Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі


ӘЛЬ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт саясаты: мәселелері және келешегі
Орындаған: ХҚ. II-К. Тортаев А. Т.
Ғылыми жетекші: с. ғ. к. Қайдарова Ә. С.
Алматы 2009 ж
ЖОСПАР
- Кіріспе . . . 3-10
- Негізгі бөлім
1. 1 ТАРАУ. Қазақстандағы ұлт саясатының бүгінгі ахуалы . . . 11-17
1. 2 ТАРАУ. Ұлт саясатын дамытудың басым бағыттары . . . 18-26
III. Қорытынды . . . 27-30
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы қоғамының бар саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Көп бағытты реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін бағыты ұлт саясатындағы реформалар. Себебі, біріншіден, ұлт мәселесі адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты болғандықтан және ұлтаралық қатнастар қоғамда үнемі орын алатындықтан мұндай мәселелер күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің ұлт саясаты халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп отырады. Мемлекеттегі ұлт саясаты қоғамның бар саласына әсер ететін ықпалы мол. Сонымен бірге әлемдегі ұлт саясаты ең ауқымды қиындық туғызып отырған шешімсіз мәселеге айналып отыр. Этностар немесе ұлттар жер шарының түгелге жуық мемлекетінде болғандықтан бұл мәселенің Қазақстан Республикасы үшін де маңызы жоғары. Ғаламдану жағдайында этникалық және ұлттық болмысты сақтау мақсатындағы қозғалыстар күшейе түсуде. Көптеген этностардың өзін-өзі билеу, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы күрестері де толастар емес. Осындай құбылыстар нәтежиесінде Жер шарының көптеген нүктелерінде ұлттық, этникалық қайшылықтар орын алуда. Ұлттардың араласуын, жақындасуын және біртіндеп жойылуын бастайтын әлемдік жаһандану үрдістеріне қарсы ұлттық өмірдің оянуының және жандануының күресі басталғаны байқалып отыр. Сондықтан, бұл жағдайда Қазақстан Республикасында сандаған этностар мен ұлттар мекен ететіндіктен елде ұлт саясатын жүргізу мәселелерінде тиімді реформалар мен үлкен жауапкершіліктің қажеттілігі сезіліп тұр.
Зерттеу жұмысының пәні: Қазақстан Республикасының ұлт саясатының қалыптасуы мен жүзеге асыру тетіктері; ұлттық саяси институттар мен азаматтық ұйымдар мемлекеттің ұлт саясаты үрдісіндегі іс-әрекеттері мен өзара байланысы.
Зерттеудің негізгі нысаны: Қазақстан Республикасының ұлт саясатының негізгі бағыттары және оны жүзеге асырудағы саяси институт ретіндегі мемлекеттің атқарып отырған қызметі болып табылады.
Зерттеу тақырыбының мақсаты: Жаһандану жағдайында Қазақстандағы ұлтаралық қатнастардың бүгінгі ахуалын саралай отырып, көпұлтты Қазақстанның ұтымды ұлттық саясат жүргізуінің басым бағыттарын анықтау, демографиялық ахуал, этностардың тарихи ерекшеліктері, қадір-қасиеті мен азаматтық жауапкершілікке негізделген бірізді Қазақстандағы ұлт саясатының тұрақтылыққа негіз болатын мәселелерін қарастырамыз. Сонымен қатар біз өткенді бағамдай отырып ұлттық құндылықтардың, бүгінгі күннің ұлт саясатындағы жаңғырту жолдары мен бағыттарын көрсету арқылы ұлт саясатының мән-жайын талдауға тырсамыз және зертеудің негізгі бағытын айқандай түсеміз. Сонымен бірге елдегі жаңа ұлт саясатының бастауы, бүгінгі ұлттық түсініктердің қарама-қайшылық тұстары мен ахуалы, елдегі ұлт саясатының басым бағыттары мен мақсаты, мәні, Қазақстандағы ұлт саясатындағы ұлтаралық келісім мәденитінің келешегі . Елбасы Н. Ә Назарбаевтың ұзақ жылдарға бағытталған ұлт саясаты болашағының мәнін ашу оны жүзеге асыру механизімдерін жаңғырту.
Ұлт саясатын нақтылауды жетілдіру― бұл тұрақтылық пен келісімді нығайту мақсатын айқындаумен қатар ұлттық бірегейлену механизімдерімен байланыстыру деп түсінгеніміз дұрыс. Демек, ұлттық бірегейліктің саяси мәні де сол, ол бүгінде Қазақстанның бүкіл азаматтарының, ұлттарының, этностарының, қауымдастықтарының мәдени, рухани ерекшеліктерін ескере отырып, тұтас демократияның қалыпты дамуына әсер ету. Ұлт саясатында ұлттық бірегейлену―бұл белгілі бір саяси, мәдени, діни т. б. құндылықтар негізінде топтасып, елдегі ұлттық қамсыздандыруды әлеументтік қауымдастық мүдделерімен ұштастыра отырып ортақ құндылықтарға қол жеткізу. Қазақстандағы көптеген этностық топтардың құқы мен еркін сыйлау - біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі-ұлт саясатын жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14- бабы бойынша ешкімді ұлтына, нәсіліне, тіліне, дінге көзқарасына байланысты кемсітуге болмайды. Сонымен бірге мемлекетіміздің басты стратегиялық құжаты - «Қазақстан 2030» бағдарламасына сәйкес елімізде ұлт саясатын дамыту мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Бір қарағанда, мемлекетте ұлт саясатын жүзеге асыру деген мәселелердің күрделілігі байқалмай түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез˗келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі қиын болады. Өйткені ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың өмірінде қарапайым таралады және жағдайға байланысты кейде қыр көрсетулерден сезіледі. Әлемде ұлт саясатын жүзеге асыруды тұрақтылықпен ұштастыру мәселесі ескерілгенімен көбіне˗көп сақтала бермейді. Тіпті өркениетті елдердің өзінде ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде қиындықтар туғызып отыр. Осы тұста Қазақстан Республикасында ұлт саясатының тұрақтылыққа негізделген тұжырымдарын айқындап, оны жүзеге асырудың тетіктерін жетілдіру қажеттігі сезіліп тұр. Ұлт саясаты мәселелері бойынша тиімді ғылыми ұсыныстар жасаудың маңызы зор. Мұнда ең алдымен жан˗жақты шет елдер тәжрибелерін, елдің құрылымдық нысанын, көпұлты этностар мен диаспоралар жағдайын, ұлттың тарихи қалыпы, рухани деңгейі мен экономикалық жағдайы, тілі, ділі, діни ерекшеліктерінің тұтастай зертелуін басшылыққа алу керек.
Ғаламдану жағдайында этникалық және ұлттық болмысты сақтау мақсатындағы қозғалыстар күшейе түсуде. Көптеген этностардың өзін-өзі билеу, тәуелсіз мемлекет құру жолындағы күрестері де толастар емес. Осындай құбылыстар нәтежиесінде Жер шарының көптеген нүктелерінде ұлттық, этникалық қайшылықтар орын алуда. Ұлттардың араласуын, жақындасуын және біртіндеп жойылуын бастайтын әлемдік жаһандану үрдістеріне қарсы ұлттық өмірдің оянуының және жандануының күресі басталды, - деп есептейміз. Ұлттық, этникалық жандану да әлемдік қозғаушы үрдістің біріне айналатын сыңайы бар. Ақпараттық, шаруашылық, финанстық, мәдени ғаламдану үрдістері этникалық өзін-өзі сақтау үрдісін басып тастай алмай отыр. Сол себепті ұлттық өмірді танудың ғылыми-тәжірибелік маңызы арта түсуде. Ол үшін ең алдымен «ұлт» ұғымының мәнін бүгінгі саяси және әлеуметтік шындық тұрғысынан қайта сараптауға деген зәрулік туды. Ұлт-ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт- дәстүрі мен ділі бар адамдардың әлеуметтік қауымдастығы. Ұлттың ұлы-кішісі жоқ. “Адамдардың ақыл-парасаты оның бойымен өлшенбейтіні сияқты, ұлттың ұлылығы халқының санымен өлшенбейді”, деген француз жазушысы Виктор Гюго. Бүгін небәрі жетпіс мың халқы бар оңтүстік осетиндер мен жүз мыңға жуық абхаздардың тағдыры бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Жер жүзіндегі ұрыс-соғыстардың 70 пайызы этносаралық сипат алады екен. Этностар араласқан тұста оқшаулану, алалану, шеттетумен қатар жақындасу, жалғасу, тұтасу бірге жүреді. Ұлт саясаты осы диалектикалық қарым-қатынастардан, қайшылықтардан бастау алады Сонымен бірге көптеген ұлттардың ортақ территориясы, ортақ экономикасы сол ұлт өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Ұлт қалыптасуында адамдардың бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалық тек те маңызды рөл атқарады. Осындай талаптар тұрғысынан қарастырғанда ұлт және этнос ұғымдары біріне - бірі өте жақын; екіншісінен біріншісі туып, қалыптасады. Ұлт этникалық қасиеттердің және сапалардың толысқан, піскен кезеңі деп бағалауға болады. Ұлттар этникалық белгілерге қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады. Бірақта, әлемдік философиялық және саяси- әлеуметтік ойда «ұлт», «этнос» категориялары туралы бір арнаға тоғысқан түсінік осы күнге дейін жоқ. Сондықтан ұлт, этнос ұғымдарын дұрыс түсінудің ғылыми ғана емес саяси-практикалық маңызы өте ауқымды. Бұл ұғымдар әлемде болып жатқан этникалық қайшылықтарды, қақтығыстар мен соғыстар мәселесін шешуде дұрыс жолды таңдауға көмектеседі. Себебі, этникалық қайшылықтар қазіргі әлемдік қатынастардағы жағдайда ең күрделі қайшылықтар қатарында қалып отыр. Этникалық процесстер өте күрделі, құпия құбылыстарға, және ланттеті субъективті факторларға тікелей қатысты. Жаһаңдану заманында ұлттық өмірді сақтау, жандандыру үшін күрес бір сәт толастамай отыр. Көптеген халықтар мен ұлттар тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылыс жасауда. Ұлттық өмірді күйретіп, біріккен жаңа ортақ ұлт жасауға ұмтылған Кеңес Одағы, сияқты мемлекеттер ұлттық өмірдің табиғи жандануына қарсы күресте дәрменсіздік көрсетіп күйреуге мәжбүр болды. Жер шарындағы ұлттар мен этностар саны 2 мыңнан астам. Олар 5 мыңнан астам түрлі тілдерде сөйлейді. Соның ішінде 330-дай этностың ғана 1 миллион және одан көп өкілдері бар. Демек, 1700 дей этносты 1 миллионға жетпейтін адамы бар аз санды этностар қатарына жатқызуға болады. Осыншама көп санды ұлттар мен этностар әлемде 200 ден астам мемлекеттерге біріккен. Әлемдік геосаясатта көпұлтты мемлекеттер шешуші рөл атқарады. Себебі әлем мемлекеттерінің 90 пайызы көпұлтты, немесе, көпэтникалық мемлекеттер болып табылады. Көптеген көпмиллионды халқы бар этностардың жеке, тәуелсіз мемлекеттері жоқ. Олардың қатарына курдтарды, ұйғырларды, палестиналық арабтарды т. б. Ұлттық өмір өте күрделі екендігін осы деректерден ақ көруге болады. Мысалы, Таяу Шығыстағы еврейлер мен арабтардың жер үшін таласы, ІПешен - халқының Ресейден бөлек ел болу талабы сияқты этноқайшылықтар ұзақ жылдар бойы үздіксіз жалғасуда. Саны бірнеше мың ғана болатын этникалық топтар аса жылдам ассимиляциялануда. Мысалы, 1939 жылы Кеңес Одағында 193 этностар тіркелсе, 1959 жылы 20 жыл мерзімінен кейін 135-тей ұлттар мен ұлыстар ресми тіркелген. 60- қа жуық саны аз, немесе тым аз этникалық топтар жойылып, ассимиляцияланып кеткен. Аз санды халықтарды жұтып алып оның жерімен қазба байлықтарын иемдену ірі, көп санды ұлттар отаршылдық дәуірінен бірінен қарай жүргізіп жатқан саясат. Ғаламдану заманында басым ұлттар бүл саясаттың сыртқы формаларын өзгертіп жаңаша жүргізуде. Ірі титулды этностардың көп этникалық мемлекттердегі аз санды этникалық топтарды ассимиляциялау арқылы жұту, жоғалту саясаты толастар емес. Ұлт саясаты бір жолға, болмаса төтенше жағдайларға байланысты қабылданатын шаралар емес, оның мұқият қадағалайтын тұстары көп. «Ұлт» пен «этнос» ұғымдары туыстас, жақын ұғымдар. Бір халыққа байланысты ұлт, этнос ұғымдарын алмастырып қолдану объективті шындықты бұрмалау болмайды. Мысалы, қазақ ұлты- қазақ этносы, орыс ұлты-орыс этносы деп айтсақ әлеуметтік шындықтан алшақ кетпейміз. Сонымен бірге әлемдегі түрлі этностар қалыптасуы процесі әр қилы, өте күрделі Жер шарындағы 2 мыңнан астам этностардың әр қайсының жеке этнос ретінде өз болмысы мен ділін сезінуі әр түрлі жағдайда өтеді. Демек, осы уақытқа дейін үстем болып келген ұлт белгілерін айқындайтын универсалды схемаға ұмтылу дұрыс емес. Әлем халықтары қаншама әр түрлі болса, этносжасаушы факторлар да соншалықты көп. Әр халық тарихи тағдырға, ішкі саяси ахуалға, экономикалық даму талаптарына сәйкес ұлт болып қалыптасады. Кейбір ұлттар қалыптасуыңда шешуші рөлді ортақ экономика, ортақ территория, ортақ мемлекет атқарса, келесі этностың өмірге келуінде ортақ тіл, ортақ тағдыр, ортақ психология мен діл (менталитет) шешуші маңызға ие. Үшінші этностық дүниеге келуі ортақ тіл, ортақ тағдыр, ортақ тарих пен бір тамырдан шығаратын ортақ этногенетикалық тек болады. Төртінші топтағы этностар қалыптасуы адамдардың жаңа өмірлік кеңістік, жаңа жер іздеуі барсында болғаны анық. Этнос деп ортақ тілі, қалыптасқан мәдениеті, біріктіруші салт-дәстүрі мен ділі бар адамдардын әлеуметтік қауымдастығын атайды. Сонымен бірге көптеген этностардың ортақ аймағы, ортақ экономикасы, сол этнос өкілдерін біріктіретін мемлекеті болады. Этнос қалыптасуында адамдар бірлігінің бастауы болатын ортақ этногенетикалык тегі де маңызды рөл атқарады. Осындай талаптар тұрғысынан карастырғанда, ұлт және этнос ұғымдары бір-біріне өте жақын; екіншісінен біріншісі туып, калыптасады. Этнос этностық касиеттердің және сапалардың толысқан, піскен кезеңі деп бағалауға болады. Этностар этностық белгілерге қоса, саяси, экономикалық және әлеумнттік белгілерге ие болады. Қазақ этносын қалыптастыратын этножасаушы белгілерге келетін болсақ, шешуші белгілер ретінде қазақтың ортақ атамекені, ортақ мемлекетін, ортақ тілі мен ділі, ортақ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ортақ менталитет, ортақ тарихи тағдыры мен психологиялық ерекшелігі, ортақ этногенетикалық тегінің болуын атауға болады. Қазак этносының кейбір белгілері өте нақты, айқын болса, кейбір белгілері әлі де әлсіз, даму мен қалыптасу жағдайында. Қазақ ұлтының тілдік, мәдени, дәстүрлік, ділдік дағдарысы осы Кеңес Одағы кезеңінде тамырланып кетті. Қазақ ұлты тілдік дағдарысын осы уақытқа дейін шыға алмай келеді. Оның дәлелі 2006жылы Қазақстан халқының 60 пайызын құрған 9 миллион қазақтың 2 миллионға жуығының, ол қазақтардың 17 пайызының ана тілін осы уақытқа дейін білмейтін жағдайда болуы. Қазақ ұлтының тарихи тағдыры көпұлтты біріктіретін бір ұлт өкілі басым мемлекеттерде аз халықтардың тілдік және мәдени дамуына үлкен кедергілер болатындығын толық дәлелдеді. Біздің пікірімізше «ұлт» дегеніміз «этнос» негізінде пайда болатын әлеуметтік қауымдастық. Ұлттық белгілер этникалық белгілерден туындайды. Белгілі бір халықтар топтарын ұлтқа, этносқа, халыққа, тайпаға бөліп қатаң иеархия жасау қателік. Бұл идеялар марксистік әлеуметтік-экономикалық формациялар теориясына иек артқан. Сонымен жаһандану заманында “дүние жүзі - бір ел” деген қағида жиі қайталанады. Бұл пікірмен келісуге де, таласуға да негіз көп. Әлем халықтарының мидай араласып, өзара ықпалдасып, байланысып, ортақ тіл табысып жатқаны анық. Сонымен бірге, тегі, тілі, діні, басқа да ортақ құндылықтар адамдарды жақындататыны соншалықты, басқалардың “бөтендігі” көзге ұрып тұрғандай. Кеңес одағын дүр сілкіндірген, Югославияны қанды жанжалдардың майданына айналдырған, жер жүзінде талай қайшылықтар туғызатын - ұлттық қозғалыстар. Мемлекеттің басқа салалары сияқты ұлт саясаты да реттеуші, бақылаушы қызмет атқарып, ұлтішілік, ұлтаралық қатынастарды белгілі бір арнаға - келісімге, көндіруге, үстемдікке - бағыттап отырады. Демократиялық бағыттағы саясат - әртүрлі ұлттар мен этностық топтардың экономика, билік, мәдениет, тіл, дәстүр, басқа да мүдделерін үйлестіруге арналған іс-әрекеттер, амал, әдіс-тәсілдер мен жолдар. “Кішкене кілт үлкен сандықты ашады”, дейді намысқой кавказ халықтары. Әр ұлт ерекше құндылықтардың иесі, бір кілтпен барлық ұлттардың жүрегіне жол табу мүмкін емес. Ұлт саясатының негізгі бағыттары ұлтаралық ахуалды талдау, оның алаңдататын тұстарын саралау, қауіп-қатерлердің алдын алу, саяси, әлеуметтік, рухани өмірдің маңызды тұстарын қадағалау, болашақ үдерістерді болжаудан тұрады. Ал жанжалдар мен қақтығыстарға себеп көп. тұжырымына қарағанда, ұлтаралық араздық қоздыратын 150-ден астам себептер бар екен. Ұлт мәселесінің төңірегінде қаптаған ақылшылар, кеңесші-арандатушылар да жүреді. Көрші Ресейде ұлтаралық қақтығыста бірнеше жүздеген мың адам құрбан болғанымен, небәрі 15 қана қылмыстық іс қаралып, олардың бірқатары аяқсыз қалған. Сонымен бірге біздің сот әлі де ұлттардың құқына кепіл бола алмай тұрған тұстары байқалады. Ұлтаралық қатынастарды реттейтін заң әлі қабылданған жоқ. Демократияның шынайы не жасанды екенін ұлт мәселесі көрсетеді. Еліміздегі ұлт саясатын жаңадан ой елегінен өткізетін уақыт келді. Осы күнге дейін ұлт саясатын жүзеге асыруды көбіне тек барлық диаспоралардың қамын ойлау деп түсініп, қазақ ұлтына көп ұлттың бірі ретінде қарап келдік. Бүгін елімізде немістердің - 49, кәрістердің - 36, татарлардың - 29, славяндардың - 29, чешен мен ингуштардың - 26, әзірбайжандықтардың - 23, ұйғырлардың - 21, орыстардың - 20, украиндықтардың - 19, еврейлердің - 18, поляктардың - 16, түріктердің - 14, гректердің - 12, армяндардың - 11, белорустардың - 10, дүнгендердің - 10, күрдтер мен өзбектердің 8, казачествоның - 6, түрік пен болғар, дағыстандықтардың - 4, қырғыз бен тәжіктердің - 3, қарашай мен балқарлардың, қытайлық пен шуаш, қарақалпақтардың - 2, ассириялық, чех, балтық жағалауындағы халықтар, грузиндер, осетиндер, лезгиндер, ирандықтар, бұйраттар, венгрлер, румындардың - 1-ден ұлттық бірлестіктері бар. Ал енді Қазақстанда қазақтардың да 40 этнобірлестіктері бар деп жар салу, байырғы ұлттың мәртебесін төмендетпесе, көтермейді. Көптеген мемлекеттерде ассамблеяны кіші ұлттардың ассамблеясы деп атайды, ал мемлекет құрушы ұлттың мүддесі жоғары тұрады. Қазақ ұлтының қоғамдағы орны мен мәртебесін терең түсінбей, тиімді ұлт саясатын айқындау мүмкін емес. Еліміздегі күрделі демографиялық өзгерістер де осыған итермелеп отыр. 1897 жылғы Бүкілресейлік санақ бойынша бүгінгі Қазақстан территориясында қазақтар 81, 7%-ды құраған. Белгілі себептерге байланысты 1959 жылы қазақтардың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендеді. Тәуелсіздік алған тұста қазақтар еліміздің 40%-ын ғана, орыстар 37, 4%-ын құраса, 20%-дан астамын басқа ұлттар құрады. Қазақстанда қазақтарға белгілі бір тілдің, мәдениеттің, діннің, дәстүрдің иесі ретінде көзқарас қалыптаспады, қазақты сыйласа орысша білетін маман, ғалым ретінде сыйлады. Бүгін жағдай өзгерді. Қазақ ұлты еліміздің 60%-ын құрайды, сонымен бірге, басқа ұлттардың үлес салмағы азаюда. 1999-2005 жылдар аралығында түрліше себептерге байланысты еліміздегі орыс, украиндардың, немістердің саны 4, 86%-ға кеміген, ал қазақтар мен түркітілді этностардың саны 5, 55%-ға өскен. Жуырда қазақтар 70%-дан, тегі бір түркітілді этностармен ел халқының 75%-дан астамын құрайды. Ұлт саясатын бүгінгі демографиялық жағдайға бейімдейтін қажеттілік туды. Қазақстандағы әр адам өз жеке басының қамын көбірек ойлайды, ал қазақтарды қазақ ұлтының жағдайы ойландырады. Социологиялық зерттеулер қазақ халқының 15%-ы ғана ұлттың жағдайына қанағат ететінін білдірсе, қалғандардың әр түрлі деңгейде ұлттың жағдайына көңілі толмайды, олардың ішінен 30-33%-ы қазақ мәселесін шешуге белсенді араласуға дайын және бұл топ өсе беруде. Қазақты ойландыратын кедейшілік, тілінің, мәдениетінің жағдайы, сондықтан ішкі саясатты ұлттық тұрғыдан саралау маңызды болып отыр. Ауыл мәселесі қазақтың мәселесіне айналды. 5-6 жылда бұл ішкі энергия сыртқа теуіп, белсенді бағыт алады. Қазақ ұлтшылдығы сөздің жағымды мағынасына ие болып келеді. Ұлт саясатына конъюнктуралық, болмашы мән беріп, мемлекеттің даму стратегиясы деп қарамаған елдер ұлтаралық жанжалдарға жиі ұшырап отырған, себебі қайшылықтардың шешу жолын іздемеген. Осы тарихи тәжірибеден біз де ғибрат алғанымыз дұрыс. Ұлтаралық ахуалға еліміздегі тарихи ағарту жұмыстарының мардымсыздығы, тарихи білімнің тайыздығы, әсіресе Ресейден тонналап келіп жатқан әдебиеттердегі шындықтың бұрмалануы, ақиқаттан аңыздың басым болуы жағымсыз әсерін тигізуде. Сондай-ақ бүгін патша өкіметінің жазалаушы саясаты туралы шындықты айту ұлтаралық қатынастарды шиеленістіреді деген пікір тарауда. Ол қиянатты оқулықтардан алып тастауға болар, ал халық жадынан қалай алып тастаймыз? Кейбір оқулықтарда (профессор З. В. Сикевич “Социология и психология национальных отношений”. Санкт-Петербург, 1999) ұлттарды әр түрлі топтарға бөліп, біреуін ұқыпты, ақылды, еңбекқор, таза, тиянақты десе, екінші біреулерін фанатик, діншіл, террорист, соғысқұмар деп көрсетеді. Мейірімді және мейірімсіз, ақылды да ашушаң, қызба да байсалдылар әр ұлттың арасында кездеседі. Дегенмен, осындай стереотиптер күнделікті тұрмыстық санада кең тараған. Ресей бұқаралық ақпарат құралдарында, ғылыми еңбектерінде бүгін чешендерді жағымсыз етіп көрсетсе, ертең Ресейге ұнамайтын украиндықтарды, грузиндерді, эстондықтарды және басқаларды да ұнамсыз етіп көрсететіндігін қазақстандықтар білуі тиісті. Біз ол ақпараттың жетегінде қалмауымыз керек. Кезінде әйгілі Махатма Ганди: “Кек адамдарды топас етеді” деген. Біздің қоғам кекшілдіктен, жағымсыз стереотиптерден аулақ болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz