Ұлттық баспа


Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Баспаның қалыптасу мен даму жолдарын анықтай отырып, нарық жағдайындағы баспалардың жай-күйін көрсету. Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген баспа өнімдерінің мазмұндық және пішіндік ерекшеліктерін зерттеу. Қазақ баспаларының нарық жағдайында қалыптасу деңгейін, бағыт-бағдарын ерекшелеу. Қазақ баспа ісі нарықтық кезеңге қаншалықты бағыттала алды және баспалардың өнімдерін сату мәселесі қандай деңгейде, біз аталмыш жұмысымызда осы тұрғыдан көбірек сөз қозғағанды жөн көрдік. Қазіргі полиграфия өндірісі қаншалықты дәрежеде дамып отыр, қазақ баспалары бәсекелестік деңгейге жете алды ма, бұл мәселелер де ғылыми тақырыбымыздың негізгі өзегіне айналып отыр.

Кітап - адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, тарих шежіресі. Өткеннің өсиеті, болашақтың бағдарламасы кітаптан артық ешнәрсе жоқ десек, қателеспейміз. Өйткені, ол - тауар, ол - рухани қазына, ол біз үшін ұмытылымайтын сыйлық. Ол - құрал. Ұлттық сананы қалыптастыруда да кітаптың алатын орны ерекше. Еліміздің келешегі саналатын жастарымызды елін сүюге, жерін сүюге тәрбиелеуде де кітаптың берері мол.

Осы рухани азықтың қайнар көзі саналған кітапты басып шығарып, көпшіліктің игілігіне жарататын, тарататын баспаның адамзат өмірінен алатын орны зор екені бұлтартпас дәлел.

Кітап мұрасы дүниежүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана аламыз.

Баспа өндірісі, соның ішінде кітап басу ісі экономика айналымының елге қызметін жақсартуға өз тарапынан үлес қосуына мүмкіндік жасайды. Кітап - қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың қуатты құралы. Сонымен бірге оның тұтыну құны да бар. Жалпы мәдениет төмен болған жағдайда кітапқа деген зәрулік әлеуметтік-мәдени тоқырауға әкеледі.

ХХІ ғасырда білімі мен ғылымын дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Ұлттық тарихымыз қайта өрлеп, өркениетті елдердің қатарына жетуге бетбұрыс жасап, экономикада сындарлы жылдарда әр түрлі сатылардан өткен соң, ғылымның бір міндеті кітап басу ісін бір жүйеге келтіру. Қазақстанның қазіргі кездегі әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясында бәсекеге қабілетті болу үшін елдің ғылымы мен білімі жоғары деңгейде болу қажеттігі көрсетілген. Ғылымның негізі - кітапта. Сондықтан кітаптардың тарихын зерттеу арқылы біз еліміздегі ғылымға қалай көңіл бөлінетінін, қандай деңгейде болғанын анықтаймыз.

Көрнекті ғалым Шериаздан Елеукеновтің тұжырымы бойынша «Кітаптану дегеніміз - кітап және кітап ісі туралы кешенді ғылым . . . » Кітаптану ғылымының кешенді ғылым аталу себебі оның зерттелу объектісі - кітап өндірісінің тұтас, күрделі жүйеден тұратындығына байланысты. Расында да автордың қаламынан туған қолжазба бірден кітапқа айнала салмайды. Ол алдымен баспа редакцияларында қызмет істейтін баспагер-редакторлардың түзетуінен өткен соң ғана одан әрі өндіріске жіберіледі, яғни баспаханада теріледі, басылады, бүктеледі, түптеледі. Содан кейін кітап дайын болған соң, дүкендердегі сауда жүйесіне, кітапханаларға жіберіледі, одан әрі библиографиялық өңдеуден өткізіледі. Осындай өндірістік жұмыстар атқарылғаннан кейін бұрынғы қолжазба дайын кітапқа айналып, оқырмандардың қолына түседі. Аталған жұмыстар жүйесінен бір ауыз сөзбен баспа ісі немесе кітап ісі деп атаймыз.

Баспа ісінің Қазақстанда пайда болып, қалыптасуы ұзақ және күрделі жолдардан өтті.

1920 жылдың қараша айында, Қазақстанның (сол кезеңде Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Советтік Социалистік Республикасының) бірінші астанасы болған Орынбор қаласында, мемлекеттік баспа орнының құрылуы туралы Ереже қабылданды. Ол баспа Киргосиздат, онан кейін Казгосиздат деп аталған болған. Баспаның ұйымдастырылуы қазақ кітабы тарихының мағызды кезеңі болды. Қазіргі Қазақстандағы кітап ісінің негізі қаланды.

1925 жылға дейін еліміздің әкімшілік орталығы Орынборда орналасқандықтан, Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Сонымен бірге Ташкент, Мәскеу, Қазан қалаларында да Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылып тұрды.

Қазақстанда мәдениет мәселесімен айналысқан ғалымның бірі А. Қанапин өз еңбектерінде баспа ісі, полиграфия, кітап саудасы жөніндегі мәселені де қарастырған. Қазақстандағы ұлттық баспа ісі туралы Ш. Үржанов, А. К. Бектемісов жазса, ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында жарық көрген орыс кітап баспа ісінің 400 жылдық тарихына арналған еңбекте кітап баспа ісінің қағидалары мен ұлттық баспа ісі туралы материалдар да бар.

Ә. Жиреншиннің кітаптары екі тілде де жарық көрген. Ол қазақтың баспа кітаптарының тарихын баяндайды, 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Ресей мен Қазақстан көлеміндегі тасқа басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны, оларды шығарушылар кімдер екендігі, жазба мұраны жинаушылар мен авторлар жайында мәлімет береді.

А. Г. Каримуллинның еңбегінде 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі кітап баспа ісінің қалыптасуы сипатталып, оның кейбір жеке қайраткерлеріне тоқталған.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Елеукенов көп жылдар бойы баспа жүйесінде қызмет істеді. Ізденімпаз мінезінің арқасында ол барша саланы жоғарыда біз атап өткен үлкен биіктерге көтеріп қана қоймай, сол саланы шын мәніндегі білікті басшысы - маман басшысына айналды. Сол мінезінің арқасында қазақ топырағында бұрын болмаған жаңа мамандықты меңгеріп, оның ғылыми негізін қалады.

Қазақстанның кітап басу ісі өткен ғасырдың 70-80 жылдары алға басты. 60 жылдармен салыстырғанда баспа атаулары бойынша кітап шығару таралымы мен айналымы бойынша екі есеге өскен. Ал баспахананың материалдық-техникалық базасы үш есеге өткені байқалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін кітап басудың жаңа кезеңін бастан кешірді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында екі мемлекеттік және 300-ден астам жеке меншік баспалар пайда болды.

Қазақ кітабының бұл күндері бар ғаламға жайылып кеткен даңқын, оның өркениетті таңғажайып құбылысқа айналып алған атын, оның халық мәдениетіндегі орны бөлек қордалы затын қазіргі күндері кім жоққа шығара алар екен? Өзіне жүктелген мәртебесі биік білімдік те, танымдық қызметін қазақ кітабының көтеріңкі леппен, асқақ ойлы шабытпен атқарып келе жатқалы қай заман! Ұлы қазақ ғұламаларының, ақындары мен жырауларының, теңдесі жоқ ұл-қыздарының ақыл-ойы мен абыройы асқан зерделі еңбегі арқылы жарық көрген өлмес-өшпес кітаптар халқының жүрегіне нәр құйып, биік-биік мақсаттарға жетелеуден бір танған емес. Ол оқырмандарын өмір қойнауларына терең араластыра, өнер-білімге деген құштарлығын оята, жақсылық атаулыға шақыра отырып, қалың жұрттың творчестволық белсенділігін арттыруда қисапсыз мол еңбек етті, әрі еңбек ету үстінде. Қазақ кітабы бұған дейін атам заманнан бері айтылып, айтыла-айтыла халық жадында жатталып келе жатқан және қанша заман өтіп, өмір ағыны қанша жаңарып, қабарып жатса да иә ескіріп, мәнін жоғалтпайтын, иә тозып, өңінен айырылмайтын «Кітап-білім бұлағы», «Кітап-ақылшың, досың, жолдасың», «Кітап адамзат ақыл-ойының мұхитында толассыз жүзіп келе жатқан корабль» дейтін аталы да аяулы ғақлия сөздерді өн бойына дарытып, өмір сүретін қасиетті құбылыс. Тіршілік айдынында бірден туа қалған данышпан да, жерден тысқары тұңғиық дүниеге бірден заулап ұшқан ғарышкер де болмаған. Ұлылардың өзі де ұлылық тұғырына неше қилы кедергілер мен тосқауылдарды жеңіп, кедір-бұдыр жолдардан өтіп барып қонған. Кітап біткеннің баршасы да, оның ішінде қазақ кітабының дамуы да сондай-сондай қиялардан өтіп, бүгінге жеткен. Сондай қияның бірі, тіпті бірегейі патшалық өкіметтің орталық саясаты еді. Аталмыш саясат қазақ ұлтының жер-суын, әсіресе, шұрайлы жерін басып алып, тіпті тартып алып қана қойған жоқ, сонымен бірге ақыл ойын құрсаулап, сана сезімін тұмшалап тастады. Көп жылдар, тіпті ғасырлар бойы солай етті. Басқа шектеулерді (мектептер, кітапханалар ашу, мәдениет үйлерін, клубтар салу жөніндегі шектеулерді) былай қойғанда, баспалар мен баспаханалар ұйымдастыру, сөйтіп Қазақ өлкесінде кітап шығару шарасы отаршыл мемлекеттің қаперіне де кіріп шыққан жоқ. Сондықтан біздің халық бұл мәселеде кешең қалып, мешең өсті. Өз халқының қамын көп ойлайтын көңілі ояу, көзі ашық дарынды, талантты ғұламаларымыз кітап шығару үшін өзге жұртқа қарады. Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Астрахан қалаларындағы жеке меншік баспаханалардың иелеріне иек артты. Өзімізде баспа және баспахана болмаған соң Абайдың «Өлеңдер» жинағы мен Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабы 1909 жылы Санк-Петербург баспаханасынан жарық көрді.

Ал оның бергі жағында Ресейдегі кітап шығару ісінің біршама жетіліп келе жатқан сыңайы бар еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген әрі ағартушы, әрі жазушы, әрі журналшы, әрі баспагер Николай Иванович Новиков, мәселен Мәскеу қаласында баспахана, кітапхана, мектеп ашып, Ресейдің 16 қаласында кітап дүкендерін ұйымдастырған. Сонымен бірге өз меншігіндегі сатиралық журналдар («Трутень», «Кошелек») арқылы ол Ресейдегі басыбайлы проваға қарсы күрес жүргізген.

Өз жұртында мұндай күреске әрі ақын, әрі зерттеуші, әрі аудармашы әрі журналшы, сонымен бірге қазақ елінің әрі тұңғыш баспагері Ахмет Байтұрсынов пен Мұхаметжан Сералин де білек сыбана кірісіп отырды.

Қазақ жерінде саусақпен санарлықтай ғана жеке меншік баспаханалар (типография) болмаса, баспа (издательство) деген мекеме атымен жоқ еді.

Қазақстанда кітап шығару ісінің 1918-1919 жылдардан бастау алатыны белгілі. Қазақ баспасының құрылу, қалыптасу және өсіп, өркендеуі жайында Қазақ АКСР оқу-ағарту Халық Комиссариаты үлкен рөл атқарып еді.

1917 жылдан кейін бүкіл кеңестік республикалар сияқты Қазақ ССР-інде кітап басу ісін жолға қою аса қиын, қоғамдық-саяси өмірдің қайшылыққа толы жағдайында қалыптасты. Бұл кезеңде бір жағынан халықтың жанқиярлық ерлік ісімен қатар өктемдік пен төрешілдік, екінші жағынан сталинизм уақытындағы жаппай қылмыс жасау, мемлекеттік басқарудағы аса ірі қатерліктер мен келеңсіздіктер орын алды.

Қазақ кітабы тарихының осы уақытқа дейін аз зерттелген мәселелерінің бірі - өткен ғасырдың 20-30 жылдар арасындағы қазақ зиялыларының ұлттық баспа ісін дамыту рөлі. Осы кезеңде мәдени құрылыс пен оқу-ағарту ісінің мақсаты баспа ісін ұйымдастыру болды. Ұлттық баспа ісінің қалыптасуына, оның нығаюына зор үлес қосқандар - А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Н. Төреқұлұлы, Х. Досмұхамедұлы, Ә. Бөкейханұлы, С. Сейфуллин және т. б.

Қазақ Автономиялық Республикасының мемлекеттік баспасы 1920 жылдың қарашасында ұйымдастырылды. Оны құру туралы мәселе сол жылдың 4-12 қазанында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің Құрылтай съезінде қабылданды. Бұл съезде республика үкіметі мен мемлекеттік органдары құрылды. Сонымен қатар съездің шешімінде: « . . . Ағарту коммиссариатының іс-шараларын өмірге ендіру үшін Халық ағарту комиссариаты жанынан мемлекеттік баспа ұйымдастыру қажет», - деп атап көрсетілді.

1920 жылдың 3 қарашасында Қазақ Орталық Атқару Комитеті өзінің кезекті мәжілісінде ұлттық мемлекеттік баспа туралы ереже қабылданды. Бұл құжатта баспаның құқықтары мен міндеттері айқындалды. Ереже былай делінді: « . . . бір орталықтан идеялық басшылық жасау және әдеби-баспагерлік ісі мен үгіт-насихат қызметін іске асыру, жергілікті орындарға әдебиеттер мен ақпараттық байланыстар бөлінісін реттеу мақсатында құрылды». Мемлекеттік баспа Қазақ Республикасының үкіметіне тікелей бағынышты болды.

Сөйтіп, республикада алғаш ресми баспа ұйымы құрылды. Баспа редакциясы құрамына А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханұлы, Х. Балғынбаев, Ж. Аймауытұлы кірді. Редакция алқасы 1921 жылы 31 қаңтарда өткізген мәжілісінде қазақ тілінде оқулықтар дайындау және шығару жөнінде шаралар белгіледі. Мектепте өтілетін пәндер бойынша оқулықтардың қолжазбаларын жазатын авторлардың тізімі бекітілген. Біріккен кеңестің мәжілісін А. Байтұрсынов басқарған.

1921 жылы ақпанда өткен Республика Орталық Атқару Комитетінің бірінші сессиясында жасаған баяндамасында С. Меңдешов Республикада кітап баспасының құрылуын жоғары бағалап, Орталық Атқару Комитетінің жүзеге асырған іс-шараларының бірі - мемлекеттік баспаның құрылуы болды деп атап көрсетті.

Тұңғыш қазақ тіліндегі оқулықтар шығарыла бастады. Өйткені оларға сұраныс өте жоғары еді. 1921 жылы баспа үлкен қиыншылықпен А. Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты оқулығын басып шығарды. Ол кейін Орынбор, Қызылорда, Ташкентте бірнеше рет қайта басылды. Сондай-ақ, кескінді әліппе, өлшеу, салмақ кестелерін шығаруға Қазмембаспаның қолы жетті. Бұл жаңадан құрылған баспаның ең алғашқы қазақ кітаптары еді. Орыс тілінде Қазақ АКСР кеңесі II съезі шешімдері және қаулысы жарық көрді.

Бірақ, қиындық жеткілікті еді. Баспаларға қағаз, қаріптер, бояулар, құрал-жабдықтар, тағы басқалар жетіспейтін. Даярлықтан өткен мамандар аз, әсіресе, араб қарпімен мәтін терушілер жоқтың қасы болатын.

1922 жылдың бас кезінде баспахананың жанынан қазақ әріп терушілерді даярлау жөнінде қысқа мерзімді курстар ашылды. Оларда 20 адам оқыды.

1921 жылы Орынборда 10 баспахана болған, оның жетеуі мемлекет мүлкіне айналдырылып, губерниялық комитеттің полиграфиялық бөліміне берілді.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы бүкіл баспа ісінің дамуына жаңа серпін берді. 1991 жылы Қазақстан Республикасындағы Кітап палатасында «Рауан», «Жалын», «Жазушы», «Қазақстан», «Өнер» сияқты небәрі 12 баспа тіркелген болса, қазіргі кезде олардың саны едәуір өскен.

Қазіргі, 2010 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы баспа жүйесінде, Қазақстан республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында тіркелген баспалар мен баспа ісімен айналысатын ұйымдар саны 284-ке жеткен.

Мемлекеттік органдар жүйесінің үйлесімді болу мүддесіне және осы үйлесімділікті одан әрі дамыта беру шараларын жүйе-жүйесімен жүзеге асыру мақсатына орай Республика президенті жаңа Жарлыққа 1999 жылы 22 қаңтарда қол қойды. Бұл жарлық бойынша осыдан екі жыл бұрын құрылған Ақпараттық және қоғамдық келісім министрлігі ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі болып қайта құрылды. Осыдан көп жыл бұран дүние көрген Мәдениет жөніндегі комитет жаңа құрылып отырған министрліктің құрамына кірді. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі болып аталды да, ол бір жылдай ғана өмір сүрді. Ал, мемлекет басшысының жарлығымен 2004 жылдың 29 қаркүйек айында құрылған Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі қазір еш өзгеріссіз қызмет істеп келеді. Баспаларға - басшылық! Осы басшылықтың арқасында, оның Ахмет Байтұрсынов сияқты жанашыр, қамқор қайраткерлерінің арқасында қазақ кітабының даңқы жер жарып, бар ғаламға танылды, оның миллиондаған даналарынан теңіздей байтақ рухани байлық жасалды. Егер 1918-1927 жылдар аралығындағы тоғыз жыл ішінде Қазақстанда 2 млн. 400 мың данамен 759 ғана кітап шықса, 1976-1980 жылдар аралығындағы төрт жыл ішінде 10. 618 аталым кітап шықты. Бұлардың жалпы тиражы 132 млн. 800 мың дана. Керемет емес пе? 1991 жылға дейін біздің елімізде 14 кітап баспасы жұмыс істеді. Олар: «Қазақстан», «Жазушы», «Рауан», «Жалын», «Өнер», «Қайнар», «Ғылым», «Қазақ энциклопедиясы», «Ана тілі», «Білім», «Балауса», «Қазақ университеті», «Санат», «Дәуір». Бұлардың қатарына 2002 жылдың қаңтарынан «Аударма» баспасы қосылды. Осылардың бәріне мемлекет жасап отырған қамқорлық бар. Ал бұлардың сыртында еңбек етіп жатқан, серіктестікке біріккен жеке меншік баспалар қаншама.

Бітіру жұмысының нысаны. Баспаның тақырыптық бағыт-бағдарын анықтау. Жұмыстың қайнар көзі ретінде баспа туралы әр жылдары жазылып, жарық көріп отырған кітаптар мен баспасөз материалдарының түпнұсқаларын қарастыру. Әрі баспадан жарық көрген кітаптардың, тарихи шығармалардың, көркем дүниелердің, фотошежірелердің негізінде жазылған материалдарға көбірек тоқталу.

Жұмыстың әдістемесі. Материалдарды талдау, деректер мен дәлелелдерді тексеру әдісіне негізделеді.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Ізденіс барысында ғылыми жұмысқа «Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері» жинағының деректері, Ш. Елеукеновтің «Кітаптану негіздері», М. Сәрсенбаевтың «Кітап тәуелсіздік пен демократия тұғыры», «Жаңа әлемдегі Қазақстан», С. Р. Рахымжанованың «Қазақ кітабының тарихы» кітаптары және тікелей баспаның өзінен алынған мәліметтері игі әсерлерін тигізді. Зерттеу жұмысында «Қазақ әдебиеті», «Алматы ақшамы», «Алтын орда», «Мәдени мұра», «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Кітап жаршысы», «Қазақ», «Кітапхана», «Аргументы и факты Казахстана», «Казахстанская правда», «Известия» және т. б. газет-журналдар беттерінде жарияланған мақалалар және статистикалық жинақтар қолданылып, қалыптасуы мен дамуы жолдары жан-жақты зерттеліп, талданды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған әртүрлі мақалалар, зерттеу еңбектері, ғылыми жұмыстар негізінде топтамалар жинақталып, сол бойынша іздене отырып, одан бөлек, ғаламтор желісімен әлемнің өзге де елдерінде жүргізіліп жатқан полиграфия өндірісімен де қазақ баспаларын салыстыра отырып, зерттеуге тырыстық.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары баспа ісі саласын тану бағытындағы зерттеулерге, жоғары оқу орны студенттеріне, ұстаздарға айқын бағдар болмақ.

Теориялық мәні - «Өнер» баспасының қалыптасуы мен дамуы ерекшеліктерін көрсету арқылы баспа ісі және бұқаралық құралдарындағы теория мәселесі кемшіліктерінің орнын толтыру.

Практикалық мәні - зерттеу жұмысы «Өнер» баспасының тарихын зерттеуде тиімді құрал болып табылады. Кезінде мемлекеттік, бүгінде жекеменшікке айналған баспа жүйесінің қалыптасуы жолдарын көрсетіп, сондай-ақ қазіргі уақыттағы қоғамның баспа ісін танудағы көзқарастарын дамыту мақсатында үлкен рөл атқарады.

Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелер және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда баспаның тарихы, баспа құрылымы және шығаратын өнімдерінің мазмұндық және пішіндік даралықтары, сонымен қатар бағыт-бағдары жөнінде мәліметтер берілген. Екінші тарауда, «Өнер» баспасының кітаптарындағы ұлттық нақыш, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан кітаптары жөнінде, сонымен бірге, жетістіктері мен алға қойған мақсаттары қамтылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I Тарау. «Өнер» баспасы - мәдениет пен дәстүр жаршысы

XX ғасырдағы қазақ ұлтының зиялысы, көркем сөз шебері, жазушы Ахмет Байтұрсынұлы: “Мәдениет күшейеді - өнер, білім күшімен. Өнер, білім күшейеді - оқумен, оқу күшейеді - мәдениетпен. Мәдениет күшейеді -әдебиетпен. Бірін-бірі қолдайды, бірін-бірі жетелейді, бірімен-бірі тығыз байланысты. Қазақтың асылы мәдениетте. Мәдениеттің көркеюінің тетігі - оқу менен әдебиетте”, - деген екен/1/.

Кітап және кітап мәдениеті - бұл қоғамның рухани өмірінің көрінуі. Қазақ кітабы қазақ тілінің сақталуының кепілділігі бола отырып, халықтың білім алуына, тіл мен әдебиеттің, республиканың қоғамдық және ғылыми өмірінің дамуына қосар үлесі зор/2/.

1991 жылы желтоқсан айының 16 жұлдызында Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, Қазақ Советтік Социалистік Республикасы - Қазақстан Республикасы деп аталды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көкейкесті реформаларды жүзеге асыруға, демократиялық қоғамды, айқын экономиканы құруға кірісті. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен соң ұлттық кітап ісінің дамуында жаңа кезең басталды. Қазақ кітабы жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы - баспа және ақпараттық қызметтер саласының ғылыми орталығы, мемлекеттік Баспасөз мұрағаты, Кітап палатасының міндеті - интеллектуалдық және ақпараттық потенциалды арттыру, ұлттық мәдениет, білім, ғылым, баспа мен библиографиялық ісінің дамуында мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету. Кітап палатасының баспа өнімдер қорлары мен мәліметтер базалары, мемлекеттің мүлкі болып есептелінеді де онымен қорғалады. Қазіргі кезде Баспасөз мұрағатында баспа өнімдерінің 5 миллионнан астам данасы сақталуда/3/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан баспасөзі
Еліміздегі алғашқы баспалардың пайда болуы
Кітаптарды халықаралық стандартты нөмірлеу
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КІТАП НАРЫҒЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
Кітап – халық тәрбиешісі
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы баспа ісі
Ыбырай бастаған баспа
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ТМД КІТАПХАНАЛАРЫ, БАТЫС ЕУРОПА КІТАПХАНАЛАРЫМЕН САЛЫСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz