Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы



КІРІСПЕ

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ

1.1 Қ.Р.да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы
1.2 Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы
ІІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ 2030 СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2.1 Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы
2.2 Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
2.3 Қазақстан экономикасын көтерудегі энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану
2.4 Қазақстан халқының әлеуметтік, әл.ауқатын көтеру бағдарламасы
2.5. Ирфрақұрылым, көлік және байланыс

IІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Бүгінгі таңда қабылданған стратегиялар мен Президент Жолдауының маңыздылығы
3.2 2003.2015 жылдарға арналған Индустриялы.инновациялы даму бағдарламысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңда өзекті мәсселеге айналып отырған ұлттық экономиканың болашақ дамуына байланысты болып отырған «Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы » деп алдым. Бұл тақырыпты орындаудағы негізгі мақсатым Қазақсатан экономикасын экономикалық-әлеуметтік және саяси тұрақты әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ететін ұлттық экономиканы жоспарлап, атқарылып жатқан бағдарламалардың өзектілігіне тоқталу болып табылады.
1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан – 2030» Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Н.Ә.Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
3. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдау, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. – Егемен Қазақстан, 1 наурыз.
4. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
5. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
6. Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi № 004 баспасөз релизi 205 13 қаңтар // Банки Казахстана №1 2005г.
8. К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2003, №3-4.
9. 2004 жылдың алдын ала қорытындылары туралы статистикалық мәлiметтер // Банки Казахстана, №1, - 2005 г.
10. Статистика 1991-2001, десят лет независима Казахстана. Алматы. - 2002г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ІСКЕ
АСУ БАРЫСЫ

1. Қ.Р-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму
барысы
2. Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы
ІІ. Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
1. Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық
құбылысы
2. Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
3. Қазақстан экономикасын көтерудегі энергетикалық ресурстарды тиімді
пайдалану
2.4 Қазақстан халқының әлеуметтік, әл-ауқатын көтеру бағдарламасы
2.5. Ирфрақұрылым, көлік және байланыс

IІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ
БАҒЫТТАРЫ

3.1 Бүгінгі таңда қабылданған стратегиялар мен Президент Жолдауының
маңыздылығы
3.2 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму
бағдарламысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар
негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде
әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді
стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны,
жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту
бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң
тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану
заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады.
Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика
салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың
қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң
халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз
азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын
қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен
көрiнiс табады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгінгі таңда өзекті
мәсселеге айналып отырған ұлттық экономиканың болашақ дамуына байланысты
болып отырған Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
деп алдым. Бұл тақырыпты орындаудағы негізгі мақсатым Қазақсатан
экономикасын экономикалық-әлеуметтік және саяси тұрақты әрі қарқынды дамуын
қамтамасыз ететін ұлттық экономиканы жоспарлап, атқарылып жатқан
бағдарламалардың өзектілігіне тоқталу болып табылады.

I ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ІСКЕ
АСУ БАРЫСЫ

1. Қ.Р-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы
Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды
басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып
келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар
психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде
тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты
бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ
мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды. Яғни
бір сөзбен айтқан кезде даму жоспарларын даярлап, оны іске қосу қажеттігі
туындады.
Елiмiздегi экономикалық циклмен дамуы егемендiгiн алған жылдардан
бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесi
көрiндi. Ал 1996 жылдан бастап елiмiз экономиканың жандануы, инфляцияның
төмендеуi, ЖIӨ-нiң өсуi сияқты крсеткiштер оң бағытта өсiп экономикалық
жандану және өсу сатысындамыз.
Республикадағы экономикалық дағдарыстар ең алдымен оның терең тамыр
жайып, қоғамдық өмiрдiң барлық саласына әсер етiуiмен сипатталады. Мұның
өзi өндiрiс құлдырауының қаусап-күйреу кейпiнен, оның тиiмдiлiгiнiң күрт
төмендеуiмен көрiнедi.
Жалпы елiмiздегi экономикалық дағдарыс 1991 жылдан басталған жоқ, ол
сонау Кеңес басшылығының 1985-1991 жалдардағы экономикалық саясаты
экономиканы дағдарысқа сол кезден бастап бұрған едi. Әуелi кәсiпорындар,
сонан кейiн аймақтар қалыптасқан шаруашылық байланыстарын үзе бастады,
бартерлік қарым-қатынастарға көштi, мемлекеттiк тапсырыс бойынша өнiм
өткiзудi тоқтатты, барлық таза пайданы тұтыну қорларына айналдырды.
Мемлекеттiң бюджетiнiң тапшылығы мен инфляция өсе бастады, ақша жүйесi
құнсызданып, экономиканы тиiмдi басқару құлдырап кеттi. 1990 жылдары
елiмiзге келетiн өндiрiтiк инвестициятоқталды. 1990 жылы өндiрiс көлемi
абсалюттi түрде құлдырап, елiмiз экономикалық дағдарысқа кiрдi. 1991 жылы
өнеркәсiп өндiрiсiнiң құлдырауы 8 пайызға жеттi. Экономикада жаппай
аласапыран басталды.
Осылайша 70 жыл бойы экономикада ортақ меншiктiк негiзде, экономиканы
бiр орталықтан басқарып келген шаруашылық механизмiмiз Кеңес Одағының
ыдырауымен оның құрамындағы елдердiң барлығы саналарына тым жат болып
келетiн нарықтық экономикаға өттiк. Осы уақыттарда барлық буындағы басшылар
нарыққа көшудiң жолдары жайында ұзаққа созылған пайдасы жоқ бос шарушылыққа
көштi. Сыңаржақты жасалған бағдарламалар мен жоспарлар пайда болды.
Қазақстан Республикасы өз егемендiгiн алып, нарықтық қатынастарға өтуде
ең алғашқы мiндет – ол экономиканы ырықтандыруға, шаруашылық жүргiзудi
демократияландыруға негiзделген, инфляцияны тежеуге бағытталған қатаң қаржы
– ақша саясатымен ұштастырылған түбегейлi реформа жүргiзу болатын.
Сондай-ақ бұрыннан берi қызмет етiп келе жатқан экономикалық жүйе,
елдердiң экономикалық қарым – қатынасы бұзылуы салдарынан экономиканың
құлдырауы одан сайын өрши түстi. Нарықтық жағдай бiрден халыққа ұғынықсыз
түнек болып көрiндi, яғни нарықтық экономикаға сенiмсiздiкпен қараушылық
пайда болды, ал бұл мәселе ендi ғана халықтың сенiмiне ие болып отырғаны
баршамызға белгiлi.
Осылайша елiмiздiң тәуелсiздiк алған оншақты жыл жалпы дағдарыстарға
толы болды. Ол дағдарыстарды былай жiктеуге болады:
• экономикалық өсудегi дағдарыс;
• инфляциялық дағдарыс;
• төлем қабiлетi дағдарысы;
• инвестициялық дағдарыс;
• әлеуметтiк саладағы дағдарыс;
Экономикалық өсудегi дағдарыс: себептерi мен жалпы көрiнiсi.
Елiмiздiң нарықтық қатынастарға өтуi барысында жалпы экономика өтпелi
кезеңде болып отыр. Экономикалық өсудегi дағдарыс елдегi 1991-1998 жылдар
аралығындағы ЖIӨ-нiң құлдырауымен байланысты. Әлемдiк тәжiрибеде
экономикалық өсудiң дағдарысы , яғни ЖIӨ көлемi үш жылда 9%-дан асып кетсе
экономикалық өсудегi дағдарыс деп аталады. Ал Қазақстанда болса ЖIӨ-нiң
көлемi 1998 жылы 1991 жылға қарағанда 31,2%-ға төмендедi.
Осы аралықта. экономикалық өсуде ЖIӨ-нiң 1996 жылы – 0,5%, 1997 жылы
– 1,7%-ға шамалы өсу қарқыны көрiндi. Бiрақта 1998 жылы қайтадан ЖIӨ-нiң
1,9%-ға төмендеуi байқалды, яғни ол жылы әлемнiң бiрнеше елдерiнде қаржы
дағдарыстары болып едi. Бұдан көретiнiмiз елiмiздiң экономикасының өсуi
тұрақты емес, өйткенi ол басқа экономикалық өзгерiстерге тәуелдi. Оның
басты себебi бiздiң экономикамыздың шикiзаттық бағытта болуы, яғни әлемдегi
шикiзат бағасының өзгеруi бiздiң экономикаға зор ықпал жасайды. Осыған
байланысты елiмiздiң басты саясаты ұлттық экономиканы тұрақтандыру саясаты
болып табылады, ол үшiн өндiрiстi шикiзаттық бағыттан жайлап өңдеушi
индустриялы-инновациялы дамуға өту болып отыр.
1991-1995 жылдардағы экономикалық өсудегi дағдарыстың басты себебi
инфляциялық жағдай болып табылады. Өйткенi 1992-1994 жылдарда елiмiзде
инфляция қарқыны тым үлкен болды. Инфляция деңгейi 2000%-дан асып кетiп,
гиперинфляцияны құрады.
Омыған байланысты 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура
келдi. Алайда соның өзiнде инфляция белең алып отырды. Осы мәселе туралы
ұлттық валюта енгiзiлгеннен бастап елдегi банк жүйемiз нақты ақша-несиелiк
және валюталық реттеуге кiрiстi. Осының нәтижесiнде экономикада 1995 жылдан
бастап инфляция деңгейi төмендей басатады, ал ол өз кезегiнде экономикалық
өсуге жол ашты.
Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi 38,6%-
ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды. 2000 жылға дйiнгi
ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен салыстырғанда 69,3%
-құрады. Ал сонғы 2001-2003 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi 30%-дан
астам болды.
1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен жалпы экономикада экономикалық
өсу көрсеткiштерi белең ала бастады. Яғни елдегi экономикалық өсу
параболалы түрде болып, оның көлемi бұрынғы 1990 жылғы көлемiне мiне осы
2003 жылы ғана жеттi. Қазiргi уақытта елiмiз экономикалық өсудiң
дағдарысынан толық шықты деп айта аламыз. Көп жылдардан бері әскери
басшылар стратегия терминін қолданып келеді. Стратегия гректің — генерал
өнері деген сөзінен шыққан. Стратегия термині осы уақытқа дейін жарыс,
бәсеке мағынасында қолданылып келгенімен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын
қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз — мемлекеттің міндетті ісін орындауды және
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып
саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз — басшы қабылдаған шешімдер мен
әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін
басшы арнайы стратегияны іздейді.
Стратегиялық жоспарлау мемлекеттің дамуы үшін шешім қабылдауға қажетті
құрал болып саналады. Оның басты міндеті — мемлекетте жаңадан енгізілген
жоспарларды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері төмендегідей:
1) стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және
жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейлерінің
қатысуы көзделеді;
2) стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл бір
мемлекеттің даму болашағы үшін де жасалады;
3) стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректермен
негізделуі тиіс;
4) стартегиялық жоспар мемлекеттің айқындылығын, дербестілігін
білдіреді;
5) стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын
сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта
бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы керек.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарстыру қажет, сонда
ғанаұзақ уақыт бойы мемлекеттің қызметін бағыттауға, әрі қажет болған
жағдайда өзгертуге болады.

Стратегиялық жоспарлаудың моделі

Стратегия уақыт мерзімі бойынша ұзақ, орта, қысқа мерзімді болып
бөлінеді.
Қысқа мерзімді стратегия немесе оперативті стратегия бір жылға дейінгі
мерзімге жасалады. Бұл стратегия мемлекеттің бюджетін белгілеуде маңызды
орынға ие. Өйткені әрбір жылда мемлекет өзінің бюджетін белгілеп отырады,
яғни бұл жерде бюджетке түскен қаржыны нақтылы мақсаттарға тиімді жұмсалуын
көздеп және оны бақылау арқылы жүргізіліп отырады.
Орта мерзімді стратегия бір жылдан үш жылғадейінгі мерзімге құрылыды.
Бұндай стратегияның құрылу мақсаты тұралап қалған салаларды дамытуға және
ұзақ мерзімді стратегияға жету жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалыға, Қазақстанның 2003 жылдан 2005 жылға дейінгі ауылды дамыту
бағдарламасын айтуға болады.
Ұзақ мерзімді стратегия ретінде бес жылдан жоғары мерзімге жасалған
стратегияны айтады. Бұндай стратегия жалпы мемлекеттің дамуы үшін жасалады,
және белгілі бір бағдарламалар құру аорқылы жүзеге асырылады. Мысалы,
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жатқызуға болады.
Енді, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына тоқталамыз.
Осыдан 40 жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан басына
шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі
еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан
асатын табысы бар мемлекет болып табылады.
Өзінің халқы этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген
параметрлері бойынша бізге ұқсас ел, Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт
ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есеге арттыруға қол
жеткізген. Осындай табыстарының нәтижесінде бұл елдер әлемде Азия
Жолбпрыстары ретінде танылып отыр.
Осы елдердің тәжірбиесі көре отырып Қазақстанның да осындай
ұқсастықтары мен көптеген артықшылықтарының арқасында 2030 жылға дейін даму
стратегиясын жасады. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталақ Азияның Барысына
айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп Қазақстан
Республикасының Президенті атап көрсетті.
Дегенмен, 2030 жылғы Қазақстан өзінен-өзі пайда болмайды. Оны біз өз
қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік-жігеріміз арқылы
тұрғызамыз.
Егер біз осы мүмкіндікті сәтімен пайдалана алмасақ, егер біз
болашағымызға жоспар құрмай және бүгінгі күні нақты іс-қимылдарды іске
асырмай, күндер мен апталарды уысымыздан шығарып алсақ, егер сәтсіздікке
ұшырасақ, онда өзімізден басқа ешкімге кінә арат алмаймыз — деген ел
Президентінің сөзі әрбір қазақстандықты ос даму стратегиясына жетпей
қоймаймыз және дами үстіне дами түсеміз деген түсінік қалыптастырады.
Инвестициялық дағдарыс Қазақстанда Республикасында инвестициялық
қызметтiң дереу тоқталуымен белең алды. 1991-1996 жылдар аралығында негiзгi
капиталға инвестиция тарту тұрақты түрде кемiп отырды. Осы аралықта негiзгi
капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 10 есе кемiдi. Осылайша
елiмiзге инвестиция ағымы азаюымен қатар жоғарыда көргенiмiздей
экономикалық өсуде дағдарысқа ұшырады. Жалпы экономикада өндiрiстер
құлдырап, көбiсi банкротқа ұшырады. Сондай-ақ бұрынғы құралдардың жаппай
тозуы басталды. Осының салдарынан әлеуметтiк салада жұмыссыздық күннен-
күнге өсе бастады.
Мемлекетiмiз осы мәселеге тiкелей араласа бастады. Ол экономикаға
инвестиция тартуды ынталандыру саясатын жүргiздi, шетлдiң тура
инвестициялар келуiне ынғайлы жағдайлар жасады. Сондай-ақ iшкi экономикалық
инвестиция тартуды дамытты. Осылайша 1997 жылдан бастап елiмiзде
инвестициялық қызмет өсу бағытына бет алды. Оның өсiмi 1997 жылы 11,6%,
1998 жылы – 41,9%, 1999 жылы – 3,8%, 2000 жылы – 29,4%, 2001 жылы – 30%-ды
құрады.
Елге келеген шетелдiк инвестициялардың үлсi жылдан –жылға артып келе
жатыр. 1996 жылы оның үлесi 13%-ға, 1997 жылы – 22% және 1999-2000 жылдары
– 40%-ға өстi. Жалпы 1993-2000 жылдар аралығында шетелдiк инвестицияның
көлемi 12,5 млрд. долларды құрады. Көрiп отырғанымыздай инвестицияның
төмендеуi экономикалық өсуде де дағдарыстық жағдайды көрсеттi. Сонымен
инвестициядағы дағдарыс экономикалық өсудегi дағдарыстың бiрден-бiр басты
себебi деп айтсақ болады.
Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады.
Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтнған
экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып,
экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа
ұшырады. Осының салдарынан Қазақстанда 1992-1994 жылдары тұтынушылар
тауарына инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Өндiрiс пен инфлияцияның
дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың
ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек ақы төмендедi, жалпы елде кедейлiктiң
деңгейi өсе бастады.
Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында
инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары
гиперинфляция болды.
Осы мәселеге мемлекетiмiз әр түрлi саясаттарды iске асыра бастады.
Бiрақ 1991-1993 жылдар өзiмiздiң ұлттық валютамыз болмауы себебiнен қаржы
жүйемiз ақша-несие және валюталық саясатты тоық түрде жүргiзе алмады.
Осылайша 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге тура
келдi. Осыдан бастап елiмiз экономиканы ақша-несиелiк және валюталық түрде
реттей бастады, ұлттық валютамызды тұрақтандыру саясатын жүргiзудi қолға
алды және жаппай мемлекеттiк меншiкке жекешелендiру сяасаты, яғни
кәсiпкерлiктi дамыту реформалары жүргiзiлдi. Бұл саясаттардың барлығын
жүргiзiп, iске асырып отырған мемлекетiмiздiң Ұлттық Банкi болды.
Сөйтiп 1995 жылдан бастап экономикада жүргiзiлген реформалардың
нәтижесiнде және қаржылық реттеудiң арқасында инфляция қарқынының
төмендеуi байқалды, ал оның төмендеуi өзiмен бiрге экономикалық өсудiң
белең алуына әкелдi.
Осылайша 1995 жылы жылдық инфляция деңгейi 60,3%, 1996 жылы – 28,7%,
1997 жылы – 11,2%, 1998 жылы – 1,9%,ал өткен 2003 жыл инфляция деңгейi
жоспарланған 4-6%-дан ауытқымай жалпы 5,8%-ды құрады. Елiмiз келесi жылға
инфляция деңгейiн 3-5% деңгейiнде жоспарлап отыр. Бұлайша экономикада
инфляция қарқынын жоспарлап отырғаны жалпы жүргiзiлген реформалардың және
саясаттардың оң нәтиже бере бастағаны деп түсiнемiз. Өйткенi ел
экономикасында инфляия қарқыны төмен және тұрақты деңгейiнде болып отыруы
жалпы өндiрiстердi дамытуға басты себеп болып табылады.
Әлеуметтiк дағдарыс Қазақстан Республикамызда күнi бүгiнге дейiн
орнын таппаған, басты шешiлмеген мәселе болып келдi. Елiмiзде 1990 жылдан
бастап жаппай өндiрiстiң құлдырауымен байланысты өнеркәсiп орындары жаппай
банкротқа ұшырауы және өндiрiстiң қысқаруы салдарынан жұмыссыздық жаппай
орын алды. Халықтың табысы, еңбекақысы төмендеп, қоғамда кедейлiктiң өсуi
орын алды. Сондай-ақ бұрынғы Кеңестңк кезендегi жүйеге үйренiп қалған халық
нарықтық құрылымға бiрден ене алмады. Тiптi кейбiреулерi бұрынғыдай
мемлекет жұмыс тауып бередi деп санаса, көбiсi бұрынғысынша жұмыс iстемесем
де ақша табуға болады деп ойлады. Ал нарықтық экономика мүлдем мұндай емес
едi, онда қаншалықты еңбек iстесен соншалықты табыс табасын.
Сондықтан Қазақстан Республикасы осы аталған экономикалық дағдарысты
шешу мақсатында сол кездердің өзінде бүгінге дейін жалғасып келе жатқан
көптеген даму жоспарларын және экономикалық реформаларды жүргізді. Ол
реформалардың ең алғашқысы Қазақстан Республикасын әлемдік нарықта
демократиялы, әрі нарықтық қатынастағы ел ретінде құру болды. Әрине, бұл
реформаның тиімді және ұқыпты жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда еліміз
экономикасы толықтай нарықтық қатынастарға өткен дамушы ел ретінде
танылуда.
Бұл реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздылығы және ел дамуының болшағы
болып табылатын экономиканы жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастағы
экономикаға толық қанды ауыстырып, экономиканы демократиялау болып
табылады. Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес
Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған.

Ал елiмiз экономикасының толықтай түрде рыноктық қатынастарға өтуi
1991 жылдан бастап iске аса бастады. Осы кездерде рыноктық экономиканың
қызмет етуiнiң ортасы болып табылатын жеке меншiктi қалыптастыру үшiн
экономиканы жекешелендiру қажеттiгi туындады. Яғни, елiмiзде жаппай
жекешелендiру iске асырылды. Ал бұл өз кезегiнде бүгiнде жемiсiн берiп,
ұлттық экономикамыз рыноктық қатынастары дамыған, кәсiпкерлiк қызметтiң
үлесi толықтай экономиканы қамтып, бәсекелiк жағдай даму үстiнде.

Елiмiз рыноктық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар
күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады.
Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық
экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп
отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жоспарының
қалыптасуы және оның дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан
бастап бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы
реформаларға Кеңес Одағы экономикасының негiзi экономиканы орталықтан
басқару жүйесiн ыдыратып, меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады.
Оның алғашқы қадамы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл
кәсiпкерлiк ортаны қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.
Елiмiзде кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай
жекешелендiру 1998 жылға дейiн қарқынды түрде жүргiзiлдi. Ал одан кейiнгi
кезеңдерде экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету
үшiн кәсiпкерлiк дамуына қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың
бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес
салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау,
кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi
шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы соңғы жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға
арналған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол
стратегияның негiзгi мақсаты отандық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол үзiп,
экономикалық өсудiң тиiмдi жолы болып табылатын дамудың индустриялы
сатысына өтiп, сервистiк-технологиялық қызметтi дамыту болып табылады. Ал
мұны iске асырудың негiзi рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын
кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру екенi белгiлi.
Сондай-ақ елiмiздегi кәсiпорындардың басым көпшiлiгi бүгiнде
экономиканың сауда-саттық, делдалдық және автакөлiк жөндеу сияқты салаларда
орын алуда.
Кесте 1

Казақстан Республикасындағы 2004 жылғы кәсiпкерлiк құрылымы

Барлық МемлекеттiкЖеке Мемлекет Бiрiккен Шетелдiк
кәсiпорындаркәсiпорын меншiк араласуымен кәсiпорын кәсiпорын
ҚР 182796 25661 149473 1133 5089 7662
Шағын 163534 18204 144381 708 4812 7523
Орта 10674 6607 3975 266 198 92
Iрi 2014 850 1117 159 79 47

Бүгiнде еiмiздегi қызмет етiп отырған жалпы кәсiпкерлiктiң қызмет ету
формасына байланысты олардың үлес салмағын келесi кестеден және Қазақстан
Республикасындағы жалпы кәсiпкерлiктiң барлық түрi бойыншағы үлесiн көре
аламыз.

1.2 Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы

Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей
мәселелер орын алуда:
1) Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;
2) Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
3) Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
4) Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық,
жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
5) Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және
газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да
салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).
Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны
рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар
жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде
орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық
қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн
келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол реформаларға:
1) Экономиканы жекешелендiру;
2) Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
3) Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде
индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған
қабылданды;
4) Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.
5) Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық
саясатты жүргiзу;
6) Ауыл шаруашылығын реформалау;
7) Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;
Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп,
елiмiздiң соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың
жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк өндiрiс жанданып келе жатыр.
Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл
дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады. Осы елiмiздiң
экономикалық өсу динамикасын келесi суреттен көре аламыз:

Сурет-7 – Елiмiздегi 1996-2004 жылдар аралығындағы ЖIӨ-нiң өсу
динамикасы

Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп
тұрған мәселелер одан көп.
Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты
дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы.
Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын
жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн
күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-
индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш
бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi
анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс.
Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып
немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.
Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда.
Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп
келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр. Ал
әлем тәжiрибесi көрсеткенiндей дамыған және жаңа индустриялы дамушы елдер
экономикалық дамудың шикiзаттық бағытынан сервистiк-технологиялық өндiрiске
көшiп кеткен.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Елiмiзде
рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген
түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер
мен олигополистер баршылық.

Ұлттық экономикадағы рыноктық қатынастардың ерекшелiгiне тоқталатын
болсақ, олар келесiдей сипат алады:

Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны елiмiзде көп және
өнiмдерi бiртектi болып келетiн рыноктарға азық-түлiк рыноктары,
коммуналдық қызмет рыногы және т.б. рыноктар жатады;

• Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi мемлекеттiк маңызы бар
өнеркәсiптерде, өндiрiстiң басым салаларында, елде телекоммуникация
саласында “Қаазқтелеком ААҚ” ретiнде көрiнiс тауып отыр. Сондықтан, бұл
рыноктардың өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi мемлекет немесе
антимонополиялық агенттiлiк қарастырады. Сондықтан бұл кәсiпорындар
рыноктағы жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар
бағасына да әсер ете алмайды;
• Елiмiзде рыноктың дамуымен байланысты бағалар, техологиялық
жаңалықтар, ықтимал болатын пайда жөнiндегi ақпараттар ағымы дамуда;
• Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар
көптеген салалар бойынша жоқ, яғни еркiн рыноктық бәсеке қалыптасқан.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру
жолында оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны
жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi
мәселелердiң бiрi.
Рыноктың өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай
тәуелдi болады. Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар
көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк –
экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту
арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi
бөлiгiң жұмыспен қамту, яғни жұмыссыздық мәселесiн шешу, қоғамда орта
тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Қазақстан экономикасы өтiп кеткен 14 жылда ойдағыдай рынок
экономикасын құрды. Экономиканы түпкiлiктi реформалауға бағыт ұстап, бiз
қысқа мерзiмнiң iшiнде рыноктық фреформаларды жүргiзе бiлдiк, тиiстi
рыноктық заңнамамызды жасауға қол жеткiздiк.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы ЖIӨ 700$-дан сәл ғана
асса, ал 2004 жылы бұл шама 2700$-ға жеттi. Ал елiмiздiң болжамы бойынша
2010 жылы жан басына шаққандағы ЖIӨ көлемi 5800$-дан асып түседi. Яғни,
қазiргi Чехия, Польша, Малайзия, Венгрия сияқты елдердiң бүгiнгi деңгейiне,
ал 2015 жылы ЖIӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi 9000$-ға жетедi деп
жоспарлануда.

2. Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы

4. Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық
құбылысы

Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың
барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті
әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі
проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағдыланған
жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.
Нәтижесінде туған жағдайлады реттеу үшін басшылар олардың тәуелді
болуға мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжірбие
бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті
әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тұжырымдалады.
Сонымен ағымда әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен
ұштастыруы келесі мүмкіндіктерді туғызады:
— стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін бақылау;
— жағдайдың жетегімен жүрмей, оны реттеу;
— күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау.
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 жылға дейін анықтау келесі
жағдайлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, республикалық бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін
мұнайдан түскен табыстар құрайды.ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030
жылға дейін мұнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру
байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа
неғұрлым дәл құруға мүмкіндік береді;
Екіншіден, отыз жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметтік белсенді кезеңі;
Үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы,
дамудың индустриалдық-техникалық кезеңдері де ескерілген. әлемдік тәжірибе
бойынша елдер атап айтқанда отыз жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді.
Қазақстанның 2030 даму стратегиясы ел экономикасын қарқынды өсіруге,
халықтың әл-ауқатын көтеруге және Қазақстанның әлемдік экономикада жетекші
позицияға ие болуын көздеп жасалған бірден бір даму жоспары десек те болды.
Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясы келесі стратегиялық
жоспарлар құру жүйесіне негізделеді.
— әр бес жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стратегиялық
жоспар;
— ұзақ мерзімді жоспардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатымен он
жылдық даму жоспары;
— мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар бес жылдық
стратегиялық жоспар;
— 1998 жылдан бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының
жылдық стратегиялық жоспары.
Сонымен, даму стратегиясы төрт кезең бойынша іске асырылатын — бағдарлама
құжаты:
І. 1998-2000 ж.ж. — Алғашқы, (нөлдік) кезең. Бұл кезеңде аралық
мақсаттарға жету үшін және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы
тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады.
Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 жылыдың ортасын, қаржы секторын
реформалау — 1998 жылы, төлем дағдарысын жою, ауыл кәсіпорындарын
реформалау — 2000 жылдан бастап жүжеге асырылды. Осы кезеңде экспорттық
мұнай құбырлары іске қосылады.
ІІ. 2001-2010 ж.ж. Бес жылдық және он жылдық стратегиялық
жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері: жедел
әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; еңбек — қаржы сыйымды
өндірісті дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу, т.б. Екінші
және үшніші: экпорттық құбырларды іске қосу, экономикалық өсуді жеделдету,
қолайсыз демографиялық жағдайларды жою, қоғамда орта топты қалыптастыру
ұсынылады.
ІІІ. 2011-2020 ж.ж. Екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен,
адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды
жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер
көзделіп отыр:
— интенсивті экономикалық өсу;
— қуатты жалпы ағарту потенциалды құру;
— демографиялық саясатты белсендіру;
— инфрақұрылымды жаңарту;
— экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу.
ІV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылым жетістіктерін кеңінен
пайдаланатын өндірістерге жалпылай көшуді және экологиялық таза жан-жақты
өндіріс кәсіпорындарына бет бұру, қазақстанның экспортқа шығаратын
өнімдерінің түрлерін көбейтуді көздейді. Бұл кезеңде алдыңғы қатардағы
әскери күш қалыптасады.
Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелсіз өркендеген
және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру. Осымен қатар ұлттық
бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықтың
экономикалық әу-ауқатын көтеру.
Стратегияның негізгі экономикалық мақсаты — еліміздің халық шаруашылық
құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден,
экологиялық таза аграрлық-индустриалдық елдердің қатарына қосу.
Еліміздің 2030 жылға дейін даму стратегиясы Қазақстан Президентінің
қойылған мақсаттарға жеткізетін келесідей жеті ұзақ мерзімді басымдықты
іске асыру қажеттігін атап көрсетті. Ол басымдықтар төмендегідей жіктеледі:
1. ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК. Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып,
қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ТОПТАСУЫ. Қазақстанға бүгін және
алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты
сақтап, нығайта беру.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық
нарықтық экономикаға негізделген ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ. Экономикалық
өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына
қол жеткізу.
4. ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ, БІЛІМІ МЕН ӘЛ-АУҚАТЫ. Барлық
қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі
менмүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ. Мұнай мен газ өндіруді және экспорттауды
қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға
жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның
энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
6. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ӘСІРЕСЕ КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС. Осы шектеулі секторларды
ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық
өрлеуге жәрдемдесетін етіп дамыту.
7. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ. Ісінде адал әрі біздің мақсаттарымызға қол жеткізуде
халықтық өкілдері болуға қабілетті. Қазақстанның мемлекеттік
қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал
кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленгеннақты іс-қимылдарға күш-жігерді
жұмылдыра отырып, осы стратегияны талдау жасауға және оны дәйекті түрде
іске асруға тиіспіз.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтар мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін
жұмылдыру үшін қызмет етуге, еліміздің бюджеті мен кадр саясатын
қалыптастыру кезінде өлшемдер негізіне алынуға тиіс.
Стратегия экономикалық жағынан қарағандықтан тереңірек үшінші,
төртінші, бесінші, алтыншы басымдықтарға келесі бөлімдерде баса назар
аударамыз.

5. Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі

Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып
саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі
жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын
бағдарламалардың бірі болып саналады.
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын,
орта бизнестің барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын
дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез
қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖІӨ-нің (жалпы
ішкі өнім) 40-50 пайызын өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесідей
он негізгі қағидаларын сақтау керек:
1. Мемлекеттің экономикаға араласуының шектеулі болуы. Мемлекеттің
міндетті шағын және орта бизнесті белсенді қолдай отырып,нарықтық
ережелерді құру оларды сақтауды қамтамасыз ету. Бірақ та, өтпелі
кезеңде, нарық әлі дами қоймағандықтанмемлекеттің экономикаға
араласуының рөлі қажетті деңгейде болған жөн. Сондықтан жақын
келешекте мемлекет нарықтық қатынастардың құқықтық және нормативтік
базасын құруға, монополияға қарсы күресуде сенімді шаралар жүргізуге,
инфроқұрылымды дамытуды қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны тиімді
саналады.
2. Инфляцияны, бюджет тапшылығын төмендету жолымен, Ұлттық валюта
жағдайын және қорланудың жоғарғы нормасы негізінде макроэкономиканы
тұрақтандыру.
3. Бағаны нарықтандыру, бұл Қазақстанда қазіргі күнде аяқталған процестер
қатарына жатқызылады.
4. Жеке меншік институттарын жерге деген құқықтың, сондай-ақ меншік
құқықтарын және келісім-шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін
құрудың есебінен нығайту.
5. Кәсіпорынды жекешелендіру. Бұл процесте қазіргі күнде негізінен
аяқталған болып есептеледі. Бірақ та, енді акциялардың айналымы
процесін дәл реттеу және стратегиялық сипаттағы кәсіпорындарда
акциялардың мемлекеттік пакеттерін орынды және тиімді пайдалану қажет.
6. Ашық экономика және еркін сауда құру. Бұл жағдайда, біздің ұлттық
қарызымызды қамтамасыз ету жас әрі әлсіз екендігін ескеруіміз қажет,
сондықтан оны қорғау және нығайту мемлекеттің негізгі әрі басты
міндеттерінің бірі болып табылады.
7. Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеруді
жалғастыру. Оның мақсаты — экспорттан экономиканың өрлеуімен қатар
елдің саяси тұрақтылығына, сондай-ақ оның ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге жәрдесдесетін жоғары деңгейде табыс алу.
8. Шетел инвестицияларын тиісінше қорғау. Қазақстанға тартылған шетел
инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін
нақты іс-қимыл мен тиімді шаралар қажет. Шетел инвестициялары
негізінентабиғи ресурстарды игеруге, инфрақұрылымды дамытуға,
аймақаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде сақтандыру
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Туристік бизнестің бухгалтерлік есебі
Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Компанияның қаржылық стратегиясылар
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мемлекеттік бағдарламалар - Қазақстанның болашақ дамуының кепілі
Н. Ә. Назарбаев - тарихтағы тұлға туралы
Пәндер