Экономикалық қаржыны басқару


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Экономикалық қаржыны басқару

1. Кіріспе. 3

2. Қаржылық талдаудың әдіс-тәсілдерінің сыныптамасы. Факторлы талдаудың негіздері. . 4

3. Кәсіпорынның банкротқа ұшыраудың болжамы ……… . . . 12

4. Қолданылған әдебиеттер . . . 14

КІРІСПЕ

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауының негізі өндірісті техникалық жағынан жан-жақты зерттеуде және өндірілген өнімннің бәсеке тудыруында, өндірісті материалды, еңбек және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуінде. Бұл талдау сан алуан факторлардың жүйелі есептеуінде және басқарудың маңыздысы болып саналатын ақпарат жинаудың негізінде құрылған.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасының негізі ретінде мәшинелердің, құралдардың, техникалық жүйелердің, экономикалық және қаржылық жағдаяттарының өзіндік ерекшеліктерін қабылдауп зерттеуінде. Қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасында кәсіпорындар осы ерекшеліктерді ескере отырып жалпы белгіленген түсініктемелерден ауытқыған құралдардың бағалау белгілерін анықтайды.

Кәсіпорындарының қаржылық-шаруашылық қызметі талдаудың негізгі мақсаты - барлық салалардың жұмысын жүйелі түрде зерттеп, нәтижелігін ұлғайту.

Экономикалық қаржыны басқару

1. Қаржылық талдаудың әдіс-тәсілдерінің сыныптамасы. Факторлы талдаудың негіздері

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі міндеттері:

- талдау жасалатын объектінің шынайы жағдайын анықталуы;

- объектінің құрылымы және қасиеттерінің өзгеде үлкен немесе бастапқы дәстүрге лайық баламалармен салыстыру;

- объектінің кеңістік уақытаралық қимадағы жағдайының өзгеруін анықтау;

- объектінің өзгеруіне әсер ететін негізге факторларды анықтау;

- негізгі тенденциялардың болжамы.

Кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінің дұрыс таңдалған мақсаты мен міндеттерінің зор маңызы бар. Қойылған мақсат пен мүмкіндіктерге қарай кәсіпорынның нақты жағдайы анықталады, нәтижелі шешімдерге жетудің амалдары табылады, басқару әдістері нақтыланады, кәсіпорынның ұйымдастыру, технологиялық, коммерциялық салаларында өзгерістер жасалады.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің жүйесі мен талдауының мақсаты белгіленген уақыт мерзімдеріне негізделеді.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық өндірісінің талдауы өндірістік экономикалық нәтижелерден, қаржы жағдайынан, әлеуметтік дамуынан, еңбек ресурстарын пайдалануынан, негізгі қорларды пайдаланудан тұрады.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің объектісінің талдауы ретінде кәсіпорынның және оның құрылымының (цехтар, бригадалар, учаскілер) жұмысы болады. Ал субъектілері ретінде мемлекеттік билік органдары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпорындардың талдау қызметі саналады.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдау және диагностикасы техникалық-экономикалық дамудың процесстері мен нәтижелерін зерттеулеріне негізделген. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы технологиялық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, экологиялық және басқару принциптерінің құрылымы кіреді.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы кезінде мынандай нәрселер қарастырылады; ғылыми-техникалық, өндірістік, салымдық, әлеуметтік және функционалдық қызметі.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің

талдау қызметінің негізгі бағыттары:

өндірістік-шаруашылық, коммерциялық, әлеуметтік, кәсіпорындардың басқа да қызметтерінің әдістемелері;

- материалды, еңбектік және қаржылық ресурстардың құрылымын талдауының негізгі әдістемелері;

- бәсекелестік жағынан кәсіпорынның экономикалық нәтижелерінің бағасы;

- кәсіпорынның өнім өткізуінің шығындалу бағасы;

- кәсіопорынның экологиялық салдарының бағасы;

- кәсіпорынның еңбек ресурстарын пайдаланғандағы және әлеуметтік дамуының бағасы;

- кәсіпорынның және негізгі факторлардың жұмысын бағалау;

- техникалық-экономикалық құрылымдық жүйенің негізінде шаруашылықтың нәтижелігін нығайтуының жолдары.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы ретроспекцияны (өткен талдау, объектінің даму тарихы), диагноз (қазіргі жағдайдың сипаттамасы) және проспекция (болашақта болар жайтты анықтау) бірігеді.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдау және диагностикалық функциясы ретінде; бақылау, тіркемелік, ынталандырарлық, ұйымдастыру мен индикатты болып бөлінеді.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауын бірнеше критерийге бөлуге болады. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы төмендегі 1-ші кестеде көрсетілген.

1-ші кесте

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдау түрлерінің сыныптамасы

Сыныпталу белгілері: Сыныпталу белгілері
Талдау түрі: Талдау түрі
Сыныпталу белгілері: Объекті
Талдау түрі: Құрылымдық-функционалды
Сыныпталу белгілері: Өткізудің мерзімділігі
Талдау түрі: Жүйелі-эпизодикалық (шектік)
Сыныпталу белгілері: Мақсаты
Талдау түрі: Ішкі-салыстырмалы
Сыныпталу белгілері: Сипаты
Талдау түрі: Қарқынды-статистикалық
Сыныпталу белгілері: Көлемі
Талдау түрі: Жүйелік-локалды(объектілі)
Сыныпталу белгілері: Мазмұны
Талдау түрі: Заттық-операциялық-процедуралық
Сыныпталу белгілері: Нәтижелерінің құрылымы мен бағасы
Талдау түрі: Сандық-сапалық
Сыныпталу белгілері: Субъект
Талдау түрі:

Шаруашылық субъектісінің талдауы (өзін-өзі талдау)

Ішкі құрылым талдауы (ішкі талдау)

Сыныпталу белгілері: Әдісі
Талдау түрі: Статистикалық-факторлы-сараптамалы

Қаржылық талдаудың негізгі түрлеріне сипаттама берейік.

Құрылымдық талдау зерттелген объектіге негізделген. Әр құрылымдық элементте жан-жақты зерттеудің дара зат, және де ол белгілі бер параметрлермен сипатталады.

Кәсіпорынның негізінде ауыспалы сипаттағы иерархиялық құрылымы болады. Ол өз бетінше дамып, функция жағдайларына қарай қалыптасады.

Функционалды талдау кәсіпорынның функционалды процестерін зерттейді.

Ішкі талдау аталмыш кәсіпорынның жағдайын анықтайды.

Салыстырмалы талдау аталмыш кәсіпорынның басқа бір кәсіпорындарымен салыстырылуы.

Жүйелі талдау кәсіпорынның техникалық-экономикалық жағдайларының өзгеруін алдын-ала болжайды.

Қарқынды даму барысындағы белгілі бір көрсеткіштерді зерттейді. Ол нақты кіріс, даму қарқыны, кіріс дамуы, бір пайыздық кірістің мағынасына негізделген.

Статистикалық талдау кәсіпорынның техникалық-экономикалық күй-жағдайының сипаттамасынан бастау алады.

Жүйелік талдау кез-келген техникалық-экономикалық процестің ішкі заңдылықтары, өзіндік ерекшеліктері, белгілеріне тән белгілі бір жүйеден басталады. Жүйелік талдаудың екі түрі бар - генетикалық (құрылымды даму барысындағы зерттеу) және функционалды (жүйенің функционалдығын зерттеу) .

Локалды (объектілі) талдау дамудың жекелеген техникалық-экономикалық зерттеуіне негізделген.

Заттық талдау кәсіпорынның техникалық-экономикалық фрагменттерінің зерттеуіне негізделген.

Операциялық-процедуралық талдау белгілі бір операциялардың, техникалық-экономикалық циклдарының зерттелуіне негізделген.

Сандық талдау кәсіпорынның техникалық-экономикалық анықтауларының сандық сипаттамаларынан бастау алады. Бұл талдаудың мақсаты-өндірістің нәтижелерін, шығын дәрежесін, әртүрлі факторлардың әсер етуінің сандық көлемін салыстыру.

Сапалық талдау кәсіпорының теникалық-экономикалық жағдайының сапалы түрдегі салыстырмасына негізделген. Оның ішкі мақсаты өзара қарым-қатынастардың ерекшеліктерін айқындау.

Өзін-өзі талдау кәсіпорын ішіндегі өз мамандардың арасында атқарылады. Оның субъектісі ретінде кәсіпорындағы құрылымдар болады.

Сыртқы талдау сарапшыларды, аудиторларды, жоғары дәрежелі мамандардың қатысуымен атқарылады. Оның субъектілері ретінде мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, қоғамдық бақылау органдары болуы мүмкін.

Статистикалық талдау математикалық-статистикалық және экономикалық-статистикалық әдістерді пайдалана отырып, сипаттамалық ерекшеліктерді зерттеуге негізделген. Сөйтіп, алған нәтижемен тұжырымдық және тәжірибелік қорытындыға келеді.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасының талданауы жүйелік, яғни басты звеноны анықтаудағы, алған нәтижелерді жалпыландыруға негізделген.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдау және диагностикасының әдістемесі техникалық-экономикалық талдаудың нақты тәсілдерін қамтиды. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы мен диагностикасы 2-ші кестеде көрсетілген.

2-ші кесте

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің талдауы мен диагностикасының негізгі әдістері

Әдістің атауы: Әдістің атауы
Әдістің сипаттамасы: Әдістің сипаттамасы
Әдістің атауы: Неформалды әдістер
Әдістің сипаттамасы: Қисынға қонымды, субъективті зерттеу
Әдістің атауы: Сараптамалық
Әдістің сипаттамасы: Жағдайды білікті мамандардың бағалауы
Әдістің атауы: Морфологиялық
Әдістің сипаттамасы: Мүмкін болардық варианттардың қолайлы содан соң нәтижелі варианттармен үйлесімділігі
Әдістің атауы: Рейтінгтік
Әдістің сипаттамасы: Жүйелеу, көрсеткіштер бойынша ең таңдаулы нәтижелерді саралау
Әдістің атауы: Фактографиялық
Әдістің сипаттамасы: Бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми еңбектерде тіркелген дәлелдердің талдауы
Әдістің атауы: Логикалық модельдеу
Әдістің сипаттамасы: Сценарий құру, көрсеткіштер жүйесі, талдау кестелері
Әдістің атауы: Фунтаменталды
Әдістің сипаттамасы: Негізгі тенденцияларды зерттеу және қарқынды дамудың негізгі бағыттарын анықтау
Әдістің атауы: Техникалық
Әдістің сипаттамасы: Күткен нәрселердің жинақы болуы
Әдістің атауы: Құрылған әдістер
Әдістің сипаттамасы: Талдаудың нақтылығы, қаталдығы
Әдістің атауы: Факторлы
Әдістің сипаттамасы: Жекелеген факторлардың сыныптамасы және бағалауы
Әдістің атауы: Жағдаятты
Әдістің сипаттамасы: Қажеттілік пен ұсыныс арасындағы жалпы жағдайды анықтау
Әдістің атауы: Математикалық
Әдістің сипаттамасы: Тізбектік құрылымдар, арифметикалық айырма, пайыздық сандар, дифференциалды және логарифмдік, интегралды талдау, қарапайым және күрделі пайыздық есептеулер, шегерімдеу
Әдістің атауы: Статистикалық
Әдістің сипаттамасы: Түзетілім, регрессиондық, дисперсиондық, кластерлы, экстраполяциялы, ковариционды талдау; басты құрылымның әтістері, орта және жалпы көлемінің, топтасу, қарқынды графикалық және индекстық әдіспен өңдеу
Әдістің атауы: Операция мен шешім қабылдауды зерттеу әдістері
Әдістің сипаттамасы: Сызбалар, ойындар, жаппай қызмет етуді пайдалану; мақсат пен ресурстар тізбегін құру, байес талдауы, жүйелі жоспарлау
Әдістің атауы: Эконометрикалық
Әдістің сипаттамасы: Матрикалық, үйлесімділік, спректралды талдау, өндірістік қызметтер, салараалық баланс
Әдістің атауы: Экономикалық-математикалық модельдеу және нәтижелі жоспарлау
Әдістің сипаттамасы: Сипаттамалық, предикативті және нормативті модельдер, жүйелі талдау, мәшинелік имитация, желілі және желісіз, қарқынды жоспарлау

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасының талданауын нақтылап қарастырып көрейік.

Сараптамалық әдіс параметрлік тәсілдермен есептеу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолданылады. Сараптамалық талдау бірнеше сатыға бөлінеді.

  1. сараптамалық проблемалардың анықталуы;
  2. мамандардың әдістемелік тәсілдерін анықтау, анкета жасау, кесте, сұрақтар;
  3. сараптама тобының жоғары дәрежелі мамандардың аталмыш саладағы тәжірибелігінің құрылымын анықтау;
  4. сарапшылардың сұрақтар анкетасын толтыру;
  5. белгіленген анкета, сұрақтардың статистикалық өңдеуі. Сұрақтардың жауап варианттары компьютер арқылы өңделу үшін белгіленеді. Алынған жауаптар нәтижесінде сұрақтарды қағазға шығарып, сұрақтардың жауаптарын саралайды;
  6. Алынған нәтижелердің сенімді болуы;
  7. Сарапшылардың қорытындылары бойынша, объектінің жалпы жағдайын анықтау

Сараптау талдауының бірнеше түрлері бар. Мысалы , ой-сана дауылының әдісі сарапшылардың белсенді шығармашылық процеске қатысуы. Негізінде сарапшылардан сұрау әріптестер арасында, мамандар, басшылық арасында жүргізіледі. Алайда, кәсіпорынның ішкі ақпараттары әлдеқайда тиімді. Сарапшылардың бағалары техникалық-экономикалық талдауда жиі қолданылады. Сарапшы әдісін қолданғанда логикалық модельдеу тәсілдері пайдаланылады. Бұл тәсіл АВМ-нің сарапшы бағасында негізделген.

Сараптау талдауының морфологиялық әдісі өндірістік тәжірибеде кең қолданылады. Бұл әдіс қолда бар барлық балама варианттардың қорытындыларын саралап, ең тиімді деген шешімді анықтайды.

Рейтингтік әдіс белгілі бір ереже бойынша орналасқан, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің қорытынды нәтижелерін салыстыруға негізделген.

Фактографиялық әдіс кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін сипаттайтын барлық тіркелген дәлелдерінің зерттелуіне негізделген.

Мониторингтік кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің ұдайы, жүйелі түрде жан-жақты бақылауына негізделген. Кәсіпорынның мониторнг алгоритімі мынандай:

- бастапқы сараптамалық құрылым;

- мониторингтің мақсатын анықтау;

- ұдайы көрсеткіштерді (индикаторларды) таңдау;

- ақпарат жинау;

- талдау материалдарын алдын-ала жүйелеу;

- ақпараттық графикалық, визуалды, иерархиялық тұстарынан саралап таңдау;

- бір қалыпты заңдылықтар мен тенденцияларды анықтау. Қисынды модельдеу негізінде кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің дамуын сапалы сипаттау үшін қолданылады. Қисынды модельдеудің негізі ретінде кәсіпорынның техникалық-экономикалық жағдайының тиісті қалыпта сақталуын талап етеді.

Математикалық талдау кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасы мен талдауында математикалық әдістерді қолданады. Негізінде бұл жағдайда көбінісе, арифметикалық өзгешеліктер қолданылады. Математикалық талдауда мынандай нәрселер пайдаланылады:

Дифференциалды талдау - әр түрлі функциялар мен тәуелсіз ауыспалы есептеулерге негізделген.

Логарифмдік талдау - оның мақсаты әртүрлі көрсеткіштердің тәуелділігін анықтау.

Интегралды талдау - өзге көрсеткіштерді ескере отырып, жекелеген көрсеткіштерді қайта есептейді. Сол арқылы тиісті баланстық қорытындыға жетеді.

Кластерлі талдау - әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің белгіленген матрица бойынша қажетті белгілерді анықтайды.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдаудың маңызды эелементтері ретінде құрылымдық, топтық, сыныптамамылқ, сапалы сипаттамалар және кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайлы баға беріледі.

2. Кәсіпорынның банкротқа ұшыраудың болжамы

Қазіргі экономикалық ғылымның қаршылық көрсеткіштерді болжайтын көптеген сан алуан әдіс-тәсілдері бар. Алайда, шаруашылық субъектісінің қаршылық жағдайы мен шұғыл талдау жүзеге аспай қалады. Осыған орай кәсіпорынның банкротқа ұшыраудың қаршылық жағдайды қарастырып көрейік.

- Несие индексінің есебі

- Формалды және формалды емес критерийлерді қолдану

- Төлемақы төлей алатындығының болжау көрсеткіші

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Қаржыларды басқару
Мемлекеттік қаржыны басқару
Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі
Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру
Қаржының басқару ұғымы
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржысын басқару
Қаржы менеджменті қаржылармен басқару механизмі мен жүйесі ретінде
Қаржыны басқару және қаржы менеджменті
Кәсіпорын қаржысын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz