Мәжбірлеу шаралары



Кіріспе
1 Мәжбірлеу шараларының түсінігі
2 Жауаптылық түрлері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Азаматтық іс жүргізуде бұл міндетті түрде дау пәні бойынша істі сот залында қарап шешу арқылы жүзеге асырылады. Әрине тараптар яғни талпкер (тарапкерлер), жауапкер (жауапкерлер) өзінің көз қарасын дұрыс деп тауып, істі қарау барысында сот мәжіліс залында ұрыс-керіс, талас-тартыс, судьяның айтқан бұйрығына бағынбау, я болмаса ол талаптан шығып кету немесе әдейі бұзу фактілері жиі орын алады.
Сол себепті де азаматтық іс жүргізу кодексінде осындай жөнсіз іс-әрекеттерге жол бере бермес үшін мәжбірлеу мен жауаптылық шараларын қолдану негіздері мен тәртібін тоғызыншы тарауда көрсетілген.
Осы өзіндік жұмыстың алдыға қойған мақсаты ол – мәжбірлеу шаралары мен жауаптылық түрлерін анықтау, оның қолданылу негіздері мен тәртібін барынша түсіну және де мәжбірлеу шаралары мен жауаптылықты кімдерге қолданатындығын, қалай қолданатындығын оның мақсаты мен міндетін неге бағытталғандығын анықтау болып табылады.
1. ҚР Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі 2008 жыл
2. К.И.Комиссаров «Грожданский процесс»Москва 1996ж.
3. З.Х.Баймолдина «Гражданское процессуальное право РК» Алматы 2001 жыл.
4. М.С.Шакарян «Советский грожданский процесс» Москва 1985ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 Мәжбірлеу шараларының түсінігі

2 Жауаптылық түрлері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Азаматтық іс жүргізуде бұл міндетті түрде дау пәні бойынша істі сот
залында қарап шешу арқылы жүзеге асырылады. Әрине тараптар яғни талпкер
(тарапкерлер), жауапкер (жауапкерлер) өзінің көз қарасын дұрыс деп тауып,
істі қарау барысында сот мәжіліс залында ұрыс-керіс, талас-тартыс, судьяның
айтқан бұйрығына бағынбау, я болмаса ол талаптан шығып кету немесе әдейі
бұзу фактілері жиі орын алады.

Сол себепті де азаматтық іс жүргізу кодексінде осындай жөнсіз іс-
әрекеттерге жол бере бермес үшін мәжбірлеу мен жауаптылық шараларын қолдану
негіздері мен тәртібін тоғызыншы тарауда көрсетілген.

Осы өзіндік жұмыстың алдыға қойған мақсаты ол – мәжбірлеу шаралары мен
жауаптылық түрлерін анықтау, оның қолданылу негіздері мен тәртібін барынша
түсіну және де мәжбірлеу шаралары мен жауаптылықты кімдерге
қолданатындығын, қалай қолданатындығын оның мақсаты мен міндетін неге
бағытталғандығын анықтау болып табылады.

Мәжбірлеу шаралары

Мәжбірлеу мен жауаптылық шаралары дегеніміз – бұл сот іске қатысушы
адамдарға, процестің басқа да қатысушыларына, жеке азаматтарға және заңды
тұлғалардың лауазымды адамдарына сот мәжіліс залында белгіленген тәртіп пен
тыныштықты сақтамаған, басқа тараптың айтқан сөздері мен мәлімдеуіне жөнсіз
бағынбай, тәртіпсіздік орын алғанда қолданылуын айтамыз.

Мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын қолдану негіздемелеріне тоқтала
кетсем:

Мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын сот төрелігі міндеттерін іске асыру
мақсатында сот іске қатысушы адамдарға, процестің басқа да қатысушыларына,
жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына сот ісін
шешуге араласқаны, судьяға қатысты қоқан-лоққы жасағаны, судьяны қорлағаны,
сот қаулыларын орындамағаны, сотқа құрметпен қарамағаны, сот отырысында
тәртіп бұзғаны үшін, судьяның, соттың жеке ұйғарымы бойынша шаралар
қолданбағаны және басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін қолданады.
Аталған құқық бұзушылықтардың жасалуына кінәлі адамдар заңдарға сәйкес және
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 179-банында көрсетілген іс әрекеттерді
жүзеге асырған жағдайда белгіленген тәртіппен әкімшілік немесе қылмыстық
жауаптылықта болады.

Енді сот отырысында тәртіп бұзушыларға қолданылатын шараларына
тоқталсақ ол азматтық іс жүргізу кодексінің 179-бабы болып табылады. Онда
былай делінген:

Істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан
ескерту жасайды.

Тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша
сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы
залынан шығарылып жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс
залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу
әрекеттерімен таныстырады.

Іске қатыспайтын және істі қарау кезінде қатысушы азаматтар тәртіпті
қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып
жіберіледі.

Сот тікелей сотта істі қарау барысында процеске қатысушы адамның
тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған кезде кінәлі
адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада белгіленген тәртіппен
әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының іс-әрекетінде қылмыс белгілері
болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу
үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиісті анықтау
немесе алдын ала тергеу органына жібереді.

Істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде
сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып,
істі жабық отырыста қарауы немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу кодексінде мынадай ереже орын алған ол заңға қарсы
жасалған іс-әрекет үшін бір мәжбүрлеу шарасы ғана және бір жауаптылық түрі
ғана қолданылады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 118-бабының 1-тармағында көрсетілген
сөздерге түсінік берекетсек, судьяға қарсы қоқан-лоқы жасау дегеніміз –
судьяға барлық іске қатысушы тараптардың көзінше оның айтқан сөзіне
бағынбау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттартпау шаралары
Бұлтартпау шаралары
Медициналық сипаттағы мәжбүолеу шаралары
Міндеттемелер бойынша жауапкершілік шарттары және негіздері
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Қылмыстық жауапкершіліктен босату
Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтардың құқықтарды қорғауды жүзеге асыру тәжірибесі
Қылмыстық жауаптылықтың басқа құқықтық жауаптылықтардан айырмашылығы
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Салықтар мен салық жүйесі туралы түсінік
Пәндер