Табиғаттың ластануы: атмосфера, гидросфера, литосфера және оны болдырмау



Кіріспе

1. Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар және сол кездегі халықтың іс.әрекеті

2. Табиғаттың ластануы: атмосфера, гидросфера, литосфера және оны болдырмау

Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
1. «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 3, 18-құжат; "Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 15 ақпан N 37);
2. «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы» (ҚР-ның заңы, 15.10.1993 ж.);
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2006. – 44 б.
4. «Азаматтық қорғаныс туралы » Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 100 Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат)
5. Домрин А.Н. Институт чрезвычайного положения в зарубежных странах // Международная жизнь. - 1993. - №5/6. - С. 5-10
6. Гончаров И.В. Обеспечение основных прав и свобод в условиях чрезвычайного положения: Дисс. канд.юрид. наук. – М, 2003. - 150 с.
7. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі ТЖ және АҚ Республикалық курстары «Тіршілік қауіпсіздігі»курсы бойынша жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы І кітап
8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 жыл 5 шілде // Төтенше жағдайлар және аумақтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық - әдістемелік жинағы. - 2004. - №4. – 21-32 бб.

Жоспар

Кіріспе

1. Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар және сол кездегі халықтың іс-
әрекеті

2. Табиғаттың ластануы: атмосфера, гидросфера, литосфера және оны
болдырмау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының
зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік
бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша
қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ.
Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар
тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып
жатады.
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін
күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға
ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын
табиғат құбылысы.
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу
себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға
өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер
залалы мол төтенше оқиға.
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы
мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су
тасқыны, буырқасын, өрт.
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы
келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің,
ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына,
Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы
төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

1. Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар және сол кездегі халықтың
іс-әрекеті

Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын
тану үшін және олардың мақсат міндеттерін терең түсіну үшін төтенше
жағдайдың табиғатын, оның қалыптасу жолының кейбір қырларын және оның
ерекшеліктерін айқындап, ашып алуымыз қажет. Сонымен қатар, төтенше жағдай
мәселесін теориялық құқықтық бастаулары осы күнге дейін әлі өзінің бағасын,
отандық заң ғылымында ала қойған жоқ. Осы жағдайлардың барлығы бізді
төтенше жағдайдың табиғатына терең үңілуге жетелейтіндей.
Төтенше жағдай институты бірнеше ғасырды басынан өткеріп, дамып келе
жатқан ерекше институттардың бірі болып табылады. Төтенше жағдай институты
әрбір мемлекеттің тәжірибесінде әрқалай әр негіздерде дамыған болатын.
Міне, осы ерекшеліктерді аша отыра ғана, біз жалпы төтенше жағдай
институтының елімізде құқықтық тәжірибесінің қалыптасуын ашып көрсете
аламыз. Мемлекеттік құқықтық механизмде төтенше жағдай институты көптеген
батыс елдерінде абсолюттік монархия ыдырап, шекті монархияға өту барысында
орныға бастады. Себебі, абсолюттік монархия өзінің қолына мемлекеттік
биліктің барлық тұтқасын жинағандықтан да, төтенше өкілеттіктерді билік
иесі қажет етпеді, екінші жағынан алып қарағанда, билік басындағы тұлғаның
қызмет аясы ешқандай құқық нормасымен де шектелмеді және оны қажетсінбеді
де. Алғашқы төтенше жағдай жөніндегі актінің өмірге келуін А.М. Домрин
былай сипаттайды: Мәселен, Ұлыбританияда төтенше жағдайлар режиміне
арналған алғашқы сот шешімі, кей жағдайларды оны “Су кемелерінің ақшалары
жөніндегі іс” деп атайды. ол Яғни, 1637 жылы қабылданған заңи буржуазиялық
революцияға дейінгі не бәрі бірнеше жыл бұрын [4, с. 150].
Бұл оймен келісе отыра, сөз етіп отырған институттың қоғам дамуының
ерекше сатысына өту барысында өмірге келгендігін байқаймыз. Бұл кезеңдерде
өкілдік билік адам құқығы деген мәселе де қоғамда маңызды орынға ие бола
бастады. Осы мәселемен айналысып жүрген Ресейлік ғалымдардың бірі И.В.
Гончарев бұл институттың өмірге келуін нақты былай сипаттайды: дегенмен де
аталған құқықтық режимді сипаттайтын алғашқы парламенттік актілер еуропаның
көптеген мемлекеттерінде тек ХІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысында
қабылданды. Бұл орайда үздік Француздық тәжірибе болып табылаьын 1857 жылы
Пруссияда төтенше жағдайлардың құқықтық режимін сипаттайтын заң қабылданды,
ондай заң 1869 ж. – Австрия – Венгияда, 1870 ж. – Испанияда [5, с. 20].
Бұл оймен келісе отыра, өзімізге жақын Ресей тарихында төтенше жағдай
мәселесін ғылыми тұрғыда кім айқындауға ұмтылғандығына келетін болсақ,
төтенше жағдайдың ғылыми негізін қалауға ұмтылған алғашқы ғалымның бірі,
В.М. Гессен болып табылады. Ол өзінің 1908 жылы Санкт-Петербургте шыққан
еңбегінде айрықша жағдайды қарай отыра, оны былай айқындайды: “ мемлекеттің
өмір сүруіне іштей немесе сырттай қауіп төнген жағдайларда үкімет билігімен
берілген ерекше өкілеттіліктер жиынтығы” [6, с. 74].
Төтенше жағдайлар мәселесі жоғарыда айтып өткеніміздей, алғаш ағылшын
дерегінде құқықтық негізделсе де, оның қазіргі кезеңдегі ортақ негізгі
белгілері Францияның тәжірибесінде орныққан болатын. Сол Францияның
тәжірибесі қазіргі дамыған елдердіің төтенше жағдайлар мәселесіндегі
заңнамасының негізін қалауда. Бұл ортақ белгілер мыналар болып табылады:
1. Қауіпсіздік пен тәртіпті қорғауға бағытталған азаматтың билік
толығымен әскери биліктің қолына берілуі. Бұл орайда азаматтың билік
қызметін тоқтатпайды, тек әскери билік алып қоймаған қызметтерді жүзеге
асырады;
2. әскери билікті полициялық сипаттағы төтенше өкілеттіліктерімен
рәсімдеу, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының шектелінуі.
3. республиканың қауіпсіздігіне қарсы, конституцияға қарсы, тәртіп пен
қоғамдық тыныштыққа қарсы бағытталған қылмыстар мен теріс қылықтар, олардың
басты кінәлілері мен қатысушыларының роліне қарамастан істер әскери
соттардың қарауына беріледі [6 с. 156].
Көрсетілген жағдайлардың барлығы қазіргі кезеңдегі әлемдік тәжірибенің
төтенше жағдайлар мәселесіндегі айқындаушы көрсеткішіне айналды.
Төтенше жағдайлар институтының тарихи тәжірибесіне қарайтын болсақ, бұл
қазіргі кезеңдегі мемлекеттер қалыптасуының тәжірибесімен қатар өрбіген
институт болып табылады. Қазіргі кезеңде төтенше жағдай мәселесінің
табиғатын айқындауға байланысты әр түрлі көзқарастар орныққанын көреміз.
Төтенше жағдай мәселесінің табиғатын ашып көрсетуде еліміздің заңнамасынан
бастаған дұрыс болып табылады.
Қазақстандық заңнаманы саралап қарайтын болсақ, төтенше жағдайларға
берілген анықтаманы “Төтенше жағдай туралы” 2003 жылдың 8 ақпанындағы
Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабынан көреміз: “Төтенше жағдай –
азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылысын қорғау мүдделерінде ғана қолданылатын және
мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметіне, азаматтардың, шетелдіктердің және
азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды
тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және
оларға қосымша міндеттер жүктейтін ерекше құқықтық режим болып табылатын
уақытша шара” [7, 44 б.]
Сонымен қатар “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы” 1996 жылдың 5-ші шілдедегі Қазақстан Республикасы заңының бірінші
бабында: “Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе
әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық
жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір
аумақта туындаған жағдай” [8, 21 б.].
Қазақстанның заңнамасында төтенше жағдайға осындай екі түсінік берілген.
Табиғи және техногендік сипаттағы мәселелерді реттейтін заңда төтенше
жағдайдың анықтамасы сол бағытқа сәйкес айқындалып отырғаны байқалады.
Аталған заңда сонымен қатар мынандай да түсініктер қарастырылған: “Табиғи
сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су
тасқыны және басқалар), табиғи, өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары,
ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандарының кеселдері мен зиянкестері
арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар;
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және
басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және
биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария,
үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті
қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі,
тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар” [7, 21 б.].
Беріліп отырған түсініктер төтенше жағдайдың арнайы салалық сипаттағы
ұғымының бар екендігін көрсетеді. Ал жоғарыда берілген төтенше жағдайға
қатысты екі анықтама бір-біріне толық сәйкес келмейді. Біздің ойымызша,
төтенше жағдай түсінігіне байланысты заңнамада бірізділік қажет. Ондай
болмаған жағдайда бұл саладағы заңдарды қолдануда қарама-қайшылықтар
туындап, әртүрлі талқылаулар қалыптасуы мүмкін. Осы жерде тағы бір айта
кететін жағдай Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру
мен жүзеге асыру жөніндегі 13 шілде 2000 жылғы №165 нұсқауда жалпы төтенше
жағдай мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды былай
анықтайды:
“Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта авария нәтижесінде адамдардың
өліміне алып келген немесе алып келуі мүмкін, олардың денсаулығына,
қоршаған орта мен шаруашылық объектілеріне зардап келген, халықтың өмір
сүру жағдайларына үлкен көлемде материалдық зардап пен бұзылуына алып
келетін апатты немесе қауіпті жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – стихиялық зардаптан (жер сілкінісі,
сел, су тасқыны және т.б.) табиғи өрттерден, эпидемиялар мен
эпизоотиялармен, ауыл шаруашылық дақылдары мен ормандардың аурулар мен
зиянкестердің жоюынан туындайтын төтенше жағдай.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өндірістік, көлік немесе басқа
апаттар, өрттер (жарылыстар) қатты әсер етуші улы заттардың ауаға таралуы
апатынан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауы, плотиналардың
бұзылуы, электроэнергетикалық және өмір сүруді қамтамасыз ететін басқа
коммуникацияларға тазалау құрылыстарындағы апаттардың негізінде туындайтын
төтенше жағдай [9, с. 6] ”.
Еліміздің заңнамасында төтенше жағдайдың табиғатын ашуға байланысты
анықтамасын түзуде осындай жүйеліліктің болмауы жоғарыда айтып өткеніміздей
заңнаманы қолдануда қарама-қайшылық тудырады. Мұның бірден–бір себебі, бұл
мәселеде ғылыми негіздің қалыптаспауынан. Бұл жағынан алып қарағанда, Ресей
ғалымдары белгілі бір істерді тындыруда. О.Н. Русак, К.Р. Малаян, Н.Г.
Заньколар еңбектерінде “төтенше жағдай – бұл белгілі бір аймақта немесе
экономика объектісінде күтілмеген жерден, тосыннан болатын, нәтижесінде
адам өліміне, олардың денсаулықтары мен қоршаған ортаға шығын келетін,
адамдардың өмір сүру жағдайын бұзатын және материалдық шығын алып келетін,
қауіпті табиғи құбылыстар немесе стихиялық апатты жағдай деп анықтама
береді. [10, с. 366-367]”
Қазақстандық оқулықтардан “Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына
әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған
ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе
келтіруі мүмкін,, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,
тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған
белгілі бір аумақта туындаған жағдай” [11, 7 б.] – деген анықтаманы
кездестіруге болады. В[11, 7 б.]
Н. Григорьев, В.Д. Роговтар болса, төтенше жағдайдың құқық бұзушылыққа
байланысты ерекшеліктерін қарай келе, сол тұрғыдан төтенше жағдайдың
ерекшелігін былай деп сипаттайды: “Әдеттегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз
етуден айырмашылығы сол, тек құқық бұзушылық немесе қылмыс жасаған
тұлғаларға ғана емес, сонымен бірге аталған аймақта тұратын бүкіл
тұрғындардың мүдделеріне әсер етуі, оларға берілген құқықтардың шектелінуі
мен қосымша міндеттердің жүктелінуі” [12, c. 20].
Ал кезіндегі үлкен кеңестік энциклопедияда төтенше жағдай былай деп
түсіндірілген: ерекше жағдайларда белгілі бір мерзімге енгізілетін және
тәртіпті сақтау мақсатында ерекше амалдарды қолдануға мүмкіндік беретін
ерекше құқықтық режим [13, с. 235].
Төтенше жағдайдың кең мағынадағы анықтамасы былай: “Көп жағдайларда
төтенше жағдайды белгілі бір объектіде немесе аймақта (акваторияда) авария,
апат, стихиялық немесе экологиялық апаттар, эпидемия, эпизоотия, және де
әскери әрекеттердің нәтижесінде адами және материалдық шығын келген немесе
келуі мүмкін апаттар нәтижесінде адамдардың қалыпты өмір сүруі мен қызмет
етуінің бұзылуы деп анықтама береді. Төтенше жағдайды сонымен қатар
күтілмеген, тосыннан пайда болатын жағдай, бұл орайда анықсыздық халықтың
стресстік жағдайда болуы, көп әлеуметтік – экологиялық және экономикалық
шығыны, оның ішінде адам шығыны келетін осындай жағдайдан тез шығу
мақсатында көптеген адами, материалдық және уақытша шығындарды жіберіп –
құтқару жұмыстарын жүргізу, әр түрлі жағымсыз салдарды (бұзылу, өрт және
т.б.) жою. Американдық ізденушілер төтенше жағдайды тосыннан пайда болатын,
алдын алуға мүмкін емес жағдайда жылдам әрекеттерді талап ететін жағдай деп
анықтама береді [14, с. 370-371].
Төтенше жағдайға берілген түсініктердің барлығын саралайтын болсақ, оны
кең мағынада, нақты мағынада түсінігі ұмтылыстардың жасалғандығын көреміз.
Кейбір жағдайда төтенше жағдайды әр түрлі мәселемен салыстырып қарау да,
оның бір қырына басымдық беруде көрініс тауып жатады. Осыларды саралай
келе, біз төтенше жағдайды былай деп тұжырымдаймыз: “Конституцияның талабын
негізге ала отырып, төтенше жағдай еліміздің демократиялық институттарына
және оның тәуелсіздігі мен саяси тұрақтылығына, аумақтық тұтастығына,
азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда мемлекеттік
органдар өзінің қызметін қалыпты атқара алмаған жағдайларда ел аумағында
енгізілетін ерекше әкімшілік-құқықтық институт болып табылады”.
Төтенше жағдайдың басты анықтаушы элементі оның бүлдіру аясының және
шығын келтіру көлемі болып табылады. Төтенше жағдайларды осындай негіздерге
ала отырып, түрлерге жіктеуге болады. Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер
бойынша жіктелінеді:
1. Пайда болу саласы;
2. Ведомстволық қатыстылығы;
3. Аймақтық таралуы.
Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайларды мынадай етіп жіктеуге
болады:
- табиғи;
- техногенді;
- жанжалды.
Табиғи төтенше жағдайларға мынадай құбылыстарды жатқызуға болады:
- геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан);
- геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың
құлауы);
- метеорологиялық және агрометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл,
құйын, құрғақшылық, аяз және т.б);
- теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты
құбылуы, мұздар арыны және т.б.)
- гидрологиялық қауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар
деңгейінің көтерілуі);
- табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік);
- адамдардың жұқпалы ауруларға шалдығуы (эпидемиялар);
- ауылшаруашылық малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар);
Техногенді сипатты төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:
- өндірістік;
- транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар
аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар),
магистральді өткізу құбырларындағы авариялар);
- өрттер (жарылыстар);
- ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;
- ғимараттардың кенеттен құлауы;
- электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар;
- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар;
- тазартқыш құрылыстардағы авариялар;
- гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы)
жатады.
Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:
- қарулы шабуыл;
- кейбір аймақтардағы толқулар;
- соғыс уақыттағы әскери әрекеттерде қазіргі зақымдану тәсілдерін
қолдану.
Ведомстволық қатыстығы бойынша төтенше жағдайлар мынадай түрлерге
бөлінеді:
- құрылыста;
- өндірісте;
- халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету
саласында;
- көлікте;
- ауылшаруашылықта;
- орман шаруашылығында;
- көліктік байланыста (газөткізштер, мұнай өткізгіштер).
Аумақтық атқарылуы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
- объектілік (зардаптардың таралуы қондырғыда, цехта, объектіде
шектеледі);
- жергілікті (таралуы бірнеше елді мекендерде, аймақта, облыстарда
шектеледі);
- аймақтық (таралуы бірнеше облыстарда шектеледі);
- кең ауқымды (зардаптардың Қазақстан Республикасында және шектес
мемлекеттердің аумағына таралады).
Қазақстан Республикасына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың, вулкандардың қопарылуынан, цунамиден, тайфуннан және табиғи
шымтезектік өрттерден басқа барлық түрлері тән.
Сонымен қатар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
нормативтік актілерге сәйкес, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық
деп топтауға болады. Бұлардың жіктемелік көрсеткіші Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 қаулысына сәйкес:
1. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай
аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен
шықпаса, бұл ретте мынадай салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы
мүмкін болса:
5-тен астам, бірақ 10-нан көп емес адам қаза болса;
50-ден астам, бірақ 100-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары
бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу
объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері бес мыңнан он бес
мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдай объектілікке жатады.
2. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай
аймағы өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектінің аумағы шегінен
шықса және облыстың екі ауданының шегінен шықпаса, бұл ретте мынадай
салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
10-нан астам, бірақ 50-ден көп емес адам қаза болса;
100-ден астам, бірақ 500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары
бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу
объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері он бес мыңнан жүз
мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдай жергіліктіге жатады.
3. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай
аймағы бір облыстың кемінде үш ауданының аумағын қамтыса не төтенше жағдай
Қазақстан Республикасының екі облысының аумағында болса, бұл ретте мынадай
салдарлардың бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
50-ден астам, бірақ 200-ден көп емес адам қаза болса;
500-ден астам, бірақ 1500-ден көп емес адамның тіршілік ету жағдайлары
бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу
объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері жүз мыңнан екі жүз
мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткішті құраса табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдай өңірлікке жатады.
4. Егер авария, табиғи зілзала немесе апат нәтижесінде төтенше жағдай
Қазақстан Республикасының үш және одан да көп облыстарының аумағында болса
не шектес мемлекеттердің аумағын қамтыса, бұл ретте мынадай салдарлардың
бірі туындаса немесе туындауы мүмкін болса:
200-ден астам адам қаза болса;
1500-ден астам адамның тіршілік ету жағдайлары бұзылса;
адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізу
объектілеріне келтірілген материалдық залалдың мөлшері екі жүз мыңнан аса
айлық есептік көрсеткішті құраса, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдай жаһандыққа жатады [15, с. 1].
Төтенше жағдайды енгізудің белгілі мақсаты бар. Бұл туралы заңда былай
деп айтылған: “Төтенше жағдайды енгізуге себеп болған мән-жайларды жою,
адам мен азаматтың қауіпсіздігін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауды,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғауды қамтамасыз ету
төтенше жағдайда енгізудің мақсаты болып табылады” [7,
45 б].
Елімізде төтенше жағдайды енгізудің белгілі талаптары мен шарттары бар.
Талаптар мен шарттар төтенше жағдайды енгізудің мүмкіндігін көрсететін және
оның негіздерін белгілейтін түсінікті сипаттайды. Заңға сәйкес төтенше
жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсіздігі
мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының
қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қауіп төнген және мемлекеттің
конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған жағдайда
енгізіледі.

Сөзіміз дәлелді болу үшін, төтенше жағдайдың басты ерекшеліктерін сурет
түрінде көрсетуді жөн көрдік (1-суретті қараңыз).

Төтенше жағдайдың ерекшеліктері

Төтенше жағдай белгілі қауіптілікті
жоюда орын алады

Мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын
қажетті шараның көрінісі

Техногендік және табиғи апатты
сипатта көрініс табады

Ерекше режимдегі шаралардың жүйесін
жүзеге асырудан тұрады

1 - сурет - Төтенше жағдайдың ерекшеліктері.

Төтенше жағдайды енгізу негіздері болатын мән-жайларға, мыналар жатады:
1) шекаралас мемлекеттер аумақтарынан Мемлекеттік шекара арқылы жаппай
өту; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп
өзгертуге ұмтылу; лаңкестік актілер; Қазақстан Республикасының
Конституциясын бұза отырып, билікті күштеп басып алуға немесе
билікті күшпен ұстап тұруға бағытталған іс-әрекеттер; қарулы
қақтығыстарға тарту мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болатын
арандатушылық іс-әрекеттер. Қазақстан Республикасының аумақтық
тұтастығын бұзу; жаппай тәртіпсіздіктер, ұлтаралық және
конфессияаралық қақтығыстар; экстремистік топтардың жекелеген
жерлерді, аса маңызды объектілерді қоршап немесе басып алуы, заңсыз
әскери құрылымдар құру және олардың қызметі;
2) дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны және
басқалар) дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер,
ормандардың аурулармен және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар),
күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар
ауаға жайылатын (жайылу қаупі бар) авариялар, үйлер мен
ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерінің бұзылуы, тыныс-
тіршілікті қамтамасыз ететін электрэнергетикалық және
коммуникациялық жүйелердегі, тазарту құрылғыларындағы авариялар
себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртібін
қамтамасыз етуді, қажетті құтқару және авариялық қалпына келтіру
жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасауды талап ететін табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.
Дүлей зілзаланың немесе кең көлемді аварияның (апаттың) нақты қаупі де
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы
органының ұсынуы негізінде төтенше жағдай енгізуге негіз болуы мүмкін.
Төтенше жағдайды енгізудің мүмкіндіктері осындай.
Төтенше жағдайдың қалыптасуына байланысты, яғни туу себебін негізге ала
отыра, бірнеше бағытқа жіктеп, көрсетуге болады. Бұл мәселені
В.Н. Григорьев Ресейдің тәжірибесін негізге ала отыра, былай
топтастырып қарайды:
1. Мемлекеттік билік пен басқару саласында жергілікті өзін-өзі басқару
органдары өздеріне берілген қызметтерді тиісті деңгейде жүзеге асырмау;
мемлекеттік биліктің Федералдық органдарының шешімінің орындалуының
тұпсалануы конституциялық құрылыспен белгіленген жүйені күшпен өзгертуге
ұмтылу.
2. Шаруашылық қызмет және аймақтардың өмір сүруін қамтамасыз ету
саласында: көтерілістер ұйымдастыру, кәсіпорынның жұмысын тоқтату, оның
ішінде халықтың өмір сүруін қамтамасыз етумен байланысты, азық-түлікпен,
сумен электрмен, газбен қамтамасыз етудің үзілуі; көліктің жұмысын тоқтату.
3. Қоғамдық-саяси салада: түрлі ұлтшылдық және сепаратистік ұйымдардың
қызметінің белсенділік көрсетуі, ұлтаралық алаусыздық пен жау отын
тұтандыру, халықтың көптеген өкілін бір-біріне қарсы қою; қоғамдағы
ұшықтыру.
4. Қоғамдық тәртіпті қорғау мен қылмыспен күресу саласында: бүкіл
аймақты қамтитын жаппай қирату, өрт қою, адам өлтіру және т.б.
тәртіпсіздіктер, құқық қорғау органдары қызметтерінің арасынан кепілді
жаулап алу; халықтың және ІІБ қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына
жүйелі түрде қауіп төндіру [16, с. 33-34].
Төтенше жағдайдың туу себебін осы тұрғыда бөлуді бізде орынды деп
танимыз. Қазақстан жағдайында да төтенше жағдайдың туу себептерін осылай
топтастыруға болады деп ойлаймыз. Себебі, Қазақстан мен Ресейдің даму
деңгейлері қатарлас және төтенше жағдайдың тууына себеп болатын, негіздерде
біртекті.
Төтенше жағдайлар мәселесін сөз еткенде, оның айрықша жағдайда
қолданылатындығына қарамастан, төтенше жағдайдың ұзақ мерзімге де
созылатынын байқаймыз. Жалпы талап бойынша төтенше жағдай уақытша шара
болып табылады. Ол белгілі бір аясы үлкен қауіптің себеп-салдарын жойғанша
қолданылады. Кейде бұл талаптан да ауытқып, ол ұзаққа созылып жататын
кездер де болып жатады. Оған мына төмендегі деректер арқылы көз жеткізуге
болады. Төтенше жағдай режимінің белгілі бір мерзімге жоспарланған немесе
идея болуына қарамастан, тәжірибеде оның мерзімі жыл бойы немесе ондаған
жылдарға дейін созылуы мүмкін. Мәселен, Израильде 21 мамыр 1948 жылы
енгізілген төтенше жағдай әлі күнге дейін күшінде. Зимбабве иен Иорданияда
1965 және 1967 жылдар жарияланған төтенше және әскери жағдай, тек 1990 және
1991 жылдары ғана тоқтатылды. Ал Түркияның 13 провинциясында 1976 жылдың
желтоқсан айында жарияланған төтенше жағдай 1980 жылы басқа 67 провинцияға
жарияланып, 80 жылдың соңында тоғыз провинциясында күші болды. Көріп
отырғанымыздай төтенше жағдай институтының тұрақты әрекет ететін
мемлекеттің саясатына әсері бір мезгілде авторитарлық, және де либералдық
режимде де бірдей деңгейде әрекет етуде [4, с. 149].
Төтенше жағдай институтына байланысты қандай көзқарас қалыптаспасын және
оны тәжірибеде қалай қолданбасын, бүгінгі күні төтенше жағдай институты
ғана, қылмыстық сипаттағы және табиғи техногендік сипаттағы бірімен-бірі
байланысты екі міндетті шешуге қабілетті. Біріншіден, барлық күш-құралдарды
топтастырып, мемлекеттік биліктің тиісті органдарының өкілеттігін кеңейте
отырып, туындаған жағдайдың себеп-салдарын жою, екіншіден билік
органдарының төтенше жағдай кезінде өкілеттіктерін кеңейту заңға қайшы
келмей, тиісті құқықтық режимді қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Төтенше жағдайды саралап қарай келгенде, жалпы бұл әкімшілік-құқықтық
институт қазіргі мемлекеттердің дәстүрі қалыптаса бастаған кезде, өмірге
келген, мемлекеттік-құқықтық қоғамдық өмірдегі белгілі бір қайшылықтарды,
нақты айтқанда мемлекет халықына қауіп төндіретін айрықша жағдайларды жоюда
қолданылатын тарихи тәжірибе өмірге әкелген жүйе болып табылады. Әлем
елдерінің тәжірибесінде төтенше жағдай институтының қолданылу тәжірибесі әр
түрлі бағыттарда дамығанмен олардың заңнамаларын саралай, қарайтын болсақ,
жалпы біртұтастықты байқаймыз. Ол біздің ойымызша, белгілі қауіпті жоюға
күш-жігерді жұмылдырудан көрінеді.

2. Табиғаттың ластануы: атмосфера, гидросфера, литосфера және оны
болдырмау

Жер атмосферасы(грекше atmos - бу және sphaira - шар) –
Жерді қоршап тұрған газды қабықша. Атмосфера деп Жерді онымен бірге айнала
жүріп, оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның массасы 5.15-
5.9 x 10тонна. Атмосфера Жер бетіндегі барлық тіршілік процестерінің жүруін
қамтамасыз етіп, адамзат тірішілігінің барлық жақтарына үлкен әсер етеді.
Өндірістің қарқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға
байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының
мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды
деуге болады. Академик А.П.Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл
газының концентрациясы жыл сайын 0,2%-ға ұлғайып отырғанын анықтады.
Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданғаннан бастап осы
күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған
болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90%-ға жуығы) соңғы жарты ғасырда
жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының
концентрациясының жоғарылауы Жерлегі барлық химиялық тепе теңдікке үлкен
әсер етеді.
Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.
Табиғи ластану. Атмосфера үнемі белгілі мөлшерде шаң болады. Шаң
табиғатта жүретін табиғи процестер нәтижесінде түзіледі.
Шаңның үш түрі болады: минералдық (органикалық емес), органикалық
және космостық. Тау жыныстарының үгітілуі мен бұзылуы, вулкандар атқылауы,
орман, дала, торфтардың өртенуі, теңіз беттерінен судың булануы минералдық
шаңның түзілуіне себепші болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар
бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсімдіктердің тозаңдары, т.б.
түрінде және өсімдіктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шіру өнімдері түрінде
болады. Космостық шаң жанған метеориттердің қалдықтарынан түзіледі. Бір жыл
ішінде оның мөлшері 2-5 млн тоннаға дейін жетеді. Табиғи шаң жер
атмосферасының негізгі құрам бөлігі болып табылады. Табиғи шаң бөлшектері
органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкін, олардың радиусы шамамен 10-
10 см болады және топырақ пен тау жыныстарының үгітілуі, вулкан
атқылауы,орман, дала, трофтардың өртенуі немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы ақпарат
Географиялық қабықтың құрылысы және қасиеттері туралы
Қазіргі кездегі атмосфера, литосфера және гидросферадағы экологиялық проблемалар
Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Биосфера,ноосфера және техносфера туралы эволюциялық ілім
Биосферадағы заттар айналысы
Пәндер