Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі



1. Жүйелердің негізгі ұғымы
2. Жүйенің жалпы теориясы
3. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
4. Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс.әрекеті
5. Жүйелі тәсілдемеде өндірісті басқарудың мақсаттары
6. Менеджменттің сыртқы ортасы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым. Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру жүйелері, құрал жүйелері дегендер болады. Жүйелердің біреуі физикалық, техникалық мәндердегі концепцияларрдың өзіндік үйлесімі болып саналады. Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе машина кешені (комплексі) де, яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелілік - табиғат құбылысының жалпылама қасиеті бо¬лып саналады. Қоғам әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды, деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын құруға бағытталады.
Ағылшын тілінің «Оксфорд сөздігінде» жүйеге былайша анықтама береді: «Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе өзара байланысты объектілердің жиынтығы немесе комплекс, белгілі бір схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан, бірнеше бөлімнен тұратын тұтастық». Ағылшын тіліндегі бұл сөздікке «Рэндом-фоус» фирмасы жүйеге мынадай қосымша анықтама береді: «...белгілі бір саладағы білімнің немесе ойдың реттелген және көлемді фактілердің, принциптердің т.б. жиынтығы».
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын өзара әрекеттесетін элементтердің жиынты¬ғы.
1. Менеджмент. К.Бердалиев Экономика, Алматы, 2005.
2. К.Е.Ахметов Менеджмент негіздері. Алматы, 1993.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Жүйелердің негізгі ұғымы
2. Жүйенің жалпы теориясы
3. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
4. Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен
субъектісінің өзара іс-әрекеті
5. Жүйелі тәсілдемеде өндірісті басқарудың мақсаттары
6. Менеджменттің сыртқы ортасы
Қолданылған әдебиеттер тізімі

МЕНЕДЖМЕНТТЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЫҚПАЛ

1. Жүйелердің негізгі ұғымы

Жүйені кез келген типке қолдану – біршама шартты, абстракты ұғым.
Философиялық жүйелер, сандар жүйесі, байланыс жүйелері, білім беру
жүйелері, құрал жүйелері дегендер болады. Жүйелердің біреуі физикалық,
техникалық мәндердегі концепцияларрдың өзіндік үйлесімі болып саналады.
Адам денесінің жеке органы да, жеке адамның өзі де, жеке машина немесе
машина кешені (комплексі) де, яғни кейбір міндеттерді шешетін кез келген
нәрсе жүйе бола алады. Тұтас әлемнің өзі жүйе, ал оның өзі көптеген үлкен
және шағын жүйелерден тұрады.
Жүйелілік - табиғат құбылысының жалпылама қасиеті болып саналады. Қоғам
әрқашанда ұйымдасқан түрде болады да, белгілі бір жүйе ретінде жұмыс
істейді. К.Маркс осы тарапында жазып, қоғам тұтастай жүйе ретінде дамиды,
деп атап көрсетті. Табиғи байланысқан осы жүйенің өзі тұтастай жиынтық
түрінде өзінің алғы шарты болады, әрі оның мақсатты дамуы қоғамның барлық
элементтерін өзіне бағындыруға немесе содан оның жетіспейтін органдарын
құруға бағытталады.
Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігінде жүйеге былайша анықтама береді:
Жүйе дегеніміз күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен байланысты немесе
өзара байланысты объектілердің жиынтығы немесе комплекс, белгілі бір
схемаға немесе жоспарға сәйкес реттеліп орналасқан, бірнеше бөлімнен
тұратын тұтастық. Ағылшын тіліндегі бұл сөздікке Рэндом-фоус фирмасы
жүйеге мынадай қосымша анықтама береді: ...белгілі бір саладағы білімнің
немесе ойдың реттелген және көлемді фактілердің, принциптердің т.б.
жиынтығы.
Жүйе дегеніміз тұтастай құрылымды құрайтын, жаңа қасиетке ие болатын
өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жүйелердің алуан түрлі формасы болады.
Дегенмен, алуан түрлі бола тұрса да, бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге
бөлуге болады: техникалық, биологиялық, және әлеуметтік, соның ішінде
әлеуметтік-экономикалық.
Жүйедегі объектілерді соның элементтері деп атайды. Белгілі бір шамада
дербес жұмыс істейтін және де жүйедегі басқа да дербес жұмыс істейтін
бөлімдермен шамалы ғана байланысы бар жүйедегі элементтер жиынтығын жүйе
тармақтары деп атайды.
"Әлеуметтік-экономикалық жүйе ең күрделі, динамикалы өсіңкілі) дамитын,
әрі өзін өзі басқаратын жүйе саласына жатады. Басқа кез келген жүйе
секілді, әлеуметтік-экономикалық жүйеге негізгі касиеттері мен белгілері
тән, ал мұның өзі олардың қалыптасуы, жұмыс істеуі, әрі дамуы үшін айрықша
маңызы бар. Олар қандай?
Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты, әрі белгілі бір
әдіспен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесу жүйедегі элементтер арасындағы
байланыс арқылы көрініп, ал бұлардың өзі заттық (физикалық) немесе
ақпараттық (информациялық) болуы мүмкін.
Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекелеген элементтердің ұйымдасқан
бірлестігін, ал оның ерекше бірлескен бөлігі - жаңа сапаға ие болатын
бірыңғай тұтас құрылым. Кәсіпорынның бірде-бір бөлімшесі тығыз, әрі өзара
келісілген-байланыссыз (қолда бар ресурстарды: техниканы, жұмыс күшін т. б.
пайдалана отырып) ақырғы өнімді өндіре алмайды, яғни тұтастай кәсіпорын
алға қойған міндетті орындай алмайды.
Жүйе дегеніміз ондағы элементтер қасиетінің қарапайым жиынтығы емес.
Әрбір элемент өзіне тән функционалдық мәнді орындайды, оның өзіндік орны
болады, олардың өзара тәуелді болатындығы да, демек, қасиеттерінің
тәуелділігі мен жүйелерге қатынасы да осыған байланысты. Жекелеген
элементтерді өзгерткенде, басқа элементтермен және тұтастай жүйемен бірге
өтетін сол өзгерістердің сипатын алдын ала болжап, ескере білу қажет.
Жүйенің жалпы қасиеті иерархиялығы (төменнен жоғарыға бағыну тәртібі),
яғни жүйе неғұрлым күрделі құрылымға енгенде оның элементіне айналуы және,
керісінше, жүйе элементі дербестік ала отырып, өзі де жүйеге айналады.
Мәселен, алдағы уақытта күрделі жүйе болып саналатын кәсіпорын салаға
енгеннен кейін, саланың жүйе тармағына айналады т. б.
Әр деңгейдегі жүйе, өзінің белгілерімен және ерекшеліктерімен
өзгешеленеді. Алайда, олардың барлығы құрылымдық заңдылықты және жүйенің
жоғары дәрежеде жұмыс істеуін көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген
өндірістік бөлімшелер, басқару буындары атқаратын міндеттер жүйедегі жалпы
түпкі мақсатқа жетуге бағытталған.
Егер кез келген бөлімшенің, басқару буынының мақсатты жұмысы жүйедегі
жалпы түпкі нәтижеге жетуге бағытталса, бірақ тұтастай жүйе жұмысына сәйкес
келмесе, онда жоғары деңгейдегі жүйе тарапынан белгілі бір шектеу енгізуді
қажет етеді. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің маңызды қасиеті, оның
дербестігі, өзін өзі басқаруы.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің маңызды қасиеті, олардың автономдығы
(дербестігі), өзін-өзі басқаратындығы. Бұл жүйелердің белгілі бір заңдарға
негізделген өзіндік басқару органы, өз бетінше өндіру әдістері мен
өздігінен дамитын қабілеті бар. Жүйенің бейімделгіштігі, динамизмі, яғни
орта жағдайының өзгеруіне ең қолайлы әдіспен жауап қайтаруы, сөйтіп
қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі тікелей осыған байланысты.
Сондықтанда, жүйе ортаға неғұрлым бейімделгіш келсе, оның ресурстары да
соғұрлым толық, тиімдірек пайдаланылады.
Кәсіпорын ықтимал жүйе болып саналады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде
мұның өзі тек адам факторының болуына ғана емес, сондай-ақ климат
жағдайының кенеттен, ойда, жоқта өзгеруіне, мал арасында індеттің етек
алуына т.б. тәуелді. Сол себептерден де ауыл шаруашылығы кәсіпорны жүйе
ретінде бейімделгіштігі, оның жедел-шаруашылық дербестігі өнеркәсіптен
анағұрлым жоғары болуы тиіс.

2. Жүйенің жалпы теориясы

Жүйенің жалпы теориясы - күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу)
заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының
әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі,
басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған
негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі
объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.
Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен
баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ Жүйенің жалпы теориясын
алға шығарды.
Жүйені біріктіруші (интегральными) қасиеттерге ие өзара ықпалдасушы
компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал, біріктіруші қасиет жеке
алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей тән емес.
(Берталанфи анықтамасы).
Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:
- тұтастық (оның элементтерін құрайтын ерекшеліктер жиынтығындағы
жүйелердің ерекшеліктері);
- құрылымдығы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау
мүмкіндігі);
- иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз сапасы
болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).
Жүйе, ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.
Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің
жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде
болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді.
Жүйе тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің құрамында
болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.
Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп
иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады.
Жүйенің мүмкіндіктері оның құраушы элементтерінің жай жиынтықты
мүмкіндіктеріне қарағанда әлде қайда кең.
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге белуге болады:
- техникалық;
- биологиялық;
- әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын
жақтары бар.
Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген
әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән.
Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық жүйеден
кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық кешендері (кәсіпорын,
салалар, аймақтар, тұтас экономика) қатысты. Бұлай болатын себебі (яғни,
жүйелердің әркелкі болуы), адам оның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып
табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі
байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді әрі
дамытады.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты ерекшелігі - оның басты
компоненті адам болғандықтан бүл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі
жатады.
Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе
тармақтары (подсистема) мен қосалкы жүйе (субсистема) ретіндегі жүйе
элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе
элементі немесе осы элементтердің тобы болып табылады. Әлде қайда жоғары
иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады.
Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін болса, екінші
жағынан оны салалардың жүйе тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұдан
шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық
салыстырмалы түрде де, абсолюттік сипатта да бола береді.
Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін
болмайтынын белгілейді.
Бұл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:
1. Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер
арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді:
басқару ісі жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап
қайтарған жағдайда ғана мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.
2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте
алатындай қабілетке ие болуы керек, яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне
өту барасында да, өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.
3. Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай
параметрдің бар болуы.
4. Жүйенің баскару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни осы
ықпалға жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие
болуы керек.
5. Басқару акпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін
қамтамасыз ету.
6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.
Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған шарттар
орындалғанда ғана мүмкін болады.

3. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі

Жүйелі тәсілдеме - экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің
ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алғашқы мағынасында - грек тілінен аударғанда жүйе сөзі
көптеген элементтерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық
ұғымын білдіреді.
Жүйенің былайша ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа да қатысты;
өндіріс-пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен түпкілікті өнімдердің
жиынтығы ретінде болады.
Өндіріс - бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық деп аталу
себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде
материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның өндірістік күштерінің ұдайы
өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай анықтауға болады: Белгілі бір қоғамдық-
тарихи жағдайларда қалыптасатын өндірістік қатынастардың тұрпатын (типін)
экономикалық жүйе деп ұғуға болады.
Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға байланысты.
Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктер тән.
Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде
қарастырылады. Ондағы негізгі рөлді материалдық және рухани ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Өндірісті ұйымдастыру принциптері
Басқару ғылымыныц мазмұны мен әдісі
Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
Басқару ғылымының мазмұны мен әдісі
Персоналды басқару жүйесі туралы
Басқару ғылымының мазмұны мен әдістері
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті
Менеджмент әдістерін қалыптастырудың жалпы ғылыми принциптері
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Пәндер