Инвестицияның экономикадағы рөлi және шетелдік инвестициялар
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛI ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Инвестицияның мән мағынасы, түрлері және қайнар көздері ... ... ... ..5
1.2 Шетелдік инвестиция экономикалық дамудың катализаторы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1 Шетелдік инвестиция негізінде экономикасы дамыған ел (Оңтүстік Корея мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялар, оларды тиімді пайдаланудағы мәселелер мен шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда халықаралық инвестициялық істесуге барады және шетелдік инвестицияларды тартуға ынталы болып келеді. Өйткені экономикалық заңдылық бойынша өздігімен тұйықталған экономика ешқашан тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық саясат, әсіресе халықаралық инвестициялық істесудің орны айтарлықтай болып табылады. Өйткенi, жаңадан даму үстіндегі ұлттық экономиканы, негiзгi капиталды инвестициялауда инвестицияның, оның ішінде шетелдік инвестициялардың маңызы орасан зор болып табылады. Инвестициялық істесу негізінде инвестициялық және осының негiзiнде өндiрiске тiкелей инвестиция тартуды жүзеге асыруды іске асырамыз. Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының катализаторы болып табылады. Сонымен қатар, экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың көлемiн арттыруда, шетелдік инвестицияларды қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруды, ол инвестицияларды өнеркәсіп саласына бағыттауды және шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың инвестициялық саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi белгiлi.

1. Шарп У. Александр Г. Бейли Дж. Инвестиции – М: Инфра, 1998 г.
2. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.
3. Хусанов Б.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов. // Известия. Серия обественных наук, 2003, №3.
4. Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
5. Мартынов А. «Возможности повышения эффективности инвестиции» // Экономист, №9 – 2002г.
6. Малмакова К. Иностранные портфельные инвестициии в Казахстан. Рынок ценных бумаг Казахстан, №6, 1999г.
7. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
8. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
9. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
10. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында”. Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы: атамұра, 2005. – 48бет.
11. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
12. Хусанов Б.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов. // Известия. Серия обественных наук, 2003, №3.
13. Кожахмедов Д.Б. “Машиностроение как основа формирования конкурентспособной экономики Қазахстана” // Аль-Пари , №1.2004 г.
14. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г.

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛI ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР

... ... ... ... ... ..5
1. Инвестицияның мән мағынасы, түрлері және қайнар көздері
... ... ... ..5
2. Шетелдік инвестиция экономикалық дамудың катализаторы
ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1 Шетелдік инвестиция негізінде экономикасы дамыған ел (Оңтүстік
Корея мысалында)

... ... ... ... ...12
2.2 Қазақстан экономикасындағы шетелдік инвестициялар, оларды тиімді
пайдаланудағы мәселелер мен шешу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... ..24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
6
КIРIСПЕ
Тарихта қандай мемлекет болмасын бүгінгі таңда халықаралық
инвестициялық істесуге барады және шетелдік инвестицияларды тартуға ынталы
болып келеді. Өйткені экономикалық заңдылық бойынша өздігімен тұйықталған
экономика ешқашан тиімді экономикалық дамуды қамтамасыз ете алмайды.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың
негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске
асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық
саясат, әсіресе халықаралық инвестициялық істесудің орны айтарлықтай болып
табылады. Өйткенi, жаңадан даму үстіндегі ұлттық экономиканы, негiзгi
капиталды инвестициялауда инвестицияның, оның ішінде шетелдік
инвестициялардың маңызы орасан зор болып табылады. Инвестициялық істесу
негізінде инвестициялық және осының негiзiнде өндiрiске тiкелей инвестиция
тартуды жүзеге асыруды іске асырамыз. Ал өз кезегiнде инвестиция
экономиканың тиiмдi дамуының катализаторы болып табылады. Сонымен қатар,
экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң өңдеушi
саласына тартуда, отандық инвестициялардың көлемiн арттыруда, шетелдік
инвестицияларды қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруды, ол
инвестицияларды өнеркәсіп саласына бағыттауды және шетелге инвестиция
шығаруда отандық корпорациялардың инвестициялық саясатының маңыздылығы
жоғары екендiгi белгiлi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiнгi таңда елiмiз үшiн
маңызды болып отырған Қазақстандағы шетелдік тікелей инвестицияларының
тиімділігі деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi халықаралық инвестициялық
істесуде Қазақстан үшін шетел инвестицияларының тиімділігін анықтау және
отандық кәсіпорындар инвестициялық саясаттарын тиiмдi жүргiзiп оны
экономикада iске асыра бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта экономиканың
шикiзат бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсер
едi.
Елдiң негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық
ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi. Ал осы
инновациялы өндiрiстi дамыту үшiн ең бiрiншi инвестициялық қолдау көрсету
қажеттiгi туындайды. Ал мұндай мол инвестиция тартудың бірден-бір жолы
шетелдік инвестициялардың келуіне қолайлы жағдай жасау болып табылады және
ол инвестициялардың өндірістің өнеркәсіп саласына бағытталуын ынталандыру
керек.
Осылайша мен, курстық жұмысты орындау барысында келесiдей мақсаттар
мен мiндеттерді қарастырып өтпекшімін:
• Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi
дамуындағы қажеттiлiгiн аанықтау;
• Халықаралық инвестицияның экономика дамуындағы маңыздылығын атап өту,
шетелдік инвестициялардың қайнар көздерін анықтау;
• Халықаралық инвестициялық істесудің экономиканың негiзгi капиталын
жандандырудағы маңыздылығын анықтау;
• Елiмiздiң мұнай және газ саласы бойынша қызмет етiп отырған
корпорациялардың инвестициялық саясатының қажет болып отырған негiзгi
бағыттарын ұсыну және оларға шетелдік инвестиция тартудың негізгі
салаларын анықтау болып табылады.
• Шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикада тиімді пайдалануды
қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажеттіліктері.

1.1 Инвестиция мән мағынасы, түрлері және қайнар көздері
Инвестиция дегенiмiз табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметке
салынған мүлiктiк және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрi.
Инвестициялық қызметтiң негiзгi мақсаты кәсiпкерлiк табыс табыс пен пайыз
алу болып табылады.
Коммерциялық практикада инвестицияның келесi үш түрiн көрсетуге
болады:
• Физикалық активтегi инвестициялар;
• Ақшалай активтегi инвестициялар;
• Материалдық емес активтегi инвестициялар.
Бағалы қағаздар арқылы жүргiзiлетiн инвестицияларды портфельдi
инвестициялар деп атайды. Қаржылық инвестицияларға – акционерлiк
кәсiпорындар немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да
бағалы қағаздар, банктiк депозиттерге салымдар жатады.
Ал физикалық активтегi инвестициялар нақты инвестициялар болып
табылады. Нақты инвестициялар бұл өндiрiстiк капиталға ( құрылыс, машина
әне құрал-жабдықтар, ақпарат тарту, байланыс) салынған капиталдық салымдар.
Бұлардың барлығы экономикада қозғалмайтын мүлiктермен байланысты.
Сыртқы инвестициялар тiкелей және портфельдi болып бөлiнедi. Тiкелей
немесе тура инвестициялар кәсiпорынды басқаруға қатысуға құқықтар бередi,
ал портфельдi инвестицияларда мұндай құқықтар болмайды.
Инвестициялар сондай-ақ пассивтi және активтi инвестициялар болып
бөлiнедi:
Пассивтi инвестициялар - кәсiпорынның ескiрген құрылғыларын жаңарту
және қызметкрлер мен жұмысшыларды даярлау мақсатында жұмсалатын
инвестициялар.
Активтi инвестициялар – кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру
мақсатында салынған инвестициялар.
Инвестициялық жобалау – бұл техникалық комплекстегi документтердi
талдау, яғни техника-экономикалық негiздегi ( сызбалар, түсiндiрме
жазбалар, инвестициялық жобаның және т.б. материалдардың бизнес-планы).
Инвестициялық жобалаудың негiзгi бөлiгi инвестициялық жобаның құнын
анықтайтын смета құру болып табылады. Кәсiпорын жобасы техникалық,
құрылыстық және экономикалық бөлiмдерден тұрады.
Инвестициялық саясат немесе инвестициялық жоба ұғымы екi мағынада
қолнылады:
• Бiрiншi – белгiлi бiр нәтижелерге жету мақсатында және қандай да бiр
қызметтi iске асыруға бағытталған iс-шаралар, әрекеттер жиынтығы;
• Екiншi – қандай да бiр қызметтi iске асыруға негiзделген ұйымдық-
құқықтық және қаржы-есептiк документтер жүйесi.
Жобаны әзiрлеудiң және iске асырудың кезеңдерi:
• Инвестициялық ойды қалыптастыру;
• Инвестициялық мүмкiншiлiктердi зерттеу мен талдау;
• Құрылыстың, реконструкцияның, объектiнiң техникалық қайта
жабдықталуының техника-экономикалық негiздемесi;
• Келiсiм-шарт документтерiн дайындау;
• Жобалық документтердi дайындау;
• Құрылыстық-монтаждық жұмыстар;
• Объектiнi эксплуатациялау, экономикалық көрсеткiштерге талдау жүргiзу.
Инвестициялық ойды қалыптастыру келесi жағдайларды қарастырады:
• Ойды таңдау және алдын-ала дәлелдеу;
• Техникалық шешiмнiң инновациялық, патенттiк және экологиялық талдауы (
техника объектiлерi, ресурстар, қызметтер ), яғни жобаны iске асыруға
кедергi болатын ұйымдардың жағдайын ескеру;
• Сертификациялық қажеттiлiктердiң орындалуын мiндеттi түрде тексеру;
• Инвестициялық идеяның ұлттық, аймақтық және салалық басымдықтарын
алдын-ала көрсету;
• Жобаны iске асыруға мүмкiншiлiгi бар кәсiпорынды, ұйымды алдын-ала
iрiктеу;
• Реципиенттiң ақпараттық меморандумын дайындау.
Инвестициялық саясатты құра бастау мен оны iске асыру мерзiмiн
инвестициялық цикл деп атайды. Инвестициялық цикл үш кезеңнен тұрады:
• Инвестициялауға дейiнгi кезең – алдын ала зерттеулер мен инвестициялық
жобаны қолдануға шешiм қабылдағанға дейiнгi мерзiм;
• Инвестициялық кезең – нақты түрде өндiрiске немесе қызмет көрсету
саласына, құрылысқа инвестиция жұмсау;
• Өндiрiстiк кезең – кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ұдайы өндiрiс
мерзiм уақыты аралығы.
Осы кезеңдердiң әрқайсысының периодтары мен жекелеген мақсаттары бар.
Инвестициялау алдындағы кезеңде инвестор және инвестиция тартушы
кәсiпорындар алдын ала әр түрлi зерттеулер жүргiзiп, тиiмдi варианттарды
қарастырады. Бұл жағдайды келесi схемадан көруге болады:
Инвестиция объектiлерi болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет
түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы
және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар
жатады. Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей
ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк
маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай
өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық
жұмыстарға қатысу.
Сурет-1 – Инвестициялық саясаттың жүзеге асу кезеңдерi
Сондықтан да инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты болып ғылыми-
техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың жаңа
сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен оны
iске асыру болып табылады. Инвестицияның қарқынды мөлшерi әсiресе негiзгi
өндiрiс құрал-жабдықтарының 80% ескiрген, өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi сан-
алуан болып келетiн Қазақстан Республикасы үшiн маңызы ерекше.
Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы
қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал ол үшiн даму
жағынан артта қалған және дамушы елдерге тән, шығындық өндiрiске алып
келетiн шикiзаттық экономикадан тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз
ететiн жоғары индустриялы-техникалық өндiрiстi қамтамасыз етiп, бәсекеге
қабiлеттi тауарлар мен қызметтер өндiруiмiз керек. Ол үшiн елiмiз
экономикасына көп мөлшерде инвестиция тартылып және олар тиiмдi салаларға
жұмсалуы тиiс. Ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып келетiн өңдеушi салаларға
шетелдiк иныесторлар қаржы салуға ынталы емес, себебi олар үшiн
инвестицияны салып, одан жылдам пайда түсiретiн шикiзаттық өндiрiстер
тиiмдi болып отыр.
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық
өндiрiске салынуда.
1.2 Шетелдік инвестиция экономикалық дамудың катализаторы ретінде
Инвестиция – экономикалық стратегияның маңызды элементі. Өйткені
қазіргі экономика жүйесін дамыту кезеңінде ішкі қаржылындыру көздерінің
мүмкіндіктері жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және оны
тиімді пайдалану мәселелері өте маңызды орын алуда.
Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан
экономиканың өндірістік негізі – халықаралық өндіріс жүйесін дамыту.
Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның
капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге
ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі
біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.
Әлемде салымдарының көлемі бойынша ең ірі 100 трансұлттық компаниялар
өндірісі дамыған елдерде орналасып, олардың шетелдерге инвестиция
салымдарының көлемі 1,4 трлн доллардай бағаланып отыр. Осы аталған
компаниялар негізінен АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Корея елдері
жатады. Осы компаниялардың стратегиясы тікелей шетел инвестицияларының өсе
түсуін мақсат етеді. Әлемдегі осы алашқы 100 компанияның үлесі 42%-ды
құрайды. Бұл трансұлттық компаниялардың негізгі бөлігі экономикасы дамыған
елдерге тәуелді, ал дамушы елден шыққан трансұлттық компаниялар Оңтүстік
Кореяның Дэу, Сингапурдың Крейтив технолджи (компютерлік мультимедиялық
рыноктың 60%-ын құрайды) компаниялары жатады.
Соңғы 10-20 жылда шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қазіргі жаңа
индустриялы елдер аталып кеткен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне бағытталды.
Осындай шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және оларға қолайлы орта
қалыптастыруда шетелдік инвестициялардың алатын орны ерекше болды. Жоғарыда
атап өткен қазіргі шетелге инвестиция шығарушы елдер қатарына кіріп отырған
Оңтүстік Корея Республикасының өзі кезінде ұлттық экономикасын шетелдік
инвестициялар арқылы дамытқан болатын. 1992 жылы осы аталған елдер қатарына
кіретін Қытай ең көп шетел инвестицияларын қабылдаушы ел болды. Осының
негізінде Азиялық инвестициялық бумға Қытай экономикасы үлкен әсер етті.
Инвестициялық стратегия ұзақ мерзiмдi кезеңдегi жоспарланған
инвестициялардың және шетелдік инвестициялардың тұрақты дамуын, оларды
тартудың және шығарудың тиiмдi жолдарын көрсету, жалпы болашақтағы
инвестициялық бағдарларды айқындайды. Ал осы инвестициялық стратегияның
iске асуы үшiн кәсiпорын белгiлi мерзiм аралықтарында және рынок
құрылымының өзгерiсiнде инвестициялық саясаттарды iске асырады. Осы
инвестициялық саясаттарды iске асырғанда келесi қағидаларды ескеру қажет:
• Қарастырылып отырған шараларды экономикалық, ғылыми-техникалық,
экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiктерiн максималдау;
• Шетелдік капитал салымдарынан түсiп отыратын ұсыныстарды тиiмдi
инвестициялау;
• Пайдалы емес жобаларды iске асырғанда ақша ресурстарын тиiмдi
пайдалану;
• Шетелдік инвестицияның тиiмдiлiгiн арттыруда мемлекеттiк қолдауларды
қажет ету;
• Шетел инвесторларыннан несие және қарыз алуда белгiлi бiр
жеңiлдiктерге ие болу;
• Инвестициялық тәуекелдiлiктердi минималдауды қамтамасыз ету және
инвестициялық ортадағы бәсекелiктi ескеру;
• Шетелдік инвестицияларды сақтандыру және коммерциялық
тәуекелдiлiктерге кепiлдеме берiлу жағдайлары.
Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық
жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы
техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық акционерлер,
несиелеушiлер және шетелдік инвесторлар қатысады.

2.1 Шетелдік инвестиция негізінде экономикасы дамыған ел (Оңтүстік Корея
мысалында)
Ал дамушы елдер iшiнде индустриялы-инновациялы, технологиялары дамыған
және өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытып, қалдықсыз өнеркәсiптi iске
асырып отырған әлемдегi жаңа индустриялы елдердi атап өтсек болады. Олардың
iшiнде экономиканы қысқа мерзiмде тиiмдi реформалап, дамудың жоғары
дәрежесiне жеткен Оңтүстiк-Шығыс Азияның елдерiн атауға болады. Бұл елдер
20-30 жыл iшiнде әлемдiк шаруашылықта “Азия жолбарасы”, “Азия айдаһары”
деген атпен дүниежүзiне белгiлi болды. Бұл елдерге:
1. Оңтүстiк Корея;
2. Тайван;
3. Китай;
4. Сингапур;
5. Малайзия;
6. Индонезия;
7. Гонконг елдерi жатады.
Бұл аталған дамушы елдердiң барлығы экономиканың шикiзаттық бағытынан
қол үзiп, дамудың индустриялы, жоғары технологиялы жолына түсiп, бүгiнде
әлемдегi дамыған жетiлiк елдермен бәсекеге түсуде.
Олардың мұндай өсудiң жоғары деңгейiне және тиiмдi экономикалық жолға
түсуiне осы елдерде жүргiзiлген экономикалық реформалардың жемiсi және
тиімді жүргізілген инвестициялық саясаттың нәтижесі деп айтсақ болады. Бұл
елдерде мемлекет тарапынан экономиканы тиiмдi реформалау кезеңдер арқылы
және даму стратегиялары арқылы iске асты.
Әрине Қазақстан Республикасы үшiн экономикалық өсудiң жоспарын жасауда
осы елдерден үлгi алу бiздiң ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып табылады.
Сондықтан осы елдердiң экономикалық дамуының ерекшiлiгiн талдап, оның
елiмiз экономикасы үшiн қолайлы жақтарын анықтау бүгiндегi тапсырмалардың
бiрi. Осылайша мен мысал ретiнде осы шетелдердiң экономикалық өсуiнiң
процесiне тоқталып өтудi жөн көрдiм.
Осы дамушы елдердiң бiрi, бүгiнде әлемдегi әйгiлi жетiлiкке бәсекелес
болып отырған Оңтүстiк Корея Республикасы. Бүгiнде бiрде-бiр ел өзiнiң жаңа
өнеркәсiп салаларының дамуы, экономикасы жағынан Жапония, АҚШ және Еуропа
елдерiмен бәсекелес бола алмаған едi. Ал қазiр Оңтүстiк Корея компаниялары
мен фирмалары электротехника, метал өнiмдерi, машина жасау, текстильдi және
т.б. тауарларды өндiруде жоғары табыстарға жетiп, жаңағы аталған дамыған
елдермен бәсекеге түсуде.
Оңтүстiк Кореяның әлемдiк саудадағы үлесi 80-шi жылдары 10%-ға өстi.
Сол уақытта Оңтүстiк корея Рспубликасы темiр бұйымдарын экспорттаудағы
үлесi 57%, 52,4% - түссiз телевизорлар экспорты, 41,8% - ақпаратты талдау
құрылғылары, 40,9% - ер адамдар көйлегi мен синтетикалық маталар, 32,2% -
металдық контейнерлер экспорттады 7.
Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары
азайып, халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып,
ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.
Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды
1962 жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп
отырды. Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға
бағытталды.
Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл
өнеркәсiпке салынды. Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi
жылдардағы инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол
инвестициялардың 46 млрд. доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы
қарыздар негiзiнде көрiнiс тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi
бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар негiзiнде берiлдi.
Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс
объектiлерiнiң, темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй
секторы, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына
салынды. Жеке кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң
экономикалық активтi қызмет етуiне себепшi болды.
Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк
инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар
негiзiнде қызмет еттi.
Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi
кезеңiнде жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы
елдiң қажеттi деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi. Шетел
инвестициялары арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық
негiзде жұмыс iстедi.
Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар
келесi талаптарға жауап бере алса:
• Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр
жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);
• Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын
60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);
• Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен
араласапауы қажет.
Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық
аймақтардың болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам
арнайы өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен
қызметкерлер еңбек етедi.
Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады.
Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа
шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз
инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн
капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге
белгiлi.
Оңтүстiк Кореяның шетелдiк энергетикалық ресурстардың қайнар көзiне
мұқтаждығы Жапония, Тайвань, Сингапур сияқты жоғары болып табылады. Елде
табиғи ресурстардың көзi өте аз. Сондай-ақ елде әскери шығындарда жоғары,
өйткенi жаңында Солтүстiк корея Республикасы орын тепкен. Елдегi әскери
шығындарға ЖҰӨ-нiң үлесi 5% , ал Жапонияда әскери шығындар ЖҰӨ-нiң 1%-ын
құрайды.
Корея елiнiң экономикалық өсiмiнiң басты факторларының бiрi елдегi
жұмыс күшiнiң арзан болуы. Оған себеп корей халқының ұлттық менталитетi,
яғни халықтың еңбек сүйгiштiгi, тыянақтылығы, жұмыс берушiлерге
жауапкершiлiкпен қарауы екендiгi белгiлi. Мысалы, 1985 жылдары Жапонияның
жұмысшыларының еңбекақысы жылына орта есеппен 14,1 мың АҚШ долларын құраса,
ал Кореяда бұл көрсеткiш 3,6 мың доллар болды. Сондай-ақ елдегi жұмысшы
күшiнiң арзан болуы шетел инвесторлары үшiн қолайлы ортаны қалыптастырды.
Сонымен соғыстан кейiнгi жылдары Корея экономикалық өсуiн үш кезеңге
бөлуге болады:
Бiрiншi кезең (1961-1965ж.ж.) – ел алдындағы негiзгi мәселелердi
анықтау, дамудың тиiмдi жолдарына экононмиканы бағыттау. Бұл кезеңде
кономиканың негiзгi бағыты жылдам және тиiмдi түрде ел экономикасын
индустриялау, ол үшiн шетел инвестицияларына қолайлы ортаны қалыптастыру;
Екiншi кезең (1966-1980ж.ж.) – экономикалық саясаттағы даму
модельдерiн жан-жақты қолдау және өсудiң жаңа көздерiн үзбей iздестiру.
Экономикадағы өндiрiстi қатаң түрде экспортқа бағыттау, осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz