Сөз бостандығы және баспасөз



КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Сөз бостандығы және баспасөз

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сөз бостандығы туралы әңгіме қозғағанда, біз көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін басты назарға аламыз. Бірақ, сөз бостандығын тек бұқаралық ақпарат құралдары еркіндігі мен журналистердің құқықтарына ғана теліп қоюға болмайды. Демократиялық қоғамда сөз бостандығы ұғымының ауқымы әлдеқайда кең, осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда небәрі он төрт жылда орасан өзгерістер болғандығын ерекше атап айтуға болады. Артымызға бір сәт бұрылып, өзіміздің күні кеше қандай қоғамнан шыққанымызды есімізге алайықшы? Елімізде тәуелсіз ақпарат құралдары тұрмақ, бүгінгі алуан түрлі саяси құбылыстың көлеңкесі де болмаған еді ғой. Ендеше, Президенттің “санаулы жылдарда біз жүз жылға тұрарлық жолдан өттік” деген сөзіне мән берелік, оның мағынасын байыптап саралайық.
Мемлекетімізде ақпарат құралдары саласындағы реформалар, тіпті қоғамдық реформалар алдымен БАҚ нарығын ырықсыздандырудан және медиа бәсекелестік ортаны қалыптастырудан басталды. 1990 жылдардың басында небәрі 10-ақ республикалық газет пен журнал шығарылған елде 2005 жылдың басында бұқаралық ақпарат құралдарының саны 2 мың 116-ға жетіп, оның ішінде 1 мың 918 газет пен журналы бар мемлекетке айналдық. Олардың 80 пайызы мемлекеттік емес ақпарат құралдары екендігін ескере кеткен жөн. Сонымен қатар, ел аумағында шет 20 мемлекеттің ақпарат құралдары жұмыс істейді. 83 радио және телебағдарламалар таратылады.
1. Барманкулов М.К. “Искусство современной информации”, Алматы, 1993.
2. Қозыбаев М.Қ., “Өркениет және ұлт”
3. Бекниязов Т. “Халықаралық журналистиканың дамуы”, Алматы, 2003.
4. Назарбаев Н.Ә. БАҚ туралы // “Егемен Қазақстан” г. – 2001. 20 наурыз.
5. Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларация.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Сөз бостандығы және баспасөз

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Сөз бостандығы туралы әңгіме қозғағанда, біз көп жағдайда бұқаралық
ақпарат құралдарының еркіндігін басты назарға аламыз. Бірақ, сөз
бостандығын тек бұқаралық ақпарат құралдары еркіндігі мен журналистердің
құқықтарына ғана теліп қоюға болмайды. Демократиялық қоғамда сөз бостандығы
ұғымының ауқымы әлдеқайда кең, осы тұрғыдан алғанда Қазақстанда небәрі он
төрт жылда орасан өзгерістер болғандығын ерекше атап айтуға болады.
Артымызға бір сәт бұрылып, өзіміздің күні кеше қандай қоғамнан шыққанымызды
есімізге алайықшы? Елімізде тәуелсіз ақпарат құралдары тұрмақ, бүгінгі
алуан түрлі саяси құбылыстың көлеңкесі де болмаған еді ғой. Ендеше,
Президенттің “санаулы жылдарда біз жүз жылға тұрарлық жолдан өттік” деген
сөзіне мән берелік, оның мағынасын байыптап саралайық.
Мемлекетімізде ақпарат құралдары саласындағы реформалар, тіпті
қоғамдық реформалар алдымен БАҚ нарығын ырықсыздандырудан және медиа
бәсекелестік ортаны қалыптастырудан басталды. 1990 жылдардың басында небәрі
10-ақ республикалық газет пен журнал шығарылған елде 2005 жылдың басында
бұқаралық ақпарат құралдарының саны 2 мың 116-ға жетіп, оның ішінде 1 мың
918 газет пен журналы бар мемлекетке айналдық. Олардың 80 пайызы
мемлекеттік емес ақпарат құралдары екендігін ескере кеткен жөн. Сонымен
қатар, ел аумағында шет 20 мемлекеттің ақпарат құралдары жұмыс істейді. 83
радио және телебағдарламалар таратылады. Интернет аудиториясы да қарқынды
өсу үстінде. Меніңше, бұл бүгінгі күнгі ашық ақпарат кеңістігінің нақты
көрінісі. Осының барлығы мемлекеттің ақпарат нарығын қалыптастыру мен
тарату, сөз бостандығын нығайтуға өріс ашқандығын танытады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі де осыған келіп тіреледі. Менің
бұл тақырыпты таңдаудағы басты мақсатым да осы. Бітіру жұмысы екі тараудан
тұрады. Бірінші тарауда ой еркіндігі, сөз бостандығы ұғымының ауқымы
демократиялық қоғамның шеңберімен ғана шектеліп қалмауы керектігіне баса
тоқталуды жөн санадым. Экономикасы мен әлеуеті жөнге қойылып, мемлекеттік
құрылымы қалыпқа түскен мемлекеттің өз насихатшысы болып табылатын ақпарат
құралының қуатты болуы үшін үшін сөз бостандығының әлбетте қажеті орасан
екендігін сөз еттім. Ал, екніші тарауда азаматтық қоғам құруға талпынған,
бағыты айқын нағыз демократиялық жолды таңдаған біздің елде сөз бостандығын
қоғамнан әсте бөліп қарастыруға болмайтындығын жан-жақты сараптадым.
Тәуелсіз басылымдардан нақты мысалдар келтірдім. Демократияның жаңылмас
соқпағына түскен бұқара халық сөз бостандығына сене ме, әлде жоқ па? Осы
сұрақтардың басын ашуға тырыстым.
Журналистерді қорғау жөніндегі комитеттің мәліметіне сәйкес, 2004 жылы
қызмет бабындағы міндетін атқару барысында 56 журналист өлім құшып, 19
журналист ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Олар тірі деген сенім қазір жоқ. Тағы
124 журналист қамауда отыр. Ақпарат пен идеяларды іздеп табу және оны
тарату құқығы Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияның 19-
бабында заңдастырылған. “Цензура, ақпаратты жасыру, қорқытып-үркіту мен
қарсылық білдіру – демократияға қарсы тұруды меңзейді, мұндай әрекеттер
даму жолындағы тосқауыл әрі адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіру болып
табылады”. Баспасөз бостандығы – барша халықтың бостандығы, сондықтан да ол
тәуелсіздігіміздің аясын кеңейтуде басты рөл атқарады.
2001 жылы АҚШ-тың Виржиния штатының Рестон қаласындағы дүниежүзілік
баспасөз бостандығы комитетінің деректері бойынша өзіміз тұрмақ көрші
Ресейдің өзі зорға жартылай ғана сөз бостандығы бар ел деп есептеліпті. Ал
біздің ел аяғынан енді тік басып келе жатқан демократиялы мемлекет
саналғандықтан сөз бостандығының пайда бола қоюы да мүмкін емес деген
байламдар жасалады. Ал әлемде жоғары беделге ие “Фридом Ревью” журналы мен
“Фридом Хаус” мекемесі жүргізген зерттеулердің нәтижесі назар
аударарлықтай. Олар посткеңестік елдерден Мажарстанда, Польшада, Румынияда,
Моңғолияда, Словакияда салыстырмалы түрде сөз бостандығы бар деп тапқан.
Сондай-ақ, Англия, Германия, канада сияқты өркениетті елдердің баспасөзін
біршама еркіндікте деген топқа жатқызатындығына қарағанда, жалпы сөз
бостандығын бағалайтын крийтеридің, оған қойылатын талаптың қаншалықты
жоғары екендігін аңғаруға болады. Австралия, Австрия, АҚШ, Франция, Швеция
сияқты 17 елді азат баспасөзі бар республикалар деп атап көрсеткен. Нағыз
тәуелсіз баспасөздің қалыптасу процесі өте күрделі әрі қиын-қыстау
жолдардан, ауыр сынақтардан өтетіндігін осыдан-ақ көре аламыз.

Сөз бостандығы және баспасөз

Сөз бостандығы – Қазақстанның аршынды демократиялық дамуының
негізгі шарттарының бірі. Тәуелсіз Қазақстанда саяси себептер бойынша
сотталған адамдар жоқ.
Сөз бостандығын, ақпарат алу мен таратуды қамтамасыз ететін барлық
қажетті құқықтың және басқа да шарттар алдағы уақытта да дәйекті түрде
жасалады әрі қорғалатын болады.
Сонымен қатар сөз бостандығын пайдаланудағы шектен шығушылыққа
қатаң тосқауыл қойылуы шарт.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ,
(Қазақстан халқына Жолдауынан)

Жалпы, сөз бостандығы мен азат журналистика жайында әлем ғалымдарының
арасында әртүрлі пікірлер кездесіп жатады. Мысалы Америкадағы, Батыс
Еуропадағы өркениетті елдерде тәуелсіз баспасөз, сөз бостандығы туралы
арнайы теориялық тұжырымдамалар да бар. Әуелі өзімізге келмес бұрын
солардың арасынан ең ықпалдылары болып табылатын бірнеше қағидаттарын мысал
етейік.
Біріншісі, еркін сынау теориясы. Оны ұстанушылар азат журналистика
мемлекет, үкімет басшыларын, саяси қайраткерлерді, ірі олигархтарды еркін
сынай алады және әртүрлі саяси топтардың арасындағы көзқарастық
қайшылықтарын плюралистік тұрғыдан қаз-қалпында ашық көрсетуге тиіс деп
есептейді. Мұнда ұстанатын басты қағида – әсірелеусіз, комментарийсіз,
қорытынды жасамай-ақ оқиғаны, деректі ғана ұсыну. Бұлай істеудің мәні:
тәуелсіз баспасөздің ресми өкіметке оппозициялық күш ретінде міндет
атқаруына оң ықпал етеді деп есептелетіндігінде болса керек.
Екінші, журналистердің ішкі бостандығы деген теория. Оны ұстанушылар
былай дейді: әр журналист өзі істейтін немесе шығармашылық туындыларын
жариялайтын БАҚ-ын еркін таңдайды, көзқарасын қандай тақырыпта болса да
іркілмей білдірумен қатар өзгелердің көзқарастарын да құрметтеу жолымен
шындыққа жетуді көздейді.
Үшіншісі, еркін таңдау теориясы. Яғни, оқырман, көрермен, тыңдаушы
қауым өздері қалаған БАҚ пен журналистердің ақпараттарын еркін таңдай алады
деген сөз. Жеке адамдар көзқарастарына, ұлтына, нәсіліне, жынысына қарамай
кез-келген ақпаратты ешбір кедергісіз қабылдайды, қалаған басылымдарын
жаздыртып немесе сатып алуға толық қақысы бар.
Дүниежүзілік баспасөз бостандығы комитетінің қабылдаған “Баспасөз
бостандығының хартиясында” атап көрсетілгеніндей: “A free press teans a
free people”, яғни, “тәуелсіз баспасөз дегеніміз тәуелсіз адамдар” деуінің
де мәні осында жатса керек. Демек, сөз бостандығы, тәуелсіз баспасөз туралы
әңгімеге ендігі жерде қарадүрсіндік пен сыңарезулік жүрмейді. Жоғарыда
аталған теориялық негіздемелерді басшылыққа алатын болсақ, бізде тәуелсіз
баспасөздің негізі жаңадан қаланып жатыр деуге болады. Әрине, біздегі
қоғамның сөз бостандығына еркіндік бере отырып, оның алда одан әрмен ширай
түсуіне тағы да зор қадамдар жасала беруі керек. Сонда ғана ақпарат пен
баспасөзге мейілінше еркіндік тиеді, сол арқылы ол қоғамдық қатынасты,
әсіресе биліктің қызметін толықтай сауықтыратын айбынды құралға айналады
және төртінші биліктің атқару мүмкіндігіне одан әрмен ие бола түсері
сөзсіз.
Әзірше, бізде аталған мүмкіндіктер толық бар деуге әлі ертеректеу
сияқты. Себебі, өздерін “тәуелсіз” деп атап жүрген кейбір басылымдарды
шынымен тәуелсіз дей қоюға болмас. Мәселен кейбір әріптестеріміздің
арасында “экономикалық жағынан ешкімге кіріптар болмасақ бітті, не
жарияласақ та өз еркімізде, тәуелсіз баспасөз дегеннің өзі осы емес пе?”
деген сыңаржақ ұғым бар. Осыдан барып бұндай қағида қарапайым оқырманның да
көкейіне оралары хақ. Мысалы, елімізде журналистер арасында жүргізілген
сауалнама бойынша олардың бестен бірі “бізде әзірше нағыз азат баспасөз
жоқ” деп жауап берген екен. Кейбір жас журналистер болса саяси партиялардың
газеттерін (“Ақ жол Қазақстан”, т.б.), республикалық басылымды (“Жас
алаш”), халықаралық саяси апталықты (“Түркістан”), еларалық газетті
(“Қазақстан Zaman”) тәуелсіз баспасөз деп есептейді екен. Осыдан-ақ бізде
оқырмандарды айтпағанның өзінде тәуелсіз баспасөз және ондағы сөз
бостандығы жайында нақты ұғымдардың пісіп жетіле қоймағандығын байқауға
болады. Бірақ, бұл пікірді де біржақты етіп қарастыруымыз қателік. Біз мір
сүріп жатқан бүгінгі қоғам шынайы демократияның жолы, демократияның жемісі
екенін мойындауымыз керек. Бұл әмбеге аян. Ендеше нағыз демократияның
тірегіне айналар ой бостандығы мен сөз бостандығы, азат шығармашылықтың
көріністерін біздің ортамызда қатар жасап келе жатқандығын баса айтуымыз
керек. Бұған байланысты алда бірнеше мысалдарға тоқтала жатармыз. Әрі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі шынайы демократияның мықтап
үстемдік алып келе жатқандығын және оның аясында сөз бостандығының жасай
беретіндігі жөнінде өз сөйлеген сөздерінде жиі қайталап жүр. Ал, тек соны
түсініп, қабылдай білудің жөні бір басқа.
Зерттеуші мамандардың дерегіне жүгінсек, осыдан екі жыл бұрын 500
оқырманның арасында жүргізілген сауалнаманың жауабы мынадай: олардың жалпы
тәуелсіз басылымдар мен сөз бостандығы жайындағы пікірлері әр алуан,
қатысқандардың 48,3 пайызы “бізде тәуелсіз баспасөздің негізі жаңадан
қалануда” деп жауап берсе, 53,2 пайызы “бізде сөз бостандығының жүзеге
асырылуына мүмкіндік бар” деп түйіндеген. Ал бестен бірі болса “алдағы
уақытта сөз бостандығы толық мәнінде жүзеге асырылады” деп оптимистік
көзқарас танытқан. Демек, біздегі сөз бостандығы белгілі дәрежесінде жасап
келеді және болашақтан да біраз тың үміттер күттіреді.
Алайда сөз бостандығы бізде бар ма, болса қандай деңгейде, плюрализмге
орын беріле ме, әлде жоқ па? – дегенде, осыған орай елмізі деңгейінде осы
жайдың анық-қанығына бойлап, ғылыми зерттеу жүргізетін ірі институттардың
жоқтығын тілге тиек етуге болады. Сондықтан да көбінесе өзімізден гөрі
шетелдіктер бұл мәселеге әртүрлі сипатта баға беріп, “сырттай тон пішіп”
жатады. Оны қисынсыз деп мүлдем айта алмаймыз.
Деректер бойынша баспасөз бостандығының жағдайы өте нашар деп
есептелетін 20 ел бар екен. Олардың қатарында Ауғанстан, Алжир, Қытай,
Египет, Иран, Ирак, Тәжікстан, Түркіменстан секілді елдер кірген. Әлемнің
65 елі, оның ішінде демократиялық жүйедегі 44 республиканың сөз бостандығы
жартылай түрде бар деп мойындалған. Бір қызығы Халықаралық баспасөз
комитетінің мәліметтері бойынша былтырғы есеппен Қазақстан әлемде сөз
бостандығының сақталуы жағынан 116-орында тұр.
Қазір еліміздегі БАҚ санының еселеп өсе түсуі жағынан Оңтүстік аймақ
көш бойы алда тұр. Бір ғана Шымкент қаласының өзі мерзімді басылымдардың
күн сайын дүниеге келуінен кенде қалатын емес. Алайда оның мазмұн мен
сапасына қарап тағы да жеке мәселелер қозғауға болады. Мысалы, “Дем ал”,
“Махаббат”, “Күн мен түн”, “Тамаша”, “Ләззат”, “Қызық газеті” сияқты
басылымдардың көздеген мақсат-мүдделері белгілі-ақ. Яғни, мүдделері таралым
көбейтіп, ақша табуды көздеген мұндай газеттердегі қыл-аяғы ақпараттың
өзіне де күмәнмен қарайсыз. Осыдан барып сөз бостандығының өзі өрескел
қолданылып, кейде дөрекілікке ұмтылатын жайттар кездеседі. Сондықтан ондағы
дерек көздерінің рас-өтірігі тексерілмеген, кейде шындықты көпе-көрнеу
бұрмалаған журналисттердің қызметіне оқырманның-ақ назы туындап жатары
анық. Мәселен осы арада мына бір зерттеу көзін келтіре кетуімізге болады.
Сондай басылымдарға орай мамандардың халық арасында “журналистің қызметін
қалай бағалайсыз?” деген сауалнамасына 36,6 пайызы ақпараттың
объективтілігі мен шындығы, 14,9 пайызы жан-жақты білімі, 14,5 пайызы
елжандығы мен патриоттығы арқылы бағаланады деп жауап берген. Журналистер
қызметіндегі олқылықтар жөніндегі сұрақтарға жауап қайтарғандардың 24,5-і
ақпараттың өзін айналдырып, бұрмалап жіберетіндіктен, 34,2-сі ақпараттың
дұрыс-бұрыстығын тексермей жатып, жазатындығын сынға алған.
Ой еркіндігі, сөз бостандығы ұғымының ауқымы демократиялық қоғамның
шеңберімен ғана шектеліп қалмауы керек сияқты. Және өйтпейді де.
Экономикасы мен әлеуеті жөнге қойылып, мемлекеттік құрылымы қалыпқа түскен
мемлекеттің өз насихатшысы боп табылатын ақпарат құралы да қуатты болары
сөзсіз. Ал олар үшін сөз бостандығының әлбетте қажеті орасан. Демек, сол
елдің ішкі қоғамы сол сөз бостандығы бар жерде ғана нағыз бәсекелес бола
алады әрі мемлекетті жөнге салып, қоғамдық ойды туындатады. Күнделікті өмір
құбылыстарында кездесіп жататын кемшіліктерді жоюға ат салысады. Уақыт
ағымына сай жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
Баспасөз Конференциясы
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің құқықтық негіздері
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ
Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
Түркия журналистикасы
Принцип ұғымына жалпы түсінік
Бұқаралық ақпарат құралдары
Пәндер