Нарық тепе-теңдiк


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . 3

1. НАРЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРIСI . . . 4

а) Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк . . . 4

ә) Нарық тепе-теңдiгiне әсер ететін факторлар . . . 8

2. НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIККЕ МЕМЛЕКЕТТIҢ ӘСЕРI . . . 11

а) Мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке баға белгiлеу арқылы

әсерi . . . 11

ә) Нарықтық тепе-теңдiктi салық арқылы реттеу . . . 14

3. ҚР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ . . . 21

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30

КIРIСПЕ

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы рыноктық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде рыноктық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуiне байланысты рыноктың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.

Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 14 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы рыноктық қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi белгiлi.

Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың меанизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.

Негiзiнен нарықтық механизм ол өзiнiң элементтерiнiң тепе-теңдiк деңгейде болған кезде тиiмдi қызмет етедi. Онда сатушылар мен сатып алушыларда өз сұраныстарын максималды түрде қанағаттандыра алады.

Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Осы нарықтық тепе-теңдiктi реттеп отыратын мемлекеттiң саясаттарына салық салу арқылы реттеу, бағаның деңгейiн белгiлеу, қаржы жүйесi арқылы реттеу және т. б. саясаттар жатады.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi , осы нарықтық экономиканың қызмет ету механизмiн, тепе-теңдiк жағдайдың өзгерiсiн және осы нарық тепе-теңдiгiне мемлекеттiң саясаттары арқылы әсерiн қарастыру болып табылады.

Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi” деп алдым.

Жұмыс барысында нарықтың негiзгi эленттерi сұраныс пе ұсыныс туралы, нарықтың қызмет ету ерекшелiктерi және ондағы тепе-теңдiк жағдайдың орнауын қарастырмақшымын. Сондай-ақ 3-шi бөлiмде осы нарықтың тепе-теңдiгiнiң елiмiз экономикасы үшiн маңыздылығын және бүгінгі таңдағы нарықтық экономикада мемлекеттің жүргізіп отырған саясаттатрына тоқталдым.

1 НАРЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРIСI

а) Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк

Рынок экономикасының қызмет етуі, рыноктың белгілі элементтерінің болуын және олардың өзара үйлесімділік тепе-теңдігін талап етеді. Осылардың жиынтығы рынок жүйесін құрайды.

Рынок экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Рынок шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) рыноктық келісімдер формасында жүреді.

Рынок экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Рынок экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға рыноктық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Рынок экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Рынокта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, рынок механизмінің өте маңызды элементтері.

Рынок механизмінің бесінші элементі - бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке рынок субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені рыноктың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің - бағаның, пайда нормасының, проценттің, т. б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Рыноктың маңызды элементтеріне рыноктық инфрақұрылым жатады. Рынок тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді.

Роноктық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты принципке негiзделедi:

  • маржиналдық (шектi) талдау;
  • балама талдау шығындары;
  • экономикалық рационалдылық;

Маржиналдық талдау принципi негiзiнде рыноктық субъектiлер мiнез-құлқы құрылады, оған орташа емес, шектi шамалар шешушi әсер етедi. Рыноктың тауарларға толуы, рыноктық бағалардың өзгеруi нәтижесiнде рыноктық экономиканың бiр қалыптан екiншiсiне өтуi бiр деңгейде жүредi. Бұл жаңа, шектi субъектiнiң сұраныс немесе ұсыныс түрiнде рыноктық экономикаға әсер етпеуiнен болады. Жетiлген рынок жағдайында үлкен немесе сұраныс пен шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң шексiз саны болған кезде, осылардың әрқайсысы шексiз шағын үлес салмағына ие болады. Маржиналды жол рыноктық кеңiстiктiң үздiксiз қызмет етуiн қамтамасыз еткендей болып, сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болуы мүмкiндiгiн болдырмайды, тауар өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы рынок ылғи да ұстап отырады.

Балама талдау шығындардың принципi. Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланбаудың басқа тәсiлдерiнен немесе кәсiпкерлер қызметiне байланысты туындаған тiкелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрiнде болады. Рыноктық экономиканы құру жiберiп алынған мүмкiндiктер iшiнен аз, бiрақ кепiлдi табыс беретiн ең нашар нұсқа таңдап алуына негiзделедi. Балама талдау шығындары принципi өндiрушiлердi қолда бар ресурстарды тиiмдiрек пайдаланудың жолын iздеуге итермелейдi.

Экономикалық рационалдылық принципi пайда мен шығындарды салыстыруға негiзделедi. Рационалды таңдау кепiлдi табысты пайданың ең төменгi бөлiгi көлемiнде қамтамасыз ететiнi шектi болып табылатын өзгермелi нұсқалардың бiрiнде iске асырылады. Рационалдылық критерий табысқа деген құқықпен анықталады. Капиталды шектеулi пайдалану кезiнде фирмалар пайданы жоғарылатуға тырысады, ал тұтынушылар өз игiлiгiн барынша жақсартуға, яғни бюджеттiк шектеулiгiне байланысты қажеттiлiктерiн максималды деңгейде қанағаттандыруға ұмтылады.

Көрсетiлген принциптер негiзiнде рыноктық экономиканы құру бiр жағынан сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштердi, екiншi жағынан, нарықтық бағаларды пайдалануға негiзделетiн рыноктық механизмнiң орталық проблемасы болып табылатын тепе-теңдiк жағдайға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.

Сұранысты екi нәрсе сипаттайды:

  1. сұраныс көлемi;
  2. сұраныс бағасы.

Сұраныс көлемi мен сұраныс бағасы сұранысты бейнелеп өзара қарама қарсы ықпалдылықта болады. Сұраныс заңы бойынша баға ұлғайған сайын сұраныс көлемi азаяды. Бiрақ, Роберт Гиффен бұл сұраныс заңына қайшы келетiн жағдайды айқындаған. Оның айтуынша сұраныс өссе бағада өседi немесе керiсiнше. Бұл теория Гиффен парадоксы деп аталады. Осы парадоксты Гиффен XIX ғасырдың ортасында Ирландияда ашаршылық болған кезде картоптың бағасы өсiп, оның оның сұранысы да өскенiң байқаған. Сонымен қатар сол кезде басқа тауарлардың да бағасы өскен.

Кей кезде әсiпкерлер осы тәрiздi парадокстарды көбейтуге тырысады, демек бағамен бiрге сұраныс та өсуi керек. Мұндай құбылыстың себебi Веблен ашқан әсерге байланысты немесе баға сапа деңгейңн бейнелегенiне байланысты. Ол бойынша осы айтылған сұраныс заңының бұзылуы тек қана белгiлi уақыт аралығында орын алады. Уақыт өтiсi мен сұраныс заңы қайтадан күшiне енедi.

Нарықта ұсыныстың да екi сипаты бар. Олар:

  1. ұсыныс көлемi;
  2. Ұсыныс бағасы.

Ұсыныс заңы бойынша баға өскен сайын ұсыныс көлемi де артады.

Әрбiр экономиалық тепе-теңдiк сол модельдi түсiндiре алатын айнымалылар белгiлi бiр теңдестiк жағдайына келген уақытта болады. Егер, бiз осы нарық механизмiнiң басты элементi сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығын бiр графикке салатын болсақ, онда ол екеуiнiң қиылысу нүктесi нарықтық тепе-теңдiк деп аталады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз.

Баға Ұсыныс

P 0 Тепе-теңдiк

Сұраныс

0 Q 0 Көлем

Сурет-1 - Нарықтың тепе-теңдiгi

Суреттен көрiп отырғанымыздай, қисықтарының қиылысу нүктесiндегi баға Р 0 - нарықтық теңдестiк бағаны, ал Q 0 - қиылысу көлемi - сұраныс пен ұсыныс бiр-бiрiне тең болатын теңдестiк көлемiн көрсетедi / 1, 102 бет /.

Бұл тепе-теңдiк жағдайда тұтынушы қанша қаласа соны тұтына алады, ал өндiрушi де қанша өндiрсе соны сата алады. Осы өндiрушi мен тұтынушының көлемдерi дәлме-дәл келуi тепе-теңдiк нарықтық бағаны көрсетедi. Кейде бұл бағаны таза нарық бағасы деп те атайды, өйткенi ол нарыққа қатысушылардың барлығын қанағаттандырады.

Бiрақ, шын өмiрде ылғи мұндай тепе-теңдiк бола бермейдi, кей кезде бұл нүктеге жақындауы да мүмкiн. Ендi нарықтық бағалардың тепе-теңдiк бағадан ауытқуын қарастырайық.

Мысалы, баға деңгейi нарықтық бағадан жоғары деп алайық. Онда келесi суретегiдей жағдай орын алады / 1, 102 бет /.

Баға Ұсыныс

Артықшылық

Р 2

P 0

Сұраныс

0 Сұраныс Q 0 Ұсыныс Көлем

көлемi көлемi

Сурет-2 - Нарықта артықшылық жағдай

2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, тепе-теңдiк бағадан ағымдағы бағаның жоғары белгiленуi, ұсыныс заңы бойынша өндiрiс көлемiн ұлғайтады, ал бағаның жоғарылауы сұраныс заңына сәйкес тұтынушыларды азайтады. Яғни, нарықта артық тауарлар қалып қалады. Сондықтан, артық тауарлар өз шығындарын жабу үшiн тепе-теңдiк баға деңгейiне қайтадан оралады.

Ал ендi керiсiнше нарықтық тепе-теңдiк бағадан ағымдағы баға деңгейi төмен түстi деп есептесек, онда Р 0 тепе-теңдiк баға Р 1 бағаға төменеп, ұсыныс көлемi азаяды, ал бағаның төмендеуiне байланысты тұтынушылар бұрынғысынан өздерiнiң сұранысын көбейтедi.

Мұндай жағдайда нарықтық тепе-теңдiкте жетiспеушiлiк немесе дефицит пайда болады. Осылайша, өндiрушiлер сұраныстың өсуiне және жетiспеушiлiкке байланысты тепе-теңдiк баға деңгейiне оралады / 4, 31 бет /.

Баға Ұсыныс

P 0

Р 1 Жетiспеушiлiк

Сұраныс

0 Ұсыныс Q 0 Сұраныс Көлем

көлемi көлемi

Сурет-3 - Нарықтағы тепе-теңдiктiң жетiспеушiлiгi

Жалпы осы жоғарыдағы сызылған графиктер бойынша нарықтың тепе-теңдiгiнiң, бағаның жоғары және төмен деңгейiнiң белгiленуiнен болатын байланыстарды келесi 1-шi кестеден көруге болады / 3, 47 бет /.

Кесте 1

Нарық тепе-теңдiгi және оған бағаның өзгеруiнiң әсерi

Нарықтық жағдай: Нарықтық жағдай
Сұраныс көлемi мен ұсыныс көлемi арасындағы байланыс: Сұраныс көлемi мен ұсыныс көлемi арасындағы байланыс
Нарықтық тепе-теңдiк баға: Нарықтық тепе-теңдiк баға
Нарықтық жағдай: Тепе-теңдiк
Сұраныс көлемi мен ұсыныс көлемi арасындағы байланыс: Q D = Q S
Нарықтық тепе-теңдiк баға: Тепе-теңдiк
Нарықтық жағдай: Тапшылық
Сұраныс көлемi мен ұсыныс көлемi арасындағы байланыс: Q D > Q S
Нарықтық тепе-теңдiк баға: Төмендейдi
Нарықтық жағдай: Артықшылық
Сұраныс көлемi мен ұсыныс көлемi арасындағы байланыс: Q D < Q S
Нарықтық тепе-теңдiк баға: Жоғарылайды

ә) Нарық тепе-теңдiгiне әсер ететін факторлар

Сұраныс және ұсыныс көлемiне рыноктық экономикада бағалы және бағалы емес факторлар әсер етедi. Мұндағы бағалы факторлардың әсер етуi сұраныс пен ұсыныстың көлемiн 2-шi суреттегiдей сұраныс қисығы бойымен жылжытады, яғни сұраныс заңына сәйкес. Ал бағалы емес факторлар (салықтар, несиелер, бiрiн-бiрi ауыстырушы және толықтырушы тауарларға бағаның немесе сұраныстың өзгеруi, тұтынушылардың табысының өзгерiсi және т. б. ) сұраныс көлемiнiң немесе сұраныс қисығының дерлiк оңға немесе солға жылжуымен көрiнiс табады.

Баға

Ұсыныс (S)

Р 2

Р 1 Сұраныс (D)

Q 2 Q 1 Q 3 Өнiм көлемi

Сурет-2 - Нарықта сұраныс пен ұсынысқа баға өзгерісі факторының әсер етуі

Суреттен көрiп отырғанымыздай, сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi, егер баға Р 1 ден Р 2 -ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q 1 -ден Q 2 -ге дейiн төмендейтiн түрiн бiлдiредi. Ал ұсыныс баға өскен сайын өсіп отырады. Яғни, Q 1 -ден Q 3 -ге дейiн.

Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар қымбаттаған тауарды басқа тауарға ауыстыра бастайды, екiншiден бағаның көтерiлуiне байланысты өздерiн кедей сезiнiп олар осы тауарды тұтынуын қысқарта бастайды.

Тауардың пайдалылығы барма немесе жоқпа, белгiлi бiр адам үшiн егер пайдалылығы болған жағдайда ол пайдалылықтың деңгейi қандай, демек ол игiлiк қандай деңгейде қажетiн тұтынушының қажетiн орындайды. Осыны әрбiр тұтынушы өзiнше субъективтi анықтайды. Осыған сәйкес рынокта рыноктық баға деңгейiн белгiлейдi.

Өндiрушi мен тұтынушы арасындағы бәсеке және мәмiлелер бағаға әсер етiп, рыноктық бағаны қалыптастырады. Ал бағаға сүйене отырып, тұтынушылар көптеген экономикалық шешiмдер қабылдайды. Мiне бұл жағдай тұтнушылар мiнез-құлығын және нарықта сұранысты қалыптастырады.

Пайдалылық пен бағының ара қатынасы келесiдей анықталады:

  1. Егер игiлiк құнды болмаса, оның бағасы жоқ немесе төмен болып табылады;
  2. Неғұрлым игiлiктiң құны жоғары болса, соғырлым оның бағасы жоғары болады және ол тұтынушы үшiн максималды қанағаттандыруға тең.

Алайда пайда деңгейiне тек қана пайдалылық емес, одан басқа өндiрiс шығындары да әсер етедi. Өндiрiс шығыны анығында бағаның ең төменгi деңгейiн белгiлейдi. Сондықтан әйгiлi экономистер Маршалл мен Маркс осы екеуiнiң арасындағы байланысты айтып кеткен. Сонымен, игiлiктiң пайдалылығы бағаны анықтайды, ал баға тұтынушының мiнез-құлығын анықтайды. Былайша айтсақ пайдалылық сұранысты қалыптастырады .

Әрбiр экономиалық тепе-теңдiк сол модельдi түсiндiре алатын айнымалылар белгiлi бiр теңдестiк жағдайына келген уақытта болады. Егер, бiз осы нарық механизмiнiң басты элементi сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығын бiр графикке салатын болсақ, онда ол екеуiнiң қиылысу нүктесi нарықтық тепе-теңдiк деп аталады. Оны келесi 16-шы суреттен көре аламыз.

Баға Ұсыныс

P 0 Тепе-теңдiк

Сұраныс

0 Q 0 Көлем

Сурет-16 - Рыноктың сұраныс пен ұсыныс және баға негiзiндегi тепе-теңдiгi

Суреттен көрiп отырғанымыздай, қисықтарының қиылысу нүктесiндегi баға Р 0 - нарықтық теңдестiк бағаны, ал Q 0 - қиылысу көлемi - сұраныс пен ұсыныс бiр-бiрiне тең болатын теңдестiк көлемiн көрсетедi.

Бұл тепе-теңдiк жағдайда тұтынушы қанша қаласа соны тұтына алады, ал өндiрушi де қанша өндiрсе соны сата алады. Осы өндiрушi мен тұтынушының көлемдерi дәлме-дәл келуi тепе-теңдiк нарықтық бағаны көрсетедi. Кейде бұл бағаны таза нарық бағасы деп те атайды, өйткенi ол нарыққа қатысушылардың барлығын қанағаттандырады.

Рынок тепе-теңдiгiне сұраныс пен ұсыныстың өзгеруiнен болатын жалпы нарық тепе-теңдiгiнiң өзгеруiн қарастырайық.

Мысалы, балмұздақ өндiретiн фирманы алайық. Биылғы жылы жаз айлары өте ыстық болды деп алып, оның балмұздақ рыногына қалай әсер ететiнiн көрсек. Әрине, жаздың ыстық болуы әрбiр тұтынушының жылдағы көлемiнен артық тұтынуына алып келедi. Яғни, ол 4-шi суреттегiдей сұраныс қисығы D 1 -ден D 2 -ге өседi. Сонымен қоса тепе-теңдiкбаға 50 теңгеден 75 теңгеге өседi, ал тепе-теңдiк көлем 7 балмұздақтан 10 балмұздаққа артады. Оны келесi 17-шi суреттен көре аламыз.

Балмұздақ

бағасы

Ұсыныс

75 В

50 А

Сұраныс “D 2

Сұраныс “D 1

0 7 10 Балмұздақ саны

Сурет-17 - Сұраныс өсуiнiң нарықтың тепе-теңдiкке әсерi

Суреттен көрiп отырғанымыздай, сұраныс өскен кезде жалпы тепе-теңдiк бұрынғы А нүктесiнен жаңа тепе-теңдiк жағдайға В нүктесiне келедi.

Бұл жағдайда фирманың сұраныс қисығы өзгермейдi, бiрақ олардың өнiм көлемi өзгередi. Жалпы ұсыныс қисығының жылжуы ұсыныстың өзгеруi деп аталады. Ұсыныс қисығының жылжуы ұсыныс көлемiнiң өзгеруi деп аталады.

Жоғарғы тақырыптарда бiз нарықта тепе-теңдiктi жағдайды, нарықтық қызмет етуi оның элементтерiне, атап айтқанда сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге және олардың негiзiнде қалыптасқан бағаға байланысты болады.

Ендi осы нарықтық экономиканың тепе-теңдiгiне мемлекеттiң әр түрлi саясаттар арқылы әсерiн, оның экономикалық жүргiзген реформаларының тиiмдiлiгi мен терiс жақтарын көрсек.

Бiрақ мемлекет баға деңгейiн белгiлегенде оның алдында екi сұрақ тұрады. Бiрiншiсi мемлекеттiң өндiрушiлер қалауы бойынша бағаның жоғары деңгейiн белгiлеу, екiнщiден бағаны сұраныс жағдайына байланысты төмен баға деңгейiн белгiлеу.

Ендi ұсыныстың өзгеруiн қарастырайық.

Балмұздақ

бағасы S 2

75 В S 1

А

50

D

0 4 7 Балмұздақ саны

Сурет-20 - Ұсыныстың кемуiнiң нарықтың тепе-теңдiкке әсерi

Алдынғы тақырыпта бiз нарық тепе-теңдiгiне бағаның тепе-теңдiктен ауытқуының әсерлерiн қарастырдық. Ендi нарық тепе-теңдiгiне сұраныс пен ұсыныстың өзгеруiнен болатын жалпы нарық тепе-теңдiгiнiң өзгеруiн қарастырайық.

Мысалы, балмұздақ өндiретiн фирманы алайық. Биылғы жылы жаз айлары өте ыстық болды деп алып, оның балмұздақ рыногына қалай әсер ететiнiн көрсек. Әрине, жаздың ыстық болуы әрбiр тұтынушының жылдағы көлемiнен артық тұтынуына алып келедi. Яғни, ол 4-шi суреттегiдей сұраныс қисығы D 1 -ден D 2 -ге өседi. Сонымен қоса тепе-теңдiкбаға 50 теңгеден 75 теңгеге өседi, ал тепе-теңдiк көлем 7 балмұздақтан 10 балмұздаққа артады. Оны келесi 4-шi суреттен көре аламыз.

Суреттен көрiп отырғанымыздай, сұраныс өскен кезде жалпы тепе-теңдiк бұрынғы А нүктесiнен жаңа тепе-теңдiк жағдайға В нүктесiне келедi.

Бұл жағдайда фирманың сұраныс қисығы өзгермейдi, бiрақ олардың өнiм көлемi өзгередi. Жалпы ұсыныс қисығының жылжуы ұсыныстың өзгеруi деп аталады. Ұсыныс қисығының жылжуы ұсыныс көлемiнiң өзгеруi деп аталады.

Балмұздақ

бағасы

Ұсыныс

75 В

50 А

D 2

D 1

0 7 10 Балмұздақ саны

Сурет-4 - Сұраныс өсуiнiң нарықтың тепе-теңдiкке әсерi

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс және ұсыныс моделі
Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi
Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері
Тепе-теңдiк туралы түсiнiк. Теңдіктің орнау механизмі
Микроэкономика пәнін зерделеу
Ұсыныс және сұраныс заңы
Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы
Сұранысқа әсер ететін факторлар
Нарықтық экономика жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz