Шок түрлері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Анафилактикалық талықсу (шок) .
  • Жіктелуі
  • Жедел көмек
  1. Геморрагиялық шок
  2. Жарақатты шок
  3. Септикалық шок
  • Сатысы
  • Емдері
  1. Кардиогендік шок
  • Қауіп-қатерлі факторлар
  • Диагностикалық критерилер
  • Емдеу тактикасы

Анафилактикалық шок - организмге аллерген енген жағдайда бірден дамитын аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болатын өмірге қауіпті патологиялық процесс және қан айналымы, тыныс алу, орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен сипатталады.

Жіктелуі.

Ағымы - жедел басталады, артериалдық қысым тез үдемелі төмендейді, естен тану, тыныс жетіспеушілігі үдейді. Бұл ағымның ерекшелігі жүргізілген белсенді шокқа қарсы емге төзімді және үдемелі терең коматозды жағдайға дейін дамиды. Алғашқы минуттарда немесе сағаттарда өмірлік маңызды ағзалардың зақымдануына байланысты өлімге әкеледі.

Бұл ағым екі түрде өтуі мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігімен немесе жедел тамыр жетіспеушілігімен.

Жедел тыныс жетіспеушілігі түрінде кенеттен әлсіздік пайда болып, үдейді, кеудесінде қысу сезімі, ауа жетпеуі, жөтел, экспираторлы ентікпе, бас ауруы, жүрек тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезімі пайда болады. Тері жабындары бозарған, цианозды. Тыныс алуы қиындаған, құрғақ сырылдар тыныс шығару соңында. Беттің немесе дененің басқа бөліктерінің ангионевротикалық ісігі дамуы мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігі үдеген жағдайда және жедел бүйрекүстілік жетіспеушілік қосылған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Жедел тамыр жетіспеушілігінде кенеттен әлсіздік, құлағында шу пайда болады, суық тер басады. Тері жабындары бозарған. Акроцианоз. Артериалдық қысым үдемелі түрде төмендейді, тамыр соғысы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған. Бірнеше минуттан кейін естен тануы мүмкін, тырысулар байқалады. Жүрек-тамыр жетіспеушілігі үдеген жағдайда өлімге әкеледі.

Қайталанбалы ағым - клиникалық белгілері жақсарғаннан кейін бірнеше сағат немесе тәулік өткенде шок белгілерінің қайтадан дамуы. Кейде шок қайталанғанда алғашқы кезеңге қарағанда ауыр өтеді және емге төзімді болады.

Абортивті ағым - шоктың асфиксиялық түрі. Науқастарда шоктың клиникалық белгілері тез жойылады, кейде емдік препараттарды қолданусыз.

Анафилактикалық шок өтуін 5 түрге бөледі: кәдімгі, гемодинамикалық, демікпелік, церебралды, абдоминалды.

Анафилактикалық шок дамуы мүмкін егер: анамнезінде дәрілік аллергия, дәрілік препараттарды ұзақ қабылдау, әсіресе қайталанған курстармен, депо-препараттарды қолдану, полипрагмазия, дәрілік препараттың жоғары сенсибилизациялық белсенділігі, мамандығына байланысты дәрімен ұзақ қатынаста болу, анамнезіндегі аллергиялық аурулар, пенициллинге сенсибилизация көзі түрінде дерматомикоздардың (эпидермофития) болуы.

Шоктың эректилді кезеңі 2 түрде дамиды - церебралды немесе кардиоваскулярлы.

Церебралды түріне қозу, эйфория, рефлекстердің жоғарылауы, қарашықтардың кеңуі тән. Науқастың есі анық, қозған, мазасыз, қорқыныш сезімі болады.

Кардиоваскулярлы түріне артериалдық қысымның қалыпты немесе жоғары болуы, тахикардия немесе тамыр соғысының баяулауы, тері жабындарының бозаруы немесе қызаруы тән.

Торпидтік кезеңде шоктың барлық негізгі патогенетикалық механизмдері қосылады (нағыз шок) . Бірнеше сағатқа созылады және жедел көмек болмаған жағдайда өлімге әкеледі. Торпидтік кезеңді 3 дәрежеге бөледі:

І дәрежелі шок. Компенсирленген, вазоконстрикция басым. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындары бозарған, еріннің, тырнақ фалангаларының цианозы, тыныс алуы беткей, гипотермия белгілері, орталық жүйке жүйесі жағынан әлсіздік, реакциясы баяулаған, қарашықтардың тарылуы. Кардиоваскулярлы белгілері: артериалдық қысым біраз төмендеген немесе қалыпты, тамыр соғысы баяулаған.

ІІ дәрежелі шок . Субкомпенсирленген, вазодиллятация басым. Жағдайы өте ауыр, цианоз өршиді (кең жайылған цианоз), тыныс алуы жиі, беткейлі, гипотермия, шөлдеу, олигоанурия. Церебралды синдром: есеңгіреген, қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы баяулаған. Кардиоваскулярлы синдром: жүрек тондары тұйықталған, гипотония, тахикардия, экстрасистолия. Қанда метоболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипоксия.

ІІІ дәрежелі шок. Декомпенсирленген, вазотония басым. Жағдайы өте ауыр, таралған цианоз, гипотермия, тыныс алуы беткей, жиі Чейн-Стокс тынысы түрінде, анурия. Церебралды синдром: есі жоқ, адинамия, қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, сезімталдық жойылған. Кардиоваскулярлы синдром: тамыр соғысы анықталмайды немесе жіп тәрізді, систоликалық артериалдық қысым 50 ммсынбағ-нан төмен, жүрек тондары тұйық, аритмия. Қанда айқын метоболикалық ацидоз, ауыр гипоксемия.

Жедел көмек.

Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін бүйірге бұру.

Аллергеннің организмге одан әрі түсуін тоқтату: иньекция орнын немесе жәндік шаққан жерді 0, 18% 0, 5 мл эпинефрин ерітіндісін 5, 0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде крест тәрізді енгізу және мұз басу. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу. Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу.

Шоққа қарсы шаралар: 0, 18% эпинефрин ерітіндісін 0, 3-0, 5 мл бұлшық ет ішіне. Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды бақылаумен. Антигистаминді препараттар 1% дифенгидрамин ерітіндісі 1, 0 мл бұлшық етке (процестің одан әрі өршуін тоқтатады) . Көк тамырға инфузионды ем - 0, 9 % натрий хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде.

Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.

Симтоматикалық ем. Егер артериалдық гипотензия сақталса көк тамыр ішіне вазопрессорлы аминдер. Систоликалық артериалдық қысым 90 ммсынбағ-на жеткенге дейін допамин 4-10 мг/кг/мин, бірақ 15-20 мг/кг/мин аспауы қажет (200 мл допамин 400 мл 0, 9% натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде) . Инфузия минутына 2-11 тамшы енгізіледі.

Брадикардияда 0, 1% атропин ерітіндісі 0, 5 мл тері астына. Қажет болған жағдайда 5-10 минуттан кейін қайталап енгізеді.

Бронхоспазмда көк тамырға 2, 4% аминофиллин ерітіндісі 1, 0 мл (10, 0 мл-ден көп емес) натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде енгізеді немесе B2 -адреномиметиктер, сальбутамол 2, 5- 5, 0 мг небулайзер арқылы.

Геморрагия (haemorrhagia - қан + жырту) - қан кету, гемморагия. Қанның қан арнасынан немесе жүрек қуысынан сыртқа шығуы. қан кетудің үш басты себептері болады.
1. Жүрек не тамыр қабырғасының жыртылуы;

2. Тамыр қабырғасының мүжілуі ( аррозия) ;

3. Диапедез.

Геморрагиялық шок алғы шарттарының бірі, гиповолемия. АҚК-нің жоғарылауы преэклампсия, қант диабеті, бүйректің қабыну аурулары, қан айналым жеткіліксіздігі, тамырлық аллергиялық зақымдар, суегіздік, көп ұрықты жүктілік және т. б. жағдайларда байқалады. Гиповолемия сонымен қатар, диуретиктерді, ганглиоблокаторларды, антикоагулянттарды жөнсіз тағайындағанда байқалады. Біріншілік гиповолемия аясында аз мөлшердегі қан жоғалтудың өзі ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Преэклампсия аясында дамыған геморрагиялық шоктың ерекшелігі бұрыннан дамыған артериальді гипертензия аясында үдемелеуі. Бұл жағдайда қан қысымы біртіндеп емес, дереу төмендеп кетеді. Қан кетуге төзімдікті төмендететін - анемия. Мұндай әйелдердегі болжамды қалыпты қан кету мөлшері 0, 3% аспау керек, әрі жоғалған небір қан көлемі толықтырылуы тиіс. Акушерлік геморрагиялық шок аясында 85% жағдайда ҚШҰ синдромы дамиды. Оған алып келетін себеп қанға тромбопластиннің көп бөлінуі. Бұл жағдайда шашыранды тамырішілік ұю бүкіл организмде, әсіресе, жергілікті - жатырда орын алады, нәтижесінде жатыр жиырылмай, атониялық қан кетуге әкеледі. Алғашқы акушерлік патологияның сипатына байланысты, геморрагиялық шоктың кейбір ерекшеліктерін ажыратуға болады. Мәселен, плацентаның алда жатуы кезіндегі геморрагиялық шок, күрт гиповолемия, артериальді гипотензия мен кейінгі постгеморрагиялық гипохромды анемия дамуымен ерекшеленеді. Әдетте ауыр преэклампсия салдарынан болатын, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын үзілуі кезіндегі геморрагиялық шок, созылмалы тамырлық тарылу және созылмалы ҚШҰ синдромы аясында дамыған гиповолемиямен ерекшеленеді. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі атониялық қан кету кезінде қысқа уақытты тұрақсыз қалпына келу кезеңі мен кейінгі қайтымсыз өзгерістердің жылдам дамуы байқалады: гемодинамика бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі, коагулопатия мен фибринолиз белсенуінен бүркіп қан кету аясындағы ҚШҰ синдромы. Жатырдың жыртылуының клиникалық көрінісі гиповолемия және тыныс жеткіліксіздігімен сипатталады.

Жарақатты шок - организмнің барлық тіршілік функцияларының күшті бәсеңдеуі-мен сипатталатын жүйке реттегіштерінің бірден бұзылуы, қан айналасының және гормондық теңестіктіңсапы бұзылу салдарынан пайда болатын ауыр жағдайды жарақаттық шок деп атайды. Жарақаттық шоктің күшеюі үшін организмнің жарақат алғандағы жағдайы: күш жұмсап шаршау, ұдайы ұйқысыздық, азу, аш болу, тону, қан жоғалту, жүйкенің күйзелісі т. б. үлкен әсер болады. Хирургиялық операциядан кейінгі (екінші) шоктың себептері операцияның көпке созылуы, наркоз жөнді берілмеуі немесе жергілікті жансыздандырудың жеткіліксіздігі, едәуір қан жоғалту, жүйке түйіндері көп айырықша шок беретін жерлерге операция жасалынуы және т. б. болып есептелінеді. Шоктың пайда болу уақытына байланысты, ол бірінші және екінші шок болып екіге бөлінеді. Бірінші шок жарақат уақытында немесе одан кейін, екінші шок жарақаттан соң белгілі уақыттан кейін, кейде бірнеше сағаттан кейін пайда болады. Шок екі кезеңге - эректильдік және торпидтік кезеңдерге бөлінеді. Шоктың эректильдік кезеңі жарақаттан кейін бірден басталып және есінің сақталуы, тым тынышсыздығымен сипатталады. Терісі қызарады, кейде қалыптағыдай көп терлеу байқалады. Көзінің қарашықтары үлкейіп, жарыққа әсерлестігі күшейеді. Тамыр соғысы жиілейді, кейде керісінш, сирек, тамыр соғысы қалыптағыдай болады немесе біраз жоғарлайды. Әдетте бұл кезең қысқа уақытқа созылады және келесі кезеңге ауысады. Шоктың торпидтік кезеңі организмнің барлық атқаратын қызметтерінің әлсіреуімен сипатталады. Есін жоғалтпайды, бірақ науқас босаң, солғын, еш нәрседе ісі болмайды. Қан қысымы төмендейді. Тамыр соғысы жиіленеді, әлсіз, көбінесе жіп тәрізді болады. Терісі сұрланады, суық тер басады. Беті жүдеу, көзінің қарашықтары үлкейеді және жарыққа солғын, бос жауап береді. Жүрегі айнып құсуы мүмкін.

Септикалық шок ­ өте ауыр сырқат. Микроорганизмдердің ыдырап, оның ішкі уының бүкіл денеге, қанға тарауынан тамырларда қан ұйып (тромб), соның салдарынан жасушалар тобы, тіндер, мүшелер зақымдалады. Сонымен қатар қанның құрамы өзгереді, қан қысымы төмендейді, зәр азаяды, мидың, бауырдың, өкпенің, бүйректің капиллярларында қан ұйып, олардың негізгі қызметтері бұзылады. Бұл мүшелер қызметінің бұзылуы ауру жағдайының қатты нашарлауына себепкер болады.

Септикалық шоктың екі сатысы бар:

1) ерте сатысы - 6-8 сағат;

2) кеш сатысы - бірнеше күннен бір жұмаға дейін.

Ерте сатының клиникалық белгілері кенеттен пайда болады. Алғашында дене қалшылдап, қызуы 39-40º дейін барады, тамыр соғысы жиілейді. Екінші тәулікте дене қызуы мен қан қысымы төмендейді. Әйелдің дем алысы жиілеп, суық тер шығып, өңі бозарып, сұрланып, жалпы жағдайы нашарлайды. Қан құрамында ақ түйіршіктер көбейеді, ЭТЖ жоғарылайды, тромбоциттер азаяды.

Егер әйел септикалық шок қалпынан шығып, оның қан айналысы толық дұрысталмаса, бүйректің қан тамырлары түйіліп, ісініп, тәуліктік зәр бөлу қызметі бұзылады.

Кеш сатының клиникалық белгілерінде қан қысымы қатты төмендейді, әйелдің дем алысы жиіленіп, ентікпе пайда болады, бет әлпеті шамалы көгеріп, аяқ-қолдары мұздай бастайды. Әйел әлсін-әлсін есінен танады. Әрбір тілген және дәрі жіберген жерлердің бәрінен қан аға бастайды. Қан ұйымайды. Тәуліктік зәр қатты төмендеп, бірден болмай қалуы мүмкін.

Септикалық шоктың ерекшеліктері:

1. Шоктың кенеттен пайда болуы;

2. Аурудың ағымы инфекцияның түріне, қабілетіне, күшіне байланысты;

3. Тәуліктік зәрдің азаюы немесе тоқтап қалуы.

Емдері. Септикалық шоктың негізгі емдері ағза мүшелерінің қызметтерін жақсартуға және аурудытуғызатын инфекциядан, негізгі инфекция ошақтарынан арылуға бағыттал-ған. Бұғанаасты көк тамырға катетер енгізеді. Ауруды туғызатын негізгі ошақтың бірі - жатыр, сондықтан оның қуысын қалақшамен тазарта отырып, инфекцияға қарсы әр түрлі антибиотиктер жіберіп, қан айналымындағы қан мөлшерін түсірмеу үшін (гемодез, реополюглюкин, альбумин, плазма) эритроцитарлық массаны кеңінен қолданады. Гепаринді қолдану арқылы қанды сұйылтып, ұюдан қорғайды; бүйрек үсті без гормондарын (гидрокортизон - 200-300 мг, преднизолон 60-120 мг) әр 2-3 сағат сайын жібереді, қан тамырларының түйілуін төмендетіп, тоқтату үшін дибазол, папаверин, эуфилин, адельфан, клофелинді кеңінен қолданады. Қолданған емдерден 8-10 сағат ішінде көмек болмаса, жатырды түтіктерімен, мойнымен қоса алып тастайды. Ал егер бүйректің қызметі нашарлап, тәуліктік зәр бөлінбесе, 3-4 күн аралығында науқастың жағдайы түзелмесе диализ жасау керек.

Кардиогендік шок - миокардтың жиырылу қасиетінің айқын төмендеуімен сипатталатын сол жақ қарынша жеткіліксіздігінің ауыр дəрежесі, ол тамырлық кедергінің жоғарылауымен қалпына келмейді жəне барлық тіндер мен ағзалардың, бəрінен бұрын тіршілік үшін маңызды ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуына əкеледі. Өлім-жітім 70%-тен 95%-ке дейін.

Қауіп-қатерлі факторлар:

1. Миокардтың жайылмалы трансмуральді инфаркті.

2. Миокардтың қайталамалы инфаркттары, əсіресе ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылы-сымен жүретін.

3. Сол жақ қарынша миокарды массасының 40% жоғары немесе тең некроз аймақтары.

4. Миокардтың жиырылу функциясының төмендеуі.

5. Жіті коронарлық окклюзия дамуының алғашқы сағаттары мен күндерінен кейін басталатын ремодельдеу процесі нəтижесінде жүректің насостық функциясы төмендеуі.

6. Жүрек тампонадасы.

Диагностикалық критерилер

Нағыз кардиогендік шок

Шағымдары: айқын сезілетін жалпы əлсіздік, бас айналу, “көз алдындағы тұман”, жүрек қағуы, төссүйек артындағы ауыру сезімі, тұншығу.

1. Шеткі қанайналым бұзылу симптомдары:

- сұр цианоз немесе бозғылт цианозды, “мəрмəр түсті”, ылғалды тері;

- акроцианоз;

- венаның жабылуы;

- суық алақан мен табан;

- шеткі қанайналымы жылдамдығының азаюы.

2. Естің бұзылуы: тежелу, қозу.

3. Олигурия (диурездің 20 мм/ сағ-тан төмендеуі, ауыр ағымда-анурия) .

4. Систолалық АҚ-ның 90 - 80 мм с. б. -нан төмендеуі.

5. Пульстік АҚ-ның 20 мм с. б. - нан төмен түсуі.

Перкуссия бойынша жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, аускультацияда жүрек тондары тұйық, аритмия, тахикардия, протодиастолалық шоқырақ ырғағы. (айқын байқалатын солқарыншалық жетіспеушілік) . Тыныс алуы жиі, үстіртін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы орманды және далалық аймақтар
Стрестің дерт дамуындағы маңызы
Кәсіпкерліктің теориялық аспектілері
Төтенше жағдайлар кезіндегі жарақаттар
Тыныстың жіті жетіспеушілігі
Анафилактикалық шок белгілері
Жарақаттар туралы жалпы түсінік
Қазақстанның дала зонасы
Қазақстанның климаттық зоналары
Қан айналымның бұзылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz