің жоғары органдары калай қалыптасады, олардың құрылымы,
билік өкілеттілігінің көлемі (мөлшері) қандай, олар бір-бірімен, әрі
халықпен қалай өзара іс-қимыл, әрекет жасасады, мемлекеттің жоғарғы
органдарының ұйымдастырулары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қалай, әрі қандай мөлшерде қамтамасыз етуді көздейді. Мұндай мемлекет
нысанының элементін (буынын) басқару нысаны делінеді. Оның негізгі екі
нысаны бар: монархия және республика, бұлардың да өзіндік түрлері бар .
2) міндетті түрде мынаны анықтау қажет: мемлекеттің аумағы калай құрылған,
қандай бөліктерге бөлінеді, мемлекеттің өзінің аумақтық бөліктерімен
байланысы қандай. Және де тұрып жатқан ұлттардың әрқайсысының мүдделі
қандай мемлекеттік нысанда көрініс табады. Мемлекет нысанының бұл элементін
(буынын) мемлекеттің аумақтық құрылысының нысаны деп атайды. Мұның да екі
негізгі нысаны бар: унитарлық (біртұтас) мемлекет және федеративтік
мемлекет (бұлардың да ерекшеліктері төменде айтылады);
3) анықтауды қажет ететін тағы да бір ұғым - өзінің билігін жүргізуде
мемлекет қандай тәсілдерді және құралдарды пайдаланады, сонымен бірге, оған
халықтың қатысу деңгейі мен мемлекетгегі тұлғаның жағдайы неден байқалады
деген мәселелер.Мұны мемлекеттік (саяси) режим дейді.
Әрбір мемлекеттің нысаны жоғарыда сөз етілген элементтері
(буындары) - басқару нысаны, мемлекет құрылымынын нысаны және саяси
(мемлекеттік) режим — белгілі бір тарихи факторларға байланысты туындайды.
Әрине, оларға алдымен қоғам жетістіктерінің экономикалық даму деңгейі ықпал
ететіні сөзсіз. Негізгі саяси күштердің де әсері кем емес. Мұны орта
ғасырда кең тараған басқару нысаны болып табылатын монархияны еске түсіруге
болады. Ал буржуазиялық революциядан кейін, тарихтан белгілі, монархияныц
өзі күрт өзгеріске үшырады, немесе ол республикалық басқару нысанымен
алмастырылды.
Осындай нысанының әр қилы болуының тағы да бір себебі - оған әсер
ететін жағдайлардың ішінде елдің географиялык орналасу жағдайы, тарихи
дөстүрлер, діндер мен діни көзқарастар, халықтың мәдени дамуының деңгейі
және ұлттық сана-сезімі, оның саяси пәрменділігі ерекше орын алады.
Басқару нысанына байланысты монархия мен республикаа танылады. Ең
көнесі — монархия бір адамның "билігі", "бірыңғай билік" деген ұғымда
айтылады. Монархия - бұл сондай басқару нысаны, ондағы ең жоғарғы
мемлекеттік билік формальды (толық немесе ішінара) болса да мемлекет
басшысы — монархты (фараонның, корольдің, патшаның, шахтың, императордың)
қолында шоғырланған, көптеген жағдайларда ол өмірлік немесе мұралық дәстүр
бойынша атадан балаға (ер, қыз) қалдырылып отырған. Монарх өзінің іс-
әрекеттері үшін заң жүзінде жауапкершілікке тартылмайды.
Монархияның түрлеріне келетін болсақ, ол шектеусіз немесе
абсолюттік болып бөлінеді. Абсолюттік монархияда барлық билік толығымен бір
адамның (монархтың). қолында шексіз, ондайда конституция мен парламент
болмайды, билік тармақтарына бөлінбейді. Өйткені ол өзі заң шығарады, ең
жоғарғы лауазымды қызметтің барлығына чиновниктерді тағайындайды, жоғарғы
соттылықты өзі атқарады және мемлекетті басқаруды өз қалауынша жүргізеді,
ал егерде кеңесшілерді қатыстырса, онда олардың берген кеңесі ол үшін
міндетті емес. Адамдардың теңсіздігі табиғи деп есептелінеді, сондықтан
олар монархқа шеқтеусіз тәуелді болуы керек. Әрине, халық мемлекет
басқаруына мүлдем қатыстырылмайды. Өкімет қатаң тәртіптің, қысымшылық
жасаудың және қалыптасқан дәстүрді сақтап қалуға тырысу негізінде жүмыс
істейді.
Тарихтан білетініміз, абсолюттік монархия құл иеленуші дәуірде де
(мысалы, көне замандағы Рим империясы), ортағасыр дәуірінде де өмір сүрген
болатын (Көне Египет, Көне Қытай).
Абсолюттік монархияның белгілерін тұжырымдайық, олар:
1) монархтың жеке басының мемлекеттіқ билікке шексіз ие болуы;
2) әдетте, монарх өз билігін өмірбақи пайдаланады. Жоғарғы билікті
мұрагерлік төртіппен иеленудің қалыптасуы;
3) монарх мемлекетті өздігінше халық билігінен туындамай-тын құқықпен
басқару;
4) мемлекеттің басшысы ретінде монархтың заң жауапкершілігінің болмауы.
Буржуазиялық революциядан кейін кейбір елдерде абсолюттік
монархияның орнына шектеулі конституциялық монархия келді. Кейде оны
дуалистік және парламенттік монархия деп те атайды. Өйткені, дуалистік
монархияда мемлекеттің басшысы — монархпен бірге өкімет билігін басқа
жоғарғы орган, мысалы, парламент жүргізеді. Мұнда монарх феодалдардың
мүддесін көздей отырып, атқарушы билікті толығымен өз қолына шоғырландырды
(үкіметті құрады яғни өз қалауынша министрлерді тағайындайды және оларды
қызметтен босатады, әрине олар монархтың алдында жауапты. Ал заң шығару
билігі парламенттің қолында, ол халық сайлаған өкілдерден, яғни
буржуазияның және өзге де халық топтарының мүдделерін көздейтін
депутаттардан құрылған. Бірақ қазіргі кезде дүние жүзінде монархияның бұл
түрі кездеспейді десек те болады (мысалға Марокко, Иордания).
Парламенттік монархия деп аталуының басты себебі мынада: монарх
атқарушы өкімет басшысы ретінде құқыққа толық ие бола алмайды, оның қүқығы
шектеулі, ол заңды түрде Негізгі занда (Конституцияда) тұжырымдалған.
Сондықган да болар шектеулі конституциялық монархия делінуі. Мұнда, егер
монарх министрлерді тағайындаған жағдайда соңғылары оған бағынышты емес,
керісінше, енді министрлер парламент алдында жауапты. Демек, министрлерді
қызметген босату парламентке байланысты. Осыңдай монархиялар өте көп -
бұлар Жапония, Швеция, Бельгия, Үлыбритания және т.б. Бірақ, Ұлыбританияда,
бәрімізге белгілі, жазбалы Конституция жоқ, мемлекеттік өміріндегі
мәселелерді тұжырымдайтьш өзге жеке заңдар жұмыс істейді. Бұлар арқылы
королеваның билігі шектелінеді. Осындай басқару нысаны бойынша монарх
мемлекеттің басшысы, әрі мемлекеттің, ұлттың, халықтың бірлігінің рәмізі,
ол қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді және өкілділік функциясын
атқарады.
Қазіргі кездегі шектеулі монархияның белгілері мыналар:
I. үкімет парламент сайлауында көп дауысқа ие болған белгілі бір партия
немесе (партиялар) өкілдерінен құрылады;
II. көп депутаттық орынды алған партиялық жетекшісі үкімет басшысы бола
алады;
III. заң шығару, атқару, сот сфераларында шын мәнінде, монархтың билігі жоқ
болады, бейнелі түрде көрініс табады;
IV. заң актілерін парламент қабылдайды, оған монарх тек формальді түрде
қол қояды;
V. үкімет, конституцияға сәйкес, монархтың алдында емес, парламенттің
алдында жауапты болады.
Басқарудың екінші негізгі нысаны - республика болып есептелінеді.
Республика мемлекет биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық
сайлаған, немесе айрықша өкілді мекемелердің калыптастыратын органды
айтамыз. Демек, сайланған өкілдер қоғамды басқарудағы іс-әрекеттері үшін
заң жауапкершілігіне тартылады. Бұдан да басқа республикалық басқару
нысанының белгілеріне жататындар: мемлекеттік билікті халық атынан жүргізу,
жоғарғы мемлекеттік билік шешімдерінің міндеттілігі.
Қазіргі кезде республиканың екі негізгі түрлері бар: президенттік
және парламенттік. Президенттік республикаға (мысалы, АҚШ) тән қасиет,
біріншіден, президентті выборщиктер коллегиясы (немесе халық тікелей)
сайлайды; екіншіден, ол белгілі мерзімге сайланады; үшіншіден, әрі мемлекет
басшысы, әрі үкімет басшысы болып саналынады. Ол министрлерді өзі
тағайындайды жөне қызметтен босатады, яғни үкіметгі басқарады. Үкімет
президенттің алдында жауапты. Ал парламент болса үкіметтің қызметіне
бақылау жасай алмайды. Президенттің басқа да өкілеттілігі бар, айталыөқ
жоғарғы әскери қолбасшысы болып саналады. Президенттік республикада заң
билігін коллегиалды орган - парламент жүргізеді, оны халық белгілі бір
мерзімге сайлайды. Президент парламентті таратуға хақысы жоқ. Керісінше,
парламент президентті қызметінен мерзімінен бұрын босата алады, әрине егер
оған заңды негіз болса (мысалы, импичмент — шеттету процедурасы бойынша),
яғни Конституцияны бұзса, не қылмыс жасаса. Төртініиі белгісі ретінде
мемлекет басшысының парламенттік республикаға қарағанда өте кең
өкілеттілікке ие болады.
Парламентарлық республика (мысалы, Германия, Италия) мынадай
деректермен сипатталады: президент, әдеттегідей, халық емес, парламент
сайлайды, сондықтан ол тек мемлекеттің басшысы болып табылады, үлкен билік
өкілеттігіне ие емес. Үкіметті басқа лауазымды адам — Премьер-Министр
басқарады және оны парламент сайлауда жеңіп шыққан (көп дауыс алған) партия
өкілдерінен, яғни парламентте көп орынға ие болғандардан құрайды. Үкімет
оған сенімсіздік білдіруге хақысы бар парламенттің алдында жауапты,
нәтижесінде Үкімет отсгавкаға кетуі мүмкін. Парламентгік республикада
президент мерзімінен бұрын парламентті таратуға жөне жаңа сайлаудың
мерзімін тағайындауға құқылы.
Аралас республикалық басқару нысандары да кездеседі. Мұнда әрі
Президенттік, әрі парламенттік республикалардың белгілері болады. Бұған
Франция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режим туралы
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саяси режим түсінігі және түрлері
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Саяси режимдердің жіктелуі
Саяси режим түсініктері
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Мемлекет нысаны жайында
Пәндер