Алаяқтық және онымен күресудің проблемалары мен болашақ мәселелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ АКАДЕМИЯСЫ

Ішкі істер органдары басшы құрамын даярлау институты

Ғылыми-педагогикалық магистратура

ИМАНҚҰЛОВА ШОЛПАН АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Алаяқтық және онымен күресудің проблемалары мен болашақ мәселелері

Мамандығы: 6N0303 құқыққорғау қызметі

Ғылыми жетекші:

Қылмыстық құқық саясат және

криминология кафедрасының

бастығы з. ғ. к.

полиция полковнигі

Т. Ә. Бапанов

Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . ………. . 3

1. Алаяқтыққа қарсы күресудегі қылмыстық-құқықтық аспектілері . . . . 9

1. 1. Алаяқтықтың объективтік белгілері … . . . . . . 9

1. 2. Алаяқтықтың субъективтік белгілері . . . . 23

1. 3. Алаяқтықтың сараланған түрлері … . . . . . 32

2. Алаяқтыққа қарсы күресудегі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық шараларды жетілдірудің өзекті проблемалары . . . 40

2. 1. Алаяқтық үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңнаманың нормаларын жетілдірудің қазіргі заманғы проблемалары… . . . 40

2. 2. Алаяқтықты ескертудегі кешенді тәсіл . . . . . . 47

Қорытынды . . . . . 58

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . . 66

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертация Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша алаяқтыққа қарсы күресу мәселелеріне арналған. Зерттеу жұмысында алаяқтыққа қарсы күресудегі криминологиялық және қылмыстық-құқықтық аспектілері талданады, қолданыстағы қылмыстық заңнаманы жетілдіру және оны толықтыру жөнінде ұсыныстар негізделеді. Сонымен бірге диссертациялық жұмыста Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар беріледі және алаяқтықтың алдын алу бойынша әдістер қарастырылады.

Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Нарықтық қатынастардың қарқынды дамуы, Қазақстанның экономикалық өсу жолымен жылжуы, саяси жүйенің модернизациялауы және қоғамның демократизациялауы жағдайында адамның, қоғамның және мемлекеттің әл-ауқатының негізі ретінде жеке меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау проблемасы аса өткір тұр.

Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бағдарламасында «өмірге, денсаулыққа, азаматтың мүлігіне жасалған кез-келген қол сұғушылық - бұл конституциялық құқықтарды бұзу» - деп айтылған [1, 6-б. ] .

Меншік иесі болу жеке меншік ажыратылмайтын құқық туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы 26-бабының 3-бөлігінде «Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін» - деп көрсетілген [2] .

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында ашық нарықтық экономика «жеке меншікті құрметтеу мен қорғауға . . . » негізделу керек деп айтыған [3] .

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында «Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс» деп көрсетілген [4, 18-б. ], ал ажырамас құқықтарының бірі меншік құқығы болып табылады.

Меншік құқығын қорғау кез-келген мемлекеттің міндетті қызметі, олардың қорғау шарттарын қамтамасыз етіп, меншік қатынастарының тұрақтылығына кепілді болуға міндетті.

Қазақстан Республикасының азаматтары заң олардың жағында екеніне сенімді болу керек. «Қазақстан-2030» Жолдауында: «Біз заңның шексіз үстемдігін белгілеуге және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз» - деп көрсетілген [5, 24-б. ] .

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің мәліметтері бойынша 2005 жылы 146347 қылмыс тіркелген, 2006 - 141271, 2007 - 128064, 2008 - 127478, 2009 - 121667, ал 2010 жылдың 4 айында 44501 қылмыс тіркелген (Қосымша А) .

Бүгінгі таңда меншікке қарсы қасақана қылмыстар жыл сайын тіркелетін қылмыстардың ішінде теңдей жартысын құрайды. Сонымен қатар олардың тұрақты өсу үрдісі байқалады. Әсіресе алаяқтық саны қарқынды өсуде. 2009 жылы алаяқтықтың өсуі 2005 жылмен салыстырғанда 15, 3% өскен [6] .

Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуінен бастап алаяқтықтың саны ұдайы өсуде. Осылайша, 2005 жылы алаяқтықтың 8828 фактісі тіркелсе, 2006 - 9901, 2007 - 9710, 2008 - 10219, 2009 - 10180, ал 2010 жылдың 4 айында 4349 фактісі тіркелген (Қосымша Б) .

Алаяқтық - алаяқтың құрбанымен қарым-қатынасы сценарий бойынша құрастырылатын қылмыстың бірегей, керемет түрі екені атап көрсеткен жөн. Осыған орай алаяқтықтың виктимологиялық белгілерін (қасиеттерін) зерттеу өзектілігі туындайды. Бөтен меншікке қол сұғудың осы түріне алдын-алу жүйесін пысықтау барысында осыны ескеру қажет.

Сонымен бірге алаяқтық туралы істер жөніндегі сот-тергеу тәжірибесінің талдауы осы қылмысты саралау барысында біраз қиыншылықтар туындайтынын көрсетеді. Олардың көбі алаяқтық құрамының тек объективтік белгілерін ғана емес, сондай-ақ субъективтік жағын да дұрыс түсінбеумен байланысты. Бұл ретте алаяқтық, алдау мен сенімге қиянат жасау, алаяқтықтың объективтік жағын сипаттайтын әдістер ұғымының анықтамасы керек.

Осы көрсетілген негіздер алаяқтықтың құқықтық және криминологиялық белгілерін кешенді талдауды қажет етіп диссертацияның өзектілігін растайды.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты алаяқтықтың қылмыстық-құқықтық белгілерін және оны тәжірибеде қолдану барысын зерттеу негізінде нарықтық қатынастың дамуы және мүліктік айналымның күрделенуі жағдайында алаяқтықтың алдын-алудағы қылмыстық-құқық және криминологиялық шаралар жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды негіздеу және жасау, қолданыстағы қылмыстық заңнаманың әрі қарай даму жолдары мен әдістерін әзірлеу.

Осы көрсетілген мақсатты жүзеге асыру мынадай міндеттерді шешу арқылы нақтыланады:

- алаяқтықтың «өмір сүруінің, тұрақтануының» әлеуметтік-өнегелі механизміне мағына беру;

- айлакерлердің әрекет жасап жатқан әлеуметтік орта ерекшеліктеріне қарамастан ол әдетте максималды нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін алаяқтық сценарийлердің ерекшелігін ашу;

- қылмыстық заңның потенциалды мүмкіндіктерін әлеуметтік тұрғыдан бағалап, меншік қатынастарын қорғау жөніндегі негізгі функцияларды жүзеге асыру;

- осы қылмыстың конститутивтік белгілер құрамына ең алдымен оның жасалуының негізгі тәсілдеріне сүйеніп алаяқтыққа қылмыстық-құқықтық мінездеме беру;

- сараланған және аса сараланған алаяқтық түрлеріне жауапкершілік ерекшелігін анықтау;

- алаяқтық жаупкершілігі үшін қылмыстық заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды негіздеу;

- қазіргі кезеңде алаяқтықты алдын-алудың кешенді шараларын пысықтау.

Зерттеудің объектісі меншікке қарсы қылмыстарды сипаттайтын қарым-қатынастар.

Зерттеудің пәні қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасы алаяқтық іс-әрекеттерімен байланысты құқық бұзушылықтардың сипаты мен мазмұны.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы зерттеу жұмысында магистрлік диссертация деңгейінде меншікке алаяқтық кол сұғушылыққа қарсы күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері кешенді зерттелді. Қолданыстағы қылмыстық заңнаманың, оның тарихи тәжірибесі мен қолдану практикасының негізінде алаяқтықтың әлеуметтік-құқықтық табиғаты ашылды және оның құрамының негізгі қылмыстық-құқықтық элементтері талданды. Сонымен бірге қылмыстық құқық бойынша алаяқтықтың түсінігіне талдау жасалып және оның анықтамасы берілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстегі алаяқтық нормасының қайта құруы негізделді.

Ғылыми жаңалық мынадай нәтижелерде көрсетілді:

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабымен көзделген негізгі сараланған және аса сараланған алаяқтық құрамының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы ашылды;

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 177-бабының құрылымын жетілдіру және алаяқтық жауапкершілігі үшін қылмыстық заңнаманы қолдану практикасы жөніндегі ұсыныстар негізделді;

- алаяқтың алдын-алуда шаралар кешені пысықталды.

Зерттеудің методологиялық негізін әлеуметтік процесстерді зерттеудің диалектикалық әдісі, ғылыми таным, жүйелі әдіс, логиканың, философияның, мемлекет және құқық теориясының, қылмыстық құқықтың, криминологияның жалпы ережелері құрады.

Диссертациялық зерттеуді жүргізу барысында заң әдебиеттерінде табысты апробацияланған жалпы ғылыми әдістері: тарихи, жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, тарихи-құқықтық, логикалық, сауалнама жүргізу әдістері қолданды.

Зерттеудің теориялық негізін алаяқты саралау мен алдын-алу проблемаларының зерттеуіне үлкен үлес қосқан бұрынғы белгілі ресей ғалымдарының еңбектері құрады олар: Л. С. Белогриц-Котляревский, В. В. Волков, Н. А. Неклюдов, С. В. Познышев, Н. Д. Сергеев, Н. С. Таганцев, И. Я. Фойницкий және т. б., сондай-ақ қазіргі зерттеушілердің еңбектері олар: Г. Н. Борзенков, В. А. Владимиров, Б. В. Волженкин, Л. Д. Гаухман, Л. В. Григорьева, И. А. Клепицкий, С. М. Кочои, В. Д. Ларичев, М. М. Бабаев, А. И. Бойцов, А. Г. Безверхов, В. В. Векленко, Г. А. Кригер, Ю. И. Ляпунов, Б. С. Никифоров, Б. Д. Матмуратов, Л. С. Матышевский, Р. А. Сабитов, Э. С. Тенчов, М. Д. Шаргородский, A. M. Филатов, Ш. И. Чинхоев, П. С. Яни және т. б. Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен Е. О. Алаухановтың, Б. И. Ахметованың, Т. Ә. Бапановтың, Б. Ә. Бегалиевтің, И. Ш. Борчашвилидің, Н. С. Гагариннің, Ж. Г. Калишевтың, Г. Е. Қозыбаевтің, С. М. Кузьменконың, Қ. М. Кучуковтың, Р. О. Орынбаевтың, И. И. Роговтың, Г. Р. Рүстемованың, Син Ритхтің, А. А. Темербековтың, Г. Д. Тленчиеваның, Ш. С. Тогайбаеваның, К. Ш. Укановтың және т. б. кеңінен қолданды.

Диссертацияның нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің және Азаматтық кодекстің, Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылықтар туралы кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әрі қарай күшейту жөнідегі шаралар турады» 1997 жылғы 5 қарашадағы Жарлығының, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңының, Қазақстан Республикасының «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының, Қазақстан Республикасының «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»2000 жылғы 20 сәуірдегі Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысының ережелерінен тұрады.

Сонымен бірге Германия, Франция, Қытай, Испания және басқа шет елдерінің қылмыстық заңнамасының ерекшеліктері есепке алынып мүмкіндігінше қарастырылып, зерттелді.

Қорғауға келесідей тұжырымдар шығарылады:

1. Нарықтық қатынастардың дамуы бұрын болмаған алаяқтық ұрлау нысандарының қарқынды өсуіне, «әдеттегі» алаяқтық шеңберінен шығып оның алуан түрлігіне әкелгенін, ал осы түрлері әлі күнге дейін заңнамалық шешімді таппағаны туралы тезиспен негізделеді. Зерттеу жұмысында кінәлі рольге кіріп ойнап шығатын және жәбірленуші орындап шығатын, ерекше әлеуметтік-өнегелік сценарийлерде негізделген, алаяқтық әрекеттердің табиғаты туралы ереже қорғалады.

2. Алаяқтық әрекеттер саласында оның негізінде туындайтын әлеуметтік қатынастардың ерекшеліктері тек оның мазмұнын ғана анықтамайды, ал алаяқтың жасалу нысандарын анықтайтыны бекітіледі. Алаяқтықтың мазмұндық болмысы қылмыстық-құқықтық және әлеуметтік-өнегелік табиғатының оның ұдайы және ауыспалы белгілері көрсетіледі.

3. Алаяқтықтың жасалу нысандарының заңды және әлеуметтік ерекшелігі жаңадан ашылады, олардың объективтік-субъективтік сипаты ашылады. Алаяқтық қол сұғушылықтың сараланған белгілері туралы айтатын болсақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына алаяқтық қол сұғушылықтың толық және нақты типологиясы сонымен бірге баптың диспозициясында алаяқты тиянақты белгілеу туралы ұсыныстар жасалады. Бұл алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге және дифференциялауға көмектеседі.

Кінәлілердің әрекеттерін саралау кезінде қатені болдырмау үшін:

1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы нормасының диспозициясында «бөтен мүлікке құқықты алу» деген сөздер алынып тастап және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 175-бабының ескертпесінде «бөтен мүлік» түсінігіне анықтама берілу;

2) үлкен қоғамдық қауіптілікті тудыратын ( билік өкілдері ) қылмыс субъектілерін арнайы бөліп көрсетіп, қылмыстың осы түрімен ірі мөлшердегі залал параметрлері белгілеу және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабын жаңа төртінші бөлікпен толықтыру;

3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 175-бабының ескертпесін «аса ірі залал» түсінікпен толықтыру;

4) компьютерлік техника құралдарын пайдаланумен жасалған алаяқтықты көздейтін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 177-бабының 2-бөлігін «г» тармақшасымен толықтыру;

5) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 177-бабының санкциясына белгілі бір лауазымды атқару және белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны қарастыру керек.

4. Сақтандыру саласында алаяқтық санының өсуіне және ерекшелігіне байланысты сақтандыру саласындағы алаяқтық үшін жаупкершілікті көздейтін жеке норманы енгізу.

5. Қылмыстық әрекеттердің түрлерінің ішінде аса кең таралған және ұдайы жетілдіріліп тұратын алаяқтықты алдын-алуда кешенді іс-шаралар керек, олар теориялық тұрғыда көп аспектілі болу, ал тәжірибелік тұрғыда - әртүрлі мемлекетік және қоғамдық құрылымдардың кооперациялары мен координацияларын күшейту керек.

Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертациялық зерттеудің қорытындылары мен ұсыныстарын қылмыстық заңнаманы жетілдіруде қолдануға болады. Нәтижелері қылмыстық және қылмыстық-іс-жүргізу құқығы, криминология мен виктимология ғылымдарына қызығушылық туғызуы мүмкін. Зерттеуде қалыптасқан теориялық талдаулар мен қорытындылар заңнамалық процессте, сот-тергеу органдарының тәжірибелік қызметінде, соның ішінде «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 қолданыстағы нормативтік қаулысына толықтырулар дайындау барысында қолданыла алады.

Жұмыстың нәтижелері қылмыстық құқық курсы және «Жеке меншікке қарсы қылмыстар», «Жеке меншікке қарсы зорлық-зомбылық қылмыстар» тақырыбындағы арнайы курстар бойынша сабақ беру процессінде, қасақана қылмыстардың алдын-алу проблемаларын әрі қарай әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға болады. Сонымен бірге зерттеу нәтижелері банк, сақтандыру компанияларының қызметкерлеріне және ақпараттық Интернет желісінің пайдаланушыларына қызығушылық туғызуы мүмкін.

Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі:

Зерттеу жұмысының нәтижелері мынадай басылымдарда жарық көрді:

1) «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі құқықтық құрылыстағы жаңа кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы» атты Б. Х. Төлеубекованың 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында, Алматы 2010 ж. - 964 б. 2) «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасын жезеге асыру аясында қылмыстық істер жүргізу саласында адам құқығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында, Алматы 2010 ж. - 316 б.

Магистрлік диссертацияның құрылымы мен көлемі Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндетіне негізделген. Диссертацияның көлемі мен мазмұны ғылыми жұмысты орындауға қойылатын талаптар мен ережеге сәйкес келеді. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен (бес бөлімшеден) қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. Алаяқтыққа қарсы күресудегі қылмыстық-құқықтық аспектілері

1. 1 Алаяқтықтың объективтік белгілері

Ұрлаудың барлық нысандарының ішінде алаяқтық өзінің қайталанбас қылмыстық-құқықтық спецификасымен ерекшеленеді, оның мәні, біздің пікірімізше, ең алдымен, оның анықтамасы ұрлықтың жалпы ұғымына және өзіне (тек алаяқтыққа) тән белгілердің шектеулі бірігуін білдіретініне байланысты. Осыған орай Қазақстан Республикасының ҚК 177-бабы 1-бөлігінің диспозициясында бекітілген дефиниция, біздің пікірімізше, алаяқтықтың жалпы қамтитын ұғымы болуы екі талай, себебі онда алаяқтық тәсілдермен бөтен мүлікке және бөтен мүлiкке құқыққа ие болумен «ұрлау» санатына механикалық біріктіру жүргізілген. Алаяқтық ұғымын анықтау кезінде алаяқтықтың жалпы және ерекше белгілерінің өзіндік бәсекесінің болуын ескеру қажет. Бұл бәсекелік дауда ерекше белгілерге басымдық беру қажет, өйткені алаяқтық ұрлау нысаны бола тұра, ұрлықтың барлық белгілерін қамтиды және сонымен қатар жалпы ұрлық ұғымына да, оның жекелеген нысандарына да тән емес белгілерді де қамтиды.

Баяндалғанды ескере отырып, алаяқтық - құқыққа қарсы, алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы пайдакүнемдік пиғылмен кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына оны қайтарусыз пайдалану мақсатында бөтен мүлікті иемдену немесе көрсетілген жағдайларда бөтен мүлікке құқықты алу деген қорытынды жасауға болады.

Алаяқтық ұғымына осылайша анықтама беру иерархиялық бірізділікті құруға мүмкіндік береді, оның буындары: ұрлықтың жалпы ұғымы (ҚР ҚК 175-б. ескертудің 1-б. ), қылмыстық екі дербес түрін қамтитын алаяқтықтың жалпы ұғымы (ҚР ҚК 177-б. 1-б) :

а) бөтен мүлiктi алаяқтықпен ұрлау;

б) бөтен мүлiкке құқықты алаяқтық арқылы алу болып табылады.

Ресей ғалымы Б. В. Волженкин осы пікірді ұстанады [7, 36-б. ] .

Осы екі қылмыстың жалпы белгілері - объект, қылмыстық, қол сұғушылықтың әдісі, кінә және субъект.

Зат пен объективті жақтың сипаттамасында елеулі айырмашылықтар бар. Объект - бұл бір нәрсеге бағытталған қылмыстық іс әрекет. Қылмыс құрамы элементтерінің бірі ретінде объектінің рөлі оның әлеуметтік-саяси мәнін және қоғамдық қауіпсіздік дәрежесін айқындауда объективтік және субъективтік белгілерінің қол сұғушылық пен құрамның жасалуында көлемі мен мазмұнын бекіту өтер зор.

Біздің ойымызша, алаяқтықтың тікелей объектісі мен затын зерттемес бұрын осы түсініктердің жалпы теоретикалық және құқықтық негіздерін белгілеу қажет.

Бұл үшін өзіндік әдісті әзірлеу керек, ол қаралатын мәселенің өзіндік көзқарасын негіздеуге мүмкіндік береді. Алдымен заңнамалық ережелердің және әртүрлі теоретикалық бағыттағы қылмыс объектісі жалпы түсінігінің мазмұны туралы мәселесі бойынша шығыс бағалау өлшемдерін баяндау керек.

Шартты түрде ол өлшемдерді төрт топқа бөлуге болады. Олар:

  1. философиялық (гносеологиялық)
  2. аксиологиялық (құндылықты)
  3. әлеуметтік (материалдық)
  4. заңды (формальды)

Осыларды толығырақ қарастырайық.

Қылмыс объектісінің түсінігінде негізгі маңыздысы «объект» термині. Заң ғылымы объектінің дербес санатын әзірлемейді, ал философиядағы мәнін қолданады. Кез келген анықтама көрсетілген құбылыстың барлық жағын ашу үшін жеткіліксіз болады. Қылмыстың объектісін зерттеу үшін маңызы бар, гносеология тұрғысынан объектінің белгілерін көрсетейік:

а) объект - бұл объективтік ақиқаттың бәрі емес, ал тек субъектімен қарым-қатынасқа түскен оның белгілі бір саласы ғана;

б) объект - бұл күрделі, бір текті және бір өлшемді құбылыс;

в) нақты ақиқат объекті болмысының шығу нысаны осы кеңістікте белгілі уақыт кезеңінде объектінің болмысын іске асырудың үстем болатын әдісі ретінде түсіндірілетін жағдайы болып табылады.

Объектінің осы қасиеттерін есепке ала отырып, күмәнсіз жағдайлар мыналар: субъектінің кез-келген қылмыстық әрекеті (жүріс-тұрысы бет алысы) әрқашанда белгілі ішкі фактіге шындық феноміне ықпал етеді. Басқа сөзбен айтқанда қылмыс әрқашанда бір нәрсеге бағытталып, затталады.

Қылмыс объектісінің заттық (материалдық, заттық) сипатын орнату үшін қылмыстар қол сұғатын сол шындық феномдерінің сапалы сипаттамасын ашу қажет.

Аксиология тұрғысынан қылмыстық заңмен қорғалатын объектілер ең жалпы түрде құндылықты (байлықты) көрсетеді.

Е. І. Қайыржанов өзінің бұрынғы еңбектерінде құқықтық құндылық теориясы - бұл өзіндік база және нормативтік мектептің өзегі деп көрсеткен [8, 122-123-б. ] . Әрине бұл өте маңызды сипаттама екені даусыз, бірақ қылмыс объектісінің маңыздылығын түсіндіру үшін осындай сипаттама жеткіліксіз. Өйткені құндылық дегенімз - «бұл тек заттар ғана емес жеке дербес өмір сүретін, ал заттардың сапасы . . . » [9, 5-б. ] . Құндылық кез-келген нәрсе болып табылады.

Қылмыстық құқық тек барлық қоғамға маңызды орнықты әлеуметтік құндылықтарды қорғайды [10, 101-105-б. ] .

Заңды аксиологияда құндылықтардың екі түрі ажыратылған: мақсатты құндылықтар және қаражат құндылықтары. Бұл ретте мақсатты құндылықтар қаражат құндылықтардан бірінші болады және оларды оқшаулап тұрады. Құқық (құқықтық нормалар, субъективтік құқықтар және заң міндеттері, құқықты қарым-қатынастар және басқа да заң институттары) аспапты құндылықтар, өйткені оның құндылығы қоғамда жоғары тәртіп құндылықтары болып табылады [11, 187-б. ] .

Демек, аксиология көзқарсынан қылмыстық құқықпен қорғалатын орнықты әлеуметтік құндылықтар құқықты, оның ішінде қылмыстық-құқықты реттейтін мақсаты болу керек. Осыдан қылмыстың объектісінде құндылықтар-мақсат белгілері болу керек деген туындайды.

Қылмыстың негізгі материалдық белгісін сипаттайтын әлеуметтік құбылыс ол қоғамдық қауіп. Ол ең алдымен қылмыстық заңда көзделген яғни күзетілетін объектіге (құндылыққа) елеулі зиян келтіру әрекетін жасау. Сондықтан да қылмыстың объектісінде қылмыстық іс әрекеттің жалпы қол сұғушылықтың қоғамдық қауіпі айдан анық көріну керек.

Заң тұрғысынан қылмыстық-құқықтық қорғаудың объектісі айналадағы ақиқаттың кез-келген құбылысы болмайды, ал тек қылмыстық заңмен қорғалатын және оларға қатысты қылмыстық қол сұғушылық жасалатын ғана объектілер болады. Қылмыс объектілерінің көбі Қылмыстық кодексте нормативті түрде көрсетілген. Бірақ қылмыстық-құқықтық қорғалатын объектілерге жатқызылған құндылықтар тек қылмыстық-құқықтық құралдармен қорғалмайды. Құндылықтарды көбі әртүрлі құқық салаларының нормаларымен де қорғалады, сондықтан қылмыстық құқық қорғайтын санатқа жататын белгілі құндылықтардың кез-келгеніне қол сұғушылық жасалуы тек қылмыстық заңмен қаралмайды. Қылмыстық заңмен осы заңда көзделген және объектілерге қауіпті қол сұғушылық тудыратындар ғана қаралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Киберқылмыс
ҚР ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы, онымен күресудің шаралары
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Адам саудасы қылмысыбойынша жазалау мәселесі
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРМЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ САЯСАТ
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Парақорлықтағы делдалдық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz