Акушерлік қан кету



1. Акушерлік қан кету жіктелуі

2. Акушерлік қан кету клиникалық көрінісі

3. Акушерлік қан кету емі
Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр әрі жиі кездесетін асқынулардың бірі акушерлік қан кетулер болып табылады. Осы патологияның аналар өліміндегі үлесі де зор, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орын алады.
Акушерлік қан кету деп жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын, 500мл артық (дене салмағының 0,5%) мөлшердегі жыныстық жолдардан кеткен қанды бөліністерді айтады. Жоғалған қан мөлшерінің маңыздылы-ғы қандағы гемоглобиннің бастапқы мөлшеріне байланысты.
Қазақстан республикасында акушерлік қан кетулер әрбір 20-шы жүктілік пен босанудың ағымын ауырлата түседі. Қазақстанда осы асқынудың жиілігі соңғы жылдарда тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Күнделікті жұмыста 1000-1200мл көлемдегі қан жоғалту ауқымды болып саналады. Мұндай қан кетулер ана өлімінің себептерінің бірі болып, оның құрамында негізгі себепшісі ретінде – 20-25%; қосымша себеп ретінде — 42%; ал фондық себеп ретінде — 78% алады.


Акушерлік қан кету жіктелуі
І. Жүктіліктің ерте мерзіміндегі акушерлік қан кетулер – жүктіліктің 22 аптасына дейін пайда болған жыныстық жолдардан қанды бөліністер. Оған себеп болатын патологиялық жағдайлар:
- Өздігінен болған түсік
- Жатырдан тыс жүктілік
ІІ. Жүктіліктің кеш мерзіміндегі акушерлік қан кетулер – жүктіліктің 22 аптасынан кейін пайда болған жыныстық жолдардан қанды бөліністер:
- Плацентаның алда жатуы
- Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сыдырылуы (ҚОПМБС)
ІІІ. Босанудан кейінгі кезеңдегі акушерлік қан кетулер – плацентаның бөлінуі және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі жыныстық жолдардан қанды бөліністер.
- плацентаның бітісіп өсуі немесе ажырау патологиясы
- жатыр атониясы
- босану жолдарының жарақаттары.

Жүктілік кезіндегі ауқымды қан кетулер плацентаның жолда жатуы мен қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын үзілуі кезінде байқалады; босану кезінде – плацентаның бөлінуімен байланысты патология, жатырдың атониясы себебінен болады. Сонымен қатар, қағанақ суымен эмболия, плацентаның тығыз бекітілуі, коагулопатиялық қан кетулер, бауыр патологиясы себебінен болған қан кетулер кездеседі. Қан кетулер геморрагиялық шок және ТІШҰ синдромның дамуына алып келеді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Акушерлік қан кету жіктелуі

2. Акушерлік қан кету клиникалық көрінісі

3. Акушерлік қан кету емі

Акушерлік қан кету

Жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр әрі жиі кездесетін асқынулардың бірі акушерлік қан кетулер болып табылады. Осы патологияның аналар өліміндегі үлесі де зор, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орын алады.
Акушерлік қан кету деп жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын, 500мл артық (дене салмағының 0,5%) мөлшердегі жыныстық жолдардан кеткен қанды бөліністерді айтады. Жоғалған қан мөлшерінің маңыздылы-ғы қандағы гемоглобиннің бастапқы мөлшеріне байланысты.
Қазақстан республикасында акушерлік қан кетулер әрбір 20-шы жүктілік пен босанудың ағымын ауырлата түседі. Қазақстанда осы асқынудың жиілігі соңғы жылдарда тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Күнделікті жұмыста 1000-1200мл көлемдегі қан жоғалту ауқымды болып саналады. Мұндай қан кетулер ана өлімінің себептерінің бірі болып, оның құрамында негізгі себепшісі ретінде - 20-25%; қосымша себеп ретінде -- 42%; ал фондық себеп ретінде -- 78% алады.

Акушерлік қан кету жіктелуі
І. Жүктіліктің ерте мерзіміндегі акушерлік қан кетулер - жүктіліктің 22 аптасына дейін пайда болған жыныстық жолдардан қанды бөліністер. Оған себеп болатын патологиялық жағдайлар:
- Өздігінен болған түсік
- Жатырдан тыс жүктілік
ІІ. Жүктіліктің кеш мерзіміндегі акушерлік қан кетулер - жүктіліктің 22 аптасынан кейін пайда болған жыныстық жолдардан қанды бөліністер:
- Плацентаның алда жатуы
- Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сыдырылуы (ҚОПМБС)
ІІІ. Босанудан кейінгі кезеңдегі акушерлік қан кетулер - плацентаның бөлінуі және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі жыныстық жолдардан қанды бөліністер.
- плацентаның бітісіп өсуі немесе ажырау патологиясы
- жатыр атониясы
- босану жолдарының жарақаттары.

Жүктілік кезіндегі ауқымды қан кетулер плацентаның жолда жатуы мен қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын үзілуі кезінде байқалады; босану кезінде - плацентаның бөлінуімен байланысты патология, жатырдың атониясы себебінен болады. Сонымен қатар, қағанақ суымен эмболия, плацентаның тығыз бекітілуі, коагулопатиялық қан кетулер, бауыр патологиясы себебінен болған қан кетулер кездеседі. Қан кетулер геморрагиялық шок және ТІШҰ синдромның дамуына алып келеді.
Акушерлік қан кетулердің ерекшелігі - кенеттен дамуы мен ауқымдылығы. Барлық босануларға бөлгенде олардың үлесі 2,7 -- 8% кездеседі.
Көп жағдайда, ауқымды акушерлік қан кетулер жүктілік пен босану кезіндегі гемостаз қызметінің жеткіліксіздігі салдарынан дамиды, яғни коагулопатиялық болып табылады (А.Д. Макарция, 1990).
Жүктілік кезінде гемокоагуляциялық бұзылыстардың даму механизмдерінің келесі түрлерін ажыратуға болады:
oo акушерлік асқынулар есебінен қанның шашыраңқы ұю (ҚШҰ) синдромы аясындағы қан ұю факторлары катаболизмінің күшеюі;
oo гемостаздың туа және жүре пайда болған ақаулары аясындағы қан ұю факторлары синтезінің төмендеуі;
oo гемостаз жүйесінің босануға жақындаған кезде бейімделу қызметі өзгерістерінің тежелуі, гемостаз бейімделуінің бұзылуы;
oo ятрогенді, антитромбоздық дәрмектерді шамадан артық тағайындағанда қан ұю тежегіштері айналымының бұзылуы;
oo иммунды жүйе патологиясы кезіндегі қан ұю қызметіне қарсы антиденелердің айналуы.

Геморрагиялық шок алғы шарттарының бірі, гиповолемия. АҚК-нің жоғарылауы преэклампсия, қант диабеті, бүйректің қабыну аурулары, қан айналым жеткіліксіздігі, тамырлық аллергиялық зақымдар, суегіздік, көп ұрықты жүктілік және т.б. жағдайларда байқалады. Гиповолемия сонымен қатар, диуретиктерді, ганглиоблокаторларды, антикоагулянттарды жөнсіз тағайындағанда байқалады.
Біріншілік гиповолемия аясында аз мөлшердегі қан жоғалтудың өзі ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Преэклампсия аясында дамыған геморрагиялық шоктың ерекшелігі бұрыннан дамыған артериальді гипертензия аясында үдемелеуі. Бұл жағдайда қан қысымы біртіндеп емес, дереу төмендеп кетеді.
Қан кетуге төзімдікті төмендететін - анемия. Мұндай әйелдердегі болжамды қалыпты қан кету мөлшері 0,3% аспау керек, әрі жоғалған небір қан көлемі толықтырылуы тиіс.
Акушерлік геморрагиялық шок аясында 85% жағдайда ҚШҰ синдромы дамиды. Оған алып келетін себеп қанға тромбопластиннің көп бөлінуі. Бұл жағдайда шашыранды тамырішілік ұю бүкіл организмде, әсіресе, жергілікті - жатырда орын алады, нәтижесінде жатыр жиырылмай, атониялық қан кетуге әкеледі.
Алғашқы акушерлік патологияның сипатына байланысты, геморрагиялық шоктың кейбір ерекшеліктерін ажыратуға болады. Мәселен, плацентаның алда жатуы кезіндегі геморрагиялық шок, күрт гиповолемия, артериальді гипотензия мен кейінгі постгеморрагиялық гипохромды анемия дамуымен ерекшеленеді.
Әдетте ауыр преэклампсия салдарынан болатын, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын үзілуі кезіндегі геморрагиялық шок, созылмалы тамырлық тарылу және созылмалы ҚШҰ синдромы аясында дамыған гиповолемиямен ерекшеленеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық көмектің сапасы
Жатыр ауруында жақсартатын дәрілік заттар
Эргот және оның алкалоидтары
Буаздық ісігі
Жатырдан қан кету
Әйел жыныс мүшесінің жарақаттары
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
Гинекологиялық анамнез
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ
Сыртқы жыныс ағзаларын карау
Пәндер