Бірінші орыс революциясы және ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрістеуі туралы ақпарат



1. Кіріспе. Өлкеде маркстік.лениндік идеялардың тарауы;

2. Революцияның басталуы;

3. Революцияның өрлеу кезеңіндегі революциялық қозғалыс;

4. Бірінші орыс революциясының тарихи маңызы.

5. Қорытынды
Өлкеде маркстік-лениндік идеялардың тарауы. XIX ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басына қарай Россия империализм дәуіріне қарай аяқ басты. Ол дүниежүзілік революциялық қозғалыстың орталығына, ленинизмнің орталығына айналды.
Қазақстан революциялық марксизмді алғаш тарата бастағандар орыстың жер аударылған революционерлері - социал-демократтар еді; олар тыйым салынған әдебиет, үкіметке қарсы прокламациялар таратты, жаңа мүшелер тартып, оларды оқытты және марксизм-ленинизм идеяларымен таныстырды.
Қазақстан марксизм-ленинизм идеялары Орталық Россиядан, сондай-ақ Сібірдің, Уралдың және Повольженің іргелес ірі өнеркәсіпті қалалары мен саяси орталықтарынан келіп жатты. Қазақстанда темір жол және завод жұмысшылары революциялық марксизм идеяларын белсене таратушылар болды, ал ол идеялардың тарауына қоныс аударған шаруалар, қала кедейлері мен оқушы жастар қолайлы кез негіз еді.
Қазақстанда марксизм-ленинзм идеяларын таратуда “Сібір социал-демократиялық одағы” үлкен роль атқарды. Мысалы, Одақтың жұмысшылар мен барлық еңбекшілерді самодержавиелік құрылысқа қарсы революциялық-азаттық күреске шақырған “Сібір жұмысшылары мен жұмысшы әйелдеріне”, “Жұртшылыққа”, “Жұмысшы жолдастар”, “Әскери министрдің Амур генерал-губернаторы Субботинге құпия нұсқау хаты” деген және басқа прокламациялары мн үндеу хаттары бүкіл Дала өлкесіне тарады.
1) Қазақ ССР тарихы 3-ші том, 381-382, 414-417 беттер.

2) Ч. Мусин. 18-ші тарау 176-183 беттер.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: “Бірінші орыс революциясы және ұлттық-демократиялық қозғалыстың
өрістеуі”

Жоспар

1. Кіріспе. Өлкеде маркстік-лениндік идеялардың тарауы;

2. Революцияның басталуы;

3. Революцияның өрлеу кезеңіндегі революциялық қозғалыс;

4. Бірінші орыс революциясының тарихи маңызы.

5. Қорытынды

Өлкеде маркстік-лениндік идеялардың тарауы. XIX ғасырдың аяғы – ХХ
ғасырдың басына қарай Россия империализм дәуіріне қарай аяқ басты. Ол
дүниежүзілік революциялық қозғалыстың орталығына, ленинизмнің орталығына
айналды.
Қазақстан революциялық марксизмді алғаш тарата бастағандар
орыстың жер аударылған революционерлері - социал-демократтар еді; олар
тыйым салынған әдебиет, үкіметке қарсы прокламациялар таратты, жаңа мүшелер
тартып, оларды оқытты және марксизм-ленинизм идеяларымен таныстырды.
Қазақстан марксизм-ленинизм идеялары Орталық Россиядан, сондай-
ақ Сібірдің, Уралдың және Повольженің іргелес ірі өнеркәсіпті қалалары мен
саяси орталықтарынан келіп жатты. Қазақстанда темір жол және завод
жұмысшылары революциялық марксизм идеяларын белсене таратушылар болды, ал
ол идеялардың тарауына қоныс аударған шаруалар, қала кедейлері мен оқушы
жастар қолайлы кез негіз еді.
Қазақстанда марксизм-ленинзм идеяларын таратуда “Сібір социал-
демократиялық одағы” үлкен роль атқарды. Мысалы, Одақтың жұмысшылар мен
барлық еңбекшілерді самодержавиелік құрылысқа қарсы революциялық-азаттық
күреске шақырған “Сібір жұмысшылары мен жұмысшы әйелдеріне”, “Жұртшылыққа”,
“Жұмысшы жолдастар”, “Әскери министрдің Амур генерал-губернаторы Субботинге
құпия нұсқау хаты” деген және басқа прокламациялары мн үндеу хаттары бүкіл
Дала өлкесіне тарады.
“Сібір социал-демократиялық одағы” оларды Омбы мен Томскіге басып,
одан соң өзінің жергілікті, соның ішінде Ақмола мен Семей облыстарында
тұратын үгітшілері мен насихатшыларына жіберіп отырды. Өлкеніің жұмысшылары
мен шаруаларынынң арасында марксизм-ленинзм идеяларының тарауына байланысты
даланың генерал-губернаторы Сухотин 1902 жылы 5 желтоқсанда ішкі істер
министрінен уездерімен қоса Омбы мен Петропавлдың күзетін күшейтуді өтінді.
Сөйтіп, “Сібір социал-демократиялық одағы” Дала өлкесінде революциялық
жұмысты өрістету, революциялық марксизмді идеяларын насихаттау жөнінде 1901-
1903 жылдардың өзінде-ақ белсенді түрде жұмыс жүргізе бастады.
1903 жылы 14 мартта басылып, Ақмола облысында таратылған “Сібір
жұмысшылары мен жұмысшы әйелдеріне” деген үндеу хатта жұмысшы табы мен
шаруалардың одағы, хаыөқтық революциядағы пролетариаттың гегемондығы
насихатталды.
“Жұртшылыққа” деген үндеу хат 1903 жылы 18 февральда Томск
студенттерінің десонстрациясын полициялық жазалауға байланысты шығарылды.
1903 жылы апрельде жазылып, 1 Майға арналған “Жұмысшы жолдастар”
деген үндеу хатта буржуазиялық –демократиялық революция ұрандары:
самодержавиені құлату, демократиялық республика, сегіз сағаттық жұмыс күнін
орнату және т.т . ұсынылды.
Ел ішінде, соның ішінде Қазақстанда маркстік-лениндік идеялардың
тарауына “Искра” газеті үлкен роль атқарды. Газетте Қазақстандағы
жұмысшылардың жағдайына арналған материалдар шығып тұрды. “Искраның”
жекелеген номерлері өлкеге, ең алдымен темір жол жұмысшыларының арасына
тарады.
Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған тұңғыш
маркстік үйірме тек қана саяси жер аударылғандардан құрылды, ал 1903 жылы
Петропавл темір жолшылары өздерінің революциялық-марксистік үйірмесін
құрды. Орыс*-жапон соғысына және елде революциялық дағдарыстың шиеленісуіне
байланысты 1904 жылдан бастап үйірме жұмысының белсенділіг арта түсті.
Үйірмеге қатысушылар кейін РСДРП Омбы комитетінің 1905 жылы құрылған
Петропавл тобының негізі болды.
1902 жылы Орынбор қаласында үйірме пайда болды. Большевиктік партияның
М.В. Фрунзе және В.В. Куйбышев тәрізді аса көрнекті қайраткерлері өздерінің
революциялық өмірбаянын Қазақстанда бастады.
В.В. Куйбышев 1888 жылы Омбы қаласында туылды, оның ата-анасы көп
ұзамай Омбыдан Көкшетау қаласына көшіп келді. 13-14 жасар кезінде
Көкшетаудың революцияшыл жастарының астыртын жиындарына қатысты. 1903 жылы,
Омбы кадет корпусының оқушысы кезінде, жазғы демалыста үйіне келгенде, 15
жасар жасөспірім Омбыдан прокламациялар әкеліп, оларды жұмысшылар,
майдангерлер, жастар және жергілікті әскери команданың солдаттары арасына
таратты.
Революцияның басталуы. 1905 жылы 9 январьда Петербургет қарусыз
жұмысшыларды атқылаған патшаның қанқұйлы зұлымдығы туралы хабар қазақ
даласына тез тарады. Қалалар мен селоларда, жұмысшылар мен қала
кедейлерінің жиналыстарында, сондай-ақ кедей шаруалардың жиындарында
патшаның озбырлығына қарсы наразылық білдірілген үн көтеріліп жатты.
Верный, Әулиеата қалаларының, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл,
Семей темір жол станцияларының жұмысшылары мен демократиялық ниеттегі
еңбекшілері наразылық білдірді. Ақмола облысы мен бүкіл Дала өлкесінің
әкімшілік орталығы Омбыда 9 январьдағы қанды жексенбіге бйланысты
жұмысшылар мен қала еңбекшілерінің десонстрациясы болды.
1905 жылы ақпанның ортасында бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойында
Түркістан, Перовск, Жосалы, Қазалы, Шалқар станцияларында жұмысшылардың
өздерінің экономикалық жағдайын жақсартуды, жұмыс күнін қысқартуды талап
еткен ереуілдер болып өтті.
Қанды жексенбі өлкенің қоныстанған кедейлерінің де шу-ызасын туғызды.
1905 жылғы қаңтар- ақпанында шаруалар жиындарында деревня кедейлері патшаны
зұлым әрі тонаушы деп атады.
1905 жылы көктемде қоныстанған селолар мен ауылдар еңбекшілерінің
толқуы болып өтті. Олар патша әкімшілігіне өз наразылығын білдірді:
кулактардыңжәне казак әскерлері жоғарғы тобының егістіктері мен шабындық
жерлерін таптау ұйымдастырылды, малдарын айдап әкетті. 1905 жылғы 10
наурыз айында Жетісу обылысының генерал-губернаторы станция мен поселке
атамандары, ірі арендаторлары өз иеліктеріне көрші шаруалар мен казактардың
мал жіберіп, егінді, шабындықтарды және басқа жайылымдарды таптатып, қысым
көрсетуі жөнінде әскери басқармаларға жиі шағым жасап, жәрдем сұрайды.
Өкімет орындары өз құқықтары үшін күреске белсене қатысқандарды қатаң
жазалады. Алайда халық бұқарасының қозғалысын ешқандай жазалау тоқтата
алмады.
Патша үкімті революциялық қозғалысқа қарсы күресте патша өкіметінің
таптық тірегі болған қара жүздіктерге, кадеттерге, үстем феодал-байлар тобы
мен мұсылман дін басыларына сүйенді.
Дін басылары қазақ бұқарасының наразылығын панисламизм және
пантүркизм арнасына салып, оны өз мақсаттарына пайдалануға тырысты.
Еңбекші бұқараны революциялық күрестен қайткен күнде де аулақтауға
тырысып, феодалдық-бай жоғарғы топ пен мұсылман дін басылары петиция
науқанын ұйымдастырды. 1905 жылы 25 шілдеде Қоянды жәрмеңкесінде (Қарқаралы
қаласының жанында) байлардың сьезі болып, онда патшаға петиция әзірленді.
Петицияда өлкеде мұсылман дінінің айрықша басқармасн ұйымдастыру, мешіттер
салу, діни мектептер ашу, Меккеге қажылыққа баруды ұйымдастыру мәселелері
басты орын алды. Мұсылман дін басыларының, феодалдық-бай жоғарғы топ пен
ұлтшыл буржуазияның халыққа қарсы мәні, құлқынқұмарлығы, екі жүзділігі
революция кезеңінде көрінді.
Революциялық қозғалыстың өрістеу барысында Қазақстан еңбекшілері үстем-
феодал тобының халық қамын мүлде ойламайтынына, ал патша өкіметінің езілген
бұқараға ешқашан да ешқандай елеулі жеңілдіктер жасамайтынына көз жеткізді.
Қазақ жұмысшылары мен шаруалары патша өкіметіне орыс жұмысшыларымен
және қоныстанған шаруалармен қол ұстаса отырып қарсы шықты. 1905 жылы жазда
Семей, Торғай және Орал облыстарында аграрлық толқулар болды. Сол кезде
Белағаш, Құлынды далаларындағы Сібір казак әскерлерінің жері мен
бөімшелерді және Алтай таулы округіне қарасты жерлерді мейлінше тиімсіз
шарттармен арендаға алған қазақ кедейлері көтерілді. Қозғалысқа Семей
облысы Қарқаралы уезінің ауыл кедейлері қосылды. Қазақ шаруалары патша
шонжарларын қуып шығып, олардың озбырлығына шағым жасаған петициялар берді.
Қозғалыс күшейе түсті, оған халықтың жаңа топтары қосылған үстіне қосыла
берді. Патша әкімшілігі қозғалысты әскери-полициялық күштердің көмегімен
басып жаныштады, мәселен, еңбекші қазақ халқы өздерін жермен қамтамасыз ету
және 1903 жылғы аграрлық бой көрсетудің басшыларын қамаудан босату жөнінде
талап қойған Торғай облысының Ырғыз уезінде осылай істеді.
1905 жылы шілдеде Ақмола уезінің бір ауылының халқы облысты
инспекциялық мақсатпен аралап жүрген Ақмола әскери губернаторына аралауға
ат беруден үзілді-кесілді бас тартады. Тіпті ауыл халқы ат әкелуге жіберген
күзетшілерді соққыға жығады.
Осы жылдың жазында Сырдария облысының Шымкент және Әулиеата уездерінде
толқу бұрқ етті. Тамызда Түркістан генерал-губернаторы бұл уезде
күшейтілген күзет енгізу туралы өтініш жасауға мәжбүр болды.
1905 жылы бірінші мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында жергілікті
социал-демократиялық топтар ұйымдастырылған ереуілдер мен жиналыстар болып
өтті. Бұл күні Орынбордың темір жол ұстаханалары мен кәсіпорындардың
жұмысшылары, оқушы жастар мен қала кедейлері ереуіл жасады. Орман ішінде,
Жайықтың жағасында маевка өткізілді. Содай-ақ мұндай шаралар Перовск, Орал,
Верный, Қостанайда болып өтті. Оған қатысушылар Самодержавие жойылсын!,
Жұмысшыларды азат ету жұмысшылардың өз ісі! ─ деген ұрандар көтеріп
шықты.
Тамызда Петропавл депосының жөндеушілері экономикалық және тұрмыс
жағдайларын жақсартуды талап етіп, жұмысты тоқтатты. Сол жылдың жазында
жерілікті социал-демократтық үйірмелердің инициативасымен Қазалы мен
Шалқардың темір жолшылары ереуіл жасады. Олар тек экономикалық талаптар
ғана емес, саяси талаптар да қойды, атап айтқанда самодержавиенің құлауын
талап етті.
Қазақстанда – Қостанайда, Петропавлда, Ақтөбеде, Перовскіде және
басқа бірсыпыра қалалар мен өнеркәсіп кәсіпорындар да жаңа маркстік
ұйымдар пайда болды. Ақмола және Семей облысындағы топтардың қызметіне
Омбы комитеті басшылық етті. Ташкент комитеті Сырдария және Жетісу
облыстарының социал-демократиялық топтары мен үйірмелерінің жұмысына бағыт
беріп отырады. Орал мен Торғай социал-демократиялық топтары мен
үйірмелеріне Орынбор комитеті басшылық етті.
Қазақстан еңбекшілерінің бірінші орыс революциясы жылдарындағы
революциялық бой көрсетулері бүкіл ел көлеміндегі революциялық процестің
ортақтығы мен бірлігін, онда пролетариат пен шаруалардың туып келе жатқан
одағында жұмысшы табы гегемон болатынын, қазақ және орыс пролетариаты мен
шаруалары достығының қалыптасып және күннен-күнге нығайып келе жатқанын,
революциялық процеске большевиктер партиясының басшылық етіп отырғанын
көрсетті.

Революцияның өрлеу кезеңіндегі революциялық қозғалыс. Қазан саяси
стачкасы кезеңінде Қазақстанда жұмысшы қозғалысы мен аграрлық қозғалыс
күшейіп, Россия империясын түгелдей дерлік қамтыған Бүкіл россиялық
стачкаға қосылды.
Перовскіде, Қостанайда, Петропалда, Оралда, Успенск руднигінде,
Қазақстанның темір жол бойында орналасқан бірқатар пункттері мен
өнеркәсіп кәсіпорындарында басшылық ететін стачкалық комитеттер
ұйымдастырылды. Кәсіпорындардағы бұқаралық демократиялар, стачкалар
ереуілдер жергілікті әкімшілік органдарының қызметін тоқтатты. Стачкалар
мен демонстрацияларға тек жұмысшылар емес, сонымен қатар ұсақ қызметшілер,
мұғалімдер, оқушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші орыс революциясы және ұлттық демократиялық қозғалыстың өрістеуі
ХІХғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ.І жартысындағы Ресейдегі саяси ойлар
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Германия елінің даму тарихы
Синьхай революциясы және оның Қытай тарихындағы орны
Қазақтың зиялылары өкілдерінің Жалпы ресейлік мұсылман съездеріне қатысуы
Түркістан автономиясының күйреуі жайлы мағлұмат беру
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы және идеялық-саяси ағымдар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІ
Қозғалыстың басталуы және сол кездегі қазақтардың жағдайы
Пәндер