Сақтандыру рыногы



Кіріспе 3

1. Сақтандыру туралы түсінік және оның экономикалық мәні 5
1.1 Сақтандырудың пайда болуы және әлеуметтік.экономикалық негіздері 5
1.2 Сақтандырудық атқаратын қызметі 8

2. Сақтандыру рыногы 12
2.1 Қазақстандағы сақтандыру рыногының қалыптасуы мен классификациясы 12
2.2 Сақтандыру нарығының ағымды жағдайын талдау 17
2.3 Міндетті әлеуметтік сактандыру бойынша талдау 25

3. Сақтандырудың кемшіліктері және оны оптимизациялау жолдары 33

Қорытынды 37

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 38
Нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттердің сақтандыру жүйелері экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Адам өміріндегі барлық жағдайлар, яғни меншік иесінің мүлкінің жоюлуының және табыстарының жоғалуының , сақтандыру қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрақтылығының кепілі ретінде болады. Сақтандыру компанияларының резервтері - ірі мөлшердегі инвестициялардың әртүрлі өндірістік және өндірістік емес салаларға құйылуының берік қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, мемлекеттік сақтандырудың манапольдік жүйесінің негізінде пайда болды, бірақ 1990 жылдардың басында түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Отандық нарық өзінің дамуы кезінде, алдыға қадам басқан сайын манаполиядағы болған қарама қайшылықтардан тазартылып, альтернативтік компанияларға жол берілді. Қазіргі кезде біз Республикамыздың сақтандыру кеңістігін шындық бәсекелестікке негізделген бағыт туды деп күдіксіз айтуымызға болады. Бұрындары тек шетел мемлекеттерде ғана жүзеге асқан сақтандыру түрлері бізде де пайда болды. Сақтандыру тәжірибесіне жаңа сақтандыру түрлері енді және сақтандырушылардың сақтанушылардың алдында туындайтын жауапкершілік сезімі жоғарылады.
Қазіргі ағымдағы қазақстандық сақтандыру ғылымының алдында отандық сақтандыру нарығының қалыптасуының және дамуының мәселелерін меңгеру жөнінде сұрақтар туындап тұр. Әсіресе өтпелі нарықтық экономикада, барлығы жеке меншік қатынастарына негізделеді, сол себептен сақтандырудың басты қозғаушы күші ретінде, сақтанушының өзінің жеке меншігінің қорғауы болады. Сонымен бірге адамдардың өмір деңгейінің жақсаруына байланысты, өзіне деген қамқорлығын өсіре түседі, нәтижесінде жеке сақтандыру саласы жоғары дәрежеде дамиды. Жалпы сақтандыру ерекше мәнге ие болғандықтан, оның сақтандыру обьектісі сол сияқты субьектісі де әртүрлі болады. Осы жағдайлардың барлығы сақтандыру заңдылығының күрделенуіне өз әсерін тигізе отырып, сақтандыруды тек көлемді ғана қылып қоймай, сонымен бірге мазмұнын да әртүрлі жасайды. Осындай шарттардың болуы, сақтандыруды шынымен де нарықтық экономиканың бөлінбес бір бөлігі ретінде танытады. Бұлай болудың өзі тек сақтандыру ұйымының өсу санына ғана байланысты емес, сонымен қатар, сақтандыру заңдылығының ұлғаюына да байланысты.
1. Вланд Д. Страхование: принципы и практика.- М.: Финансы и статистика, 2000.
2. Гвозденко А.А. Финансово-экономические методы страхования. М., Финансы и статистика, 2000.
3. Ефимов С. Л. Экономика и страхование. Энциклопедический словарь.- М.: Церих- ПЭЛ, 1996.
4. Жуйриков К. К. Страхование: теория, практика.- Алматы, 2000.
5. Жуйриков К. К. Страховой бизнес Казахстана.- Алматы: Жибек Жолы, 1997.- С. 96.- 128 с.
6. Жуйриков К. К. Страхование в Казахстане: пути дальнейшего развития.- Алматы: Жибек Жолы, 2004.
7. Основы страховой деятельности. / под.ред. Т.А. Федорова М., М., БЕК, 1999.
8. Б.Ю.Сербиновский, В.Н.Гарькуша. Страховое дело. изд.«Феникс » Ростов-на-Дону,2000.
1. Шахов В.В. Введение в страхование: Учебное пособие. – 2-е издание, переработанное и дополненное – М.: Финансы и статистика, 1999.
2. Страховое дело. /Под редакцией профессора Рейтмана Л.И. – М.: Бнковский и биржевой научно-консультационный центр, 1992.
3. Воблый К.Г. Страховое дело: Основы экономии страхования. – М.: «АНКИЛ», 1993.
4. Вержбитская В.П. Некоторые теоретические аспекты перестрахования. М.: «Финансы» №2 2003.
5. 5. “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті 2008.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1. Сақтандыру туралы түсінік және оның экономикалық мәні 5
1.1 Сақтандырудың пайда болуы және әлеуметтік-экономикалық негіздері
5
1.2 Сақтандырудық атқаратын қызметі 8

2. Сақтандыру рыногы 12
2.1 Қазақстандағы сақтандыру рыногының қалыптасуы мен классификациясы 12
2.2 Сақтандыру нарығының ағымды жағдайын талдау 17
2.3 Міндетті әлеуметтік сактандыру бойынша талдау 25

3. Сақтандырудың кемшіліктері және оны оптимизациялау жолдары 33

Қорытынды 37

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 38

Кіріспе

Нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттердің сақтандыру жүйелері
экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Адам өміріндегі барлық
жағдайлар, яғни меншік иесінің мүлкінің жоюлуының және табыстарының
жоғалуының , сақтандыру қоғамның әлеуметтік экономикалық тұрақтылығының
кепілі ретінде болады. Сақтандыру компанияларының резервтері - ірі
мөлшердегі инвестициялардың әртүрлі өндірістік және өндірістік емес
салаларға құйылуының берік қайнар көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, мемлекеттік
сақтандырудың манапольдік жүйесінің негізінде пайда болды, бірақ 1990
жылдардың басында түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Отандық нарық өзінің
дамуы кезінде, алдыға қадам басқан сайын манаполиядағы болған қарама
қайшылықтардан тазартылып, альтернативтік компанияларға жол берілді.
Қазіргі кезде біз Республикамыздың сақтандыру кеңістігін шындық
бәсекелестікке негізделген бағыт туды деп күдіксіз айтуымызға болады.
Бұрындары тек шетел мемлекеттерде ғана жүзеге асқан сақтандыру түрлері
бізде де пайда болды. Сақтандыру тәжірибесіне жаңа сақтандыру түрлері енді
және сақтандырушылардың сақтанушылардың алдында туындайтын жауапкершілік
сезімі жоғарылады.
Қазіргі ағымдағы қазақстандық сақтандыру ғылымының алдында отандық
сақтандыру нарығының қалыптасуының және дамуының мәселелерін меңгеру
жөнінде сұрақтар туындап тұр. Әсіресе өтпелі нарықтық экономикада, барлығы
жеке меншік қатынастарына негізделеді, сол себептен сақтандырудың басты
қозғаушы күші ретінде, сақтанушының өзінің жеке меншігінің қорғауы болады.
Сонымен бірге адамдардың өмір деңгейінің жақсаруына байланысты, өзіне деген
қамқорлығын өсіре түседі, нәтижесінде жеке сақтандыру саласы жоғары
дәрежеде дамиды. Жалпы сақтандыру ерекше мәнге ие болғандықтан, оның
сақтандыру обьектісі сол сияқты субьектісі де әртүрлі болады. Осы
жағдайлардың барлығы сақтандыру заңдылығының күрделенуіне өз әсерін
тигізе отырып, сақтандыруды тек көлемді ғана қылып қоймай, сонымен бірге
мазмұнын да әртүрлі жасайды. Осындай шарттардың болуы, сақтандыруды шынымен
де нарықтық экономиканың бөлінбес бір бөлігі ретінде танытады. Бұлай
болудың өзі тек сақтандыру ұйымының өсу санына ғана байланысты емес,
сонымен қатар, сақтандыру заңдылығының ұлғаюына да байланысты.
Сақтандыру заңдылығын білу қазіргі заманда көптеген тұлғалардың
мақсат мүддесі болып табылады. Әрине, біз бұл жерге сақтандырушыларды қосып
отырған жоқпыз, өйткені олар үшін заңдылықты білу міндетті міндет ретінде
болады. Өйткені сақтандыру олардың кәсіпкерлік қызметі болып табылады және
осы тұлғаларға қоса сақтандыру заңдылығын басқа да бір шаруашылық
жүргізетін субьектілері де білулері қажет. Сонымен қоса сақтандыру
заңдылығын заңгерлерге де білу, міндетті түрде қажет, өйткені нарықтық
экономикалық кезеңіндегі сақтандырудың шарттары олардың кәсіби
дайындықтарының бір элементі болып табылады.

1. Сақтандыру туралы түсінік және оның экономикалық мәні

1.1 Сақтандырудың пайда болуы және әлеуметтік-экономикалық негіздері

Сақтандыру өз бастауын тереңнен осыдан 2000 жылдай бұрын кезеңнен
алады. Тауарлық өндірістің дамуымен сақтандыру да дами түсті. Қазіргі кезде
дамыған каптиталистік мемлекеттерде ең көп тараған жеке басты сақтандыру.
Олар Англияның, Канада, Австралия жанұяларының 90% жоғарысын, АҚШ-та – 80%,
50% жуық - Францияда орын алады. Жиналатын сақтандыру жарналарының ішінде
оның салысьырмалы салмағы өте жоғары. АҚШ-та үштен бірі, ал кейбір елдерде
тіпті сақтандыру қоғамына түскендердің жартысына жуығы өмір сақтандыруға
тиесілі[1].
Сақтандыру нарығында өзінше еңбек бөлінісі бар. Ұзақ мерзімді өмір
сақтандырумен айналысатын қоғам мүліктік сақтандырумен айналыспайды, ал
мүлікті сақтандыру компаниялары әдетте іс аурулар мен белгісіз жағдайларды
сақтандырудың қысқамерзімді келісім-шарттарына қатысты болғанда жекебасты
сақтандыру операцияларын қоса жүргізеді.
Дамыған елдер сақтандыру компаниялары үшін олардың іс-әрекеті – бұл
әдеттегі бизнес. Олар кез-келген коммерциялық кәсіпорындар секілді халықтың
барлық тобына ұнайтындай икемді әрекет жүргізе алады. Байларға да
кедейлерге де, аурулар мен сау адамдарға, ерлерге, әйелдерге,
жалғызбастылар мен жанұяларға, кәрілер мен жастарға, әр мамандық иелеріне
және т.б. Сұраныстың өзгерісіне тез икемделе отырып, олар нарыққа
сақтандыру келісім-шарттарының әр түрлі жаңа түрлерін ұсынады.
Осы елдерде объективті өмір шарты халықтың көп бөлігін ауру салдарынан
еңбек қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда, инвалидтілік, қартаю, асыраушысы
қайтыс болған жағдайда жанұясына көмек болу үшін қаражат жинақтауға
ұмтылтырады.
Бұрынғы Кеңес Өкіметінде патшалық Ресейден қалған мұра - өмір
сақтандыру өте нашар дамыған. Бұл Батыс сияқты капиталистік өндірістік
қатынастардың дамуынан салыстырмалы түрде кеш және нашар дамуымен, және
халықтың кедейлігімен байланысты болды.
Өмір сақтандыру жүйесі негізінен Ұлы Отан соғысынан кейін дами
бастады. Сақтандыру негізінен Мемлекет тарапынан жүргізілетін.
Сақтандырудың пайда болған көзі өте ертеден басталады, сол себептен де
оның нақты басталу кезі анықтау мүмкін емес.
Егер өткен цивилизаның құрылыстары, өнер туындылары немесе басқа
материалдар қалдықтарын іздеген күнде де алғашқы қалалар тұрғындарының
экономикада қызмет көрсету сферасын қалай ұйымдастырғанын болжалдау қиын.
Тәжірбиелер уақыт өткен сайын өнім шықпай қалу немесе жау шабу жиі
болып тұрған, сол кезде тұрғындарға сол жергілікті аймақтағы дәнді-дақылды
қолдануға болмайтын, әрбір қала тұрғыны мұндай жағдайда өз-өзін қамтамасыз
етуіне болатын еді, бірақ тіпті өте ертедегі қала тұрғындарына да ортақ қор
құру тиімді екені белгілі болатын. Ал айтарлықтай төмен салықты өндіріске
баға төмен, өнімді жылдарда мүмкіншілігі бар әрқайсысынан жинап алуға
болады.
Егер өнім шықпай қалса немесе қала жау қолына өтсе, сақталынған өнім
қала халқын құтқаруға қолданылатын. Сондықтан жалпы қор түсінігі адамдар
түйсігіне ене бастады. Идея өзінің өте тиімді екенін, әсіресе тәуекел
түсінігінің енуіне байланысты дәлелдеді.
XV ғасырдың аяғында еуропалықтардың Азияға және Америкаға ірі
саяхаттар жасауы басталғанда, яғни “сауда революциясына” әкелгенде,
“тәуекел” және “жалпы қор” түсініктері бірігіп кетті.
Егер ұсақ кемелердің ірі емес флотилиясы Еуропадан Индонезияға дейін
жетіп, экзотикалық тауарлар жүгімен оралса, бұл барлық кемелер ойдағыдай
барып келді деген сөз емес, яғни тәуекел бар. Осындай тәуекелді
кәсіпорындарға өз қаражаттарын салған адамдар мақсатқа лайықты дәл осы
кеменің аман-есен ойдағыдай оралу тәуекелін тек бір инвестор барлық
қаражатынан айрылмайтындай барлығы өзара осы тәуекелді болу пайда болған.
бұл үшін екі әдіс қолданылды. Біріншісі инвесторлар өз ақшаларын ортақ
жүкті бірнеше кемелерге салады және өзара шығын тәуекел және барлық пайданы
бөлісетін біріккен кәсіпорындар құру.
Екінші жолы – бұл сақтандыру, кеме немесе жүк қожайыны (жеке адам
немесе компания) осы кеме қамданған рейсте жолы болмаған жағдайда шығынының
орнын толтыруға келіскен басқа адамдарға ақша сомасын беру жүйесі. Осылайша
бірлескен (акционерлі) қоғамдар және сақтандыру бір-бірімен бәсекелес істе
дамыған жоқ, олар бір-бірін толықтырды.
Адамдар тобы немесе компания кеме шығынға ұшыраған жағдайда кеме
қожайынына орнын толтыру төлемін төлеуге уәде орнына ақшалай төлем-ақы
(премия, premіum) жинайды. Бұл сақтандырушылар ортақ қорды сақтанушыларға
тәуекел туған жағдайда төлемдер үшін құратып. Бұл процестің бастапқы
сатыларында, егер тәуекел туса, сақтандырушы сақтанушыға төлеуі тиіс ақшаны
қандайда бір мүмкін сату не мәжбүр болатын. Бұл принцип әлі күнге дейін дәл
солай келісім-шарт негізін құратын орнын толтыру төлемін қайтару Ллойд
корпорациясында қолданылады. “Ллойд мүшесі” статусына ие адамдар “қол
қойылған” (underwrіtten) тәуекел туса өздерінің жеке қаражатынан төлейді.
“Қол қою” термині, аты айтып тұрғандай тәуекелді, (шарттар және мерзімін,
сақтандыру заты), оны сақтандыратын адамды анықтайтын құжат құрады және сол
қағаздың төмен жағына мойынына алатын тәуекел үлесін жазады. Ллойд
корпорациядағыдай мұндай үлкен тәуекелді мойнына көптеген іскерлер алғысы
келмеді. сондықтан акционерлік қоғам концепциясы жағдайда көшті[2].
Компания тәуекелді алу бойынша арнайы мамандарды-андеррайттарды жұмысқа
алады, тәуекел туған жағдайда инвестиция ретінде қолда бар жалпы қордан
сақтанушыға орнын толтыру төлемін төлейтін қор компанияның жеке өз
акцияларын сатудан түскен қаражаттар, қосымша қор қаражаттарынан
инвестициялардан түскен табыс, сақтанушылардан жиналған төлем-ақы есебінен
құралады.
Кәсіпқой андеррайтерлер қаншалықты тәуекел үлесіне қанша төлем-ақы
қажет екенін анықтай отыра, тәуекел туа қалған жағдайда қордың әрқашан
сақтанушыларға орнын толтыру төлемін төлеуге жағдайы болатындай, сондай-ақ
акционерлерге олардың салған қаражаттарын қайтару үшін жеткілікті түрде
тартымды болатындай дивиденттерді төлейді.
Сақтандыру компаниялардың күш-жігерін қолданудың алғашқы сфералары
болып оттан сақтану болады. XVІІ ғасырдың халық тығыз орналасқан
қалаларында үйлердің көпшілігі ағаштан жасалған болатын. Сондықтан от
тәуекелі қалаларда үлкен болады.
Ауылдық қоғамдастықтарда өртенген үйді қайта тұрғызу үшін барлық
көршілері жиналатын. Бұл жерде өзаракөмек принципі әрекет ететін. Ал
қалаларда көмектесуге қолы тимегендердің барлығы екі затқа уәде берген:
сақтандыру компанияларына от сөндіру командаларының көмегін көрсету және
сақтандырылған адамға өртенген үйдің бұзылған жерлерін жөндеу немесе қайта
тұрғызуға қажет материалдар, мамандар жалдауға қажет орнын - толтыру
төлемін қайтару, төлем-ақы төлеуге дайын.
Оттан сақтанумен параллельді түрде өмір сақтандыру қорлары туды. Өмір
сақтандыру келісім-шартты орнына төлеу (компенсация) келісім-шарты болып
табылмайды. Бұл келісім-шарттың мақсаты - келісім-шартта көрсетілген мүмкін
жағдайларға белгілі соманы қамтамасыз ету.
Өлімнен қашу мүмкін емес екені белгілі. Бірақ жеке әрбір адам қанша
уақыт өмір сүретіні белгілі. Жыл сайын адамдардың қандайда бір бөлігі
қайтыс болады, ал бұл жаңа туған нәрестелерден 110 жасқа дейінгі барлық жас
шамасына бөлінеді.
Өмір сақтандыру келісім-шарты орнын толтыру төлемі принципіне
негізделе алмайды, өйткені материалды әлем жаратылысы көзқарасы тұрғысынан
адам өміріне баға жетпейді; сондай-ақ адам өміріне “теңбағалы” ақша сомасын
анықтайтын ұйымды көз алдымызға елестету де мүмкін емес. Сондықтан өмір
сақтандыру кез-келген келісілген сомада жүргізіледі. Өмірін сақтандырған
адам (немесе оған құқығы бар адам, мысалы жұбайлардың бірі, мұрагері) өз
табысының бір бөлігін сақтандырушыға төлем тұрады және оның мұрасы адал
өлген жағдайда төленетін белгілі сомаға дейін өседі, немесе келісім-шартқа
қол қойған сәттен бастап белгілі мерзім аяқталған кезде ол адам егер тірі
болса сол соианы өзі алады. Өмір сақтандыру - бұл сақтаншыға немесе оның
жақындарына болмаса іскери сері-үшін қаражат жинақтау тәсілі.
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды[3].
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам омірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортак, өзгеше белгілері
бар:
- сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосар-ланып
отырады;
- сақтық қатынастарының бір болігінің міндетті сипатының болуы;
- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық балама-лығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табынады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономика-лық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит инс-титуты ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға үшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен кутпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тулеалардың муліктік мулделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды тәлеу ушін мақсатты ақша қорларын қуру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

1.2 Сақтандырудық атқаратын қызметі

Сақтандырудың экономикалық мөніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгілед[4]і.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тоуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жал-пы бағыттылығы
мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пай-далана отырып) қоғамдық
қореаудың жуйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл
қатынастар мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше
уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты
жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден,
Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың
ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін.
Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның объектілерін жаңғыртуға,
экологиялық тепе-тендікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланынады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды —
әлвуметтік қорлар мен әлеумвттік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-өрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана оты-рып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қаты-
настар болып табылады.
Бұл — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашшық жүргізуші
субъектілер үшін мулікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық
сақтандыру болып табылады.
Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі
негізгі әдісі қолданынады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.
Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік одісі бюджеттердің қаражаттарын,
яғни бүкіл қоғамның қаражатта-рын пайдалануды болжайды.
Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың
жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және
оларды тәлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық
қатынаста-рының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.
Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде — қоғамдық қор-ғауда бюджеттік
әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте - әлеуметтік сақтандыруда - қос өдіс,
үшінші бөлікте — жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыруда тек сақтық әдіс
пайдаланылады.
Ірі апаттар мен нәубеттердің зардаптарын жою жөніндегі шараларды
қаржыландыру үшін қайырымдылық қайыр көрсету алымы немесе белгілі бір
уақиға шалмаған қатысушылар арасында қаражаттарды бөлу сияқты көмекші
әдістер қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге, өзін-өзі сақтандыру негізінде
ақша қара-жаттарын немесе материалдық босалқы қорларды қалыптастыру әдісі
де болуы мүмкін. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (босалқы қорлар — жемшөп,
түқым, отын және т.б. қорлар), мате-риалдық өндіріс сферасының
кәсіпорындарында (шикізаттың, шала фабрикаттардың, басқа материалдардың
босалқы қорла-ры) қолданылады; азаматтардың жекеше жинақ ақшалары олардың
сақтық босалқы қорлары ретінде қаралуы мүмкін.
Сақтандыру экономикалық категориясының материалдық-ақшалай иелері
сақтық қорлары бола алады, олар қоғамдық ұдайы өндірістің элементтері,
сақтық қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік бюджет
қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық
қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты
төлемдер есебінен қалыптасатын ақшалай немесе материалдық қаражаттардың
резервтері болып табылады.
Сақтық қорлары - қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала
болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв
қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.
Мүліктік мүлделерді қорғауды, материалдық зияннан сақтандыруды және
оның орнын толтыруды сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қоры материалдық
немесе ақша қорлары ны-санында жасалады. Сақтық қорларында қоғам
мүшелерінің үжымдық және жеке мүлделері қорғалады, олардың тіршілік
өрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.
Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну
қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде
тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-
бір бөлігі.
Нарықтық экономикада сақтық қатынастарының едәуір бөлігі коммерциялық
қатынастар болып табылады. Ең алдымен бұл жалпы сақтандыру мен өмірді
сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі озгеше
сақтык, қызметтерін көрсетуге түрленеді және мұндай қызметтер көрсетудің
еркін рыногында ұсынылады. Бұл қызметтер көрсетудің бағасы сақтық тарифтері
мен жарналары түріндс болады. Сақтық қызметтерін көрсетуге сүраным олардың
сапасымен және бағаның деңгейімен анықталады.
Клиенттерді тарту үшін сақтық ұйымдары клиентураға қыз-мет көрсетуді
жақсартады, қызметтер көрсетудің ассортиментін кеңейтеді, ысыраптар мен
зияндарды өтеу жөніндегі кепілдіктерді арттырады.
Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары
белгілі бір уақытта тікелей арналымында - сақ-тық төлемдерін тәлеу үшін
(сақтық жағдайының болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау
мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының
қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін.
Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін
сақтық қызметтерін көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық
ұйымдарының осыған үқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда
қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарла-ры кезіндегі ысыраптар мен залалдардан
қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына
жәрдемдеседі.
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы,
тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы
өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын
кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана
материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айыртбастау және тұтыну процесінде
пайда болатын қоғамдық және жеке мүлделерді қорғау мүмкін болады[5].
Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше
маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.
Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың си-паты мен
көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдар-дың түрлі мүлделерін
қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауырпалығы
мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюд-жетке
түседі.
Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайда-лану елдегі
кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі
саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуы,
экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді
қамтамасыз етеді.

2. Сақтандыру рыногы

2.1 Қазақстандағы сақтандыру рыногының қалыптасуы мен классификациясы

Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді өрі орнықты дамуына,
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар
мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге
тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда,
әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатыс-ты.
Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес
сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі
сақтық ісі ретінде болып көрінеді.
Сақтандыру — сақтык, ұйымы өз активтері есебінен жузеге асыратын
сақтык, төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жагдайы немесе
өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заци тұлғалардьщ заңды
мулделерін муліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру
қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтык, сыйақыларын
тәлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда
болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де
тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының)
шегінде сақ-тық өтемін тәлеуге міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша мыналар
сақтандырудың нысандары болып табылады:
- міндеттілік дәрежесі бойынша — ерікті және міндетті;
- сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
- сақтық өтемді жузеге асыру негіздері бойынша — жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақ-тандыру нысаны бойынша өрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу
жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін
заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және турлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтық қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы
сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтаңдыру; мүлікті сақтандыру (көлік
құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені
үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің
және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда)[6].
Сақтандыру турі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және
беретін сақтық өнімі болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономи-калық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның ор-нын; егер бұл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бүзылса,
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толты-
рылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын
құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүлделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бұлінуі және өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүлдесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жагдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру медициналық сақтан-дыру бағдарламасына енгізілген
медициналық қызмет көрсетулерді сүраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүлделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе үрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүлделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктердің тасымалдану өдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Муліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүлделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық-ты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтігендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық-ты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық төуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бүзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар төуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы
сақтанушының кәсіпкерлік төуекелі және тек соның пайдасына ғана
сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік төуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап "Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры"
өзінің тікелей қызметін бастады. Қор "Сақтық төлемақыларына кепілдік беру
қоры туралы" заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%-дық
қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың бүгінде
сақтандырудың мұндай оншақты түрі бар (қабылданған заңдарға сәйкес):
әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының
жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың азаматтық-
құқықтық жауаптылығын сақтандыу. турагенттер мен туроперацияларды, еңбек
міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян
келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, қызметі үшінші
тұлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар және т.с.с.) зиян келтіру қаупі
бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын, өсімдік
шаруашылығында сақтандыру, экологиялық және медициналық сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық
кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған
байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық
ұйымдарының капиталдану қарқынан озык қарқынын ескере отырып, отандық
инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында
мамандырылған корпарацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік
болып табынады.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік сақтық корпорациясы Қазақстан Республикасының дамыту
институттарының бірі болып табылады, оның негізгі мақсаты — 2003-2015
жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге
асыруға жәрдемдесу. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7
млрд. теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-
бір акционері мемлекет болып табылады. Кор-порация қызметінің негізгі
бағыты — бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, реттеуші
тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету.
Корпорация экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру-ды (қайта
сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және
контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы
экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға
экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырумен байланысты мәселелер
бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсетуді
жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар
кіреді: сатып алушының дәрменсіздігі, өзара шартты орындауға қатысушы
импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан
экспортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер,
іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің
шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға
шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу;
революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с.
Сақтық ұйымы бола отырып, корпорация "Сақтық қызметі туралы" заңға
сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланыс-ты сақтандырудың немесе
қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру)
ұйымының міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық
резервтерінің 10%-ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын
көлемдердің әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы
уақиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші
халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта
сақтандыру практикасы жүзеге асырылады[7].
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандарудың
мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды,
құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың,
қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның
ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногындағы
операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өндеу және
тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандару. Мүліктік сақтандыруға міндетті
нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар
алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-
құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы
өндірісін: көп жылдық екпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және
жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз
табиғат-климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан
міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді.
Өмірді сақтандыру — азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек
қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүлделерін залалдан
қорғаудың нысаны, ол жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің
көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру
мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін
өмір сүрген жағдайда сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек
қабілетін (жасына, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты)
жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе
сақтанды-рылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп
соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен
сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас
сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші
субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол,
теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің
жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Жеке басты сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан
басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік
құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауптылығы, әскери қызметшілердің
жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы
қызметкерлері сақтандырынады.
Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда
болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.
Сақтық қатынастарының бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері мүлікті
және жеке басты сақтандыру озіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық
категория ретінде болып танылады деп түйін жасауға мүмкіндік береді.

2.2 Сақтандыру нарығының ағымды жағдайын талдау

Қазақстанның сақтандыру нарығы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы,
сақтандырылушы – клиенттердің төлем қабілеттілігі, сақтандыру заңнамасының
жағдайы және ондағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі сияқты тенденциялардың
жиынтығымен сипатталады.
Ал банктік сақтандырудың дамуы отандық сақтандыру компанияларының
тоқырауына алып келіп отыр. Оның басты себебі жалпы сақтандыру
компаниялардың әртараптанған сақтандыру портфельдерімен бірге дамыған
филиалдық және агенттік байланыс, сол сияқты клиенттік базаның мәселелеріне
келіп тіреледі.
Егер банктік сақтандырудың жалпы картинасы түсінікті десек, Альянс-
Полис АҚ және Еуразия СК АҚ-тың даму қарқыны нарықтық сақтандыру
саласында бірыңғай емес. Осы төңіректе сақтандыру қызмет көрсету бағыты
бойынша белгілі фавориттерді атап өтуге болады. Олар – алғашқы орынды
иеленіп келе жатқан авто және жолаушыларды тасымалдау саласындағы – Алтын
Полис АҚ және ИНТЕРТИЧ медициналық қызмет сақтандыру компаниясы. Осыдан
кейін жаңа сақтандыру үлгісін алып келген Виктория СК АҚ болса, НСК
сақтандыру компаниясының да көрсеткіштері де жаман емес.
Корпоративті қоғамда нарықтық компаниялардың арасында Аманат
іnsurance СК, Premіer сақтандыру АҚ және Номад Иншуранс СК көшбасшылық
етіп отыр. Аталмыш тұлғалар 2006 жылдан бастап жүктерді, теміржол
көліктерін мүліктерді сақтандыра бастап, өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуде
үлес қосып келеді. Қазіргі уақытқа дейін олардың қатарына Лондон – Алматы
АҚ сақтандыру компаниясы да кірді. Осы жерде аталмыш компаниялардың БТА
құрылымына кіргеннен кейінгі банкілік санатқа ауысқанын ескеру керек.
Басты назар аударатын жайт, нарықтық компаниялардың тек әлеуметтік
бағыттағы жобаларға сақтандыру қызметін жүргізгенімен қоймай, олардың
сақтандыру жинағының көрсеткіштері 30 пайызға жетті. Олардың қатарына
Алтын Полис АҚ мен бірге Комеск Өмір АСК және ИНТЕРТИЧ енеді.
Осы дәлелдемелер сол компаниялардың қызметтерінде сақтандыру
резервтері мен тариф көрсеткіштерінің қалыптасу барысында теңсіздіктер орын
алып отырғандығын айғақтайды. Осы турасында Алтын Полис АҚ президенті
А.Құлахмет былай дейді: Мәселенің өзектілігі әлеуметтік жобаларды
сақтандыруда ГПО автожобалары сияқты сақтандыру резервіне жалпы жинақтың 65
пайызын талап етеді. Егер осыған сақтандыру төлемдерін, салықтарды,
агенттік комиссияларды және әкімшілік шығындарды қосатын болсақ, кіріс-
шығыстың орнын әзер ғана жаба алады. Осыдан кейін сақтандыру
субъектілеріне нысананың басқа көздерінен шығынды өтеп алуларына тура
келеді. Ол қазіргі тәжірибеде көптеген компаниялардың қосымша капиталды
тарту, әлеуметтік құралдардан өндіріп алу сипатында көрініс табуда. Сол
себептен көп жылдар бойы нарықтық сақтандырушылар кейбір тарифтердің
көтерілуіне, сақтандыру резервтерінде сақтандыру сыйақы көлемінің көбеюіне,
сақтандыру өтілінің енгізілуіне қызмет етеді.
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстандағы банкілік
сақтандырудың даму тенденциясы отандық нарықтың дамуына оңды әсерін тигізіп
отырған жоқ. Әлемдік тәжірибеде банктік сақтандыру компаниялары мемлекеттің
қамқорында болып, кіріс кезіндегі тәуекелдік мәселелері тездетіліп
шешіледі. Ол – мемлекеттік банк индустриясының дамуындағы бірден-бір
көрсеткіші. Ал біздің сақтандыру компанияларымыз болса, ақшаны біреуден
алып, екінші біреудің қалтасына салумен айналысып отыр. Бұл жағдай
компанияға стратегиялық пайда бермейді, бәсекелестік базасын да
нығайтпайды.
Бір қызығы, банкілік сақтандыру компаниялары әлі күнге дейін өздерінің
сақтандыру портфельдерін қорғай алмай отыр. Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен бақылау жөніндегі агенттіктің ақпараты бойынша, 2006
жылы сақтандыру сыйақысының орта көрсеткіші 8,6 млрд теңгені құрапты. Сонда
таза сыйақы – 7 млрд деген сөз.
Банк сақтандырушылары сақтандыру инфрақұрылымын дамытуға да салғырттықпен
қарап отыр. Кейбіреулерінің агенттік байланысы, кейбіреулерінде тіпті
филиалдар да жоқ. Осы сияқты ірілі-ұсақты мәселелер отандық сақтандыру
нарығын дамытуға кедергілерін келтіреді.

Кесте 1 – Республика бойынша сақтандыру компанияларының үлес салмағы
2005ж 2006ж 2007ж
Қалалар
Саны улесі % саны үлесі % саны үлесі
1. Алматы 12 55,0 29 54,7 32 60,3
2. Актау - - 2 3,8 1 1,9
3. Актюбинск - - 3 3,8 2 3,8
4. Астана 1 4,5 2 5,6 1 1.9
5. Жамбыл - - 1 1,9 1 1,9
6. Жезказган - - 1 1,9 1 1,9
7. Караганда 3 13,5 4 7,5 4 7,5
8. Кокшетау 1 4,5 1 1,9 1 1.9
9. Костанай 1 4,5 2 3,8 2 3,8
10.Павлодар 1 4.5 2 3,8 2 3,8
11.Темиртау - - 1 1,9 1 1.9
12.Өскемен 1 4.5 1 1,9 1 1,9
13.Шымкент 2 9,0 4 7,5 3 5,6
14.Орал - - - - 1 1.9
И т о г о: 22 100 53 100 53 100


* Қайнар көзі: Отчетные данные Департамента страхового надзора Минфина РК
о деятельности страховых компаний за 2005-2007гг.
1- кестеден көріп отырғандай сақтандыру компаниялардың негізгі бөлігі
Алматы қаласында шоғырланған.
Кесте 2 - Жарғылық капитал көлемі бойынша 2005-2007 жж сақтандыру
ұйымдарының тармақталуы

жыл Сақтаныду Жарғылық капитал көлемі (тыс.тг.)
компаниялары
2000 2001 - 5001 - 10001 - 20000
дейін 5000 10000 20000 жоғары
2005 22 12 9 1 - -
2006 53 6 34 7 3 3
2007 53 6 2 9 29 7
* Қайнар көзі: Отчеты о страховой деятельности страховых компаний за
2005-2007г.г.

Кесте 3 - Сақтандыру төлемін жинау көлемі бойынша 2005-2007 жж сақтандыру
ұйымдарының тармақталуы
Сақтаныдыру Сумма собранных страховых платежей
компаниялар саны (тыс.тенге)
жыл
1000 1001- 10001- 20000 20001 60000
дейін 10000 - 60000 жоғары
2005 22 5 13 4 - -
2006 53 20 17 6 7 -
2007 53 9 22 7 9 6

* Қайнар көзі: Отчеты о страховой деятельности страховых компаний за
2005-2007г.г.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру — азаматтарды еңбек ету қабілетін
жоғалтуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сондай-ақ асыраушысынан
айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет
ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы,
азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының
бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек
қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру
өдістерімен қаланған
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының
іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап
айтқанда, оның құрамдастарының бірінің - жұмыс күшінің ұдайы
толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін
қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен
қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақ-тандыру қорлары жұмыс
істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидасы бар:
1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс
істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан
айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл
қағидаға негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;
2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес
аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс-әрекеті кезінде төлем ақылардың
мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына
байланысты болады. Бұл қағидаттың іс-өрекетіне негізделген жүйе
Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Бірінші қагидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін
қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зенетақы
жарналарының топтастырылуы;
3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті
халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау,
зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық рынок сақтандыру рыногында
Сақтандыру рыногының теориялық негіздері
САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Қаржы рыногы туралы ұғым
Қаржы нарығы: мәні, құрлымы, түрлері
Мемлекеттік несие нарығы
Сақтандыру ісін ұйымдастыру
Сақтық рыногы
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Сақтандыру және рыноктық экономикадағы қаржының өзекті проблемалары
Пәндер