Моңғолстанның құрылуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

2. Негізгі бөлім.

а) Моңғолстанның құрылуы.

ә) Шыңғыс ханның шығу-тегі.

б) Шыңғыс ханның жаулап алушылық соғыстары

Қорытынды бөлім.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

ШЫҢҒЫС ХАН (өз аты - Тэмуджин, Темучин) (1155 ж. ш., Онон өзен бойындағы Делиун-Болдак шатқалы, - 25. 8. 1227, Сися мемлекетінің жері) - Азияда тұңғыш біртұтас империя құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бы- тыраңқылығын пайдаланып, 1183 - 1204 ж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын [Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін] талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеум. шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері қүрылтайының шешімімен 1206 ж. барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, "Шыңғыс хан" (түрікше "теңіз, мұхит" деген сөзден шыққан) лауазымын алды. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын "мыңдық" деп аталатын әскери-әкімш. бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әр-қайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды) . Ол бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді. Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді, үйымдастырды. 1206 ж. ол әдеттегі қүқық (яса) ережелерін бекітті. Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кінәлі немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Ол әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дүшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т. б. әдістерді қолданды. 1207 - 1211 ж. Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, үйғырларды) бағындырды. 1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Пекинді алды. 1217 ж. Солт. Қытай түтел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солт. Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды. Қытайға қарсы шабуылдан кейін Ш. х. әскерлерінің бір тобы 1218 - 19 ж. Жетісуды, 1219 - 21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Басып алынған жерлерді Шыңғыс ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңт. қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солт. Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауеранахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Монғолияны мұраға алды. Шыңғыс Түнғүстарға кезекті шабуылы кезінде қаза тапты. Соғысты Шыңғыстың мирасқорлары, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді (Бату, Жошы, Шағатай, Үгедей, Хулагу, т. б. ) .

2. Негізгі бөлім.

а) Моңғолстанның құрылуы.

Халқымыздың ежелгі тарихын білуді мақсат етсек, Шыңғыс хан және оның ізбасарлары кезіндегі түркі, монғол халықтарының тарихын аттап өте алмаймыз. Себебі, монғол халықтары ежелгі заманнан бүгінге дейін түркілермен тағдыры бір болып, қилы кезеңдерді бастарынан бірге кешірді.

VII-VIII ғасырларда Ұлы Қытай қорғанынан Байкалға дейінгі, монғол жерінің, солт жағындағы Қытай шекарасымен шектесетін яғни Ұлы Қорғанға барып тірелетін кең алкапты мекен еткен халықты қытайлар «ақ татарлар» деп атады. Бұл - оңтүстік монғолдарға Қытай мәдениеті өз ықпалын тигізген аймақ. Байқал көлінің айналасын мекендеген солтүстік монғолдарды қидандар немесе «орман қара татарлары» деп атаған.

Бұлар қандай халық және қайдан пайда болды? Татарлар - халықтың аты, әр кезеңде әр түрлі мәнде колданылған «Отыз-татар» және «Тоғыз-татар» деген татарлардың бірлескен екі тайпасы біздің заманымыздың VIII ғасырында Орхон жазбаларында кездеседі. Сол кезде жазба осы атпен түркілердің немесе монғолдардың бір бөлігін атаған, татарлар Байқал көлінің солтүстік батысынан Қеруленге дейінгі аралықта өмір сүргеи. г VII-XIII ғасырлардагы монғол шапқыншылығы жағындағы әңгімелерде (қытайда да, мұсылман әлемінде де, русте де, батыс еуропада да) шапқыншыларды «татарлар» деп атайды. Арабтар Сирия мен Египетте түркі халықтарын «татарлар» деп атаған. Бір ғажабы, моңгол тіліңде сөйлейтін, монғол тегінен шыққан халықтар да өздерін әрқашан татарлар дейтін.

Шыңғыс ханнан кейін бұл сөзді (татар) Монғолия мен Орта Азияда монғол деген сөз ығыстырып шығарды. (Мұсылман жазбаларында «монғол» не болмаса «моңғул» сөздері бұрынғысынша әлі сақталып келе жатса, Ауғанстанда тұрып, өз тілдерін сақтап қалған моңғол ұрпақтары қазірге дейін өздерін моғол деп те атап келеді. ) Бірақ кейбір еуропалық саяхатшылардың (Ионна де Қорпини Рубрука) сөзіне қарағанда, бұл сөз ресми түрде енгізілген. Алтын Орда мемлекетінің халықтары, сонымен қатар кейінгі осы аймақтағы шағын мемлекеттердің халықтары әр заманда өздерін «татарлармыз» деген. Бұған Санкт-Петербургтегі Пушкин кітапханасында сақталған кептеген кітаптар куә. Шапқыншылық кезінде монғол әскерлерінің кейбір ортядтары Кіші Азияға жіберілген, олардың ұрпақтары өздерін «дара татарлармыз» яғни «қара татарлармыз» деп атаған.

Татар-Монғол тайпалары XII ғасырда қазіргідей мал шаруашылығымен және аң аулаумен айналысқан. Олар көшпелі тайпаларға тән ерекшеліктермен өмір сүрді. Монғолдар рулық түрмыс деңгейінде болды. Олар руға, тайпаға және ұлыстарға бөлінді. XII ғасырда монғол қоғамы жікке бөлінді: 1) дала ақсүйектері, 2) карапайым халық, 3) сатылмайтын құлдар. Ол кезде монғолдар шамандыққа табынатын, ал буддизм яғни ламанизм дініне XII ғасырдың екінші жартысында - Алтын хан тұсында өтті. Бұл дінді қабылдау XIII ғасырда Шыңғыс ханның немересі Құбылай ханның кезінен өріс алды.

XII ғасырдың екінші жартысында Далайнүр және Буйрнүр өзендері маңында монғол тайпаларының құрамына кіретін татарлар көшіп-қонып жүрді. Олардың батысына қарай Теле өзенінің бойындағы түркілер керейт деп аталатын. Ал бұлардың батысындағы Алтай жоталарында найман тайпалары өмір сүрді. Татарлардың оңтүстігіне қарай Онон езенінің маңында өзіндік монғол тайпалары өмір сүрді. Монғолдардын батысына қарай Хангай тауларында және Байқал көлі маңында меркіттер қоныстанды. Саян таулары мен Байқал көлінің аралығын ойраттар деп аталатын тайпа жайлады. Жоңғар тауларын негізінен шығу тегі жағынан түркі халқының тармағынан тараған, мәдениет пен жазуды қытайдан емес, батыстан алған ұйғырлар мекендеді. Шығыс Түркістан мен Жоңғария және Жетісу аудандарынын, үлкен бөлігін, сондай-ақ Байқал көлінің маңайынан тұратын орасан кең аймақты Қарахан мемлекеті ұстап тұрды. Осы жерлерде түркі тайпалары мекендеді. Міне, осынау ұлы дала халықтарының барлығы салт аттылар мен жауынгерлер болды. Жерорта теңізінің түрғындарының теңізші болмауы мүмкін еместігі сияқты, түркі-монғолдардың да салт атпен жүрмеуі мүмкін емес, яғни жоқшылық пен дала аумағының зор болуы адамды тынымсыз мал соңында жайылымнан жайылымға көшіп жүруге мәжбүр етті.

Егер жер шаруашылығы халықты бейбіт мінезге икемдесе, мал шаруашылығы мен аң аулау кәсібі жаудан қорғану рухына тәрбиеледі. Түркі-монғол елінің бойындағы батылдық, айлакерлік, төзімділік, қайсарлық тәрізді қасиеттер аңға шыққанда тіпті шыңдала түсті. Жекелеген адамдар және бір топтың ішіндегі хат танитын адамдар соғыс игілігі үшін ғана өмір сүрді. Отбасылар тұңғышын әскери жолға салды.

Оларда бекіністі қалалар жоқ, бірақ үнемі көшіп-қонатын жаугершілік үйымдар құрды және осындай атағы шыққан тудың астына кездейсоқ жиналған үйымдар мемлекет ісіне өз үлестерін қосты. Мұндай адамдардың отбасы болмады және бір орында түрақтамады, бірақ оларда ең бастысы - өз көсемі мен туы болды, бұған жауынгерлердің сенімді серігі жылқы жануарын қосуға болады. Олар аттың үстінде өмір сүрді, бірге жүріп, бірге өлді. Бұл топ қатардағы жауынгерлермен теңеспейтін, ешкімге бас имейтін нағыз ержүрек адамдардан құралған. Шыңғыс ханнан көп ғасыр бұрын пайда болган Орталық Азияның дала халқы кезінде қуатты Хун және Түркі мемлекеттерін құрып, Алодун бүғазынан Дунай өзеніне дейінгі орасан кеқ аймақты алып жатқан. Шыңгыс ханға дейінгі осындай мемлекеттердің бірі Батыс және Шығыс түркі империялары еді. Оның құрамына қазіргі Манчжурия мен солтүстік Қытайдың жаулап алынған аумақтары кірді. Оңтүстік шегі кейде Көк өзенге дейін жететін мемлекет болды. .

Монғолдар туралы алғашқы мәліметтер бізге Цзинь мемлекеті тарихынан белгілі. Бірақ Шыңғыс ханның тарих сахнасына келуімен бірге әлгі деректер мазмұны жағынан аңыздарға жақындайды, сонымен қатар не парсы-түркі, не қытай, не монғолдардың келесі дәуірлердегі нақты деректерімен сай келе бермейді. Қолда бар деректер бойынша жекелеген монғол және түркі тайпалары арасындағы кейіннен оларды бір халыққа біріктірген оқымыстылар туралы жүйелі тұжырым айту қиын. Алғашқы әр түрлі деректердегі Шыңғыс ханның өмірбаянының өзінде көптеген қарама-қайшылықтар кездеседі. Оның дәуіріндегі шынайы тарихи көріністер, тек оның 1206 жылғы қүрылтайда қаған (император) болып тағайындалуынан басталады. Шыңғыс ханнан кейінгі дәуірдегі көптеген оқиғалар жөнінде нақты деректер болмаса да, оның жалпы сипаты туралы мәлімет алуға болады. Мысалы, Цзинь мемлекетінің негізі қаланысымен ол көшпелі тайпалардың жаугершілік шабуылына ұшырағаны белгілі. Ал цзиньдықтар қытай саясатында ғасырлар бойы жинақталған айлаларды колданып көшпелілердің бір тайпасын екіншісіне айдап салу арқылы олардың күшін әлсіретіп отырды. Мұндай жағдайда олардың бірігуі де мүмкін емес еді.

Бұл саясаттың мықтылығы Ұлы Қытай қорғанынан да асып түсті. XII ғасырда осы саясатты берік ұстанған цзиньдықтар ақ татарларды қара татарларға айдап салды. Осының әсерінен Кабул қаған тұсында өзінің гүлдену дәрежесіне жеткен және бірталай тайпалардың басын қосқан, өздерін «қара татарлар» деп атаған мон-ғолдар күйреді. Алайда Шыңғыс хан ел басына келуінің алдында татарлардың өзі цзиньдыктардың қауіпті жауына айналған болатын. Осыдан соң цзиньдықтардың қарсы позицияға өтіп, монғолдарға көмек беруі де татарлардың күшін монғолдар арқылы бәсеңдету еді.

Осындай саяси жағдайда тарих арнасына алғашкы істі өзінің туыстас тайпаларын біріктіруден бастап, кейіннен бұл халықтың билігін шалғай жерлерге таратуға бағыттаған Шыңғыс хандай ұлы адамның шығуы тегін, кездейсоқ емес еді. Шыңғыс хан кезіндегі татар-монғол-дар, керей, найман, меркіттер туралы біз 1240 жылы жазылған «асыл ұрпақтары» ғана оқитын «Құпия шежіреден» білеміз.

«Құпия шежіренің» қытай әрпімен жазылған нұсқасы Еуропада мәлім болғанына да 150 жылдай уақыт етті. Орыс ғалымы Палладий Кафаров Пекинде түрғанда қытайдың көптегең тарихи шежірелерін зерттеп, Маньчжурдың Богда хағының кітапханасынан «Монғолдың құпия тарихын» кездейсоқ ұшыратып, ешкімге білдірмей алады да, оны орыс тіліне аударып, 1866 жылы бастырып шығарады. Бұл тарихи шежірені Кеңес ғалымы С. А. Козин 15 жыл зерттегеннен кейін, 1941 жылы«Құпия шежірені» орыс тіліне қайта аударып, қосымша зерттеулермен бірге жеке кітап етіп бастырды. Және бұл шежіренін алты бөлімін қытай тарихын зерттеуші француз Пеллио 1913 жылы французша бастырса, Германның Хени деген қытай зерттеушісі бірнеше тармағын, ал қытай ғалымы Ей-Дә-Хүй 1908 жылы латын әрпіне түсіргені де мәлім. «Құпия шежіреде» Темучиннің өсіп ержеткені, одақтастарымен (қоңырат, меркіт, керей, най-ман, жалайыр тайпалары) қалай шайқасатыны туралы, ақыры Темучин атты Есукей ұлы киіз-туырлықтар әулетінің қара шаңырағын көтеріп, күллі көшпелілердің тұңғыш мемлекетін қалай орнатқаны туралы тарихи көркем туынды ретінде айдай әлемге әйгіленіп кетті.

Шыңғыс хан империясын айтқанда, ескерте кететін бір жайт бар: Қытай тарихында Шыңғыс хан дәуірін Юань дәуірі дейді. Қытай тілінде осы дәуірдің 16 томдық тарихы бар. Соның 11-13 томдары Шыңғыс ханнның керей, найман, қыпшақтарды бағындыру тарихын баян етеді. Түркі қалаларын қалай бағындырғаны туралы айтылады. Әсіресе найман елімен болған соғыстың сұрапылдығы ерекше. Олар Найман ханы Инанш (Диан хан) Білге Бүқа ханды жеңгсннен кейін найман жазуын мемлекет жазуы стіп қолданады. Найман ханының хатшысы Тәте Түнганы тірідей қолға түсіріп, содан найман жазуын үйренеді. Бұл ғана емес, Шыңғыс хан бүкіл най-манның мемлекет басқару жүйелерін де қабылдайды. Тіпті өзінің әскер басыларына Бұқа деген атақ береді. Қытайдағы Чыцду қаласын жеңіп алған батырын «Чыңду Бұқа» деп атайды.

Егер ескі дүниенің картасына көз салсақ, онда өркениеттің екі полюсінің-Шығыстағы Қытай мен Индияның және Батыстағы грек-роман әлемі арасында байланыстырушы болып ұзын лента тәріздес түркі-моңғол халықтары жатқанын көруге болады. Осы халықтарды біріктіріп, біртұтас мемлекет құрса, ол Шығыс пен Батыс арасындағы өркениет көпіріне айналар еді.

Монғол-түркіні біріктірмек болғандар екі мақсатты кездсйді. Біріншісі-Ляо өзенінің бассейініндегі түркі тайпаларынан бастап, Дунай жазығындағы мадьярларға дейінгі қапдас халықты бір мемлекетке біріктіру, екіншісі -шығыс және батыс еркениетін езара байланыстыру, айырбастау жолдарын ұйымдастыру және қорғау. Осы үлкен мақсатты орындауға кірісу және «темір мен оттың» көмегімен аяғына дейін жеткізу XIII ғасырда Шыңғыс ханның үлесіне тиді.

ә) Шыңғыс ханның шығу-тегі.

Тимучин яғни болашақ Шыңғыс хан 1155 жылы ақпанда Онона өзенінің жағасында, Деличюн-Болдок шатқалында дүниеге келді. Оның әкесі Есукей батыр, текті әулеттен шыққан, халық арасында белгілі кісі болған. Рашид әд-Диннің айтуы бойынша Есукей батырды достары мен ағайындары, руластары Боржынғынға және Нирун руына басшы етіп сайлайды. Оның тағы үш бауыры бар еді. Әкелері-Бартон баһадур, ал оның әкесі даңқты Кабул хан болатын. Шыңғыс ханның он екінші әкесі - Бөрте-чопо (көк қасқыр), оның әйелі - Гоомарал (әдемі марал) . Өз тегін жеті, одан да көп атаға дейін тарату -түркі мен монғолдардың дәстүрі, жас балалар ата-аналарының айтуымен өз рулары мен тайпаларының қайдан шыққанын біледі. Есугей батыр ер-жүрек болған. Ол цзин және монғол тайпаларымен, татарлармен соғыстар жүргізіп отырған. Оның даңқы көпке жайылады, оның есімін бүкіл Монғолия құрметпен атайды. Отбасының тұңғышы Темучиннің дүниеге келуі жөнінде монғол-қытай жазбасы («Юань-ши») былай дейді: Есугей батыр татар тайпаларына қарсы жорықта жеңіске жетіп, олардың басшысы Темучинді қолға түсіреді. Осы кезде батырдың әйелі императорды (Шыңғысты) босанады. Оның қолында ұйып калған қан болыпты-мыс. Жеңістің құрметіне оған қолға түскен татар батыры - Темучиннің атын қояды.

Темучин 9 жасқа келгенде, Есугей баласын ертіп алыс руларға құда түсуге аттанады. Жолда ол өзге тайпаның көсемі Дай-шешенге кездеседі. Ол бұлардың мақсатын білген соң өзіне қонаққа шақырып, өзінің кызы Бөртені көруге шақырады. Есугей батыр Дай-шешеннің қызына құда түсіп кайтады. Енді тек олардың кәмелетке толуын күтеді.

Қайтар жолда Есугей батыр татарлардың қолынан уланып, үйіне келген соң қайтыс болады. Темучин осылайша 9 жасында шешесімен, 2 бауырымен қалады. Есугей батырдың мұрагерлерінің жастығын пайдаланған қол астындағылар оларды тастап көшіп кетеді. Темучиннің шешесі күйеуінің туын ұстап, көшкендердің соңынан қуып барып, біраз жұртты қайтарады, бірақ олар көп үзамай бұларды бәрібір тастап кетеді.

Жұртта қалған отбасының жағдайы ауыр болады. Себебі малдарын көшкендер айдап кеткен. Темучин інілерімен бірге суыр, борсықтарды аулап күн көреді. Кейде жеуге ет таппай, өсімдіктермен қоректенеді. Болашақ ұлы жаулап алушы осылайша ер жетеді.

«Төзімділік - Темучиннің бірінші серігі болатын. Оның мойынында кептеген міндеттер тұрды. Өзеннен балық аулап, табынды бағу, оны қорғау, тіпті қарлы түнді отсыз өткізу, керек болған жағдайда бірнеше тәулікті ер үстінде тамақсыз өткізетін».

«Монғолдың құпия шежіресінде» баяндалғандай, Темучиннің шешесі көптеген ескі сөздерді білетін. Күйеуі қайтыс болғаннан кейінгі қиын жағдай оны мойыта алмады. Ол балаларын шыққан тегіне карай тәрбиелеуге тырысты: ата-бабалары жайлы көп-көп әңгімелер айтып беріп жүрді. Ол өзінің тұңғышына бұл жағдайдың уақытша екендігін, кейін бұл ер жеткен соң бәрі орынына келетінін және оғіың бұларды тастап кеткен тойшыт руы екендігін, әкесін өлтірген татарлардан кек алу керектігі үнемі айтып отыратын.

Мұның бәрі жас Темучиннің жүрегіне мықтап орнығады. Оның ер жетуінен жаулары сескене бастайды, бұдан мықты батыр шығып, бала кезіндс көрген жәбірлері үшін кек ала ма деп қорқады.

Тсмучин шынында да қайратты болып өсті. Ол әкесінің 40 000 үйге билеуші болғанын, бабасы Қабул хан қытай императорының сақалынан тартқанын, сондай-ақ Есугей батыр керейттердің көсемі Тоғрыл ханға бауыр болын келетіиін естен шығармады.

Топшыттар кайсар Темучинді ертерек құртуды ойлады. Олардың көсемі Торғалтай жас Темучинді Кудалай бастады. Олар тосыннан шабуыл жасап, Темучинді тұтқындайды. Оның қол-аяғын кісендеп, қасына күзетші қалдырып айдалаға домалатып тастап кетеді. Түн ішінде күзетшінің аңқаулығын пайдаланған Темучин қашып қүтылады. Тек қуғыншылардың бірі Сорғын-Шнра оны қамыстың ішінен көріп қалып, бірақ ешкімге айтпай, босатып тұрып: «Мінс, осындай қабілеттілігіңнен тойшыттар қорқады, сенің жүзіңде, көзіңде от бар» - дейді.

Бірде ұрылар Темучиннің сегіз жылқысын тұтас ұрлап кетеді де, Темучин ізіне түсіп, кездескен жас жігіт Бочурчиді ілестіріп алады. Екеуі бірігіп, жылқыларды ұрылардан қайтарып алады. Қайтар жолда Темучин жас жігіттің әкесі Ногу байға келіп, оған баласының көмегі үшін рақмет айтады. Ногу бай оларға: «Сендер жассың-дар, мәңгі дос болындар, жұптарың жазылмасын» - деп батасын береді. Темучин шалдың өсиетін ұмытпайды. Бочурчи кейіннен оның алғашқы қолбасшыларынын, бірІ және сенімді қолдаушысы болады. Жалпы Темучин адамдармен тез тіл табысқыш болған.

Осы оқиғадан кейін ол өзін ересек сезіне бастады. Тойшыттарға қарсы тұра алатындықтан, билікті шешесінен өз қолына алады. Оны інілері - мерген Қосар мен балуан Бельгутей және жаңа досы Бочурчи қолдады.

Темучин биік бойлы, ширак денелі, отты көзді болып өсті. Шыдамды, қойған мақсатына жетпей қоймайтын мінез қалыптасты. Әміршілдігі де бар еді. Көп сөйлемейтін. Ол туралы Харольд Лем былай суреттейді: «Темучин де, оның сенімді адамдары да таяз жандар емес еді. Темучин өзіне берілген адамға аянбайтын. Ол өз адамдарына берген сөзін бұзбайтын».

Темучин аң аулаудан баскамен әуестенбейтін. Олжаны бөлісерде де ол тек әділдікті көздейтін, өзгелерден де соны талап ететін.

ХП ғасырда орта азиялық көшпелі тайпалардың күшеюі олардың арасындағы ірілері - найман, керейіт, оңғыт тайпаларын ерте феодалдық мемлекеттік құрылыс - ұлыстарға бірігуге алып келді. «Ұлыс» ел, халық билігі деген ұғымды білдірді, алғашқыда оның құрамына рулық жақындастығы жоқ адамдар тобы кірді, кейбір жағдайларда ұлыс құрамында ең бастысы ханнын, руластары мен туыстары және өзінің адамдары болды. Ұлыс тұрақты жер аумағын иеленді, ал ірі найман және керейіт ұлыстарының өз шекаралары болды, мұндай шекаралар кей-кейде күзетілетін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
VI – VIII Қазақ Хандығы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихи тәлімдік тағылымдары
Т а р а з
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Қытай халқының демографиялық мәселелерін анықтап, қазіргі экономикаға әсерін айқындау
XVI ғ. Мухаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына қарсы жорықтары
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
Қазақ батырлары
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Мемлекеттердің қалыптасуы мен саяси әлеуметтік жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz