Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары



Жоспар

Кіріспе

I.тарау. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несие қатынастарындағы рөлі

1.1. Коммерциялық банктер түсінігі және олардың жіктелуі
1.2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы

II.тарау. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

2.1. Банк қызметтерінің сипаттамасы
2.2. Коммерциялық банкте жүргізілетін операциялар

III.тарау. Еліміздегі банктердің қазіргі кездегі жетістіктері мен жаңашылдықтары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Егеменді Қазақстан Республикасы басынан шиленістер мен аңғалдықтарды аз кешірген жоқ. Ендігі таңда еліміз тұрақталып, шаруашылық белсенділікке түсуде. әрбір мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізіде қажетті рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады.
Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады. Жетпіс жыл бойы республикадағы несиелік - банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экононмикада делдал болып табылады және қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналды.
Банктердің нарықтық экнонмикадығы рөлі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және тағы басқа байланысты экономиканы басқару орган ретінде көрінеді.
Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде екі деңгейлі банктік жүйе құрылды. Ұлттық банк (жоғары деңгей) және коммерциялық банктер (төменгі деңгей).
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер тарабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Қоғамның барлық даму деңгейінде оның белсенділігі коммерциялық банктердің іс-әрекетімен сабақтасып, байланысып отырады. Көптеген несиелеу, жинақтау, ақша қаражатын шоғырландырып, есеп жұмыстарын жүргізетін бірден-бір орын - бұл коммерциялық банк.
Менің курстық жұмыста қарастырып, зерттеп отырған тақырыбым – Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, олардың қызметтері мен операциялары. Бұл жұмыста менің негізгі көздеген мақсатым - коммерциялық банктердің түпкілікті мәнін, типтерін қарастырып, оның ұйымдастырылу құрылымының ерекшеліктерін, қызметтері мен операцияларына талдау жүргізіп, еліміздегі банктердің даму белгілерін зерттеу.
Бүгінгі таңда коммерциялық банктердің іс-әрекеттеріне бірқатар жаңашылдықтар енгізілуде. Жұмыс барысында мен оны да қарастырмақшымын.
Экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан, өзгермелі сипатына байланысты банктердің жұмыстары әрқашанда бірыңғай түрде жүріп отырады деп айту қиын, сондықтан да оны тұрақтандырып, ары қарай дамыту үшін бірқатар жетілдіру шараларын жүргізу маңызды болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. “Қазақстан Республикасындағы банктер және қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңы. 30.08.1995
2. Ғ.С.Сейітқасымов “Ақша, несие, банктер”, Алматы: Экономика, 2001., 276 бет
3. Б.А. Көшенова “Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары”, Алматы: Экономика, 2000., 121 бет
4. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банктердің операциялары”, Алматы: ИздатМаркет, 2002., 74 бет
5. Мақыш С.Б. “Ақша айналысы және несие”, Алматы: ИздатМаркет, 2004., 221 бет
6. Лаврушин О.И. “Деньги, кредит, банки”, Москва: Финансы и статистика, 1999., 97 бет
7. Лаврушин О.И. “Банковское дело”, Москва: Финансы и статистика,1998., 13 бет
8. “Қазақстан Республикасындағы 2004-жылдың 10-айында қарасты қаржылық сектор қортындысы”, “Банки Казахстана”, №10 – 2004, 4 бет
9. Алексей Иконников “Казкоммерцбанк: Эксклюзивный подход к клиенту”, “Континент” №22., 19 бет
10. Дробоздин И. “Казкоммерцбанку вручена престижная награда Euromoney”, “Технология упровления”, 2003 №4, 9 бет
11. Рерик Н.И. “Лучшее плюсуется к лучшему”, Банки Казахстана, 2004 №7, 14 бет
12. Сейдахметова С.Б. “Казкоммерцбанктің кезекті жетістігі, КазЭУ хабаршысы, 2004 №2, 20 бет
13. Алевтина Донских “Банк для страны: беседа с Адилям Ахметовым”, “National Business” 2004 №4, 10 бет
14. Марченко Г. “Банковский сектор Казахстана: состояние перспективы развития”, “Банки Казахстана” 2004 №2, 8 бет
15. Нұрсеит Н.”Әмбебап банк ұстанымы туралы”, “Егемен Қазақстан”, 2004 2-қыркүйек, 3 бет
16. Мажитов Г. “Казкоммерцбанк получил лицензию на открытие филиала в Кипре”,”Казахстанская правда”, 2004, 16 - сентября

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I-тарау. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несие
қатынастарындағы рөлі

1. Коммерциялық банктер түсінігі және олардың жіктелуі
2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы

II-тарау. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

2.1. Банк қызметтерінің сипаттамасы
2.2. Коммерциялық банкте жүргізілетін операциялар

III-тарау. Еліміздегі банктердің қазіргі кездегі жетістіктері мен
жаңашылдықтары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Егеменді Қазақстан Республикасы басынан шиленістер мен аңғалдықтарды
аз кешірген жоқ. Ендігі таңда еліміз тұрақталып, шаруашылық белсенділікке
түсуде. әрбір мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізіде
қажетті рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды
іс болып табылады.
Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері
құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері
жұмыс жасады. Жетпіс жыл бойы республикадағы несиелік - банктік қызметте
қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік ұсақ регламенттік
әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық
экононмикада делдал болып табылады және қоғамның барлық капиталын иеленетін
монополистерге айналды.
Банктердің нарықтық экнонмикадығы рөлі мемлекеттік меншікті
реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және тағы басқа байланысты
экономиканы басқару орган ретінде көрінеді.
Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде екі деңгейлі банктік
жүйе құрылды. Ұлттық банк (жоғары деңгей) және коммерциялық банктер
(төменгі деңгей).
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер тарабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Қоғамның барлық даму деңгейінде оның белсенділігі коммерциялық
банктердің іс-әрекетімен сабақтасып, байланысып отырады. Көптеген несиелеу,
жинақтау, ақша қаражатын шоғырландырып, есеп жұмыстарын жүргізетін бірден-
бір орын - бұл коммерциялық банк.
Менің курстық жұмыста қарастырып, зерттеп отырған тақырыбым –
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, олардың қызметтері мен
операциялары. Бұл жұмыста менің негізгі көздеген мақсатым - коммерциялық
банктердің түпкілікті мәнін, типтерін қарастырып, оның ұйымдастырылу
құрылымының ерекшеліктерін, қызметтері мен операцияларына талдау жүргізіп,
еліміздегі банктердің даму белгілерін зерттеу.
Бүгінгі таңда коммерциялық банктердің іс-әрекеттеріне бірқатар
жаңашылдықтар енгізілуде. Жұмыс барысында мен оны да қарастырмақшымын.
Экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы салдарынан, өзгермелі сипатына
байланысты банктердің жұмыстары әрқашанда бірыңғай түрде жүріп отырады деп
айту қиын, сондықтан да оны тұрақтандырып, ары қарай дамыту үшін бірқатар
жетілдіру шараларын жүргізу маңызды болып табылады.

I-тарау. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несие
қатынастарындағы рөлі

1. коммерциялық банктер түсінігі және олардың жіктелуі.

“Коммерциялық банк” термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған.
Бірақ өнеркәсіптің дамуымен және басқа салалардың дамуымен банктер
экономиканың өзге сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің
“коммерциялық” деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол
банктің “іскер” деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық
жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз
болады. коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық опреациялар
мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді. Олардың
міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын
қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық
шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызттерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін
меңгеруде.
Сонымен қатар банктер қаржы делдалы ретінде ақша каптиалын салааралық
және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халықшаруашылық
қызметін атқарады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне екі жүзге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бұл операциялардан болған зиян, екінші бір опреациялардан түсетін
пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің
коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы
кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша – несие нарығының жағдайына
көндігітін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Коммерциялық банктер мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір салаға ғана қызмет көрсететін банктер.
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық.
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауылшаруашылық банктері;
- құрылыс банктері:
- басқалары.
5. филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды.
6. Капитал мөлшеріне қарай:
- I разядты:
- II разрядты;
- III разрядты.

Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы
статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі
банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның
ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға Қазақстан
даму банкі мен Эскимбанк, ал шетел каптиталының қатысуымен (100% - 10 банк,
50%-дан аса – 4 банк) құрылған банктерде саны - 14, оның ішінде, еншілес
банктер – 10.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар. Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне
араласуына, оның пайдасына дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал
артықшылығы бар акция – оның иесіне қоғамды басқаруына қатысатынына қарай
құқық бермегенімен, уақытылы, яғни қоғамның пайдысна байланыссыз тұрақты
пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен
бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрде құрылған болса, онда
оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта
анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздерін
тиісті үлем шегінде ғана міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылу және құқықтық формасына байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты
есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды
құруға тиым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаржаттар
есебінен құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы
құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50%
төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап 1 жыл ішінде оның
жарияланған сомасы толық төленуге тиісті.
Еліміздегі банктерге келсек, 2004 жылдың 1 мамырына қарай II
деңгейдегі банк – 35, 1 – мемлекеттік, 16 – шетел мекемелерінің қатысуымен,
18 – акционерлік қоғам бар екендігі анықталды. 24 коммерциялық банктің
филиалдық желісі бар, жалпы саны 354. “Халық банк” – 149,
“Казкоммерцбанк” – 23, “Каспий” банкі, “Туран Алем” – 22 филиалы бар. 21
банктің есептеу кассалық бөлімшесі бар. Саны 1038. осының ішіндегі ККБ-ке
тоқталсақ, ол 1990 жылы құрылған, 67 РКО және Лондонда шетелдік уәкілдігі
бар. Банктің 2003 жылдың 30 маусымындағы еншіліс компаниялары төмендегідей:

Ұйым аттары Орны Үлесі, %Қызмет көрсету Еншілікке
түрі алынған уақыт
ААҚ “Казкоммерц ҚР 100 Құжат қағаздар 30.10.1997ж.
Секьюритиз” нарығындағы
операциялар
ААҚ ҚР 65 Сақтандыру 14.11.2004ж.
“Казкоммерц-Полис”
“Казкоммерц Нидерналды 100 Халықаралық 31.12.1997ж.
Интернешнл” патшалығы қаржы нарығында
капитал тарту
“Казкоммерц Нидерналды 100 Халықаралық 5.04.2000ж.
-Капитал” патшалығы қаржы нарығында
капитал тарту
“Казкоммерц Финанс” Нидерналды 100 Капитал тарту 21.02.2001ж.
патшалығы
ААҚ Казкоммерцбанк Қырғызыстан 73,97 Коммерциялық 30.06.2002ж.
Қырғызыстан банк

2. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді. Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық
банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Акционерлік
банктерді басқару құрылымы келесідей:

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы – акцинонерлердің
жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынандай міндеттемелер шешіледі:
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншіліс құру және тарату.

Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынандай
міндеттерді атқарады:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- басқарма немесе басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді
бекітеді;
Келесі басқару органы – бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма – атқарушы
немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен
құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясатарын жасау;
- жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
- комитеттерді құру;
- ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк
қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер
жүктеледі:
- банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және
нұсқаулар беру;
- барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның
ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер
бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
- банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
- банктің штаттық жұмысшыларын саны мен құрылымын бекіту;
- еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер
(контрактілер) жасау;

Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет - бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган.
Несиелік комитет мынадай міндетерді орындайды:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие
беру туралы шешім шығарады;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешмі шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шартын бекітеді;
- берілген несилерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісін хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды
тіркеу кітабын жүргізеді.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік –
шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді.
Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер
жатады.
Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі
банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында
және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін
Ұлттық банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары ішінде банктік
операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға
болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің басбанкі берген
қаражаттар мен өкілеттеліктер шегінде қызмет көрсетеді.
Банк өкілдігі – депозит таратудан басқа белгілі бір банктік
опреацияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс
жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
Еншіліс банк – жарғылақ қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиесілі,
заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады.
Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұран банкі, Хредсоцбанк, Агроөнеркәсіп
банкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің
бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктерде сондай өз
филиалдарын құрды (Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк).
Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің
артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында
болады.
Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер
филиалсыз, яғни щоғырланған болып келеді.
Бөлімшелер мен филиал топтарының кеңірек таралуы банкке бас банктің
толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер
тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен
пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек
сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы
философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк тарабын орталықсыздандырған түрде
басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге
мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес опреациялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады.
Сондықтан да банктің 1-2 бөлімшесі болатын болса , онда орталықтан
басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез- келген жағдайда да барлық жүйені тиімді
жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу,
бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.
Мысал ретінде “Казкоммерцбанк” ұйымдастыру құрылымын қарайтын болсақ,
жарғыға сәйкес, банктің директорлар кеңесі болады, банктің атқарушы органы
басқарма және Аудиторлардан тұрады. Акционерлер басқарма мүшелерін
сайлайды. Директорлар кеңесі басқару директорларын таңдап, акционерлер
мүддесін қорғап, банктегі жалпы басқаруға жауап береді және стратегиялық-
операциялық жоспарын бекітеді.

II-тарау. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

2.1. банк қызметтерінің сипаттамасы

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
- акция қаражатын шоғырландыру және тарту;
- несие беру;
- шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
- төлем құралдарын шығару;
- бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
- сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару, яғни траст операциясын
жүргізу;
- клиенттерге кеңес беру.
Уақытша бос акция қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру –
банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың несие
процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие
операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі
экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің
делдалдық етуімен ақша қаражаты жинақталып, кейін ол капиталға айналады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі – несие беруде делдал
болу. Бос акция қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие
қатынастарының туындауынакедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал
көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау
мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың
төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында
тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Каппитал иесі қарыздардың
қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер
қарыз қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде
осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына
беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты
экононмика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын
жүргізуде банктердің рөлі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың
негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде
клиенттредің тапсырысы бойынша шотқа акция қабылдап, ақшаның түсуін және
берілуін есептейді.
Инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттердің төлем
жүйесінің тиімді қызмет істеуі есеп айырысу технологиясының үнемі
жетілдіруін талап етеді. Банктер арасында өзара келісім боынша
корреспонденттік шоттар ашылғанда есеп айырысу корреспондент – банктер
арқылы да жүргізіледі. Банктерде төлемді орталықтандыру айналыс шығындарын
азайтады, ал есеп айырысуды жеделдету үшін және төлемдердің сенімділігін
арттыру үшін қазіргі кезде есептеудің электрондық жүйесі енгізілуде.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік
қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарғабанктің несие беруі арқылы жүргізіледі.
Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.
Мысалы, егер клиент банкке 10 доллар салып, оны талап бойынша алынатын
шотқа есептеуді өтінеді. Бұл операцияның нәтижесінде банк балансының
активінде кассалық қалдық 10 долларға өседі, ал пассивінде депозиттар да
осы сомаға өседі.
Дегенмен банк өзінің қызметі барысында акция шығарумен қатар акцияның
бірсыпыра бөлігін “жоюмен” де айналысады. Бұл, біріншіден, клиент банктегі
шотының қолма-қол ақша алғанда, екіншіден, несиені
қайтарғанда депозиттік шоттан шығарылады. Дәл осындай нәтиже банктер
бағалы қағаздарды сатқанда алынады - ақша салушылардың шотындағы салым
сомасы және шаруашлықтағы төлем қаражатының массасы да азаяды.
Коммерциялық банктердің депозиттерді ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін
орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие декларациясын
басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып,
қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырс, ал
резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады.
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды
шығарып және орналастырып эммисиялы-құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыст
жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция
және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша
банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін
анықтауды, олардың типін таңауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші
рет айналысқа түсіру міндетін өщіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды
сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып
алуды – сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып
алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік операцияларды
қайта сатуға делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы
операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп
пайданы өзіне салып,оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару қызметтерін де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айырылғандардың,
сондай-ақ жесірлердің, жасы толмағандардың мүлкін уақытша басқару;
ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу
мақсатымен капиталды басқару; құндылықтарды сейфте сақтау және т.б.
қызметтер көрсетеді. Кампанияларға көрсететін қызметтері бұл аталғандардан
өзгеше: банктердің облигациялар бойынша кепілгер болуы; нарыққа шағарылған
акцияларды және трансферттерді (атаулы акция бойынша иелік құқын басқаға
беру) өкіл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы
және т.б. қызметтер атқаруы мүмкін.
Банк бұл қызметтерді формальды клиенттердің өкілі ретінде атқарғанмен,
шын мәнінде сенімхатпен қызмет көрсетудің нәтижесінде ол көптеген капиталды
қадағалауына және экономикалық хабарлауды өзіне жинақтауға мүмкіндік алады.
Мысалы, бағалы қағаздарды және трансфертті тіркеу үшін өкіл ретінде жүріп,
банктер акционерлер мен бақылау қызметін бөлу туралы құрия мағлұматтарға ие
болады.
Экономикалық мағлұматтарды өзіне жинақтауы банктердің клиенттерге
кеңес беруіне мүмкіндік туғызады. Банктер кәсіпорынның қаржылық қызметіне,
бухгалтерлік есебіне талдау жүргізіп, дамуының стратегиясын бағалаумен және
табысты ұлғайту мүмкіндігін анықтаумен шұғылданады. Банктер клиенттің жаңа
акциялар шығару болашағын және оларды нақты орналастыруды қарастырады.
Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу, есеп-несиелік және
кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар
жүргізуге дейін нұсқау береді.
Коммерциялық банктердің кеңес беру қызметін төмендегідей топтастыруға
болады:
- несиелеу және есеп айырысу ісі бойынша – ақша нарығында коньюктура
проценттік мөлшердің қозғалысы, несиелеудің жағдайы және формасы
туралы хабар, неисе-есептік қызмет көрсету үшін әр түрлі мәмілелер
бойынша еұчқау беру, қолма-қол ақшасыз есептесуді талдау, оны
жетілдіру жолдарын зерттеу;
- бағалы қағаздарды шығару және олармен операция жүргізу бойынша –
бағалы қағаздар нарығы коньюктурасы, олардың бағасының өзгеруі, бағалы
қағаздардың элементтері, бағалы қағаздарды шығару тәртібі және олардың
айналыс ережесі туралы хабар;
- күрделі қаржы беру бойынша – құрылыс қызметі нарығының конъюктурасы,
құрылыс материалдарының бағасы мен әр түрлі құрылыс-монтаж
жұмыстарының тарифтері, күрделі қаржының экономикалық тиімділігін
есептеу туралы анықтама.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің
арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін
іздестіруге, клиенттергеұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет
көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындаы өз
орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл игеріп,
қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда.
Жоғарыда айтылып өткен “Казкоммерцбанктің” көрсететін қызмет түрлеріне
келетін болсақ, оның негізгі қызметі дәстүр бойынша депозиттерді қабылдау
және ссудалар мен несиені теңге және шетел валютасында ұсыну. Оның ішінде
тікелей дебеттік төлемдер мен банктік қаржыландыру. Банктің депозитті
базасы ең мықты болып отыр. Банк сонымен қатар несиелік және дебеттік
карточкалар шығарады: VISA, Europay Master Card.
Банк бизнесіне сәйкес, ККБ ҚР-ның орта және ірі компанияларға,
халықаралық компанияларғаөнім мен қызмет көрсетулер ұсынады, яғни ол
саудалық, құрылымдық қаржыландыру, интернет банкинг қызметін, активтерді
басқару, қысқа мерзімді несие беру қызметтерін орындайды.
Банктік қызметтерден басқа, банк басқа да қаржылық қызмет көрсетеді.
Ол құнды қғаздар нарығында, валюта нарығында компаниялардың ақша
қаражаттарын басқаруда маңызды орын алады. Банктік лицензияға сәйкес банк
алтын мен күмісті қоса алғанда бағалы металдарды сатып алу – сату, сақтау
арқылы мәмілелерді жүзеге асырады. 2001 жылдан бастап банк өзінің
корпоративті клиенттеріне трасталық қызмет көрсете бастады.
2.2. коммерциялық банкте жүргізілетін операциялар

Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді:
пассив, актив, комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып,
басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып қаражат тарту
операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар
банк баланысының пассивінде көрметіледі. Пассив операциялары – бұл
нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік шоттағы
қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін
операцияларды сипаттайды.
Пассив операцияларына мыналар жатады:
- салым қабылдау (депозиттер);
- клиенттерге шоттар ашу және оларды жүргізу;
- өзінің бағалы қағаздарын шығару;
- банкаралық несие алу, оның ішінде, орталықтанған несие ресурстарынан;
- репо операциялары;
- еуровалюталық несие алу.
Банктің капиталы өз қаражаты, таратылған қаражат және эмиссияланған
қаражаттардан құралады. Банктің өз қаражатына акционерлік және резерв
капиталы, бөлінбеген пайда жатады. Жарғылық қор бағалы қағаздар нарығында
акцияларды орналастыру арқылы жинақталады. Сомасы заңмен шектелмейді, оның
төменгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Коммерциялық банктердің жіктелуі
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Коммерциялық банктің пассивті операциялары
Пәндер